ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе
: 3 бет
:
МАЗМҰНЫ: І Тарау. Қазақтың айтыс өнері мен ұлттық музыкалық дәстүрлерді насихаттаудың оқушыларды Отандық рухта тәрбиелеудегі алатын орны.
:
:
МАЗМҰНЫ: 1. 1. Халықтық этномәдени дәстүрлерді бастауыш мектепте оқыту ұлттық тәрбиенің қайнар бастауы . . .
: 7 бет
:
МАЗМҰНЫ: 1. 2. Бастауыш мектептің музыка пәні . . .
: 14 бет
:
МАЗМҰНЫ: ІІ Тарау. Қазақ халқының айтыс өнерін бастауыш мектепте насихаттау.
:
:
МАЗМҰНЫ: 2. 1. Айтыс өнерінің табиғаты . . .
: 23 бет
:
МАЗМҰНЫ: 2. 2. Сыр бойының айтыскер ақындары мен дауласкер күйшілері . . .
: 36 бет
:
МАЗМҰНЫ: 2. 3. Айтыс өнері мен күй жарысын мектепте оқыту жолдары . . .
: 57 бет
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
: 71 бет
:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
: 73 бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы ертеден қалыптасқан ежелгі халықтардың бірі. Көптеген ғасырдан бері ана әлдиінен тәлім алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың тәрбие дәстүрі әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ, жоймақ та емес.

Еліміз егемендік алуымен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау өнер, мәдениет, ұлттық тіл тәрбие салаларынан көрініс таба бастады.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, онда білім беру жүйесін ақпараттандыра отырып, білім берудің сапасын анықтаудың ұлттық жүйесі тәрізді мәселелер қарастырылды [1] .

Қазіргі таңда білім беретін мектептің алдында әдебиеттің, көркем өнердің, музыканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылар бойында әсемдікті сезе білетін, өнер шығармаларын дұрыс қабылдап түсіне, түйсіне білетін, бойында ұлттық Отаншылдық рухы мықты жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.

Тәрбие - адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан процесс. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесі болады десек, біздің, қазақ халқына тән өзіндік ұлттық нақыштарды көптеп кездестіре аламыз. Ол музыка тұрмыс-салт әндерінен, айтыс өнерімен халықтың салт-дәстүрінен, кәсібінен, қолөнерінен, ұлттық тағамынан, киімінен т. б. көрініс табады. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі өнердің алатын орны ерекше.

Ана әлдиі, музыканың әсері бесіктегі балаға да әсер ете бастайтыны дәлелденген.

Музыка - баланың мінез-құлқына әсер етіп, оның жан-жақты дамып өсуіне көмегін тигізетін өнер түрі.

Кеңес дәуірінде музыка эстетикалық тәрбиенің ғана құралы ретінде танылуда.

Еліміз егемендік алғаннан бері қарай бастауыш мектептің музыка пәніне арналған бірнеше бағдарламалар бірінен соң бірі бой көрсете бастады. Ондағы мақсат - музыка өнерінің құдіретті күшін мектепте пайдалану арқылы жас ұрпаққа Отаншылдық рухта тәрбие беру болатын.

1994 жылы А. Райымбергенов және С. Райымбергеновалар бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка бағдарламасын жасады. Бағдарламаның ерекшелігі - балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген.

1995 жылы М. Х. Балтабаев, Д. А. Берденова, У. Ж. Серікболовалар басшылығымен бастауыш мектепке арналған «Елім-ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Соның ізін ала бастауыш мектептерге арнап жасаған (1-4 сынып) Ш. Құлманова бастаған авторлар тобы даярлаған муызка сабағының бағдарламасы халықтық дәстүрлерді бойына жинаған бағдарлама болды деп айта аламыз.

Қазақ халқының музыка мәдениеті мен фольклорының этномәдени және этнопедагогикалық сипатын аша отырып, егемендік жолына түскен еліміздің жас ұрпағының бойында ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық таным нышандарын қалыптастыру қазіргі басты меже болып отыр. Бұл ретте М. Х. Балтабаев, Р. Р. Джердемалиева, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, Т. Ә. Қышқашбаев, Ш. Б. Құлманова, С. А. Ұзақбаева, И. Хамитова секілді ғалымдардың іргелі еңбектерін айтуға болар еді [2, 10] .

Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б. Сүлейменовалар дайындаған бағдарламада Отанға, жерге, елде деген асқақ сезімді тәрбиелейтін туған жер табиғатына арналған ән мен күй орын алған. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, Тәттімбеттің «Сарыжайлауы» жаныңды рахатқа бөлейді, әлдилейді, тербейді.

Мұны мектеп оқушысына өз дәрежесінде жеткізу зерттеуді, ізденісті талап ететін күрделі іс. Оқушының әнді, күйді тыңдаған бойдан оны бірден түсініп кетуі қиын. Оның танымдық, түйсіну процестерін байыпты жүйеге енгізу арқылы ғана қабылдауға болады.

Біз осы зерттеу жұмысымызда қазақ халқының халықтық дәстүрінде сақталып келе жатқан ақындық сөз сайысы-айтыс өнері мен күй тартысу - күй жарысын мектеп оқушыларына қалай жеткізудің тиімді әдістерін түсіну мен түйсіну жолдарын қарастырамыз. Сол арқылы оқушының асқақ сезімін оятып, халықтық дәстүр арқылы тәрбиеге баулимыз. Бұл зерттеу тақырыбына негіз болды.

Зерттеу объектісі. Бастауыш мектептің музыка пәні, оның ішінде айтыс өнері, күй тартысы туралы тақырыптардың бастауыш сыныпта оқытылу жағдайы. Тақырыпты мектепте оқыту әдістемесі жекелеген айтыс ақындарының, күй тартыс домбыраны шебер орындаушылардың шығармашылығына тоқталу, талдау жасау оларды саралау.

Зерттеудің мақсаты:

  1. Оқушыларға қазақтың ақындық, күйшілік тұрмыс-салт дістүрлерін тереңірек оқытуды қамтамасыз ететін ғылыми-педагогикалық ізденістер жасау.
  2. Сыр бойында туып-өскен туған жер табиғатынан түлеп ұшқан айтыскер ақындар мен дауласқер күйшілер өмірін зерттеу. Олардың шығармашылығын ғылыми айналымға қосу.

Зерттеудің болжамы:

Педагогикалық зерттеу барысында музыка прәні арқылы оқушыларға берілетін этнопедагогикалық білімнің тәжірибелік міндеттері сараланады. Оқушылардың ақындық айтыс өнеріне деген түсінігі молаяды. Күйшілік өнердің қандай жанрына жататыны туралы жан-жақты толық мәлімет алады. Осылайша өнерге деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың ұлттық танымын арттырудың педагогикалық жолдары көрсетіледі.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. І-ші тарауда музыка пәнінің мақсат-міндеттері, оқу бағдарламаларының бүгінгі күн талапқа сай болуы, музыка пәні арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға мүмкіндік алу жайы сөз болады. Ал, ІІ-ші тарауда Қазақтың айтыс өнерінің танымдық материалдары, оларды оқытудың танымдық сипаты, қазақ еліне танымал болған айтыс ақындары мен қазіргі кездегі айтыс ақындарының өмір жолы, Сыр бойы айтыс ақындарын шығармашылығын сабақ барысында қолдану жайы қарастырылған. Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары, ұсыныстар көрсетіледі.

І ТАРАУ.

Қазақтың айтыс өнері мен ұлттық музыкалық оқушыларды Отандық рухына тәрбиелеудегі алатын орны.

1. 1. Халықтық этномәдени дәстүрлерді бастауыш мектепте оқыту ұлттық тәрбиенің қайнар бастауы.

Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі мен мідениеті талай халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы жиһангез саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, ауылдағы, әулеті, рудағы әлеуметтік рөлі туралы; ұл мен қыз тәжірибесіндегі өзіндік ерекшеліктері туралы, ұлттық таным, наным, сенім, ұғым, әдет-ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі мен құлқы туралы; жүзден астам рулардан бірігіп қалыптасқанына қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы туралы таңдай қаға айтын баяндайды. Мұның барлығы қазақ халқының қазіргі моральдік-психологиялық, мәдени ахуалының түп тамыры екендігін тарих, философия, педагогика, психология, этнопсихология ғылымының зиялы ғалымдары өз еңбектерінде дәлелдеп, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғары екендігі анықталды.

Бұған Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. демократ ағартушылардың қазақ мектебін құру жөніндегі пікірлері мен қазіргі қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздерін жасаушы ғылымдардың Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Ә. Табылдиев, Ж. Наурызбай т. б. тұжырымдары негіз болады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз халықтардың моральдік байлықтарына қайтып оралу, мәдениетінің барлық салаларына ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлт мәдениеттерінің қазыналары мен дербестігін мойындау», - деп атап көрсетілген [4] .

Еліміз егемендікке қол жеткізген соң, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екендігі даусыз. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», - деп көрсеткен. [1] . Қазақ халқының дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар санынан екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақтың халықтық салт-дәстүрлерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсі түсуде. Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің нәтижелі болуы педагогтардың халықтық педагогика бойынша толық білім сапасынан және оны оқушылар тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді. Қазақтың ұлттық дәстүрлері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан ерекшеліктерімен жас ұрпаққа рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз. Осыған орай, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыру - бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. өз халқының төл, рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін, жөн-жосық, жол-жоралғысын білген тұлға елінің патриоты ғана емес, басқалардың да рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын құрметтей білетін ұлттық санасы биік, үлкен өркениеттің көшіне ілесе алатын, жан-жақты жетілген тұлға болатыны сөзсіз. Бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуді қалыптастыру - кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бала дүниеге келгеннен бастап, есейгенге дейін, толыққанды адам болғанда да ұлттық мазмұн мөір сүру қалпына айналу керек.

Ұлттық құндылықтар сананың басты белгісі болғандықтан, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады (әдептілік, мейірімдік, қайырымдық т. б. ) . Халықтық тәрбие - әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы - адамның рухани байлығы мәңгілік.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұралары арқылы жас құрпаққа тәрбие беруде қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне және болашақ ұстаздарға арнап оқулықтар, оқу құралдары мен әдеби шығармалар жазды.

Халықтық педагогиканы зерттеген шетел педагог-ғалымдары Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, В. Ф. Афанасьев, Е. Л. Христова, Г. Н. Филонов, А. Э. Измайлов, Т. Ормонов болса, Қазақстан ғалымдарының ішінен С. А. Ұзақбаева, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Қ. Б. Бөлеев, Қ. Ж. Қожахметоваларды атап өтуге болады.

Халықтық тәрбиенің мүмкіндіктерін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелері С. Қалиев, С. А. Ұзақбаевағ М. Х. Балтабаев, А. А. Қалыбекова, Қ. Е. Ералин, Қ. Б. Бөлеев т. б. докторлық диссертацияларында қарастырылған.

Халық педагогика дәстүрлерінің этнопедагогикалық өлшемдеріне: табиғилық, бірізділік, сабақтастық, ықпалдылық, педагогикалық жүйенің толымдылығы, жаппай тәрбиешілік, тәрбиеге жан-жақты тұтастықпен ықпал ету, амал, әдіс-тәсілдердің қиюласуы т. б. жатады. Халық педагогикасы - табиғи педагогика. Жас ұрпақ арасында адамгершілік қарым-қатынастың қарапайым болып қалыптасуы халықтық педагогиканың табиғилылығына байланысты. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері тек шындықтан тұрады және шындықтан шын іс-әрекет туындайды. Тәрбие - адамзатқа ортақ, мәңгілік қажеттілік категория. Бұл қағидалар мектепте оқылатын пәндерге еніп, ұлттық қағидалар арқылы жүзеге асырылмақ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру тәсілдеріне: жадында сақтау, ойдағыны жедел іске асыру (суырыпсалма ақындық), түгендеп отыру, тәжірибе мен идеалдары есепке алып отыру, толықтырып, тәртіпке келтіріп отыру, даралау яғни тұлғаны тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін ескеру (ұл, қыз тәрбиесін даралау), саралау, сараптау, бүтінді бөлшекке бөлу, күтпеген жерде тапқырлық таныту, шешімнің тиімділігін тану, жалғасын табу, болған және болатын оқиғалардың (жай оқиға, оқыс оқиға, ойда қалар оқиға, қолайсыз оқиға т. б. ) адамдардың көңіл-күйіне, мінез-құлқына, әдеп-ғұрпына т. б. ) әсер етуін байқау жатады.

Белгілі ғалым А. С. Сәрсенбаев «Егер де жақсы кім сырт көріністі материалдан көркемдесе, ал дәстүрді әдет-ғұрып адамның ішкі рухани байлығын көркейтеді», деп тұжырым жасады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау қазақ халқы дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетеді:

  • Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрін оқып меңгеру, өмірде жүзеге асыру - педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың бірден-бір міндеті;
  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері - этнопедагогикалық білім мазмұнының құрамдас бөлігі;
  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері - адамгершілік, ақыл-ой, еңбексүйгіштік, эстетикалық, дене тәрбиесін жүзеге асырудың құралы.

Бүгінгі таңда қазақ халқының салт дәстүрлері бойынша бірнеше классификациялар бар. Олар мотивтеріне қарай: (С. Кенжеахметов) қазақ фольклорына байланысты (Ш. Уалиханов, Г. Потанин, В. Радлов, А. Алегров, А. В. Васильев, Н. Н:Пантусов), этнографияға байланысты (А. Диваев, Ы. Алтынсарин), әдебиет пен өнерге байланысты (М. Әуезов, Ә. МАрғұлан, С. Қасиманов, А. Сейдімбек), балалардың қабылдау әсеріне қарай (С. Қалиев, Ж. Нұсқабаев, Ә. Табылдиев) топтастырылған. Аталған еңбектерге сүйене отырып, Л. А. Болатов қазақ халқының салт-дәстүріне педагогикалық сұрыптау жасаған. Педагогикалық сұрыптаудың негізгі критерийлеріне (өлшеміне) қазақ халқының салт-дәстүрінің тәрбиелік мүмкіндіктері мен оқушылардың жас ерекшеліктерін негіз етеді. Сұрыптау үлкен жүйелік 5 топтан тұрады: 1. Бала тәрбиесіне; 2. Тұрмыстық; 3. Әлеуметтік-мәдени; 4. Үйлену мен үй болуға байланысты; 5. Бүгінгі заман талабына сай жаңарған дәстүрлер [5, 11 б] . Бала ең кішкентай кезінен есейгенге дейін айналасын қоршаған адамдар мен ортаның әсерімен ұлттық салт-дәстүрлерді ойына, жүрегіне сіңіріп, өз халқының тұрмыстық жағдайымен, дүниетанымымен танысады. Халықтың тапқырлығына, даналығына, білімдарлығына және эстетикалық талғамының жоғары екендігіне көздерін жеткізеді. Бала ұлттық құндылықтарға қанып өседі. Әрбір этнос, әрбір адам өз халқының көздерін жеткізеді. Бала ұлттық құндылықтарға қанып өседі. Әрбір этнос, әрбір адам өз халқының этномәдениетіне кұштар. Әлем, мемлекет барлық ұлт өкілдерінің мүддесін көздей отырып, біртұтастықты қамтамасыз етуге мүдделі. Әр ұлт өкілінің мүддесін көздей отырып, біртұтастықты қамтамасыз етуге мүдделі. Әр ұлт өкілінің салт - санасы өз халқының тарихын, мәдениетін білі арқылы ұлттық құндылықтарына адалдықты сақтап, ұлттық батырларын құрметтеу арқылы қалыптасады. Бүгінгі таңдағы Қазақстан білімі әлеуметтік мәдениет пен рухани құндылықтар негізінде құрылуда. Тәрбие мен білім беруде өз азаматтарымыздың бойында ұлтаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизм, ұлттар достығы, әдет - ғұрыптарды құрметтеу мен аялау, басқа да ұлттар мен ұлыстардың және халықтардың дәстүрін сыйлау, қазақ халқының рухани құндылықтарын қастерлеу тиіс. Рухани құндылықтарға Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасын құрметтеу, әділдік, шыншылдық, ата мұраға деген сый, дәстүрлердің жандануы, басқа ұлттардың мәдениетін қадірлеу, сенім жатады. Рухани құндылықтардың қайнар көзінің бірі - педагогикалық білім мен халық тәжірибесі. Оқушылардың ұлттық нәрден сусындануы - рухани мәдениеті бай, жан - жақты жетілген, өзін - өзі дамытушы тұлға қалыптасуының кепілі. Этнос мәдениеті - ассимиляция мен тарап кетуден, басқа халықтыңықпалында кетудің қорғаныс құралы, ерекше белгі және өзге этностармен қатынас құралы. Адамзаттық құндылықтар этникалық құндылықтарымен тығыз байланыста, бірін-бірі толықтырады. Мәдениет этносы, этнос мәденитті қорғайды. Бірлі-жарым адам емес, этнос қана мәдениетті сақтайды. Мәденитін сақтай отырып, этнос өзін де сақтайды. Этномәдениет пен мемлекет білім беру жүйесі арқылы тиімді дамиды. Ғалым Ж. Ж. Наурызбай ұлттық сананың қалыптасу, мәдени-тілдік қызығушылығын жүзеге асыру құралы ретінде білім беру ісінің төрт түрлі қызметін анықтайды:

  1. Этноұлттық бірлестіктерді қалпына келтіріп отыру және тұтастықты қамтамасыз ету;
  2. Дамытушылық - ұлттық сананы дамыту және қалыптастыру;
  3. Дефференциялық - адамның, этникалық топтар мен этностардың қажеттіліктерін танып, білу;
  4. Интеграциялық - ұлттық және әлемдік мәдениеттің өзара бір-біріне ықпал етуі, бірін-бірі толықтыруы, бір-біріне сіңісуі [6] .

Білім беру идеясы - өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени дамуына жағдай жасау. Білімді адам ғана өзінің тарихи және мәдени дәстүрлерін толық сезіне алады, оның мәдени қажеттіліктері қалыптасады, саналы қызметі арқылы адамгершілікке, сұлулыққа, жоғары рухани бастауларға ұмтылады.

Білім беруге қойылатын тағы бір талап, басқалардың да мәдениетін түсіну және қабылдау. Сол арқылы әр мәдениттің ерекшеліктері мен принциптері айқындала түседі.

Оқушының этномәдени білімі дегеніміз жалпымемлекеттік құндылықтарды қабылдап, сақтап, дамыта отырып, әлемдік цивилизацияның дәстүрлі мәдени меңгеру мен жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі таңда этномәдени тұрғыда толыққанды дамыған, көпмәдениетті ортаға бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік жағдайда өміәр сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған этнос субъектісін қалыптастыру - күн тәртібінде тұрған мәселе. Жас ұрпақты толыққанды тұлға етіп қалыптастыру үшін қазақ мектебінің ұлттық рухани-мәдениеттік тәрбие ұстанымын қалыптастыру қажет. Ол үшін ғалым Ш. Беркімбаева төмендегідей тұжырымдама жасайды:

  • қазақ мектебінің тәрбие мазмұнына этноруханияттық компоненттерді міндетті түрде ендіру;
  • білім мен тәрбиенің құрамындағы гуманитарлық және этномәдени компоненттерді күшейту;
  • оқушы тұлғасын этномәдениеттік шығармашылыққа бағыттау арқылы ұлттық рухани билікке баулу;
  • Қазақстандық патриотизм сезімін орнықтыру;
  • Қазақстандық ұлттар мен ұлыстардың этнопсихологиялық ерекшеліктері мен этнопедагогикалық мүмкіндіктерін есепке алу [7, 13 б] .

Халық педагогикасы ұлттық тәрбие әдебиет пен сол ұлттық салт-дәстүрлерінен құралады. Көркем шығармалар арқылы ата-баба өмірінің қыр-сырына қанығады, шығарма кейіпкерлерінің тілі, ойы, іс-әрекеттері жеке тұлғаның толыққанды болып қалыптасуына ықпал етеді. Ұлттық салт-дәстүрлер адам өмірін мағыналандырады, әдетке айналды, ал әдеттер әдет-ғұрыпқа айналады, әдет пен дәстүр (мәдени үпдістің ұлттық дәрежедегі көрінісі), дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы, міндеттелуі), салттан салт-сана (салт-дәстүрдің ұлттық санаға сіңіпғ тектікті қалыптастырып, қалыпты қолданыста болуы) қалыптасады, ұлттық іргетасын құрайды, өзіндік қасиеттерімен, біліммен, ерік-жігермен қаруландырады.

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ

2. 1. Айтыс өнерінің табиғаты.

Айтыс өлеңдері, қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі. «Айтыс» деген атауы - айтысу, тартысу, дауласу, немесе жарысу, сынасы мағынасында қолданылады. Бұрын үлкенді-кішілі даулар кезінде шешендер айтысы болған. Ақындар айтысы өлеңмен айтыс. Анығында өлең жарысы, өнер жарысы есебінде қолданылады.

Ақындар айтысы - көршілік алдында тыңдаушы, сыншы жұрттың көз алдында туып, орындалады. Әнмен не әр ақынның арнаулы сарынымен қобызға, домбыраға, гармонға қосылып айтылады. Ақындардың солайша кезектесіп, жауаптасатын суырып салма өлеңдері, екі жақты айтыс болады. Мұнда тыңдаушы жұрт құр естіп қана қоюшы емес. Ол бір жағынан, айтысушылардың сөздерін сынаушы, қорытушы болып отырады. Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады.

Тыңдаушы жұрт - жиын, айтсушы ақындардың әншілік, домбырашылық, жарыскерісін орындаушылық өнерлерін де бақылап, бағалайды. Сонымен қатар бұрын айтылмаған өлең өнерлің сол арада, өздерінің көз алдында, жаңа туып отырған, тың туысын да бақылап аңдайды. Жарысқа түсуші ақындар тапқырлықпен, өнерпаздықпен кезек шабуыл қақтығығусылары арқылы, тыңдаушыларын әр алуан дәрежеде қызықтырып, жұрт екі жақ болып екі ақынның туысы, тілеулесі, жақын ортасы болады . . . Сондықтан тартыс, талас екі ақын арасында ғана емес бәсеке тәлеулестік, екі жарылған жиында да болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
«XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні»
Айтыс өнері
Абай тұлғасы
XIX ғасырдағы айтыс өнері
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қыз бен жігіт айтысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz