Өндірісті басқарудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндіріс түсінігі мен мәні, мазмұны жән құрылымы ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Өндірістің типтері мен олардың сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9

2. ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ САЛА АСПЕКТІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНДІРІСІН БАҒАЛАУ
2.1 Өндірісті ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.2 ҚР . ң аймақтық өндіріс салаларын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16

3. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ӨНДІРІС САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе.
Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі.
Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу.
Ақпараттық құрылым: алғашқы екі құрылым мәліметтерін жалпылау және тарату.
Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды. Натуралды шаруашылықта адамдар өнімді тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланады. Айырбас, сауда жасамайды. Не, қалай және кім үшін деген сауалдарға өз шаруашылығының қажеттілігіне қарай жауап береді.
Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда күрделі -товар шаруашылығы. Товар шаруашылығында тұтынушы мен өндірушіні байланыстыратын рынок, товарлар мен қызметтер сату үшін өндіріледі.
Товар шаруашылығының пайда болу алғышарты -еңбек бөлінісі. Онда өндірушілер нақты товар түрлерін өндіруге маманданады.
Товар өндірісінің даму кезеңдері айырбас пен рынокқа байланысты. Әр рынок типтеріне сай товар өндірісі моделі болады:
1. дамымаған рынок товар өндірісі;
2. еркін рынок товар өндірісі;
3. реттелмелі рынок товар өндірісі;
4. деформацияланған рынок товар өндірісі.
«Товар өндірісі» ұғымы «рыноктық экономика» ұғымынан әлдеқайда кең.
Өндіріс көне заманнан бастап барлық уақытта бірдей болмай, әрқашан өзгеріп тұратындығын, тарихи белгілі бір кезеңдік қоғам өндірісіне айналатынын ескеріп, оған ғылыми дәлелдеме ұсынған алғашқы рет XIII ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы әрі социолог ғалымы, ұлы ойшыл Ибн Халдун болды.
Негізгі еңбегі «Үлгі өнегелер» кітабында ол тарихи зерттеулердің мақсаты, әдістері мен принциптеріне арналған кіріспесінде қоғамның тарихи дамуының негізгі ережелері туралы өзінің ілімін баяндайды. Сонымен қатар көшпелі тайпалар шаруашылықтарының ерекшеліктерін, көшпелі және отырықшы халықтардың өзара қарым-қатынасын көрсетіп, қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары жөнінде тарихи-географиялық сипаттама мәліметтер келтіріледі.
Ибн-Хальдун өзінің тарихи әлеуметтік теориясында адамдардың әдет-ғұрпы мен қоғамдық мекемелері, олардың өмір сүруі жағдайына тәуелді екенін, сондай-ақ адамдардың өмірі үшін өндіріс пен бір-біріне қарым-қатынастың мәні зор
1. Интернет торы

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2

1
ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
1.1
Өндіріс түсінігі мен мәні, мазмұны жән құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2
Өндірістің типтері мен олардың сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ...
9

2.
ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ САЛА АСПЕКТІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНДІРІСІН БАҒАЛАУ

2.1
Өндірісті ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.2
ҚР - ң аймақтық өндіріс салаларын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16

3.
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ӨНДІРІС САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
34


КІРІСПЕ

Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе.
Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі.
Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу.
Ақпараттық құрылым: алғашқы екі құрылым мәліметтерін жалпылау және тарату.
Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды. Натуралды шаруашылықта адамдар өнімді тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланады. Айырбас, сауда жасамайды. Не, қалай және кім үшін деген сауалдарға өз шаруашылығының қажеттілігіне қарай жауап береді.
Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда күрделі -товар шаруашылығы. Товар шаруашылығында тұтынушы мен өндірушіні байланыстыратын рынок, товарлар мен қызметтер сату үшін өндіріледі.
Товар шаруашылығының пайда болу алғышарты -еңбек бөлінісі. Онда өндірушілер нақты товар түрлерін өндіруге маманданады.
Товар өндірісінің даму кезеңдері айырбас пен рынокқа байланысты. Әр рынок типтеріне сай товар өндірісі моделі болады:
1. дамымаған рынок товар өндірісі;
2. еркін рынок товар өндірісі;
3. реттелмелі рынок товар өндірісі;
4. деформацияланған рынок товар өндірісі.
Товар өндірісі ұғымы рыноктық экономика ұғымынан әлдеқайда кең.
Өндіріс көне заманнан бастап барлық уақытта бірдей болмай, әрқашан өзгеріп тұратындығын, тарихи белгілі бір кезеңдік қоғам өндірісіне айналатынын ескеріп, оған ғылыми дәлелдеме ұсынған алғашқы рет XIII ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы әрі социолог ғалымы, ұлы ойшыл Ибн Халдун болды.
Негізгі еңбегі Үлгі өнегелер кітабында ол тарихи зерттеулердің мақсаты, әдістері мен принциптеріне арналған кіріспесінде қоғамның тарихи дамуының негізгі ережелері туралы өзінің ілімін баяндайды. Сонымен қатар көшпелі тайпалар шаруашылықтарының ерекшеліктерін, көшпелі және отырықшы халықтардың өзара қарым-қатынасын көрсетіп, қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары жөнінде тарихи-географиялық сипаттама мәліметтер келтіріледі.
Ибн-Хальдун өзінің тарихи әлеуметтік теориясында адамдардың әдет-ғұрпы мен қоғамдық мекемелері, олардың өмір сүруі жағдайына тәуелді екенін, сондай-ақ адамдардың өмірі үшін өндіріс пен бір-біріне қарым-қатынастың мәні зор екенін, олардың дамуы адамдардың өндіргіш әрекетінің прогрестік өзгерістерінің байланысы екенін атап көрсетеді.

Өндіріс түсінігі мен мәні, мазмұны жән құрылымы

Адамдардың тіршілік жасап, өмір сүру үшін ішетін тамағы, киетін киімі, отыратын үйі болуы керек. Ал бұлар табиғатта әзір күйде табылмайды. Сондықтан табиғат заттарын өздерінің әр түрлі керегіне бейімдеп, оларды қайта өңдеу үшін адамдар белгілі мақсаттарды көздейді де, еңбек жасауға мәжбүр болады. Халық шаруашылық салаларының құрылымы 1 схемада ұсынылған.
Халық шаруашылығында алғашқы орындардың бірін өнеркәсіп алады. Өнеркәсіп салалары өндіруші және өңдеуші топтарынан тұрады. Өндіруші өнеркәсіпте адам табиғатқа тікелей әсер етіп жер қойнауынан, судан, орманнан өңдеуші өнеркәсіпке кен-химия шикізатын құрылыс материалдарын түсті және қара металл рудалары мен металлургия үшін руда емес шикізат, бейметалл рудалары, мұнай, газ, көмір, шымтезек, жанар май нақты тас өндіретін кәсіпорындары, сондай-ақ суэлектростанциялары, ағаш дайындайтын, балық аулайтын және теңіз өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, су құбыры кәсіпорындары жатады.
Кәсіпорындар негізгі фондтардың иесі олар: (құрылыстар, құралдар), айналым қорларымен (ақша, шикізат, көмекші ма - териалдар) және кадрлар.

1 кесте. Халық шаруашылығының салалық құрылымы
Халық шаруашылығы
Материалды өндіріс сферасы
Өндірістік емес сфера
Өнеркәсіп
Денсаулық сақтау, әлеу-меттік қамтамасыз ету
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
Жүк транспорты және өндіріспен қызмет ету байланысы
Білім беру, мәдениет, өнер, ғылым
Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету
Жолаушылар көлігі, халықты байланыспен қамтамасыз ету
Сауда, жабдықтау, дайындама, өтім
Басқару органы, несие, сақтандыру

Өнеркәсіп өндірісінің екі негізгі түрін айырады:
1) зауыд - кәсіпорын, негізінен өндіріс заттарын дайындайтын белгілі бір бағытқа сай;
2) фабрика - кәсіпорын, негізінен жеңіл тауарлар және тамақ өндіретін өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімі - материалдық игіліктері - табиғи заттардың еңбекпен жалғасқан қосындысы болып саналады да, сонымен өндірістік процестің еңбексіз жүзеге асырылмайтыны дәлелденіп, адамның мақсатты әрекетінсіз іске аспайтындығын білдіреді.
Адам өз еңбегін, еңбек заттарын өзгертуге жұмсағанда, ол еңбек құралдарын пайдаланады.
Еңбек заттары деп алдымен табиғи заттарын келтіреді. Оларды өңдей келе адамдар өз керегіне бейімделген бұйымдарды жасайды. Еңбек заттары ретінде бұрын өңделген, дайындалған бұйымдарды да айтуға болады. Мысалы, байытылған металдық рудалар, металлургиялық процестер де, жасалған бөлшектер мен олардың түйінділері, машинаны құрастыру құрал - жабдықтары да болуы мүмкін.
Еңбек құрал-жабдықтардың ішінде ең маңыздысы еңбек құралдары, себебі олар еңбек заттарын өңдеуге тікелей қатысатын: машиналар, механизмдер, станоктар, құралдар болады. Ал еңбек заттарын, еңбек процесін өткізуге өнеркәсіптік үйлер, тасымалдаушы транспорттар (конвейер, лифт, т.б.) түрлі құрылғылар мен құрылыстар мүмкіндік туғызады. Еңбек құрал-жабдығының жәрдемімен адам еңбек заттарына ықпал етеді.
Адамзаттың табиғат заттары мен оның күштерін пайдалана отырып, қоғамдық өмір сүріп, өркендеуі үшін атқарылатын қажетті процесті материалдық өндіріс деп атайды. Ал процес сөзінің өзі латынның жылжу, алға жылжыту деген сөзінен шыққан. Жалпы кең мағынасында өндіріс деп адамдардың бүкіл қоғамдық әрекеттерін жоғары аталған материалдық өнім өндіруден бастап тағам, киім, үй, білім мен өндіріс және т.б. салаларда атқарылатын қызметтеріне дейін түсінеді. Бірақ, адамның өз өмірі мен әрекеттерінің қайсысы болмасын материалдық игіліктерді не тұтыну заттарын тағам, киім, үй не өндірістік құралдарын еңбек сайманы, өңдейтін шикізаттар түрінде жасамай, көздеген мақсаттарын іске аспайтындығы анық. Сондықтан өндіріс туралы сөз басталғанда алдымен материалдық өндірісті ойға тұтады.
Материалдық игіліктер адамзаттың рухани байлығын қалыптастырушы негіздеріне жатып, онымен өзара органикалық байланыс тұтастығы - мәдениетті түзейді. Мәдениет латынның өңдеу, тәрбие, білім, даму, қадірлеу деген сөзінен шыққан. Әуел бастан ол өркениеттің синонимі. Ал өркениет қоғам дамуының ,оның материалдық, рухани мәдениетінің даму дәрежесі.
Мәдениеттің дамуы, әбден жетілуі материалдық мәдениеттің дамуына негізделініп, оның өркендеуіне маңызды әсер етеді. Адамдар тамақты, киім-кешекті, т.б. заттарды бір рет қана тұтынып қоймай, үнемі, үздіксіз тұтынатын болғандықтан, ол заттарды өндіру де, яғни өндірісте үнемі, үздіксіз қайталанып отыруға тиіс. Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруын ұдайы деп атайды. Сондықтан күнделікті көретініміз ұдайы өндіріс. Бірақта, өндірісті зерттеу, талдау ісінде және жалпы жеңілдікке қысқартылған өндіріс деген термин пайдаланылады.
Өндіріс қоғамнан тыс, бір-бірімен өзара байланысты адамдарсыз жүзеге асырылмайды, сондықтан өндіріс әрқашанда қоғамдық өндіріс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында: еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі делінген.
Еңбек процесінің жай моменттері мыналар: мақсатқа сай еңбек, яғни еңбектің өзі, еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары.
Еңбек құрал-жабдықтардың ішінде ең маңыздысы еңбек құралдары, себебі олар еңбек заттарын өңдеуге тікелей қатысатын: машиналар, механизмдер, станоктар, құралдар болады. Ал еңбек заттарын, еңбек процесін өткізуге өнеркәсіптік үйлер, тасымалдаушы транспорттар (конвейер, лифт, т.б.) түрлі құрылғылар мен құрылыстар мүмкіндік туғызады. Еңбек құрал-жабдығының жәрдемімен адам еңбек заттарына ықпал етеді.
Еңбек құралдарының жиынтығын, техника деп атайды. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен нәтижелеріне байланысты техниканың құрамына еңбек заттары да енгізіліп отыр, себебі соңғыларды өндіріп-өңдегенде, технологияның пайдаланғаны мен техниканың тозғаны материалданған түрінде сапасын жақсартып, құрамына кіргені ескеріледі.
Еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығын өндіріс құрал - жабдықтары дейді, ал жоғарыда айтылғанды еске алсақ, оны да техника деп атайды (1-сурет).

ӨНДІРІС (ұдайы)

ЕҢБЕК

ЕҢБЕК ҚҰРАЛЫ

ЕҢБЕК ЗАТЫ

ЕҢБЕК ӨНІМІ

Т е х н о

ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ (техника)
л о г и я

1-сурет. Өндіріс элементтері мен технологияның орны


Техника - өндірістік процестерді жүзеге асыру және қоғамның өндірістік емес мұқтаждарына қызмет көрсету мақсатында адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде жасалған құралдар жиынтығы. Кейде іс-әрекеттің қайсыбір түріндегі дағдылар мен тәсілдерді де техника деп атайды. XX ғасырдың 20-30 жылдарына дейін техника деп оның мағынасын өнер, шеберлік ретінде пайдаланған мысалы, фортопьянада ойнау техникасы (өнері), билеу техникасы, тоқу техникасы сияқты.
Техника қоғамдық өндірістің даму процесі кезіндегі адамзат жинақтаған өндірістік тәжірибелер мен білімдердің материалданған жемісі. Ол адамның жұмысын, еңбегін жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, қоғамның мұқтажына қарай табиғатты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Пайдалану мақсатына қарай техника өндірістік, әскери, тұрмыстық, ғылыми-зерттеулерге арналған, білім беру, мәдени, ақпараттық және тағы басқа түрлерге ажыратылады.
Адамзат қоғамындағы техника тәсілдері мен құралдары, қоғамның материалдық және мәдени игіліктерін жасау кезінде қолданылатын еңбек құралдарын өзгерту; энергия өндіру, тарату және түрлендіру; қоғам мен табиғаттың даму заңдарын зерттеу; адамдардың кеңістікте қозғалуы және өзара байланыс жасау; ақпарат жинақтау, тарату және өңдеу, қоғамды басқару үшін қолданылады.
Техника жабдықтарының негізгі бөлігін өндірістік техника, яғни машиналар мен механизмдер, құрал-саймандар, технологиялық процестер мен машиналарды басқаратын аппаратуралар, өндірістік құрылыстар мен ғимараттар құрайды.
Адамзат дайын бұйым (өнім) алу үшін өндірістік процесте пайдаланылатын шикізаттың, материалдың немесе шала өнімнің пішінін, қасиетін, күйін өз керегіне сәйкес өзгерту, дайындау және өңдеу жұмыстарында неше алуан тәсілдер, амалдар, айлалар қолданады. Соның барлық өңдеуге, өндіруге бағытталған жиынтығын технология дейді (1-сурет).
Технологиялық процесті жүргізіп, жетілдіру үшін адам өз күшін немесе түрлендірілген табиғи күштерді, ғұмыр бойы жинақтаған білім және тәрбие жемістерін іске қосады.
Сондықтан технология өндірістің құраушы элементтер санына енбейді де, материалданған түрінде еңбек өніміне кіреді. 1-суретте үзік-үзік сызықпен көрсетілген.
Технология - шикізатқа, материалға және шала өнімдерге өндіріс құралдары, техника арқылы әсер ету тәсілдері туралы ғылым. Ол гректің тechne- өнер, шеберлік, іскерлік, логия- білім деген сөзінен шыққан.
Ғылыми-техникалық жаңалықтар мен өнім өндірудің тиімділігін арттыру өндірістің негізгі салаларында технологияның даму дәрежесімен тығыз байланысты. Мысалы, металдың оймалы және тойтармалы қосылыстары пісірілген қосылыстармен, ал тұрғын және өнеркәсіптік үйлер салуда кірпіш ірі блоктармен алмастыруда, сондай-ақ темірді тікелей тотықсыздандыру жолымен болат өндірудің домналық процеспен салыстырғанда тиімді екендігі дәлелденді. Технология түрлері өндіріс салалары бойынша ажыратылады. Қорытынды сөзбен айтқанда, технологияны өндірістің мәні мен мазмұны, ал техника - оның формасы, сырт пішіні деп келтіруге болады.

Өндірістің типтері мен олардың сипаттамасы

Өндірістік процестердің сипатына көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ең маңыздылары өндірілген өнімнің шамасы мен номенклатурасы. Өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесс пен өнімнің шамасына сәйкес белгілі типтері қалыптасады. Олар: дара, көпшілік өндірістік процестер.
Өндірістің типі номенклатураның кеңдік белгісімен, жүйелігімен, тұрақтылықпен, шығарылатын бұйымдардың көлемімен, бекітілген операциялардың коэффициенттерімен бөлінеді.
Бекітілген операциялар коэффициенті (Кб.о) деп әр түрлі операцияның санын (М) жұмыс орнының санына (N) келтірілген қатынасын айтады:
Кб.о.=
Өндірістік химиялық, химия-металлургиялық өнеркәсіпте өндірістік процесс үздіксіздігімен және көп көлемділігімен (масштабтылығымен) шығарылатын өнімнің көлемдік тұрақтылықпен сипатталады. Сондықтан олар көрсетілген типтер бойынша бөлінбейді де, көпшілік өндіріске жатады.
Машина жасау өнеркәсібінде кәсіпорындардың бәрі өндірістің үш түрінің біреуіне жатады: даралық, сериялық не көпшілікке арналған өндіріс.
Дара өндірісте өнім номенклатурасы (белгілі бір мамандықта қолданылатын атаулардың тізімі) әр түрлі, бірақ саны өте аз болады, кейде бір ғана дана болуы да мүмкін. Мысалы, өте сирек кездесетін станок, аса қуатты электростанциясының турбинасы, эксперимент үлгісі.
Сериялы өндірісте біртектес, номенклатурасы онша үлкен емес, жекелеген өнім шығарылады. Мұнда өндіріс көлемі жүздеген, мыңдаған бұйымдардан есептеледі. Өндіріске тапсырылған серияның шамасына қарай олар: ірі сериялық (Кб.о.=110), шағын сериялы (Кб.о.=120) және ұсақ сериялы (Кб.о.=2040), (Кб.о.=20) болып бөлінеді.
Өндірістің сериялы түрі машина жасау өнеркәсібінде және металлургиялық өнеркәсіптерде болады. Мысалы, станоктар, есептеу машиналарына қажеттілік көп болғандықтан, оларды өндіру үнемі ұлғайтылып отырады.
Бір тектес көпшілікке арналған өндіріс (Кб.о.=1) өнімді аса көп мөлшерде ұзақ уақыт бойы шығарып тұруымен сипатталады. Мысалы, автомобиль, мата т.б. Оның өзіндік бір ерекшелігі жоғары дәрежеде механикаландырылуы мен автоматтандырылуы технологиялық процестердің көбі тасқынды болып ұйымдастырылады.
Өндірістік процестерді ұйымдастыру ерекшеліктері - кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен өзара байланысына, оның құрылымына қарай анықталады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындар цехтардан құралады. Цех - кәсіпорынның өндірістік бөлімшесі.
Өндірістің түрі және оның ұйымдастырулық техникалық ерекшеліктері кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді. Бұны түсіну үшін мынаны ескерту керек. Өндірістік көпшілік және сериялық түрлерінде бұйымдардың шығаруын өсіре келе бөлшекті өңдегенде жоғары өнімді жабдықтарды пайдалануға, толассыз тәсілді өндірісті ұйымдастыру үшін қолдануға, үздіксіз бақылау үрдісінде өнімді бөлшектерді тасымалдауды автоматтандыру мүмкіншілігі пайда болады.
Өндірістің түрлерін сипаттаушы кәсіпорындар көпшілік және сериялық өндіруге қажетті жағдайлар жасауға ұмтылу керегін көрсетеді, сонымен бірге көпшілік өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы формасы ретінде келтіреді.
Ең алдымен бұл бұйымдарды жобалағанда және конструкциялағанда түйінділер мен бөлшектерді стандарттау мен унификациялауға кең бағдарлауы мен және оларды жасағанда - типтік және топтық технологиялық операцияларды қолдануы мен байланысты болатынын аңғарады.
Сондықтан өндірістің прогрессивтік типтерін енгізудің негізгі жолдары, соның ішінде машина жасау кәсіпорындарында түйінділер мен бөлшектерді, стандарттау, унификациялау негізінде өндірістің мамандандыру дәрежесін көтеру болып саналады.

Өндірісті ұйымдастыру әдістері

Нарықтық қатынастар адамдардың экономикалық көзқарасын, қызметін жандандыруда. Еңбектің қоғам дамуындағы маңызына әлеуметтік-экономикалық сипаты жағынан өндірістің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы бар:
1. Өндіргіш күштер - еңбек заттары, еңбек құрал-жабдықтары және оларды қозғалысқа келтіретін адам еңбегі.
2. Өндірістік қатынастар - адамдардың өнім өндіру жөніндегі бірімен бірінің арасындағы қатынастар. Мұны экономикалық қатынастар деп те атайды.
Өндіргіш күштер өндірістің мәні, мазмұны, ал өндірістік экономикалық қатынастар - оның көрінісі, формасы болып саналады.
Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің өсу дәрежесіне сай келуге тиісті. Өндірістік қатынастар өндіргіш күштерге байланысты, бағынышты дами отырып, өндіргіш күштердің өркендеуіне белгілі бағытта ықпал жасайды.
Егер өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің өсу дәрежесіне сай келсе, өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің қарыштап өсуіне жол ашады. Ал сай келмей, артта қалып қойса, онда өндіргіш күштердің өркендеуіне кедергі жасайды.
Бұл жағдайда өсіп, дамыған өндіргіш күштер мен ескі өндірістік қатынастардың арасында бітіспес қайшылық пайда болады. Мұнда қоғамның прогрестік тобы ескі өндірістік қатынастарды талқандап, қиратып, өндіргіш күштердің жаңа өсу дәрежесіне сай келетін өндірістік қатынастар орнатады.
Өндіргіш күштер адамның табиғатқа қатынасын көрсетеді, себебі адамдар, еңбек етушілер өндіріс құрал-жабдығын қозғалысқа келтіретін қоғамның негізгі күштері болып саналады. Өндірістік процес басталуы үшін өндіріс құрал-жабдығын жұмыс күшімен қосу керек.
Өндірістік қатынастар адамдардың арасындағы өнім өндіру жөніндегі, өндіріс процесіндегі өндіріс бұйымдарын үлестіруге дейінгі қатынастары. Оның сипатын өндіріс құрал-жабдығына меншік формасы белгілейді.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар өзара бір тұтастық түзейді (2-сурет). Ол өндіріс әдісі. Өндіріс әдісі материалдық игіліктерді өндірудің белгілі бір әдісі болып, белгілі жағдайға сай қоғамның сипатын көрсетеді.
Өзінің өндірістік іс-әрекеті процесінде адамдар еңбек құралдарын бірден-бірге жетілдіре береді, табиғат байлықтарын ашып игереді, өндірістік тәжірибесін молайтады, өндіріс әдістерін жақсартады, демек өндіргіш күштер өркендей береді.
Өндіргіш күштер сипатының, дәрежесінің өзгеруі өзіне сай өндірістік қатынастардың да өзгеруін керек етеді, сөйтіп бір өндіріс әдісінің орнына екінші жаңа өндіріс әдісі пайда болады.

ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАР

ӨНДІРІС

ӨНДІРІС ТӘСІЛІ

ЕҢБЕК

ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ

ӨНДІРГІШ КҮШТЕР

2-сурет. Өндіріс тәсілі

Қоғам тарихында өндіріс әдісі дәйекті түрде өзгеріп бірінің орнына екіншісі орналасуының тарихы деп айтуға болады. Тарихта бірінің орнына бірі орналасқан бес өндіріс әдістерін белгілеуге болады: Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және теориялық түрінен аспаған коммунистік өндіріс әдістері.
Өзінің даму сатысында қоғамдық өндірістік салалық шаруашылығынан, елдің, бір топ елдің шаруашылығына дейін, одан жоғарыда өрлейді.
Өндірістік жүйе бір-бірімен еңбек бөлінісі арқылы байланысқан белгілі бір елдің өндіріс салаларының тарихи қалыптасқан жиынтығы. Халық шаруашылығы материалдық өндіріс сфера салаларын, өндірістік емес сфера салаларын қамтиды.
Материалдық өндіріс қоғамдық өндірістің басты бөлімі құрал-жабдық өндіретін және тұтыну заттарды өндіретін сала болып бөлінеді. Халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық табиғаты, оның құрылымы және даму қарқыны сол қоғамда үстем болып отырған өндірістік қатынастардың сипатына байланысты. Халық шаруашылығы ұлттық мемлекеттердің құрылуы барысында өндіргіш күштерінің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің өрістеуі, өндіріс салаларының мамандануы нәтижесінде бір тұтас болып қалыптасады.
Өндірістік сфера - халық шаруашылық салаларының жиынтығы. Мұнда материалдық игіліктер өндіріліп, тұтынушыға тауар ретінде жеткізіледі.
Өндірістік сферада еңбек заттары, еңбек құралдары арқылы қоғамдық өнімді, ұлттық табысты жасайды. Олар: өндірістік құрал-жабдықтар, материалдар, машиналар, ғимараттар, мен тұтыну заттары, яғни азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үйлерді айтуға болады.
Жүк тасымалдайтын транспорт, өндіріске қызмет көрсететін байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру орындар, материалдық-техникалық жабдықтау, дайындау мен өткізу де материалдық өндіріс сферасына жатады. Өйткені олар да өнім өндіруге және оларды өткізуге көмектеседі.
Жалпы шаруашылық ұйымдастыру көзқарасы жағынан өзара байланысты салалық жүйе өнеркәсіптік-өндірістік кешен мен өндірістің негізгі бөлімі - кәсіпорын болып табылады.
Қоғамдық өндірістің шаруашылық саласы деп түпкі өнімнің түрі мен оның міндетін атқарушы экономикалық маңызын, техникалық құралдар жүйесін, технологияны, өндірісті ұйымдастыруын сипаттаушы материалдық өндірістің сферасын не оның бөлігін түсінеді. Салаға географиялық жағдайынан, ведомстволық бағынуынан және т.б. тәуелсіз қоғамдық өндіріс процесінде атқарылатын әлеуметтік экономикалық функцияларының ұқсастығы бойынша кәсіпорындар мен мекемелер қосылады. Құрылыс қай жерде болсын, атқарылып жатса мысалы, машина жасау зауытында, ауыл шаруашылығында оның мекемелерінің бәрі де бір сол салаға жатады.

ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Өндірістік сфера
арақатынасы
Өндірістік емес сфера

мен байланысы

Өнеркәсіп

Ауылшаруашылығы

Құрылыс

Жүк транспорты жєне т.б.

Сауда жабдықтау

Денсаулық жєне т.б

Мәдениет жєне т.б.

Тұрмыс үй т.б.

Жол транспорты т.б.

Басқару т.б

1-сурет. Халық шаруашылығының құрылысы

Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік саяси-экономикалық мағынада, өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық және олардың құрал-жабдықтарды пайдалану үрдісіндегі қарым-қатынастар жүйесі, сонымен қатар ол өндірістің қоғамдық формасын анықтайды.
Меншіктің басты формасының бірі - ұжымдық кәсіпорынның меншігі, яғни мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен өндірілген өнім, табыс олардың ортақ игілігі.
Ұжымдық меншік кооперативті меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестер, акционерлік қоғам, шаруашылық бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншіктері деп аталатын түрлері бар.
Өндірістік құрал-жабдықтарына меншіктік көз қарасы жағынан шаруашылық құрамында әр түрлі экономикалық құрылыс, яғни экономиканың секторлары байқалады.
Кооперативтік меншік - ұжымдық меншігіне негізделінген бірлестігі.
Жеке меншік - жеке адамдардың өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы негізделген кәсіпкерлік.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мәселесінде кәсіпорынға өндірістің негізгі бөлімі ретінде өте зор мән береді. Өйткені, кәсіпорында технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процестер өтеді, өнімдердің көлемі мен сапасы анықталады, сонымен, өмірдің нақты игіліктері туады да қоғамның, ұжымдардың және жеке еңбекшілердің мүддесі өте айқын байқалады.
Өндірістің құрал-жабдықтары мен басқа меншік мүліктерінің түрлеріне тәуелсіз кәсіпорын, шаруашылық есеп-табыс принциптерін негізге алып, әрекеттенгенде, оның мынадай түрлері құрылуы мүмкін:
1. Адамзаттың жеке меншігіне негізделген өндірістік кооператив, акционерлік қоғам т.б. кәсіпорындары.
2. Ұжымдылық меншігіне негізделінген өндірістік дара және жанұялық кәсіпорындары.
3. Мемлекеттік кәсіпорыны.
4. Бірлескен кәсіпорын.
Материалдық-техникалық жабдықтау процесін басқаруды жетілдірудің басты бағыттарының бірі кәсіпорындар арасында тікелей ұзақ шаруашылық байланыстарын дамыту болып табылады. Бұл жабдықтау мен өткізудің неғұрлым оралымды жағдайын қамтамасыз етіп, өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттырады, тұтынушы кәсіпорындардың өндірістік қорларды тиімді пайдалануын жақсартады. Сонымен бірге территориялық жабдықтау-өткізу базалары, қоймалары, әмбебап базарлар арқылы өндіріс құрал-жабдығымен көтерме сауда жасауды жетілдіру және өрістетудің маңызы зор.


ҚР - ң аймақтық өндіріс салаларын бағалау

Қазақстан Республикасының аймақтық өндіріс салаларына тоқталсақ. Үлбі металлургия зауыты ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді. 70 жылдардың басы - СССР-да атом энергетикасы саласын дамыту кезеңі еді. Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. "ҮМЗ" алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары "ҮМЗ" де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды. Кәсіпорынның бүгінгі құрамында:
ТМД көлеміндегі атом энергетикасына арналған ядролық керамикалық жылу өндіретін ірі өндіріс, бүкілғаламдық ғылым мен технологияның алдыңғы қатардағы жетістіктерін пайдаланады.
Евразия континентінде құрамында бериллий қосындысы бар барлық өнімдерді шығаратын бірегей өндіріс орны, (қарапайым құймалардан бастап дайын бұйымдарға дейін шығарады) "ҮМЗ" ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады.
Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды.
Ал, Павлодар облысының металлургиялық кәсіпорындарында қаңтар-маусым айларында, өткен жылмен салыстырғанда, өндіріс көлемі артып отыр.
Бастапқы алюминий өндірісі 18,3 пайызға, тазартылмаған құрыш - 20 пайызға, ыстықтай қақталған темір шыбық пен стержень өндірісі- 37 пайызға, жіксіз құрыш құбырдың өндірісі - 36,5 пайызға өсіп отыр.
Ал глинозем өндірісі былтырғы деңгейде қалса, ферроқорытпа өндірісі 0,4 пайызға төмендеген.
Металлургиялық саланың облыстың өнеркәсіптік өндірісіндегі үлесі - 50,8 пайызды, өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі - 78,3 пайызды құрайды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Жаңатас қаласында болат балқыту зауытын іске қосты.
Металлургиялық зауыт қара металлдан жасалған ломдарды қайта өңдеу жолымен металлопрокаттарды шығаруға бағытталған. Өндірістік қуаттылығы жылына 36 млн. тонн құрайды. Жоба құны - 450 млн. тенге. 120 жаңа жұмыс орныашылды.
2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Жамбыл облысында екі ірі жоба іске қосылды - құрылыс материалдарының және граниттен жасалған бұйымдар зауыты және өнеркәсіптік негізде гүлдер өндірісі.
Президентке ағымдағы жылы жоспарланып отырған 8 жобаның 4-і ұсынылды. Олардың қатарында - Мойынқұм ауданындағы цемент өндірісі. Цементті шығару көлемі жылына - 1 миллион 100 мың тонна. Жоба құны - 233 млн.АҚШдолл.
Тараз металлургия зауыты ЖШС ферроқорытпалар өндірісін кеңейту және әртараптандыру бойынша жобаны іске асырады. Жоба құны - 11 571,4 млн. тенге. Зауытта 1600 жаңа жұмыс орнын ашылды.
Амангельдинский ГПЗ ЖШС шикі мұнайды өңдеу зауытын салып жатыр. Жоба құны - 3 000 млн. тенге. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі күні объектіде 135 адам жұмыс жасайды. Хабарламада айтылғандай, Жастар сарайында өткен бизнес-форум барысында
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында индустраилдау шеңберінде жалпы сомасы шамамен алты жүз миллиард теңге тұратын 19 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өңірде тоғыз жарымнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл цемент зауыттарының, болат балқыту және металлургиялық өндіріс, минералды тыңайтқыштар шығару және химиялық өндіріс жобалары.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
Елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
Машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
Ең озық технология негізіндегі - ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру
Менеджменттің қалыптасуы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Персоналды басқару жүйесі туралы
Кәсіпорындардағы менеджмент маңызы
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Пәндер