Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың
сипаттамасы...6
1.1 Банктің пассивтік операцияларының мәні мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Банктің пассивтік операцияларының қалыптасу көздері және сапасына
байланысты
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Депозиттерді сақтандыру қорлары және
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23
2 Қазіргі таңдағы коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын
талдау (Казкоммерцбанк АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .29
2.1 2008-2010 жылдар аралығындағы Казкоммерцбанк АҚ-ның экономикалық
әрекетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Казкоммерцбанк АҚ-ның пассивтік операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ...34
3 Коммерциялық банктің пассивті операцияларын жетілдіру
жолдары ... ... ... ..40
3.1 Банктік секторда коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын
тұрақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...40
3.2 Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің пассивтік
операцияларының даму
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...46
3.3 Коммерциялық банктердің пассивтерінің құрылымын жақсарту жолдары...52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
Кіріспе
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің
барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы
кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты
түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер
түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қаржы секторы экономиканың ең серпінді
дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Алдын-ала деректер
бойынша экономикадағы несиелердің көлемі 2008 жылы 2007 жылмен
салыстырғанда 82,7 пайызға – 4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк
жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2009 жылы 24 пайызға азайып, 2010 жылғы 1
қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерді айтамыз. Қазіргі кезде
негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру
жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша
пайыздық айырмадан алады.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар негізінде
құралатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде:
пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге
асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары – делінеді.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялар мынандай формалары болады:
-коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
-банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
-басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
-депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құралады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербесін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінген пайда жиынтығы. Коммерциялық банктер капитал процесінде, банктік
секторды шешуші экономикалық рөлі орын алады. Коммерциялық банктер пайда
нормасын жүргізіп, бұл процесс бөлігін жалпы экономикалық деңгейіне әкеп
соғады.
Бүгінгі экономикалық көрсеткіш және банктің міндетті төлемдерін
болашаққа өмір сүруіне алып келуі мүмкін, егер макроэкономикалық ортада
стратегиялық қызметіне не болмаса, тактика түрінде өзгерістері болуы
мүмкін. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша коммерциялық банктердің
проблемалары мен шешуші жолдарының тұрақтылығын өзгеруіне макроэкономикалық
жағдайда актуалдылығы болып табылады
Осы коммерциялық банктердің проблемалары мен шешуші жолдарының
маңыздылығы және олардың пайдасын жоғары шегіне жеткзуін ашып көрсету, осы
тақырыптың өзектілігі мен мәні осы бағытта анықталады.
Жұмыстың мақсаты – банктердің пассивтік операцияларын талдау.
Жұмысты мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылады:
-банктң пассивтік операциялары, олардың қалыптасу көздерін қарастыру;
-коммерциялық банктердің негізгі операциялары және олардың
сипаттамасы;
-АҚ Казкоммерцбанк экономикалық әрекетін және пассивтік
операцияларын талдау;
-коммерциялық банктің пайдасын жоғарғы шегіне жеткізу проблемаларын
зерттеу;
-банктің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары айқындау.
Зерттеу объектісі болып Казкоммерцбанк АҚ-ның пассивтік
операциялары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік
экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар
монографиялары мен мақалалары, коммерциялық банктің пассивтік қатынастарын
реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Қаржы шаруашылық мәліметтерді, нақты сұрақтар мен мәселелерді
әзірлегенде абстракция-логикалық, экономика-статистикалық, талдаулық және
синтез әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қазіргі уақытта коммерциялық банктің
пассивтік операцияларының жағдайын зерттей отырып, тиімді қаржы нарығын
қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып
табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы – дипломдық жұмыста
берілген ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстан Республикасындағы
коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын жетілдіру бойынша теориялық-
тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің пассивтік
операцияларының мәні мен олардың қалыптасу көздері, банктің кірісі мен
шығысының жіктелуі, коммерциялық банктің пайдасы және пайыздық маржаны
анықтауын көрсетеді.
Екінші бөлімде коммерциялық банктердің қаржы-экономикалық нәтижесін
талдау (АҚ Казкоммерцбанк), коммерциялық банктің негізгі кірістерін
талдау көрсеткіштерін және кіріс пен шығыстың жылдық есебін талдау.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің тиімділігін жетілдіру жолдары,
коммерциялық банктің пайдасын жоғары шегіне жеткізу проблемалары,
коммерциялық банктің актив пен пассив операцияларын жетілдіру жолдарын
қарастырады және қорытынды бөлімнен тұрады.
1 Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
1. Банктің пассивтік операцияларының мәні мен құрылымы

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаршылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
-уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
-экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
-қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
-инвестициялық қызметті;
-клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
1) Банктің пассивтік операциялары
Пассивтік операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі
жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-
пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту
формасын білдіретің операциларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік
операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып
алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде
банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған
ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
-банктің меншікті қаражаттары;
-банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде
шекарасы болады [1,25]..
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті
қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып
табылады.
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген
пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
-банктің жарғылық капиталы;
-банктің резервтік капиталы;
-қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
-сақтандыру резервтері;
-бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға третінде міндетті
түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын
банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
-пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
-акционерлік банк;
-шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қор банктің тұрақты
қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резевтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда
жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда
резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады [2,19].
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің
болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігіндепозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері
пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
-талап етуіне дейінгі депозиттер;
-мерзімді депозиттер;
-жинақ салымдар;
-бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
-мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
-әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
-есеп айырысудағы қаражаттар;
-жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
-басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімдіоігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар -дың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады [3,65].
Мерзімдік салым депозиті – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған тқленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
-есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
-шоттағы қаражат баяу айналады;
-тұрақты пайыз төленеді;
-пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
-ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
-бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы біркеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
-мерзімді жинақ салымдары;
-қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
-ұтыс салымдары;
-ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
-мақсатты және ағындық салымдар;
-алдын-ала алуын хабарлайтын салымдар;
-валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді [4,45].
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын өаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын
эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1.Атаулы сертификаттар;
2.Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
1.Аударылатын;
2.Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар ссалым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықты сатып алу-сату арқылы өтеді.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің
коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында
беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт бір түндік
және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма
күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие
[5,4].
Бұл аталған несиелер несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші
деңгейіндегі банктер бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді
бермейді.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап
етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық
банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
-депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
-депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда
алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
-депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер
мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
-салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
2)Банктердің активтік операциялары
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды
орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына
қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп
тараған түрлеріне мыналар жатады:
-ссудалық операциялар;
-инвестициялық операциялар;
-депозиттік операциялар;
-қаржылық операциялар;
-басқа да операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама
табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің
басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары
негізінде бғалы қағаздар портфелі қалыптастыруының екі мақсаты болады:
бірішісі – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын
толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетің бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
1.мемлекеттің бағалы қағаздары;
2.корпоративтік бағалы.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстығына қарай үш түрге бөлінеді:
-Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтіледі.
-Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін
бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.
-Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы
қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі
және купон мөлшерлемесі түріндегітабыстардан құралады [6,89].
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар
жатады:
• Акциялар;
• Облигациялар;
• депозиттік және жинақ сертификаттары;
• ипотекалық куәліктер;
• депозитаралық қолхаттар.
• Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ
иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
• Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын
және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы
міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
• Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі
түрге бөлінеді:
1.купондық облигация-инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында,
яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі
2.дисконттық облигация-инвестор банктің облигацияны шығарудан
номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен сату
арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің
қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс
әкелетін активтік операцияларды сипаттайды: лизинг, факторинг және
форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
1.Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін
сипаттайды.
2.Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-
өзі өтуімен байланысты сипатталады [7,78].
Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі –
факторинг.
Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен
қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты
комиссиондық-делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып
алатын арнайы мекеме.
2.Клиент – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік
немесе сауда фирмасы.
3.Кәсіпорын – тауарды сатып алушы фирма.
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе
арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем
құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
1.Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2.Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3.Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
2. Банктің пассивтік операцияларының қалыптасу көздері және сапасына
байланысты жіктеу

Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер көмегіндегі рөлі
зор.

операциялар – бұл несиелік және акивтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін яғни
пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі бірінші
пасссивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктен нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
-Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялау;
-Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды құру және ұлғайту;
-Басқа да несие тұлғаларынан несие алу;
-Депозиттік операциялар [8,49].
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражыттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операцияларының екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурсары

тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банк ресурстары екі топқы бөлінеді:
-банкің меншікті қаражаттары;
-банктің тартылған қаражатары.
Банктің меншікті қаражатары қатарына меншікі капиталы мен оға сай

қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі.
Шын мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең
төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтлығын ұстап тұруда
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы мешікті қаражаттары
алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын
шығындарды жабады. Себебі, меншік қаражатсыз банктің қызметін басқару
мүмкін емес. Ос меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер
құрылады. Ең соңыда, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдырдың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банкің экономикалық дербестігін және

бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банкің меншікті қаражаттарына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- бакнтің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы дәне пайда есебінен құрылған басқа қорлар;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
Банктің қаржылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндеті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылықкапиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан теұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік көлемі акцияны ұстаушылар акционерлер қосқан
жарналардан құралады [9,64].
Қазақстанда екінші денгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасыда;
- акционерлік банк ;
- шетел капиталының қатысуымен.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың
орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық 25 пайыз мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері
жарғылық теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.
Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде
банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы
бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты
аударылғанда аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы
бөлу нәтижесінде құралады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық
валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құралады.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті
резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдарының басты көзі [10,18].
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте
ашылатын коррсепонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да
дебет бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.
Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді.
Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның
ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары
болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.
Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің
корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын,
коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің
әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты
және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға
әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық
капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге:
несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты
құрылған резервтер жатады.

несиелік операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетін

халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.Банктердің ресурстарының жалпы
сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
І топ – депозиттер;
ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тартатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара

клиентінің атынан тартылмайды. Екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтермеуге сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады [11,69].

бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын

- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталаты қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджет қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны кез-келген уақытта ешқандайда шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Оралық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз

ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын-ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен тараған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың

жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет [12,117].
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды.Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.

- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын-ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарына тұрақты мерзімі белгіленетін және сол
мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ
салымдарына басқа жинақ салымдарына қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз
төленеді.

біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын-ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталатын сома белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т.б.) толық төленеді.

төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды

Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі
мерзімі өткен соң тиісіті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын
куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

1. Атаулы сертификат;
2. Мәлімдеуші сертификат.

көрсетілмейді, яғни кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада
шығарылатыдықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында

нарықта сатып-алу және сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын
төленуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады.
Бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипатттайды [13,88].
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер
сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.
Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәладырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін,
сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлеменің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтың төлемдері үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі
телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар
мен облигациялар;
- шетелдіквалюталар мен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар
мен құндылықтар.
Отандық банктеріміздің тартылған қаражаттары ішінде банкаралық
несиенің де рөлі жоғары.
Банкаралық несие – бұлкоммерциялық банктердің бір-біріне беретін

ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге
қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай
несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелер бермейді. Осындай
жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың
басты көзі ретнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауға,
коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып,
депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды
ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай
отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс
- депозиттік ресурстарды қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда
алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер

- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар

Банктің табыстары, олардың қалыпасу көздері. КБ табыс көздеріне
мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• Несиелік бизнесі;
• Дисконттық бизнесі;
• Сақтау бизнесі;
• Банктік кепіл беру қызметі;
• Салымдар қабылдау, клиенттің тапсырысы бойынша өнеркәсіпті жүзеге
асыру бизнесі;
• Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Несиелік бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге және заңды
тұлғаларға несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге
уақытша пайдалануға пайыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі
кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы
мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі [14,71].
Дисконттық бизнес төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды
банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын
сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг
операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк
төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан)
талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құығы жоқ, бірақ ол
ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік
операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін
жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1) Сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы
аралықта банктік несиелік ресурсын
пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.
2) Факторингоперациясының түріне байланысты
тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын
комиссиондық сыйақы.
Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен,
факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына
жатқызады.
Сақтау бизнесі банктің трастылық (сенім) және агенттік қызметтеріне
негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз,
шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін емесе осы мүлікке байланысты клиенттің
тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде
банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке
шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме
алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау
қажеттігін келісіп алады. Трастылық операцияларда тәуекел жоғары, себебі,
мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған
сәйкес, трастылық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік
қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz