Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік тәжірибе бойынша кез келген мемлекет азаматтарды қартайған шағында бағып-қағу жөніндегі өзінің жауапкершілігін зейнетақымен қамсыздандырудың қосымша қаржы көздерін тарта отырып, жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тікелей бірге көтереді. Солардың бірі - жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жұмысын бастады. Реформа нәтижесінде халықтан тартылған зейнетақы жарналарының есебінен өз активтерін қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі пайда болған сәттен бастап зейнетақы қорлары тұрақты бәсекелестік жағдайында дамыды. Бастапқыда бұл оң нәтижелер әкелді: әлсіз қорлар нарықтан кетті. Қалғандары өзара бірігіп, өздерінің жұмыс бағытын күшейтіп, зейнетақы нарығында экспансияны жалғастыра берді.
Бүгінде, зейнетақы қорларының қатаң бәсекелестік уақыты біртіндеп конструктивті әріптестікке ауыса бастады. [1, 4б. ]
Жинақтаушы зейнетақы қоры - заңмен бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы салымдарын тарту мен зейнетақы төлемдерін төлеуді, сондай-ақ, осы қаражаттарды инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға. Жинақтаушы зейнетақы қорлары міндетті төлемдерден басқа салымшылардың өз еркімен жасалатын және мөлшері заңмен бекітілген ерікті зейнетақы салымдарын да жинақтайды. Бұл жинақталған зейнетақы салымдары - зейнетақы жинақтары деп аталады және олар салымшаның меншігі болып табылады. Қызметкерлер зейнетақы салымдарын жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорларын өз еркімен таңдап келісім-шартқа отырады және ай сайын төленіп отыруға тиісті зейнетақы жарналарының жұмыс орнынан уақытында және толық аударылуын қадағалап отырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын шоғырландырып, оларды табыс әкелетін сенімді қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, депозиттерге) салу арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Зейнетақы жарналарын инвестициялау нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялық табыс алады. Инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының мөлшерін көбейтеді және салымшылар зейнетақы жасына жеткен кезде олардың көбейген жарналарды алуына жағдай жасайды. [2, 189б. ]
Әлемдік қаржы дағдарысы дүние жүзінің барлық мемлекеттерін алаңдатып отыр. Қазақстан да елімізге қаржы дағдарысының тікелей ықпалын тигізбеу мақсатында көптеген шараларды жүзеге асыруда. Дегенмен, қазіргі жағдайда қаржы дағдарысына байланысты зейнетақы қорларындағы азаматтардың қаражаттары туралы мәселе елдің әрбір тұрғынын толғандырып отыр. Еліміздің азаматтары еңбекақысының 10 пайызын зейнетақы қорларына аударып келеді. Ал қазіргі уақытта зейнетақы қорларының табысы төмендеп жатыр. Сонымен бірге, дағдарыс әрі қарай асқына берсе, азаматтар тек қана пайыздық өсімінен емес, зейнетақы қорындағы салымынан да айрылып қалуы мүмкін. Осы орайда, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамуындағы зейнетақы қорларының қызметі, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету аясындағы мемлекет тарапынан реттеу тұрғысындағы теориялық және практикалық зерттеулер жасау маңызды болып табылады.
Тақырыпты әзірлеу мен талдау деңгейі. Зейнетақы қорларының қызметі және оларды реттеу саласында отандық және ТМД елдерінің К. М. Тулепбаев, Г. Қарабалаева, Р. Жонкебаева, А. Сатубалдина А. Адамбекова, Б. Д. Бекбердиева, А. Жумабеков, М. Ш. Оспанова, Б. С. Өтебаев, Т. А. Агапова, Е. Б. Колсанова, Е. Т. Гурвич, Е. Л. Хотулев, Н. А. Чеботарева, М. Н. Захаров, Т. Малеева экономикалық әдебиеттерінің негізінен ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарында көрсетіледі.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық мазмұны мен зейнетақы қорларының қызмет ету негіздері, жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерін реттеуді теориялық тұрғыда зерттеу, Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін талдау негізінде шетел тәжірибесі және қаржы дағдарысы жағдайында зейнетақы жүйесі субъектілерінің инвестициялық қызметін және қауіп-қатерлерін басқару мәселелеріне қатысты жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу кезінде келесі нақты міндеттер алға қойылды:
- қаржы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық мазмұны және зейнетақы қорларының қызмет ету негіздері
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерін қарастыру;
- зейнетақы жүйесі субъектілері болып табылатын зейнетақы қорларының қызметін талдау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының активтеріне талдау жасау;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту тұрғысында шетел тәжірибесін қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін басқару мәселелерін қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі барысында туындайтын қауіп-қатерлерін басқаруды жетілдіру мәселелерін нақтылау.
Зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамуындағы жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметін жүзеге асыру тұрғысында пайда болатын экономикалық қатынастар табылады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Отандық және шетелдік ғалым экономистерінің құрастырған жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерінің қызметін жүзеге асыру мен реттеудің, қызмет нәтижелерін талдаудың теориялық негіздері мен принциптері.
Талданған жұмыста қазақстандық заң актілері мен отандық және ТМД елдерінің мерзімді басылымдары мен әдебиеттері қолданылды.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен арнайы әдістемелік мерзімді басылымдар материлдары және негізінде зерттеліп, жазылған.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 6 кесте, 10 суреттер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсаттары мен міндеттерімен анықталып, диплом тақырыбын толығымен ашып көрсетуге өз септігін тигізеді.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫҚаржы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің экономикалық мазмұны және зейнетақы қорларының қызмет ету негіздері
Қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
Сонымен бірге жалпы институционалды тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы [3, б. 39] .
Қаржы жүйесін сыныптауда қаржы субъектілерінің белгісі бойынша сыгыптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына және халықтың қаржысына бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
Соның ішінде мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар және мемлекеттік несие буындарымен маңызды болып табылатын мемлекеттің қаржысын айту маңызды болып табылады.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары [4, б. 32] .
Зейнетақы қорлары арнаулы бюджеттен тыс қорлардың құрамдас бөлігі болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы [5, б. 112] .
Нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттердің бірін орындау мақсатында Зейнетақы қорлары құрылды.
Жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасының реформалауы әлеуметтік саланы да қайта құруды талап етті. Себебі, бұған дейінгі қызмет атқарған зейнетақы жүйесі еңбек етуге қабілетсіз халықты қамтамасыз етуге өзінің тиімділігінің төмендігін көрсетті. Сондай-ақ әлеуметтік саясаттағы өзгерістер экономикалық өсімге қажетті қосымша қаржы ресурстарын іздестірумен де байланысты деген болжам жасауға болады. Жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қартайғанда, еңбек етуге қабілетін жоғалтқанда және т. б. жағдайлар болғанда қажетті ақша ресурстарын жинақтау жөніндегі психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының активтері кәсіпорындар, ұйымдардың аударымынан, азаматтардың жеке жарналарынан, сондай-ақ олардың инвестициялық табыстарынан құралады. Зейнетақы жарналарының ерекшелігі олардың ұзақ жылдарға есептеліп, жүзеге асырылуында, яғни жарналардың түсуімен жинақталған қаражат инфляция жағдайында, олардың құнын сақтап қалу мақсатында, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтер мен инвестициялық бағдарламаларға орналастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандыруға құқылы. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес табыс табатын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы зейнеткерлік жасқа жеткен, оның ішінде жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа адамдар бір Жинақтаушы Зейнетақы қорына міндетті заң жарнасын аударуы қажет. Зейнетақы қорлары, салымшыларға олардың алғашқы қор таңдау талаптары бойынша барша ақпаратты беруге тиісті. Қажетті ақпараттарды қаржыгерлер ассоциациясы, Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесіне қатысушылар одағы тәрізді, қоғамдық және реттеуші органдар тарапынан алуға болады. [6, 14б. ]
Зейнетақы жарналарын аудару тұрғысында әлеуметтік жеке код түсінігі пайда болады.
Әлеуметтік жеке код дегеніміз - азаматтарға берілген жеке номері, шартты белгісі. 16 сандық белгілермен латын әріпімен өрнектелген азаматтардың аты-жөні, туған күні, айы, жылы деректері көрсетіледі.
Әлеуметтік жеке код Зейнетақы жарналарын аударғанда және зейнетақы алған кезде, қателік пен сәтсіздікті болдырмауға арналған. Зейнетақы 2 бөліктен тұрады: бір бөлігі ынтымақтастық жүйеден төленеді, екіншісі жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке есеп шотының жарналарынан төленеді. Зейнетақы жарналары ерікті және міндетті болып бөлінеді. Ерікті зейнетақы жүйесі - бұл үлкен инвестициялық табыс әкелетін ақша айналымы. Салық салу тұрғысынан алғанда ақша жинаудың өте тиімді жолы.
Міндетті зейнетақы жүйесі - төлемшілердің орталыққа және салымшылардың заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорына енгізген ақша-қаражаты.
Зейнетақы төлемдерін алушы - пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларынан жарналар төленетін зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын және орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке адам болып табылады.
Зейнетақы шарты дегеніміз - бұл зейнетақы жарналарымен жинақталған қаражатқа байланысты құқылы қатынастарын орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қорлары және екінші жағынан салушы немесе алушы арасында жасалынатын шарт. [7, 12б. ]
Зейнетақы бұл - зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар, заңнамада көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметті ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. Жұртқа мәлім 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындарының өз қызметкерлері үшін аударым жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ, жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін. [2, 190б. ]
Төменде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің сызбасы көрсетілген (1-сурет)
Cурет 1. Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің сызбасы1
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы маусымның 27-нде заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні 1997 жылға дейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің, зейнетақы қорының қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан жеке қорлардың қағидатына көшуде болды. Ол үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен кәсіптік қызметінің айналысатын барлық заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптасатын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастырылды
Салымшылардың қордаланатын жарналарының зейнетақы қорлары өкілетті банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымға береді. Ол қаражаттарды басқа қорларға, банктердің депозиттеріне және басқа қаржы тетіктеріне орналастырылады. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық кірістің қорлануының ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес орталықтан зейнетақы төлемдері ер адамдарға 63 жасқа толғанда және әйелдерге 58 жасқа толғанда, ер адамдарға кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай орталықтан толық көлемде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.
Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1999 жылы 29 тамыздан 1963 жылдың 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар, «Семей» ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ер адамның жалпы өтілі 25 жылдан кем болмағанда 50 жасқа жеткенде. Әйелдер жалпы еңбек өтілі 20 жастан кем болған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындауына құқылы. 5 және көп бала туып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы. [8. 16б. ]
Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңымен (1999 жыл 20 тамыз) жүзеге асырылады.
Алайда зейнетақы заңдылығы 2002 жылы желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Сондай-ақ, үкімет 2003 жылы 4 шідедегі қаулысымен «міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған» Жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті кәсіби зейнетақы салымынан зейнетақы төлеудің ережесін бекітті.
Барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары салымның сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік деңгейін ескере отырып беріледі.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін реформалау нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Олар: өз активтерін халық қаржыларын тарту есебінен қалыптастырады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры бұл - зейнетақы аударымдарын өзіне тарту, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қалыптасқан заңға сәйкес тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет атқаратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың міндетті аударымдарын жинап және оларды әртүрлі құнды қағаздар түрлеріне салып өзінің инвестициялық қоржынын қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - негізін қалаушы мемлекет болып табылатын және салымшылардың міндетті зейнетақы аударымдарының жинақтауымен және оны алушыларға зейнетақы төлеуді, сонымен қатар, зейнетақы активтерін қалыптастырумен оларды мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялау қызметін атқаратын заңды тұлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - міндетті және өз еркімен салымшылардың аударымдарын жинақтайтын және зейнетақы төлеумен, зейнетақы активтерін қалыптастыру, инвестициялау бойынша қызмет атқаратын заңды тұлға. Жоғарыда аталған жинақтаушы зейнетақы қорының басқа келесі түрлерін атауға болады: ашық және корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры - мұнда салымшылардан зейнетақы аударымдары олардың жұмыс орнымен мекен-жайына тәуелді болмайды. Олардың негізін қалаушы акционерлері ретінде заңды және жеке тұлғалар, резиденттер және бейрезиденттер бола алады.
Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қоры - осы қордың негізін қалаушы және акционері ретінде болатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше жұмысшы алушылар, заңды тұлғалар үшін құрылады. [9, 22б. ]
Зейнетақы активтерін инвестициялық бақылауды жүзеге асыратын ұйым (ЗАИБЖАҰ) - заңды тұлға қаржы нарығының маманданған қатысушысы және ол акционерлік қоғам түрінде құрылады. Оның қызметін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы мекемелерін реттеумен бақылау агенттігі рецензиялайды. Бірақ келесі талаптар орындалуы керек: қалыптасқан талаптарға сай келу, жарғылық капиталының көлемі, штаттағы мамандардың болуы, ішкі құжаттардың болуы.
ЗАИБЖАҰ өз қызметі барысында зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынын қалыптастырады, әрдайым зейнетақы активтерін бағалайды, зейнетақы жинағын алушыларға зейнетақы төлеуге бағыттайды. Олар өз қызметі жайлы үнемі зейнетақы қоры алдында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы мекемелерін реттеу мен бақылау агенттігінің алдында есеп беруге, сонымен бірге, өз жұмысы жайлы ақпарат жариялауға міндетті. [10, 19б. ]
Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын енгізу тәртібі:
- Жеке адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар оларға табыс төленетін көздерден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен ұстап қалады.
- Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен және өзге де қызметпен айналысатын төлем көзінен міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына табыстың төленуімен бір мезгілде аударуға міндетті.
- Ерікті зейнетақы жарналарын салымшы аударады. Ерікті зейнетақы жарналары үшінші адамдардың пайдасына аударылуы мүмкін.
- Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары үшінші адамдардың пайдасына төленуге тиіс емес.
- Салымшының мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарнасын аударуы туралы зейнетақы шарты болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының ұсталып қалған сомасын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.
Зейнетақы төлемдерін алушылардың пайдасына аударылған зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметпен айналысатын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке адамдар жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерін алушылардың пайдасына аударылған зейнетақылық жарналары туралы мәліметтер береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері:
- зейнетақылық жарналар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына және мемлекеттік емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға төленетін комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағанда инвестициялық қызмет есебінен құралатын инвестициялық кіріс;
- заңдарда көзделген басқа көздер есебінен қалыптасады.
Салымшының, алушының зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
- тізбесін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
- зейнетақы төлемдерін заңдарға сәйкес жүзеге асыруға;
- заңдарға сәйкес зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;
- қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің пайдасына зейнетақы жарналары төленген алушының жинақталған зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолғы төлем жасайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан-банк және жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арасында жасалған кастодиандық шарттың тарабы болып табылады және зейнетақы активтеріне иелік етуді қаражатты депозиттерге, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар мен тізбесін бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін басқа да қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz