Жинақтаушы зейнетақы қоры


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
- ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . 7Жинақтаушы зейнетақы қорының экономикалық жүйедегі орны және оның қызмет ету ерекшеліктері . . . 7Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары . . . 12Нарықтық экономика жағдайында халықты зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері . . . 15
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. . . 22Жинақтаушы зейнетақы қорының жағдайын талдау . . . 22Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына сипаттама және оның қызметтерін талдау . . . 26Жинақтаушы зейнетақы қорларының халықты қамтамасыз етудегі мəселелерін сипаттау . . . 32
- ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. . 41Зейнетақы жинақтау қорларындағы тәуекелділіктерді басқару жүйесінің
қызметінің даму жетістіктері . . . 41
- Жинақтық зейнетақы қорларының болашақ даму мәселелері мен негізгі
басымды бағыттары . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР … . . . 61
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы - халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік салалардың талдануы халықтың әлеуметтік тұрғыда қажетті деңгейде қорғалмағандығын көрсетеді.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз етуде зейнетақымен қамсыздандыру ерекше орын алады. Бір жағынан зейнетақы кедейлікті азайтуға және кедейшілікті болдырмауға, яғни кірісітің ең төменгі кепілдік берілген деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Екінші жағынан зейнетақы жоғалған жалақыны өтеуге және зейнетақыны ауыстырудың барабар жеке коэффициентін қамтамасыз етуге арналған.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: « . . . іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
Жыл сайын елімізде зейнетақыны жоғарылату жүзеге асырылады. Ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің номиналды өсімі тұтыну бағалар индексінің өсуінен 2%-ға артты.
Елдегі реформалау нәтижесінде аралас зейнетақы жүйесі құрылды. Жарты миллионнан астам зейнеткерлер зейнетақы төлемдерімен ортақ негізде қамтамасыз етілуде.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандыруды-осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн.
Зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белігленген тәртіппен зейнетақы жинақтарын алушыларға төлемдерді жүзеге асырушы болып табылады.
Зейнетақы қоры дербес қаржы-банкі жүйесі ретінде құрылған және оның қаражаттары мемлекеттік бюджеттің құрамына кірді. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.
Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы бірден оңай бола қойған жоқ, біріншіден техникалық инфрақұрылым қалыптасты, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың құрылымы реттеле бастады, зейнетақы нарығын қалыптасуын реттейтін нормативтік - құқықтық база құрылды.
Қартайғанда зейнеткерлерді қамтамасыз ету мәселесі халық - шаруашылық жоспарының негізгі элементі болуда. Жасы ұлғайған шақта көптеген адамдарды материалды, тұрмыстық, медициналық қамтамасыз ету болашақта мемлекетке үлкен мәселе туғызуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жақсы әлемдік стандарттармен жетістіктерге сәйкестендіріп шаруашылық аймағына ауыстыруға барлық негіздер бар. Сондықтан диплом жұмысының тақырыбы «Жинақтаушы зейнетақы қоры және оның халықты әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз етудегі ролі» қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін толығымен сипаттау;
- жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;
- зейнетақы жүйесіндегі заңдылықтардың өзгеруін талдау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық қызметтерін талдау және бағалау;
- халықты зейнетақымен қамтамасыз етудегі мәселелер мен оларды шешу жолдарын зерттеу.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 3 тарау, қорытынды, қолданылған әдебиет көздері және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында жалпы Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы, экономикалық маңыздылығы, жинақтаушы зейнетақы қорының экономикалық жүйедегі орны және оның қызмет ету ерекшеліктері, зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары, нарықтық экономика жағдайында халықты зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері қарастырылған; екінші тарауда Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне, «Халық банк» ЖЗҚ-ның қаржылық жағдайына және қазіргі кездегі зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге талдау жасалған; үшінші тарауда жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі рейтингтік бағалау, сонымен қатар зейнетақы жүйесінің дамуындағы мүмкіндіктер сипатталған.
Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқулықтары, сонымен қатар «Қаржы-Қаражат», «Рынок ценных бумаг», «Транзитная экономика» журналдары пайдаланылды.
1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жинақтаушы зейнетақы қорының экономикалық жүйедегі орны және оның қызмет ету ерекшеліктері
Мемлекет белгілі бір халық қажеттілігін қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қорларды құрады. Бюджеттен тыс қорлар оперативтік дербес негізінде жұмсайтын ақшалай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандарының бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, біріншіден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.
Жалпы бюджеттен тыс қорлардың басты міндеттері:
- зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
- халықты әлеуметтік қолдауға бауланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келісім шарт негізінде қатысуы;
- өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.
Осындай бюджеттен тыс қорлардың қатарына республикамызда көп жылдардан бері құрылған және қазір де құрылып келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады.
Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994 жылы Зейнетақы қоры мемлекеттік бюджеттің құрылымына біріктіріліп, 4 айдан соң қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бері зейнетақы қор бюджеттен тыс болып саналады.
Жалпы зейнетақы - орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт -зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен мен төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы және (немесе) алушы жасасатын шарт;
Жинақталған зейнетақы қаражаты дегеніміз - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша.
Ал зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам болып саналады.
Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты зейнетақы қорына тиесілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасында зейнетақымен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Зейнетақы туралы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілермен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Еліміздегі орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері заңдық нормативтік актілерге сәйкес өзгеріп отырылады немесе:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 61, 5 жасқа толғанда, әйелдерге 56, 5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62, 5 жасқа толғанда, әйелдерге 57, 5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі.
Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
- еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
- әскери қызмет;
- құқық қорғау органдарындағы қызмет;
- мемлекеттік қызмет;
- кәсіпкерлік қызмет;
- бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
- атом сынықтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вируысын жұқтырған не ЖҚТБ- мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
- жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл ішіндегі уақыт;
- қылмыстық жауапқа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және және аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
- жұмыс істемейтін соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;
- бұрыңғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдерінің (жұбайыларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауы тиіс;
- офицерлік құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімінен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауы тиіс;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайтадан мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу және т. б.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады. Еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасында қызмет етуші жинақтаушы зейнетақы қорлары:
- ашық;
- корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
- директорлар кеңесі- басқару органы;
- басқарма - атқарушы орган;
- ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.
Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала алмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында өзінің оқшауланған бөлімшелерін- филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалының және өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
- жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және өкілдігінің есептік тіркелуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
- тіркеген әділет органының белгісі және мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
- филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сеінмхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметін жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бірыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдігі - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметі;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешім қабылдау алдындағы 3 ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтауы;
3) филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы 3 ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның ықпал ету шараларын қолданбауы болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
1. 2. Зейнетақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
Нарыққа өту жағдайында әлеуметтік саланы реформалауда 1997 жылы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын қабылдаудан басталған зейнетақы реформасының маңызы зор. Реформалау барысында зейнетақы заңнамасына белгілі бір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, осыған орай қазіргі уақытта зейнеткерлер үш санатқа бөлінеді: - ынтымақты (таратып бөлуші) зейнетақы жүйесіне қатысушылар - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер; - зейнетақымен қамсыздандырудың аралас жүйесіне қатысушылар - зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін жұмыс стажы бар және сонымен бірге 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін ЖЗҚ аударымдарды жүзеге асырушы адамдар; - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар. Сонымен бірге, халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына (2001 ж. ) және әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2005 жылдан бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі көп деңгейлі болды.
Бірінші (базалық) деңгей мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін білдіреді. Ол еңбек стажы мен жалақысына қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасына жеткен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына төленеді. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық кепілі іске асырылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін енгізу қарттардың табысын көбейтуде маңызды шараға айналды.
Екінші деңгей: - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы тағайындау үшін заңнамада көзделген еңбек стажы болса, ынтымақты зейнетақы жүйесінен берілетін (мемлекеттік бюджеттен төленетін) зейнетақылар. Ынтымақты зейнетақыны алушылар зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты және аралас жүйесіне қатысушылар болып табылады; міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері. Зейнетақы төлемдерінің бұл түрін алушылар аралас және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар болып табылады.
Үшінші деңгей - аралас және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушыларға ерікті және кәсіптік ерікті зейнетақы жарналарының есебінен берілетін зейнетақылар. Зейнетақы заңнамасын одан әрі жетілдіру зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің барлық деңгейлерін жоспарлы дамытуды көздейді.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан - банктерінің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.
Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтау зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті.
Зейнетақы реформасының мақсатты бағыты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету.
Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz