Шағын бизнесті демеу шаралары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1 Қазіргі заманғы кәсіпкерліктегі маркетингтің экономикалық мазмұны

1. 1 Маркетингтің мәні, түрлері және жіктелінуі

1. 2 Кәсіпкерліктің теориясы, және экономикалық мазмұны

1. 3 Кәсіпкерлік жүйедегі маркетингтің қолданылуының теориялық негізі

2 ҚР кәсіпкерлікті дамытудағы маркетинг жүйесін қолдануды талдау

2. 1 ҚР кәсіпкерліктің қалыптасуы мен жандануын зерттеу

2. 2 АҚ ШК “ЭФЕС-КАРАГАНДА” кәсіпкерлік қызметінде маркетингті қолдануды талдау

2. 3 АҚ ШК “ЭФЕС-КАРАГАНДА” бәсекеқабілеттілік қызметін талдау

3 Қазақстанның кәсіпкерлік саласында маркетингті қолдануды жетілдіру

3. 1 Отандық бизнес-жүйеде маркетинг механизмдерін қолданудың негізгі бағыттары

3. 2 Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтің келешектік мүмкіндіктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі өркениетті дүниенің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салаларының бірі кәсіпкерлік. Сонымен қатар, шағын бизнес қоғамның экономикалық-әлеуметтік прогресінің маңызды факторы болып табылады. Ірі бастапқы инвестициялық салымдарды талап етпейтін және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығын кепілдейтін шағын кәсіпорындар экономиканы қайта құрылымдау мәселелеріне тез және тиімді шешуге қабілеті бар. Нарық коньюнктурасының өзгерістеріне жедел көңіл бөле отырып, шағын кәсіпкерлік экономикаға қажетті икемділікті қамтамасыз етеді.

Кейінгі жылдары шағын және орта кісіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Оның экономиканы жаңдандурудағы адамдарды жұмыспен, жалақымен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бізде де ол жайлы бүгіндері аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Кәсіпкерлікке анықтама беретін болсақ - ол нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортанын нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік алдымен нарықтық тауармен молығуына және жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар мемлекеттің экономиқалық дамуында оның тұрақтылығынын индикаторы есепті орта тапта жасақтайды.

Қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлікті дамытудың негізгі қозғаушы күші жоғары дамыған маркетинг. Маркетинг бүгінгі таңда тек нарықта тауарды жылжыту ғана емес. Тұтынушыға тауарды сату ол шаруашылық міндеті. Ал, маркетинг арқылы кәсіпорындарға тұтынушыларға қажетті тауарларды өндіру жүзеге асырылады. Маркетинг өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын екі жақты үрдіс.

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындарының жалпы санынын ішінде шағын фирмалар үлесі 80-99% қамтып отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі - ғылыми-техникалық погресстің бір қозғаушы күшіне айналды. Кәсіпкерліктің ең негізгі мәселелерінің бірі - ол қаржы ресурстарынын жетімсіздігі және оның несиеге алудағы қиындықтар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - АҚ ШК “ЭФЕС-КАРАГАНДА” сыра қайнату зауытының қызметінің маркетингтік қызметін талдау. Негізгі -мақсат кәсіпорын қызметіне теориялық талдау жасау және нарықтағы сыра өнімдерінің орналасуын зерттеу. Зерттеу объектісі АҚ ШК “ЭФЕС-КАРАГАНДА” сыра қайнату зауыты.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлінен және қорытынды бөлімінен құралады: бірінші бөлімде - негізгі теориялық аспектілер берілген; екінші бөлімде - кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады; үшінші бөлімде - отандық кәсіпкерлікті дамытудағы маркетингтік іс- шаралармен негізгі бағыттар, қорытынды бөлімде - барлық жұмыс бойы талданған мәләметтер тұжырымдалынады.

1. Қазіргі заманғы кәсіпкерліктегі маркетингтің экономикалық мазмұны

  1. Маркетингтің мәні, түрлері және жіктелуі

Біздің еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі біз үшін жаңа маркетинг сияқты әдісті жан-жақты қолдануды талап етеді.

Дәл қазіргі уақытта «маркетинг» сөзі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, нарықты зерттеу және болжау негізінде, нарықта жұмыс істеу стратегиясы мен тактикасын өңдеу барысында пайда алуға ұмтылатын кәсіпкерлер, экономистер, іскер адамдар дискуссиясында жиі қолданылады.

Маркетинг нарықпен тікелей байланысты ғылыми пән болып табылады. Барлық экономикалық субъектілерді олардың сатып алу және сату қызметтеріне сәйкес екі топқа бөлуге болады. Сатып алушыларға фирмалардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланылатын тұтынушылар, тауар өндіру және қызмет көрсету үшін еңбек, капитал және шикізат сатып алатын фипмалар жатады. Сатушыларға өзінің тауалары мен қызметтерін сатушы фирмалар, өзінің жұмыс күшін сататын еңбеккерлер және ресурстардың иелері жатады. Бір айтарлығы фирмалар мен адамдардың көпшілігі, бір мезгілде сатып алушы және сатушы болып әрекет етеді, бірақ біз үшін оларды сатып алушылар деп санаған ыңғайлырақ, ал олар бір затпен сауда жасаған кезде сатушылар болады.

Сатып алушылар және сатушылар өзара әрекет ете отырып нарықты құрайды. Нарық өзара әрекеттер қорытысында айырбастың болуы мүмкіндігіне әкелетін сатып алушылар және сатушылар жиынтығы, яғни айырбас аясы деп аталады. Қандай да бір тауар нарығының түсінігі кәсіпорындар үшін айрықша маңызды: осы термин арқылы айырбастың аталмыш аясында қызметін жүргізуші фирмалардың барлық жиынтығы анықталады, яғни әлеуметтік және шын мәніндегі нақты бәсекелестерді білуге болады, бұл дегеніміз - фирмалардың қызметін алдау және оның стратегиясын жоспарлау үшін өте маңызды. «Сатушы» нарығы және «сатып алушы» нарығы түсініктері қолданылады.

Маркетинг өмірдің шынайы қажеттіліктеінен туындайды . Маркетингтің кейбір элементтерінің (мысалы, баға және жарнама ) бірнеше мыңдаған жылдық тарихы бар.

«Маркетинг» түсінігінің негізінде «нарық» термині жатыр және ол нарықтық қызметті неғұрлым терең түрде ұғындырады. Классикалық түсінуде маркетинг тауар мен қызметтің өндірушіден тұтынушыға немесе пайдаланушыға жылжуын басқаратын немесе оларды жасап шығару, өткізу арқылы болжанатын және қанағаттандырылатын әлеуметтік процесстегі кәсіпкелік қызмет ретінде анықталынады.

Бұл маркетингтің «дәстүрлі» анықтамасы, мұндағы бастысы тауарлар мен қызметтердің физикалық орнын ауыстырулары алдын-ала болжанады. Осыған байланысты бірқатар кемшіліктерге жол беріледі - өткізу арналары мен тауар қозғалысының рөлі үлкейтіліп көрсетіледі. Одан басқа, маркетингтің қазіргі анықтамасы тауарлар мен қызметтермен айрықша шектеліп қалуға тиісті емес, өйткені ұйымдар, адамдар, жекелеген аумақтар және идеялар оның объектілері болуы мүмкін.

Американдық маркетинг ассоциациясы (АМА) дәстүрлі анықтаманы қазіргі заманға неғұрлым сай анықтамамен ауыстырады: «Маркетинг - жоспарлау және олардың орындалу процесі, баға белгілеуді, идеяларды алға жылжыту мен оны жүзеге асыруды, айырбас арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізуді білдіреді».

Тұтынушыларға қажетті тауарларды өндіру және ұсыну үшін олардың талап-тілектерін үнемі зерттей отырып, сұранымды болжауға болады.

Сұранымды басқару кәсіпорын ұсынатын тауарларды (қызметтерді) сатып алу мүмкіндігін физикалық тұрғыдан жеңілдетуге, тұтынушылардың ұмтылушылығын ынталандыруға негізделген.

Сұранымды қанағаттандыру - бұл тек осы кезде бар тауарлар мен қызметтердің қалыпты қызметін жүргізулері ғана емес, сонымен қатар түрлі нұсқаларға қол жеткізу және оларды пайдалану және сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Маркетингтің маңызды жақтарының біріболашаққа бағдарланушылығы, еретін анықтамасы: «Маркетинг» - тауар өнімдерін ұсыну жолымен қажеттіліктерді қанағаттандырудан тұратын процесс. Келтірілген анықтамалардан көрініп тұрғандай, кез-келген анықтамадағы бастысы тұтынуға бағдарланушылық болып табылады.

Маркетингтің мақсаты - сұранымды қалыптастыру және ынталандыру, фирмалардың жоспарлары мен қабылданатын басқару шешімдерінің негізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сату көлемін, нарықтағы үлес пен сауданың көлемін кеңейту болып саналады. Не сатылып жатыр - соны өндіру, не өндірілуде - соны сатпау - бұл кәсіпорындардың өндірістік өткізу қызметін маркетингтік тұрғыдан басқарудың негізгі ұраны болып табылады.

Басқаша айтқанда, кәсіпорын өнімді шығармас бұрын нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерттеп, алынған деректер бойынша тауарларды өңдей түсіп, жетілдіргеннен кейін ғана онымен нарыққа шығу қажет.

Маркетинг - бұл тауарды итермелеу және күштеп сату емес, қайта сатып алушылардың талап тілектерін талдау және оның есебін жүргізудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы, нарықтың нақты сегментінің талаптары, жаңа тауарларды дайындау, оны сатуды ұйымдастырудың жүйесі, ынталандыру және жарнама жөніндегі шаралар болып саналады. Бұл сондай-ақ тауар қозғалысы арналарының тиімді жүйесін ұйымдастыру.

Ф. Котлер мынадай анықтама береді: «Маркетинг билігін төмендетіп, - айырбас арқылы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі». Қажеттіліктер мен қатар тауар айырбас, мұқтаждық, сұраным, келісім - маркетингтің негізгі категориялары.

Маркетинг негізіне жататын бастапқы идея адамдардың мұқтаждық идеясы болып саналады. Адамдардың мұқтаждығы алуан түрлі және күрделі. Бұл жерде тамаққа, киімге, жылуға, қауіпсіздікке деген негізгі физиологиялық мұқтаждық және әлеуметтік мұқтаждықтарды айтуға болады.

Талап - тілектер. Адамдардың қажеттіліктері шексіз, ал оларды қанағаттандыру үшін ресурстар шектеулі, сондықтан адамдар өзднрінің қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде неғұрлым қажетті тауарларды таңдай білуі тиіс. Талап-тілек төлем қабілеттілікпен шектелген қажеттілік болып саналады.

Адамдардың мұқтаждықтары, талап - тілектері тауарларды шығарудың қажеттілігін тудырады.

Тауар - қажеттілікті немесе мұқтаждықтың қанағаттандыра алатынның барлығы және ол тұтыну мақсатында нарыққа ұсынылады.

Алдын - ала болжау жасалық: әйел сұлу болып көрінсем деген мұқтаждықты басынан кешіруде, бұл мұқтаждықты қанағаттандыруға тауардың баршасы қабілетті, біз болсақ таңдау үшін тауар ассортиментін атаймыз. Бұл ассортимент өзіне косметиканы, жаңа киімді, курорттық күнге қыздырынуды, косметологтың қызметін, пластикалық операцияларды және т. б. кіргізеді.

«Тауар» тусінігі физикалык обьектілермен шектелмейді.

Мұқтаждықты өтей алатын қызмет түрін тауар деп атауға болады. Бұйымдар мен қызмет түрлерінен басқа, бұл жеке адам, орын, ұйымдар, қызмет түрлері және идеялар болуы мүмкін. Теледидардан қандай көңіл көтеретін хабар көргісі келеді, демалысқа қайда бару керек, қай ұйымдарға көмектескен дұрыс, қандай идеяларды қолданған жөн - осылардың барлығын тұтынушылардың өзі шешеді.

Тауар тұтынушының талап-тілегіне толық сәйкес келген сайын, өндіруші соғұрлым мол табысқа қол жеткізеді.

Логикалық қорытынды мынада: өндірушілер тауарларын сатқысы келетін өздерінің тұтынушыларын іздеп тауып, олардың қажеттіліктерін анықтап, содан кейін осы қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын тауарлар шығаруы тиіс.

Адамдар өз мұқтаждықтары мен талап-тілектерін айырбас көмегімен қанағаттандыруды шешкен жағдайда, маркетинг орын алады. Айырбаc -орнына айырбасқа бір зат ұсына отырып, қандай да бір өзі қалайтын обьектіні алу актісі.

Айырбас жеке тұлғалар өздері қалайтын обьектіні ала алатын төрт тәсілдің бірі болып саналады. Мысал үшін, ашыққан адам келесі тәсілдермен тамақ табуы мүмкін: аңға щығу, балық аулау, жидек жинау(өзін-өзі қамтамасыз ету), тамақты біреулер ұрлау, сұрап алу (қайыр тілеу), сонымен қатар тамақты ақша, басқа тауар немесе қандай да бір қызмет түріне айырбастауды ұсыну. Мұқтаждықтарды қанағаттандырудың төрт тәсілінің ішінде айырбас неғұрлым басымдыққа ие. Бұл арқылы адамдар басқаларлың құқына қол сұқпайды, әлдекімдердің қайырымдылығына тәуелді болмайды, бірінші қажеттіліктегі затарды өндіруге мәжбүр болмайды. Өздері жақсы меңгерген өндіріске күш жұмсап, содан кейін өнімдерін басқалардың жасап шығарған заттарының ішіндегі өзіне қажеттіліктеріне айырбастайды. Нәтижесінде қоғамдағы тауарларды өндірудің жиынтығы өседі.

Айырбас-маркетингтің негізгі түсінігі. Ерікті айырбас жасау үшін бес шарт сақталуы қажет:

1. жақтар ең аз дегенде екеу болуы қажет;

2. әр жақ екінші жаққа ұсынатын зат болуы керек;

3. әрбір жақ коммуникацияны жүзеге асыруға және өз тауарын жеткізіп бере білуге қабілетті болуы қажет;

4. әрбір екінші жақтың ұсынысын қабылдауға немесе содан бас тартуға ерікті болуы тиіс;

5. әрбір жақ екінші жақпен істе байланысты болудың дұрыстығына немесе оны қалайтындығына сенімді болуы керек.

Бұл бес жағдай бар болғаны айырбастың мүмкіндіктерін туғызады. Ал айырбас оның шарттары туралы жақтар арасындағы келісімге қатысты болады. Егер қол жеткізілсе, айырбас нәтижесінде оның қатысушылары пайда алады деп қорытынды жасауға болады(немесе тіпті болмағанда, зиян шекпейді), өйткені олардың әрқайсысы ұсыныстан бас тартуға немесе оны қабылдауға ерікті.

Егер айырбас ғылыми пән ретінде маркетинг түсінігінің негізі десек, онда келісім маркетинг аясындағы негізгі өлшем бірлігі болып саналады.

Келісім - А жағы Б жағына Х обьектісін беріп және одан айырбасқа У обьектісін алу үшін қажетті екі жақтың арасындағы құндылықтармен коммерциялық айырбас. Айырбас келісімдер барысында тауарлардың орнынына қызмет көрсетулер де қатысуы мүмкін.

Келісім бірнеше шарттардың орындалуын қажет етеді.

  1. Ең аз дегенде екі құнды объектінің болуы.
  2. Оны жүзеге асырудың келісілген жағдайлары.
  3. Келісім жасаудың келісілген мерзімі.
  4. Өткізудің келісілген орны.

Негізінен келісім жағдайлары заңмен қорғалып, қолдау көрсетіледі.

Қазіргі және күтілген сұранымның ерекшеліктері мен сипатына қарай нарық сұранымыныңалуан түрлері болады. Егер түрлі себептер бойынша сұраным мүлдем болмаса, не бірқатар стып алушылар қандай да бір өнімдердің түрлерін тұтынудан бас тартса, онда маркетингтің міндеті - сұранымды жасау. Мұндай жағдай да маркетингтің бұл түрі конверсиялық деп аталады.

Сатып алушының тауарға деген немқұрайлық ахуалы қалыптасқан жағдайда маркетингтің міндеті сұранымды ынталандырудан тұрады. Мұндай маркетинг ынталандырушы деп аталады.

Тұтынушылардың сатылымда жоқ тауарларға деген сұранымы болған жағдайда, маркетинтің міндеті потенциалды сұранымды шынайы сұранымға айналдырудан тұрады, яғни дамушы маркетинг орын алады.

Егер де тауарға деген сұраным төмендесе, онда маркетинг міндеті сұраным көлемін қалпына келтіру. Маркетингтің мұндай түрі ремаркетинг атауын алған.

Тауар мен қызметтерге сұраным жеткілікті кездегі маркетинг міндеті - марктиентің құралдарын пайдалану көмегімен сұранымды бір деңгейде ұстау және сұранымды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Маркетингтің мұндай түрі синхромаркетинг деген атауға ие.

Сұраным ұсынықа сәйкес жағдайда маркетинг міндеті қол жеткізілген сұраным тұрақтылығын сақтау болып табылады. Мұндай сұраным толық деп, ал маркетинг көмекші деп аталады.

Егер сұраным жоғары болып, оның қазіргі уақытта қанағаттандырылуы мүмкін болмаса, маркетингтің міндеті сұранымды уақытша төмендетуге мүмкіндік беретін әдістерді әзірлеуден тұрады. Бұған бағаның көмегімен, өткізуді ындаландыру және жарнамадан бас тарту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл маркетинг демаркетинг деп аталады.

Нарықта иррационалды сұраным болуы мүмкін, мысалы, арақ-шарап, темекі тауарларына және т. б. Бұл жағдайда сұранымды төмендетуші және жоюшы шараларды әзірлеу қажет. Мұндай маркетинг қарсы әрекет етуші маркетинг деп аталады.

1. 2 Кәсіпкерліктің теориясы және экономикалық мазмұны.

Нарықтық экономика монополизм билігін төмендетіп, бәсекенің дамуына бағытталған қоғамдық өндіріс құрылымының өзгеруін талап етеді.

Әлемдік тәжірибие көрсеткендей, бұл мәселені кәсіпкерліктің дамуынсыз шешуге болмайтындығын анықтап отыр. Шағын экономика кәсіпорындары үстемдік етіп отырған қоғамдық - саяси құрылымға тәуелсіз экономикада маңызды роль атқарады және нарықтық жүйенің объективті элементі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет шексіз әрқилы және де елеулі нәтижелерді иемденеді. Ол кез келген уақытта кез келген салада өз қызметін бастап кете алады. Кәсіпкерліксіз еш экономикада өнім мен қызметтер өндірілмейді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың әл-ауқатының жақсаруына себепші ғана болып қоймай, оларды рухтық түрде байытады.

Кәсіпкерлік туралы алғаш рет жазбаша түрде 4000 жыл бұрын кездескен. Бұл жазбада, банкирлердің ақшаны пайыздық түрде қарызға беруі сипатталған. Осы уақыттан бастап кәсіпкерлер, тұтынушыларға өнім мен қызметті ұсыну бойынша қаншама уақыттарын жұмсаған.

Бизнеске қатысты Хаммурапи келесідей нақыл ереже қалдырған:

“Егерде шарап сатушының үйінде қылмескерлермен зұлымдық дайындалып жатса, ал сол шарап сатушы кәсіпкер оларды хан сарайына жетектеп әкелмесе, ол өлім жазасына кесілсін”.

“Егерде құрылысшының тұрғызғын үйі кінәратсыз болмай, сол тұрғызған үйі қирап, ондағы адамдардың өліміне себепші болса, онда сол құрылысшы өлім жазасына кесілуі қажет”.

Кәсіпкерліктің негізгі үлгісінің нәтижесінде сол кезеңдердегі елдердің барлығына өркенниеттілікті таратты. Шын мәнінде, шағын кәсіпорындар, бар әлемге вавилондық астрономия мен гректік философияны, еврей күнтізбесін және де римдік құқықтың пайда болуына себепші болды.

1980 жылдардан бастап, ШБ жаңа тауарлар мен қызметтерді және де жұмыс орындарын қалыптастыру мүмкіншіліктеріне байланысты танымалдылығы артып, әйгілі бола бастады. Салдарында соңғы кезеңде педагогтар, журналистер және саясаткерлер, оның жетістіктері мен келешектеріне және де проблемаларына қатты назар аудара бастаған.

Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықты тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, с. қ., мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.

Шағын кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, ШОК ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жеделдетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранысының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.

Кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы нақты ролі келісілермен айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;
  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.

Жаңа жұмыс орындарын құру - Кәсіпкерліктің өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, с. қ., қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ -да 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру - Кәсіпкерлік бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар. болып табылады. Мысалға АҚШ-да ШБ барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады . Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

Шағын бизнес - белгілі бір критерилер мен параметрлер бойынша, қызмет ететін аясы және нарықтық үлесі бойынша ірі бизнеске қарағанда ұсақтылықпен сипатталатын және өте тез бейміделгіш қызметтің түрі.

ШБ айқындайтын келесі критерилер қарастырылады:

  • Жиынтық активтер- кәсіпорын иелігіндегі тауарлық-материалдық қорлар, жерлер, машиналар, құралдар мен басқа да ресурстардың, қаражаттардың барлық жиынтығы.
  • Меншіктік капитал- инвесторлармен салынған жиынтық капитал салымдары.
  • Сатудан түсетін жыл сайынғы түсім;
  • Жұмысшылар саны.

Барлық критерилердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақта жұмысшылар саны критериінің басқаларға қарағанда айрықшалығын атап өткен жөн:

Инфлияциялық тұрақты - оған валютаның сатып алушылық қабілетінің ауытқуы еш әсер етпейді;

Айқындылық - оны анықтау және түсіну өте оңай;

Салыстырушылық - ол бір салада қызмет атқарушы бірнеше кәсіпорындардың шамаларын сенімді түрде салыстыруға мүмкіндік береді;

Қолайлылық - кәсіпорыннан ол бойынша мәліметтерді алу өте оңай.

Барлық критерилер белгілі бір талаптарды орындауы қажет. Мысалы АҚШ-да Шағын кәсіпорындар категориясына тиесілі болу үшін, кәсіпорын өз штатында 500 жалдамалы жұмыскерлерді иемденіп, жеке дара қызмет атқара отырып, өзіндік негізде басқарылуы қажет.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы, дамуы және қызмет етуі, с. қ. оның құрылымы мен динамикасы сол елдің бірқатар саяси, әлеуметтік - экономикалық шарттарына байланысты.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесінен кәсіпкерлікке жалпы бір елдің әлеуметтік -экономикалық даму деңгейінің ықпал етуін байқауымызға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
Шағын және орта бизнес дамуы
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
Қазақстан Республикасындағы банктерді қолдау
Фирма және кәсіпкерлік
Кәсіпкерліктің даму мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz