Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері



Кіріспе

1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері ... ... ... ... ... ... .4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы ... ... ... ... ... .7
3. Нарықтың қызметі және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5. Нарықтың инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Әдебиеттер тізімі
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) - орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Сөйтсе де, нарықтык экономиканың Батыс Еуропадан Солтүстік Америкаға және Азияға дейінгі әртүрлі коғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне карамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде калып отыр. Бұлай болуының бір себебі мынадан: нарықтық экономика дегеніміз идеология емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесі.
Нарықтық экономика өзінің бүкіл болмыс-бітімімен орталықтандырудан икемді, ыңғайлы және өзгеріп отыратын экономика. Мұндағы темірқазық - онда орталық деген атымен жоқ. Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады, бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекеге түсетін көптеген өнімдер мен қызмет көрсету ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу
. С.А.Жұманазар – «Экономикалық теория» - 2009 ж
2. Әбдікерімова Г. И. Кәсіпорын экономикасы: оқу
құралы / Г. И. Әбдікерімова.- Алматы: Экономика, 2008.-
368 б.
3. Интернет: «Google», «Яндекс» сайттары - 2010
4. С. Әкімбекова, С. Баймұхаметова, «Экономикалық теория»
5. Дәуренбекова Ә. Н. Өндірісті ұйымдастыру: оқу
құралы.- Алматы: Экономика, 2007.- 174 б.
6. Мұқан Б.Ғ. Нарықтық қатынастар жағдайындағы
әлеуметтік сфераны реттеу: диссертацияның
авторефераты.- Алматы: Б.ж., 2004.- 28 б.
7. Мырзакелді К. Нарықтық қатынастарға өту жағдайында
ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық
формаларының қалыптасуы: диссертацияның
авторефераты.- Алматы, 1997.- 21 б.
8. Экономикалық теорияның негіздері оқулық Алматы,2002
9. Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б
10. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік
реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
11. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002ж 123б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері ... ... ... ... ... ... .4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы ... ... ... ... ... .7
3. Нарықтың қызметі және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5. Нарықтың инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық
проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және
кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі
экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) - орталықтандырылған үкімет
басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық
экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді.
Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған,
әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,
тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір
деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық
молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Сөйтсе де, нарықтык экономиканың Батыс Еуропадан Солтүстік Америкаға
және Азияға дейінгі әртүрлі коғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне
карамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен
механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде калып отыр.
Бұлай болуының бір себебі мынадан: нарықтық экономика дегеніміз идеология
емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған
әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесі.
Нарықтық экономика өзінің бүкіл болмыс-бітімімен орталықтандырудан
икемді, ыңғайлы және өзгеріп отыратын экономика. Мұндағы темірқазық - онда
орталық деген атымен жоқ. Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,
бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекеге
түсетін көптеген өнімдер мен қызмет көрсету ішінен өзіне қолайлысын таңдап
алу бостандығына; өндірушінің жаңа бір іс бастауына немесе бұрынғы ісін
ұлғайтуына, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып, ісі оңға басса, оның
зейнетін көру бостандығына негізделген.
Нарықтық экономика адамзаттың экономикалық тарихындағы салалық
өрлеу. Себебі бұл өнім өндіруші мәртебесін жоғалтатын "сатып
алушы нарығы". Егер біз басымдықтың өнім өндірушіден тұтынушыға
немесе сатушыдан сатып алушыға көшуінің барша мәнің ұғынар болсақ,
онда қоғамның экономикалық сатысының жаңа баспалдағын "нарықтық"
экономика ретінде сипаттаудың қажеттілігі айқындала түседі. Және оның басқа
сипаттамасы болуы да мүмкін емес. Істің мәні мынада, өнім сатушы өздігінен
нарықты құрамайды. Еркін, өзінің тұтынушылық пайдасын таңдау
мүмкіндігіне ие, сатып алушының пайда болуы нақ сондай нарықтың өзін
туғызады. Әлбетте жеке адамның ұзақ сөзі емес, екі адамның жауаптасуы,
әлбетте нарықты экономика деген осы.

1.Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері

Нарық - бұл экономикадағы объективті жағдай немесе бір затты сату
мен сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.Былайша
айтқанда, нарық дегеніміз – тауар айналымының жүесі. Нарық бұрын – сонды
біздің елде толық зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі
әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, жоғарыдан нұсқау- бөлу әдістеріне
негізделген басқару жүесі жағдайында нарық проблемасы тиісті ғылыми зерттеу
пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік - әміршілдік жүенің
идиологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымда нарықтың маңызы
мен орны туралы даурықпа көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамды қайта құру теориясы мен тәжірибесінде
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД мемлекеттерінің және Қазақстан ғалым –
экономистерінің арасында нарық жайлы пікір біркелкі емес. Осыған байланысты
нарықтың бірнеше анықтамасы бар:
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелерімен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелерімен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және
қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болады.
Нарық – тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Осы анықтамалардың барлығына ортақ нәрсе бұл айналым жүйесіне тән
ұғым, нарықты қатынастардың субъектілірі болып сатушы, сатып алушы және
тұтынушылар болып табылады. А.Смиттің ілімі боыйнша нарықтың пайда болуына
себеп, экономикалық ресурстардың тапшылығы және адамдардың өндірісті
ұйымдастыру мүмкіндіктерінің шектілігі болып табылады. Сонымен қатар
нарықтың пайда болуына себеп:
- қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
- тауар өндірушілердің жеке дара болуы;
- әр түрлі меншік қатынастарының пайда болуы;
- шаруашылық субъектілерінің тәуелсіз болуы;
- тауар өндірушілердің бәсекелестігі;
- әр түрлі тауар өндірушілердің өздерінің өнімдеріне бағаны белгілеуі.
Нарықтық үлгіге негізделген экономикада шаруашылықты ұйымдастыруда
жеке тауар өндірушілермен тұтынушылар рынок арқылы өзара іс әрекет жасап,
экономикадағы өзекті үш мәселені шешуді мақсат етеді. Олар: а) нені өндіру
керек? б) қалай өндіру керек? және в) кім үшін өндіру керек? деген
сұрақтар. Егер осы үш сұраққа жауап тапсақ, онда біз нарық қалыптасты деп
есептеуміз керек.
Нені өндіру керек? Тұтынушы кез – келген тауарды сатып алуды
тандау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі бір тауар
түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндіруді
ынталантырады. Мұндай механизімнің қалыптасуы экономикалық шақырып, бірақ
ретсіздікке және анархияға жол бермейді. Рыноктық шаруашылық механизімінің
іс әрекеті автоматты сипат алып, тауарға сұраным артса баға өседі, тауар
өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше сұраным азайып баға
төмендесе, оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен
анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар
өндірушінің бір ғана жолы бар – ол аз шығынды қажет ететін арзан және
сапалы өнім шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болады? Әрине,
өндірісте ғылыми – техникалық прогресс элементтерін кең турде жүзеге
асырған, ресурстарды үнемдеген, білікті кадрлары бар кәсіпкерде болады.
Қысқасы, нарық ҒТП жетістікттерін ендіруді, тұтынушыға қажетті өнім
өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге итермелейді.
Кім үшін өндіру керек? Бұл сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына
байланысты. Бұл жағдайды нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың
табыс деңгейі, ұлттық және жас ерекшеліктері, географиялық орналасуы және
т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық
экономикалық жүелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ, олар әр
түрлі жолмен шешіледі.
Нарықты шын мәнінде қажетті экономикалық жағдай еткен үш негізгі шарт бар.
Бірінші шарты – ежелде пайда болған еңбектің қоғамдық бөлінуінің бірнеше
үлкен даму сатысы бар. Олардың алғашқысы – мал шаруашылығынан егіншілік
шаруашылығының бөлінуі, екіншісі – шаруашылықтың өзіндік түрінің пайда
болуы, үшіншісі – сауданың құрылуы болып табылады. Кейін шаруашылықтың
басқа түрлері де бөліне бастады, бөлек өнеркәсіптің мамандандырылуы дамыды.
Осы процесс шексіз бола тұрып, өндірістік еңбек өсімімен тығыз байланысты.

2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы

Нарық қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды, оның басты
тетіктері сұраныс, баға және ұсыныс. Олардың бірлігі нарық деген
ұғым құрайды.
Нарық экономикасы деген ұғым нарық ұғымынан кең, оған екі сала
жатады.
1.Өндіріс.
2. Тұтыну.
Әлеуметтік реттейтін экономикасы деген ұғымы одан да кең, ал нарық
экономикасына, яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші
механизімін мемлекет, нарық инстатуттары, әлемдік экономика әсерлері
жатады.
Нарық бірінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлармен
бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация
және иителектуалды жетістіктерді біріктіреді.
Соңғы жылдары өте ерекше тауарлар, оларды сату және сатып алу
нарықтың жаңа сапада болуын талап етеді.
Әрине, қандай болмасын экономиканың өзегі әрқашанда өндіріс болып
қала береді.
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,
оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен
қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
а) Нарық элементтерінің пайда болуы,
б) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
в) Тауар баламасы кезеңінің нарығы
г) Тауар емес балама кезеңінің нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ
болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір
жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.
Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады. Құнның
субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен
жоқ,сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі
мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1-
Т2 , балама - Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі
тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып
қалып отырады. Бұл кезенде таза өзінің иеленушісінің белгілі бір
заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір
сүре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары
байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі
қызметін атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1 –тауар емес
балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның таза
иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша
айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы
нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық
капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен
сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың
идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-
1790) өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу
(1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі
мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың
қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі
кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру
ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай
даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті
қамтамасыз ететін түнгі күзеткішінің рөлін атқару қажет. Мемлекет
laisser faire саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек.
Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ.
Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке
күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке
ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты
реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты
экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың
көрінбейтін қолының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына
жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне
байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді
монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық
қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің
баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның
барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік
меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның
экономикасына жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік
өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған
өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып
отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен
бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды
орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер
ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу,
нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің
көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын
ассоциацияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде
мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі
тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік
бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз
құралы деп танылып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу
бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.

3. Нарықтың қызметі және құрылымы

Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:
ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және
ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар
өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар
айырбастау
операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар
арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның
экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік

нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы:
өндіріс
құралөжабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-
техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы
енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып,
жағдай
мен нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндірістік факторы
жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық
қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден
құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық
қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:
дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені
шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық
бәсеке). Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады,

алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін.
Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны
өзгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың
әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады)
тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен
сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте
варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.

Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі.
Сатушы нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті
белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың
мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат
алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар нарығы деп сатып алушылар
көп билікке ие болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар
жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес

тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,
телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар
топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары
нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп
қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски
өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ.
Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен
байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі
сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес,
қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы
ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара
бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік
сала
және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс
құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші
нарықтарын қалыптастырады.
Нарықтың ролі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль
атқаруы
болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз
қамтамасыз
етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы
экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке,
тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші
ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету,

банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты
өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.
Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары
жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын
әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы

мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын
мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық
тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды ? Оның
ерекшіліктері неден? - деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап
беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың,
жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс
болмастан патриархалдық – феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік
орныққан. Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен
байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму
дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы ақша нарықтық қатынастардың
қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз
тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты. Өндіріс құрал-
жабдықтарына жеке меншік. Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болды ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің
шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу
ісімен тығыс байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін
қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген
орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып
алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс
күшейді, меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық – рұлық қатынастар
ыдырай бастады. Патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың
жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ
халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның
қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәйішевтің
мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе XVI ғасырдан
бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас, шетке шығарып өткізу
үшін өндіріліп отырған.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде
дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті Қазақтар үй бастырды,
жүннен мата тоқылды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай
білді, киім тікті, киіз басты, кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары
айырбас үшін де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың
дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына, капиталистік
элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей
іріте алматы. Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп
дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен
байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс
алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады.
Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын
алу қасақана теріс тәсілдермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынастар, олардың мәні, қызметтері
Нарық және иерархия туралы
Нарықтық қатынастар жайлы
Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны туралы ақпарат
Нарықтық экономиканың үлгілері
Нарықтық қатынастар туралы
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Қоғамдық өндіріс туралы
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Нарық және иерархия
Пәндер