ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕНДЕРЛІК МӘНІ


Лақап есімдердің өзіндік сипаттары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . .
62
70
72
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.
Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі, тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, рухани болмысы мен мәдени байлығының күдері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама берген. ( Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи ликсикологиясы: проблемалары мен міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. - Алматы, Ғылым, 1988. )
Қазіргі қазақ қоғамында ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі - халық рухын, оның өзегі - гендерлікті жаңғырту.
Көрнекті гендерліктанушы ғалымдардың пікірінше, «гендерлік - адамның ақыл - ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар». (Э. Тэйлор) ; «гендерлік - дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т. б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» ( Ю. Лотман) . Осымен байланысты гендерліктің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттық психологиялық түрімен сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының оның гендерлігінің көрінісі. Өйткені гендерліктің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай гендерлікпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек диноктативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннатативті ( белгілі бір әлеуметтік гендерлік, танымдық мәні бар) құрал.
Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым - қатынас негізінде гендерлік анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік «гендерлік мұра» бағдарламасының өзекті арқауын құрайды.
Сонын ішінде гендерліктің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы, оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен гендерлік сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулепден гендерліктің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, гендерлік метатілін этно гендердік негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі - жалқы есімдердің ( есімдердің ) лингвистикалық гендерлік, әлеуметтанымдық сипаты.
Жалқы есімдер тарихи қалыптасқан тілдік бірлік бола отырып, жалпы есім сөз сияқты өзіндік уәжділігі бар және сол уәжділік қолданыс барысында қалыптасып бекіген тілдік бірлік. Жалпылай алар болсақ, объективті шындықты бейнелейтін, объективті өмірдегі заттардың атауын білдіретін лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Демек, антропонимдер адамның объективті не субъективті шындыққа деген көзқарасының тілдегі көрінісі.
Антропонимдердің тілдік аспектісі оны ұлттық белгі ретінде айқындайды. Антропоним бір тілге қатыстылығы тұрғысынан ғана қарастырылмай, сонымен қатар, оның шығу тарихы, қолданылу аумағы, сол есімді қолданған халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, тарихы мен әлеуметтік жағдайы жайлы көптеген маңызды мағлұмат беретін тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулиетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің гендерлікетімен, тарихымен т. б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, соның ішіндегі лингвистикалық гендерлікті тануға сай келеді.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этно гендерлік мәні ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы лингвистикалық гендерліктанымдық, этнолингвистикалық, әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюды ерте кездің өзінен- ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен әдет-ғұрып Ш. Уалиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән. Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлболсын деп ат қояды, ондағысы «кейінгі бала ұл бала болса» деген ырым сенім.
Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани гендерлік өмірімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстиүрімен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген ұғымдар гендерлікпен тығыз байланысты. Гендерлік дегеніміз адамдардың өмірі мен іс әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белігілі бір тарихи даму дәрежесі.
Есімдер атауы тіл ғылымының заңдарына бағынғандықтан, соның ликсикология тобына жатады. Лингвистиканың өзге категорияларынан гөрі өзіндік ерекшелігімен сипатталатын бір бөлігі болып табылады. Олардың мазмұн-мағыналарын сөз туралы ұғым тұрғысынан ғана ажыратуға болады.
«Есімдер мен атаулар - әр дәуірдің ескерткіші, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құнды шежіре, ұлттық ерекшелігімізді әйгілей түскен тарих айнасы» (Қожанов О. Қазақ ономастикасының нормативтік актілерінің жай-күйі / Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері/. Республикалық ғылыми- практикалық конференция материалдары. - Астана: «Ақжол-Баспа»2004-224 бет. 105-106 беттер) . Осы және де басқа себептерге байланысты жалқы есімдерді зерттеу жалпы алғанда тарих үшін оның ішінде тіл тарихы үшін өте маңызды. Ономастика ғылымының зерттеу нәтижелері тіл білімі тарихы үшін, халықтың тарихы үшін диалектология, этнография, археология, география, философия ғылымдары үшін құнды да маңызды дереккөз болып табылады.
Антропонимиканың теориялық негіздері В. Д. Бондалетов, Н. А. Баскаков, С. И. Зинин, Ю. А. Карпенко, А. А. Реформаторский, М. А. Селищев, О. Н. Трубачев, Н. Н. Тупиков, В. П. Морошкин, В. К. Чичагов, Л. В. Успенский, А. А. Белецкий, В. А. Никонов, Н. В. Подольская, А. В. Суперанская, Р. Г. Алеев, Г. Ф. Саттаров, К. М. Мусаев, Т. Ж. Жанұзақов сияқты ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Антропонимика саласы жалпы тіл білімі мен түркітану саласында, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеп зерттеліп келеді. Қазақ ономастикасы тақырыбына Т. Ж. Жанұзақовтың, А. Т. Қайдаровтың, Г. Б. Мадиеваның, Б. М. Тілеубердиевтің кешенді еңбектері арналған.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының жан-жақты дамуымен қатар ономастика ғылымының да қарқынды дамуы байқалуда. Қазіргі ономастика ғылымы тілдің ономастика бірліктерін салыстырмалы, салғастырмалы және типологиялық тұрғадан зерттеу өрістеп келеді. Мұндай зерттеулер әр тілдің өзіндік антропонимикалық жүйесін, қорын, лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Тақырыптың өзектілігі: Бұл арнадағы зерттеу жұмыстары, жалпы тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі- қазіргі тіл біліміндегі анторпоцентристік бағыттағы зерттелудің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен гендерлік сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі-есімдер сипатын лингвистикалық гендерлік тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этно гендерлік сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен бюайланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этно гендерлік және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздер қатарынан қазақ есімдерінің лингвистикалық гендерлік сипаты да орын алуы тиіс.
Зерттеу мақсаты: Қазақ тіліндегі антропонимдердің қалыптасуы, тілдік құрылымы мен құрылысын, лексикосемантикалық ерекшеліктері мен тілдік варианттарын анықтау, қазақ эпостық шығармаларындағы кісі аттары, ресми қаратпалар, ресми емес есімдер және олардың құрылымы мен жасалу жолдарын есімдердің мәнін, олардың гендерлік табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастақты анықтай отырып барынша ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- қазақ тіл біліміндегі ономастика сипатының, антропономика саласын зерттелуіне тарихи - лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- қазақ есімдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвистикалық гендерлік бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық - әдіснамалық негізін сипаттау;
- эпостық жырлардағы, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі есімдердің тілдік қолданысын лингвистикалық гендерлік сипатта түсіндіру;
- этноесімдердің тарихи - этникалық үрдіс пен сабақтастығын нақты этнодеректерді талау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі есімдердің лингвистикалық гендерлік негізінің көне түркілік сабақтастығының оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау, кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.
Зерттеу нысаны мен пәні: Қазақ есімдерінің тарихи - гендерлік қызметін сипаттайтын лингвистикалық гендерлік бірліктер.
Зерттеу болжамы: Қазақ есімдерінің гендерлік лингвистикалық ерекшелігін зерттеу арқылы есім атауларының әлеуметтік лингвистикалық лингомәдениеттанымдық сипатын бағалау.
Зерттеудің дерек көздері: Диплом жұмысын жазу барысында Т. Ж. Жанұзақов ( 1965, 1971, 2006), В. У. Махпиров ( 1990, 1997), Г. Б. Мадиева ( 2003-2004), В. А. Никонов ( 1974), А. В. Суперанская ( 1973, 1986) сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Қажетті тілдік деректер қазақ есімдеріне байланысты лексикогрфиялық еңбектерден, мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдар мен ақпараттар, әдеби шығармалар сияқты дерек көздерден жиналды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысының нәтижелерін лингвистикалық гендерлікеттану антропономика бойынша қазақ есімдерінің мағыналық атауларының сөздігін жасауда, оқу-тәрбие үдерісіндегі пәнаралық байланыс деңгейінде тақырыптық сабақтар үлгісінде және қазақ антропономикасының өзекті мәселелерін қарастырған арнайы семинарлар мен оқу сағаттарында пайдануға болады.
Зерттеу әдістері ретінде тарихи салыстырмалы сипаттамалық әдіс сөздіктерді салдыстыру құрылымдық талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
I. Қазақ есімдерінің шығу тарихы мен қазіргі жағдайы
1. 1. Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік сипаты
Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ. Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика - (қазақша-әлеуметтік лингвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А. Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді. (А. Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. - Алматы, Ана тілі, 1999. -141 б. )
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі - заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса, тіл мен қоғамның өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтаса, (тілдің таңбалануы ( графизация ), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы ( стандартизация ) Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика - кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық - әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этно гендерлік, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысбергенова, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді) т. б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950 - 1970ж. ж. (Т. Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж. )
2 кезең : 1970 - 1990ж. ж. (Т. Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982ж; Е. Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ емісдері» 1988; В. Махпиров «Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского» 1980ж канд. дисс. )
3 кезең : 1990-2000ж. ж. (В. Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М. Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың» этнолингвистикалық сипаты» 1995ж канд. дисс. ; У. Мусабекова «Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков» 1996 канд. дисс. Е. Керімбаев «Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен» 1992ж. док. дисс. ; К. Головина «Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков»; К. Жаппар «Эстетические функции имен собственных в поэзии О. Сулейменова» 2000ж; ) .
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б. Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б. Досжанов «Қазақ тіліндегі көне есімдер» 2003ж; Д. Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г. Аубакирова «Идиоэтническая семантика и функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А. Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ) .
Сонымен бірге ономастикалық ұлттық гендерлік ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және гендерлік деректерді жинаған ерекше лингвистикалық гендерлік бірліктер сипаты болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова т. б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақтың кең даласы - гендерлік пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этно гендерлік, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.
Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған есімдер.
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт гендерлігін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Есімдер сипаты адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі гендерлік өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін - шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т. б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, есімдердің лингвистикалық гендерлік, әлеуметтік т. б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты - қолды болыпты, өлді - қайтыс болды, үзілді т. б.
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә. Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген. (Ә. Ахметов. Түркі тіліндегі табу мен эвфемизмдер. Доктор. дисс. авторефераты. - Алматы, 1995. - 8 б. ) Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі гендерлікпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.
Тілші-ғалым Ә. Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты есімдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т. б. (Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. - Алматы, Мектеп, 1985. - 66 б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz