Қабатты сұйықтықпен жару


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 6
1. 1 Әдеби шолу. … 6
1. 2 Кен орнына жалпы шолу. 10
1. 2. 1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері . . . 11
1. 2. 2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу………. 12
1. 2. 3 Тектоникасы15
1. 2. 4 Стратиграфиясы. 16
1. 3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері……. 19
1 4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері. 23
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ. 26
2. 1 Кеңқияқ тұз үсті кенішінде өндіру ұңғысын пайдалану тәсілдері26
2. 2 Кеңкияқ кен орнының ұңғыларда кездесетін қиыншылықтар және кері әсерлері30
2. 3 Ұңғыманы күрделі жөндеу технологиясы. . 32
2. 3. 1 Ұңғыны күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары . . . 32
2. 3. 2 Құбырларды дайындау . . . 35
2. 4 Құмды тығындардың пайда болуы. . 36
2. 5 Ұңғыманы құм тығынынан тазалау жұмыстары. 37
2. 5. 1 Ұңғыманы жуу. 37
2. 5. 2 Ұңғыны БӘЗ қосылған аэрозольді сұйықтықпен жуу. 41
2. 5. 3 Ұңғымаларды көбікпен тазарту. 43
2. 6 Ұңғыдағы құм тығындарын жуу есебі. 46
2. 7 Ұңғыға құмның келуін алдын алатын шаралар. . 48
2. 7. 1 Якорьлер қолдану50
2. 7. 2 Фильтрлерді қолдану және олардың түрлері . . . 53
2. 7. 3 Ұңғы түп аймағын химиялық әдіспен бекіту . . . 57
3 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТЕХНИКA ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ . . . …. 61
3. 1 Нысанада еңбек ету жағдайы . . . 61
3. 2 Ұңғыны жер асты жөндеу жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасы…… . . . 62
3. 3 Санитарлық- гигиеналық іс-шаралар. . 62
3. 4 Электр қауiпсiздiгi. . 63
3. 5 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 64
3. 6 Қоршаған ортаны қорғауға негізгі қойылатын талаптар. . 65
3. 7 Ластаушылардың сипаттамасы . . . 66
3. 7. 1 Атмосфераны қорғау . . . 67
3. 7. 2 Гидросфераны қорғау69
3. 7. 3 Литосфераны қорғау. 70
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ. 71
4. 1 "Кеңқияқмұнайгаз" МГӨБ-н ұйымдастырудың сипаттамасы. 71
4. 1. 1 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру . . . 71
4. 1. 2 "Кеңқияқ МГӨБ-да" еңбекті ұйымдастыру және жалақы алу ерекшеліктері . . . 72
4. 2 Кенқияқ кен орнының техникалық басшылық органдары73
4. 3 Кеңқияқ кен орнын игерудің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің талдауы75
4. 4 Жаңа техника-технология енгізудегі жылдық өндірістік
шығындарды есептеу. 76
4. 5 Күрделі жөндеу жұмысы кезінде экономикалық тиімділікті есептеу……. . 76 ҚОРЫТЫНДЫ. 84
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР86
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның тақырыбы Кенкияқ кен орнында өндіру ұңғылар жұмысына құм көрінісінің әсері және олардың жұмысын жақсарту шаралары.
Кеңқияқ мұнай кен орыны Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы ірі кен орын болып саналады. Бұл кен орынның мұнайлылығының қимасы екі қабаттан тұрады, яғни тұз үсті және тұз асты. Кеңқияқ кен орынының тұз үсті қабатын 1966 жылдан мезазой (бор, юра, триас) кенішін игерілуде. ұл тақырыпта кен орынында мұнайды өндіру кезінде туындайтын қиыншылықтарды жою немесе оларды болдыртпау шаралары қарастырылған. Қазіргі таңда басты қиыншылық туғыздырып тұрған бұл мұнайды өндіру кезінде мұнаймен бірге құмның шығуы. Бұл мұнайды өндіру кезінде басты қиыншылықтар туғыздырады, яғни қолданылып жатқан қондырғылардың құмның әсерінен тез істен шығуы. Бұл деген үлкен қаражат және шығынға әкеледі. Құмның мұнаймен бірге шығуы көбінесе ұңғыны ұзақ мерзімге тоқтатуы мүмкін. Бұл деген ұңғыға күрделі жұмыс жүргізілуі тиіс.
Жобада осы мәселені шешу үшін, құмның ұңғыға келуін азайтатын немесе болдыртпайтын қондырғылар, яғни фильтрлер, якорьлер және ұңғы түп аймағын әр түрлі бекіту әдістері көрсетілген. Осы әдістердің тиімділігі артық шылығы және кемшіліктері кеңінен жазылған. Келесі бір мәселе шешімі болып ол ұңғының тоқтап қалу кезінде, бұл жерде құм тығынын жою шаралары кеңінен жазылған.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Әдеби шолу
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Кеңкияқ кен орнында өндіру ұңғылар жұмысына құм көрінісінің әсері және олардың жұмысын жақсарту шаралары».
Дипломдық жобаны жазу барысында бірқатар ғылыми әдебиеттер, интернет жүйесінен және мерзімдік басылымдардан алынған мәліметтер қарастырылды.
Ұңғыны пайдалану кезінде туындайтын негізгі қиыншылықтар қатарына ұңғы түбінде парафин, тұз шөгінділерінің жиналуын, құм тығындарының пайда болуын жатқызуға болады. Парафин шөгінділерінің алдын алу үшін және ұңғының қалыпты жұмыс жасауы үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Олар - механикалық, жылулық әдістері, әйнекті немесе эмальды жабынды СКҚ-лар қолдану және еріткіштер қолдану болып табылады. Тұз шөгінділерімен күресуді химиялық және механикалық әдістермен жүргізеді [1; 262] .
Кеңқияқ кен орны терригенді тау жыныстарынан құрылғандықтан және қазіргі таңда өнімділігінің аз болуына байланысты ұңғыны пайдалануда, штангалік тереңдік сорапты және батырмалы бұрандалы электрлік сорап қондырғылары қолданылады.
Мұнай ұңғыларын тереңдік сораптармен пайдалану мұнай кәсібіндегі негізгі және жүргізуші әдіс болып табылады. Тереңдік сорапты пайдалану келесі себептерден қолданылады: барлық қондырғының конструкциясы қарапайым, мұнайды шығаруға кететін энергияның аз мөлшері шығындалуы [1; 300] .
Батырмалы бұрандалы электр сорабы мұнай ұңғыларынан жоғары тұтқырлы қабат сұйықтығын сорып алуға арналған қондырғы. Осыған қоса, бұл қондырғыларды тұрақты тұтқырлықты және тұрақты газ құрамдас мұнайды өндіруде қолданады.
Егер кен орында басқа қондырғыларды қолдану тиімсіз немесе мүмкін емес болса, онда пайдалануды жоғарыда айтылған сорапты қондырғыны қолдану тиімді [1; 367] .
Ұңғының қалыпты жұмыс жасауы қабаттан құмның келуінен бұзылуы мүмкін. Соның әсерінен ұңғының белгілі интервалында құмды тығындар пайда болады. Қабаттар борпылдақ құмды жыныстармен құрылған ұңғыларда құмды тығындардың ұзындығы 200-400 м-ге дейін жетуі мүмкін.
Құмды тығындарды жою үшін оларды бұрғылау ерітіндісімен, сумен, мұнаймен, газды-сұйықтықты қоспалармен, көбікпен және ауаны айдау әдісін қолданады. Тығындарды жууға арналған сұйықтықтарды таңдаудың негізгі шарты: тығындарды жою жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта ашық фонтандауды болдырмау және қабаттың түп аралық аймағын ластамау, бұл ұңғының өнімділігін төмендетуі мүмкін [2; 448] .
Ұңғыларды қиын жағдайда штангілі сораптармен пайдаланған кезде арнайы қорғаушы аспаптар немесе технологиялық әдістер қолданады. Бұлар сораптың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Көбінесе қиыншылықтар ұңғыны пайдаланғанда өндірілетін өнімнің құрамында газ немесе құм кездескенде пайда болады. Мұнаймен бірге қабаттан келген құм сорапқа барады. Бұл сорап бөлшектерінің жылдам тозуына әсер етеді және цилиндр ішіндегі плунжердің жұмысын қиындатады.
Құмның зиян әсерінен сақтау үшін негізгі технологиялық шаралар:
- Ұңғыдан алынатын сұйықтықтың мөлшерін реттеу;
- Арнайы типті плунжері бар сораптарды қолдану;
3. Сұйықтық ағысындағы құмның концентрациясын азайту. Бұл мақсатта сақиналы кеңістікке мұнайды құяды. Осының нәтижесінде сораптан өтетін сұйықтықтың ағысы жоғарылайды;
- Құбырлы штангілілерді қолдану.
Технологиялық шаралармен қоса сепарациялық (якорьлер) және фильтрлеуші (фильтрлер) әдістер қолданылады.
Көп сатылы якорь бұл параллель жұмыс жасайтын, қарапайым, бір корпусты якорьлер жүйесі. Өнеркәсіпте көбіне үшкорпусты 89 мм-лі якорьлер қолданады.
В. Ф. Троицки және В. В. Сазонов жасаған тарелкалы якорь өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Басқа якорьлердің құрылымымен салыстырғанда бұл якорьдің сору құбыршасы толассыз. Бұл оның ішінде құмның жиналуының алдын алады [3; 133] .
Фильтрлер жасалу әдісі бойынша 2 топқа бөлінеді:
1. Жер бетінде жасалып, ұңғыға дайын күйінде түсірілетін фильтрлер; 2. Тікелей ұңғыда жасалынатын фильтрлер.
Құрылысы бойынша фильтрлер 2 негізгі типке бөлінеді:
1. Ұзындығы немесе ені бойынша орналасқан тесікті саңылаулары бар құбыр.
2. Қорғаушы торы бар тығындармен жабдықталған немесе арнайы сыммен оратылған, саңылауы бар құбыр.
Бірінші типті фильтрлер саңылаулары құбырдың ені немесе ұзындығы бойынша орналасқан және құбыр ішілік кескін бойынша трапециалы формаға ие. Бұл, фильтрден өткен құмның саңылауды тығындамауы үшін жасалынады.
Сурет 1. Сымды фильтр
Екінші типті фильтрлердің құрылымына келесілер жатады:
1. Сымды фильтрлер, бұл 5-8 мм диаметрлі саңылауы бар перфорацияланған, никель, болат немесе қоладан жасалатын сыммен оратылған құбыр.
2. Әр түрлі өлшемде тігінен орналасқан тіліктері бар дөңгелек пластинкалар орнатылатын, саңылаулары бар құбыр түріндегі фильтрлер [4; 107] .
Қазіргі кездегі жаңа фильтрлер қатарына, PMC, PPK және т. б. фильтрлер жатады. Олар әлемдік деңгейдегі қондырғылар болып саналады. 2009 жылдың алғашқы айларының мәліметтері бойынша ұңғыларда қолданылатын фильтрлердің жалпы ұзындығы бүкіл әлем бойынша 3 метрден жоғары, ал осы фильтрлерді қолданған ұңғылар саны 800-ден астам болды.
Мысалы, PPS ұңғылық фильтрі мұнай-газ кен орындары ұңғыларын пайдалану кезінде құмның және басқа да бөлшектердің шығуының алдын алу үшін, борпылдақ жынысты ұңғылар үшін, сонымен қатар битумды және су жинағыш ұңғылар үшін пайдаланылады.
Өнімді қабат әлсізцементтелген құмшықтар мен алевролиттерден құралған жағдайда кезекті ұңғылық фильтрді түсіруден бұрын ұңғыны ашық түбімен жабдықтайды. Борпылдақ жыныстарды ашуда құмның еніп кетуін болдырмау үшін қосымша фильтрлерді орнатады.
Бұл фильтр перфорацияланған құбырдан, даттанбайтын болаттан жасалынған қорғаушы тесікті қаптаудан және бекіткіш сақинадан тұрады. Қорғаушы тесікті қаптауы мен бекіткіш сақина құбырға дәнекерленеді. Жұмыс кезінде қабат құмдары қорғаушы тесікті қаптаумен ұсталынады, ал флюид ағыны қаптау тесіктерінен перфорацияланған құбырға қарай оңай өтеді. Осылайша құмнан қорғау мақсаты іске асырылады [5] .
1. 2 Кен орнына жалпы шолу
Кеңқияқ мұнай кеніші Қазақстан Республикасының Ақтөбе обылысында орналасқан. Кеніш Ақтөбе қаласынан 220 км, Темір қаласынан 70км қашықтықта оңтүстікке қарай орналасқан. Кенішке жақын орналасқан Кеңқияқ және Саркөл елді мекені бар. Кеніш аумағын Темір өзені кесіп өтеді. Кеңқияқ кенішінен Россияның Орск қаласына ұзындығы 115 км мұнай айдау құбыры тартылған. Кеніштің тұз үсті мұнай комплексінің аумағы 2673, 8 га ( 27, 27 км 2 ) .
Географиялық жағдайы жазық, жартылай шөлейтті аймақ. Рельефі теңіз деңгейінен 170-230 м биіктікте, жазық-қыратты. Ауа-райы қатаң континентік, жазғы орташа температура +34 - 40 0 С, қысқы орташа температура -35 - 40 0 С. Желдің негізгі бағыттары шығыстан, оңтүстүк-шығыстан батысқа қарай. Орташа жылдамдығы 5-6 м/сек, кейбірде 28 м/сек жылдамдыққа дейін қатты желдер соғады. Қыста қардың орташа қалыңдығы 17 см, тоңның қалыңдығы 1, 8м. Жылдық ылғал көлемі 250 мм.
1932 жылы ашылған Кеңқияқ кұрылымында геологиялық барлау жұмыстары 1956 жылы басталды, бірінші мұнай ағыны 1959жылы төменгі триас (К-34 ұнғысы) және орта юра (К-17 ұнғымасы) екі құрылымдық-іздеу ұнғыларынан алынады. Сол жылдан бастап 1961жылға дейін барлау- бұрғылау жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде барлығы 42 барлау ұнғылары, 1 параметрлік ұнғысы және 21 құрылымдық-іздеу ұнғылары бұрғылынады. Нәтижесінде жоғарғы пермь, төменгі триас, орта юра және бор шөгінді кабаттарынан мұнай кеніштері табылды.
Бұрғыланған ұңғылар нәтижесі бойынша кен орынының мұнай қоры есептелді, кейін 1962 жылы сол есептеулер КСРО ГКЗ-сінде В+С 1 +С 2
категориялары бойынша 110, 9 млн. тонна болып бекітілді.
1966 жылы кен орының сынақтық игеру басталды. Бұрғыланған 210 ұнғылары нәтижесінде “Ембімұнай” жасаған дәлірек есептеулер бойынша мұнай қоры көлемі өзгертіліп, 1970 жылы А+Б+ С 1 + С 2 котегориялары бойынша 100, 6 млн. тонна мөлшерінде бекітілді.
1. 2. 1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
Кен орнын игеруге берген 1966 жыл мен 2006 жыл аралығында кенішті игеру тарихын 4 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең- (1966-1971ж) кен орнын табиғи режиммен игеру кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде кенішті игеру көрсеткіштері былай сипатталады: ұңғылардың тәуліктік өнімі жоғары- 3, 9-5, 3т; өнімнің сулануы төмен- 0-6, 5%, көтеру дәрежесі- 0, 87%, аралас сулануы- 3, 6%.
Екінші кезең-(1972-1982ж), қабатқа бу айдау арқылы әсер ету жұмыстары жүргізілді, жылына 19, 9-30, 1 мың тонна бу айдалды. Кенішті игеру көрсеткіштері өнімнің сулануының жоғарлауымен- 9, 6- 54, 9%, (1972-1978ж), мұнайды тәуліктік өндіру 4, 6-1, 6 тоннаға дейін төмендеді. (1972-1982ж) . Мұнайды өндірудің жылдық көрсеткіші- 302мың тоннадан 425 мың тонна аралығында болды. Өнімнің аралас сулануы- 29, 7% құрады.
Үшінші кезең- (1983-1996ж) кенішті игеру қабатқа бу айдау арқылы жүргізілді.
Оңтүстік қанаттың батыс бөлігінде кенішті игеру жаппай бу айдау арқылы жүргізілді, ал солтүстік қанатта және оңтүстік қанаттың шығыс бөлігінде кен орны табиғи режиммен игерілді. Көптеген ұңғылардың бу айдау арқылы игерілуі нәтижесінде, жылдық мұнай өндіру көрсеткіштері- 281, 3 мың тоннаны құрады, бірақ мұнай өндіру (1983ж) - 1, 7тоннадан (1986ж) - 0, 9тоннаға дейін түсті. Қабатқа жаппай су айдау нәтижесінде өнімнің сулануы жоғарылады. Аралас сулану-49, 7% құрады.
Төртінші кезең- (1997-2006ж) кенішті игеруді бақылау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде өнімі суланған ұңғылардың бірталай бөлігі жабылып қана қоймай, қабатқа су айдау ұңғылары да тоқтатылды.
Пайдалану ұңғыларының саны 420-430 құрады, тәуліктік мұнай өндіру- (1, 3-1, 7т), сулану- 54, 4% құрады.
1. 2. 2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
Геологиялық көрсеткіштері және өндірістік жағдайларға байланысты кен орнының тұз үсті қабаттарын игеру жүйелеріне бөлу тәртіптерітмен негіздері мынадай:
- Баррем ярусының геологиялық қоры 13664мың тоннаны құрайды, мұнай қабатының орташа қалыңдығы- 7, 4м, кейбір аймақтарда 10метрге дейін жетеді. Готерив кенішінің қалыңдығы 3м, игеруге тиімсіз, сондықтан баррем жүйесін игеру кенішті игеру жүйесіне тәуелсіз болып келеді.
- Ю-I аймағының мұнайлы қабатының қалыңдығы 5метрді құрайды және негізгі мұнайлы аймақтар қатарына жатады. Саз қабаттарының орналасуы бірқалыпты болып келеді, сондықтан бұл аймақты Ю-I I аймағымен бірге игеруге келмейді.
- Ю-I I аймағының мұнай қоры-62696 мың тоннаны құрайды, мұнайлы қабаттың қалыңдығы Ю-II (А+Б+В) және Ю-II (Г) 9, 9-7, 5м құрайды. Олардың арасында қалыңдығы 4 метрге жететін сазды қабат жатыр.
- Ю-III қабатының 17006 мың тоннаны құрайды, орташа қалыңдығы 9м, Г аймағынан игеру мүмкіндігі жоғары болғандықтан, Ю-II (Г) қабатымен бірге игеруге болады.
- Төменгі юра жүйесінің мұнай қоры 2005 мың тоннаны құрайды,
- Мұнайлы қабаттың қалыңдығы 3, 8м, 638, 717, 774, 710, 830, және 636 ұңғыларынң айналасында ғана дамыған, сондықтан Г және Ю-III қабаттарын қосымша қабаттар қатарына жатқызуға болады. Ю-II және Ю-III аймақтары бойынша екі ұңғылар сеткасын орнатуға болады.
- Төменгі перм солтүстік-шығыс қанатта Т-10, 143, 145, 2740 ұңғыларында ғана дамыған, мұнай қоры- 1603 мың тонна (жалпы қордың 1, 8%), мұнайлы қабаттың қалыңдығы 10метрді құрайды, игеруге ыңғайлы аймақтарды бір жүйемен игеруге болады.
- Жоғарғы перм бөлімінің мұнайлы қабаты солтүстік қанаттың шығыс бөлігінде және тұз дөңесінің оңтүстік қанатында орын алған. Тұз дөңесінің мұнайының геологиялық қоры-1786 мың тоннаны құрайды, мұнайлы аймақтар 143, 145, 2740 ұңғыларының аймағында кеңінен тараған. Жоғарғы перм бөлімінің мұнайлы қабатының орналасу тереңдігі500метр, қалыңдығы 15, 5метрді құрайды. Оңтүстік қанаттағы мұнайдың геологиялық қоры 7016 мың тонна, мұнайлы қабаттың орналасу тереңдігі 1600м, қалыңдығы 31м, сондықтан игеруге ыңғайлы аймақты бір жүйемен игеруге болады.
Кесте 1. 2. 2. 1
Тұз үсті кеніштерінің көрсеткіштері
Қабат
Мұнай
лы қабаттар
Мұнайлы ауданы, км 2
Мұнайлы қабаттың қалың
дығы, м
Геологиялық
қоры, мың. т
Мұнай қоры концентрациясы
Мұнай тұтқырлығы,
мПА*с
Мұнай тығыз
дығы, г/см 3
Орналасу тереңдігі, м
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты кен орнының тұз үсті қабаттары тілмеде игерудің 5 аймағына бөлінеді.
Тілмедегі бірінші игеру аймағы- (К 1br ) - бор жүйесінің баррем ярусы, мұнайының геологиялық қоры 13664 мың т., мұнай қабатының орташа қалыңдығы 7, 4 метрді құрайды.
Тілмедегі екінші игеру аймағы- Ю 1 мұнайлы қабаты, тиімді қабат қалыңдығы 8метр.
Тілмедегі үшінші игеру аймағы- Ю 2 - I I (А+Б+В), мұнай қоры 32070 мың т., мұнайлы қабаттың орташа қалыңдығы 9, 9метрді құрайды.
Төртінші игеру аймағы- Ю- I I I+ Ю- I I (Г), мұнайдың қоры 21442 мың т., мұнай қабатының орташа қалыңдығы 7, 5м.
Тілмедегі бесінші игеру аймағы төменгі триас аймағы (Т 1 - I, Т 1 - I I), оның мұнайының геологиялық қоры 1603 мың т., мұнайлы қабаттың қалыңдығы 10метр және одан да жоғары.
Кесте 1. 2. 2. 2
2008 -жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
2006ж.
1. 01.
Тоқтап тұрған 14 ұңғы іске қосылады. 498, 1049, 106, 1117, 1155, 1156, 1157, 2615, 2638, 250, 85, 1118, 2915, 1354.
3 ұңғы бұрғыланда 6015, 6001 HW, 6101. Г-104 ұңғы шегерілді.
Бұлардың ішінде жүріп
тұрғаны
Тоқтап тұрған 24 ұңғы іске қосылды
Г-15, 394, 1230, 2718, 2106, 2285, 907, 1008, т. б.
Айдай
ұңғы
Бу айдау
ұңғы
Бақылау
ұңғы
Жұту
ұңғы
1. 2. 3 Тектоникасы
Ақтөбе, Прикаспий, Тұрлан, Іле геофизиқалық экспедициялар зерттеулеріне жүгінсек, Кеңқияқ құрылымының платформалы қабатынан мынадай көрнекті аймақтарды бөлуге болады:
III - неоком қабатының табан көрнекі аймағы
V - триас қабатының жуылған көрнекі аймағы
Д - төменгі триас көрнекі аймағы
VI - кунгур ярусына дейінгі полезой жыныстарының аймағы
П 2 - орта таскөмірдің әктас аймағы
Ф - өте төмеңгі қабатта, тереңде орналасқан фундамент аймағы
Мезозой түзілімдеріндегі мұнай шоғырларындағы Кеңқияқ тұз күмбезді көтерілімі Каспий маңы ойпаңындағы аса ірі кен орыны болып табылады. Тұзды массив тік солтүстік және біршама жазық оңтүстік беткейлі ендік созылымның сопақ пішініне ие. Массивтің ұшар басында тұздар жабындыларының тереңдігі 460 метрде жатыр, оңтүстік және солтүстік беткейлерде -1450-3000 м. Мезозой түзілімдеріндегі тұзды күмбез тұзды массивке ұқсас пішін мен созылымға ие және 35 м дейінгі амплитудалармен көлденең және бойлай дизъюнкті бұзызылыстарға бөлінген.
Кеңқияқ тұз асты дөнесі сейсмикалық зерттеулерге қарасақ, тұзды құрылым болып келеді. П 1 - көрнекті аймағында дөңес жақсы үлкен аймақты болып келеді, ұзындығы-10 км, ені-8 км, амплитудасы-300 м-ді құрайды.
П 2 - көрнекі аймағы дөңестің көтерінкі жерлерінде 4, 6 км тереңдікте жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz