Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы



1.2. Конституцияның мәні
Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы . ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол . бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан.жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты . мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын . адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.[2]
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр.
Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады.Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне
.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004 жыл.

3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.

4.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

5. «Салыстырмалы құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

6.«Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.

7. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004 жыл.

8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және ғылым минмстірлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Мемлекеттік құқықтық
пәндер кафедра
меңгеруші з.ғ.д., профессор_______________Т.Ағдарбеко в

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан мемлекетінің
конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы

5В030100-мамандығы бойынша – құқықтану

Орындаған Бекжанов.А.С
Ғылыми жетекшісі
ХҚТУ доценті Баймұратова.Г.Ә

Түркістан 2012

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .2
1 Қазақстан Республикасының конституциясы – мемлекттің негізгі заңы
1.1 Конституцияның ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Конституцияның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Конституцияның ерекше белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
2.1 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық және құқықтық
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

3 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
3.1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі ... ... ... ... .19
3.2 Конституциялық Кеңестің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..26

Кіріспе
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр.
Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен,
ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған
тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген
аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында
азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады,
халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік
болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ
сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың,
этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан
жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын,
тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия
болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді
Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы
мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы
қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге
асырылады. Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру –
қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан
қаз тұру жолынан да жақсы байқалады.Тоталитарлық жүйеден демократиялық
қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Бұл орайда демократияны дамыту –
меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы
тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай
туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді
мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің
мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей
жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі
әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті
ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық
мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа
да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына
қолайлы жағдайлар туғызу жатады. 
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық
байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады. 
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің
Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын
бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан
халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар
көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт
өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ
халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан
әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді
демократияландыру.

1.Қазақстан Республикасының конституциясы – мемлекттің негізгі заңы
1.1. Конституцияның ұғымы
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар
мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен
байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті
ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай
негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары
заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен
қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық
және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі
құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші
әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың
іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық
қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып,
құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық
қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.[1]

1.2. Конституцияның мәні
Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы құдіретті
күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның
құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге
заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар
және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған
органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс,
үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың
нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң
(1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі
айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті
және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары,
азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-
жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси
әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның
нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс.
Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде,
Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның
іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да
мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл
қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде
қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі
саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси
мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай
қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол
үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси
(мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын – адам
және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін
атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық
базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип
болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы
еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан
еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын
жоғарылауда.[2]

1.3. Конституцияның ерекше белгілері
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын
мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты
социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар,
әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар
мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін
(мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл
қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-
мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай
дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын елдердің
(КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда
болды.
2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық
жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені,
біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және
мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде
ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан
бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың
бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі
мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты
өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының
халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте
жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай
жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге
пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір
мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық
институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан
Республикасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт
бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа
реттерде, тікелей қолданылады және барлық заңдар, Республика қатысушы
болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына,
бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми
түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады, делінген
тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе
де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық
жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция терминін материалдық және
формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция – бұл
жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар.
Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірде аз қолданылады.
Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың
топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның
ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда
заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция және нақтылы
(фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция
– бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың
жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар.
Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы
тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Қазақстан Республикасының конституциялық құығы деп Қазақстан
Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және
мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер
ұғынылады.
Конституцияның сыртқы заң күші бар және ол республиканың барлық
аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция
нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – басқа ұлттық құқықтық қайнар
көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық
құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және
реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.[3]

2. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
2.1 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және
принциптері.
Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті
ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш
қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар
жүйесінің негізін қалайды.
Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру
тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция
нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде
сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын
барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік,
біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет
өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық
және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан
Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық
билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына
Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп белгіленген (3-б).
Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге
асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға
береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және
өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады.
Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі
ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын
қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы
халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз
алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді.
Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25
қазанда қабылданған ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
айрықша рөлге ие.
Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол
Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.
Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері,
қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық
потенциал құрайды. Егемендіктің бастауы – халық, сонымен қатар егемендік
Қазақстан Республикасының әрбір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік
ең алдымен мыналардан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі
құрылымына қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға
байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік
идеясы 1995 жылы Қазақстан Республиксының Конституциясында да алдынғы
қатарда тұр.
Біртұтастық Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының
маңызды бір белгісі болып табылады. Біртұтас мемлекет ретінде Республика өз
алдына дербес мемекетке ие емесәкімшілік-аумақтардан тұратын ьірыңғай саяси
біртекті құрылымымен сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа,
заңдарға және мемлекеттік органдар жүйесіне негіз болады.
Қазақстан Республикасында билік біртұтас дегенмен ол Конституция мен
заңдар нгізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, олардың
тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс қимыл жасау
принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады (4-б, 3-т). Бұл ретте биліктерді
бөлудің Республика жағдайына бейімделген механизм көзделген.
Президенттік институт Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін
бейнелеуге және жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Республиксының
Президенті Конституцияның 40-бабына сәйкес мемлекеттің басшысы, оның ең
жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент халық пен мемлекеттік
билік бірлігінің, Республика азамттарының құқықтарымен бостандықтарының
нышаны, әрі кепілі.
Президент Қазақстан қоғамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы билік бөлінісі
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Конституция Қазақстан Республикасының Ата заңы туралы ақпарат
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы
Қазақстандық біртұтастық проблемалары
Пәндер