Реттеуші органдардың бақылауы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 БАНК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 ҚР Ұлттық банкі тарапынан банктік қызметті қадағалау және оны реттеу
мәселелері 9
1.2 Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері 13
1.3 Базельдік келісімнің тәуекелді басқару жөніндегі негізгі принциптері
және оны банк қызметінде пайдалану 21
2 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТАРАПЫНАН БАНК ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 32
2.1 Банктер өтімділігінің тәуекелі және тиімділігін талдау 32
2.2 Банк секторының несиелік тәуекелдерін талдау 41
2.3 Банктер капиталының жеткіліктігі және қорландыру құрылымы 55
3 БАНК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
БАҒЫТТАРЫ 65
3.1 Банк өтімділігі жағдайын қадағалау және реттеу мәселелері 65
3.2 Банк жүйесін реттеу аясында Ұлттық банктің банк секторын тұрақтандыру
шаралары 73
ҚОРЫТЫНДЫ 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 84
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банктік бәсекелестік ұлғаймалы күшейіп
келе жатқан жағдайында Қазақстан экономикалық қатынастардың жаңа деңгейіне
күшуде. Осы орайда банк қызметін реттеу саясатын ауыстыруға және құзіретті
органның банктік қадағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкес екінші деңгейлі
банктер қызметін қадағалау қағидаттарына қойылатын талаптарды мақсатты
бағытты күшейтуге объективті қажеттілік туындап отыр.
Өткен жүз жылдықтың 90-жылдарынан еліміздің банк жүйесінің
қалыптасуынан бері Қазақстан бақылау бойынша Базельдік комитеттің капитал
тұрғысындағы Келісімдеріне, Еуропалық экономикалық қауымдастықтың Банктік
комиссиясының банктік тәуекелдерді реттеу қағидаларына және өзге де
халықаралық келісімдерге қосылды. 2002 жылдан бастап Қазақстан
Республикасында біздің еліміздің ерекшелігіне орай Базель-2-нің негізгі
ережелері, яғни капиталға санды талаптар, реттеуші органдардың қадағалауы,
нарықтық тәртіп қолданылуда.
Қазақстанның банк жүйесі 2006 жылы әлемнің көптеген дамыған елдерімен
ТМД елдерінің ішіндегі ең мықтыларының бірі ретінде танылды, бұл реттеуші
органдардың, яғни Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша
Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
үйлестірілген жұмысын куәландырады.
2007 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы халықаралық қаржы
нарықтарына кері әсерін тигізді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде
алғашқылардың бірі болып ғаламдық дағдарыстың салдарын сезінді, және де ол
банк секторын ерекше шарпып өтті.
Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан
Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен көрініс
тапқан қадағалаушы органдар әлемдік қаржы дағдарысының пайда болуының
алғашқы сипаттарына жеткілікті түрде белсенді және жылдам әрекет еткен жоқ,
бұл әрине, оның банк қызметіне әсер ету көлемдеріне септігін тигізді.
Бұл жағдайларда бірінші кезекте әлемдік қаржы дағдарысының әсер етуі
турасындағы банктік реттеудің қолданылып отырған механизмдерін өзгерту мен
жетілдіру мәселелері туындайды.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қаржы нарықтары мен қаржы
ұйымдарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі тарапынан қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша
бірлескен әрекеттері жасалды, Қаржылық тұрақтылық туралы Қазақстан
Республикасының Заңы және өзге де бағдарламалық құжаттар қабылданды.
Сонымен бірге банк жүйесін реттеу мен тәуекелдерді басқарудың жүйесін
ауыстыру, Қазақстан экономикасындағы соңғы өзгерістерді есепке ала отырып,
банктік реттеу мен қадағалау механизмін түзету қажеттілігі туындап отыр.
Бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін білдіреді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Банктік қызметті реттеу және тәуекелдерін
басқару мәселелері алғаш рет келесі экономист-ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған: А.Смит, Дж.М. Кейнс, Д. Рикардо, Ж.Б. Сэй, А. Маршал, А.
Пигу, И.Фишер, К. Вексель және Г. Кассель. Олар банктік қызметті реттеу
теориясын дамытып, өз көзқарастары бойынша түрлі бағыттардағы іргелі
негіздерді қалады.
Р.С. Портер, Д. Витас, У. Оллард, К. Блэкхерст, Н.Руттлэдж, К.Д.
Вальравен сынды шетел ғалымдарымен коммерциялық банктер қызметін реттеу
мәселелері тереңдетіліп зерттелді.
Банктік қызметті реттеу және бақылау жүйесін жасауға Л.А. Московкина,
В.П. Поляков, О.И. Лаврушин, Г.С. Геращенко, Ф. Мишкин, А.Ю. Симоновский
және И.В. Командоров сынды ресейлік ғалымдар маңызды үлес қосты.
Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу мен басқару
мәселелерімен Г.С. Сейтқасымова, Ш.Р.Абдильманова, З.Д. Искакова, Г.Т.
Қалиева, Н.К. Кучукова, Н.Н. Хамитов, Д.А. Шыныбеков, Ш.С. Бертісбаева,
А.Б. Хаджиева, Р.Ж. Байболатова, А.С. Қаналина, Г.А. Марченко және
басқалары айналысады.
Сонымен бірге осы кезеңде Қазақстан Республикасында 2002 жылғы жаңа
Базельдік келісім ұысынымдары тұрғысында банк қызметін реттеу механизмін
жетілдіру мәселелері жеткілікті түрде терең зерттелмеген. Базельдік
келісімдерде банк қызметіндегі тәуекелдерді басқаруға маңызды орын
берілетіндігіне байланысты бүгінгі күні банк қызметін реттеу мәселелерін
шешудің стандартты емес жолдарын іздеу қажеттілігі туып отыр.
Зерттеу тақырыбының мақсаты және міндеттері. Зерттеудің мақсаты
Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу механизмдері мен
тәуекелдерді басқару қызметінің теориялық және практикалық аспектілерін
зерттеу және талдау негізінде Қазақстан Республикасы тарапынан банк
қызметін реттеу және тәуекелдерін басқару тұрғысында жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау.
Анықталған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу
қарастырылады:
- банк қызметін реттеу түсінігінің экономикалық мазмұнын қарастыру,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк қызметіне реттеу және
тәуекелдерін басқару бойынша қызметін зерделеу;
- банктік қызметті реттеу механизмінің мазмұнын ашып қарастыру;
- Базельдік келісімнің тәуекелді басқару жөніндегі негізгі
принциптері және оны банк қызметінде пайдалану жолдарын теориялық
тұрғыда қарастыру;
- Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу мен тәуекелдерін
басқару бойынша ағымдағы жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі тарапынан банк секторын
реттеу және тәуекелдерін басқару тұрғысындағы жүзеге асыратын
тұрақтандыру шараларын зерделеу;
- жүргізілген теориялық зерттеулер және практикалық талдаулар
негізінде Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу және
тәуекелдерді басқару тұрғысында жетілдіру бойынша ұсыныстар
жасау.
Зерттеу объектісі болып Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу
бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкі тарапынан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер
қызметін реттеу және тәуекелдерін басқару саласы табылады.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасында банк қызметін реттеу және
тәуекелдерін басқару кезінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы
болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып банк қызметін тиімді
реттеу мен тәуекелдерін басқару мәселелерін зерттейтін және ашып көрсететін
жетекші шетел ғалым-экономистерінің еңбектері, шетелдік және отандық
ғалымдардың монографиялары мен ғылыми басылымдары табылады.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің статистикалық мәліметтері, Қазақстан Республикасының Қаржы
нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттіктің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заңнамалық актілері, жылдық
есептері, Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарының жекелеген
сегменттерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, аталмыш
мәселе төңірегіндегі арнайы ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар мен
монографиялар және Интернет ресурстары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және
міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗДЕРІ

мәселелері
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы, реттеуші бас
органның ролін атқара отырып, экономикалық басқарудың мемлекеттік органы
болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен
өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және касса орталығы, соңдай-ақ
ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы
несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты
аныктайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге
асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші денгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы экономиканы жалпы
мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді [1,125б.].
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді
''Казақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне шаруашылық
субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның
клиенттері коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды.
Осыдан келіп, Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық
банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар
береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық (Орталық) банк "банктердің банкі" қызметін атқару үшін:
коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді
[2,187б.].
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне екінші
деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу
жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі
мақсатының бірі бұл банктік кызметті макроэкономикалық деңгейде басқару
процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы-несие
институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет
етуінің тұрақталығын ұстап отыру болып табылады.
Ұлттық банк банктік қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей
(әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.
Мұндай әдістердің қатарына жататындар:
пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті
нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса
күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
- банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті
актілерді шығару; банк қызметтерін тексеру; банктің қаржылық жағдайын
сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру; бар кемшіліктерді жою жөніндегі
міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б. шектеу
шараларын банктерге қолдану; банкті ашудан бастап, рұқсатты
қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің
айналыстағы ақша массасын басқару үшін колданылатын қызметтері жатады
(несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік
қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып
келеді [4, 84б.].
Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік
қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі
деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы
тән.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы да негізінен осы
әдістерге сүйенеді.
Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарымқатынастары келесі
қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:
Ұлттық банк:
- банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы ,
банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;
- банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді (әкімшілік және
эқономикалық әдістемелері арқылы);
- ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк
қызметтерін қадағалайды;
- банктердің шұғыл қызметіне араласпайды. Коммерциялық банктер өз
қызметі барысында Ұлттық банкінің Заңдары мен ережелеріне сүйенеді.
Ұлттық банк және коммерциялық банктер бірбірінің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді.
Ұлттық банк міндеттеріне лицензиялау және лицензияны қайтып алу,
жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу (Қазақстан аумағында
орналасқан банктерді), сонымен қатар "Қазақстан Республикасы банктері және
банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктерді қадағалау кіреді. Осы
мақсатта Ұлттық банк:
- банктің құрылтайшыларын (акционерлерін), олардың бекіткен
шектен асқан акциялар көлемін, иемденуіне, иелік етуіне, басқаруына бақылау
жасауға;
- банктің басқару орындарына кандидаттардың іскерлік жарамдылығын
анықтауға;
- банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соның ішінде, орнында
немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылы, өзінің бақылау және
қадағалау қызметтерін дұрыс жүзеге асыру үшін керекті ақпаратты алуға
құзыретті [5].
Банктер Ұлттық банкінің шешімдерін орындамаған жағдайында, оларға
айыппұлдық жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар коммерциялық банктердің қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың несие берушілері мен
салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі
пруденциалдық нормативтерді белгілейді:
- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
- меншікті қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті;
- баланстың өтімділік көрсеткіштері;
- Ұлттық банкіде орналастырылған міндетті резервтер мөлшері;
- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне, жарғылық капиталында
банк қатысатын заңды тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- ашық валюталық позиция лимиттері.
Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге,
банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың
филиалдарына да қолданылады.
Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша-несиелік реттеу
әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге коммерциялық
банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша
мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі [6,127б.].
Ұлттық банк коммерциялық банктердің орындалуы міндетті нормативтерді
және банктердің қызметтері мен қаржылық жағдайын талдайтын бағалау
нормативтерін қолданады.
Кейбір нормативтерді айта кетсек:
1. Банк балансының өтімділік көрсеткіштері банктің активтері мен
міндеттемелерінің нормативтік қатынасы түрінде, міндеттеменің өтелу мерзімі
және активтердің іске асу мүмкіндігі ескеріле отырылып бекітіледі. Мұндай
көрсеткіштерге төмендегідей қатынастар жатқызылады: банк капиталы және оның
міндеттемелері; несие сомалары және есеп айырысу, ағымдағы
шоттар, салымдар, депозиттер сомалары; өтімді активтер сомасы және жалпы
активтер сомасы және т.б.
2. Міндетті резервтер мөлшерін, Ұлттық банктің резерв шоттарындағы
белгіленген мөлшердегі қаражаттар қалдықтарын ұстап тұратын
банктің міндеттемелеріне пайыздық қатынаста белгілейді; резервтік
қордың қаражаттары банкте тартылған ресурстардың бір бөлігін
резервтеу жолымен қалыптасады.
3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары
мөлшері, банк капиталының жалпы сомасының белгілі бір пайызы негізінде
белгіленеді.
Бір қарыз алушыға келетін ең жоғары тәуекелдік есептеу кезінде, тәуекел
сөзінің ұғымына қарыз алушыға берілген несиенің барлық сомасы, сонымен
қатар оның тапсырмасы бойынша берілген міндеттемесі кіреді.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері банктің тәуекел
мөлшерінің (қарыз алушының несие бойынша міндеттемесінің жалпы сомасы) банк
капиталына қатынасымен анықталады. Коммерциялық банктер үшін ең жоғары
белгіленген мөлшері 1,0.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк банктік қызметті қадағалау және
реттеу барысында клиенттердің мүмкін болатын шығындарын жабуға арналған
міндетті сақтандыру қорларын құру тәртібін анықтайды. Аталған қорлар
банктердің табыстары есебінен қалыптасады.
Ұлттық банктің реттеу қызметі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің
(ЖҮӨ, ҮТ, баға индексі, бюджет тапшылығы) динамикасын талдау
негіздемелеріне, сонымен қатар нормативтік және бағалау көрсеткіштеріне,
есеп пен есеп беру мәліметтеріне сүйенеді.
Ұлттық банк банктердің есеп беру формаларының
төмендегідей түрлерін белгілейді:
- айдың бірінші күніне баланс;
- тоқсандық айналым ведомосы;
- "Басқадай дебиторлар мен кредиторлар" шоттары бойынша
тоқсан сайынғы ведомосы;
- операциондық және түрлі табыстар мен шығыстар (№2 форма)
бойынша тоқсан сайынғы есебі, баланспен қоса алғандағы пруденциалдық
нормативтер есебі.
Шетелдерде тексерудің дифференцияланған мерзімдерін белгілеу және
банктердің жұмыс көлемі мен жүргізілетін операциялар көлеміне байланысты
банктердің түрлі категориялары үшін есеп беру формаларын беру тәжірибесі
қолданылуда. Ірі банктер шағын банктерге қарағанда жиі тексеріледі. Ірі
банктер Орталық банкіге есеп беру формаларын ай сайын, орташа банктер
тоқсан сайын, шағын банктер жарты жылда бір рет тапсырады [7, 128б.].
1.2 Банктік қызметті реттеу механизмі және оның элементтері
Реттеудің негізгі және бірінші кезектегі элементі қадағалау мен бақылау
жүйесі болып табылады. Оның қызмет етуінсіз ақша-несие саясатының әдістері
мен құралдарын қолдану мүмкін емес. Банктік қызметті реттеу оны жүзеге
асыру механизмі арқылы жүргізіледі.
Реттеу механизмдері түсінігінің түрлі тұжырымдарын қарастырайық.
Реттеу механизмі – қандай да бір әрекет немесе процестің іске асрылуы
жүзеге асырылатын тәсілдер, әдістер мен құралдардың жүйесі. Механизм –
белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырудың әдісі.
Шетелдің экономист-ғалымдары И.Валравен және А.Роджерс қаржылық-
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу механизміне анықтамалар берген,
олардың пайымдауынша банктік қызметті реттеу механизміне экономист-
ғалымдар тарапынан үлкен көңіл бөлінбеген, және тіпті қазіргі заманғы
экономикалық мектептермен қарастырылмаған.
Сондықтан да банктік қызметті реттеу механизмі түсінігіне келесі
анықтаманы беруге болады: Банктік қызметті реттеу механизмі банктік
қызметті реттеудің әдістері, тәсілдері, нысандары мен құралдарының, оларды
қолдану тәртіптерін, бақылау нысандарын жасау, ұйымдастарушылық-құқықтық
құрылымдау, сонымен қатар реттеуші органдар жұмысын шектеудің жиынтығы
болып табылады [8,125б.].
Төмендегі суретте банктік қызметті реттеу механизмінің үлгісі ұсынылған
(1-сурет). Бақылаудың ішкі нысаны немесе мемлекеттік бақылау құзіретті
қадағалаушы органмен жүзеге асырылады және коммерциялық банктердің қызметін
жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір экономикалық және құқықтық нормалар
мен талаптарды сақтауға негізделеді.
Өзін-өзі реттеу банк тарапынан жүргізілетін операциялар бойынша,
банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі және қызметтің өзге де
экономикалық өлшемдері бойынша белгілі бір нормативтер мен лимиттерді
белгілеу қағидатына сүйенеді.
Тәуекелсіз аудиторлық бақылау, соның ішінде капитал бойынша жаңа
Базельдік (Базель-2) келісім аясында бүгінгі күнге ерекше мәнге ие болып
табылады. Көптеген елдер мен Қазақстанның заңнамасына сәйкес банктердің
шоғырландырылған есептіліктеріне тоқсан сайын, жыл сайын тәуелсіз
аудиторлық бақылау жүргізілуі тиіс. Сәйкес лицензиясы бар мамандандырылған
аудиторлық компаниялар банк қызметін зерттеп, оның осал және күшті тұстары
туралы сапалы және бастысы шынайы ақпарат берулері қажет. Осы мақсаттарда
аудиторлар тексеріліп отырған банк әсерінен тәуелсіз болып, тікелей
қадағалаушы органдарға бағынулары қажет.
Сурет 1. Банктік қызметті реттеу механизмінің үлгісі[1]
Банктік реттеудің теориясы мен тәжірибесінде ревизиялық, реттеуші,
әкімшілік, экономикалық, жалпы және селективтік әдістер қолданылады.
Бақылаудың ревизиялық әдісі немесе инспекторлық тексеру әдісі банктер
қызметін нақты орындарына бару арқылы кезеңділік және міндетті тексеру
жолымен жүзеге асырылады.
Реттеушілік әдісі немесе қашықтықтан тексеру әдісі банктік есептілікті
ұсыну және зерттеу жолымен барлық банктердің экономикалық (пруденциалдық)
нормативтерді сақтауына негізделеді [9, 200б.].
Ақша-несие саясатының әдістеріне байланысты түрлі құралдар қолданылады.
Ықпал етудің әкімшілік әдістерін қолдану кезінде келесі құралдар кеңінен
қолданылады:
1. коммерциялық банктер қызметін лицензиялау;
2. қадағалаушы органмен салынатын айыппұлдар;
3. коммерциялық банкте уақытша басқаруды енгізу;
4. филиалдар ашуға немесе жекелеген операциялар жүргізуге тыйым салу;
5. банктік лицензияны қайтарып алу;
6. активті және пассивті операциялардың жекелеген түрлеріне квоталар;
7. қызметтер көрсетуге комиссиялық сыйақылар, тарифтер көлемін,
пайыздық мөлшерлемелерді шектеу;
8. операциялардың белгілі бір түрлеріне рұқсат беру [10, 125б.].
Экономикалық нормативтік әдістерге өтімділік коэффициенттері мен
банктік капитал жеткіліктілігі және т.б. қолдану жатады.
Экономикалық түзетуші әдістерге есептік саясат пен ашық нарықтағы
операцияларды қолдану жатады.
Банктік нарық субъектілеріне ықпал ету сипаты бойынша әдістер жалпы
және селективті болып бөлінеді. Ақша-несие саясатының жалпы әдістері
нарықтық шаруашылықтың барлық субъектілеріне әсер етеді. Жалпы сипатқа ие
негізгі экономикалық әдістерге мыналар жатады:
1. есептік (дисконттық) саясат;
2. ашық нарық операциялары;
3. міндетті резервтер нормаларын басқару;
4. экономикалық нормативтер белгілеу.
Селективті несие саясатының әдістеріне мыналар жатады:
1. басымды салаларға бағытталған несиелерге сандық өлшемдер белгілеу;
2. төмен пайыз мөлшерлемелері бойынша және Орталық банкте вексельдерді
қайта есептеу кезінде жеңілдіктерді пайдаланатын басымды салаларды
несиелеуді жүзеге асыратын арнайы несие-қаржы мекемелерін құру;
3. негізінен экономиканың басымды салаларына несиелер ұсынатын банктік
институттарға әр түрлі жеңілдіктер тарату [11,170б.].
Дамушы елдер селективті несиелік саясатты ең алдымен, ақша қаражаттарын
жеткілікті түрде тиімді бөлуді қамтамасыз етуге және жалпы экономикалық
дамуға қабілеті жоқ қаржылық нарықтардың әлсіз дамуымен байланысты
қолданады. Бұл саясатты қолданудың нәтижелерін бағалай отырып, айта кеткені
жөн, ол несие ағындарының мәнді өзгерісіне (яғни, шағын кәсіпорындар,
тұрғын үй құрылысы, экспорттық салалар және т.с.с. несиелеудің кеңейгендігі
байқалды) ықпал еткендігін, ал басқа жағынан несие-қаржы жүйесінің қалыпты
қызмет етуіне кері әсерлерінің болғандығын көрсеткен жөн. Басымды салаларға
ұсынылатын несиелер бойынша жеңілдікті пайыздық мөлшерлемелер оларды
халықаралық несие-қаржы институттары есебінен субсидиялау қажеттілігімен
түсінідірілді [12,78б.].
Қазақстан қадағалаушы органдар көбіне банктік қызметті реттеудің,
мәселен, пруденциалдық нормативтер мен ақша-несие саясатының құралдары
сынды әкімшілік және экономикалық әдістерін қолданады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несиелік реттеуінің негізгі құралдары
болып, жоғарыда аталып өтілгендей, есептік саясат; ашық нарық операциялары;
міндетті резервтер нормаларын басқару, экономикалық нормативтер белгілеу
табылады.
Есептік ресми мөлшерлеме немесе қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – бұл
Ұлттық банктің қарыз беруші ретіндегі екінші деңгейлі банктерге ұсынатын
несиелері бойынша пайыз.
Ең төменгі резервтік талаптар – коммерциялық банктердің депозиттер
бойынша салымдарының міндетті нормасы.
Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу келесіні білдіреді:
коммерциялық банктер өтімділігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету; ақша
массасын және қарыз алушылардың несие қабілеттілігін реттеу.
Ашық нарықтағы операцияларға бағалы қағаздармен, соның ішінде
мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жатады. Оларға бағалы қағаздарды
сатып алу, сату бойынша операциялар, РЕПО және кері РЕПО операциялары
жатады.
Ашық нарықтағы операциялардың басты мақсаттары:
1. ақша массасын азайту, ол ноттарды шығару , бағалы қағаздарды
сату, РЕПО операциялары арқылы жүзеге асырылады;
2. ақша массасын арттыру, ол ноттарды өтеу, бағалы қағаздарды сатып
алу, кері РЕПО операциялары арқылы жүзеге асырылады.
Банктік қызметті реттеудің келесі әдісі Қаржылық қызметті қадағалау
Агенттігі мен ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктер үшін белгілеген
пруденциалдық нормативтері болып табылады.
Қазақстандағы алғашқы пруденциалдық нормативтер Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкімен 1996 жылдың 29 ақпанында Пруденциалды нормативтер туралы
ереже атымен шығарлған, кейін 2002 жылдың 3 маусымында өзгертудер
енгізіліп Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтер туралы
Ереже болып өзгертілді. Пруденциалды нормативтер қайта қаралып, 2005
жылдың 7 қарашасында жаңа №3924 Екінші деңгейлі банктер үшін нормативтік
мәндер және пруденциалды нормативтерді есептеу әдістемесі туралы Нұсқаулық
қабылданды.
Төменде көрініс тапқан 1 кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы екінші
деңгейлі банктерімен міндетті түрде сақталу үшін белгіленген пруденциалды
нормативтердің құрамы бейнеленген. Оның құрамына мыналар кіреді:
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі көлемі;
2. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті;
3. Бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғарғы тәуекел;
4. Жедел өтімділік және жедел валюталық өтімділік коэффициенті;
5. Ашық валюталық жайғасым шегі;
6. Негізгі құралдарға және өзге қаржылық активтерге банк
инвестицияларының ең жоғарғы көлемінің коэффициенті;
7. Қазақстан Республикасы бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді
міндеттемелердің ең жоғарғы шегінің коэффициенті;
8. Қазақстан Республикасы бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге
қатысты банктің капиталдану коэффициенті [11].
Кесте 1
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері үшін орындауға міндетті
пруденциалды нормативтер
Көрсеткіш атауы Нормативтік мәні
Банктің жарғылық капиталының ең 1,5 млрд теңге
төменгі көлемі:
2. Банктің меншікті капиталының К10,06 (0,06 кем емес) – банктік
жеткіліктілігі коэффициенті: холдинг қатысушысы болып табылатын
К1 банк үшін, к1 0,05-тен кем болмауы
К2 қажет.
К20,12 (0,12-ден кем емес) –
банктік холдинг қатысушысы болып
табылатын банк үшін, к1 0,10-нан кем
болмауы қажет.
1-кестенің жалғасы
3. Бір қарыз алушыға шаққандағы ең К3 – банктің барлық клиенттері үшін
жоғарға тәуекел: 0,25-тең артық емес
К3-1 –банктегі ерекше қатынастағы
тұлғалар үшін 0,10-нан жоғары емес
Өтімділік коэффициенті. К4-1
Жедел өтімділік коэффициенті: К4-0,9
К4-1 К4-3 – 0,8
К4-2
К4-3 К4-4 – 1
Жедел валюталық өтімділік К4-5 – 0,9
коэффициенті: К4-6 – 0,8
К4-4
К4-5
К4-6
Ашық валюталық жайғасым шегі 12,5%-дан жоғары емес
Standart&Poors агенттігі мен өзге
рейтингілік агенттіктердің А-дан
төмен емес жеке рейтингісі бар
елдердің шетел валюталары, және
Евро валютасы бойынша ашық
валюталық жайғасым шегі (ұзын және 5%-дан жоғары емес
қысқа)
Standart&Poors агенттігінің А-дан
төмен емес жеке рейтингісі мен өзге
бір рейтингілік агенттіктердің
осындай рейтингісі бар елдердің 25%-дан жоғары емес
шетел валюталары бойынша ашық
валюталық жайғасым шегі (ұзын және
қысқа)
Валюталық нетто-жайғасым шегі
6 Негізгі құралдарға және өзге К6 0,5 ( 0,5-тен жоғары емес)
қаржылық активтерге банк
инвестицияларының ең жоғарғы
көлемінің коэффициенті:
7. ҚР бейрезиденттері алдындағы К7 – 1-ден жоғары емес
қысқа мерзімді міндеттемелердің ең
жоғарғы шегінің коэффициенті;
8.Қазақстан Республикасы
бейрезиденттері алдындағы
міндеттемелерге қатысты банктің
капиталдану коэффициенті: К8 – 2-ден жоғары емес
К8 К9 – 4-тен жоғары емес
К9
Е С К Е Р Т У - [11] әдебиеттен алынған
Жоғарыдағы кестеде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер
үшін белгіленген пруденциалды нормативтер көрініс тапқан. Қаржылық
қадағалау агенттігі банктік заңнамаға сәйкес банктерді және (немесе)
банктік холдингтерді немесе олардың лауазымды тұлғаларын банктердің
пруденциалды нормативтерді бұзғаны үшін және (немесе) өзге де сақталуға
міндетті шектеулер нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша
шаралар қолданады.
Банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін бұзу оқиғасы орын
алғанда банк құзіретті органға қайта капиталдандыру жоспарын ұсынуы тиіс.
Жоспар меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті бұзу анықталғаннан
күннен бастап, бұзушылықты жою бойынша шаралар мен мерзімдерді егжей-
тегжейлі көрсетумен 1 ай ішінде ұсынылуы қажет. Осы орайда, ҚҚА екінші
деңгейлі банктермен өз қызметінің ашықтығын арттыру туралы Меморандум
жасаған. Онда келесі аспектілер айқындалған:
жеке тұлғаларды қоса алғандағы, ірі қатысушыларды ашып көрсету;
еншілес және тәуелді ұйымдарды ашып көрсету;
Директорлар кеңесінің құрамын, соның ішінде тәуекелсіз директорларды ашып
көрсету;
банк қызметінің даму стратегиясы мен басымды бағыттарын ашып көрсету.
Осы Меморандуммен қатар, қажетті бақылау деңгейін және өз қызметінің
сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін операциялардың сипатына
және көлеміне сәйкес банктер берілген несиелер мен өзге де активтердің
сыныптамасын ҚҚА белгілеген тәртіпте және шарттарда сенімсіз талаптарды
және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) жүзеге асыруы қажет.
Провизияларды сыныптау Қаржылық қадағалау агенттігі Басқармасының 2006
жылғы 25 желтоқсандағы №296 өкімімен кеңейтіліп, 2007 жылдың 1 сәуірінде
әрекет ете бастаған.
Процесс ретіндегі банк қызметін реттеу келесі кезеңдерден тұрады:
1. Тұжырымдаманы таңдау;
2. Ақпараттарды жинақтау;
3. Алынған ақпараттарды жалпылау және талдау, нормативтермен
сәйкестендіру;
4. Болжау;
5. Ықпал ету процесін бағдарламалау;
6. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру;
7. Қолданылған шаралар нәтижелерінің мониторингісі.
Тұжырымдаманы таңдау реттеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру тәсілдері
мен әдістерін анықтаудан тұрады. Олар: экономикалық немесе әкімшілік
әдістер, ақпараттарды жинақтау түрі (таңдамалы немесе жиынтықталған);
талдау кезеңдері мен әдістері, несие ұйымдарына қабылданған шешімдерді
жеткізу тәртібі (директивалар арқылы немесе экономикалық ынталандырулар
негізінде және т.с.с.).
Болжау ретінде нақты мәліметтер негізінде және болашақта алғашқы
мәліметтер базасын алынған жаңа нақты мәліметтермен толықтыру кезінде
экономикалық жағдайдың экстраполяциясы негізінде ақша-несие саясаты
саласының даму перспективаларын объективті жоспарлау процесі түсініледі.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру концептуалды тұрғыда анықталған
әдістер мен тәсілдер арқылы программалау кезіндегі нәтижелерге жету
мақсатында бағдарламалау процесі нәтижелерін экономикалық шындыққа нақты
қайталауды қарастырады.
Ықпал ету процесін бағдарламалау процесінің кезеңі түзетуші
экономикалық және әкімшілік шараларды анықтаудан және несие ұйымының
қызметін белгілі бір бағытта түзету бойынша ұсыныстар жасаудан тұрады.
Нәтижелер мониторингі ақпараттарды жинақтау негізінде қадағалау және
бағдарламалау кезеңінде жасалған және жүзеге асыру кезеңінде қабылданған
шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында алынған мәліметтерді экспресс-
талдауды білдіреді. Банктік қызметті реттеу процесінің кейбір кезеңдерінде
алынған нәтижелерге сәйкес келмеген жағдайда тұжырымдамалық нормалар
өзгертілуі мүмкін.
Коммерциялық банктердің статистикалық және бухгалтерлік
есептіліктерінің нысандары негізіндегі талдау кезеңдері келесі кестеде
көрініс тапқан (2-кесте).
Кесте 2
Статистикалық және бухгалтерлік есептілік нысандарының негізінде
коммерциялық банктер қызметін талдау кезеңдері мен әдістері
Оперция түрлері Операциялар мазмұны
1. Алғашқы кезең
Құрылымдау 1. Баланс баптары (активтер мен пассивтерді
құрылымдау, талдау балансын жасау) мен өзге де
активтерді алдын-ала топтастыру
Бақылау 2. Түрлі критерийлері бойынша (мерзімдері,
шығындар түрлері, олардың көздері, контрагенттер)
баптардың жекелеген топтарының сәйкестігін
тексеру
Калькуляциялау 3. Нарықтық және абсолюттік, салыстырмалы
нормативтерді есептеу
Кестелер құру 4. Кестелер түрлері мен сандарын, олардың
реквизиттері мен топтастыру тәртібін анықтау
Кескіндемелер дайындау 5. Зерттелетін көрсеткіштердің кескінделетін
серпіндерінің көлемі мен құрылымын таңдау,
кескіндемелердің нысандарын анықтау
2. Талдау кезеңі
Талдау Алынған есептік көрсеткіштерді зерттеу
3. Қорытынды кезең
Эксперттік бағалау Талдау кезеңінің нәтижелерін ұсыну. Ұсыныстар
жасау.
Е С К Е Р Т У - [13] әдебиеттен алынған
2-кестеге сәйкес алғашқы кезеңде дайындық жұмыстары, яғни банк
балансының баптарын топтастыру, банк балансы баптарының түрлі критерийлерге
сәйкестігін тексеру, сонымен қатар нарықтық және нормативтік көрсеткіштерді
есептеу жүргізіледі, сондай-ақ алынған мәліметтерді графикалық кескіндеу
жасалады.
Екінші кезеңде алынған есептік мәліметтерді талдау және бағалау
жүргізіледі.
Үшінші кезеңде алынған талдау мәліметтері негізінде белгілі бір
ұсыныстар қалыптастырылады.
Сонымен бірге, қадағалаушы органдардың халықаралық тәжірибесіндегі
банктік қызметті реттеудің негізгі құралдарының бірі банк қызметін
инспекциялау болып табылады. Қазақстанда Қаржылық қадағалау агенттігінің
жоспарлы, сондай-ақ жоспардан тыс инспекциялық тексерулері өз бетінше,
сонымен қатар тәуелсіз аудиторлық ұйымдарды тартумен жүргізіледі.
Инспекциялық тексерулер жүргізу кезінде құзіретті органның банктің
аффилиренген тұлғаларын олардың банк қызметіне ықпал етуінің құзіретті
органның нормативтік және құқықтық актілеріне сәйкес дәрежесі мен сипатын
анықтау мақсатында тексеруге құқығы бар.
Банктер, сонымен қатар олардың аффилиренген тұлғалары құзіретті органға
тексеру жасауға көмектесуге, сондай-ақ кез-келген лауазымды тұлға мен
қызметкерлерді сұрау жасауға және қажетті ақпараттарды тексеруді орындау
үшін кез-келген ақпарат көздеріне қол жеткізу мүмкіндігінше қамтамасыз
етуге міндетті. Инспекциялауды жүзеге асырып отырған тұлғалар банк қызметін
тексеру кезінде алынған және банктік немесе коммерциялық құпия болып
табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылады [14].
Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған тұста құзіретті орган оның
акционерлері алдында қаржылық оңалту, басшылықты ауыстыру немесе банкті
қайта құрылымдау қажеттігі туралы мәселені қоюға, сонымен қатар
депозиттердің қабылдауды шектеу; жарғылық капитал көлемін ұлғайту;
дивидендтерді төлеуді тоқтату және провизияларды ұлғайту; жеке филиалдар
мен өкілдіктерді жабу жолымен , сонымен қатар қосымша қызметкерлерді
жұмысқа қабылдауды тоқтату немесе шектеу жолымен шығындарды қысқарту;
банктің кез-келген лауазымды тұлғасын немесе қызметкерін тұрақты немесе
уақытша босату; тәуекелдің жоғары дәрежесі бар банктік операциялардың
кейбір түрлерін тоқтату немесе шектеу туралы ұсыныстар беруге құқығы бар.
ҚҚА тарапынан пруденциалдық нормативтер мен өзге де сақтауға міндетті
нормаларды бұзу жағдайлары, банктің қаржылық қауіпсіздігі мен
тұрақтылығына, сонымен қатар оның клиенттерінің мүдделеріне қауіпті болуы
мүмкін банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңға қайшы
әрекеттері мен әрекетсіздігі анықталған жағдайда құзіретті орган банкке
қатысты ықпал етудің келесі шектеуші шараларын қолдануға құқығы бар:
1. міндеттеме-хат талап етуге;
2. банкпен жазбаша келісім жасауға;
3. ескерту жасауға;
4. орындауға міндетті жазбаша ескерту беруге.
Банктің міндеттеме-хаты анықталған кемшіліктер фактісін растаудан және
банк басшылығының жоспарланған іс-шаралар тізімін көрсетумен қатаң
белгіленген мерзімдерде оларды жою бойынша кепілдемесінен тұрады.
Жазбаша келісім – бұл банк пен құзіретті орган арасында анықталған
кемшіліктерді жедел жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші
кезекті шараларды бекіту туралы келісімі.
Құзіретті органның жазбаша ескертуіне қатысты сотқа шағымдану оның
орындалуын тоқтатпайды.
Банк міндеттеме-хат, жазбаша келісім немесе жазбаша ескертудің құжатта
көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы құзіретті органға хабарлауы қажет.
Жазбаша ескерту банкті егер анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде
жойылмаған жағдайда ҚҚА тарапынан банкке қатысты айыппұл шаралары қолдану
мүмкіндігі туралы хабарлама болып табылады [15].
Осылайша, банктік реттеу механизмі мәселелерін зерттеудің теориялық
тәсілдемелерін қарастыра отырып, банктік қызметті реттеу механизмі
түсінігін былайша көрсетуге болады: ол – банктік қызметті реттеудің
әдістері, тәсілдері, нысандары мен ққұралдарының, оларды қолдану
тәртібінің, бақылау нысандарын жасаудың, ұйымдастырушылық-құқықтық
құрылымның, сонымен қатар реттеуші органдар жұмысын шектеудің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары
республикамызда экономиканың барлық салаларында, әсіресе банк секторында
құлдыраулар, терең күйзеліс, экономикалық өсу кезеңдері байқалды. Соңғы үш-
төрт жылдағы әлемдік қаржы дағдарысы банк қызметіне әсерін тигізді және
тигізуде. Еліміздің жалпы экономикасына, соның ішінде банк секторына
әлемдік қаржы дағдарысының ұлғаймалы әсері банктік реттеу механизмін қайта
қарау қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы орайда Қазақстандағы банк секторын
реттеу мен тәуекелдерін басқару мәселелерін зерттеу мен талдау жүргізу
қажет.

және оны банк қызметінде пайдалану
Базельдік келісімнің негізгі принциптерінде берілген банкілік қызметті
реттеудің халықаралық стандарттары нұсқаулар мен шарттар тізбесінен тұрады,
оларды сақтау кредиттік мекемелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
және халықаралық бақылау органдары жағынан банкілер жұмысының тексерілуін
іске асыруға мүмкіндік береді (3-кесте).
Кесте 3
Банкілік қызметті реттеудің Базельдік принциптері
Принциптері Мазмұны
1-принцип. Банкілік тиімді Банкілік заңдылықты қолдайтын қажетті
бақылау үшін қажетті шарттар ресурстар, жауапкершілік, оперативтік
және саяси тәуелсіздік, өзге елдердің
бақылау органдарымен ақпарат ауысудың
құпиялылығы және мүмкіндігі
2-5-принциптер. Лицензиялау жне Банк және банкілік қызмет туралы Заңмен
құрылым сәйкес лицензиялау барысын реттеушілер
6-15-принциптер. Пруденциялық Пруденциялық реттеу және талаптар
талап және пруденциялық реттеу (капиталдың жеткіліктігі, нарықтық
тәуекел, тәуекелмен басқару, ішкі
бақылау, т.б.)
16-20-принциптер. Ағымдағы Ағымдағы банкілік бақылаудың әдістері
банкілік реттеудің әдістемелері
21-принцип. Ақпарат беру Бухгалтерлік стандарттар, ақпарат беру
жөніндегі талаптар ауқымы мен жиілігі, оның құпиялылығы,
банкінің қаржылық жағдайы туралы
ақпараттың баспа беттеріндегі үнемі
жариялануы (ашықтық)
22-принцип. Бақылау сатыларының Банкілік бақылау органдарының 6-21
өкілеттіктері принциптерін сақтамайтын банкілерге
ықпал етудің (шараларды іріктейтін,
лицензияларды алатын) адекватты
(теңбе-тең) мүмкіндіктері бар
3-кестенің жалғасы
23-25-принциптер. Халықаралық Трансшектік банкілік операциялардың
банкілік операциялар кедергілерін жоятын кеңестер
Соның ішінде: 23-принцип Өз банкілік ұйымдарын (шетел
филиалдары, біріккен кәсіпорындар,
еншілес мекемелер) ғаламдық (глобалды)
жинақтай бақылау
24-принцип Қабылдаушы елдің бақылау органдарымен
қатынас және ақпарат айырбастау
25-принцип Жасалған елдің бақылау органдары
қатынас және ақпаратпен ауысу
Е С К Е Р Т У - [16] әдебиеттен алынған
Аса ірі трансұлттық банкілер үшін капиталды жеткілікті стандартын
анықтаған және қазіргі кезеңде әлемнің 100-ден аса елдерінде мақұлданған
1988 жылғы Базельдік келісім банкілік қызметті реттеуге және қаржылық-
банкілік жүйелердің тұрақтылығын қолдауға арналған көпшілік таныған
институционалдық ауқымдарды орнатудың алғашқы жемісті қадамдарының бірі
болды. Бұл құжат – халықаралық рыноктағы операцияларда белсенді қатысатын
кредиттік институттардың тәуекел активтері мен (капиталдың жеткілікті
коэффициенті – abequacy ratio, немесе Кук коэффициенті - Cooke ratio)
өлшенген сомадан 8% деңгейіндегі меншікті капиталдың ең төменгі
жеткіліктілігін банкілік бақылау жөніндегі Базельдік комитет арасындағы
келісім. Келісім қаржылық тұрақсыздықты азайтуға мүмкіндік берді. Банкілер
табысы жоғары балансты емес операцияларды қарқынды іске асыра бастады және
өз меншікті капиталының төмендеуіне әсер ететін үрдіске байланысты
тәуекелдердің өсуін белгілі бір уақытқа жайластыра алатын болды. Бірақ 90-
жылдардың аяғында, тәуекелдердің түрлі санаттағы табиғатына кеңінен түсінік
беруге негізделген Базельдік келісім банкілік капитал құрылымында болып
жатқан маңызды өзгерістерге сәйкес келе алмады. Халықаралық банкілік
жүйедегі шиеленістердің күшейе түсуінен пайда болған қосымша алғышарттар
банкілер жұмыс істейтін капиталды үлестіруде табыстылықты жоғарылату
мақсатымен инвестициялық қоржынның бірнеше құрамдасы арасында тәуекелдерді
тарата отырып, активтерді басқарудың күрделі қаржылық технологияларын
тәжірибеден өткізе бастады. Бұл жаңа сызбалар банкілердің меншікті капиталы
мен бірқатар позиция бойынша активтер арасындағы үйлеспеушіліктер күшейте
түсті.
Кейбір экономист ғалымдар бірінші Базельдік келісімге салынған капитал
жеткіліктілігінің стандарттарын тек қолдап қана қойған жоқ, сонымен қатар
банкілерді активтердің секьюритизациясы механизмін қолдана отырып, жоғары
сенімді кредиттердің бір бөлігін сатуды жанама қолпаштады да. 1998 жылдың
соңына Американың он шақты ірі трансұлттық банкілерінің
секьюритизацияланған ипотекалық емес кредиттердің жалпы көлемі шамамен 200
млрд долларды немесе осы банкілердің кредиттерінің жалпы сомасының 25%-ын
құрады. Инвестициялық қоржынды реттеу мақсатында активтердің
секьюритизаиясына беталыс сол сияқты өзге де өндірісі дамыған елдердің
банкілерінде де белсенді қолданыла бастады. Банк берген меншікті капитал
көлеміне қатысты тәуекел деңгейі анықталған кезеңде капитал жеткілікті
орналастырылған халықаралық стандарттының көмегімен банкілік жүйелердің
тұрақтылығының қамтамасыз етілуіне қауіп төнді.
Бірінші базельдік келісімнің әлсіздігі – банкілік тәуекелдерді шектеу,
банкілердің секьюритизациялаудың күрделі жобаларын кеңінен және кейде
бақылаусыз қолдануды тежеу үшін кепілдікпен қамтамасыздандыруға және
деривативтік құралдарға керекті мән бермеуінде. Жаңа шындықтарға Базельдік
келісімнің сәйкес болмауы банкілерді кредиттік тәуекелдерді азайту үшін өз
меншікті капиталына талаптарды жетілдіру үстінде анағұрлым белсендірек
жұмыс істеулеріне ұдайы итермелеп отырды.
Алғашқы Базельдік критерийлер тәуекелді бағалау негізінде құрылған
капиталды резервтеу жүйесі аса маңызды болды. Тәуекелі анағұрлым көп
операцияларды жүргізуде тәуекелі азғантай операцияларға қарағанда
капиталдың маңызды бөлігін резервтендіру талап етіледі. Қазіргі кезеңде
Базельдік келісім -1 шамамен әлемнің барлық елдерінде іске асырылып отыр
және халықаралық қаржылық тұрақтылықтың нығая түсуіне өзінің орасан зор
үлесін қосып отыр.
Базельдік келісім -2 – капитал жеткіліктілігі жөніндегі кардиналды
қайта қарастыру бойынша жұмыс істеу 1998 жылы басталған болатын. Және
бүгінгі негізгі бөлігі аяқталды деуге болады.
Жаңа Базельдік келісім жаңа іргетастық принципте және оларды іске асыру
жолында құрыла бастады. Оның көлемі бұрынғы 8% деңгейде қалып отырса да, ол
өзімен 1998 жылғы келісімнің ескі коэффициентін ауыстырған төлем
қабілетінің қарапайым нормативін көрсетпейді. Біз капитал жеткіліктілігінің
жаңа коэффициенті бақылаушы органдар мен банкілік менеджерлер жағынан
қамқорлыққа алынған банкінің меншікті капиталының айырбасталуын іске
асыруға ғана көмектеспейді, сонымен қатар алдағы жылдарға банкілерге
пруденциялық бақылаудың нағыз тиімді әрекет жасайтын механизмін жасауға да
септігін тигізеді деп есептейміз.
Базельдік комитеттің он жылдық жұмысының нәтижесі болған жаңа
механизмнің өзіндік ерекшелігі және жаңашылдығы, сол, сүйеніштердің
құрылымы органикалық, олар тәуекелдерді іштей және сырттай бақылауды іске
асырады, сол сияқты оларды басқарудың сандық және сапалық нормативтерін
қолданудың синергетикалық тиіділігін күшейтеді. Бұл сүйеніштердің мазмұнды
мәні: банкілердің меншікті капиталының көлеміне жаңартылған ең төменгі
талаптарды қою; банкілердің пруденциалды бақылау процедураларын бекіту және
принциптерді дамыту; банкілік қызметтің көтерілуіне негізделген тиімді
нарықтық тәртіпті сақтау.
1-сүйеніш. Жаңа келісім меншікті капиталдың тәуекелдер жиынтығына
қатынасы ретінде анықталатын капитал жеткіліктілігіне қойылатын есептеу
тәсілі ретінде өзін жағымды көрсете білген ең төменгі талаптарды сақтауды
қаратырады. Бірақ тәуекелді бағалау кредиттік тәуекелді бағалаудың сипаты
мен табиғатын қозғайтын, сонымен қатар тәуекелді азайтудың эконометриялық
модельдерін, техникалық тәсілдері мен құралдарының ауқымын кеңірек
қолдануды қажет ететін және операциялық тәуекелдің капиталына қойылатын
минималдық талаптарды есепке енгізуі арқылы біршама өзгерістерге ұшырады.
1996 жылғы Келісімге енгізілген түзетуге сәйкес коэффициент есебіне
енгізілген нарықтық тәуекелдерді бағалау өзгерген жоқ.
Кредиттік тәуекелдің бағалауының бірінші өзгерісі – тәуекелдің деңгейін
анықтауға толығырақ және максималды дифференцияланған түрде келуі. Жаңа
келісім кредиттік тәуекелді бағалауда екі жолды қолдануды ұсынады:
стандартталған жол және ішкі рейтингілерді қолдануға негізделген жол (IPH-
жол). IPH-жол өз кезегінде тәуекелді бағалаудың базалық және прогрессивті
тәсілдері болып бөлінеді.
ІІ Базель келісімі ұсыныстары негізгі үш элементке бөлінеді:
капиталға деген сандық талаптар, реттеуші органдарды бақылау және нарықтық
тәртіп. Берілген құрамдас бөліктердің әрқайсысы үшін капиталға қойылатын
талаптары өлшеудің бірқатар жолдары болады.
Капиталға қойылатын сандық талаптар. Тәуекелді есепке ала отырып алған
капитал мен активке қатысты ең төменгі талаптар – 8% күйінде өзгеріссіз
қалады. Бірақ ІІ Базель келісімінде тәуекелді есепке алған активтерді және
берілген коэффициентті мәндірек ететін жаңа жолдар қарастырылған.
Жаңа келісім бойынша кредиттік және нарықтық тәуекелді ғана емес,
сонымен бірге операциялық тәуекелді де бағалау жүргізіледі.
Сонымен қатар ІІ Базель келісімінің принципиалды жаңалығы – кредиттік
есептеудің үш тәсілін қолдану. Базельдік комитеттің пікірі бойынша, бұл
банкілер мен қадағалау органдарына қаржы нарығының банкілік операциялары
мен инфрақұрылымының сәйкес дамуы үшін неғұрлым келісімді моделін таңдауға
көмектеседі.
Оны рейтингілерге негізделген стандартты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz