Қаржылық тиімділік көрсеткіштерін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе7

1 Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері9

1. 1 Экономикалық және әлеуметтік тиімділік мәні9

1. 2 Кәсіпорын тиімділігінің негізгі көрсеткіштері13

1. 3 Тиімділік көрсеткіштерін талдау мәні мен қажеттілігі26

2 «Казпошта» АҚ қаржылық -экономикалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау35

2. 1 «Казпошта» АҚ жалпы сипаты мен қаржылық -экономикалық жағдайын талдау35

2. 2 Ұйым персоналы мен негізгі қорларын пайдалану тиімділігін талдау43

2. 3 Қаржылық тиімділік көрсеткіштерін талдау45

3 Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру бағыттары55

3. 1 Қызмет көрсету тиімділігін арттырудың негізгі жолдары55

3. 2. Шығындарды басқару - тиімділікті арттырудың негізгі жолы ретінде66

Қорытынды70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі74

Кіріспе

Соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі әдістері ескіріп, қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сүрақтарға толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бүл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер кәсіпорын нәтижесін талдаудың түрлі әдістерін қолданып, кәсіпорында қабылдаған қаржылық стратегияны іс жүзінде қолданыс табатын есептік саясатын тандап алып, соны басшылыққа алуда.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару әкономикалық зандардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғамдық қаржыны, бағаны, несиені және тағы басқа көздерін жүмылдыруымен қатар, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде қүқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашті. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты боглады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттердо (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т. б. ) Қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дүрыс бағдар тауып, оны үстануына қарай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің әкономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштерін бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық тиімділік жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау мәселесі аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен әкономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің әкономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Сондықтан менің дипломдық жұмысымның мақсаты - қәсіпорынның тиімділік жағдайын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып, оны ұғып, оларға талдау зерттеудегі дағдыларды ашу. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысу.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіштерін талдаудың теориялық негіздері

1. 1 Экономикалық және әлеуметтік тиімділік мәні

Нарықтық жағдайларда экономикалық дамудың әрi қарай жалғастыруда өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттырудың бағыттары, олардың өсу факторы мен тиiмдiлiктi анықтаудың әдiстерiн таңдау манызды мiндет болып табылады.

Экономикалық тиімділік - бұл өндіріске жұмсаған шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығындарымызды қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды көрсетеді.

Экономикалық тиiмдiлiктiң жалпылама критерийлерiне қоғамдық еңбектiң өнiмдiлiгi жатады. Ол ұлттық табысты материалдық өндiрiс салаларында жұмыс iстейтiн адамдардың орташа санына бөлу арқылы анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тиiмдiлiктiң аса маңызды көрсеткiштерi ретiнде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сиымдылығы және қор сиымдылығы алынады.

Өнімнің еңбек сиымдылығы- материалдық өндiрiс саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнiмнiң жалпы көлемiне бөлу арқылы анықталады.

Материал сиымдылығы- шикзат, материал, отын, энергия және т. б. шығындарынң көлемiн өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемiне бөлемiз.

Капитал сиымдылығы- халық шаруашылығы капитал салымдарының көлемiн шығарған өнiмнiң жалпы көлемiнiң өсiмiне бөлу арқылы анықталады. Өнiмнiң қор сиымдылығы - негiзгi қордың орташа жылдық құнын шығарылған өнiмнiң жалпы құнына бөлемiз.

Тиiмдiлiк жалпы және салыстырмалы болып бөлiнедi.

Жалпы тиiмдiлiк - шығындарды жұмсау арқылы пайда әкелетiн әсердiң жалпы көлемiн көрсетедi және оны инвестициялық әрбiр объектiге қатысты есептеуге болады. Ол тиімділіктің капитал салымына қатынасымен анықталады.

Салыстырмалы тиiмдiлiк - белгiлi бiр өндiрiстiк және шаруашылық есептердi шешуде екi немесе бiрнеше шешiм варианттарынын iшiнен бiреуiн таңдап алуда есептелiнедi. Ол бiр варианттың екiншi вариантпен салыстырғанда экономикалық қолайлығын көрсетедi.

Жалпы тиiмдiлiк көрсеткiштерi мына категориялар бойынша топталады.

1. Өндiрiстiк iс әрекеттiң тиiмдiлiгiн көрсететiн көрсеткiштер. Оған кәсiпорының пайдалылығын және оның активтерiнiң қолдану мөлшерiн анықтайтын көрсеткiштер жатады.

2. Өтiмдiлiк көрсеткiштерi. Оған кәсiпорының қысқа мерзiмдi мiндеттердi орындау мүмкiншiлiктерi және айналым қорын басқаруды сипаттайтын көрсеткiш жатады.

3. Қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерi. Кәсiпорынның активтерiн қаржыландырудан қолданатын капиталдық құрылым құру әдiстерiне байланысты болатын тәуелдiлiк деңгейiн анықтайтын көрсеткiш.

Шаруашылық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн көптеген абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштер арқылы есептеуге болады. Солардың iшiнде ең маңыздысы пайда көрсеткiштерi. Осы пайда көрсеткiшке қатысты тиiмдiлiктi сипаттайтын ең негiзгi көрсеткiш рентабельдiлiк болып табылады. Оның келесi түрлерi болады.

  1. Сату рентабельдiлiгi = есеп беру негiзiнде пайда /өнiм өткiзуден түсетiн түсімі * 100%.
  2. Актив рентабельдiлiгi = есеп беру кезiндегi таза пайда / есеп беру кезеңiнiң сонындағы активтер * 100 %.
  3. Негiзгi капиталдың рентабельдiгi = есеп беру кезендегi таза пайда / есеп беру кезiнiң соңындағы қорлар - амортизация *100 %.
  4. Меншiк капиталдарының рентабелдiгi = есеп беру уақытының сонындағы меншiктi капитал * 100 %.

Келесі суретте жалпы тиіділіктің негізгі көрсеткіштері мен олардың анықталу жолын қарастырайық.

1: 1
2: 2
3: 3
4: 4
1: Пайданың өсімшесі
2: Өндірістің өсімшесі
3: Негізгі өндірістік қорлардың өсімшесі
4: Адам санының өсімшесі

2/3

1/2 2/4

1/4

Сурет 1 Кәсіпорын өндірісі тиімділігінің құрылымдық -логикалық кескіні

Тиiмділiктiң салыстырмалы көрсеткiштерi:

  1. Активтердiң айналымдылығы = сату көлемi/активтердiң орташа жылдық құны * 100 %.
  2. Негiзгi капиталдын айналымдылығы = сату көлемi/ айналым капиталы х 100 %.
  3. Материалдық өндiрiстiк қорлардың айналым коэффициентi = сату көлемi / материалдық өндiрiстiк қорлар Х 100 %.
  4. Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі/айналым капиталы) .

Келесі суретте тиімділік мәні мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерін сипаттайық.

Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама критерии ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі болады (Еөж)

Еөж = ЖІӨ х Жсм,

ЖІӨ- жалпы ішкі өнім,

Жсм - материалды өндіріс саласындағы жұмыскерлер саны

Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Экономикалық тиімділіктің басты көрсеткіштері
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Еңбек сиымдылығы

t=T/Q, Т-жұмсалған еңбек саны,

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі

Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Материал сиымдылығы
m=M/Q, М-материал шығыны
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Қор сиымдылығы
f=Ф/Q, Ф- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Жалпы экономикалық тиімділік
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.: Халық шаруашылығының деңгейінде Тх. ш. =ΔЖІӨ/К, К-капитал салымы

Халық шаруашылық кешендерінде, салаларында, кәсіпорындарында

Тк =ΔП/К

Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.:

Жаңадан салынған объекті бойынша тиімділік көрсеткіші:

Тк=П/К=(Б 0 - Өқ) В/К,

П-жылдық пайда көлемі, Б 0 - өнім бірлігінің көтерме бағасы, Өқ - өнім бірлігінің өзіндік құны, В - натуралды өлшемдегі өнім өндірудің жылдық көлемі.

Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға қатысы ретінде қарастырылады.:

Салыстырмалы тиімділіктің негізгі көрсеткіші - келтірілген шығындар

Ш i = C i + EK i ,

Ш i - i- ші вариант бойынша өнім бірлігіне келтірілген шығындар;

C i - i- ші вариант бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны;

E - нормативті коэффициент;

K i - i- ші вариант бойынша үлестік капитал салымдары.

Сурет 2 Тиімділік ұғымы мен жалпылама көрсеткіштері

Суреттен, макродеңгейде және кәсіпорын шегінде экономикалық және жалпы тиімділік мәні мен көрсеткіштерін есептеу әдісі сипатталған, осы көрсеткіштерді аналитикалық бөлімде талдаймыз.

Өтімділік көрсеткіштері:

  • Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымдағы активтер /ағымды міндеттемелер) . Кәсіпорынның меншіктік капиталының қай бөлігі ағымды активтерді жабу көзі болып табылатының сипаттайды.
  • Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары/таза айналым капиталы) . Меншіктік айналым қаражатттарының ақша түріндегі нысанын, яғни абсолютті өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды;
  • Жабу коэффициенті (ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер) . Активтердің өтімділігінің жалпы бағасын береді.
  • Тез өтімділік коэффициенті жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымдағы активтерден өндірістің сақтаулы қоры алынып тасталады:
  • Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары/ағымдағы міндеттемелер) . Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийi, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі тез арада өтеле алатының көрсетеді.
  • Сақтаулы қорды жабуда меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары/сақтаулы қор мен шығындар) .

Әлеуметтік тиімділік бойынша, инвестиция варианттарын таңдауда және талдау процестерінде, жұмыс жағдайын жақсарту және жеңілдету, оның қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени-техникалық деңгейін өсіру сияқты факторларға көңіл аударылады. Кейбір жағдайларда, осы факторлар арқылы варианттар таңдау мүмкіншілігі туады.

Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты қолданушылар үшін жоспар варианттарының жарамдылығын анықтау.

Әлеуметтік тиімділікті талдау объектілері:

  • Жоба бойынша тұрғындардың мәдени-әлеуметтік және демографиялық сипаттамасын беру;
  • Жобаны іске асыру ауданында халықты ұйымдастыру, жұмыс күшінің саны, ресурстарды бақылауды қадағалау;
  • Жобаның жергілікті мәдениетке сай қолданылуы;
  • Жобаның нәтижелерін қолданатын тұрғындар тобы мен ұйымдарды қажетті міндеттемелермен қамтамасыз ету стратегиясы.

Тиімділікті есептеудегі өндірістің әлеуметтік нәтижелерінің негізгі түрлері:

  • аймақтағы жұмыс орындары санының өзгеруі;
  • жұмысшылардың мәдени-тұрмыстық жағдайларының өзгеруі;
  • жұмысшылардың жұмыс жағдайының өзгеруі;
  • өндірістік персоналдың құрылымының өзгеруі;
  • халықты тауарлардың жеке түрлерімен қамтамасыз етудің сенімділігінің өзгеруі;
  • жұмысшылар мен жалпы халықтардың деңсаулық деңгейінің өзгеруі;
  • халықтың бос уақытын үнемдеу.

1. 2 Кәсіпорын тиімділігінің негізгі көрсеткіштері

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері кәсіпорынның қолындағы барлық құралдары мен заттарын тиімді пайдаланумен байланысты көрсеткіштер жатады, оларғаеңбек өнімділігі, қорқайтарымдылы сияқты көрсеткіштермен қатар ұйымның қаржы жағынан тұрақтылығын, жұмысының тиімділігін сипаттайтын өтімділік көрсеткіші де үлкен мәнге ие.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы - бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемесі бойынша толығымен және мерзімінде есептесу мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейі кәсіпорынның нақты қызметімен байланысты жеке тәуекелінің деңгейін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның сапалық сипаттамасы болып табылады. Қаржылық тұрақтылықты, біріншіден, қаржы беретін банк тұрғысынан алғанда кәсіпорынның тәуекел деңгейін төмендету және оның жүмысының түрақтылығын арттыру үшін, екіншіден, кәсіпорынның жалпы қаржы жағдайын сипаттау үшін анықтау қажет. Сонымен, қаржылық тұрақтылық- бұл өз қызметін жүзеге асыруының материалдық және қаржылық мүмкіндіктерінің жиынтығы мен кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мерзімінде және толығымен жауап беру қабілетімен анықталатын көрсеткіш болып табылады.

Кәсіпорын қаржысын басқарудың нәтижелілігі көп жағдайларда кәсіпорын қызметін ұйымдастыру деңгейі мен ақпараттық қамтамасыздықтың сапасына байланысты болып келеді. Ақпаратпен қамтамасыз етудің негізгі көздеріне кәсіпорынның қаржы жағдайына толық сипттама бертін бухгалтерлік есептің және есеп берулердің мәліметтері жатады.

Шаруашылық субъектілерінің қаржы жағдайы деп оның қаржылық бәсекелік қабілетін (төлем жасауға деген қабілеттілігі мен несиені қайтаруды қамтамасыз ету қабілеті), мемлекет және басқа да шаруашылық субъектілері алдындағы міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін айтады. Ал қаржылық талдау жүргізудің басты мақсаты- кәсіпорынның нақты қаржы жағдайын анықтау және алынған нәтижелерді өткен жылдардың нәтижелерімен салыстыру кәсіпорынның алдын ала жасалған қаржыны басқару саясатын басшылыққа ала отырып, өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мұндай талдаудың нәтижелері ең алдымен меншік иелеріне, қарыз берушілерге, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлерге және салық қызметі орындарына қажет.

Қаржылық талдау жүргізудің басты міндеттеріне - қаржы жағдайының
сапасын анықтау, оның ауытқуларының себебін қарастыру, алынған
нәтижелердің негізінде кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын арттыруға
бағытталған шаралар мен үсыныстар енгізу, оны іс жүзінде қолданыс табуын
қадағалау болып табылады. Бүл міндеттер салыстырмалы және нақты қаржы
көрсеткіштерінің өзгерісін зерттеу арқылы жүзеге асырылады және де келесі
блоктарға бөлініп қарастырылады:

  • активтер мен пассивтердің құрылымдық талдауы;
  • қаржы тұрақтылығын талдау;
  • меншікті капиталдың қажетті өсім деңгейін талдау;

Кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жасау барысында бірнеше
мақсаттар алға тартылады:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді оның қызметететін ортасының ерекшеліктерін ескере отырып анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі факторлардыанықтау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң өзгерістер енгізетін негізгі көрсеткіштерді анықтау.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу келесі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жұргізіледі:

  • көлденең талдау; -
  • тікелей талдау;
  • трендттік талдау; .
  • салыстырмалы көрсеткіштерді талдау.

Талдау жүмыстарын жүргізу барысында екі модульді құрылымды пайдалану қажет:

  • қаржы жағдайына экспресс-талдау жүргізу;
  • қаржы жағдайына жан-жақты талдау жүргізу.

Кәсіпорынның қаржы жағдайына жан-жақты талдау жүргізудің мақсаты -оның мүліктік және қаржылық жағдайына толығымен баға бере отырып, болашақтағы даму мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мұндай талдау
экспресс-талдаудың жеке процедураларын нақтылап, нақты шешім қабылдау
мақсатында жасалынады.

Қаржы тұтқасының нәтижесі (ҚТН) - Қаржы тұтқасының нәтижесі - бұл кәсіпорынның сырттан тартқан қаржыларының төлемділігіне қарамай, оны пайдалану есебінен алынған меншікті қаржылардың рентабельділігінің өсімі. Қаржы тұтқасының нәтижелілігі меншікті қаржылардың рентабельділігін арттыруға арналған.

Қаржылық түрақтылықты анықтау мәселелері революцияға дейін және одан кейінгі 20-шы жылдардың әкономикалық әдебиеттерінде кеңінен зерттелгендігін байқауға болады. Мүнда кәсіпорынның қаржылық мәміле жасай алу мүмкіндігі мен міндеттемелері бойынша дер кезінде және толығымен жауап беру ықтималдылығының мүмкін болатын көлемін анықтау маңызды болды. Мүнда қаржылық тұрақтылық, шаруашылықтың түрлі жағдайларға төзімділігі мен беріктігі, іс жүргізу мен есптеулердің дұрыстығы сияқты қаржылық қабілетті анықтаудың көптеген көрсеткіштері қолданылып отырған. Шаруашылықтың қаржылай түрақтылығын анықтау баланстың өтімділігіне баға беруді талдау арқылы жүзеге асып отрырған. Аталған әдіс өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүгінгі күннің өзекті мәселелелерінің біріне айналып отыр. 70-ші жылдардың экономикалық әдебиеттерінде "қаржылық тұрақтылық" термині өндірістің социалистік әдісінде қолдау таппаумен қатар, әкімшілдік-әміршілдік басқару әдісі жағдайында өзінің өзектілігін жоғалтып алды. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселе М. Дъяконованың, В. Захаровтың, М. Сахарованың еңбектерінде теориялық және практикалық тұрғыдан алып қарағанда тереңірек зерттелген.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың негізгі мақсаты, кәсіпорынның өткендегі, қазіргі және болашақтағы қаржы жағдайына баға беруге қажетті ақпарат жинау болып табылады. Өткен жылдардағы және қазіргі кездегі қызметіне баға беру болашақты дұрыс болжамдау үшін қажет. Мұнда, кәсіпорын өзінің қызметіне деген сенімінің деңгейі міндеттемелері бойынша жауап бере алмауына әсер ететін факторларды жан-жақты қарастыру қажет. Әлемдік және отандық банк тәжірибесінде көптеген жылдар бойы кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды қолданып келді. Бастапқыда ол 3 "Си" ережесі деп аталды. Соңынан қаржылық тұрақтылықты анықтаудың тағы екі факторы қосылып 5 "Си" ережесіне айналды. Олар келесілер:

  • Кәсіпорынның іс-әрекетке. қимылға қабілеттілігі (Сарасііу)
  • Кәсіпорынның жоғары беделі (Сһагакіег)
  • Капиталдың болуы (Сарііаі)
  • Несиенің қайтарылуының қамтамасыздығы (Соііаіегаі)
  • Экономикалық коньюнктура жағдайы

Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі. Қазіргі кездегі еліміздің жер-жерлеіндегі меншік нысандарының, шарушылық субъектілерінің заңдық статусының, олардың ұйымдық құрылымының өзгеруі жағдайында банктер өзінің алушылардың іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігін анықтау шарт. Атап айтқанда, кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарының (жарғысының, келісім шартардың, хаттмалардың, заңды тұлға ретінде тіркеу туралы шешімдердің және т. б. ) қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкестігін тексеріп отыруы тиіс. Кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі кәсіпорынның қаржы алу үшін құқығының болуы, қаржы келісім шартына қол қою немесе келісөз жүогізуге өкілеттігінің болуынан көрінеді. Ал жеке тұлғалар үшін кәсіпорынның іс-әрекетке, қимылға қабілеттілігі оның кәмелеттік жасқа толуы және басқа заң жолымен іс-әрекет жасауға құқығының болуы, өз ісіне жауапты болуы қабілеттілігін білдіреді.

Кәсіпорынның жоғар беделі. Мұнда кәсіпорынның заңды тұлға ретінде және менеджмерлердің беделі турасында болуы тиіс, яғни қарызды өтеудегі кәсіпорынның жауапкершілігінің деңгейі, міндеттемелері бойынша алғандағы пайдаланудың нақты мақсаттары, кәсіпорынныңқаржы саясатына сай келуі. Заңды тұлға ретіндегі кәсіпорынның беделін анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан, клиент баға беру барысында банктер негізінен міндеттемелерін орындаудағы өзінің алушылардың қарым-қатынастарын сипаттайтын өздеріндегі мәліметтерге сүйенуі тиіс. СОнымен, клиент беделі - бұл кәсіпорынның төлем міндеттемелерін толық және мерзімінде өтеудегі ішкі мүдделілігі болып табылады.

Капиталдың болуы немесе кәсіпорынның табыс табуға қабілеті. Кәсіпорын тер кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін төменгі факторларды мұқят қарастырады. Олар:

а) кәсіпорынның табыс алу мүмкіндігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Қосымша тапсырысты қабылдаудын экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
«Таза Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің мысалында кәсіпорынның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау және бағалау
Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары
Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz