Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1 ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ4
1. 1 Отандық ономастика ғылымының кезеңдері мен нәтижелері4
1. 2 Қазіргі қазақ ономастикасының қалыптасу кезеңдері мен өзгерістері . . . 12
1. 3Қазақ ономастикасының мәселелері және оны шешудің жолдары13
2 ҚАЗАҚ ЭРГОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ
2. 1. Ономастика саласының эргонимия тарауының жалпы мәселелері19
2. 2 Қазақ эргонимдерінің қалыптасу негіздері . . . 25
2. 3Эргонимдердің қолданбалылық және теориялық мәселелері31
3. ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ЛИГНВО-СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (АСТАНА-ПАВЛОДАР ҚАЛАЛАРЫ БОЙЫНША) 47
4. 1 Астана қаласындағы мекеме атауларының қазақшалану көрсеткіштері . 47
4. 2 Павлодар өңірінің қазіргі ономастикалық келбеті56
ҚОРЫТЫНДЫ64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ТІЗІМІ67
ҚОСЫМША68
КІРІСПЕ
Ономастика - республикамыздағы тіл саясатының басты бағыттарының бірі. Бүгінде ол ғылыми - практикалық, тарихи- мәдени ғана емес, сонымен қатар қоғамдық - саяси маңызға ие болып отыр.
Ономастикалық лексиканың ерекшелігі оның тек объектілермен тығыз байланысынан ғана емес, экстралингвистикалық факторлар арқылы көрінетіні белгілі. Әр атаудың тағылу уәжі тарихи өтпелі кезеңнің куәсі, ал оларға лингвистикалык талдау жүргізіп, бір жүйеге келтіру - уақыт талабы. Тіл тарихы халық тарихымен коян-қолтық тығыз, берік байланыста болатынын, тіл барлық қоғамдық құбылыс сияқты әрбір қоғамдык формацияға сай өзгеріп отыратынын, олардын шығу, даму кезендерінде әлеуметтік, тұрмыстық негіздердің әсерін тигізгенін, ондай тарихи ономастиканың халық тарихымен байланысына сай өзіндік ерекшеліктері барын айта келіп, ғалым Т. Жанұзақов былай дейді: " Бұл ретте ономастика ең алдымен тіл тарихына тән лингвистикалық ғылым. Өйткені оның грамматикалык, әрі фонетикалық заңдылығы халық тіліне тән. Олар халықтың бай тілінен жасалады. Сондыктан да кұрамында әр дәуірге тән сөздер кездеседі " /3, 9/.
Жалқы есімдер төңірегінде мәселелер көне заманнан бастап қазіргі ғылымдарға дейінгі (лингвистикада, психологияда, философияда т. б. ) салаларда еңбектенген ғалымдарды қызықтырған. Жалқы есімдер аталмыш объектімен еш байланысы жоқ заттың жәй атауы ма, жоқ әлде сол объектімен байланысы бар мағыналы сөз бе? Мұндай пікір-таластың шешімі кез келген атаудың әрқашанда мағыналы және әлеуметтік-мәдени ықлалы болатындығына келіп тіреледі.
Тіршіліктің барлық саласын қамтитын сан мындаған сөздерді рет-ретімен жүйелеп, әр түрлі топтарға бөліп, ғылыми түсініктер бере алуымыз керек. Сонда ғана әрбір топтағы сөздердің сыр-сипаты ашылып, қолданылу ерекшеліктері айқындала түседі. Сондай сөздердің бір тобы - мекеме, ұйым атаулары, яғни эргонимдер. Сауда-саттық орындары мен мекеме атауларын зерттеу қажегтілігі талас тудырмаса керек. Қаладағы атаулар халыктың тарихынан, оның мәдениетінен хабар беретін баға жетпес қазына, өйткені ұрпақтардың рухани өмірінен із қалдырады. Олар - тілдің қолданыстан қалған қайталанбас сөздерді сақтаған ескерткіші. Олардың көбісі мындаған жыл бұрын өткен ата-бабаларымыздың дауысын естірткендей, ал кейбіреуі жаңа өткен тарихи кезеңмен сабақтас. Іс жүзінде әр атау - қаланың және елдін тарихи іс қағазы, куәлігі іспеттес / 52 /.
Мекеме, ұйым атауларын нысанаға алып зерттеуіміздің өзектілігі бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, қазақ тіл білімінде осы уақытқа дейін эргонимдер бойынша арнайы зерттеу нысанасы болмаған. Екіншіден, ұйым атауларының ономастикадағы өзіне лайык маңызын айқындау, олардың ортақ зандылыққа бағынатын біртұтас құбылыс екендігін дәлелдеудің тіл білімі ғылымы, әсіресе ономастика үшін маңызы зор. Төртіншіден, қазір шағын кәсіпкершіліктін дамуымен байланысты жекеменшік дүкендер, асханалар, дәмханалар т. б. саны кауырт өсіп келеді. Бұлардың әрқайсысына атау беріп, айдар тағуының өзіндік ерекшеліктері бар. Әр атау тарихи өтпелі кезеңнің куәсі. Ал оларды бір жүйеге келтіріп, тілдік табиғат пен экстралингвистикалык, этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу, дұрыс баға беру - уақыт талабы екені даусыз. Тід білімінің қазіргі даму дәрежесінде ономастикаға катысты шешілмей жатқан мәселелер көп десек, оның эргонимдерге де тікелей қатыстылығы сөзсіз.
1 ОНОМАСТИКА ҒЫЛЫМЫ
1. 1 Қазіргі қазақ ономастикасының қалыптасу сипаты
Тәуелсіз мемлекетімізде бір кезде қолдан өзгертілген топонимикалық атауларды қалпына келтіру немесе қазақшалау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еліміздегі атаулар ешқашан да кездейсоқ қойыла салмаған. Оларда сол өлкені мекендеген халықтың тарихы, мәдениеті бейнеленген.
Топонимдер - ел-жұрттың болмыс-бітімі, тұрмысы, мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі мен діні, ой-санасы туралы хабар береді, яғни есте жоқ ескі заманның айнасы. Бірақ осы топонимдердің көпшілігі осы күнге дейін сол қалыпында сақталып қалған жоқ. Бұның бір себебі - отарлау саясаты. Біздің кең-байтақ елімізге көз тігіп отырған Ресей империясының отарлау саясаты кезінде көптеген атаулардың орысшаланып кеткені мәлім. Боданындағы елді ұлттық салт-санасынан, рухани әлемі мен түп-тарихынан ажырату үшін алдымен жер-су аттарын өзгертуге кірісіп, өз мақсат-мүддесі мен саясатына сай орыс тіліндегі басқа атаулармен алмастырды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін бұл мәселе мемлекет тарапынан қолға алынып көптеген жер-суға өзінің ежелгі атауы қайтарылды. Бұл жұмыс заман талабына сай болғандықтан ұрпаққа жүктелген міндет болып отыр. Халқымыздың тарихын, асыл бай мұрасын біліп, тану үшін осының маңызы өте зор. Қилы замандарда дүниеге келген көне атаулар өз кезеңінің мәдениеті мен тарихының куәгері ретінде тарихи ескерткіштер қатарына жатқызылуы тиіс. Қазақтың кең байтақ жеріндегі әр тау мен тастың, әр өзен-көлдің, әр жазықтың, әр ой-қырдың, әр орман-тоғайының байырғы өз атауы болған. Қасиетті мекеннің өз есімдерін қайтыру, яғни қалпына келтіру - ұрпақ парызы. Сондықтан қазіргі осыған байланысты атқарылып жатқан жұмыстар бір кездегі кеткен кемшіліктердің орнын толтыру болып табылады. Дегенмен, бұл жұмыстардың атқарылуында да, кей мәселелердің белең алғаны байқалады.
Қазіргі атауларды қалпына келтіруде кемшіліктерге жол берілуінің себебі, осы жұмысқа байланысты тәжірибеміздің аздығы, қалыптасқан механизмнің жоқтығы деп білеміз. Кез-келген атауды қалпына келтірген кезде ғылыми немесе тарихи түрде дәлел болуға тиіс. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқандықтан көшпелі өмір кешті. Соған байланысты әрбір тауға, жотаға өзіне тән ат қоятын болған, яғни кездейсоқ ат қоймаған. Сонымен қатар топоним ұлттық танымымыздың да айнасы. Қазақ елі, тәуелсіз Қазақстан болғандықтан топонимдер де ана тілінде аталуы тиіс. Көптеген тарихи оқиғаларды топонимдерден білуге болады. Олар тарихи фактілердің дәлелі, шежіресі болып табылады. Этнонимдер туралы да осыны айтуға болады. Бұлар әртүрлі мағынада қойылған белгілі бір тарихи кезеңдерді қамтитындары да көп. Мысалы, араб, монғол, орыс тілдерімен байланысты жер-су атаулары осының көрсеткіштері.
Жоғарыда айтқандай атауларды қалпына келтіру кезінде ғылыми зерттеу тәсілдері қажет. Осыған байланысты А. А. Абдрахманов «Тюрская ономастика» жинағына берген мақаласында топонимдерді этимологиялық жақтан зерттеуде кейбір тәсілдерді ұсынады:
1. Қарапайым-дәстүрлік тәсіл. Бұған мысал ретінде Қапшағайды алайық. Қапшағай - бұл Алматы облысындағы шатқал және қаланың атауы. Сөздің түбірі қап//қып. Осы түбірден түрік тілінде мынандай сөздер туындаған: Қырғызда - капчал ‘жартас шатқал’; Капчыгай ‘ таулы шатқал ’ , қазақ тілінде - Қапшағай ‘шатқал’ және т. б. кездеседі. Монғол тілінде хавцал - ‘шатқал’, хавцгай ‘жартас, шың’ болып келеді. Б. Оразбаеваның пікірінше, кап бұл жоғары айтылған сөздердің туындауына себеп болған етістіктің көне формасы. Оның байқауынша, бұл түбірден қырғыз тілінде кыпчы ‘ығыстыру’, якут тілінде - хапчай ‘ығыстыру, жіңішкелеу’, хапчан ‘таршылық шатқал’ және монғол тілінде хапчіл ‘тар шатқал’ дегенді білдіреді. Б. Оразбаеваның пікірінше қапшағай деген сөз капчы сөзіне етістіктен зат есімді тудыратын -гай жұрнағын қосу арқылы туындаған. Қап//қып түбірі көне түріктердің сөздерінде кездеседі. Олар қапуг ‘ есік, қақпа ’, капчаг ‘өзеннің өзегі’, капга ‘ қақпа ’.
Қазақ тілінде қапша бел ‘ жіңішке бел ’ деген сөз тіркесі бар. Мында қыпша сөзінде сол сияқты қып ‘ жіңішке ’ синкреттік түбір болады. Жоғарыда айтқаннан мынандай қорытынды шығаруға болады: Қапшығай қап (түбір) +ша - етістіктен зат есімді тудыратын жұрнақ, +гай - түрік-монғол тілдерінде есім сөздерді тудыратын көне жұрнақтың қосылуы арқылы пайда болған.
Осындай ұзақ шығу жолынан өткеннен кейін ғана Қапшығай деген географиялық термин топонимге айналды.
Келтірілген мысалдардан мынадай түйін шығаруға болады: бұл топонимдер өзара әр түрлі: бір кезде сөздің семантикасы ашылса, басқаларында - түбір сөздің фонетикалық өзгеруі байқалады, үшіншіде - топонимнің түгел компонеттері (түбір, жұрнақ) анықталады. Мысалы: Жем- де оның семантикасы маңызды рөл атқарса, ал Қапшығай деген географиялық атауда оның этимологиясы толық ашылады. Бұл зерттеу этимологиялық ізденіс арқылы қалыптасқан тәсіл арқылы жүргізілгендіктен, біз оны қарапайым-дәстүрлі тәсіл деп атаймыз.
Шайқұрық - Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданындағы ауылдың аты. Топоним екі компоненттен тұрады: чай оғыз тобындығы әзірбайжан, түркия, түркмен тілдерінде ‘өзен’; қазақ тілінде сай ‘ор’ - берілген терминнің фонетикалық нұсқасы + құрық ‘құрғақ, құрғап жатқан’. Құрық сөзінің түбірі құр лексемасы болады. Бұл түрік-монғол тілдеріне ортақ және одан берілген сөздер құрылған: куруг//куру (ежелгі түркі тілдерінде), куру (түрік), гуру (әзірбайжан), гуры (түрікмен), куру (қырғыз), құрғақ (қазақ тілінде), кургак (алтай тілінде), кургак (тува) . Осы сөздің ең ежелгі формасы - курук - өзбек пен ұйғыр тілдерінде сақталған.
Сонымен, оғыз тобындағы тілдерде Шайқұрық топонимінің бірінші компоненті чай//шай ‘өзен, сай’ мағыналарына ие, ал екінші - курук - көне түрік тілінде ‘құрғақ’ дегенді білдірген. Сонда топоним былай былады: ‘құрғап жатқан өзен’ және ‘құрғақ сай’.
Қазіргі түркі тектес тілдерінің грамматикалық құрылысына сәйкес бұл атау қуруқчай//құрықшай түрінде болу керек.
Осы орайда лексемалардың керісінше орналасу тәртібін қалай түсіндіруге болады деген сауал туады.
Бұл сұраққа жауапты проф. Қ. Жұбановтың еңбегінен табуға болады. Мәселен, « Қазақ тілінде сөздердің орналасуы қатаң тәртіппен жасалған. Анықтауыш сөз анықталатын сөздің алдында, толықтауыш толықтыратын сөздің алдында және барлық сөйлем мүшелері баяндауыштан бұрын келеді. Бірақ бұл тәртіп алғашқыда сақталмай жүргені көрінеді ».
Зерттеуші өз пікірін дәлелдеу үшін топонимдерді ғана емес кісі аттарын да (антропонимдерді) мысалға келтіреді: Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу және т. б . Олар қазіргі қазақ тілінің синтаксистік нормасына қайшы келеді. Қазіргі синтаксистік нормада олар Сұлукүн, Сұлуай және т. б. түрінде болу керек. Автордың пікірінше, мұндай сөздердің тәртібі алғашқы кезде болған. Бұған дәлел - Шайқұрық топонимі. Себебі, мұндағы анықтауыш ( құрық ‘ құрғақ ’) анықталытын сөзден кейін ( шай//тай ‘сай’) тұр.
Бұл этимологияға екі дәлелдемені келтіруге болады: Біріншіден, оғыз тайпасы VIII-IX ғасырларда Қазақстанның Оңтүстігінде және Сырдарияның бойында өмір сүрген, Екіншіден, бұл жерде өзеннің ескі арнасы бар. Осы барлық лингвистикалық, қосымша тарихи және географиялық мәліметтердің жиынтығы берілген топонимнің этимологиясы дұрыс дәлелденгендігіне көз жеткізеді. Бұл тәсілді біз спецификалық-топонимикалық тәсіл деп атаймыз.
Келесі тәсіл - комплекстік тәсіл. Мысал ретінде Қордай топонимін алайық. Қордай - Алматы мен Фрунзе арасындағы Чу-Шлий тауларындағы асу. Г. Қонқашпаеваның пікіріне сүйенсек, бұл топоним монғолдың хуртай ‘жаңбырлы’ сөзінен шыққан. Біздіңше, қордай сөзінің түбірі хор//қар//қор (соңғысы өзбектің нұсқасы) түркі-монғол тілдеріне ортақ. Монғол тілінде хор - қалың қар, боран, бораннан кейін қалған қарлы тау. Түрік тілінде бұл сөз қар//қор ‘қар’ түрінде кездеседі.
Атаудың екінші бөлігі - дай//-тай ең көне форма және оның көптеген нұсқалары бар: лы//лі, лу//лу, ты//ті, ды//ді, ту//ту және т. б. Қазір олар туынды сын есімнің жұрнақтары болып келеді. Дай//тай формасы монғол тілінде сақталған. Біз көріп тұрғандай, бұл оронимнің атауы осы жерде қыста жиі қар басып, боран соғып тұратыны жайлы ақпарат береді. Топоним түркі-монғол дәуірінде пайда болған. Оған дәлел - көне форма тай//дай сақталған. Сол сияқты, топонимнің этимологиялық мінездемесі мынадай: хор//қар//қор ‘қар’ +тай//дай (бір нәрсеннің бар екенін білдіретін көне сөз тудырушы туынды сын есімнің жұрнағы) . Яғни, ‘қарлы асу’, деген мағына білдіріп тұр.
Объектінің аты географиялық және метерологиялық жақтан орналасуына байланысты сай келіп тұр [1, 120 б] .
Сөз боп тұрған осы үш тәсіл әрбір атауды зерттеуде ғылыми жақтан қарастырып, нақты дәлел беруге, атауды дұрыс қоюға септігін тигізеді. Осындай ғылыми жақтан зерттеліп барып қойылған атаулар төңірегінде келіспеушілік аз болады. Сондай-ақ, даулы мәселелердің туындауына жол берілмейді. Осы зерттеулер әр түрлі ғылыми салаларды қамтығандықтан, ол түрлі салалардың өкілдерін қызықтырып, сол жұмысқа ат салысуға ынтасы пайда болатыны сөзсіз.
Біздіңше жер-су атауларын қалпына келтіру барысында осындай теориялық еңбектер басшылыққа алынуға тиіс. Мәселен, мемлекеттік ономастикалық комиссия бекіткен 1990-2004 жылдар аралығындағы атауларды алайық. Жарияланымдар бойынша 500-ге тарта атау қазақшаға ауыстырылған. Бұны прогресс деуге болады, бірақ оның ішінде 286 атау қазақшадан қазақшаға ауыстырылған [2, 111 б] .
Оны қалай түсінуге болады? Қазақшадан қазақшаға ауыстырудағы мақсат не? деген сұрақ мазалайды. Олардың ішінде аударылған атаулар баршалық болғанымен бұрыс аударылғаны да жеткілікті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 1998 жыл 21 сәуірде ономастикалық комиссия туралы заң қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге ат қою және олардың атын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан Ономастика комиссиясы құрылды [3, 17 б] .
Ономастика комиссиясы өз жұмысын негізінен үш бағытта жүргізеді. 1. Еліміздегі жер-су атауларының байырғы, тарихи атауларын қалпына келтіру; 2. Айтылуы, жазылуы бұрмаланған атауларды қазақ тілі заңдылығына сай жаңадан транскрипциялау; 3. Жергілікті ономастикалық комиссиялардың ұсыныстары бойынша елді мекендер, мәдениет және білім мекемелеріне жаңадан ат беру [4, 4 б] .
Айтуға оңай болғанымен, орындалуы өте күрделі мәселе. Әуелі бұл мәселе жергілікті жерде: аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттарда қаралып, облыстық ономастикалық комиссия тарапынан бекітілуге тиіс. Ал біздің солтүстік, шығыс облыстарындағы, басқа өңірдегі кейбір аудан, қалаларымыздағы демографиялық ахуал, жергілікті мәслихаттардың ұлттық құрамы белгілі емес пе? Павлодар қаласындағы көшелердің біріне академик Қ. Сәтбаев атын берудің қаншалықты қиындық туғызғанын қалай ұмытамыз?! Бұл бағытта кейінгі үш-төрт жыл ішінде республикалық ономастикалық комиссия бірқатар шаруалар атқарды.
Кейінгі үш-төрт жыл ішінде 2-қала, 4-аудан, 250-дей ауыл, 350-дей білім, мәдениет, мекемелерінің атаулары өзгертіліпті. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы Совет ауданы - Аққайың, Сергеев ауданы - Шал ақын, Батыс Қазақстандығы Орда ауданы - Бөкей Ордасы, өткен жылы Солтүстік Қазақстандағы Целинный ауданы - Ғ. Мүсірепов ауданы болып өзгерді. Ал Шығыс Қазақстандағы Ленинагорск қаласына ежелгі Риддер атауы қайта берілді.
Кейінгі екі жылдың ішінде Қазақстанның түрлі облыстарындағы көптеген елді мекендер бабаларымыз қойған байырғы поэтикалық атауларына қайта ие болды. Мысалы: Заря - Ақжар, Гиоргиевка - Кеңтүбек, Просторный - Ақой, Пролетар - Ақтүбек, Жаңатұрмыс - Сынтас, Полевод - Көкжиде, Қызыл әскер - Аққұм, Вторая Пятилетка - Қасқасу, Галкино - Зертас, Қызыл Октябрь - Құйған, Большевик - Атақоныс, Ильич - Ақниет, Мичурин - Нұрлыжол болып өзгерді. Осының бәрінде ескі мен жаңа атаулар үйлесіп, бабалар дәстүрінің тамаша жалғастығын көрсетіп тұрған жоқ па?
Республикалық ономастикалық комиссияның шешімі арнайы Үкімет қаулысымен бекітілгеннен кейін ғана күшіне енеді. Жоғарыдағы қазақшаланған атаулардың бәрі үкімет қаулысымен бекіді. Дегенмен бұл істе де «әттеген айларымыз» жоқ емес. Кейбір облыстың ономастика комиссиялары әйтеуір орысша атаудан құтылсақ болды деген оймен, сол баяғы Жаңатұрмыс, Еңбек, Жаңадәуір, Қызыләскер, Молшылық, Төңкеріс деген кешегі қызыл идеологияның шылауынан шыға қоймаған «ескі-жаңа» атауларды тықпалайды. Біздіңше, жер-су атауларына ерекше ыждаһаттылық қана емес, тарихи таным мен өлкетанушылық мол білім тұрғысынан келген жөн. Осы орайда тағы бір ескертетін мәселе - елді мекендерге кісі есімін беру. Халқымызда жер-су, елді мекенге кісі есімін беру дәстүрі орнықпаған. Ішінара кездескенімен, онша көп өріс алмаған. Қайта керісінше, адам аты кей жағдайда туған жеріне орай қойылған. Әйгілі Жамбыл атамыз өз есімін Жамбыл тауының етегінде туғаны үшін алса, Абай атамыздың бабалары Ырғызбай, Кеңгірбайлар өздері дүниеге келген өзендерінің атына сай есім алған. Ономастика комиссиясының жұмыс есебін тыңдай келіп, Елбасы: « Ағылшындар өз қалаларын Шекспир, американдықтар Хэмингуэй деп өздері өзгертіп жатқан жоқ қой. Біз де осымен тоқтайық. Кісі атымен елді мекендерді атауды доғарған жөн », - деп шегелеп тұрып тапсырған.
Көптеген елді мекендеріміздің тарихи атаулары сақталғанымен оның орысша транскрипциясы тіпті түпнұсқа тіліне мүлде жуықтамайтындары да бар. Әсіресе мұндай кемшілік темір жол станцияларының атауында мол-ақ.
Кейінгі екі жыл ішінде республикамыздағы 22 темір жол станциясы қайта аталып, оның 70-тен астамының транскрипциясына түзету енгізіліпті. Мысалы: Солончики - Көкпекті, большая Михайловка - Қарағанөзек, Новый путь - Саумалкөл, Талдинка - Бүркітті, Поганичник - Тасқұдық, Входной - Бастау, Новоурицкое - Сарыкөл т. б. темір жол станцияларының атаулары өзгерді.
Бұрынғы Яйсан - Жайсаң, Челкар - Шалқар, Кинжалы - Кенжалы, Дарья - Дария, Бирюк - Бүйрек, Монадырь - Мыңадыр, Щербакты - Шарбақты болып өзгерді.
Ономастика комиссиясының жұмысын тыңдай келе Елбасы айтқан мына бір сөздер ойға оралады. Ол: « Халқыма ризамын. Екі мәрте «Халық қаһарманына» ұсынды. Талай елді мекен, мектеп, көше атауларына есімімді беруге рұқсат сұрады. Ниеттеріне рақмет. « Халықтың шынайы тілегі солай болса қайтем» деп қарап отыруға болар еді. Біз күллі әлемге елімізді демократиялық, зайырлы мемлекет деп жариялаған екенбіз, оның биік талаптарына да сай болуымыз керек. Пендешіліктен жоғары тұрғанымыз жөн. Біздің бағамызды бүгінгінің жағымпаз жандайшаптары емес, келер ұрпақ береді және ең адал да әділ баға сол болуға тиіс», - деген еді [5, 23 б] .
Шындығында Елбасы өз атымен елді мекен, мектеп, тіпті өзі қызмет атқарған комбинат пен өзі басқарған қала мен облыс орталығында көше атауға тыйым салды. Жалпы антропонимдік атауларға аса сақтықпен, нәзіктікпен, ұлттық әдеп пен дәстүр тұтастығын сақтау арқылы келген жөн және бұл принциптерді республикалық ономастикалық комиссия болашақта да үнемі басшылыққа алып отырады деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
- «Тюрская ономастика» Алма-ата: Наука, 1984. - 248 с;
- «Ономастикалық хабаршы» №1 Астана, 2004. - 111 б. ;
- «Терминологиялық жинақ» Алматы, 2002. - 471 б. ;
- «Атамекен атаулар» Астана, 1999. - 95 б. ;
- «Салалық терминология: Бүгіні мен болашағы» Астана, 2003. - 140 б.
1. 2 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ ономастикасының даму бағыттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz