Федерациясымен қарым - қатынастары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. НАҚТЫ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ . . . 11

1. 2 ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ . . . 21

1. 3 АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ «ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК» ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ . . .

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

2. 1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ-ғы ҚЫЗМЕТІ . . .

2. 2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ, НАТО-мен БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ . .

2. 3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды. Елбасымыз Н. Назарбаев «Дағдарыстан - дамуға» атты жолдауында Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыратын және ешқашан, ешкім үшін сыртқы қатер көзі болмайтын елге айналуға мүдделі деген болатын.

Екі дүниежүзілік соғыстың және көптеген аймақтық жанжалдардың, Ресейдегі Қазан төңкерісінің, Ирандағы Ислам революциясының, Германиядағы фашизм мен Жапониядағы милитаризмнің пайда болуы мен күйреуінің, отарлық жүйенің қирауы мен социалистік жүйенің ыдырауына куә болған XX ғасыр сапалы жаңа дәуірге өтумен аяқталды. Бұрынғы қалыптасқан ескі түсініктердің орнына геоэкономикалық, геосаяси және геостратегиялық жаңа өлшемдердің уақыты келді. Сондықтан менің таңдап отырған тақырыбым қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты - тәуелсіздік жылдары ішіндегі мемлекетіміздің сыртқы саясатының қалыптасу және даму барысына тоқталып, қазіргі кезеңдегі басты бағыттарына жан-жақты талдау жасау.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет деп табылды:

- Қазақстан дипломатиялық қызметінің қалыптасу, нығаю және даму кезеңдеріне тоқталу; (Кіріспе)

  • Нақты елдер мен аймақтарға қатысты Қазақстан саясатының басты бағыттарын анықтау;
  • Қазақстанның басты стратегиялық серіктесі ретінде Ресей Федерациясымен қарым-қатынастары;
  • Қазақстан Қытай қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағына үңілу;
  • Қазақстанның әлемдік ірі державалардың бірі АҚШ-пен демократиялық әріптестік қатынастары;
  • Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен өзара қарым-қатынасы;
  • Еліміздің БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО-мен басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылына талдау жасау;
  • Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы, олардың біріккен іс-әрекеттеріне тоқталу т. б.

Қазақстан дипломатиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының дипломатиясы өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. 1991-1993 жылдар кезеңін қамтыған бірінші кезеңнің негізгі мазмұны - біздің еліміздің халықаралық құқықтың субъектісі ретінде әлемдік қоғамдастыққа кедергісіз енуіне бағытталған шаралар болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына, бірқатар аймақтық еуропалық және азиялық ұйымдарға толық құқықты мүше ретінде қабылданды, әлемнің жетекші елдерімен ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы қалыптасты.

Стратегиялық шабуыл жасау қару-жарақтары туралы шарттың тең құқықты тараптарының бірі ретінде Қазақстан 1992 жылғы мамырда Лиссабон Хаттамасына қол қойып, ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде өзіне міндеттеме алды. Ол Лиссабон Хаттамасына қатысушы елдердің ішінде бірінші болып ядролық қаруы жоқ мемлекет мәртебесімөн Стратегиялық шабуыл жасау қару-жарақтары туралы шартқа (СШҚШ) қосылды. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстанның ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде СШҚШ-ға қосылуына байланысты Құрама Штаттар, Ресей Федерациясы және Ұлыбритания Қазақстанмен бірлесе отырып, біздің елімізге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. Кейінірек басқа да екі ядролық держава - Қытай мен Франция Қазақстанға кепілдіктің осындай түрін берді.

Еліміздің сыртқы саясаты принциптерінің, басымдықтарының және міндеттерінің анағұрлым айқын сипат алуының маңызы аз емес. Тап осы сөз болып отырған кезеңде яғни 1991-1993 жылдар ішінде Қазақстан дипломатиясының көп векторлық сипаты қалыптасты, бүгінгі күні ол еліміздің сыртқы саясатының өзегі болып табылады.

Отандық дипломатия дамуының екінші кезеңі 1994 жылдан басталып, 1997 жылмен аяқталады, бұл кезеңде сыртқы саяси қызметтің берік құқықтық негізін қалаумен және дипломатиялық қызметтің белгілі бір тәжірибесін жинақтаумен қатар, бірінші кезекке шетелдерде стратегиялық ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыру міндеті шықты. Бұл жерде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы интеграциялық бастамалардың, сондай-ақ Азия құрлығында қауіпсіздік құрылымын құру туралы Н. Назарбаевтың бастамасын іске асыруға бағытталған дипломатиялық акциялардың үлкен маңызы болды. Осы тұрғыда Қазақстан Президентінің интеграциялық бастамаларын дәйекті түрде іске асыру көзге түседі. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбөкстан Президенттерінің үш мемлекет арасында Біртұтас экономикалық кеңістік (Орталық Азия Одағы) құру туралы шартқа 1994 жылғы 30 сәуірде қол қойғанын атап өту керек. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Мемлекетаралық Кеңес құрды, Премьер-министрлердің, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңестерін құрды, сондай-ақ ынтымақтастық және даму банкін өмірге әкелді. Тараптар Арал проблемасын шешуді аса маңызды ортақ міндеттердің бірі ретінде белгіледі.

Қазақстан және АҚШ Президенттерінің Вашингтонда, 1994 жылғы ақпанда "Демократиялық әріптестік туралы хартияға" қол қоюы қазақстандық дипломатия тарихындағы тағы бір маңызды кезең болатын. Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары туралы айтқанда, АҚШ алғашқы кезеңде негізгі назарды ядролық проблематикаға аударғанын, ал Қазақстан бірінші кезекте саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қойғандығын атап ету маңызды. Хартия іс жүзінде барлық бағыттар бойынша ұзақ мерзімді негізде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуды айқындаған бағдарламалық құжат болды.

Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасты сенімді әріптестік деңгейіне көтеру жөніндегі қазақстандық делегацияның күш-жігері өзінің жемісін берді. Біздің сыртқы саясатымыздың осы бағытында келешекте іске асатын елеулі істердің бар екендігі талас тудырмайды. Тарихи мәні бар аса маңызды қадам ретінде шекара сияқты күрделі проблеманың реттелуін бөліп көрсету керек: тараптар ұзақтығы 1700 километрден астам шекараны делимитациялады және демаркациялады.

Қазақстан БҰҰ-ны реформалаудың нұсқалары мен жолдарын талқылау барысында белсенді позиция ұстанып келеді. Президент Н. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-ші мерейтойлық сессиясының арнайы мәжілісінде (1995 жылғы 22 қазан) сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдайдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының рөліне қатысты өз көзқарасын анық түрде білдірді.

Біздің еліміз басқа да халықаралық ұйымдардың, атап айтқаңда ЕҚЫҰ -ның қызметіне және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасына белсенді түрде қатысуға ұмтылуда.

1997 жылы Қазақстанның сыртқы саясаты дамуының үшінші кезеңі басталды, бұл кезең жаңа ғаламдық ахуалдың орнығуымен және тиісінше оған бейімделген дипломатиялық қызметтің жаңа міндеттерімен сипатталады. Геосаяси өмір шындығын негізге ала отырып, сыртқы саясаттың басымдык, берілетін бағыттары тұжырымдалды, оларды өмірге енгізу қазіргі кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады. "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында баяндалған Қазақстанның сыртқы саясатының бағдарлары мыналар болып табылады:

  • ұлттық мүдделерді дәйекті түрде қорғау;
  • еліміздегі экономикалық реформалар мен демократияландыру процесін жалғастыру үшін мейлінше қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;
  • басқа мемлекеттермен сындарлы өзара іс-қимыл желісін жалғастыру және тең қүқықты әріптестік қатынастарды дамыту;
  • халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, қалыптасып жатқан әлемдік тәртіптің демократиялық негіздерін нығайтуға жәрдемдесу.

Орасан зор еуразиялық кеңістікте орналасқан Қазақстан үшін әлемдік және аймақтық істерге белсенді түрде қатысу - оның халықаралық беделін нығайтудың даусыз шарты. Сондықтан біздің еліміз үшін белсенді сыртқы саяси қызметтің айрықша маңызы бар. Міне, сондықтан да Қазақстан әлемде болып жатқан өзгерістерді мұқият қадағалап, өзінің сыртқы саяси тұжырымдамасын осы өзгерістерге бейімдеуге және бұл орайда өзінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмеуге әрекеттенуде. Жаңа ғасырда отандық дипломатияның алдында барлық мүмкіндіктер мен артықшылықтарды мейлінше пайдалану, ұлттық мүдделердің ұтымды жүйесін құру, халықаралық қатынастардың ескі және жаңа өлшемдерін ақылға қонымды үйлестіру сияқты міндеттер тұр. Президент Н. Назарбаев тап осындай міндеттерді еліміздің сыртқы саясат ведомствосының алдына қойды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі мәселелерді қарастырған екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

1-тарауда нақты елдер мен аймақтарға қатысты Қазақстан саясатының басты бағыттары мынадай сипатта көрінеді. Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Екі мемлекеттің мүдделері көптеген өлшемдер бойынша сәйкес келеді. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш айлағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт. Қазақстан Ресеймен ортақ экономикалық, қорғаныстық, гуманитарлық-ақпараттық кеңістікті пайдалануды нығайту мүдделері жолында іс-қимыл жасайтын болады.

Біз Ресейдің экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты дамуына, демократиялық жолмен дамуына мүдделіміз. Бұл фактор елеулі деңгейде Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз дамуының қажетті шарты болып табылады.

Біздің мемлекетіміз екі жақты қатынастарды дәйекті түрде нығайта беру принципін ұстанады, оған сәйкес мемлекеттеріміздің арасындағы қалыптасқан Одақтық қатынастар тең құқылықты, тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты құрмет тұтуды, өзара сенім білдіруді, Ресей мен Қазақстан арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін бұзатын іс-әрекеттерді болдырмауды көздейді.

Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытаймен достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Біз қауіпсіздікті нығайту мәселелерін, тараптардың әскери қызметінде сенім білдіру шараларын қоса алғанда, екі жақты қатынастарды экономика саласында болсын, саяси салада болсын тұрақты және серпінді қатынастарға айналдыруға мүдделіміз. Өзара тиімділік, күш қолданудан немесе күш қолдану қаупін тудырудан бас тарту, қазіргі шекаралардың мызғымастығы Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі принциптері болуы тиіс. Мұндай саясат Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне жауап береді. Қазақстаннан Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар. Біздің елдеріміздің аумақтары арқылы Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын коммуникациялық желілерді салудың болашағы зор.

Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономикалық даму үрдістерін жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тарихи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы құрылды, қоғамдастық экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге өзара саяси іс-қимылды қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан өзінің тиімділігін көрсетті. 2001 жылғы 5 қаңтарда төрт Орталық Азия елдерінің басшылары жұмыс істеп тұрған ұйымның негізінде Орталық Азия Форумын құру туралы шешім қабылдауы кездейсоқ емес.

Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты - Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру болып табылады. Бұл орайда XXI ғасырда Азия-Тынық мұхит аймағы қазіргі әлемнің экономикалық-технологиялық дамуы тұрғысында жетекші позиция иемденетіні ескеріледі.

Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі АҚШ-пен "демократиялық әріптестік" қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі. Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынастарында 1994 жылы ақпанда қол қойылған базалық құжатқа - "Демократиялық әріптестік туралы хартияның" ережелеріне сүйенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның әлемдік саясаты
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Интеграция
ҚР және РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану
Тәуелсіз қазақстанның халықаралық жүйеде алатын орны
ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz