Туристік қызметтің теориялық мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

беті
:
: КІРІСПЕ
беті: 4
: 1
: ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
беті:
: 1. 1
: Туристік қызметтің теориялық мәні
беті: 6
: 1. 2
: Турагенттік және туроператорлық қызметтегі туристік өнімнің теориялық ұғымы мен сипаттамасы
беті: 13
: 1. 3
: Турагенттік және туроператорлық қызметтің сыныптандырылуы және ұйымдық формалары
беті: 18
:
:
беті:
: 2
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
беті:
: 2. 1
: Турагенттік және туроператорлық қызмет нарығының талдау критерийлері
беті: 24
: 2. 2
: «Magic World» турагенттік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орны
беті: 40
: 2. 3
: Турагенттік және туроператорлық қызметінің даму стратегиясын зерттеу бағыттары
беті: 54
:
:
беті:
: 3
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
беті:
: 3. 1
: Турагенттік және туроператорлық қызметінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды бағалау әдістемелері
беті: 61
: 3. 2
: Турагенттік және туроператорлық қызметтің маркетингілік даму стратегиясын жетілдіру жолдары
беті: 65
: 3. 3
: Турагенттік және туроператорлық қызметтің дамуын жетілдіру бағыттары
беті: 71
:
:
беті:
:
:
беті:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
беті: 75
:
:
беті:
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
беті: 78-79

Кіріспе

Туризм қазақтың қанына сінген қасиет.

Келімді-кетімді кісінің жүріп - тұруын әрдайым ойлап тұрған абзал.

Н. А. Назарбаев.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі.

Бүгінгі таңда Турагенттік және туроператорлық қызметтің дамуы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Турагенттік және туроператорлық индустриясы - қонақтармен қарым - қатынаста туризм принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі.

Туризм дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) оныншы бөлігін қамтамасыздандыра отырып, дүниежүзілік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Экономиканың бұл саласы жылдам қарқынмен дамуда және жақын жылдары оның ең маңызды секторына айналады. 90-шы жылдардың басында туризм үлесі тауарлар мен қызметтердің дүниежүзілік саудасының 10 % астамын құрады, сөйтіп оның мұнай мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орынды алуына мүмкіндік берді, ал келешекте туризм бірінші орынға шығуы керек.

Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде, Турагенттік және туроператорлық қызмет пен соған қатысты механизмдердің қалыптасуы жүзеге асырылуда. Турагенттік және туроператорлық қызметке деген сұраныс пен ұсыныстың механизмі жұмыс істей бастады және осы бағыттағы бәсекелестіктің бірінші белгілері пайда болды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Турагенттік және туроператорлық қызметпен көптеген фирмалар әрекет етеді. Сондықтанда олардың арасындағы бәсекелестікте осы жерде жоғарылайды. Осы күреске төтеп беру үшін, фирмалар көрсететін Турагенттік және туроператорлық қызметтің сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны ұстауы, жәнеде басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Сондықтан Турагенттік және туроператорлық қызметті дамыту мәселелері қазіргі таңда өзекті тақырып болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, Турагенттік және туроператорлық қызметті дамыту мәселелерін зерттеу барысында келесі мақсаттарға қол жеткізу:

  • Турагенттік және туроператорлық қызметінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды бағалау әдістемелерін анықтау;
  • Турагенттік және туроператорлық қызметтің маркетингілік даму стратегиясын жетілдіру жолдарын ұсыну;
  • Турагенттік және туроператорлық қызметтің дамуын жетілдіру бағыттарын өңдеу

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • Туристік қызметтің теориялық мәнін ашықтау;

- Турагенттік және туроператорлық қызметтегі туристік өнімнің теориялық ұғымы мен сипаттамасын зерттеу;

- Турагенттік және туроператорлық қызметтің сыныптандырылуы және ұйымдық формаларын ашықтау

- Турагенттік және туроператорлық қызмет нарығының талдау критерийлерін зерттеп табу;

- «Magic World» турагенттік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орнын талдау;

- Турагенттік және туроператорлық қызметінің даму стратегиясын зерттеу бағыттарын талдау.

Зерттеудің теориялық мәнділігі, нарықтық экономика жағдайларындағы туризмнің дамуымен тығыз байланысқан, Турагенттік және туроператорлық қызметті ұйымдастырудың ең тиімді аспектілерінің бірін зерттеумен анықталады.

Зерттеу нәтижелері Турагенттік және туроператорлық қызметті ұйымдастырудың оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын түсінуге әсер ете алады.

Жұмыстың тәжірибелік мәнділігі, оның нарықтағы Турагенттік және туроператорлық қызметтің ұйымдастырылуы бойынша ерекше ұсыныстарды әзірлеуге дейін жеткізілгенімен қорытындыланады. Зерттеу нәтижелері Турагенттік және туроператорлық қызметтің пайдалылығын, бәсекелестік қабілеттілігін және тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданыла алады.

Турагенттік және туроператорлық индустриясында экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыста, Турагенттік және туроператорлық қызмет көрсету проблемасы ерекше маңызға ие болатын, тереңдетілген теориялық мәнін түсіну мен негіздеуді қажет ететін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеу тақырыбы болып Турагенттік және туроператорлық қызметті дамыту мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстандағы турфирмалар таңдалды.

Жұмыстың теориялық негізін , Турагенттік және туроператорлық қызметтің проблемаларын зерттейтін отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі жағдайлар мен ережелер құрады. Жұмыста Турагенттік және туроператорлық нарығындағы жағдайлар туралы ақпараттар беретін дүркіндік басылымдар, жарнамалық газеттер мен ақпаратты жинақтар және анықтамалар қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 81 бет, оның ішінде 12 кесте және 7 сурет қарастырылған.

1 ТУРАГЕНТТІК ЖӘНЕ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Туристік қызметтің теориялық мәні

Туристік қызмет бұл - субъектілердің ақшалай қаражаттарымен, мүліктерді қоғамға пайда тигізумен жеке бастың пайдасының сай келу негізінде коммерциялық және басқа бір табыс табу мақсатында наваторлық қолданумен байланысты инициативті қызмет.

Туристік қызмет субъектілері өз атынан және өзінің жекеменшігінің жауапекершілігіне әрекет ететін бөлек жеке тұлғалар; сондай-ақ заңды тұлғалар жауапкершілігінде іс-әрекет ететін бірлескен серіктестер бола алады.

Туристік қызметтің екі (моделі) үлгісі белгілі: классикалық туристік қызмет және инновациялық туристік қызмет [1] .

Классикалық туристік қызмет - қызмет номеклатурасын жаңарту және ұйым қызметінің рентабельдігін жоғарлату үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану барысындағы ресурстардың максимальді қайтарылуына бағытталған дәстүрлі, консервативті туристік қызмет.

Инновациялық туристік қызмет ең алдымен туристік қызмет қызметтегі новаторлықпен байланысты. Туристік қызметтің рөлі бұрынырақта белгілі болмаған (жаңашылдықты құру) экономикалық дәстүрлі факторларын қолдану жолымен жаңашылдықты құруға алып бару. Мұндай новаторлық қызмет жөн-жобасы бойынша дәстүрлі туристік қызметке көбірек байқалатын нәтиже әкеледі, бірақ кәсіпкерге ерекше талаптар қояды [2] .

Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:

- Заңды әрекет шеңберінде іскерлік қызметтің кез-келген сұрақ бойынша шешім қабылдауда тәуелсіз және дербес болу;

- Өз қызметінің нәтижесінде экономикалық және басқа бір қызығушылықты білдіру, максимальді мүмкін болатын табысты алуды көздеу;

- Тәуелділікке бойсұну және өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік астарында шығынға апарар қолайсыз жағдайлардың жоспарын жүзеге асыру барысында мүмкіндіктің туындауын түсінеді. Тәуекелдік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық болып бөлінеді. Тәуекелдіктің төмендеу әдісі мен тәуекелділік оқиғаның туындауынан шығынның азаюы мыналар болып табылады: сақтандыру, нарықтық дамуына болжам жасау. Серіктестер арасында тәуекелдіктің бөлінуі, күтпеген және басқа да шығындарды жабуға қаражаттың сақталуы.

- Жұмысқа деген әрқашан да инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет өндірісіндегі қолда бар факторларды қолданудағы новаторлық қызметті тұтынатын жаңа тұтынушыларын тарту мен іздеуде, өндіріс факторларында, қызметтің дәстүрлі емес ұйымдастырылған түрі және сатып алудың жаңа нарықтарына) . Жаңашыл үрдісті енгізу мен іздеудегі кәсіпкер үшін жетекші күш жоғары табысты күту болып табылады.

Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің бойында жақсы кәсіби дайындық, экономика облысындағы қажетті білім, саясат, психология, заң, өнім және қызмет өндірісін ұйымдастыра алу қасиеттері болу керек, сондай-ақ ғалымдармен, маркетинг бойынша мамандармен, капитал иелерімен бірлесіп жұмыс жасай алуы қажет [3] .

Туристік қызметте келесідей сатыларды бөліп шығарады:

- Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен нарықтық қажеттіктері қоса атқарыла алатын туристік қызмет идеялардың таңдалуы мен жинақталуы.

- Қызмет және маркетинг өндірісінің жоспары мен жұмыс жасауды жоспарлау, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын жоспарлау.

- Ресурстардағы және тауарды жеткізушілердегі қажеттіліктің анықталуы.

- Жобаның жүзеге асырылуы, қызмет өндірісінің техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық дайындығы және жоспарланған қызметтің жүзеге асырылуы.

Фирманы басқару - бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау, жаңа идеяларды іздеу. Кәсіпкердің табысқа жетуі өзі функциялайтын жағдайлардан тәуелді болады. Олардың кейбіреулері мыналар:

- Туристік қызметтік орта - бұл туристік қызметтің нәтижелеріне әсер ететін және туристік қызмет жүзеге асырылатын қоғамдық жағдай. Жағдайдың келесідей топтары бар:

Экономикалық жағдай бұл - туристік тауарлардың шын мәнісіндегі ұсынысы және оларға деген төлемақыға қабілетті сұраныс, тауарларды шын мәнісіндегі және потенциалды сатып алушылардың кірістері, туристік қызмет үшін қағазға алынатын қаржылардың қол жетімділігі мен мөлшерінің бар болуы, альтернативті қызметтердің және оларға деген бағаның қойылуы, туристік нарықтың инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестік шарты.

Әлеуметтік жағдайлар бұл - туристік қызметті және оларға деген даму жолдары туралы қоғамның көрінісі, туристік қызмет деген мемлекеттің қарым-қатынасы, ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптардың білім деңгейі.

Құқықтық жағдайлар бұл - туристік қызметтің дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайларды құратын және туристік қызмет қызметті реттейтін заңдар мен заң алдындағы актілер. Заңдардың ең маңыздысы туристік қызмет қызметтің құқықтық кепілдемесі туралы заңдар болып табылады. Оған қоса жекеменшікке деген құқықпен және келісім шарттағы міндеттемелерді орындауды айтуға болады.

Ф. Котлер бойынша туристік қызмет қызметтің мемлекеттік реттелу қажеттілігі, келесідей себептерден туындайды:

- Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік кәсіпкерлердің мүдделеріне тиген кезде олар оны бейтараптауға тырысады.

- Тұтынушының таза емес іскер практикадан қорғау қажеттілігі [4] .

Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің жетекші елдері өз кезектерінде көптеген ондаған жылдарға құрылған осы сала үшін заңдарды иеленеді.

«Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер» және «Менеджер» сөздері синонимдер болып табылмайды. Менеджер бұл - қандай да бір рационалды тәсілдерді басқаратын кәсіби маман. Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер өз қызметінде, сонымен қатар басқару саласында ереже ретінде жеке жаңашылдықты енгізуді қолданады [5] .

Туристік қызметтің бәсекеге үнемі қабілетті болу үшін келесідей түрлерін бөліп шығарады:

- Өндіруші - қызметтің және басқа өнімнің ортаға шығуы;

- Коммерциялық - өндірушіден тұтынушыға жасалған өнімнің қозғалысы бойынша қызметтің ерекше түрі;

- Қаржылық - қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында қаржылық қаражаттарды пайдалану мен құру бойынша қызметтің ерекше түрі.

- Кеңес беру - қаржыны, маркетингті басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін бағалау, жалпы басқару бойынша көмек пен кеңес берумен байланысты қызмет.

Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады және негізгі түрлерге жатқызады, өйткені қызметтің нәтижелері соңғы немесе өндіргіш тұтынуға дайын, қызмет немесе тауарлардың өндірісі болып табылады.

Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші түрлеріне жатқызады, өйткені бұл қызметің нәтижелері тәсілдер, әдістер, технологиялар мен жобалар болып табылады. Олардың қолданылуы қызмет сапасын жоғарлатады, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады немесе оларға деген өндірілуі мен жүзеге асырылуының шығысын төмендетеді.

Турқызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның туристік қызмет қызметтері тек қана шартты түрде ғана белгілі бір түрге ғана жатқызылуы мүмкін [6] .

Осылайша, туроператорлардың қызметі көп жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік өндірісімен тұтұнушыға көтерілуінің ұйымдастырушылық дайындығын құрайды. Сондықтанда туроператорлардың қызметін шартты түрде өндірістік туристік қызметке жатқызуға болды.

Турагенттер делдалдардың қызметін - турларды сатушылардың функциясын атқарады. Одан басқа, олар жеке қызмет және т. б. Бұл аралас қызмет түрі.

Контрагенттер - туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро және т. б) олар қызметті, турөнімдерді тұтынушыларға көрсетеді, қызмет өндірісінде де белсенді түрде қатысады және осы негізде өндірістік кәсіпкерлерге жатқызылуы мүмкін.

Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса атқара алады. Бұл жағдайда фирма бір мезгілде кәсіперлік қызметтің бірнеше түрін атқара алады.

Кеңес берушілік туристік қызмет қызмет туризм саласында кеңінен қолданылады. Туристік қызметтің сапасы неғұрлым жоғары және қызмет көрсетушілердің құрамы күрделірек болса, соғұрлым туристік қызметтің жүзеге асырылуы мен құрылу процесіне маман кеңесшілердің саны көбірек болады. Осылай клубты демалыс келесідей қатысушыларды қолданады: промоутерлерді (жоба жасаушылар), сату бойынша мамандар, курорттарды басқарушылар, клубты демалыс орнын айырбастау бойынша мамандар және т. б.

Туристік қызмет идея бұл - экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен шығарылған жаңа формасы, онда белгілі бір қызметтерде кәсіпкердің осы қызметтерді өндіру мүмкіндігімен және инновациядан қосымша табысты алуға деген нарықтың нақты қажеттіліктерімен немесе потенциалды қажеттіліктері қоса атқарылады [7] .

Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды болжамдайды, олар қызмет өндірісінің немесе делдалдықтың қосымша немесе негізгі профилін құрай алар еді. Идеялардың жинақталуы ағымды сондай-ақ перспективті сипатта бола алады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды, яғни оның практика жүзінде жүзеге асырылуына ат салысуы керек немесе керек еместігін шешеді. Әрбір кәсіпкермен шешім қабылдау прцесі қолда бар альтернативтердің бір нұсқасының таңдалуын қамтамасыз ететін, жеке индивидуалды технологиясы бойынша жүргізіледі, бірақ жалпы этаптары мен олардың орындалуының жалғасымдылығы келесідей:

- Идеялардың алғашқы экспертті бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық іске асырылудың нақтылығы.

- Практикалық позиция тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары туралы ақпараттардың жиналуы.

- Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс объектілерін анықтау мақсатымен туристік қызмет есептерді жүргізу; ұқсас қызметтердің жүзеге асырылуының мүмкін бағалары; өндіріс шығындары; қызмет өндірісінің тиімділігі және табыстың көлемі т. с. с.

Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және идеяларды кәсіпкердің мүмкіндіктерімен орнату мақсатын иеленеді. Кәсіпкермен осы идеяны ұстана отырып, жұмысты жалғастыру шешімін қабылдау немесе оны қабылдамай басқа бір туристік қызмет идеяны ойластыруға көшу [8] .

Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:

- Бизнес-жоспар, оның мәні, жобаның жүзеге асырылуының нақты есептерімен тиянақты түрде баяндалуында болады. Бизнес жоспарда сондай-ақ кәсіпкердің ұйымдастырушылық формасы мен идеяның бастапқыда жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық қаражаттардың қалыптасуының қайнар көзі көрсетіледі;

- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;

Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі. Бұл үшін келесідей құжаттар қажет:

- құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;

- құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт жасау;

- директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма құрылтайшылардың №1 хаттамасының толтырылуы және фирма қаулысының бекітілуі [9] ;

- банкте уақытша шот есептің ашылкы;

- фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың тіркелуі және фирманың мемлекеттік реестерге қосылуы;

- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда тұрақты есеп шотының ашылуы;

- кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;

- дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;

- Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;

Туристiк қызмет - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметi;

1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;

3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;

Туристiк қызмет көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi) ;

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады [10] .

Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:

1) туристiк операторлар (туроператорлар) ;

2) туристiк агенттер (турагенттер) ;

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;

4) туристер және олардың бiрлестiктерi;

5) экскурсанттар;

6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;

7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады [11] .

2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

6) ойын-сауық;

7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер [12] .

Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi

1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады.

2. Халықаралық туризм:

1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;

2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.

4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризм.

Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты

1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.

2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады [13] .

Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына мына төмендегілер жатады:

  • туристік қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау;
  • туристік нарықтың тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдайын құру, оның ішінде туристік объектілерді қайта жөндеу мен құрылысына инвестицияларды тарту үшін, сондай-ақ туризмді дамыту үшін қажетті инфрақөұрылымды құру;
  • туризм саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау; монополизмнің дамуына жол бермейтін бәсекелестік ортаны құру;
  • ресей туризмінің халықаралық нарыққа енуі;
  • мәдениет ескерткіштерін сақтау мен қорғау;
  • ресей халықтарының мәдени тұрмысын сақтау;
  • туризмнің тұрақты дамуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Туристік қызметтің аспектілері
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру туралы ақпарат
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Туризмология пәнінен дәрістер
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Туристік кәсіпорындардың сыныптандырылуы
Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмаларының маркетингтік қызметіне баға беру
Turist tur ЖШС-і жалпы сипаттамасы және қызмет бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz