Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы. Осы құжат қабылданғаннан бергі жылдарды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.
Нарықтық экономика жағдайында еліміздегі қаржы жүйесінің дамуы маңызды болып табылады. Себебі елдің экономикалық, әлеуметтік, тіпті саяси дамуы оның қаржы саласындағы оңтайлы қызметіне тікелей байланысты болып табылады. Осы орайда, коммерциялық банктердің қызмет етуін зерттеу маңызды.
Ғалымдық қаржы дағдарысы қоғамдық өміріміздің қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т. б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын. Ол елдердегі қаржы дағдарысынан, ең алдымен, өтімділік дағдарысының әсерінен, қаржы көздері қазақстандық банктер үшін негізінен жабылды. [1, 16б. ]
Біріншіден банктер Америкадағы «ипотекалық дағдарыс» әсерін болжамдай алмады. Жағдайдың тұрақты болатынына сеніп қалған олар, сырттан қаражаттарды қысқа мерзімге алып, оларды өз клиенттеріне ұзақ мерзімге беріп отырды. Екіншіден, банктер тұрғын үй саласында алыпсатарлық бағаның қалыптасқанын ескермеді және басқа салаларға көңіл бөлген жоқ. Үшіншіден, банктер тапқан мол табыстарын өз қорларын өсіру үшін жұмсамай, оларды еліміздегі және шетелдердегі ғимараттар мен өндірістік нысандар түріндегі бағдарсыз активтерге айналдырып отырды. Сондықтан да еліміздің банк жүйесіндегі айтарлықтай қауіптердің бір мезгілде жинала бастағандағы заңдылық.
Осы орайда коммерциялық банктердің қызмет ету негіздерін, коммерциялық банктердің активті операцияларының бірі болып табылатын несиелеу қызметін зерттеу, несиелеу кезінде туындайтын несие тәуекелінің мәні мен мазмұнын, теориялық негіздерін егжей-тегжейлі зерттеу және талдау, және де солардың негізінде банктердің қызметін тиімді ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Тақырыпты әзірлеу мен талдау деңгейі. Коммерциялық банктердің несиелу процесіндегі тәуекелдерді басқару тұрғысындағы отандық және ТМД елдерінің Мақыш С. Б., А. В. Калтырина, Лаврушин О. И., Гойденко Ю. Н., Грядовая О. В., Дорохова М. Н., Балабанова И. Т., Ольхова Р. Г., Жуков Е. Ф., Зверев О. А., Соколов Д., Жумагулова А., Лисак Б. И. экономикалық әдебиеттерінің негізінен ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарында көрсетіледі.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - қысқа мерзімді несиелеуді ұйымдастырудағы тәуекелдерді басқарудың теориялық негіздерін зерттеу, банктің несиелеу қызметін және несие тәуекелін басқару тұрғысында несие сапасын талдау және тақырып аясындағы теориялық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде несие тәуекелін басқаруды оңтайландыру тұрғысында ұсыныстар беру.
Зерттеу кезінде келесі нақты міндеттер алға қойылды:
- қысқа мерзімді несиелеу кезінде туындайтын тәуекелдерді басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
- несие сапасын басқару және несиелік тәуекелдің рейтингілік жүйесін зерделеу;
- банктің несиелеу қызметін талдау;
- банктің несие қоржынының сапасына талдау жасау;
- несиелік тәуекелді басқаруды оңтайландыру жолдарын белгілеу;
- несиелік тәуекелді басқару кезеңдерін анықтау.
Зерттеу обьектісі «Цесна Банк» акционерлік қоғамы болып табылады.
Зерттеу пәні болып коммерциялық банктерде қысқа мерзімді несиелеуді ұйымдастыру және тәуекелдерді басқару процесінде туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Отандық және шетелдік ғалым экономистерінің құрастырған коммерциялық банктерде қысқа мерзімді несиелеуді ұйымдастыру және несиелеу процесінде туындайтын несиелік тәуекелддерді басқару тұрғысындағы қызметін талдаудың теориялық негіздері мен принциптері.
Талданған жұмыста қазақстандық заң актілері мен отандық және ТМД елдерінің мерзімді басылымдары мен әдебиеттері қолданылды.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен арнайы әдістемелік мерзімді басылымдар материлдары және «Цесна Банк» акционерлік қоғамының қаржылық есептемелері негізінде зерттеліп, жазылған. Жұмысты орындау барысында талдаудың салыстыру, идекстер, коэффициенттер, пайыздар, графикалық суреттер және т. б. әдістері қолданылды.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 13 кесте, 7 суреттер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсаттары мен міндеттерімен анықталып, диплом тақырыбын толығымен ашып көрсетуге өз септігін тигізеді.
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Несие операцияларының сипаты және қысқа мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру тәртібі
Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені ол табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттылыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады;
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;
Үішншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына - несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары - бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі бір сомасын беру бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық - несиенің негізгі белгісі болып саналады.
Банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді. [2, 115б]
Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік - оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына) тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етуді қосуға болады.
Қамтамасыз ету - бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі. [3, 78б]
Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:
- Мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық және т. б. ) ;
- Қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді) ;
- Қамтамасыз етушілік деңгейі бойынша (қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген) ;
- Пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер) . [4, 97б]
Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді.
Нарықтық экономика кезінде коммерциялық (іскерлік) банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.
Несие беру - сауда, кәсіпкерлік қызмет пен пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциялары болып саналады.
Несие беру теориясы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылармен өзара қатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Несие беру: субъектілердің несие беру процесіне қатынасы; несие берушілер мен қарыз алушылардың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктілігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.
Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызды ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді. [5, 86б]
Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үішн ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.
Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақтылығын зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық негізділігін, берілген деректердің сенімділігін ескереді. Қарыз алушының қарызды несие шартында көрсетілген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы қамтамасыз етуін; экономикалық конъюктураны ескереді.
Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды. Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.
Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процесс кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделілік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды. [6, 103б]
Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:
- банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қаржыландыру мөлшерлемлерімен (рефинансирование), банкаралық несиелер бойынша мөлшерлемелермен салыстыра отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебінен дамыту банкке пайдалы емес;
- қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететін несиелерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;
- несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие беруге қатысы бар (орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дейін, директорлар кеңесі) банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуекелін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.
Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:
- банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мерзімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге өкілеттіктер берілген;
- келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қабылдауына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық және заңдық құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу үшін негіз болып қатысады;
- бектіу (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.
Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінге аралықты қамтитын қадамдарын (6-10) енгізеді. Бұл мәселелер оқу әдебиеттерінде жеткілікті түрде қарастырылады. [7, 95б]
Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып саналады.
Несие шарты - бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері ескерілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады.
Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
- ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау кестесі мен процедураларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;
- терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттардыорындамау жағдайы, келісімнің күшін жою күні, растаушы құралы (заверительный инструмент) және т. б. қамтиды;
- қарызды дәлелдеу - қаралуы қажет құжаттамаларды (мысалы, қөарыз алушы жазған жай вексель) сипаттайды;
- пайыз және коммисиялық мөлшерлеме пайыздық төлемдер бойынша коммисиялық ставкаларды анықтайды;
- алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;
- ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының кез келген активіне иелік ете алады;
- кепілдер: оның заң ережесі, займдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық ақпараттар бойынша қаржылық жағдайға байланысты материалдарда кері өзгерістердің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.
Банктік ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндеттемелерді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келесідей ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
- нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданы бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;
- нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;
- негізгі коэффициенттер бойынша (ағымдағы өтімдік коэффициенті, борыштың меншікті капиталға қатынасы бойынша коэффициент) белгілі талаптарға жауап беру;
- ескерілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;
- қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;
- барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдану;
- салықтарды уақытында төлеу;
- қосылуға қатыспау және өз активтерінің маңызды бөлігін сату;
- шартқа қол қою уақытындағыдан үздік саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.
Қазақстан Республикасының банк тәжірибесіндегі несие шартын арнайы құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес рәсімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.
Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай-ақ кепілдеме немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Одан әрі шарттың заты (предметі) - несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар (ұзақ мерзімдік несие) сомасы, ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
«Тараптардың құқығы мен міндеттері» бөлімінде мыналар қаралады: ссуданы мақсатты пайдалану, оны уақытында қайтару және табысы жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушы кепілдікке қою арқылы (оның меншік құқығына жататын) қайтаруға міндеттенетін, кепілдік беру туралы шартта көрсетілген пайыздарды төлеу міндеттемелері көрсетілетін; ссуданы қайтару тәртібін, несие үшін пайыздар төлеу бойынша міндеттемелерді және несиені уақытында қайтармаған жағдайда төлейтін пайыздар мөлшерін, несие үшін пайыздарды аудару мерзімдері мен тәртібін көрсететін; талап етуі бойынша банкке бухгалтерлік, қаржылық, шаруашылық құжаттарын, есептің бүкіл түрлерін беруге (тапсыруға) міндеттенетін; кәсіпорын мәртебесі бойынша бүкіл өзгерістерді банкке хабарлайтын және ссуданы пайыздармен толық сомада банкке мерзімінен бұрынқайтаратын қарыз алушының міндеттемелері. Қарыз алушының сондай-ақ ссуданы қайтару мерзімін ұзарту туралы банкке өтініш білдіруге; банктің өз тарапынан міндеттемелерін бұзуы кезінде өсім мөлшерінде айыппұл төленуін талап етуге құқығы бар.
Банктің (несие берушінің) құқығы мен міндеттеріне мынадай мәселелер кіреді: ақша және несие нарығының хал-ахуалына қатысты ссудаға пайыздық ставкалардың өзгеруі; қарыз алушының шарттық міндеттемелерді бұзуы кезінде алдағы уақытта ссуда беруді тоқтату; қайтарудың болашағы жоқ деп танылғанда ссуданы мерзімінен бұрын өндіру; несиені мақсатты пайдалану бойынша жер-жерлерде тексерулер жүргізу; ссудаларды және меншікті қаржыларды пайдалануды қамтамасыз ету. Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін банктің есептелген пайыздармен қоса алғанда ссудаға қарызының бүкіл сомасын және ссудаға берешегінің 25%-ы мөлшерінде айыппұл өндіртуге құқығы бар. «Жалпы ереже» бөлімінде несие шартының заңдылығы, заңдылықтарға сәйкес дауларды шешу мәселелері атап көрсетіледі. Несие шартының соңында тараптардың мекен-жайлары, банк операциялары бойынша есеп шоттарының номерлері көрсетіледі, жетекшілердің қолдары мен мөр қойылады. [8, 56б]
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеду, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк-несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.
1. Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдайда несие беру жүзеге асырылады:
- өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама;
- несие есебінен өндірілетін өнімдердің (қызметтердің) тізімдемесі тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz