Қоймадағы материалдың бухгалтериядағы есебі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Беті
КІРІСПЕ 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 7
8
1.1 ЖАСТАР -ПЛЮС ЖШС-НІҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... .
1.2 ЖАСТАР -ПЛЮС ЖШС-НІҢ ЕСЕПТІК-ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫН 13
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 13
17
2. ҚОЙМАДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН
БАҚЫЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 23

2.1 Қоймадағы материалдық қорлардың кіріс және шығыс есебін құжаттық 42
жабыдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
2.2 Қоймадағы материалдың бухгалтериядағы 42
есебі ... ... ... ... ... ... ... . 44

3. ҚОЙМАДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 Қоймадағы Материалдың есебін бақылау және олардың аудитін 48
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

4.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..

4.1 Талдаудың мақсаты мен міндеті және
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Материалдық құндылықтарды пайдалануды
талдау ... ... ... ... ... ...


ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындар шикізат пен материалдарды
ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге
жарамды өнім өндіруге, өның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге
мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорының материалдық
құндылықтарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы зор .
Бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол
Жастар-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын
сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып,
тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы
көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының қаржылық есебінің ұлттық
стандарттарына сәйкес және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар
мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, Жастар-Плюс
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жастар-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепке алынған
ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму
заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде
пайдаланылады.
Жастар-Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде материалдық
запастардың есебін дұрыс және жедел ұйымдастыру - есеп жұмысының негізгі
мәселесінің бірі болып табылады. Жастар-Плюс ЖШС-де материалдық
құндылықтардың наменклатурасы әртүрлі, сондықтан есептің негізгі міндетінің
бірі болып, олардың талдамалық және синтетикалық есебін дұрыс ұйымдастыра
отырып, қоймадағы есебі мен бухгалтериядағы есебін сәйкестендіру болып
саналады.
Жастар-плюс жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің алдында
материалдық құндылықтарды есепке алудың мынандай негізгі мәселелері бар:
тауарлық-материалдық құндылықтарды дер кезінде және толық есепке алу,
сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша
барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау
шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және
толық анықтау: көліктік-дайындау шығындары (КДШ) өндірістің шығындарына
апарудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру
мақсатында субьектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақтау
орындарындағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл
мәліметтерді алу.
Осы міндеттерге байланысты бұл дипломдық жұмыстың мақсаты зерттеу
жүргізіліп отырған кәсіпорын бойынша материалдық-құндылықтардың есебі мен
аудитін ұйымдастыру тәртіптеріне сипаттама бере отырып, оларды жетілдіру
бойынша ұсыныстар беру болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндттер болып мыналар
саналады:
- материалдық құндылықтардың экономикалық мағынасын анықтау, оларға
баға беру;
- материалдық құндылықтардың түсуі және шығыс есебіне сипаттама беру;
- материалдық құндылықтарға аудит жүргізудің тәсілдерін анықтау;
- тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдалануды талдау.
Жұмысты орындау барысында салыстырмалы талдау, айырмашылықтарды табу,
логикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Диплом алдындағы өндірістік тәжербие жұмыстың зерттеу объектісі болып
Алматы қаласында орналасқан Жастар-плюс жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі табылады.
Диплом алдындағы өндірістік тәжербие кіріспеден, негізгі бөлімнен,
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 4 кестеден тұрады.

1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Жастар -Плюс ЖШС-нің есеп саясаты

Жастар -Плюс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы, ҚР
Әділет басқармына тіркеліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодесі және
кәсіпкерлік қызметті лицензиялау туралы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен
айналысу үшін құрылған болатын. ЖШС ҚР салық Кодесіне сәйкес толық қаржы
және салық есебін жүргізеді.
Серіктестіктің банктік есеп айырысу шоты, салықтық тіркеу нөмірі,
өзінің жарғысы және балансы бар. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты
табыс табу болып саналады. Бұл серіктестіктің негізгі қызметі оның
жарғысына сәйкес төмендегілер болып саналады:
- құрылыс материалдарын дайындау және сату (кірпіш, қиыршық тас,
әйнек, пластик әйнектері, пластик терезелер мен есіктер);
- автокөлік қызметтері, соының ішінде жүк және жолаушылар тасымалы;
- көтерме сауда (қосалқы бөлшектер, тұрмыстық заттар).
Серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ
оның қызметінің ағымдағы жағдайын тексеру мақсатында және оны растау үшін
серіктестік, оның директоры мен оның қызметіне басқа да мүліктік
мүдделеріне қатысы жоқ тәуелсіз аудиторларды тартуға құқығы бар.
Серіктестіктің мүлкі қатысушыларының жарғылық қорға салған
салымдарынан, таза пайдасынан қалыптасады. Қатысушыларының жалпы жиналысы
серіктестіктің жоғарғы басқару органы болып табылады.
Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды
жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылар немесе олардың өкілдері
арасынан 5 жыл мерзім үшін тексеру комиссиясы құрылады. Серіктестіктің бас
директоры тексеру комиссияның мүшесі бола алмайды. Серіктестік ҚР-ның
заңдарына сәйкес бухгалтерлік және салықтық есеп берулердің дұрыс және әділ
жүргізілуі үшін жауапты болып саналады.
Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері
бойынша қаржы есебінің негізінде анықталады. Жастар -Плюс ЖШС-нің
табысы жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге, жұмсалған шығындарды жабуға
жұмсалады. Табыстың қалған бөлігі қытысушылардың жалпы жиналысындағы шешім
бойынша өндірісті ұлғайтуға, резерв жасақтауға, жарғылық қордың көлімін
ұлғайтуға, қатысушыларға пайыз түрінде табыс төлеуге бағытталады.
Кез келген ұйым сияқты Жастар -Плюс ЖШС-нің қаржы-шаруашылық
жағдайын бағалау үшін, баланс активтері мен олардың қалыптасу көздерімен
қатар, олардың технико-экономикалық көрсеткіштері арқылы талдау орынды.
Сонымен, зерттеу жүргізілген Сабыржан Company ЖШС-нің мәліметтері
негізінде оның технико-экономикалық көрсеткіштерін 1 кесте арқылы талдау
жүргізе аламыз.

1 кесте - Жастар -Плюс ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
Мың теңге
Көрсеткіштер Жылдар Ауытқу (+, -)
2007 2008 Мың теңге %
Негізгі құралдардың 21 000 59 070 +38070 +181,28
жылдық құны
Ағымдағы активтердің жылдық құны 2 164 8522 587 201 +422349 +19,5
Оның ішінде: 1 980 4312 442 540 +462 109 +23,33
Дебиторлық қарыздар
Ұйымтік қарыздардың орташа жылдық 3 991 3 530 -4,61 -0,12
құны
Орташа еңбек ақы мөлшері, теңге 68950 72105 +3155 +4,57
Орташа тізімдік жұмысшылар саны, 169 178 +9 +5,3
адам
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) 484 568 487 605 +3037 0,62
өткізуден түскен табыс, мың тг
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, 209 383 244 853 +35470 16,9
қызмет) өзіндік құны, мың тг
Кезең шығындары, тг 171 109 206 659 +35550 20,77
Таза табыс (залал), тг 104 076 36 093 -67983 65,32
Қор қайтарымдылығы, тенге 495,6 61,1 -434,5 87,67
Қор сыйымдылығы, тенге 0,20 1,63 1,43 7 (есе)
Өткізу рентабелділігі, % 21,49 7,4 - -14,09
Ескерту * - кесте Жастар -Плюс ЖШС-нің есеп мәлімететрі негізінде
дайындалды

Зерттеу жүргізілген Жастар -Плюс ЖШС-нің негізгі қызметтерін
жұмыстың кіріспесінде айтып өткенбіз. Яғни ұйымның негізгі қызмет мақсаты
шығындарды барынша төмендете отырып, жоғары деңгейде пайда табу болып
саналады. Соған орай ұйымның 2007 және 2008 жылдары қызмет нәтижесінің
жағымды екенін байқап отырмыз. Оның негізгі дәлелі ретінде 1 кестенің
мәліметерінен көріп отырғанымыздай, егер ұйымның 2007 жылғы таза пайдасы
104 076 мың теңге болатын болса, 2008 жылы 36093 мың теңге болып отыр.
Әрине, есепті жылы оның таза пайдасы 65,32 пайызға дейін төмендегенімен,
қазіргі қаржылық дағдарыс тұсында кәсіпорындар үшін бұл да төменгі
көрсеткіш болып саналмайды. Ұйымның таза пайдасының төмендеуіне кезең
шығндары мен өткізілген қызметтер мен өнімдердің өзіндік құндарының
жоғарылауы себеп болып отыр.
Ал осы ұйымның жұмысшыларға төлейтін еңбек ақы сомасы орта есеппен
алғанда 2008 жылы өткен жылға қарағанда 3155 теңгеге жоғарылаған. Сондай-ақ
ұйымның негізгі құралдарының құны да 38070 мың теңгеге өсіп отыр.

1.2 Жастар -Плюс ЖШС-нің есептік-талдау жұмысын ұйымдастыру

Кез-келген ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу және оны тиімді
ұйымдастыру осы ұйымда құрастырылған есеп саясаты мен салық саясатына
тікелей байланысты болады. Есеп саясаты - бухгалтерлік есеп
принциптері бойынша ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен
тәсілдерінің жиынтығы, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы
топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін
жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен
есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың
талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті
жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Жастар -Плюс ЖШС-нің есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі
бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым
басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері болып мыналар саналады:
- Жастар -Плюс ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін объективті
көрсету;
- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық
және шынайы ақпараттарды қалыптастыру.
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері мыналардан тұрады: бухгалтерлік
есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін
таңдауға әсер ететін факторларды табу; талдау және бағалау; есеп саясатын
құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін
бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын
рәсімдеу.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін
топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын
қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп
шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті
өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Жастар -Плюс ЖШС-нің өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен
қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік
құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік
есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады.
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Қазақстан
Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің
есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар
тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың
қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті
талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық
және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- Жастар -Плюс ЖШС-нің ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп
құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу
тәртібі;
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу
технологиясы;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің
маңызда мәселелерінің бірі.
Жастар -Плюс ЖШС-нің есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі
негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құықтық-ұйымдастырушылық нысаны;
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
шаруашылығы және т.б.);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа
тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесі мен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салық салудан босату, салық мөлшері және тағы
басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы ;
- Жастар -Плюс ЖШС-нің ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның
тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша );
- материалдық базасының болуы;
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының біліктілігі және
басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық
деңгейі;
- Кез келген Жастар -Плюс ЖШС-нің өзінің қызметін іске асыру
үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық,
сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай
болуы қажет.
- Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын
бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы
әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын
қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен
міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша
амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы
сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып
табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастыратын уақытта төменде аталған
бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу
әдістері;
- материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын
есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
- шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару)
есептеу әдістері;
- өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни
калькуляцияла жүйесі;
- жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату
әдісі;
- дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
- аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
- материалдық қорларды бағалау есептеу әдістері;
- негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
- курстық айырманы есептеу;
- тағы да басқалар.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте
қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері
коммерциялық құпия болып есептеледі.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы Жастар -Плюс ЖШС-нің құрылған
уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе
арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын
кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған
барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке
тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде
есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда Жастар -Плюс ЖШС-нің ішкі
құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер,
бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол турал түсініктеме
берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы Жастар -Плюс
ЖШС-нің басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен
рәсімделуі қажет. Жастар -Плюс ЖШС-нің қабылдап бекіткен есеп саясаты
сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу
мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі
салдарынан;
- жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы
да басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары Жастар -Плюс ЖШС-
нің есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты
кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына
қарамастан қолданылады. Жастар -Плюс ЖШС-нің филиалдарының , еншілес
және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелеоінің өзіндік
бухгалтерлік есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы
болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар
бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік
қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі
жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға
қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер
енгізілген болса) жазылады.
Жастар -Плюс ЖШС-де бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер мен кассир
атқарады. Бас бухгалтер кәсіпкердің тоқсандық, жылдық есептілігін, салық
есептілігін және статистикалық есепті дайындайды және дер кезінде тиісті
салық комитеті мен сатистика агенттігіне тапсырып отырады. Сонымен қатар
Жастар -Плюс ЖШС-нің бас бухгалтері есеп және салық саясатын
дайындайды, заңдылықтар мен заң күші бар нормативтердің өзгеруіне
байланысты есеп сасатына өзгерістер енгізеді. Ұйымда бухгалтерлік есеп
жұмысы автоматтандарылған.
Ал кассир касса операциялары мен есеп айырысу операцияларын жүргізетін
болса, қойма меңгерушісі негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар,
шикізат, дайын өнім есебін жүргізеді.

2. ҚОЙМАДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ

2.1 Қоймадағы материалдық қорлардың кіріс және шығыс есебін құжаттық
жабыдықтау

Зерттеу жүргізілген Жастар- Плюс ЖШС-де материалдарды жеткізу
келісім шартының орындалуын, қорлардың түсуін және кірістелуін бақылауды
ұйымның жабдықтау бөлімі жүзеге асырады. Түскен материалдар бойынша есеп
айырысу құжаттары (төлем тапсырмалары, шот фактуралар және т.б.) оларға
тіркелген басқа да құжаттармен бірге жабдықтау бөліміне немесе басқа да
ұқсас бөлімдерге жіберіліп, ол жердегі жауапты тұлғалар құжаттарды түскен
жүктердің есебі журналына (ү. М-1) тіркеп, онда тіркеу нөмірін, жазудың
күнін, жабдықтаушының аталауын, көлік құжатының күні мен нөмірін, шоттың
нөмірі мен сомасын, жүктің тегін, кіріс ордерінің немесе қабылдау актісінің
нөмірі мен күнін, жүкті іздестіру жөніндегі белгі анықтамасын (ескерту
бөлімінде шоттың төленгенін немесе қайтарылғанын белгілеп) көрсетіп, осы
құжаттардағы мәліметтерді материалдарды жеткізу келісім шартындағы, яғни
олардың саны, бағасы, жөнелту мерзімі сияқты мәліметтермен сәйкестігін
салыстырады; карточкаға немесе жедел есеп кітабына жеткізу келісім шартының
орындалғаны жөнінде тиісті жазуларды көрсетіп, есеп айырысу құжаттарын
акцептеп немесе акцептеуден бас тартудың негіздемесін жасап, жауапты
тұлғаға материалдық құндылықтарды алу және жеткізу үшін тапсырма бергеннен
кейін, құжаттарды қаржы немесе есеп бөліміне тапсырады. Жабдықтаушылардан
түскен материалдарды қабылдау Кіріс ордерлерімен (ү. М-4)
жабдықтаушыларға есеп айырысу немесе басқа да жөнелтілім құжаттарын беру
арқылы жүзеге асырылады. Кіріс ордерлері нақты қабылданған материалдар үшін
қойма меңгерушісінің және экспедитордың қол қоюымен жасалуы қажет. Бір күн
ішінде бір жабдықтаушыдан бірнеше рет бір типті материалдардың (әктас,
көмір, құм, кесек тас, қиыршықтас және т.б.) жаппай көлемі қабылдантын
болса, онда осы күн үшін бір кіріс ордерін рәсімдеуге рұқсат етіледі.
Сонымен бірге әрбір қабылданған материалдар үшін кіріс ордерінің екінші
жағына тиісті жазуларды жазып, күннің соңында олар қосылып, жалпы жиынтығы
кіріс ордеріне түсіріледі.
Егер материалдық қорлар темір жол немесе су транспортымен келсе, онда
көлік ұйымының түбіртектері экспедиторға беріледі. Экспедитор бекетке
келген материалдардың орын сандары және массасы бойынша қабылдап алады.
Жүктің толықтай сақталғанына күмән болатын болса, экспедитор көлік ұйымынан
жүктерді тексеру жөнінде талап ете алады. Егер жүк орындарының немесе
массасының жетіспеушілігі, ыдыстар мен материалдардың бұзылғаны анықталса,
онда олар көлік ұйымына немесе жабдықтаушыға талап қоюдың негізі болып
табылады. Экспедитордан материалдар қоймаға қабылдану кезінде материалдық-
жауапты тұлға (қойма меңгерушісі, қоймашы) жабдықтаушының құжаттарымен
түскен материалдардың санын, сапасын және түрлерінің сәйкестігін тексереді.
Көрсеткіштер сәйкес келген жағдайда материалдық – жауапты тұлға кіріс
ордерін (ү. М-3 және М-4) толытырады. Егер жүктер автокөлікпен
тасымалданса, онда ұйымға материалдарды қабылдау жүк жөнелтуші жақтың
тауарлық-транспорттық жүкқағазымен (ү.Т-1, ТМ-2) жүзеге асырылады. Тауарлық-
транспорттық жүкқағазы төрт данада толтырылады, оның біріншісі - жүк
жөнелтуші жақтан материалдарды есептен шығару үшін; екіншісі – қабылдаушы
ұйыммен жүкті қабылдау үшін; үшіншісі – автокөлік ұйымымен есеп айырысу
үшін; төртіншісі – транспорттық жұмыстардың есебін жүргізу үшін негіз болып
табылады.
Құжатсыз түскен материалдар актімен кірістеледі. Актіні қабылдау
комиссиясы материалдық жауапты тұлғаның, жабдықтаушы жақтың өкілінің немесе
мүдделі жақтың міндетті қатысуымен екі данада толтырылады. Материалдарды
қабыдағаннан кейін актінің бір данасы құжаттардың қосымшасымен (жүкқағазы,
специяфикация және т.б.) материалдар қозғалысынң есебін жүргізу үшін есеп
бөліміне, екінші данасы жабдықтаушыларға талап қою үшін жабдықтау бөліміне
немесе есеп бөлімшесіне тапсырылады. Ұйымға түсетін материалдар дер кезінде
тиісті қоймаларға кірістелуі қажет. Егер өндірістің мүддесі үшін кейбір
материалдардың партиясы тікелей құрылыс учаскілеріне жіберу дұрыс болатын
болса, онда есепте материалдардың мұндай партиясы қоймаға түскен және
учаскіге берілген материалдар болып көрсетіледі. Мұндай кезде учаскінің
қоймасындағы кіріс және шығыс құжаттарына материалдар жабдықтаушы-лардан
қоймаға кірістелмей-ақ қабылданды және учаскіге берілді деп белгі қойылуы
қажет. Қоймаға кірістелетін материалдар жөнелтілім құжатарындағы
көрсетілген мәліметтермен, яғни түрлері, саны, сапасы, көлемі жағынан қатаң
салыстырылуы қажет. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа
материалдар тиісті өлшем бірліктермен (салмағы, көлемі, шоты бойынша)
кірістелуі қажет, егер материал бір өлшем бірлікпен (салмақпен) кірістеліп,
екінші өлшем бірлікпен (шот бойынша) жұмсалатын болса, онда оларды
қабылдау, сақтау және жіберу құжаттары мен есеп регистрлерінде екі өлшем
бірлікпен көрсетілуі тиіс.
Кейбір жағдайларда (материалдар партиясы техникалық қабылдау
процесінде, зертханалық сынақтарда немесе шоттарды акцептеуден бас тарту
жағдайында болса) материалдар уақытша сақтауға қабылданады. Мұндай
материалдарды қоймашы немесе қойма меңгерушісі дер кезінде арнайы кітапқа
жазуы қажет. Бұл кітапқа жазу Қабылдауды күтудегі материалдар, Уақытша
сақтаудағы материалдар бөлімшелеріне, ал осы топтардың ішінде –
материалдар партиясы бойынша жүргізілуі тиіс.
Мұндай материалдар қоймада бөлек сақталып, қабылдау нәтижесі толықтай
анықталғанға дейін шығысқа жатқызылмайды. Ұйымның өзі дайындаған немесе
өңдеген материалдарды қоймаға тапсыру кезінде жөнелту үшін (ішкі орын
ауыстыру) жүкқағазы-талабы екі данамен толтырылады. Оның біреуі - тапсырушы-
цехтан материалдарды есептен шығару үшін негіз болса, ал екіншісі – қоймаға
жіберіліп, кіріс құжаты ретінде пайдаланылады. Осы жүкқағазымен (накладной)
өңдеуден алынған және өндірісте пайдаланылмаған материалдардың, құрылыс
ұйымының ішінде материалдардың ішкі орын алмасуы (бір қоймадан екінші
қоймаға, бір учаскіден келесі учаскіге), материалдардың қалдығын немесе
ақау материалдарды тапсыру, негізгі құралдарды жоюдан және уақытша құрылыс-
жайларды бұзудан алынған материалдардың кірістелуі рәсімделеді. Зерттеу
жүргізген ұйымның қосалқы шаруашылығы өндірген өнімдері қоймаға екі данамен
жазылатын жүкқағазымен (ү. М-12 бір жолды және М-13 көп жолды) кірістеледі.
Материалдық қорлар тек жабдықтаушылардан ғана емес, сонымен қатар есеп
беруге тиісті тұлғалар арқылы да кірістеледі (мысалы, шаруашылық және кеңсе
тауарлары). Сатып алынған тауарлардың құндарын куәландыратын құжаттар болып
шаруашылық операциялары, сатып алудың күні, орны, сатып алынған тауарлық-
материалдық құндылықтардың атаулары, бағасы, саны көрсетілген тауар чектері
(фискалдық чектер) немесе актілер (анықтамалар) табылады. Бұл құжаттар есеп
беруге тиісті тұлғаның аванстық есебіне тіркеледі.
Шикізаттар мен материалдарды, отын мен жартылай фабрикаттарды
өндіріске жөнелту деп олардың тікелей нан өнімдерін өндіруге жіберілуін
айтамыз.
Сонымен қатар бұған жөндеу және шаруашылық мақсаттары үшін, басқа
жаққа, сондай-ақ артық немесе өтімсіз материалдық қорларды сату үшін
жіберілгендерді жатқызуға болады.
Материалдар, отын, жартылай фабрикаттар мен басқа қосалқы материалдар
өндіріске салмағы, көлемі немесе шоттар бойынша бектілген шығын
нормативтері және өндірістік бағдарламаларға қатаң сәйкестендіріліп
жіберілуі қажет.
Ұйымның әрбір қызмет бөлімінде қоймадан материалдарды алу үшін,
сонымен қатар ұйымнан материалдарды шығару үшін құжаттарға қол қою құқығына
ие тұлғалардың тізімі болуы тиіс.
Нан өнімдері өндірісіне материалдарды жіберу алдын ала бекітілген
лимиттердің (шектердің) негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Өндіріске материалдарды лимитттеу алдына ала бекітілген материалдар
шығынының прогрессивті нормаларына, есепті айдың басындағы учаскіде
пайдаланылмай қалған материалдарды есепке ала отырып, учаскінің өндірістік
бағдарламаларына негізделуі қажет.
Өндіріске жіберілетін материалдарды лимиттеу ұйым басшысының
тапсырмасы бойынша жоспарлау бөлімінің есептеулеріне негізделіп жабдықтау
бөлімімен немесе басқа да бөлімдермен жүзеге асырылады.
Материалдарды жіберуге бектілген лимиттер материалдар қалдығының
лимитін нақтылау кезінде, материалдарды ауыстыру немесе қателерді түзету
барысында өзгертілуі мүмкін. Лимиттерді өзгерту оларды бекіткен тұлғалар
арқылы орындалады.
Лимиттенген материалдарды өндіріске жіберу шектеп-алу карталары
(ү. М-8) негізінде рәсімделеді.
Шектеп-алу карталарын жабдықтау бөлімі немесе басқа да бөлімдер
материалдардың бір немесе бірнеше түрлері бойынша шығынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Пәндер