Республикалық маңызы бар қала бюджеті


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Мемлекеттік бюджет мәні, бюджет жүйесі және бюджет тапшылығының мазмұны . . . 8
1. 2 Фискалдық саясат - бюджет тапшылығын басқаруды қамтамасыз ететің механизм ретінде . . . 18
1. 3 Бюджеті бекіту үрдіснің сипаттамасы және оның тапшылықтарын болжау әдістері . . . 25
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҚТАРЫН БАСҚАРУ ПРОЦЕСТЕРІ . . . 33
2. 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін талдау . . . 33
2. 2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттің орындалуын талдау және бюджет тапшылықтарын басқару (Астана қаласы мысалы негізінде) . . . 49
2. 3 Фискалдық саясаттың құралы ретіндегі бюджеттің орындалуын
талдау (Астана қаласы мысалы негізінде) . . . 53
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ тапшылығын басқаруды жетілдіру . . . 62
3. 1 Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру
үрдісін жетілдіру . . . 62
3. 2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің
тиімділігін арттыру жолдары . . . 71
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79
ҚОСЫМШАЛАР . . . 81
КІРІСПЕ
Кез келген мемлекеттегі бюджеттік саясат, бейнелі түрде айтатын болсақ, шектелген қаржылық ресурстарды қоғамның бәсекелес мұқтаждықтары мен қажеттіліктері арасында бөлу үрдісі болып табылады. Бюджет қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін жүзеге асырудағы маңызды элемент болып табылады, себебі, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы әр түрлі мәселелерді шешудің барлық альтернативті көздері мен жолдары бюджеттің ақиқаттығымен алдын ала анықталған. Себебі, кез келген іс-шаралар мен жүзеге асырылатын бағдарламалар бюджеттік ресурстардың белгілі бір қатысуын талап етеді. Бюджеттік саясат Үкіметпен және жергілікті жерлердің билік органдарымен іске асырылатын ең маңызды қызмет саласы болып табылады. Мемлекеттің бюджеттік саясатын жүзеге асыру ұйымдастырушылық инфрақұрылымның қызмет етуін қамтамасыз етеді, яғни адамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл кезде, «қажеттілік − пайда табу (қажеттіліктерді қанағаттандыру) − қажеттіліктердің жаңа деңгейі» деп аталатын экономикалық үштік заңдылығын еске ала отырып, бюджеттік саясат өркениеттің әрбір даму кезеңінде қажеттіліктердің жоғары спектрін қамтамасыз ету үшін үздіксіз дамуды және жетілдіруді талап етеді. Өз кезегінде, ақша қорларын қалыптастырудың және оларды қоғамға көрсетілетін, бірі-бірімен бәсекеге түсетін қызмет түрлері арасында бөлу халық мұқтаждықтарына максималды түрде жауап беретін, тиімді және «жоғары сапалы бюджеттік өнім» болуы керек.
Қазіргі күндер шынайылығы бюджетті қалыптастыру және орындау үрдісіне жаңа тәсілді талап етеді. Бюджеттік саясатты іске асыру кезекті құжаттардың сәйкесінше пакеттерін қалыптастыру ғана емес, басқарудың циклдік, үздіксіз үрдісі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында дамудың әлеуметтік-экономикалық реттеу құралы ретінде әр түрлі бюджеттік рычагтар қолданылады: салықтық түсімдерді бюджеттің әр түрлі деңгейлері арасында бөлу, әр түрлі трансферттер, дотациялар мен субвенциялар, кірісті және шығысты өкілеттіктерді реттеу. Бюджетаралық қатынастардың тұрақты, айқын және «таза» ережелерін орнату, оларды обьективті критерийлер мен әдістер негізінде заңдастыру, бюджеттік кірістерді бөлшектеп теңестіруді іске асыратын орталығы бар аймақтық билік органдарымен өзінің кірістік базасын бекіту үшін стимулдардың рационалды үйлесімділігі оларды қолданудың жалпы принциптері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің және еліміздегі фискалдық саясаттың әдістемелік негіздері, атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің мәні, бюджет жүйесі, фискалдық саясатының мәні, мақсаттары, сонымен бірге мемлекеттік бюджет фискалдық саясаттың құралы ретінде қарастырылады. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы фискалдық саясатындағы бюджет жүйесінің рөлі туралы сөз қозғалады. Еліміздің фискалдық саясатына және бюджет жүйесіне талдау жасалады, мемлекеттік бюджетті басқару туралы айтылатын болады. Фискалдық саясаттың құралы ретіндегі бюджеттің орындалуына талдау жасалады. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары қарастырылады. Бюджеттік үрдісті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылады және Қазақстан Республикасында бюджеттік саясаттың прогрессивті дамуына жағдай жасайтын, бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістемелері ұсынылады.
Белгілі бір салада, әсіресе экономика саласында масштабты және күрделі қайта құрылым жасаудың алғышарты міндетті түрде нақты жағдайға терең, бөліктеп талдама жасау және зерттеу үрдісі, сонымен қатар қалыптасқан жағдайдың обьективті және субьективті себептерін анықтау болып табылады. Осы мақсаттар «Мемлекеттік бюджет фискалдық саясаттың құралы ретінде және оның Қазақстанда қолданылу ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмысты жазу кезінде көзделген болатын.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттік бюджет мәні, бюджет жүйесі және бюджет тапшылығының мазмұны
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну үрдісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді [1] .
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үрдістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары − салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үрдісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (Сурет 1) .
Мемлекеттің
орталықтандырылған
ақша қоры
Экономикалық
категория
Әлеуметтік-экономикалық
дамуды басқару механизмі
Сурет 1 − Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау үрдісінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субьектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үрдісі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады [2] .
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
1) мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
2) федерация мүшелерінің бюджеттері;
3) жергілікті бюджеттер;
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан − федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (сурет 2) :
− республикалық бюджет;
− облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
− ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет − араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі
Мемлекеттік (төтенше
мемлекеттік) бюджет
Республикалық
бюджет
Облыстық
бюджет
Астана
бюджеті
Республикалық
маңызы бар қала
бюджеті
Ауданның
(облыстық
маңызы бар
қаланың)
бюджеті
Ауылдық
округтер мен
кенттердің
бюджеті
Астана
ауданының
бюджеті
Республикалық
маңызы бар қала
ауданының
бюджеті
Сурет 2 − Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет − араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет − мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет [3] .
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет − бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) − облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т. б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді.
Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың обьективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Реалистік қағидаты − параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет.
Транспаренттілік қағидаты − бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет үрдісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылданған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты − бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты − бюджеттік үрдісті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты − бюджеттік үрдіске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылығы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Бюджет тапшылығы дегеніміз ол жоспарланбаған шығындарға байланысты бюджетің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен артуы. Жалпы теориялық көз қарастан бюджет тапшылығының себептері ретінде келесі факторларды жатқызуға болады:
- мемлекеттегі пайда болған экономикалық дағдарыс және басқа да кездейсоқ пайда болған апаттар (табиғи, экологиялық, әлеуметтік және технологиялық) ;
- халықаралық экономикалық процестерінің теріс әсер етуі;
- фискалдық саясаттың жүзеге асырылуының тиімсіздігі;
- салық жүйесін нарықтық экономикаға байланысты дамытпау т. б.
1. 2 Фискалдық саясат - бюджет тапшылығын басқаруды қамтамасыз ететің механизм ретінде
Көп жағдайда дамыған елдерде бюджет тапшылығы бір факторларға байланысты пайда болғанда негізгі экономикалық механизм ретінде фискалдық саясаты қарастырып оны жетілдіру және дамыту жолдарын қарастырады. Осыған байланысты фискалдық саясаттың негізгі мақсаттырының бірі болып ол бюджет тапшылығын басқару болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz