Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР. 5
1.1 Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер. 5
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар 6
1.3 Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет? 14
1.4 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері. 14
2. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ 17
2.1 Мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру
қағидалары. 17
2.2 Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары 24
3. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР...25
3.1 HTML тілі негіздеріне
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 25
3.2 JavaScript
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 43
3.3 Macromedia Flash
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
4. Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74
ҚОРЫТЫНДЫ 77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 80
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі: Жиырма бірінші ғасырдың
басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік
техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс
әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне
енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің,
ғылымының дамуының негізгі алғышарты.
Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін
телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас
аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру
керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен
тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара
ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан
оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен
әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген
ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобаның міндеттері:
1. Электрондық оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
2. Электрондық оқулықтарды жасау кезеңдері
3. Macromedia Flash технологиясына кіріспе, HTML-тың жұмыс аймағы,
JavaScript тілінде сценарий құру сияқты териялық мәліметтерді толық қамту
Дипломдық жобаның мақсаты. Информатика және компьютер технологиясы
пәнінен электрондық оқулық құру. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз
етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі
икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау
мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту
XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Зерттеу объектісі. Қазіргі заманда электрондық оқулықтар өте үлкен
сұранысқа сай және соған байланысты, мұғалімдер мен оқушылардың да
ақпаратты оқу кезінде қабылдау мүмкіншілігі жоғары болады.
Қазіргі кезеңде мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл
бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық
білім беру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр
Зерттеу пәні. Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін
жағдайлар жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы
керек. Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.
Зерттеу тәжірибесі. Дидактикалық, салыстырмалық, аналитикалық,
логикалық, құрылымдық жүйелік, функционалдық жүйелік, жалпылау әдістемесі
Жаңалығы. Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді
кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта
оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі
оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына
алып келеді.
Дипломдық жобаның тәжірибелік қоры болып электронды оқулықтар туралы
жалпы түсінік, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар,
мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары,
электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Бірінші және екінші бөлімінде электронды оқулықтар туралы жалпы
түсініктер, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы түсініктер, электронды
оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері талдаудан өткізілген.
Үшінші бөлімінде электронды оқулықты жасау кезеңдері талқыланған.
Macromedia Flash, HTML, Java Script программалық ортасында жобалау үрдісі
сипатталған. Бағдарлама жасау кезіндегі қолданылған құралдар және құрылу
сатылары қарастырылады.
Дипломдық жобадағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
1.1 Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер.
Электрондық оқулықтарға қатысты көптеген түсініктер соңғы жиырма жылда
айтарлықтай өзгеріп отырды. Іс жүзінде ескірген тұжырымдамалар электрондық
оқулық деп саналатын электрондық өнімдерді жасауға итермелейді, бірақ шын
мәнісінде, олардың түк керегі жоқ, себебі олар ешқандай да электрондық
оқулық болып табылмайды. Сондықтан да электрондық оқулықтарға қатысты басты
түсініктемелерді нақтылап алу пайдалырақ болады [12].
Электрондық басылымдар — графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу,
музыкалық, бейне –, сурет – және басқа да ақпараттар жинағынан, сонымен
қатар пайдаланушының баспа құжаттарынан тұрады. Электрондық басылымдар
қандай да болмасын электрондық тасымалдағыштарда – магниттік (магниттік
таспа, магнитті диск және т.б.), оптикалық орындала алады, сонымен қатар
электрондық компьютерлік жүйеде жариялана алады.
Электрондық оқыту тиісті ғылыми-практикалық білім беру саласы бойынша
жүйелендірілген материалдан тұруы және оқушылар мен суденттердің осы сала
бойынша дағдылар мен іскерлікті шығармашылық тұрғыдан және белсенді
меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. электрондық оқыту басылымы жоғары орындалу
деңгейімен және шығармашылық безендірілуімен, ақпараттық толықтығымен,
әдістемелік аспаптардың сапасымен, көрнекілігімен, логикалығымен және
бірізді мазмұндалуымен ерекшеленіп тұруы қажет.
Оқулық — оқыту тәртібін жүйелі түрде мазмұндаудан немесе мемлекеттік
стандарттар мен оқыту бағдарламасына сәйкес келетін және аталмыш басылым
түрі ретінде ресми бекітілген оның бөлімінен, тарауынан тұратын оқу
басылымы [13].
Электрондық оқулық — стандарттың дидактикалық бірліктерімен және
бағдарламасымен анықталатын мамандықтар мен бағыттардың мемлекеттік білім
беру стандарттарының тәртібіне толық сәйкес келетін жоғары ғылыми және
әдістемелік деңгейде жасалған негізгі электрондық оқыту басылымы.
Оқыту құралы — бұл оқулықты жартылай немесе толық көлемде ауыстыра
алатын не болмаса қосымша ретінде жүретін және осы басылымның бір түрі
болып ресми бекітілген басылым. Электрондық оқыту құралы — бұл оқулықты
жартылай немесе толық көлемде ауыстыра алатын не болмаса қосымша ретінде
жүретін және осы басылымның бір түрі болып ресми бекітілген электрондық
басылым.
Гипермәтін — бұл электрондық түрде берілген және кейбір фрагменттер
иерархиясына сәйкес бір фрагменттен екінші фрагментке өтіп отыруға
мүмкіндік беретін тармақтанған байланыс жүйесімен жабдықталған мәтін.
Интеллектуалдық ядро — сандар мен символдар арқылы математикалық
операцияларды іске асыратын арнайы бағдарламалар кешені.
Компьютерлік түсіндірме — көрнекіліктерді, индукциялық ой қорытындысын
және сұрақтарға иә және жоқ сияқты жауаптар беру жолымен ұғымдарды
қалыптастыруда пайдаланылатын түсініктеме.
Компьютерлік шешім — барынша оңай және табиғи әдіс болып отырғанымен
бұл шешім компьютердің көмегінсіз іске асырылмайтын қолайсыз есептер мен
түрлендірулерді шешуді қажет етеді.
Визуализация — суреттер, графикалар мен анимациялардың көмегімен
көрнекілік ақпарат беру [14].
Сонымен, электрондық оқулық дегеніміз не және оның әдеттегі
оқулықтан айырмашылығы неде? Әдетте, электрондық оқулық оқытатын,
бақылайтын, өңдейтін және негізгі ғылыми оқыту тәртібі бейнеленген басқа да
кешенді бағдарламалардан тұрады. Электрондық оқулық көбінесе әдеттегі
оқулықты толықтырып тұрады, ол әсіресе келесі жағдайларда тиімді болып
келеді: лезде қайтарымды байланысты қамтамасыз еткен кезде; әдеттегі
оқулықта іздеп табу қиынға соғатын ақпаратты тез арада табуға көмектеседі;
гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет қатарынан жүгінген кезде уақытты
үнемдеуге септігін тигізеді; қысқаша мәтінді ұсынады, әңгімелеп береді,
өңдейді (дәл осы жерде мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен
артықшылықтары айқын байқалады), тез арада, бірақ белгілі бір жеке тұлғаның
өзіндік ептілігене қарай лайықталған қарқында бір бөлім бойынша өз білімін
тексеруге мүмкіндік береді.
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар
Электрондық оқулық объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар
мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын
объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің
жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және
басқа оқыту ақпараты болу керек.
Электрондық оқулық анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек,
және қолданушының назарын өзіне аудартатын және оқу мақсаттарына қызмет
етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
Электрондық оқулық әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу
жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
Электрондық оқулықта интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және
қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін электрондық оқулықтың түгел және
оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін
түрінде келтірулі керек [15].
Электрондық оқулықта имитациалық компьютерлiк моделдер оқылатын
объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру
және өзгерту, сонымен қатар, сыртқы әрекеттердiң имитациясы үшiн ыңғайлы
құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет
мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің
мазмұнынан көңілін бөлмеуi керек.
Электрондық оқулық қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу
мүмкіндіктеріне ие болу керек. электрондық оқулық жабық ортада жылжымалы
ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе
локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу
мүмкіндігіне ие болу керек. электрондық оқулық ашық ортада глобалды
компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-
браузерлерді қолданады.
Электрондық оқулық қосымша программалық құралдарды талап етпейтін
операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты түрде орнатуының
мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе
халықаралық стандарттарына сәйкес электрондық оқулықтың тәуелсіз жұмысы
үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу
керек.
Электрондық оқулық тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда берілген
режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен
шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін электрондық оқулықтың жұмысын
жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
Электрондық оқулық қолдану процесінде электрондық оқулыққа қажет
өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу
материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті
болдырмау мүмкіндіктері болу керек [16].
Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны,
утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек. Титулда электрондық
оқулықтың шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талапта
сәйкес тарауда келтірілген. Тақырыптамада электрондық оқулықтың құрылымы
мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
Мазмұнда электрондық оқулықтың мақсаттары және есептеріне қатысты және
сол арқылы бiлiмдердiң қорытынды бақылауын өткізуге қажет барлық оқу
материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып
түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы,
аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
Көмекшi элементi электрондық оқулықтын жұмысын басқару бойынша
ақпарат және электрондық оқулықтын iске қосылу моментiнен бастап іске
қосылуын қамту керек.
Электрондық оқулықтың функцияларына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықпен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар асырылу
керек: пайдаланушының тiркелуi, берiлгендердi қорғау, навигация, контенттi
қарауды ұйымдастыру, оқылатын траекторияны анықтау, бiлiмдi бақылау және
оқыту, тестiлеу, статистикалық есеп.
Пайдаланушының тiркелу функциясы электрондық оқулықта пайдаланушы
туралы берiлгендердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
Берiлгендердi қорғау функциясы контент бүтiндiгi мен электрондық оқулықтағы
әртүрлi материалдарға санкциалданған кірісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету
керек.
Навигация функциясы электрондық оқулық бойынша алға және артқа
қозғалудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек [17].
Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды, сұрақтарға жауап беруді және
білімді бақылауды өтуді талап етпей, электрондық оқулықтың контентiмен
алдын ала танысуға мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек. Оқыту траекториясын
анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық таңдау негізінде
жүргiзiлетiн бiлiм бақылауларымен мiндеттi түрде оқытылу үшiн сабақтардың
тізбегін құрастыруға мүмкiндiк беру керек.
Қолмен таңдау электрондық оқулықтың мазмұнындағы модульдерді,
сабақтарды және блоктарда нөмiрлерiн белгiлеу арқылы оқытылатын
траекторияға қолмен енгізуге мүмкiндiк беру керек. Оқу және білімді тексеру
функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын,
қойылған сұраққа жауап беру және оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық,
рубеждік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Осы
жағдайда көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе, білім алушы электрондық
оқулықтағы оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей мүмкіндіктерімен
электрондық оқулық және оның бөлек бөліктері бойынша білім деңгейін
автоматты түрде бақылау құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тестер
оқу курсы бойынша берілген сұрақтардың жалпы базасынан таңдалған оқыту
бірлігі бойынша сұрақтарды және жауаптар варианттарын кездейсоқ таңдау
арқылы беру керек. Білім алушының жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі
білім алушы сұрақтардың жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар
бойынша жауаптарына концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу
керек. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің
қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс берілмеген кез келген
сұраққа еркін көшу ескерілу керек [18].
Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін
меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық
берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.
Электрондық оқулықтың мазмұнына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек: 1-
деңгей – модульдер, 2-деңгей – блоктар, 3-деңгей – сабақтар. Модуль блоктан
блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар
тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі семантикалық оқу
бірлігі. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар
логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен
тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-
жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқу
ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және
ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио
және видео жатады [19].
Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты,
толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және
бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу,
тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда
мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық
құралдарды қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi
шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiндегi детальдық талдауын
қамтамасыз етуi керек. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен
құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер
кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен
есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек.
Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен
күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға
түсiнiктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды
орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім
алушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, характерi
және жауаптардың берiлу формасы бойынша вариациялануы керек.
Тесттерде сұрақтар және арасында бiр дұрыс және бiрнеше дұрыс емес
жауаптар болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым әдiсiн
қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтар болмауы керек.
Дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын
терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс жауапқа жақын болуы
керек. Тесттерде білім алушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарындағы
әдеттегi қателiктер туралы ескертулер және сол қателiктердi жiбермеу мен
түзету туралы түсiнiктемелер қамту мүмкiн.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау,
есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б.
жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-
әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек [20].
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету
үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Электрондық оқулықтардың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтерiне Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар,
Тестілер, Тезаурус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео
жатады. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық материалдарының
гипермәтiндi сипаттауына қол жеткізуге мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі
Мысалдар мысалдардың сипаттамасына қол жеткізуге імүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тапсырмалар оқытуды басқару элементі жаттығуларға және
есептерге, сонымен қатар оларды орындау және шығару бойынша көмекке
мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Сұрақтар білім бақылау элементі
ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін интерактивті берілу және
жауаптары тексерілетін сұрақтарға мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі
Тесттер білім бақылау элементі оқытудың ағымды бірлігі бойынша білімді
өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қол жеткізу
мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде – білімнің ағымды бақылауы;
- блоктар деңгейінде – білімнің аралық бақылауы;
- модульдер деңгейінде - білімнің белестік бақылауы;
- электрондық оқулықты деңгейінде – білімнің қорытынды бақылауы.
Оқыту элементі Тезаурус оқытуды басқару элементi электрондық оқыту
басылымы-да кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік
сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне мүмкіндік беру керек [21].
Оқыту элементі Анықтамалық оқытуды басқару элементi ағымды сабақ
бойынша анықтамалыққа мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Графика, Аудио және Видео оқытуды басқару
элементтерi қосымша дидактикалық материалдарға мүмкіндік беру керек. Оқыту
элементі Графика оқытуды басқару элементi схемаларға, сызуларға,
суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға
мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Аудио оқытуды басқару элементi
оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және
ережелерді дыбыстауға мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Видео оқытуды
басқару элементi оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер
фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты
оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа
тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге мүмкіндік беру керек.
Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін
қолайлы және эстетикалық түрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік
материалдың көлемі білім алушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны шектеулі
болу керек [22].
Мәтіннің шрифті эргономикалық сипаттаудың шектеулерін ескере отырып
таңдалыну керек. Шрифтің түрі мен мөлшері сияқты мәтіндік сипаттамалар
электрондық оқулықтағы информацияның оқылуына айтарлықтай әсер етеді.
Электрондық оқулықтың беті бір-бірінен өзгеше, қарама-қарсы болатын
шрифтерді аз қамту керек. Беттің негізгі мәтінінде кертіктері бар
шрифттерді қолдану ұсынылады. Шабылған шрифттерді мәтіннің тақырыптарында
және қысқа жазуларда қолдану ұсынылады. Біркелкі және сәндік шрифтерді
қолдану тек қана қажет болған жағдайда ұсынылады. Барлық шрифтердің
кодталуы әріптерді кодтаудың мемлекеттік стандартына сәйкес болу керек.
Электрондық оқулықтағы түстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды
қамтамасыз және материалдың жеңіл игерілуіне және эстетикалық түрде
ұсынылуына көмектесу керек. Қара фондарда ашық түсті мәтінді тек қана ол
анық көрінетін болса пайдалануға болады, ал анық көріну үшін мәтінді
түгелдей қалың шрифтпен рәсімдеу қажет. Бетте мәтіндік информация басымырақ
болса, онда фон ақ болуы керек. Қара фон ешқандай жағдайларда болмау керек.
Шрифтің түсін стандартты қара, қою-жасыл немесе қою-көк қылып жасау керек.
Қызыл шрифті тек қана кейбір тақырыптарды және ең маңызды ақпаратты
ерекшелеу үшін пайдалануға болады [23].
Электрондық оқулықтың мақсаты мен міндеттеріне қатысты негізгі мазмұны
назардың ортасында болу керек. Фондық мазмұнға ең аз назар аударылу керек.
Оқу материалды көзбен қарап қабылдау жеңіл болу үшін негізгі мазмұнда
абзацтар үлкен болмау керек.
Электрондық оқулықтағы графика оқытудан алаңдатпай, оқу материалды
жеңіл меңгеруге көмектесу үшін қолданылу керек. Ұлттық және мәдениеттік
ерекшеліктермен байланысты діни, саяси және басқа материалдарды жариялауда
суреттерді өте мұқият іріктеп алу қажет. Анимациялар мен фильмдер білім
алушының талабы бойынша негізгі мазмұнына ену керек. электрондық оқулықтың
басқару элементтері білім алушының назарын негізгі оқу материалынан
жалтартпайтын, түсінікті бірмәнді және қарапайым болулары керек.
Ашық ортада шығарылған электрондық оқулықтар үшін графикалық
объекттердің және аудио-видео материалдың саны минималды болу керек, себебі
олар компьютердің жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі
компьютерлердің арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік параметр
болып табылады.
Электрондық оқулықта көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін
кез келген анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек.
Электрондық оқулықта түстердің мәні тұрақты және түстер спектріне сәйкес
болу керек. Түстер палитрасы ассоциациялары туралы ақпарат 1-ші кестеде
келтірілген.
Психологиялық –эргономикалық талаптар.
Жаңа мүмкіндіктер бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңаша қасиеттерін,
әсіресе, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау түрлерін дамытуға жетелейді.
ЭЕМ-ді пайдаланушы қызметінің психологиялық табиғилығын, бағдарламаның
оқытудың мақсаттары мен қызметтеріне сай келуін, пайдаланушының ЭЕМ-де
жұмыс істеу ыңғайлылығын және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету
қажет.
Кесте 1 – Ассоциация
Ассоциация
Түстер палитрасы
Қызыл түс Ең активті түске жатады. Активті түстер өте айқын
қабылданады және еске өте жақсы сақталады.
Қызыл-қызғылт Жылулық сезім шақырады. Бұл түс адамның сыртқы әлемге
сары өң кызығушылығын, адамдармен араласуға және іс-әрекетті
арттырады.
Қызғылт сары түс Максимал жылулық сезім береді.
Қызғылт сары-сарыДенелердің бір-бірімен жақындасу эффектісін береді.
өң
Сары түс Жеңілдік және тірі сезім береді. Әлдеқайда жеңіл және
ауалы түрде көрінеді.
Жасыл түс Визуалды тепе-теңдік күй шақыра алады. Өзінде сары
түстің жеңілдік және тірі күйін көк түстің ауырлық
күйімен қамтиды.
Көк-көгілдір өң Уақыттың және кеңістіктің сезімін, тағы сол сияқты
салқын сезім береді. Тежелуді шақырады. Адамдардың
тәртібін рационалды және ойластыра алатындай күйге
келтіреді. Қабылдау үшін ең ауыр деп саналады.
Көк түс Бір қалыптылық және салмақтылық сезім силайды.
Полярлық түстер Қоңыр фонда және әр түрлі жазықтықтарда олар
кестесі бір-бірімен сәйкестенеді, өте жақсы бір гармонияға
келеді.
Сұр түс Бейберекет түс. Ол өзіне назар аудармайды, ешқандай
реакция шақырмайды, тұрақты сезім орната алады.
Ескертпе [автормен ұсынылған]
Кеңінен насихатталатын және қазіргі кезде бағдарламалық қамтамасыз
етудегі достастық қарым-қатынас күткендей-ақ, бағдарламалық құралдарды
психологиялық эргономикалық жағынан қолдаудың бар екендігін көрсетеді.
Пайдаланушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру, соның ішінде
ақпаратты жан-жақты алу мүмкіндігін де қарастыру қажет.
Компьютердің экранында ақпаратты ұсыну түрлерін таңдау кезінде оқыту
қызметінің мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен қоса қолмен жұмыс істеу
кезінде мүмкін болмайтын мақсаттарға қол жеткізудің тиімді стратегияларын
іске асыру сияқты компьютер ұсына алатын мүмкіндіктерді де пайдалану қажет
[24].
Экранда ақпарат алуға қойылатын бірқатар эргономикалық талаптарды
бөліп қарастыруға болады:
экранда ұсынылатын ақпарат түсінікті, логикалық жағынан байланысқан,
мазмұны мен фукционалдық қызметі бойынша топтарға бөлінген болуы қажет;
экранда ақпаратты ұйымдастыру кезінде артық кілттеулер мен қисынсыз, нашар
идентификацияланатын қысқартуларды қолданудан аулақ болған жөн;
экранда пайдаланушыға дағдылы терминдердің орнына ЭЕМ-ге қатысты
терминдерді аз қолдану ұсынылады;
экранға ұсыну үшін экранның шеткі аймақтарын пайдаланбаған дұрыс;
экранда дәл сол уақытта пайдаланушы арқылы өңделіп жатқан ақпарат қана
болуы керек.
Пайдаланушының назарын аудартатын эффектілерді (жылт етіп көрінулер,
тым айқын түстер, қайтарымды контраст) аса қажет болғанда және
психологиялық негізделген жағдайларда ғана пайдаланушы қызметінің жобасына
сәйкес қатаң түрде қолданған жөн [25].
1.3 Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет?
Қорытындылай келе, біз енді электрондық оқулық кімге және не үшін
қажет сияқты сакраментальды сұрақтарға жауап бере аламыз.
Электрондық оқулық күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың жеке жұмыс
істеуіне, әсіресе, оқытудың дистанциялық әдісі кезінде аса қажет, себебі ол
оқылып отырған материалды жеткізу кезінде басылымдық оқыту әдебиеттеріне
қарағанда материалды берудің басқа да әдістерін пайдалануға мүмкіндік
береді, мысалы, индукциялық тәсілдер, тыңдау және эмоционалдық зейінге әсер
ету және т.б.;
Оқушының қажеттіліктеріне, оның дайындалу деңгейіне, интеллектуалдық
мүмкіндіктері мен ұстанымдарына қарай бейімделуге жол ашады;
Жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеріп отыру үшін кең
ауқымды мүмкіндіктер береді;
Таусылмайтын түсіндірмелер, қайталамалар, еске түсірулерді және т.б.
ұсына отырып, сіздің ұстамды да сенімді ақылшыңыздың рөлін атқарады;
Оқулық студент үшін аса қажет, себебі бұл оқулықсыз оның жан-жақты
білім мен ептілікті меңгеруіне еш мүмкіндігі болмайды [26].
Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда практикалық сабақтар кезінде
аса пайдалы, өйткені, ол оқытушыға жетекші және кеңесшінің міндетін жүктей
отырып компьютерде жеке жұмыс істеу түрінде сабақтар өткізуге мүмкіндік
береді;
Оқытушыға компьтердің көмегімен оқушының білімін тез әрі тиімді
бақылап отыруға, бақылау жұмысының мазмұны мен қиындық деңгейін беріп
отыруға жол ашады.
Электрондық оқулық оқытушы үшін өте ыңғайлы, себебі ол дәрістер мен
практикалық сабақтар кезінде өзінің қалауы бойынша материалдарды ұсынуға
мүмкіндік береді, ол материал көлемі жағынан шағын, бірақ мазмұны жағынан
барынша маңызды болуы мүмкін, әрі аудиториялық сабақтардан тыс кездерде
электрондық оқулықпен жеке жұмыс істеуге де ыңғайлы;
Адамды қажытатын үй тапсырмаларын, үлгілік есептер мен бақылау
жұмыстарын тексеруден босатады, себебі бұл жұмысты компьютерге сеніп
тапсыруға болады;
Студенттермен жұмыс істеу кезінде, әсіресе бақылау жұмыстары мен үй
тапсырмаларына қатысты даралауға зор мүмкнідік береді [27].
1.4 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері.
Компьютерлік өнімдер рыногында оқытушы бағдарламалардың, электронды
оқулықтардың және сол сияқтылардың саны жыл сайын көбеюде. Сонымен бірге
электронды оқулықтың қандай болуы екрек, ол қадай қызметтер атқаруы керек
деген сияқты даулар тоқтамай жүр. Электронды оқулықтың кәдімгі құрылымы:
оқу материалын, өзіндік жұмысты ұсыну, бақылау жасау [28].
Қазіргі уақытта оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
• таңдалған курс бойынша ақпараттың құрылымы жақсы болуы керек және
ол шектелген жаңа түсініктердің курсының аяқталған фрагменттері
ретінде көрінуі керек;
• әр фрагмент, текстпен қатар аудио, видео (тірі лекция) да ақпарат
беруі керек. Лекцияға арналған интерфейстің міндетті элементі
болып, лекцияны қай жерінен болмасын қайталауға мүмкіндік беретін
жылыжыту сызғыш болуы керек;
• мәтіндік ақпарат тірі лекциялардың бірқатар бөлімін дубльдей
алады;
• мәтіндік бөлімнің қажетті ақпарат іздеудің уақытын қысқартатын
көптеген сілтемелері болуы керек;
• бұл жағдайда әдеттегі оқулықтармен жұмыс істегенге қарағанда
пайдаланушылар 5-10 есе аз уақыт жұмсайды;
• аудиоақпараттың болуы, ол кө жағдайларда негізгі болады және
оқулықтың мазмұнды бөлімі болып табылады.
Электронды оқулықтың жұмыс режимі
Электронды оқулықтың негізгі үш режимін бөліп көрсетуге болады:
➢ тексерусіз оқыту;
➢ тексеріп оқыту, ол әрбір тараудың (параграфтың) соңында материалды
меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтар жауап
беру ұсынылады;
➢ бақылау, қорытынды білім тексеріліп, бағасы қойылады;
Нақ осы кезеңде оқулықтарға келесі талаптар қойылып жүр: құрылымдылығы,
жұмыс істеуге ыңғайлылығы, берілген материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда
аталған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертексттік технологияларды
қолданылған тиімді.
Оқытудың электронды вариантының бойында бақылау құралдары да бар, себебі
білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі болып табылады.
Отандың білім беру жүйесінде білімді бақылау жасау әдетте, ауызша формада
жүргізілді. Қазіргі кезде тестілеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Көп
кісілер тестілеуде анализ жасау, салыстыру сияқты және де басқа да
біліктілер болмфйды деп, бұл позицияны қолдамауы мүмкін. Сонымен, жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттыруға
көмектеседі, және де оқушылардың өзіндік жеке дайындығында таптырмайтын
құрал болып табылуына сенуге болады [29].
Электрондық оқулық байланысы көптеген ұғымның соңғы жиырма жылдың
ішінде маңызды өзгерген. Тап осы құжат авторлары бірнеше электрондық оқулық
туралы пікір сайыста ескі түсініктеме бойынша тезистерді алға қойып және
оны қорғау жөніндегі куәгері болуға тура келген. Ескірген концепция
практикалық жоспарында электрондық өнімдер жасауына жиі әкеледі, бірақ
шынында олар электрондық оқулық болмайды. Электрондық оқулыққа жататын
негізгі ұғымдар.
Электрондық басылым - бұл графикалы, мәтіндік, сандық, бейне, фото-
және басқа хабардың жиынтығы, сонымен қатар пайдаланушы баспа
құжатнамалары. Электрондық басылым кез келген электрондық сақтаушыда мүмкін
атқарылған - магниттікте ( магниттік бау , магниттік тегеріш ж?не т.б.),
оптикалық, сонымен қатар қосымша электрондық компьютерлік желіде
жарияланған.
Электрондық оқулық басылымы - ғылыми - практикалық білім облыстарына
лайықты жүйеге келтірілген материалдар болуы студенттермен ж?не оқушы осы
облыстағы біліммен, іскерліктермен, дағдылармен творчестволық және белсенді
меңгеру қамсыздандыру. Жоғары дәрежелі көркем дайындаумен орындауы, толық
ақпараттанулық, әдістемелік инструментарий сапасымен, техникалық орындалу
сапасымен, көрнектілікпен, қисындымен ж?не баяндау жүйелілігімен жоғары
дәрежеде орындалуы керек.
Оқулық - бұл оқу бағдарламаға және мемлекеттік стандартқа лайықты,
оқу пәні оның бөлімінің жүйелендірілген оқулық басылымы.
Электрондық оқулық - мемлекеттік білім стандарт және сәйкес пәндерден
құралған мамандықтар мамандықтармен бағыттарға жоғары ғылыми және
әдістемелік деңгейде жасалған негізгі электрондық оқулық басылымы .
Оқу құралы - бұл, жарым-жарты немесе толық ауыстыратын немесе оқулық
толықтырушы және ресми бекітілген басылым.
Электрондық оқулық құралы - бұл жарым-жарты немесе толық ауыстыратын
немесе оқулық толықтырушы ж?не ресми бекітілген электрондық басылым.
Гипермәтін - бұл бір фрагменттен екінші фрагментке шапшаң өтуге
мүмкіндік беретін тармақты жүйемен жабдықталған байланысы бар және
электрондық түрде берілген мәтін.
Компьютерлік түсіндіру - сұраққа “ ия ” және “ жоқ ” индукция ойша
пайымдаулар және ұғымдардың құруы жолымен көрнектілік қолданатын түсіндіру
[29].
Көзбен шолушылық – суреттердің, графиктердің және анимация арқасында
көрнекті формаға ұсыну .
2. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУ КЕЗЕҢДЕРІ

қағидалары.
Қандай да болмасын бір компьютерлік қосымша оқулықты, әсіресе,
мультимедиалық оқыту жүйелерін жасау кезінде мұқият ойластырылған
әзірлемелер жоспарынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде компьютерлік оқыту
жүйелерін жасаудың барынша өңделген методологиясы бар. Жобалаудың
қайсыбір методологиясы сияқты ол бірқатар кезеңдерден тұрады. Олардың
әрбіреуі қосымшаны әзірлеудің жалпы уақытынан пайызбен есептелетін белгілі
бір уақыт мерзімімен шектеледі. Осыларға негізделетін кезеңдер мен
мақсаттарды қарастырып көрейік:
1-ші кезең: оқытудың қажеттіліктері мен мақсаттарының негізінде
жасалған техникалық ұсыныс - бұл кезеңде білім беру барысында туындаған
жағдай компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану арқылы талдаудан өтеді.
Қазіргі уақытта компьютерлік оқыту жүйесінің нарығында оқыту барысында
қолдануға арналған жоғары сапалы көптеген бағдарламалық өнімдер пайда
болуда. Олар отандық, одан қалды шетелдік (көбінесе) өндірушілермен де
шығарылуда. Импорттық оқыту жүйесін орыстандыру айтарлықтай еңбектенуді
қажет етеді, әрі заңдылық тұрғысы жағынан қашанда оңайлықпен келмейтін
жағдай, одан қалды механикалық аудару кезінде мазмұнында көптеген
нақтыланбаған психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлар сырт
көзден таса қалып қойып жатады, оқытудың жергілікті және ұлттық
ерекшеліктері де есепке алынбайды, нәтижесінде ол жұмсалған күштің өтелмей
қалуына әкеліп соқтырады. Осы себептерге байланысты мен шетелдік
компьютерлік оқыту жүйелерін қарастырған жоқпын [36].
Қазір бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында да отандық компьютерлік
оқыту жүйелерін таңдау пайда болды. Алғашқылардың бірі болып Мәскеу
қаласында әзірленген жүйелер болды. Содан бері көптеген жаңа электрондық
оқулықтар мен оқыту жүйелері пайда болды. Қазір олардың әзірлемесімен
компьютерлік оқыту құралдарына мамандандырылған фирмалар айналысады.
Бірақ, фирмалардың өнімдерімен мұқият танысу кезінде шығарылатын
қосымшалардың тақырыбында кейбір олқылықтарды байқауға болады. Бұл жерде
жоғарыда көрсетілген фирмалармен ұсынылатын бағдарламалық қамтамасыз етулер
ұсынылатын тақырыптық салалар жөнінде сөз болып отыр. Біріншіден, бұл -
компьютермен, оның қолданылуымен және осы салаға байланысты мәселелерге
қатысты тақырыптық салалар. Екіншіден, бұл - энциклопедия ретінде жасалған,
бірақ оқытуда сәтті қолданылатын тарихи материалдар. Ең соңында, бұл тілді
білу, түрлі тілдерді оқу. Бұл салада жақсы нәтижелерге қол жетіп отыр,
олардың барлығы түрлі бағыттағы оқыту жүйелерінің көп мөлшерде әзірленуіне
негізделген. Мультимедиалық құралдарды қолдану ұсынылып отырған оқу
материалының ақпараттық тартымдылығын лезде арттыруға, оқушыға әсер етудің
ауқымдылығын кеңейтуге және компьютерлік процесті табиғи оқу жүйесіне
жақындатуға мүмкіндік берді. Сондықтан да авторлар мен әзірлеушілер
мәліметтер беру саласында мультимедиалық технологиялардың соңғы жылдардағы
жетістіктерін толығымен пайдалануға қабілетті, тақырыптар бойынша
компьютерлік оқу жүйесін шығаруға зор ынтамен кірісіп кетіп жатады.
Мазмұндауға қиын бағдараламалар мен түрлі процестерді бағдарламалық
модельдеудегі тақырыптық салалар әзірлеушілер арасында сондай қызығушылық
танытпайды [37].
Менің ойымша, дипомдық жұмысымның тақырыбы өзекті болып отыр, себебі
қазіргі кезде осы іспеттес электрондық оқулықтардың қажеттілігі туындап
отыр, ал мұндай тақырыптар бойынша оқулықтар не мүлдем жоқ немесе олардың
саны тым аз. Сол себептен де студенттерді оқыту үшін электрондық оқулықтың
жұмысқа пайдаланылатын бір фрагментін әзірлеу менің мақсатым болып отыр.
2-ші кезең: әзірлеуді жоспарлау, мерзімді белгілеу, қаржыландыру және
әзірлеушілер тобының құрамын анықтау сияқты мәселелерді шешу – мұнда
әзірлеудің бөлек кезеңдерін және жалпы өнімді әзірлеудің іске асыру
мерзімі, оны шығарудың соңғы күні белгіленеді. Кейін құрастырылған кесте
әзірлеу барысында туындап отыратын қиындықтарды реттеуге, артта қалушылық
пен алға кетулерді бақылап отыруға, ресурстарды іске қосу немесе оларды
істен шығаруға және оларды әзірлеудің бөлек кезеңдері аралығында бөліп
жіктеуге мүмкіндіктер береді.
Жобаны қаржыландыру қандай да болмасын бір бағдарламалық өнімді шығару
кезінде маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта кең
ауқымды жобалар жасалуда, оны әзірлеуге бірнеше ондаған адамнан жүздеген
адамға дейін қатысады. Мұндай жобалардың бюджеттері бірнеше миллион доллар
құрайды. Сондықтан да қаржыландыру мен үйлестіру мәселелері қазірде бірінші
ретте тұрады.
Әзірлеушілердің құрамы әзірленіп отырған қосымшаның тақырыптық
бағытына қарай анықталады, бірақ, жалпы алғанда мұндай топтардың құрамы
қашанда тұрақты болып келеді. Оған міндетті түрде сценарий жазушылар,
психологтар, дизайнерлер, суретшілер мен компьютерлік анимация жөніндегі
мамандар, композиторлар және музыканттар, дыбыс пен бейне суреттерді
цифралаушы, әртістер мен дыбыс инженерлері, суретке түсірушілер мен
редакторлар, продюсерлер мен аудармашылар, сапаны бақылау мен
үйлесімділікті бақылау командасы, тестілеушілер, заңгерлер, үйлестірушілер,
түрлі көмекшілер және әрине бағдарлама жасаушылар кіреді. Олардың әрбіреуі
өз саласы бойынша маман болып табылады және белгілі бір жұмыс түрлерін
орындауға жауап береді [38].
3-ші кезең: курстың мазмұнын әзірлеу – бұл кезеңде оқу жоспары мен
тыңдаушылар құрамына талдау жүргізіледі, курс стратегиясы анықтау өтежі,
сценарий және бағдарлама мен пайдаланушының арасындағы өзара
интерактивтік қарым-қатынас әзірленеді.
Әзірленіп отырған электрондық оқулық университеттік курс аясында
Программалау технологиясы пәнін меңгеру бойынша студенттердің жеке жұмыс
істеуіне арналған. Оны жасаудың басты мақсаты – Программалау технологиясы
пәнін оқып жүрген студенттер үшін курс бағдарламасымен қарастырылған барлық
теориялық материалды, сонымен қатар өзін-өзі тексеру үшін практикалық
тапсырмалар мен бақылау жұмыстарын ұсыну болып табылады. Мен электрондық
оқулық ретінде компьютерлік іске асыруға ұсынылып отырған теориялық
материалдың қажеттілік деңгейін және мұндай іске асырудың тиімділігін
анықтау мақсатында Программалау технологиясы пәні бойынша оқу жоспарына
талдау жүргіздім. Талдау барысында аталмыш теориялық материалдың
пайдалануға жарайтындығы және электрондық оқулық түрінде ұсынылғандығы
тиімді болуы да мүмкін деген қорытындыға келдім. Бұл теориялық материалдың
нақты жасалғандығын, айқын көрінетін практикалық бағытының болуын және
студенттер үшін жеке жұмыс істеуге зор мүмкіндік беретіндігін негізге ала
отырып осындай тұжырымға келдім [53].
4-ші этап: курсты мазмұндау
- мұнда курстың барлық ақпараттық фрагменттеріне сипаттау беріледі:
мәтіндік, анимациялық, дыбыстық және бейнелеу.
Ұсынылып отырған электрондық оқулық өзара байланысқан, аяқталған
бірнеше фрагменттерге жіктелген, олардың әрбіреуі белгілі бір қызмет
атқарады және олар бір бөлек модуль арқылы көрнекі түрде ұсынылған.
5-ші кезең: курсты өткізу – бұл кезеңде техникалық бағдарламалар
платформаларын таңдау мен таңдалған авторлық немесе бағдарламаландыру
жүйесінің көмегімен тікелей бағдарламалау барысы өтеді.
Менің ойымша, компьютерлік оқулықты жүзеге асырудың бағдарламалық
құралдарын таңдау да маңызды болмақ, себебі, қандай да болмасын бір
авторлық жүйені таңдаудан оқулықтың тек сыртқы мұқабасы мен эстетикалық
деңгейі ғана емес, сонымен қатар оның функционалдығы, мультимедиялық
стандарттарға сәйкес мәліметтердің түрлі форматтарын қолдау қасиеті және
өзі әзірленген авторлық жүйеге байланыса ала ма немесе онда орнатылған
бағдарламалық құралдарға қарамастан қайсыбір компьютерде де жұмыс істей
алатындығы байланысты болып келеді.
6-ші кезең: сынақтар және тестілеулер – бұл кезеңде әзірленген қосымша
құралдарға сынақтар басталады, бағдарламалаулардың қателіктерін айқындау
мақсатында бірнеше тестер жүргізіледі. Жоба әлі аяқталған жоқ бірақ,
экспериментальді үлгі дайын. Аппараттық үйлесімділікке бірқатар
тексерістер жүргізгеннен кейін сапасына бақылау жүргізетін команда өзінің
тұжырымдамасын шығарады және сынақтар барысында анықталған, әзірлеушілерге
дұрыстайтын кейбір кемшіліктердің тізімін ұсынады. Осылайша бұл процесс
кемшіліктері мен қателіктері жоқ өнімнің соңғы нұсқасы дайын болғанша
бірнеше рет қайталанады [39].
Бұлардың барлығы ұсынылып отырған электрондық оқулыққа да қолданылды.
Оны жасау барысында бағдарламаның кілттеріне де, мәзірі мен интерфейсіне де
өзгертулер мен толықтырулар енгізуге мәжбүр болдық. Бұл үрдіс айтарлықтай
жалғасу үстінде және ол қазірдің өзінде аяқталған деп есептелінбейді,
себебі, толыққанды жүйені жасау бірнеше итерациялық модификациялар мен
бейімделулерден өтеді. Бірақ, жалпы алғанда бұл өнімді оқыту барысында
пайдалануға әбден болады.
7-ші кезең: пайдалану және негізу - бұл кезеңде оқу орындарының оқыту
жүйесіне толық аяқталған компьютерлік жүйені енгізу үрдісі жүреді. Бұл
жүйені қолдана отырып сабақтар жоспары әзірленеді және оны пайдалану
басталады.
Ұсынылып отырған компьютерлік оқулыққа қатысты мынаны айтуға болады,
Программалау технологиясы пәнін оқитын студенттердің пайдалануы үшін
әзірленген. Бірақ оны пайдалану ауқымы мұнымен ғана шектелмейді. Жоғарыда
аталған студенттерден басқа, оны информатика бойынша ұқсас оқу жоспарлары
бар басқа да бөлімдердің студенттері пайдалана алады.
Өзінің тікелей қызметінен басқа бұл компьютерлік оқулық TPascal
бағдарламалау негіздерін зерттеу, жеке оқыту жүйесін құру кезіндегі көрнекі
құрал ретінде бағдарламалаудың авторлық жүйелерін зерттеу барысында да
пайдалы болуы мүмкін.
Университеттің оқу жоспары, оның парктикалық бағыты мен барынша кең
мүмкіндіктері ұсынылып отырған электрондық оқулықты пайдалы және
информатиканы оқыту кезінде біздің университетте пайдалануға ең ыңғайлы
етеді [23].
Материалды беру қағидалары
Компьютерлік оқыту талаптарында материалды беру қағидалары түрлі
ақпараттар типін ұсыну мен интерпретациялау мүмкіндігінің арту шамасына
қарай маңызды орын алып отыр және ақпаратты мультимедиалық тұрғыда ұсынуды
барынша тиімдірек қолдануды аңғару күшейіп келеді. Қазіргі заманғы
компьютер ақпараттың түрлі типтерін қолдануда үлкен мүмкіндіктерге ие.
Бұған - мәтін, сызбалар, графика, анимация, видео бейнелер мен дыбыс және
музыкалық сүйемелдеулер жатады. Қайта өңдеудің психологиялық ерекшеліктерін
есепке ала отырып ақпаратты ұсынудың түрлі типтерін тиімді пайдалану оқу
барысының тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Мысалға ала кетейік, оқыту бағдарламаларын әзірлеушілер монитордың
экранына мәтіннің орналасу әдісін ойланбастан ауыстыру кезінде бейнелерге
өзгеру қарқынын бере отырып мәтін мен суретті қабылдау психологиясының
заңдылықтарын елемейді, олар әрбір оқушының ойлану жылдамдығының әр түрлі
болатындығын және ақпаратты өңдеу үшін түрлі уақыт интервалын талап
ететіндігін есепке алмай жатады. 25. б.178
Осыған байланысты оқушыларға бейнелердің ауысу қарқынын өздігінен
таңдау мүмкіндігін берген дұрыс болады, бұл жағдайда оқушының өзіне қажетті
ақпаратты қайсыбір уақытта да қайтадан экранға шығаруға мүмкіндігі болуы
қажет [40].
Оқыту жүйесінің интерфейсін құру кезінде дизайн теориясының
жетістіктерін есепке алу қажет. Бұл ең алдымен үйлесімділік, тәртіп, ерекше
назар аудару, бірлік және теп-теңдік сияқты кескіндеме теориясының негізгі
қағидаларына қатысты болып келеді.
Үйлесімділік қағидасы нысанның көлемі мен оның кеңістікте орналасуы
арасындағы арақатынасқа қатысты болады. Дисплейдің экранында мәліметтерді
ұйымдастыру кезінде логикалық байланысқан мәліметтердің топталуына және
олардың басқа бір мәліметтер санатынан бөлек тұруына тырысқаныңыз жөн.
Дисплейдегі функционалдық аймақтар аралық бос орындардың және тағы басқа
құралдардың – жолдың түрлі типтерінің, енінің, бояу айқындылығы деңгейінің,
геометрикалық түр мен түстің көмегімен бөлініп тұруы қажет. Іздеу уақытын
қысқарту үшін кестелік мәліметтер блоктарға бөлініп тұруы керек. Әдетте,
жылы түстердің жазықтығы суық түстерге қарағанда көбіректеу болып
келетіндігін ескерген жөн. Блоктарға бөліп тастау, бос орындарды,
табуляциялар мен шектеулерді пайдалану, сонымен қатар мәліметтер тобының
түстерін өзгерту – графикалық ақпаратты ретке келтірудің маңызды құралдары
болып табылады.
Мәліметтерді орналастыру кезінде алтын қима ережесін есте сақтаған
жөн, бұл жағдайда назар аударатын обьектілерді орталыққа топтамай
кескіндердің түрлі үштіктеріне орналастырған дұрыс.
Тәртіп дегеніміз дисплейдің экранында көздің қозғалысын ескеретін
обьектілерді орналастыру болып табылады. Оқуға үйренген көз қозғалысын
әдетте сол жақтың жоғарғы бұрышынан бастайтындығы және экран бойынша оңнан
төменге қарай әрі-бері қозғалатындығы анықталған. Сондықтан бастапқы
қабылдау нүктесі экранның сол жақтағы жоғарғы бұрышында, ал тез қарап шығу
үшін тізімдер сол жақта орналасуы керек және тік теңестірілген болуы қажет
[41].
Қабылдауды жеңілдету үшін ақпараттың түрлі типтері арнайы кілттенуі
керек. Сөйтіп, байланған, бірақ экранның бойына таралмаған мәліметтер бір
түспен кілттенуі қажет. Түсті тақырыптарды, жаңа мәліметтерді немесе назар
аударуға тиіс мәліметтерді бөліп көрсету үшін де пайдалануға болады. Жалпы
алғанда, экранда мәліметтерді ұйымдастыру ұқсастықтарды, ерекшеліктерді,
тенденциялар мен өзара қатынастарды табуға жеңілдік жасауы қажет.
Ерекше назар аудару – бұл ең алдымен қабылдануға тиісті маңызды
нысанды барынша ерекшелеп бөлектеу қағидасы. Бұл қағиданы ұстану кезінде
оқушының назары ерекше мән беру аймағына аударылады. Мұндай назар аударуды
жасау үшін түрлі құралдарды қолдануға болады: орталық алаңға маңызды
мәліметтерді орналастыру, оларды басқа ақпараттардан бос кеңістікте бөліп
қою және айқын түстерді пайдалану. Артық безендірілуден, түстерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz