Өндірістік балық түрлерінің популяциялық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе . . . 3

1. Әдебиетке шолу . . . 4

1. 1. Балықтардың негізгі тіршілік ортасы . . . 4

1. 2. Гидробнонттарға анропогендік әсер ету . . . 11

1. 3. Өсіру объектісінің балық шаруашылық - биологиялық ерекшеліктері . . . 19

2. Су қоймасының географиялық - климаттық жағдайы . . . 23 3. Өзіндік зерттеу нәтижелері . . . 26

3. 1. Материалдармен зеттеу әдістері . . . 26

3. 2. Су қоймасының гидрохимиялық және гидробиологиялық режимінің ерекшеліктері . . . 27 3. 2. 2. Су қоймасының гидробиологиялық сипаттамасы . . . 31

4. Өндірістік балық түрлерінің популяциялық жағдайы . . . 3 5. Қауіпсіздік шаралары . . . 46

5. 1. Тіршілік қауіпсіздігі бойынша нормативті-техникалық құжаттарға анализ . . . 46

5. 2. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникалары . . . 47

5. 3. Зиянды және қауіпті факторлардан сақтау . . . 47

5. 4. Өрт қауіпсіздігі . . . 47

5. 5. Төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің әсер етуі. . 48

5. 6. Механизммен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік . . . 49

6. Табиғат ортасын қорғау . . . 51

7. Қортынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

Ұсыныс . . . 67

Кіріспе.

Негізінен балық шаруашылығын жүргізуде ішкі су қоймаларының маңызы өте зор. Біздің елімізде Шардара, Қапшағай сияқты өте ірі жасанды су қоймаларымен бірнеше ірі өзендер бар. Осы балық шаруашылық маңызы бар су қоймаларының барлығы да тұрғылықты жерге жақын орналасқандықтан олардан алынатын балық өнімдері арзан әрі тиімді болып келеді. Соңғы кездерде ірі су қоймаларын басқа да халық шаруашылық салаларына пайдалану ірі қарқынмен дамыды. Сонымен қатар ірі өндірістер салынып, олардан шыққан қалдықты суға ағызып жіберіп отырды және ауыл шаруашылығындағы зиянды өсімдіктермен күресу үшін қолданылған пестициттер, гербициттер жер асты суларына қосылып отырды. Балық шаруашылығының болашағын ойламай жүргізілген осындай шаралар ақыр соңында су қоймаларындағы балықтардың популяциялық жағдайын үлкен өзгеріске әкелді. Ақыр соңында құнды балықтар тұрмақ, кәсіптік маңызы бар балықтардыңда популяциялық жағдайы нашарлай түсті. Балық өнімі адамзат азығында басты орындардың бірін алу қажет. Сондықтан биологиялық тұтыну мөлшеріне сәйкес еліміз тұрғындарын сапалы және қауіпсіз балық өнімдерімен қамтамасыз ету мемлекеттік деңгейде шешілетін стратегиялық тапсырма болып табылады.

Алыстан алмай - ақ өзіміздің бір кездегі балыққа толы Жайық өзенінің қазіргі жағдайы ауыз толтырып айтарлықтай емес.

Осыдан келіп су қоймаларындағы балық популяциясын қайтадан қалпына келтіру үшін балықтардың табиғи өсіп - өнуін жақсарту және де олардың популяциялық жағдайын зерттей отырып, балық шаруашылық жағдайын қалпына келтіру қажеттілігі туындады.

Бұл жағдайға байланысты ішкі су қоймаларының балық ресурстарын өндіру және рационалды пайдалануды ұйымдастыру - балықтардың биологиялық ерекшелігін және олардың қоректену жағдайын тереңірек зерттеуді талап ететін, кезек күттірмейтін тапсырма.

Менің алдағы мақсатым диплом жұмысын орындай отырып, Жайық өзеніндегі балықтардың су аумағындағы таралуын, өзара қарым-қатынасын, көбеюін, өсіп-өнуін және де қоректену сипатының маңызын ашу болып табылады

1. Әдебиетке шолу.

1. 1. Балықтардың негізгі тіршілік ортасы.

Балық қорын өндіру - балықтардың санымен биомассасын өндірудің біртұтас процесі. Бұл процесс екі негізгі кезеңдерден тұрады: белгілі су қоймаларындағы түрлердің сандық қалыптасуын қамтамасыз ететін балықтардың көбеюі және нәтижесінде балықтардың бимассасы түзілетін олардың жайылымы. Балықтардың көбеюі немесе жайылым жағдайының төмендеуі балық қорының өндірілу процесін бұзады. Мұны қайтадан қалпына келтіру үшін келесідей шараларды жүргізуді талап етеді: табиғи жағдайын көтеру жолымен құнды өндірістік балықтарды көбейту; су қоймасының ерекшеліктеріне сәйкес өндірістік балықтардың түрін, құрамын жақсарту; балықтардың тіршілік ортасы су қоймасының режимін көтеру.

П. П. Ивановтың жазуы бойынша (1998ж) 40 - 50 жылдарда совет ғалымдары өндірістік балық түрлерінің көбею, өсу және даму биологиясы төңірегінде көптеген зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар, Госниорх мамандары балықтардың физиологиясына және көбею экологиясы бойынша зерттеулер іске асырылды.

Л. Б. Кляшториннің айтуынша (1982ж) су қоймаларындағы ихтиофаунаның байлығымен алуан түрлілігі балық организміне әсер ететін көптеген орта факторларына байланысты, атап айтқанда, су қоймасының ауданы және тереңдігі, су түбі сипаттамасы, судағы бактерия, өсімдік және жануарлар гидрологиялық және биохимиялық режимдер т. б.

В. И. Козловтың (1998ж) жазуы бойынша, балықтардың тіршілігі сыртқы орта факторларының рөлін дұрыс бағалау үшін балық шаруашылығы төңірегінде жұмыс жасайтын мамандарға жиі ұшырасатындарын қарастыру қажет етеді. Олар су температурасы, жарықтылығы, су деңгейімен ағысы, гидрохимиялық режим және азық қоры.

Г. В. Никольскийдің (1971ж) айтуы бойынша, ішкі суларда және ашық теңіздер мен мұхиттарда балық шаруашылығын дамытудың принциптік айырмашылығы көп кездеседі. Егер мұхиттарда шикізат қоры шаруашылықты дамытуға мүмкіндік жасайтын басты фактор ретінде оның судағы табиғи қорынан алынса ішкі суларда оларды қолдан өсіруге, қорын молайтуға мүмкіндік бар. Дәлірек айтқанда, ашық теңіздерде табиғаттың өзі өсіріп берген балық байлығын игеруге күш салынса, ішкі суларда балық байлығының қорын молайтуға, оны қолдан өсіруге көбірек мән беріледі.

В. Р. Протасов (1968ж) ішкі су қоймаларының ықшамдылығы және олардағы балық шаруашылығы ғылым негізінде реттеп отыруға болатындығы халық шаруашылығы үшін маңызы зор факторлардың бірі екенін айтқан болатын. Соңғы 20 шақты жыл бойы күрделі қаржының басым көпшілігі ашық теңіздер мен мұхиттарда балық шаруашылығын дамытуға бағытталып, ішкі суларға тиісті көңіл бөлінбей кеткенінде айта кетті.

И. М. Шерманның (1989ж) ойынша, ішкі сулардың балық байлығын пайдалануды және толықтыруды ғылыми тұрғыдан негіздеуге көңіл аз бөлінеді. Мұхиттар мен ашық теңіздерден балықтың көп аулануына байланысты, гидротехникалық құрылыстар тұрғызғанда ішкі сулардың балық шаруашылық маңызы ең соңғы жоспарда тұрып қалады.

Ю. А. Привезенцевтің (2004) жазуынша суда оның химиялық құрамының алуан түрлілігін анықтайтын көптеген түрлі еріген және қалқымалы заттар болады. Бұл құрамдар қоршаған ортаның физиологиялық жағдайына және сондай ақ су қоймаларында өтетін биологиялық және микробиологиялық процестерге тікелей байланысты. Абиотикалық және биотикалық факторлардың өзара әсері, сондай-ақ адамдардың әсер етуінен су қоймаларының гидрохимиялық режимі өзгеріп отырады.

Н. М. Бессоновтың (1987 ) айтуынша суға органикалық материалдардың түсуі нәтижесінде оның қышқылдығын жоғарлатады, белсенділігін көтереді, судағы оттегінің тәуліктік ауытқуын тудырады, судың физикалық қасиетін өзгертуімен бірге мөлдірлігін төмендетеді. Сондықтан судағы организмдердің қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ететін гидрохимиялық режимінің көрсеткіштерін қалыпта ұстайтын шаралар өткізіп отыру қажет.

В. И. Козлов, Е. И. Кружалина (1977) мәліметтері бойынша су көзі түрдің сақталуын, балықтардың төлдегіштігімен ұрпақтардың сапасын, балық түрлеріне биологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін нормаларға сәйкес болуы керек. Су көзін балық шаруашылығына пайдаланар алдында гидрохимиялық, токсикологиялық және ихтиопотологиялық зерттеулерден өткізу қажет.

А. И. Канаев (1986) су температурасының ауа температурасына қарағанда тұрақты екенін жазды. Осы себебтерге байланысты қыс уақыттарында байқалатын қатты салқындықтың өзі де су температурасын тез өзгеріске түсіре алмайды. Континенталды су қоймаларында температураның жылдық ауытқуы 30-35 о С аспайды. Судың температуралық тұрақтылығы судың тығыздығы арқасында жүзеге асырылады. Судың төмен жылу өткізгіштігі ағынсыз су қоймаларындағы температураның өзгергіштігін шектей отырып суда температуралық қабаттардың пайда болуын тудырады. Қыс кезінде мұз астындағы салқын су қабаты тереңге түспеуі салдарынан онда жылы су қабаты сақталады. Су қабатындағы температуралық бөлінулер судағы газ режиміне, биогенді элементтер мен гидрохимиялық көрсеткіштердің бөлінуіне тікелей байланысты, бұл өз кезегінде гидробионттардың аумақтық таралуына әкеледі.

Е. Б. Локтионов және Р. М. Клеткиннің (1987) жазуынша гидробионттар тіршілігінде су температурасының маңызы үлкен. Басқа абиотикалық факторлардан температураның артықшылығы түрлердің тіршілік шегін анықтайтын экстремалды маңызының болуында. Мысалы, организмдердің тіршілік үшін маңызды еріген тұздардың мөлшерімен анықталатын судың тығыздығы мен тұтқырлығы едәуір мөлшерде температураға байланысты. Сондықтан да температура маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады.

Г. В. Никольский (1974) мәліметінше гидробионттардың тіршілігіндегі қоректену, зат алмасу, даму және өсу, көшіп-қону процестері жылы қанды организмдермен салыстырғанда көп жағдайда су температурасы жағдайына байланысты. Температура су организмдерінің көптеген тіршілік қызметіне әсер ете отырып олардың өнімділігін қамтамасыз етеді. Су температурасының көтерілуі балықтардың алмасу процестерін тездетеді. Бұл әр түрлі тіршілік процестерін катализдейтін фирменттердің температураға әсеріне байланысты өтеді. Гидробионттардың өсу қарқыны мен зат алмасу жылдамдығын тездететін температуралық әсер ету балықтардың түрлі құрамына даму сатысына байланысты.

А. С. Константиновтің (1986) пікірінше температуралық әсер ету әсіресе организмнің ерте даму сатысында байқалады. Әр түрлі балық түрлерінің эмбриналдық дамуы белгілі бір температуралық шекте өтеді. Мысалы, уылдырықтардың инкубациясы кезінде температураның кері әсері дернәсілдердің аномалиялық өзгерісіне әкеледі. Бұл өз кезегінде балықтардың өлімін тудырады. Температура тек қана гидробионттардың даму мүмкіндігін шектеп қана қоймай, сонымен бірге олардың морфогинезін тездетеді. Уылдырықтардың инкубациялануы кезінде температура төмен болса, эмбриондардың дамуы үшін көп уақыт кетеді.

В. Р. Протасов (1968) су мөлдірлігі су қоймасы жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі критерийлердің бірі болып табылатынын жазды. Ол судағы қалқымалы бөлшектердің санына, еріген заттардың болуына және фито - және зоопланктондардың концентрациясына байланысты. Мөлдірлікке судың түсі де әсер етеді. Судың түсі неғұрлым көк болса, солғұрлым мөлдірірек болады. Ағынсыз су қоймаларындағы судың мөлдірлігін анықтайтын негізгі фактор ондағы биологиялық процестер. Планктондардың дамуы ұлғайған сайын судың мөлдірлігі төмендей түседі. Бұл жерде судың мөлдірлігі су қоймасындағы тіршіліктің даму жағдаймен сипатталатынын жазды. Су мөлдірлігі бірінші кезектен су қоймасындағы фотосинтез процесімен оттегі режиміне әсер етеді.

И. В. Барановтың жазуынша (1982 ж. ) газдық режимі барлық гидробионттардың тіршілік процесіне өте күшті әсер етеді. Суда еритін газдар /оттегі, азот, көмірқышқыл газдары/ флора және фауна өкілдерінің дамуы мен өсуі қарқынын анықтайды. Су ортасының қарқынды биохимиялық процестерін қамтамасыз ететін оттегі мен көміртек диоксидінің мөлшері үнемі өзгеріп отырады. Ал азот өзінің химиялық дифференттілігі арқасында мөлшерлік өзгерісін бір деңгейде ұстап тұра алады.

В. А. Власов, С. Б. Мустаевтың (2001) мәліметінше су қоймасының газ режимі бірінші кезекте газхдардың еруімен анықталады. Ол табиғи газдарға су температурасына, минералдану деңгейіне, сондай - ақ қысымға байланысты. Су температурасының көтерілу нәтижесінде газдардың ерігіштігі төмендейді. Су организмдері үшін оттегі, көмірқышқыл газы және көмірсутегі мөлшерінің әсері үлкен. Суда еріген оттегінің болуы су қоймасын мекендейтін организмдердің тіршілігі үшін міндетті жағдай болып табылады. Тек қана бактериялармен қарапаймдыларға жататын кнйбір гидробионттар оттегіні қажет етпейді. Судың оттегі молекуласымен толығуы су өсімдіктерінің фотосинтезіне тікелей байланысты. Фотосинтез процесі негізінен жақсы жарық түсетін және жылынатын су қабатында өтеді.

Н. В. Пучков (1954) жазуынша эмбриогенез процесіне оттегі жағдайының әсері ең біріншіден организмдердің дамуы мен өсу жылдамдығын өзгертуі мен анықталады. Әрбір түр үшін белгілі оттегі мөлшерінің қалыптан ауытқуы эмбриогенез процесіне әсер етеді. Оттегі мқлшерінің артуы эмриондардың дамуын тежеп, аномалияның пайда болуына әкеледі. Балықтардың тіршілігі судағы оттегі концентрациясына байланысты. Оттегінің белгілі бір шектен төмендеуі балықтардың өсу процесін баяулатып, азықтану қарқындылығын нашарлатады. Мысалы, оттегі мөлшерінің 45 -50 пайызға төмендеуі жас тұқы балықтарының азықтануын екі есе төмендетеді.

Г. В. Никольский (1971) оттегі мөлшерінің төмендеуі су қоймасының зоогигиеналық жағдайын нашарлатады, нәтижесінде органикалық заттардың жиналуына және сапрофитті микрофлораның көптеп дамуына әкеледі деп жазды. Судағы оттегі мөлшерінің ұзақ уақыт ждеткіліксіздігі балықтардың белсенділігін төмендетіп, ауыру қоздырғыштарына төзімділігін нашарлатады.

Ф. М. Магомаевтің (2003) жазуынша, барлық балықтарды оттегіге қатынасы бойынша 4 топқа бөледі:

1. Оттегіні өте көп мөлшерде қажет ететін балықтар(1л / 7-8 мг) . Суда оттегінің 1л 4 - 5 мг дейін төмендеуі организм тіршілігіне жіті әсер етеді. Мысалы, албырт балықтары.

2. Оттегі мөлшерін салыстырмалы түрде көп қажет ететін балықтар (1л/ 6-7мг) . Мысалы, бекіре балықтары.

3. Оттегіні аздаған мөлшерде қажет ететін балықтар (1л/ 4-5 мг) . Мысалы, сазан, табан, тұқы балықтары.

4. Оттегі мөлшерінің өте төмендеуін көтере алатын балықтар (1л/ 0, 5 мг) . Мысалы, мөңке, оңғақ балықтары.

П. А. Мойсеевтің мәлімдеуінше (1981 ж. ) судың белсенді реакциясы гидробионттардың зат алмасу қарқынын реттейді. Көлдерде тіршілік ететін көптеген омыртқасыздармен балықтар тіршілігі үшін көбірек қолайлы рН көлемі 6, 8-8, 0 аралығында болады. Дегенмен бұл көрсеткіш 6, 5-9, 1 болуы мүмкін. Жазғы уақыттарда көптеген эфтрофты көлдердегі судың беткі қабатында «жасылдану» болады. Ал бұл рН 10, 0-10, 5 дейін көтерілуіне әкеледі. рН мөлшерінің 6, 0 төмен болуы кезінде бактериялар тіршілігі үшін қолайсыз жағдай туындайды, ал бұл дегеніңіз су түбі органикалық заттарын пайдалануды төмендетуге соқтырады, яғни көл дистрофты, өнімділігі аз болып шығады.

С. А. Зерновтың айтуынша (1934 ж. ) су қалыңдығындағы көмірқышқыл газ мөлшерінің бөлінуі оттегіне мөлшерімен керісінше пропорциональды: жоғарғы қабатында болмайды немесе аз болады, ал жаз кезінде оның су түбіндегі концентрациясы 1 л/12-19 мг құрауы мүмкін, ал қыста оның мөлшері бірнеше есе көбейеді, бұл тұщы сулық балықтармен азықтық омыртқасыздардың барлық түріне кері әсерін тигізеді.

Судағы барлық тіршілік иелеріне кері әсерін тигізуші болып метан мен күкіртсутек табылады. Эфтрофты суларда ұйымдастырылған тауарлық көлдік балық шаруашылығына судың түпкі қабатында жиналған күкіртсутек ошағының пайда болуы белгілі шығын келтіреді. Ауыр газдардың болуы күкіртсутегі аумағынан көшуге қабілетсіз су түбі омыртқасыздарын уландырады, ал балықтар көл экожүйесінің «тірі аймағына» тартылады, олар өздерінің тіршілігі үшін әрдайым қолайлы бола бермейтін су қоймасының басқа биотобына көшуге мәжбүр болады.

В. А. Догельдің мәлімдеуі бойынша (1975 ж. ) қыс кезінде фитопланктондардың минимумы байқалады. Көктемде диатомдылардың жалпылама көбеюі басталады, содан кейін олардың орнын жасыл балдырлар басады. Жаз басталысымен күзде өліп қалған көк жасыл балдырлар пайда болады және осы уақытта әдетте диатомды балдырлар көбеюінің екінші оянуы байқалады, яғни вегетативтік кезеңде су түбінде қыстап, ал көктемде қайта шығып су қоймасының жасылдануын тудырады. Уақыты бойынша пайда болатындар арасынан алғашқы орында басқалардан бұрын Melosira, Fragilaria және Synedra тұр, ал ең соңында басқалардан нашарлау қыстайтын Asterionella. Жасыл және көк-жасыл балдырлар циста және спора түрінде қыстайды, кейін олардың вегетативті формаға айналуы үшін біршама уақыт қажет. Сондықтан олар диатомдылардан кешірек дамиды.

А. С. Константиновтың айтуы бойынша (1979 ж. ) су зоопланктоны негізінен түссіз жіпшелілерден, кебісше, коловратка, бұтақ мұртты және ескек аяқты шаяндардан тұрады. Салқын сулы көлдерде коловраткалар мен ескек аяқты шаяндар басым болады, ал бұл уақытта бұтақ мұрттылылар аз санды болады немесе мүлдем болмайды. Бұл мысалы Ыстықкөл көлінде байқалады. ТМД көлдерінде зоопланктондардың жеке түрлеріне көбірек тән Tintinnus, Tintinnopsis кебісшесі, Asplanchna, Polyarthra және Brachionus коловраткалары, бұтақ мұртты шаяндардан Daphnia, Bosmina, Chydorus және Diaphanosoma, ескекаяқтылардан Diaptomus, Heterocope, Cyclops және Mesocyclops. Әртүрлі көлдердегі кебісшелілер саны әдетте 1л / 20-30 мың және одан көп, сирегірек 100 мың дана және одан көп болады. Түссіз жіпшелілердің саны жоғары болады /10-100 есе/.

Г. В. Никольскийдің жазуынша (1945 ж. ) судағы нейстонмен плейстон басқа континенталды су қоймаларымен салыстырғанда бай келеді. Су бетінің жоғарында су өлшегіш қандалалар Gerris, Hydrometra, Velia, секіргіш қоңыздар Gurinus, шыбындар Ephydra жүгіріп жүреді. Су беті қабықшасының төменгі жағында Hydrophilidae қоңыздары және Notonecta қандалалары жүреді, Limnaea, Cyclas моллюскалары және Scapholeberis шаяндары жорғалайды, Culex және Ahopheles масаларының дернәсілдері асылып тұрады.

Н. П. Наумов, Н. Н. Карташевтың мәлімдеуінше (1979 ж. ) өзен литоралында бентостың алуан түрімен көп мөлшері кездеседі, ал бұл сублиторалда аз болады, соның ішінде профундалда. Бұл су түбі жасыл өсімдіктері көлдің тек таяз жерлерінде өсетінін, және сондықтан да терең аймақтар қажетті гетеротрофты бентосты азықтарға кедей келетінін түсіндіреді.

А. С. Константиновтың хабарлауынша (1986 ж. ) орташа ендіктердегі сулар әдетте фитобентос литоралда дамиды және 4-5 м тереңдікке кетеді. Суы мөлдір келетін көлдерде, су түбі өсімдіктері 25-30 м тереңдікте кездеседі, кей жағдайларда 45-50 м тереңдікте, мысалы Себан, Байкал, Телецк көлдерінде. Литоралы тасты суларда ашық құмды жағалау сияқты әдетте макрофиттерден құр келеді. Жағалаудан бастап 1-2 м тереңдікке дейін су беті өсімдіктері құрақ, өлеңшөп, жебе жапырақ, қоға, және т. б. өседі. Одан әрі жапырақтары жүзетін өсімдіктер қатары, шалаң, тұңғиық және т. б., олар 2-2, 5 м тереңдікке дейін өседі. Одан тереңірек біздің көлдерге тән өсімдіктер шалаң, су сарғалдағы орналасады.

Г. В. Никольскийдің жазуы бойынша (1974 ж. ) әртүрлі су организмдерінің азықтық құндылығы әр түрлі, дегенмен қажетті қоректік заттарды ұстайды: ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар. Азықтық омыртқасыз жануарлардағы ақуыздар аминқышқыл құрамы бойынша толық құнды болып табылады және балықтардың өсіп-дамуы үшін маңызы үлкен. Көбірек толық құнды азықтық организмдерге бұтақ мұртты шаяндар /Сladocera/ және бәрінен бұрын дафниялар /Daphnidae/. Олар минералды тұздарға, витаминдерге, ауыстырылмайтын амин қышқылдарына бай келеді. Азықтық құндылығы бойынша қоректік омыртқасыздар балықтар үшін ауыстырылмас азық болып табылады.

И. М. Анисимова, В. В. Лавровскийдің мәлімдеуінше (1991 ж. ) әрбір балық түрлері белгілі бір азықтық организмдермен қоректенеді. Балықтарды азықтану түріне қарай жыртқыштар және бейбіт балықтар деп бөлінеді.

Бейбіт балықтарды бентофагтар, плантофагтар және өсімдік қоректі деп ажыратады. Бентофагтар арасында шаян, құрт, моллюскалар мен қоректенетіндер бар.

П. А. Моисеев, Н. А. Азизова, И. И. Курановалардың жазуынша (1981 ж. ) жыртқыш балықтар жемін әртүрлі ұстайды. Біреулері мысалы, жемтігін су түбінен ұстайды /жайын/, басқалары су қалыңдығынан /шортан/, үшіншілері еркін қозғалатын пелагиалды жыртқыштар.

Көпшілік жыртқыш балықтар азық болатын балықтарды басымен тұтас жұтады. Планктофагтар ауызын ашып жүзеді. Қоректік организмдер сумен бірге олардың желбезек қуысына түседі де сонда желбезек жапырақшаларынан сүзіледі.

А. И. Исаев, Е. И. Карпованың жазуы бойынша (1989 ж. ) көлдің зообентосы фитобентосқа ұқсас литоралда бай келеді және профундалда аз болады. ТМД-ның тасты жағалауы бар көлдерінде балдырлар, жәндіктер дернәсілдерінің көп түрі, жиірек хирономид Cricotopys, Psectrocladius және Trichocladius, сондай-ақ Radix ovata моллюскалары, көптеген есекаяқты шаяндар, су қандалалары, Spongilla губкалары, Pelmatohydra гидралары және Glossasiphonia, Piscicola сүліктері т. б. кездеседі. Ал құмды литорал кедейірек келеді, бұнда өсімдіктердің жоқтығынан және су түбінің қозғалмалылығынан тіршілік жағдайы қолайсыз болады. Бұндай биотоп үшін Propappus volri олигохеттері, Bezzia және Culicoides масаларының дернәсілдері, жұмыр құрттар тән.

В. С. Савовскаяның айтуынша (1981 ж. ) көптеген балықтар аралас азықпен қоректенеді, мысалы, тұқы барлығымен азықтанады. Ол өсімдіктерді және де жануар азықтарымен де қоректенеді. Шамамен 80% бактерия планктонда ірі агрегаттар түрінде орналасады, ал дөңмаңдай оларды желбезек аппараттарында ұстап қалуға қабілетті.

1. 2. Гидробнонттарға анропогендік әсер ету.

Су қоймаларындағы балық қорының өндірілуіне адамдардың өзен, көл ресурстарын шаруашылыққа пайдалануы үлкен әсер етеді. Қазіргі кезде барлық ішкі су қоймалары тек балық шаруашылығы үшін ғана емес, сонымен бірге халық шаруашылығының басқа да салаларына жұмылдырылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық зерттеу және төлқұжат
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Адамның экологияға тәуелді аурулары
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Экологияны бақылау, зерттеу
Экология ( лекциялар )
Популяция туралы түсінік. Түрдің популяциялық құрылымы.
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Экология пәнінен кейс
Тұқы балығын қолдан өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz