Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Республикамыздың “Қазақстан - 2030” бағдарламасында барлық қазақстандықтардың әл - ауқатын, қауіпсіздігін жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентіміз Н. Назарбаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл - ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы еліміздің азаматтарының әлеуметтік және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлігі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етеді.
Республиканың әлеуметтік - экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамушылардың бірі зейнетақы жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етуші жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зерттеулер жүргізу, оның тереңдеуі, нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейімделуі және оның әрекет етуінің қысқа мерзім ішінде пайда болған пікірталастағы және шешілмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендігі жөнінде белгілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Атап айтатын болсақ, еңбек етіп болғаннан кейінгі кезеңде қалыпты өмір сүруді қамтамасыз етуге зейнеткерлердің жинақ қорларының саны емес сапасының жеткіліксіздігі, гендерлік мәселелердің шешімін таппауы, өмір сүру ұзақтығының әр - түрлілігі, еңбек ақы теңсіздігі нәтижесінде әйелдер мен ерлер арасындағы эейнетақы мөлшеріндегі теңсіздіктің болуы, өндірістік мүгедектік мәселелері және т. б. Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері зейнеткерлікке шыққан мерзім ішінде тұрғындардың әл -ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақмен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды [1. б. 1] .
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қаржы дағдарысы елімізде қызметін жүзеге асырып отырған жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жалпы қызмет көрсеткіштері, соның ішінде инвестициялық кіріс көлемі қаржы дағдарысы әсерінен біршама төмендеп қалған болатын. Осы орайда Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі уақытта қызметін оңтайландыру және тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Тақырыпты әзірлеу мен талдау деңгейі. Зейнетақы қорларының қызметі және оларды реттеу саласында отандық және ТМД елдерінің К. М. Тулепбаев, Г. Қарабалаева, Р. Жонкебаева, А. Сатубалдина А. Адамбекова, Б. Д. Бекбердиева, А. Жумабеков, М. Ш. Оспанова, Б. С. Өтебаев, Т. А. Агапова, Е. Б. Колсанова, Е. Т. Гурвич, Е. Л. Хотулев, Н. А. Чеботарева, М. Н. Захаров, Т. Малеева экономикалық әдебиеттерінің негізінен ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарында көрсетіледі.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру мен зейнетақы қорларын қаржылық басқарудың теориялық негіздерін зердей отырып, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін талдау негізінде дағдарыс жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін оңтайландыру және олардың қызметін тұрақтандыруды қамтамасыз етудегі зейнетақы активтерін инвестициялауды әртараптандыру тұрғысында жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу кезінде келесі нақты міндеттер алға қойылды:
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін басқарудың теориялық және заңнамалық негіздерін зерделеу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқаруды ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет негіздеріне талдау жасау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне талдау жасау;
- дағдарыс жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін оңтайлындыру мәселелерін қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тұрақтандыру аясында зейнетақы активтерін инвестициялауды әртараптандыру мәселелерін зерттеу негізінде жетілдіру жолдарын ұсыну .
Зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Зерттеу пәні болып дағдарыс жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметін, оларды басқару мәселелерін теориялық зерттеу және талдау тұрғысында пайда болатын экономикалық қатынастар табылады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Отандық және шетелдік ғалым экономистерінің құрастырған жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерінің қызметін жүзеге асыру мен зейнетақы активтерін басқару, қызмет нәтижелерін талдаудың теориялық негіздері мен принциптері.
Талданған жұмыста қазақстандық заң актілері мен отандық және ТМД елдерінің мерзімді басылымдары мен әдебиеттері қолданылды.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен арнайы әдістемелік мерзімді басылымдар материлдары және қаржылық есептемелері негізінде зерттеліп, жазылған.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 5 кесте, 17 суреттер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсаттары мен міндеттерімен анықталып, диплом тақырыбын толығымен ашып көрсетуге өз септігін тигізеді.
1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру
Зейнетақы - еңбек қызметінің әр түрі бойынша белгіленген жұмыс стажына жетумен, қамқоршысынан айырылуымен, еңбек қабілетінен толығымен немесе жартылай айырылуымен байланысты азаматтарға белгілі бір жасқа жеткен кездегі төленетін кепілді ақшалай төлем.
Әлемдік тәжірибе бойынша кез - келген мемлекет азаматтарды қартайған шағында бағып - қағу жөніндегі өзінің жауапкершілігін зейнетақымен қамсыздандыруды қосымша қаржы көздерін тарта отырып жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тікелей бірге көтереді. Солардың бірі - жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры - заңмен бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы салымдарын тартумен, зейнетақы төлемдерін төлеуді сондай - ақ, осы қаражаттарды инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға [2, б. 115] .
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын шоғырландырып, оларды табыс әкелетін сенімді қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, депозиттерге салу) салу арқылы қордың инвестициялық қоржынын қалыптастырады. Зейнетақы жарналарын инвестициялау нәтижесінде Жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялық табыс алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары болып бөлінеді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың міндетті зейнетақы төлемдерін жинақтап, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, коммерциялық банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарына инвестициялайтын және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы төлемдерін жинақтап, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырып, салымдарды инвестициялаумен айналысатын заңды тұлға [3, б. 196] .
Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып 1998 жылдан бастап ҚР - да зейнетақы жүйесін реформалау жұмысын бастады. Реформа нәтижесінде халықтан тартылған зейнетақы жарналарының есебінен өз активтерін қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды.
Еліміздегі зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
I кезең: 1998 - 2001 жылдар - зейнетақы жүйесі мен оның институттық құрылымдарының қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде жүйенің барлық субъектілерінің қызметін лицензиялау енгізілді, зейнетақы активтеріне иелік ету жөнінде шектеулер белгіленді, зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдардың қаржылық жағдайының ашық болуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
II кезең: 2001 - 2004 жылдар - зейнетақы туралы заңға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- инфляция деңгейін ескере отырып жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарының нақты төленген мөлшерінде сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілді;
- зейнетақы төлемдерін ұстап қалмағаны үшін, мерзімінде қорға аудармағаны үшін қойылатын талаптар мен санкциялар белгіленді;
- еңбек жағдайлары ерекше қауіпті өндірісте істейтін қызметкерлер үшін жұмыс берушінің есебінен қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыру енгізілді;
- тағы басқадай;
III кезең: 2004 жыл және одан кейінгі жылдары зейнетақы жүйесін реформалау одан әрі жалғасуда.
ТМД елдері мен халықаралық ұйымдардың сарапшыларының Қазақстандағы зейнетақы реформасын жоғары бағалауына қарамастан ҚР зейнетақы жүйесінде шешімін күтіп тұрған бірқатар проблемалар баршылық. Олар: болашақ ұрпақты (әсіресе әйелдерді, жұмыссыздарды, бюджеттік сала қызметкерлерін) қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы табысына барабар немесе одан да көп мөлшерде зейнетақы табысымен қамтамасыз ету; бағалы қағаздар рыногын дамыту; зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру [4, б. 4] .
Зейнетақы жарналарын жинақтаумен, инвестициялаумен, төлеумен байланысты туындайтын экономикалық қатынастар мен арнайы институттық құрылымдардың жиынтығы - зейнетақы нарығын білдіреді. Зейнетақы нарығына жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, банк-кастодиандар, зейнетақы орталықтары қатысады.
Қазақстанда зейнетақы нарығын ҚР - дағы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу қадағалау Агенттігі зейнетақы нарығына қызмет көрсетуші ұйымдар мен қорлардың қызметін лицензиялайды, қадағалап реттеп отырады (1-сурет) [5, б. 28] .
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі ЗТМО) - ҚР - ның 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-1 “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” сәйкес халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қызмет етеді. Оның 16 облыстық, Алматы, Астана қалалық филиалдары, барлық қалалар мен аудандарда бөлімшелері бар. Зейнетақы төлеу Мемлекеттік орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
- зейнетақы тағайындау және төлеу;
- зейнетақы, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда және жасына қарай берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және оларды төлеудің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы тұрғындарына Әлеуметтік жеке код тағайындау;
- орталықтандырылған деректер базасын құру.
Сурет 1. Қазақстандық зейнетақы нарығының құрылымы1
Алғашқыда зейнетақы активтерін басқарумен Зейнетақы активтерін басқару компаниясы - КУПА ғана айналысқан. Бүгінгі күні ол - Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (ЗАИБЖҰ) болып өзгертілген. ЗАИБЖҰ - заңды тұлға болып табылады. Ол акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаржы нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады. ЗАИБЖҰ ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестициялық басқару жөніндегі қызмет көрсетеді. Бекітілген талаптар мен нормативтер және меншікті капитал көлемі бойынша заңда көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда ғана ЗАИБЖҰ-ның қызметін ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу Агенттігі лицензиялайды.
ЗАИБЖҰ зейнетақы қорларының инвестициялық қоржының қалыптастырады, зейнетақы активтерін тұрақты бағалауды жүргізеді, зейнетақы активтерін алушыларға зейнетақы жинақтарын бағыттап отырады. Зейнетақы активтері - ЖЗҚ - ның ЗАИБЖҰ - ның басқаруындағы зейнетақы жинақтары. ЗАИБЖҰ тұрақты түрде өз қызметі жөнінде Зейнетақы қоры мен ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу агенттігіне есеп беріп отырады.
Қазақстандық зейнетақы қорлары өз қызметін ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау агенттігінің лицензиясы негізінде өзінің қызметін жүзеге асырады. Жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық қоржынды қалыптастыруда активтерді өз бетінше орналастыруға құқық берілген.
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам формасында құрылады. Олар уәкілетті органның келісімімен өз филиалдарын ашуға құқы бар. Міндетті зейнетақы жарна төлеу үшін жиңақтаушы тек бір қорды таңдауға және сол қормен зейнетақылық қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт пайымдауға міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті жарна төлеуден зейнеттік жасқа жеткен тұлғалар босатылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері - ҚР резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар болу мүмкін. Қордың меншікті капиталы акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдарынан, комиссиондық сыйақылардан, сонымен қатар меншікті капиталды орналастырудан түскен басқа да табыстардан, негізгі қызмет түрін көрсетуден түскен табыстардан құралады. Оны басқа ұйымдарды құруға жұмсауға, уақытша қаржылық көмек көрсетуге, кепілдіктер мен міндеттемелер ретінде пайдалануға тиым салынған.
ЖЗҚ - ның қызметінің негізгі принциптері:
- қорлардың жеке басқарылуы және салымшылардың қорларды өз еркімен таңдауы;
- қарапайымдылық, сенімділік, түсініктілік;
- мемлекеттік өкілетті ұйымдар тарапынан қатаң реттеу және қадағалау;
- операциялық тиімділік;
- салымшыға зейнетақы салымдары жөнінде ақпаратты мерзімінде ұсынып отыру.
Кастодиан банктер - клиенттердің (ЖЗҚ-ның) сеніп берген бағалы қағаздарына және ақшаларын жауапкершілікпен сақтау және есебін жүргізу жөнінде қызмет көрсететін банк.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің төлем көзінен ұсталынатын ай сайынғы табысының 10 пайыз мөлшерінде тағайындалған. Бұл міндетті зейнетақы жарнасын есептеу үшін пайдаланатын ай сайынғы табыс көлемі республикалық бюджетте тиісті жылға тағайындалған минималды айлық еңбекақының 75-реттік көлемінен аспауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналар есебінің тәртібі мен мерзімі, есептеуі мен есепшотқа аударуы Республика Үкіметімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларға еріктік зейнетақы жарналарын өз табыстары арқылы зейнеттік қаматамасыз ету жөніндегі келісімшарт негізінде салымшылар-жеке тұлғалар енгізеді. Салық салынғаннан кейін табыс арқылы алушының пайдасына енгізілген еріктік зейнетақы жарналар салымшысы ретінде жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Мұндай жарналардың мөлшері, есептеуі, төлеу мерзімі мен тағы басқа шарттары келісілген келісімшарта белгіленеді.
Кәсіби еріктік зейнетақы жарналары Үкімет аңықтаған мамандықтар тізіміне енген мамандағы бар жұмыскердің пайдасына түсетін салымшының меншік ақша құралдары болып табылады. Бұл жарналардың мөлшерлемесі зенеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартта белгілінеді, бірақ оның мөлшері нормативтік актілерде белгіленген жұмыскердің ай сайынғы табысының 10 пайызынан аспауы тиіс.
Агентпен уақытында есептелмеген және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналар сомасы салық органдарымен талап етіледі немесе агенттер оны салымшылардың пайдасына Ұлттық банктың белгіліген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1, 5-реттік мөлшеріндегі өсімімен есептеп аударылуға тиісті[6, б. 12] .
Жинақтаушы зейнетақы қорлар ашық және корпорациялық түрде болуы мүмкін. Ашық қорлар салымшылардан зейнетақы жарнамаларды қабылдауды алушының жұмыс орны мен мекен-жайынан тәуелсіз іске асырады. Корпорациялық жинақтаушы зейнетақы қоры осы қордың құрылтайшысы және акционері болатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы-жұмыскерлер үшін құрылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарды жинауды іске асыруға, өз іс-әрекеттеррі үшін комиссиондық сыйақы алуға, уәкілетті орган берген лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде дербес іс-әрекеттін іске асыруға, зейнеттік қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде жинақшының мүдделерін қорғауға, зейнетақылық келісімшарт шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыруға құқықтары бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары белгіленген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жасауды, зейнетақы қорландыру мен төлемдердің жеке есебін іске асыруды, жылына бір рет және салымшы мен алушының сұрауымен оарға зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде ақпарат беруді, алушының зейнетақы қорландыру ахуалы жөніндегі ақпараттарға құпиялылықты қамтамасыз етуді, заңнамаларға сәйкес зейнетақы жөніндегі заңның ережелері мен зейнетақы жөніндегі келісімшарт шарттарын бұзған үшін жауапкершілікті болуға, салымшы-алушының зейнетақы қорландыруларын бір қордан басқа қорға немесе сақтық ұйымға ауыстыруды, жинақтаушы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде лицензиясы болмаған орайда сондай іс-әрекетті атқаратын ұйыммен келісімшарт пайымдауға міндетті болып табылады. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналар есебінен зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде салымшымен келісмшарт пайымдауға, жинақтаушы зейнеақы қормен келісімшарт пайымдаған азаматтарға тең шарттар қамтамасыз етуді, әрбір жеке тұлғамен пайымдалған зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартқа кепіл қамтамасыз етуді, бұқаралық ақпарат құралдарында өз іс-әрекеттері жөніндегі заңнамалармен тыйым салынбаған ақпараттарды жариялауды өз міндетіне алады.
Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен жинақтаушы зейнетақы қорларына төменеде көрсетілгендерді жүзеге асыруға тыйым салынған:
- өндірістік іс-әрекет;
- уәкілетті орган белгіленнен басқа мүлік алып-сатуды іске асыру;
- сақтық іс-әрекет;
- зейнетақы активтерін кепілге беру;
- акциялардан басқа құнды қағаз шығару.
Жинақтаушы зейнетақы қорлардың зейнетақы активтері өздерінің комиссиондық сыйақыларына шегеру жасаған зейнақы жарнамалар, инвестициялық табыс және өсім мен залалдарды өтеуден түскен құралдар сомасынан қалыптасады. Зейнетақы активтері тек қана келесі мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін:
- уәкілетті орган анықтаған қаржы құралдарына жайғастыру;
- заңнамаларға сәйкестік зейнетақы төлемдерін іске асыру;
- зейнетақы қорландыруды басқа жинақтаушы қорға немесе сақтық үйымға ауыстыру;
- қате есепке алынған зейнетақы жарнамалар мен басқа есепке алынған ақшаларды қайтару;
- зейнетақы төлемдерін іске асыру мен зейнетақыны қорландыруды ауыстыруға байланысты шығындарды өтеу.
Кастодиандық келісімшартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлардың зейнетақы активтері банк- кастодианның шоттарында есептеледі және сақталады. Кастодиандық келісімшарт банк- кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қор және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды атқаратын ұйым араларында жасалады.
Жинақтаушы зейнетақы қордың бір банк- кастодианы болуы тиіс. Бұл банк зейнетақы активтерді жинақтау, оларды орналастыру, ивестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорға оның шоттарының ахуалы мен инвестициялық басқару іс-әрекет жөнінде ай сайын ақпарат береді. Банк-кастодиан жинақтаушы зейнетақы қордың зейнетақы активтерін мақсатты орналастырыуының бақылауын іске асырады және заңнамаларға сәйкес келмейтін операцияларды атқаруға міндетті.
Міндетті зейнетақы жарналарды салымшылар мен жинақтаушы зейнеақы қордан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары:
- міндетті зейнетақы жарналар арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорында сақтау;
- жинақтаушы зейнетақы қор міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде сол қорға 10 күнтізбелік күннің ішінде хабарлау;
- міндетті зейнетақы жарналарды аудару үшін агентке зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарт көшірмесін тапсыру;
- зейнеттік аннуитет жөнінде келісімшарт жасау;
- заңнамалар мен зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісмшарт шарттарына сәйкес басқа да міндеттемелерді атқару.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртібі бойынша агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларға міндетті зейнетақы жарналарын мезгілінде есептеп және төлеп отыруға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар келесі зейнеттік тәртіптерді тағайындайды:
- зейнеттік келісімшарттарды өзгерту немесе тоқтату жөні;
- зейнетақы жарналарын іске асыру мен төлеу шарттары мен жөні;
- алымшылар мен салымшылар алдындағы жинақтаушы зейнетақы қорлардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
- зейнетақы қорландыру ахуалы жөнінде мәлімдеу;
- зейнетақы қорландыруды бір жинақтаушы зейнетақы қордан басқа қорға ауыстыру шарттары;
- жинақтаушы зейнетақы қордың, инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымның және банк-кастодианның құрылтайшылары жөнінде салымшыларға мәліметтер беру;
Мемлекет «Зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде» атты Заңмен белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қордағы міндетті зейнетақы жарнамалардың енгізілген көлемінің бүтіндігіне кепіл береді. Зейнетақы қорландырудың бүтіндік кепілі келесілермен қамтамасыз етіледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz