Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6
1 ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні 8
1.2 Лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері 18
1.3 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері 24
2 БРК-ЛИЗИНГ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ 28
2.1 БРК-лизинг еншілес ұйымының қызмет ету негіздері 28
2.2 Лизингтік компанияның қаржылық жағдайын талдау 39
2.3 Компанияның лизингтік қызметінің нәтижелерін талдау 43
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 47
3.1 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістерін талдау және оны жетілдіру
жолдары 47
3.2 Лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту 61
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз
бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке
қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады.
Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы
нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі
өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған
қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып
табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін
кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен
көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі
қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай
екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық
өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база
немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да,
бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-
ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті
өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық
негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және
жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн.
Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және
өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің
өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің
төмендеуіне әкеліп соғады.
Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген
несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан
шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды, негізгі
қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып
табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік қатынастар
экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі
бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік
базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен
негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық
қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық
құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық
қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе
біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған
жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі
бүгінгі таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл
көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының
дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті
болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау
және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі
туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар
нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және қазақстандық экономика
үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне
айналдыру қажет. Зерттеу тақырыбы ретінде осы объектіні алуымыз да
сондықтан.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты
лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде
олардың басқару тиімділігін жоғарлату бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау
болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық
тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере
отырып, лизингтік қатынастар түсінігінің тұжырымын нақтылау;
- әлемдік тәжірибедегі лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму
ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың кейбір тиімді жақтарын
қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының
экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан-жақты
зерделеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастардың дамуының ағымдық жағдайына
талдау жасауды қамтамасыз ететін тиісті статистикалық материалдарды
жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы келелі түйіндер жасау;
- ҚР-дағы лизингтік қатынастарды әртүрлі деңгейлерде басқару
қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру
керек екендігін дәлелдеу;
Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әртүрлі салаларындағы
лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-
ғы әртүрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және оларды
басқару үдерістері алынды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс ___ беттік компьютерлік терім мәтінін
құрай отырып ___ кестені және ___ суретті қамтиды.

1 ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні

Қазіргі уақытта шетелдік және отандық әдебиеттерде лизингтік
қатынастар түсінігі өте кең мағынада түсіндіріледі. Бір жағынан, осы
түсініктің экономикалық мәнін дұрыс түсінбеумен де байланысты. Сондықтан,
бүгінгі таңда жақын шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде
лизингтік қатынастар түсінігінің өте көптеген анықтамалары кездеседі.
Себебі, лизинг әртүрлі экономикалық қатынастарға қатысты болғандықтан, оның
мәні мен ролі теориялық және тәжірибелік тұрғыдан әртүрлі қарастырылады.
Соған байланысты, бүгінгі күні әдебиеттерде лизинг түсінігінің бірыңғай
және оның барлық белгілерін толық қамтитын анықтамасы жоқ деуге болады.
Оған себеп осы жаңа қаржылық құралдың барлық нысандары мен белгілерін толық
түрде бір анықтамада қамту мүмкін емес. Өйткені лизинг түсінігі кең
мағынада қаржылық-коммерциялық, сервистік және құқықтық аспектілерді де
қамтиды. Міне, осыған байланысты лизингтің кез-келген анықтамасы шектеулі
болып саналады деген тұжырыммен толық келісуге болады [7, 33б.].
Лизинг термині to lease делінетін ағылшын етістігінен аударғанда
жалдау, жалға алу, жалға беру немесе жалдау туралы келісім-шарт
деген мағынаны білдіреді [8, 727б.], [9, 34; 444б.]. Соған байланысты,
жалпы бүгінгі күні қоғамда лизинг түсінігімен байланысты
түсініспеушіліктер өте көп кездеседі. Мысалы, отандық тәжірибеде осы екі
термин белгілі-бір мағынада бір-бірінен бөлініп қарастырылады, яғни жеке
нормативтік құжаттарда жал және лизинг деген жеке түсініктер
енгізілген. Басқаша айтқанда, жал операцияларының бір бөлігі лизинг деген
шетел сөзімен аталған. Сондықтан жалпы қоғамда экономикасы дамыған елдерде
жал және лизинг деп аталатын бір-бірінен ерекшелінетін екі операция бар
деген пікір қалыптасқан. Бірақ олай емес. Себебі, шынында отандық
нормативтік құжаттарына лизинг деп аталатын ерекше операция
енгізілгенімен, ол жал қатынастарының жеке элементі болып табылады.
Сондықтан lease делінетін ағылшын тілді терминнің мәні көптеген елдерде
жалпы түрде жал қатынастарымен теңестіріледі, ал Қазақстанда лизинг
түсінігі жал қатынастарының белгілі-бір бөлігін көрсету үшін пайдаланылады.
Оған дәлел ретінде, ҚР Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінің 564-бабында
мүлік жалдау шартының жекеленген түрлеріне және жекеленген мүлік түрлерін
жалдау шартына лизингтің де жататыны көрсетілгенін айта кетуге болады [10,
176б.].
Жал қатынастары, олардың экономикалық тиімділіктері туралы теориялық
сұрақтарды алғаш рет 1970 жылдардың басында американдық экономист М. Гордон
зерттеген. Ол жал - бұл жалға беруші, яғни мүліктің меншік иесі жалға
алушыға алдын-ала анықталған мерзім аралығында және екі жақтың өзара
келіскен жал төлемдерімен пайдалануға беру туралы келісім деп түсініктеме
береді [11, 45 б.]. Сонымен бірге, жал операцияларының өте көптеген
түрлерінің кездесетінің айта келіп, оның неғұрлым кең тараған үш түрін атап
көрсеткен. Олар:
тікелей жал (direct lease);
сату типі бойынша жал (sale and leaseback);
тікелей қаржылық (тұтқалық) жал (leaverage leasing).
Тікелей жал операциясы жалға берушінің меншігі болып табылатын
активтерді жалға алушыға пайдалануға мүмкіндіктер береді. Бұл үшін жалға
алушы жалға берушіге жарналар төлейді. Тікелей жал туралы келісімде
көбінесе, жалға берушінің активтерге қызмет көрсету де қарастырылады.
Бұндай келісімдерді қызмет көрсетумен байланысты жал (service lease) деп
атайды. Осы тікелей жалдың тағы бір ерекшелік белгісі келісімді тоқтату
туралы шарт (cancellation clause) болып табылады, яғни, жалға алушыға
келісілген кезеңде жалдан бас тарту туралы шешім қабылдауға күқық береді.
Сату типі бойынша жал кезінде компания көп жағдайда өзі сатып алған
активті басқа тұлғага сатады, содан кейін олар сол активті сатушының
қайтадан жалға алатыны туралы келісім-шарт бекітеді. Активтің жаңа иесі
меншік құқығын және сонымен байланысты барлық тиімділіктерді иеленеді. Ал,
жалға алушы өзіне қажетті активті қайтадан пайдалануға алады және оны
сатудан түскен қаражаттарды да иеленеді.
Тікелей қаржылық жал кезінде жал операцияларының басқа екі түрінде
кездеспейтін қаржылық тұтқа пайдаланылады. Үшінші жақ - кредитор - жалға
берушіге жалға беру үшін сатылып алынатын активтерді сатып алу үшін қажетті
ақша қаражаттарының көп бөлігін береді. Жал қатынастары бойынша барлық
келісімдердің 85% көбі осы тікелей қаржылық жал операцияларына жатады [12,
301б.]. Бұл жерде кредитор ролін коммерциялық банктер орындағандықтан,
көптеген банктердің баланстық есептерінде лизинг бойынша дебиторлық борыш
деген жаңа жол пайда болды [13, 121б.].
М. Гордонның жал теориясын негізгі ала отырып және жал операцияларының
бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік
тәжірибеде жал операцияларының жалпы түрде қабылданған екі категориясы
бөлініп көрсетіледі: қаржылық және операциялық.
Жоғарыда көрсетілген жал операцияларының алғашқысы операциондық жалға,
ал қалған екеуі қаржылық жалға жатқызылады.
Көптеген елдерде: қаржылық жал - бұл барлық тәуекелділіктер жалға
алушыға өтетін келісім дегенді білдіреді. Ал, осы тәуекелділіктердің және
жалға алынған мүліктерді пайдаланудан түскен табыстардың жалға берушіден
жалға алушыға өтетінің анықтау үшін бірқатар белгілер анықталған. Мысалы,
АҚШ-та 1976 жылы қаржылық есепті стандарттау басқармасы 1977 жылдан бастап
лизингтің көмегімен іске асатын сатып алу операцияларын шектейтін қаулы
шығарды. 1977 жылға дейін фирмалар әртүрлі құрылғыларды лизингке ала
отырып, олардың құнын өз баланстарында көрсетпеуге құқылы болған, яғни,
қарыз сомасы баланстан тыс есептерде жүргізіліп отырылған. Ал 1977 жылы
қабылданған қаулыда, яғни, АҚШ-ң №13 есептік стандартына сәйкес (SFAS 13)
келесідей негізгі пунктер аталып көрсетілген:
- жал туралы келісім мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікке деген меншік
құқығы жалға алушыға өтсе;
- жал туралы келісім мерзімінің соңында құрылғыны оның нарықтық құнынан
төмен баға бойынша сатып алуға мүмкіндік берілсе;
- жал туралы келісім мерзімі құрылғының тиімді қызмет ету мерзімінен
75%-ке жоғары немесе соған тең болса;
- жалдық төлемдердің ағымдық құны (сақтандыру, басқару, салықтық
төлемдерді қоспағанда) құрылғының нарықтық бағасының 90%-нан жоғары немесе
соған тең болса [14, 33б.].
Егер жал туралы келісім осы шарттардың ең аз дегенде біреуін
қанағаттандыратын болса, онда мүлік қарыздық міндеттемеге
корреспонденцияланып актив ретінде жалға алушының балансында көрсетіледі.
Сонымен бірге, баланс пассивінде қаржылык жал бойынша міндеттеме деп
көрсетілуі қажет болды. Егер лизингтік келісім жоғарыда көрсетілген
шарттардың ешқайсысын қанағаттандырмаса, онда мүлік жалға алушының
балансына қосымша ретінде керсетілуі (есепке алынуы) қажет болды, яғни ол
операциондық жал деп сипатталды [15, 21б.]. Сонымен, біздің түсінігіміздегі
лизинг көптеген елдерде қолданылатын қаржылық жал түсінігімен сәйкес
келеді деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан да, біз өзіміздің
алдымызға лизингтік қатынастарды жеке экономикалық категория ретінде
экономикалық қатынастардың белгілі-бір ішкі құрылымын, яғни оның басқа
ұқсас категориялардан ерекшелігін көрсететін мәнін неғұрлым толық ашуды
міндет етіп қойдық.
Соңғы он бес жыл ішінде әртүрлі отандық және жақын шет елдердің
экономистерімен лизингтік қатынастардың экономикалық табиғатын көрсететін
көптеген теориялардың құрылғаны белгілі. Лизингтік қатынастарға байланысты
пікірлер мен бағыттарға қарсы ойлар айтатын және соған байланысты өзіндік
көзқарастарын негіздейтін жұмыстар өте жиі кездеседі. Мысалы, авторлардың
белгілі-бір үлкен тобы лизингтік қатынастарды мүліктерді уақытша
пайдалануға, яғни жалға беру үдерісінде қалыптасатын қатынастар ретінде
қарастыра отырып, лизингтік қатынастар - бұл машиналарды, құрылғыларды
және инвестициялауға бағытталған т.б. тауарларды ұзақ мерзімді жалға беру
кезінде лизингке беруші мен лизингке алушының арасында қалыптасатын
қатынастар және жалға берілген мүліктерге деген меншік құқығы жалгерлік
мерзім аралығында лизингке берушіде сақталады десе [16, 14б.], ал
экономистердің тағы бір тобы лизингтік қатынастар - бұл мүліктерді уақытша
пайдалануға беру үшін өз меншігіне сатып алу бойынша экономикалық
қатынастар жүйесі деп қарастырады [17, 7б.]. Ал оқымыстылардың тағы бір
тобы оны мүліктерді уақытша ұзақ мерзімді жалға беру кезінде қалыптасатын
қатынастар деп тұжырымдайды [18, 6б.], [19, 153б.], [20, 7б.]. Осы
пікірлердің барлығы лизингтік операцияларды іске асыру бойынша
экономикалық қатынастар екі бағытта көрінеді: сатып-алу-сату бойынша
қатынастар және мүліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар. Екі бағыт
бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бірақ лизингтік төлемдер төлей отырып,
мүліктерді уақытша пайдалануға беру бойынша қатынастар маңызды болып
саналады деген ойлармен негізделеді.
Біздің ойымызша лизингтік қатынастар түсінігінің мәнін ашатын
жоғарыда келтірілген анықтамалар дұрыс болып саналғандығымен, олар толық
болып табылмайды. Себебі, көрсетілген анықтамалар лизингтің көмегімен
шешілетін негізгі мақсаттар мен міндеттерді толық ашып көрсетпейді. Соған
байланысты лизингтік қатынастарды жалға беру қатынастарымен толық
сәйкестендіретін анықтамалар біздің лизинг туралы түсініктерімізбен сәйкес
келмейді. Өйткені, мұндай түсініктер лизингті өте тар шеңберде түсіндіреді
және де бүгінгі шаруашылық қатынастарының нысанын толық түрде ашпайды.
Сондықтан да, жалға беру және лизинг түсініктеріне ортақ және олардың бір-
бірінен өзгешеліктерін көрсететін белгілерін қарастырғанды жөн санаймыз.
Жалға беру - бұл дәстүрлі түрде жалға беруші өз меншігіндегі активтерді
белгілі-бір ақы төлеу шарттарымен жалға алушыға уақытша пайдалануға беруі
деп түсіндіріледі [21]. Бұл жағдайда жалға берілетін актив жалға берушінің
меншігі болып табылады. Осы көрсетілген анықтамаға байланысты, жалға беру
және лизинг түсініктеріне ортақ келесідей белгілер бар:
- Екі жағдайда да міндетті түрде, бір жақтың - белгілі-бір құрылғыларды
уақытша пайдалануға алуға тілектері болса, ал екінші жақтың - осы
қызметтерді көрсетуге тілектері және мүмкіндіктері болады.
- Екі келісім-шарттың кез-келгені тек ақы төлеу шартымен ғана іске
асырылады, яғни келісім-шарт бекіту кезінде өзара келісілген негізде
көрсетілген қызметтер төленеді.
- Лизинг ретінде де жалға беру ретінде де жылжымалы (көлік құралдары,
құрылғылар және т.б.) және жылжымайтын (ғимарат, жер, қондырғылар және
т.б.) объектілер берілуі мүмкін.
Міне, жалға беру мен лизингтік қатынастарды салыстыру кезінде осындай
екеуіне де ортақ жалпы белгілерді бөліп көрсетуге болады. Бірақ біз үшін
неғұрлым маңыздысы олардың араларындағы өзгешеліктерді көрсету болып
табылады. Мұндай өзгешеліктерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- Жалға беру туралы келісім-шартта меншік қатынастары мүлдем
көрсетілмейді. Керісінше, лизингтік қатынастар кезінде осы сұрақ маңызды
мәселе ретінде міндетті түрде кездеседі.
- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы және лизингке берушімен
бірге лизингке берілетін мүліктерді сатушы тұлға да қатысады.
- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы өте белсенді роль
атқарады, бұл ерекшелік жалға беру қатынастарына тән емес. Яғни, лизинг
кезінде лизингке алушыға мүлікті және оны сатушы немесе өндірушіні таңдау
бойынша артықшылық құқықтар беріледі. Сонымен бірге, лизингке беруші
міндетті түрде мүліктің белгілі-бір тұлғаға лизингке беру үшін арнайы
сатылып алынатыны туралы сатушыны хабардар етуге тиіс. Жалға беру
қатынастары кезінде мүлікті сатушы тұлға қатыспайды.
- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы тұлғаның сатып алушыға
тән құқықтары мен міндеттемелері болады, бұл оның жалға беру қатынастарынан
бір ерекшелігін көрсетеді. Классикалық лизингтік сызба кезінде мүлікті
сатушы лизинг объектісін лизингке алушы орналасқан жерде тікелей береді,
яғни мүлік лизингке берушіге берілмейді.
- Жалға беру және лизингтік қатынастар кезінде тәуекелділіктерді бөлу
әртүрлі түрде жүзеге асырылады. Жалға беру туралы келісім-шарт бойынша
жалға беруші мүлікті пайдалануға кедергі жасайтын барлық кемшіліктері үшін
жалға алушының алдында жауап береді. Ал лизингтік қатынастар кезінде
лизингке беруші лизингке берілген активтердегі ақаулар үшін ешқандай
жауапкершіліктер алмайды. Тек лизингке алынған активтерді немесе
жеткізушілерді лизингке беруші таңдаған жағдайларда ғана жауапкершіліктер
алуы мүмкін. Сонымен бірге, лизингке беруші лизингтік келісім объектісінде
табылған ақауларға байланысты кепілдемелік міндеттемелерді орындаудан толық
босатылған. Бұндай міндет мүлікті өндірушіге жүктеледі және лизингке алушы
ақауларды жөндеу туралы талаптарын тікелей мүлікті өндірушіге қоя алады.
- Лизингтік келісім-шарт мерзімі аралығында лизингке берушінің лизинг
объектісінің меншік иесі болып қалатындығына қарамастан, көбінесе лизингке
алушы меншік құқығына байланысты міндеттемелерді өзіне алады (мүліктің
кездейсоқ жойылу немесе бүліну қауіпі, техникалық қызмет көрсету және
т.б.). Жалға беру қатынастарына қарағанда лизингтік келісім кезінде
тәуекелділіктерді осылай бөлу толық негізделген, себебі лизингке беруші
мүліктерді лизингке алушының сүрауы және сонын мүддесі үшін сатып алады.
Ал, жалға беру кезінде барлық тәуекелділіктер жалға берушіде қалады,
сондықтан егер жалға алушыға байланыссыз себептермен мүлік пайдалануға
жарамай қалса, онда жалға алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуды
талап етуіне болады.
- Жалға беру қатынастарына қарағанда лизингтік қатынастардың бір
ерекшелігі міндетті түрде арнайы ұйымдар құру талап етіледі. Яғни, жалға
беруші ретінде өз мүлкін жалға беруді қалайтын кез-келген заңды және жеке
тұлғалар да бола алады. Ал лизингке беруші арнайы құрылған фирма ретінде
мүліктерді лизингке берумен кәсіпкерлік негізде айналысады және бұл қызмет
оның табысының негізгі көзі, қызметінің негізгі түрі болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып лизинг пен жалға беру
қатынастары туралы белгілі-бір қорытынды шығаруға болады. Яғни, жалға беру
қатынастары лизингтік қатынастарға қарағанда объектіні тек уақытша иеленуге
және пайдалануға берумен ғана шектелетін неғұрлым қарапайым шаруашылық
тетігі болып табылады. Сондықтан, біз лизингтік қатынастарды жалға берудің
арнайы нормативті-құқық базасымен қамтамасыз етуді талап ететін, дамыған
инфрақұрылымы бар және жасалған келісімдерге олардың экономикалық
нәтижелеріне талдау жасауға мүмкіндіктер беретін өте күрделі түрі ретінде
қарастыруды ұсынамыз. Яғни, лизингтік қатынастар келісімдерді бекіту
кезіндегі белгілі-бір экономикалық жағдайларда жал қатынастарымен өте ұқсас
болғанымен, бірақ ол жал қатынастары болып табылмайды.
Лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін неғұрлым толық ашудың келесі
бір кезеңі кейбір экономистердің еңбектерінде кездесетін несие және
лизинг сияқты түсініктерді ұқсастыру туралы объективтілік деңгейін
түсіндіру болып табылады.
Кез-келген лизингтік келісімнің негізін қаржылық нақтырақ айтқанда
несиелік операция құрайтыны белгілі. Яғни, лизингке беруші лизингке алушыға
белгілі-бір қаржылық қызмет көрсетеді: лизингке беруші мүліктерді өз
меншігіне сатып алады да оны лизингке беру арқылы лизингтік төлемдер
есебінен мүліктің толық немесе соған жақын құнын қайтарып алады. Сондықтан
да лизингтік қатынастарды қаржылық тұрғыдан негізгі қорларды несиелеудің
бір нысаны, яғни несиенің альтернативі деп қарастыру арқылы оны тауарлық
несие ретінде жіктейді [22, 19б.]. Бірақ лизингті несиенің бір нысаны
ретінде қарастыруға болмайды. Себебі, жалпы экономикалық тұрғыдан алып
қарағанда, несие бұл жеке және заңды тұлғаларға өздеріне қажетті
объектілерді, сонын ішінде негізгі қорларды да сатып алу үшін ақша
қаражаттарын уақытша алуға және осындай көрсетілген қызметті белгілі-бір
кезең аралығында төлеуге мүмкіндіктер беретін қаржылық қызмет. Міне, осы
анықтаманың өзінен біз несие мен лизинг арасындағы айырмашылықтарды
көреміз:
- несие бұл оның көмегімен белгілі-бір объектілерге меншік күқығын
алуды көрсетеді, ал лизинг бұл ең алдымен сол объектіні пайдалану күқығын
алудың бір құралы болып табылады. Кейбір жағдайларда өзара келісім бойынша
лизингтік келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығы лизингке
берушіден лизингке алушыға өтуі мүмкін;
- несиелеу үдерістеріне қатысушылар әрқашанда келісімді жүргізуге
қызығушылық-тары бар екі жақ, яғни кредитор және қарыз алушы болып
табылады. Ал, лизингтік қатынастарға келісімге қатысушылардың көп жақтылығы
тән, яғни лизингтік келісімдерге лизинг объектілерін сатушыларда және
қаржылық қолдау көрсетуші ретінде әртүрлі инвесторларда қатысуы мүмкін.
Бірақ осындай бір-бірінен айырмашылықтарын көрсететін өзгешеліктеріне
қарамастан лизинг пен несиеге ортақ жалпы белгілер жоқ деп айтуға болмайды.
Өйткені осы келісімдердің кез-келгенін іске асыру кезінде мерзімділік,
қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз ету қағидалары қолданылады. Мысалы,
лизинг кезінде де негізгі қорларды қайтарымдылық негізде қаржыландыру
козделеді. Белгілі-бір уақыттан кейін лизингке алушы мүлікті кері қайтарып
алады, яғни осы жерден несиенің мерзімділік және қайтарымдылық қағидаларын
керуге болады. Осындай корсеткен қызметтері үшін лизингке беруші лизингтік
төлемдер түрінде сыйақы алады. Сол арқылы ақылылық қағидасының іске
асырылуы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге екі жағдайда да осы қызметтерді
негізгі тұтынушылардың мақсаты - бұл өзіне қажетті активтерге қол жеткізу
мүмкіндіктерінің болуы және осындай мүмкіндіктер кредитордың немесе
лизингке берушілердің көмегінсіз іске асырылуы мүмкін емес. Осы екі
нұсқаның біреуін, яғни несиені немесе лизингті нақты таңдау бұл нақты
тұтынушының көзқарасы тұрғысынан екеуінің экономикалық тиімділіктеріне және
осы құралдарға қол жеткізу деңгейлеріне талдау жүргізуіне байланысты
анықталады
Лизингтік катынастарды зерттеумен айналысатын авторлардың бір лизинг -
бұл өндіруші күштер және өндірістік қатынастармен өзара тығыз байланыста
болатын, олардың белгілі-бір жағдайын көрсететін меншік қатынастарын іске
асыратын әдіс деген өзіндік пікірлерін айтады [23, 8б.]. В.А. Горемыкин
лизингтің қазіргі түсінігі мүліктің меншік иесі және оны пайдаланушы деген
түсініктерді шектеу туралы римдік күқықтың классикалық қағидаларынан шыққан
айта отырып, лизингтің пайда болуы және оның бизнестің ерекше түрі ретінде
көрінуі меншік компоненттерін екі маңызды құқықтық қатынастарға, яғни
пайдалану және меншік құқықтарына бөліп көрсету мүмкіндіктеріне негізделеді
деп көрсетеді және өз ойын лизинг бұл бір жағынан өндіріс құралдарына
деген жеке меншіктің қалыптасуына әсер ететін, ал екінші жағынан оны
пайдалану иесінің ауысуын көрсететін экономикалық қатынастардың ерекше бір
түрі, себебі, лизинг объектісін пайдалану құқығы лизингке алушыға өтсе, ал
лизингке берушіде мүлікті басқару құқығы қалады деп негіздейді [23, 8б.].
Яғни, лизингтік қатынастар кезіндегі пайдалану құқығы лизингтік келісім-
шартты бекіту арқылы көрінеді және осы құжат негізінде лизингке алушы
мүлікті пайдалану мүмкіндігін алады. Пайдалану - бұл мүліктің қажетті
қасиеттерін өзіне алу, яғни мүліктің тұтыну қасиеттерінің көмегімен
натуралды және т.б. нысандарда табыс алуды білдіреді.
Осы үдерістердің барлығында лизингке беруші өз мүлігінің меншік иесі
болып табылады. Яғни, ол өз келісімі негізінде лизингке алушыға мүлікті
белгілі-бір уақытқа пайдалануға береді және оның меншік құқығы лизингке
алушының лизингтік төлемдерді іске асыруы арқылы көрінеді. Бірақ лизингтік
келісім-шарт бекітілген мерзім аралығында лизингке алушы лизингке берілген
мүліктердің экономикалық меншік иесі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің
ең жоғарғы соңғы нәтижесіне қол жеткізу үшін өндірістік қорларға деген
меншік құқығы емес, керісінше табыс табу үшін оларды пайдалану құқығы
маңызды болып саналды. Міне лизингтік қатынастардың логикасы осында [24,
146б.].
Сонымен, лизингтік қатынастардың даму негізінде міндетті түрде меншік
қатынастары көрінеді, яғни меншік теориясынан лизингтік қатынастар идеясы
шығады. Қажетті негізгі қорларды өз меншігіне сатып алмай-ақ пайдалануға
болатындығын, я болмаса табыс алу үшін өз меншігіндегі өндіріс құралдарының
болуы міндетті еместігін біздің әрамызға дейінгі 350 жылы атақты грек
ойшылы Аристотель байлық меншік құқығынан емес, оны пайдаланудан құралады
деп тұжырымдағаны белгілі [23, 8-9б.]. Осы концепцияны қолдаушылардың
пікірлері бойынша лизингтік келісім объектілері бір мезгілде әртүрлі
нысандарда, яғни лизингке берушінің меншігі ретінде және лизингке алушының
капиталы ретінде көрінеді [ 17, 7б.]. Лизингтік қатынастардың экономикалық
мәнін ашып көрсететін осындай көзқарастар, оның іскерлік айналыста үш нақты
негізі бар екенін көрсетеді, яғни онда негізгі қорларды сатып алу және
оларды уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болатын мүліктік
қатынастар кешені іске асырылады [23, 12б.].
Лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін мүліктерді уақытша
пайдалануға берумен байланысты қалыптасатын мүліктік қатынастар кешені
ретінде қарастыру арқылы кейбір зертеушілер лизинг - бұл мүліктерді ұзақ
мерзімді жалға беру мақсатымен сатып алу негізінде пайда болатын мүліктік
қатынастар кешені деп тұжырымдайды. Осы кешен лизингтік қатынастармен
бірге, сатып-алу - сату, қарыздық және т.б. қатынастарды да қамтиды.
Сөйтіп, лизингтік қатынастар үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі және
өзара байланыстары тән [25, 4б.], [26, 9б.]. Осы концепцияны қолдай отырып,
Л. Прилуцкий да лизингтік үдерістің барлық кезеңдері бір-бірімен өзара
тығыз байланысты, яғни мүліктерді уақытша пайдаланумен байланысты пайда
болатын қатынастар сатып-алу - сату келісім-шарты іске асқаннан кейін пайда
болады, яғни бірінші операцияның орындалуы келесілерінің пайда болуына
ықпал етеді, ал лизингтік қатынасқа қатысушы тұлғалар лизингтік үдерістің
әртүрлі кезеңдерінде бір-бірімен өзара тығыз байланысты болады деп
негіздейді [27, 5б.]. Бірақ осы аталған элементтердің барлығы өз беттерінше
жұмыс істей алмайды, олар тек лизингтік қатынастардың күрделі құрылымын
көрсетететін біртұтас жиынтық ретінде ғана іске асырылады. Сондықтан да,
біздің ойымызша лизингтік қатынастарды жалға беру, несиелік және саудалық
қатынастар сияқты ұйымдастыру-экономикалық қатынастардан тұратын
кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады.
Лизинг саласында өте көптеген зерттеулер жүргізген В.Д. Газман, В.М.
Джуха сияқты экономистер лизингтік қатынастарды инвестициялық, қаржылық
қызметтерге жатқыза отырып, олар өз пікірлерін білдіру кезінде лизингті
несиелік институттар қатарына жатқызатын тұжырымдарды өте жиі пайдаланады
[28, 15б.], [29, 62б.]. Бұны осы концепцияны қолдаушылар лизингтік
қатынастарды нарықтың жаңа инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін құрылған қатынастардың неғұрлым жетілдірілген нысаны ретінде қарастыру
кезінде несиенің де, қаржының да белгілерін көруге болады деумен
түсіндіреді. Соған байланысты, лизингті несиелік немесе қаржылық қатынастар
қатарына да жатқызуға болмайды, себебі, лизингтік қатынастар кезінде осы
элементтерді бір-бірінен ажырату өте қиын болып табылады.
Лизинг - бұл инвестициялық операциялар деген көзқарасты қолдайтын
ғалымдардың ішінде, біздің көзқарасымыз бойынша лизингке екі жақтылық тән
деп тұжырымдағандар лизингтің экономикалық мәнін түсінуге неғұрлым жақын
келген. Лизингтік қатынастар кезінде екі жақтылықты мынадан көруге болады:
біріншіден, лизинг мазмүны бойынша негізгі капиталға қайтарымдылық негізде
ақша қаражаттарын салуды көрсете отырып, несиелік қатынастарға сәйкес
келеді және несиелік келісімнің мәнін сақтайды, ал екінші жағынан лизинг
нысаны бойынша капиталды инвестициялауға өте ұқсас, себебі, қарыз беруші
мен қарыз алушы ақша нысанындағы емес өндірістік нысандағы капиталмен жұмыс
істейді.
Сонымен, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, онда
лизингтік қатынастарды ғалымдардың бір тобы кәсіпкерлік қызметті
несиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырса, ал басқалары оны ұзақ мерзімге
жалға беру түсініктерімен толық сәйкестендіреді не болмаса оның бір нысаны
ретінде көрсетсе, ал үшіншілері өндіріс құралдарын сатып алу-сатудың
басқаша түрдегі нысаны немесе басқаның мүлігін пайдалану құқығын көрсетеді
деп санайды. Лизингтік катынастардың мәні туралы осы келтірілген
анықтамалармен келіспеуге болмайды. Себебі, осындай әртүрлі пікірлер осы
экономикалық құбылыстың көп жақтылыгын және күрделілігін тағы да бір
дәлелдейді. Оган дәлел ретінде көптеген мамандардың лизингті зерттей келе,
оның анықтамасының өте күрделі қатынастар жиынтығынан құралады деген
пікірлерін келтіруге болады. Мысалы, лизингтік бизнес саласында терең
зерттеулер жүргізген алғашқы ресейлік авторлардың бірі Е.Н. Чекмарева:
Лизингтік қатынастардың күрделілігі оның мәні мен пайда болуы туралы
әртүрлі көзқарастарды тудырады десе [30, 4б.], ал лизингтің даму тарихына
алғашқылардың бірі болып жалпы сипаттама берген П.А. Андреев: Лизинг - бұл
бірнеше жеке шаруашылық операцияларын және бірқатар артықшылықтарды
қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың күрделі нысаны деп жазады
[18, 4б.]. Отандық тәжірибеде Қазақстандық лизингтік қатынастардың пайда
болуы мен дамуына алғашқы терең гылыми талдаулар жүргізген экономист-ғалым
А. Смагулов: Лизинг үшін әртүрлі келісім-шарттарды үйлестірудің және
оларды бекіту кезінде пайда болатын қатынастарды байланыстырудың
күрделілігі тән деп көрсетеді [26, 12б.].
Сонымен, біздің ойымызша, лизингтік қатынастардың күрделілігіне оған
қатысушы субъектілердің бір-біріне қарама-қайшы мүдделері әсер етеді.
Біріншіден, лизингтік қатынастар лизингке алушы мен лизингке беруші үшін
негізгі капиталга қаражаттар салуды көрсетеді, сол арқылы оны
инвестициялаумен ұқсастыруға болады. Екіншіден, лизингтік қатынастардың
қаржылық жағы лизингке алушы үшін оны ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды
несиелеу нысаны, яғни дәстүрлі банктік несиенің альтернативі ретінде
қарастыруға мүмкіндіктер береді. Үшіншіден, лизингтік қатынастар
қаржыландыруды ұйымдастыру нысаны бойынша лизингке алушы үшін оның сыртқы
түрі бойынша тауарлық несиемен ұқсас. Себебі, лизинг тауарлық несие сияқты
саудалық және несиелік келісімдердің байланысын көрсетеді. Төртіншіден,
лизингке беруші мен коммерциялық банк арасында несиелік қатынастар пайда
болады. Соған байланысты, лизингтік қатынастардың мәні дәстүрлі несиелік
келісім ретінде көрінеді.
Жоғарыда келтірілген ойларымызды қорытындылай келе, біз лизингтік
қатынастардың экономикалық табиғатын және жеке категория ретіндегі мәнін
ашып көрсететін және жоғарыда айтылған көзқарастарды ескеретін өзіндік
концепциямызды ұсынамыз. Яғни, лизингтік қатынастар - бұл лизинг
объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және
тиімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық
қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық
қызметтердің бір түрі және лизингке беруші мен лизингке алушының, сонымен
бірге лизингке беруші мен сатушының арасындағы серіктестік қатынастар.
Сонымен, біз лизингтік қатынастарды, оның экономикалық табиғатын
түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын сатып алу-сату,
несиелік және жал туралы келісім-шарттарды біріктіру ретінде қарастырамыз.
Біздің концепциямызға сәйкес лизингтік қатынастар сатып алушының
мәртебесінің лизингке беруші мен лизингке алушының арасында және сонымен
бір мезгілде жалға берушінің мәртебесін лизингке беруші мен сатушының
арасында ерекше бөлінулерімен көрінеді. Яғни, лизингке алушы мен лизингке
беруші өзара бірлесе отырып сатушымен бекітілетін сатып алу-сату келісім-
шартында бір жақ ретінде (сатып алушы ретінде) көрінеді. Соған байланысты
олар сатып алушының құқықтары мен міндеттерін өзара бөліседі. Яғни,
лизингке беруші сатып алынған мүлікке деген меншік кұқығын иелене отырып,
оның толық құнын төлейді, ал лизингке алушы сатып алынған мүліктің сапасы
бойынша сатушыға белгілі-бір талаптар крюға құқық алады. Ал, лизингке
беруші мен сатушы лизингке алушымен бекітілетін жал туралы келісім-шартта
бір жақ ретінде көрінетін бірлестік құрады және белгілі-бір түрде жалға
берушінің құқықтары мен міндеттерін өзара бөліседі [31, 15 б.]. Яғни,
лизингке беруші лизингке берілетін мүліктің меншік иесі және лизингтің
төлемдерді алушы, ал сатушы лизингке алушының алдында мүліктің сапасы
бойынша жауапкершіліктер алушы болып табылады.
Енді лизингтік қатынастар кезінде бекітілетін келісім-шарттарға
қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін тереңірек қарастырайық.
Лизингтік қатынастар үшін лизингке алушы мен лизингке берушінің
құқықтары мен міндеттерін бөліп көрсетудің маңыздылығы өте жоғары:
- лизингке беруші мүлікке деген меншік құқығын алады;
- лизингке беруші мүліктің толық құнын төлейді;
- лизингке алушы мүлікті сатушыға оның сапасына байланысты талаптар
қоюға құқық алады;
- сатып алу-сату туралы келісім-шарт лизингке алушы мен лизингке
берушінің бірлескен келісімдері болған жағдайда және солардың қалаулары
бойынша өз күшін жоюы мүмкін.
Ал, лизингке беруші мен сатушының құқықтары мен міндеттерін бөліп
көрсететін лизингтік қатынастар үшін маңыздылығы бар келесілерге ерекше
көңіл бөлу керек:
- лизингке беруші мүлікке деген меншік құқығын алады;
- лизингке беруші лизингтік төлемдер алып отырады;
- лизингке беруші лизинг туралы келісім-шарт көрсетілген талаптарды
лизингке алушыға қоюға құқық алады;
- сатушы лизингке алушының алдында мүліктің сапасы бойынша толық
жауапкершіліктер алады.
Сондықтан да, лизингтік қатынастар кезінде қолданылатын келісім-
шарттардың барлығы бір-бірімен өзара өте тығыз байланыста болатындықтан
біздің ұсынатын концепциямыз, лизингке беруші мен лизингке алушының және
сатушы мен лизингке берушінің араларындағы серіктестік қатынастарды
көрсетуге мүмкіндіктер беретін концепция болып табылады.
Сонымен, қазіргі кездегі лизингтік қатынастарға жеке алынған кейбір
елдердегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасуы мен даму жағдайларын
қарастырмай толық сипаттама беру мүмкін емес. Себебі, осы ақпараттарды
негізге ала отырып, ҚР-дағы лизингтік қатынастардың жақын уақыт
аралығындағы даму болашағына болжамдар жасауға және оның жалпы даму
болашағын анықтауға мүмкіндіктер туады.

1.2 Лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері

Лизингтік қатынастардың қазіргі мағынасындағы мәнін түсіну үшін ең
алдымен оның пайда болуының алғы шарттарының қандай болғанын анықтап алу
қажет. Себебі, кез-келген құбылыстың өткенін анықтап алмай, оның болашағын
түсіну және зерттеу мүмкін емес. Экономикалық әдебиеттерде лизингтік
қатынастардың пайда болуы туралы әртүрлі авторлардың екі негізгі
көзқарастарға негізделген пікірлері кездеседі. Біреулері, лизингтік
қатынастарды шумерлер мен біздің дәуірімізге дейінгі бес мың жыл бұрын
Месопотияда өмір сүрген т.б халықтарда кең тараған қаржыландырудың көне
нысаны деп қарастыра отырып [16, 14б.], олар ағылшын тарихшысы Т. Кларк
біздің дәуірімізге дейінгі 1775-1750 жылдар аралығында қабылданған
Хаммурапи заңдарында лизинг туралы бірнеше тұжырымдамалар кездестіргенін
алғатартады. [32, 7б.].
Авторлардың келесі бір тобы лизингтік қатынастардың пайда болуын
шаруашылық байланыстарының тарихындағы жаңа кезеңге жатқызатын жас құбылыс
ретінде қарастырады [33, 25б.], [34, 25-26б.]. Біздің көзқарасымыз бойынша,
лизингтік қатынастардың пайда болуы туралы осы қорытынды неғұрлым
сенімдірек болып табылады, яғни кейбір ғалымдардың жоғарыда айтқан
пікірлеріне байланысты лизингтік қатынастарды шаруашылық қатынастарының
көне нысанына жатқызу дұрыс емес. Өйткені, ол кездері лизингтік
қатынастардың кейбір элементтері жалға беру немесе несиелік қатынастарды
пайдалану кездерінде ғана көрінген. Бірақ бұл лизингтік қатынастардың
қазіргі түсінігі туралы айтылған дегенді білдірмейді. Сондықтан біз
лизингтік қатынастарды жас құбылыс ретінде қарастыратын пікірлерге қосыла
отырып, әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың пайда болуы мен дамуын
олардың сипатының сапалық өзгеруіне және лизингтік келісімдердің санының
өсуіне байланысты шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастыру арқылы, оны 1-
сурет түрінде көрсетейік.
Лизингтік қатынастар эволюциясының І-кезеңі үшін лизинг түсінігін
мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән
болды. Осыған байланысты, әсіресе ағылшын тілді елдер үшін lease термині
феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау, мүлікті
жалдау туралы келісім-шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте
лизингті кез-келген мүліктерді, яғни, үйлерді, көліктік құралдар мен
механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық
континенте leasing сөзі, негізінен өнеркәсіпте, көлік, байланыс
қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау
операцияларын көрсету үшін қолданылды. Өте ерте кезден бастап өндіріс
құралдарын жалдау бойынша операциялар әлемдегі өнеркәсібі дамыған елдердің
барлығында жуық пайдалынылған. Бірақ мүліктерді жалдау операциялары,
әсіресе, АҚШ-та неғұрлым жақсы дамыды.

Сурет 1.Әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың даму кезеңдері[1]

Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл бұрын АҚШ-та мүлікті жалдау
операциялары, техникалар мен құрылғылардың әртүрлі түрлерін жалдау
операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы, мүлікті
жалдау туралы алғашқы келісім-шарт Солтүстік Америкада XVIII ғасырдың
басында тіркелген [28, 28б.]. Көптеген зерттеушілер лизингті XX ғасырдың 40-
жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мүхит арқылы Еуропаға әкелінген
американдық өнертабыс деп есептейді. Ал, кейбір ағылшын авторлары бұл
пікірге қарама-қайшы пікірлер айтады. Яғни, олар лизинг алғаш Англияда
пайда болған және содан кейін XX ғасырдың 2-ші жартысында кейбір
өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды [35, 13б.].
Шынында да, мүліктердің әртүрлі түрлерін лизингке беру операциялары орта
ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың
бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік
операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар
болған. XIX ғасырдың басында өнеркәсіптің дамуына байланысты Англияда
лизинг шарттарымен берілетін тауарлар тізімі бірте-бірте көбейе бастады.
Оған темір жол көлігі мен тас көмір өнеркәсібінің дамуы әсер етті. Тас
көмір шахталарының иелері өндірілген көмірді тасу үшін алғашында қажетті
вагондарды сатып алған, бірақ қаржыландырудың бұндай нысанының (сатып алу)
тиімсіздігі бірден байқалды. Көмірді өндіру көлемінің жылдан-жылға артуы,
жаңа шахталардың көптеп ашылуы вагондардың қажеттілігін арттыра бастады.
Міне, сол кезде көптеген кішігірім кәсіпорындар өз капиталдарын тиімді
орналастыру үшін осы жағдайды пайдалануға тырысты. Яғни, олар көмірді тасу
үшін қажетті вагондарды сатып алды да, оларды лизинг шартымен көмір
өндірушілерге жалға беріп отырды. Осыған байланысты темір жол вагондарын
тек лизингке беру қызметімен ғана айналысатын компаниялар саны көбейе
бастады. Бірақ, лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда
жүргізілгендігіне қарамастан, көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі
лизингтің отаны ретінде АҚШ-ты санайды. Біз де осы пікірге толығымен
қосыламыз. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша лизинг ұғымының қазіргі
түсінігі XIX ғасырдың соңғы ширегінде, яғни, 1877 жылы Бэлл телефон
компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай, оларды уақытша
пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген
[30, 4б.]. Осыған байланысты лизингтің көмегімен XIX ғасырдың соңынан
бастап сату көлемін кеңейту және ноу-хау қорғау сұрақтары да өз
шешімдерін таба бастады. XX ғасырдың 40 жылдарында Чикагоның сауда агенті
Золли Фрэнк алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынды. Осы
тәжірибенің сәтті іске асырылуы әсерінен жарты ғасыр уақыт өткеннен кейін
автокөлік құралдарын лизингке беру операцияларының жиынтық табысы жылына 50
млрд. доллардан асқан [28, 8б.].
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде лизинг үкіметтік контактілер
шеңберінде берілген ақша қаражаттары есебінен құрылғыларды жеткізуді
қаржыландыру құралы ретінде кеңінен таралды. Мысалы, 1940 жылдың 2
қыркүйегінде АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтерінің арасында Ұлыбританияның
иелігіндегі сегіз базаны лизингке беру келісімі бекітілген. Осы шарт
бойынша лизинг мерзімі 99 жыл деп белгіленді. Осы уақыт ішінде
американдықтар сол жерге әскери-теңіз базаларын салды және сол аймақты
әскери дайындық үшін пайдаланды. Көбінесе, осы АҚШ пен Ұлыбритания арасында
жасалынған келісімдердің әсеріне байланысты, XX ғасырдың басында лизинг
сөзі басқа елдерде де пайдаланыла бастады [14, 31б.]. Сонымен, әлемдік
лизингтік нарықтың дамуының І-кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала
ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста
артық тауарлар болған уақытта тұтынушыларды тарту үшін және кейбір маңызды
міндеттерді шешу үшін ғана пайдаланылған.
1950 жылдың басында АҚШ-та лизингтік қатынастардың нағыз төңкерісі
басталды. Сондықтан да осы кезеңді - американдық кезең және әлемдік
лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады [36, 13б.]. 1950
жылдары АҚШ-та технологиялық құрылғылар, машиналар, механизмдер, үшақтар
және т.б. өндіріс құралдары өте көп көлемде жаппай лизингке беріле бастады.
Осы жағдайды АҚШ-ның өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады. Яғни, АҚШ-да
лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып, олар өте
тез қарқынмен іске асырыла бастады.
United States Leasing Corporation - бұл АҚШ-ғы қызметінің негізгі түрі
лизингтік операңиялар болып табылатын ең бірінші лизингтік компания болды
[37, 11б.]. Бұл компания Сан-Франциско қаласында 1952 жылы құрылған.
Компанияның негізін құраушы Генри Шонфелд болды. Ол ең алғашында осы
компанияны нақты бір келісімді жүзеге асыру үшін ғана құрған. Содан кейін
кәсіпкер лизингтік бизнестің өте келешегі бар қызмет түрі екенін түсініп
осы бизнесті дамыта түсті. Әлемдегі ең бірінші құрылған мамандандырылған
осы лизингтік компания лизингтік бизнестің әлемдік деңгейде дамуына күшті
серпіліс беріп, лизингтік келісімдермен айналысатын жүздеген фирмалардың
ашылуына септігін тигізді.
1950-жылдардың ішінде алғаш рет реактивті ұшақтар, компьютерлер және
американдық өнеркәсіп үшін қол жетерлік болып саналатын т.б. жаңа, қымбат
құрылғылар түрлері лизинг ретінде беріле бастады. Осы құрылғылар түрлеріне
қойылған жоғарғы талаптар лизингтік операциялардың өте тез дамуы үшін
тиімді жағдайлар жасады. Осыған байланысты құрылғыларды жеткізу және
пайдаланудың лизингтік нысаны өте тез дамыды және қаржыландырудың басқа
түрлеріне қарағанда жоғарғы нарықтық үлесті қамтыды. Осы кезеңде, яғни
әлемдік лизингтік нарықтың дамуының II-кезеңінде лизингті қаржылық-
делдалдық операциялардың мамандандырылған институты ретінде қалыптастыру
жүзеге асырылды. 1950-жылдардың соңында АҚШ-та және т.б. елдерде де
лизингтік операцияларды жүргізуді іске асыра бастаған лизингтік фирмалардың
тұрақты құрылымы қызмет жасады.
Лизингтік қатынастардың дамуының III кезеңі АҚШ көмегімен Батыс Еуропа
және Шығыс Азия елдерінде мүлікті жалдау құрылымын қайта қаржыландыру
үдерісімен сипатталады. Мүлікті жалдау қатынастарын қайта қаржыландыру
сапалық жағынан басқа деңгейде жүзеге аса бастады, яғни, өнеркәсіптік және
саудалық компаниялардың лизингтік операцияларын мамандандырылған лизингтік
қызмет алмастырды. 1960-жылдары лизингтік операциялар АҚШ-тың шекарасын тез
асып өтіп, бүкіл әлемге тарай бастады. Соған байланысты осы кезеңде
халықаралық лизинг деген лизингтік бизнестің дамуы үшін өте маңызды
түсінік пайда болды [38, 8б.]
Лизингтік қатынастардың дамуының осы ІV-кезеңінің сипаттық белгісі -
лизингтік қызметтің әртараптандырулануы болып табылады. Яғни, лизингтік
операциялардың жаңа түрлері мен нысандары көптеп пайда бола бастады.
Лизингтік операциялардың жаңа түрлері мен нысандарының пайда болуына
халықаралық байланыстардың кеңеюі және сонымен бірге, әрбір мемлекеттің
дамуының ұлттық ерекшеліктері әсер етті.
1980 жылдан бастап әлемдік лизингтік нарықтың дамуының жаңа кезеңі V-
кезеңі басталды және ол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл V-кезең өзіне
ғана тән ерекше белгілермен ерекшеленеді. Ең алдымен, лизингтік операциялар
өте жақсы дамыған көптеген мемлекеттерде оның даму қарқынының бірден
темендеуі байқалды. Оның негізгі себептеріне мыналар жатқызылды:
- лизингтік келісімдерге деген сұраныстардың көбеюі лизингтік
фирмалардың қызметтерін әртараптандыруға әкеледі;
- лизинг тәжірибесінде негүрлым ірі объектілердің көбеюі;
- жергілікті лизингтік компаниялар капиталының шетелдік филиалдарға
аударылуы;
- лизингтік компаниялардың халықаралық қызметтерінің ұлғаюы.
Сонымен бірге, лизингтік келісімдерге көптеген салықтық және
амортизациялық жеңілдіктер беріп келген елдерде лизингтік операцияларға
салық салуға байланысты жаңа заңды актілердің қабылдануы лизингтік
қатынастардың даму қарқынын төмендетті.
1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни
лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет
есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Лизингтің негізгі түрлері
Банктік лизинг кезеңі
Лизинг шартының мазмұны
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Пәндер