Бір жылдық шөптер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3-4
Кіріспе . . .: 1. Әдебиетке шолу . . .
3-4: 5-12
Кіріспе . . .: 2. Негізгі бөлім.
3-4:
Кіріспе . . .: 2. 1 Мал азығының түрлері, олардың құрамы және қоректілігі . . .
3-4: 13-31
Кіріспе . . .: 2. 2 Сапалы мал азығын дайындаудың технологиясы . . .
3-4: 31-45
Кіріспе . . .: 2. 3 Малды азықтандыруға қолданылатын жем қоспасының құрамы және қоректілігі . . .
3-4: 45-51
Кіріспе . . .: 3. Малды қосымша жем қоспасымен азықтандырудың экономикалық тиімділігі . . .
3-4: 52-54
Кіріспе . . .: 4. Еңбекті қорғау . . .
3-4: 55-61
Кіріспе . . .: 5. Қоршаған ортаны қорғау . . .
3-4: 62-68
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3-4: 69
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3-4: 70

КІРІСПЕ

Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы - азықтандыру. Жақсы мал азығының қоры мал шаруашылығын дамытудың ең басты шарты болып табылады. Мал ағзасы өзінің тіршілігіне қажетті заттарды өзін қоршаған ортадан алады. Бұл өз кезегінде рацион құрамында қоректік заттардың шоғырлануын қажет етеді.

Малды дұрыс өсіру, мол өнім алу және басын көбейту үшін оны қоректік заттармен қамтамасыз ететін азық қорының базасы болуы қажет.

Бүгінгі таңда республика аумағында 187 миллион гектар көлемді алып жатқан жайылым, 5 миллион гектар шалғындық және 2, 4 миллион гектар мал азығы дақылдары егістіктері жем-шөптік негізгі қоры болып табылады. Жайылым көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде бесінші орын алады. Еліміздің бүкіл жер көлемінің 67 пайызы және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің 80 пайызы жайылымның үлесіне тиеді. Жайылымның азықтық сыйымдылығы 25-28 млн. тонна азық өлшеміне тең.

Республиканың әр алуан аймақтарында жүргізілген ғылыми-зерттеулер соңғы жылдары жайылым күйінің барлық жерлерде нашарлағанын көрсетті. Бұл құбылыс негізінен жайылымды жүйесіз пайдалану және экологиялық қауіпсіз жаю салдарынан қолданыстағы жайылымдарда шөп өнімділігі 50-60 пайызға дейін төмендеген. Соның салдарынан топырақ пен құм көшкінін туындататын эрозиялық процестер белең алып, 26, 5 миллион гектар алқап деградацияға ұшырады. Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндіріс ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша, қазіргі кезде малдың жайылымдық азықпен қамтамасыз етілуі 70 пайыздан аспайды.

Жемшөптік дақылдар өсірілетін егістік көлемі 2378, 5 мың гектарды құрайды. Оның 74, 4 пайызы көп жылдық шөптер, ал 10 пайызы бір жылдық мал азығы дақылдары үлесіне тиеді. Сүрлемдің дақылдар бүкіл егістік жердің 3, 5 пайызына өсіріледі. Агротехникалық шаралардың сақталмауы себепті жемшөптік дақылдар өнімділігі өте төмен. Әр гектарға көп жылдық шөптер - 15, бір жылдық шөптер - 11 және дәнді-бұршақты дақылдар 10 центнерден ғана айналып отыр.

Жем-шөп базасының аталған жағдайында қарқынды өсіп келе жатқан мал басын жем-шөппен толқы қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, жайылымдық және пішендік жерлер өнімділігін артыруға бағытталған түбегейлі шаралар қабылдау қажет.

Азықтандыру малдық тобын және тұқымын жетілдірудің сенімді құралы.

Азықтандыру малдың ішкі органдарының дамуына үлкен әсер етеді. Қозыны енесінен айырып алғаннан соң, тек ірі азықпен азықтандырғанда, үлкейгеннен кейін оның ішегінің ұзындығы, денесінің ұзындығынан 44-51 есе артық болған. Ал ірі азықты аз беріп азықтандырған тек қана 33-38 есе ұзартылған, айтарлықтай айырмашылықтар қарнының көлемінде де болған. Бір килограмм тірілей салмағына шаққанда қойдың қарнының көлемінің сыйымдылығы мына ретте болған: көлемді азықпен азықтандырылған қойдың қарнының сыйымдылығы 800-900 мл, ал тек қана жеммен азықтандырылған қойдың қарнының сыйымдылығы 270 мл болған. Мысалы, шаруашылықта малды дұрыс азықтандыру - малдың денсаулығын жақсартуды, қалыпты төл беруін, мал тобының толқы сақталуын қамтамасыз етіп, жақсы дамуы үшін, өнім беруге қабілеттілігін арттырады.

Малдың салмағының өсуі, қоңдылығы, төл саны азықтандыруға байланысты. Жеткіліксіз азықтандыру, малдың өсуін, ұрықтануын, өнім беруін, дене құрылысын, нашар төл беруін тудырады.

Далалық жерлерде жемшөп өндіруді жетілдіруде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту, жемшөптік дақылдарға тыңайтқыш беру, суландыру жұмыстарын жүргізу көзделеді.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қазіргі кезде мал азықтандыру үшін 500-ден аса өсімдіктерден дайындалған әртүрлі азық түрлері мен азық қосымшаларын, соның ішінде пішен, пішендеме, сүрлем, шөп ұны, майлы дақылдар өндірісінің қалдықтары, микроэлементтердің тұздары, витаминдердің, ферменттердің антибиотиктердің препараттары қолданылады.

Организмге азық берілмейінше зат алмасу, энергия, органдар мен ткандардың қимыл-әрекеттерінің орындалуы, еттің, терінің, жүннің құралуының мүмкіншілігі болмайды.

Азықтандыру малдың тобын және тұқымын жетілдірудің сенімді құралы. Республикамыздың жайылымдық мал шаруашылығында шешімін таппай отырған мәселелердің бірі - сумен қамтамасыз ету. Ауылдан щалғайдағы жайылымды мал бағу үшін пайдалану оларды суландырмайынша мүмкін емес. Институт мамандарының пікірінше, қазіргі қолдағы бар мал басын жем-шөппен толқы қамтамасыз ету үшін суландырылмаған, қолданыстан тыс қалған шалғайдағы 46 млн. гектар жайылымды игеру керек. Егер суы мол бір құдық 8-10 мың гектар жайылымға бағылатын мал басын сумен қамтамасыз етеді деп есептесек, онда 4600 құдықты іске қосу қажет. 1990 жылға дейін еліміз жайылымдарында 38106 шегенді және 31546 құбырлы құдықтар қолданыста болды.

Шалғындық жем-шөп ресурстары бірінші кезекте көлтабандар, жайылма, таулық және екпе шабындықтар көлемімен анықталады. Ғалымдар осы жерлерде жем-шөп өнімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі басты шараларды айқындады. Суармалы шалғындықта ең тиімді агротәсіл 1 гектарға 60-90 кило әсерлі зат есебінен минералды азот тыңайтқыштарын енгізу болып табылады. Осы қарапайым тәсіл шалғындықтың өнімділігін екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді және әсерлі 2-3 жыл бойы сақталады. Суармалы шалғындықтарда негізінен астық тұқымдастар өсетіндіктен, пішенінің белоктық құрамын бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер есебінен артыру қажеттілігі туындайды. Оны шалғындықтың шымына жерді ешқандай өңдемей-ақ себуге болады. Жасалған технология өсімдіктердің жақсы көктеп, көп жылдар бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

Малды пішенмен қамтамасыз етудің игерілмеген көзі дәнді дақылдар егісі айналымынан шығарылған тыңайға жерлер болып табылады. Тәжірибелер тыңайға жерлерді екпе шабындықтар жасау үшін пайдалануға болатынын көрсетті. Қарағанды облысының Шет ауданында «Қуаң жерлерді басқару» халықаралық жобасы ауқымында екпе жайылымдар мен шабындықтар жасау бойынша институт ғалымдары жүргізген нақты тәжірибелер осыны дәлелдеді. Еркекшөпті себу жолымен шабындықтарды жақсарту, айналымнан шығарылған жердегі пішен өнімін гектарына 3-4 центнерден 8-10 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Мал азығы дақылдары өсірілетін егіс көлемі айтарлықтай қысқарды. Көп жылдық шөптер 70 пайыз, ал сүрлемдік дақылдар бар-жоғы 3, 4 пайыз ғана болуы бұл егістік жердің экстенсивті пайдаланылып отырғанын көрсетеді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінде институт ғалымдарының қатысуымен еліміздің аймақтары бойынша орта есеппен алғанда, мал басының қажеттілігіне қарай мал азығының оңтайлы құрылымы жасалды. Бұл құрылым бойынша орта есеппен алғанда республика көлеміндегі пішеннің үлесі 20, 5 пайыз, пішендеме - 4, 9, сүрлем - 10, 9, мал азықтық тамыржемістілер - 3, 9, құрамажем - 20, 7, жайылымдық азық 39, 1 пайыз болуы керек. Жемшөптік дақылдар егістігінің көлемі 4879, 2 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Ғалымдардың аймақтық ұсыныстары фермерлерді тұрақты әрі мол пішен және көкбалауса, өнімін алуға бағыттайды.

Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты оңтайлы жүктеме мөлшерін назарларға ала отырып, негізгі табиғи және географиялық аймақтар үшін жайлымдарды тиімді пайдаланудың ғылыми негізделген сұлбасын жасады. Мысалы, Қызылорда облысында мал жаю кезеңінде жусанды-сораңды-эфемерлі жайылымда бір ересек қойға 2, 9 гектар, ал, тамыр жусанды-теріскенді-изенді аралас шөпті жерде 3, 8 гектар қажет болатыны анықталды. Жасалған нормативтерді қатаң сақтау қажет болатыны анықталды. Жасалған нормативтерді қатаң сақтау жайылымдар деградациясын болдырмауға және олардың ұзақ жылдар бойы өнімділігінің тұрлаулы болуына мүмкіндік береді. Елімізде алғаш рет жасалған «Ландшафттарға жүктемелерді орналастыру нормалары» картасы Қазақстан Республикасының Ұлттық атласына енгізілген. Жайлымды дұрыс пайдаланудың классикалық сұлбасы бойынша малды бір мерзімдік телімнен екіншісіне ауыстырып, жазда Қарақұм, Қызылқұм, Сыр бойына шығады. Пайдалануға бір ғана табиғи аймақта орналасқан жайылым телімдері жалға немесе сатып алынады, олар бір типтес келеді. Жүйесіз пайдаланған жағдайда өнімділігі төмендейді, құнды шөптердің биоалуантүрлілігі жоғалып, деградацияға ұшырайды. Институт ғалымдары осындай жайылымдарды ұтымды пайдаланудың ғылыми тәсілдерін жасады. Телімдерді ботаникалық тұрғыдан зерттеп тексеру, бір типтес жайылымның өз ішінде өсімдік жамылғысының әртүрлілігін және олардың шекараларын айқындап, белгілеуге мүмкіндік береді. Азықтық сыйымдылығы мен пайдалану мерзімдерін анықтай отырып шекараларын айқындау, қарапайым жайылым айналымы салдарынан туындайтын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға жағдай туғызады.

А. П. Дмитроченко, П. Д. Пшеничныйдың (1975) болжамы бойынша сабан клетчаткасының қиын қорытылуы - оның лигнин тектес заттармен, әсіресе шақпақ қышқылымен тығыз байланыстылығында. Бірақ С. З. Зафреннің (1972, 1975) малға лигниннен тазартылған клетчатканы беру арқылы қойған тәжірибелерінде мұндай нәтиже байқалмаған. Оның тұжырымы бойынша клетчатканы қорытуды жақсарту үшін - клетчатка ыдыратушы микрофлораға қолайлы жағдай туғызу керек. Мысалы рационға азотты қосынды қосып азықтың протеиндік қоректенуін жақсартуда клетчатканың қорытылуын жоғарылатқан. Мұны автор ас қорыту жолындағы микроорганизмдер тіршілігінің жақсаруынан деп түсіндіреді.

Л. И. Каплунов, В. К. Давыденко, В. Т. Тесленконың (1977) деректері бойынша бактерия ферменттерінің клетчаткасын қанттарға ыдыратуы үш кезеңмен өтеді:

1) целлюлозаны ерімейтін, бірақ жеңіл ашитын аз молекулалы көп қанттарға бөлшектеу;

2) көп канттарды ферменттік ашыту арқылы глюкоза және целлобиозға айналдыру;

3) целобиаза ферментінің әсерімен целлобиозаны глюкоза дейін ыдырату.

Осыдан пайда болған глюкоза, ұшпалы мал қышқылдарына (ҰМҚ) дейін ашытылып, химиялық, биологиялық және күрделі физика-химиялық, физика-биологиялық, гидроба-ротермикалық т. б. әдістерді қолданады. Механикалық және физико-термикалық әдістерге ірі азықтар желінуін жоғарылататын турау, ұсақтау, ұнтақтау, кесу, қосу, араластыру, жоғары жылумен өңдеу жатады. Химиялық әдістерге ірі азықтардың желінуімен қатар қоректілігін де арттыратын түрлі химиялық қосындылармен (сілтілер, әктер, содалар, аммиакпен т. б. ) өңдеу жатады. Биологиялық әдіс азықтардың ферменттік өңдеуін ашытқылау арқылы жүргізеді. Механикалық (физикалық) әдіс ірі азықтарды шайнап, ұсақтауды жеңілдетеді де, бірақ қоректілігіне әсер етпейді. Ал химиялық әдіс ірі азықтардың желінуімен қатар қорытылуын да жақсартып (15 пайызға дейін) жалпы қоректілігін 1, 5 - 2 есе арттырады. Биологиялық әдіс ірі азықтардың желінуін қорытылуын және қоректілігін арттырумен қатар, олардың қоректік заттарының биологиялық бағалылығын арттырып (аминқышқылдары, витаминдермен) байытып дәмділігін, хош иістілігін жоғарылатады.

Шаруашылықтағы ірі азықты малға өңдемей жегізуге жол бермеу керек. Олардың ең болмағанда қарапайым механикалық өңдеуден өткізу қажет. Ол үшін ірі қараға 4-5 см, қой мен жылқыға 2-3 см етіп турайды, ал сабанды ұнтақтайды.

Азық институтында (Л. В. Котовский) өткізген зерттеулер күйісті малдың алдыңғы қарынындағы ірі азық тура диірменнен өткендей ұнтақталатынын көрсетіп отыр.

Туралап ұсақталған ірі азықтың басқа азықтармен араласуы, буландырылуы, химиялық препараттармен өңделуі жеңілдейді. Сабанды басқа азықтармен араластырғанда протеинді азықтар оның қорытылуын жоғарылатып, ал қантты азықтар керісінше, төмендейтінін ескеру қажет. Қалай болғанда да сабанның араласқан азықтар сөліне қаныққаны дұрыс. Оның ең қолайлы жолы - сабанды басқа азықтармен қоса сүрлемге салу.

Республика шаруашылықтарында кеңінен қолданылып отырған «Қазақсүрлем» қосындысы сүрлемделу барысында түрлі әсер ететін үш препараттан тұрады. Біріншісі - «ПБҚ» - Пропионқышқылды бактериялар; екіншісі - «АСС» - аминолитикалық сүт қышқылды стрекококк; үшіншісі - «ПСБ» - пентоза ашытқыш сүт қышқылды бактериялар. Құрғақ күйінде оның әр 1 килограмында 10 миллиардқа дейін тірі бактериялық торшалар шоғырланған. ПҚБ препараты жеңіл сүрлемденетін азықтардан дайындалған сүрлемді қышқылсыздандыру үшін, АСС - 60-80 процент ылғалдықтығы қиын сүрленетін азықтарға қосу үшін, ал ПСБ - сабанды сүрлемдеу үшін қолданылады.

Сабанды жұмсартып, желінуін жақсарту үшін, өздігінен жылытуға тәсілін қолдануға болады. Өздігінен жылытылу үшін сабанды орға, траншеяға мұқият тығыздап салып әр бір тоннасын тұздалған 650-700 л жылы сумен ылғалдандырады, үстін құрғақ сабанмен және жарғақпен жабады. Суланған сабанда өтетін микробиологиялық процестер арқылы 3-5 тәулікте жылуы 45-50 градусқа көтеріледі. Қызу әсерінен сабан жұмсарып, жаңа пісірілген нан иісті болады. Сабанды арнайы буландырғыш қондырғыларда жоғары жылу арқылы өңдеуге де болады. П. А. Кормщиков әр 1 ц сабанды 3 кг әктің ерітіндісіне 10 минутқа батырып алып, сумен шаймай 18-20 сағат бойы ерітіндіні сорғытып, мал азығында қолдануды ұсынды. Кейіннен Л. Н. Николаев сабанды 0, 5 процент аммиак ертіндісіне, С. С. Петров - сілтілердің натрия бикарбонатымен қосындысына батырып алуды зерттеді. Бірақ бұл ізденістердің барлығы клетчатка қорытылуын жоғарылату үшін лигнин мен целлюлоза арасындағы бірлестікті бұзу, болмағанда әлсірету қажет деген тұрғыдан жүргізілді. Л. В. Котовский зерттеулері сабан клетчаткасының қорытылуына алдыңғы қарындар бактериялары әсерінің күшті екенін дәлелдеді. Олардың жетілуіне қолайлы сілтілі орта туғызу үшін (рН=9, 0) дәлелдеді. С. Я. Сафреннің (1972) салмағының 4, 0 процентіндей сілті қосу қажет деп тапты.

Қазақтың қой шаруашылығы институтында (Т. И. Сарбасов және басқалары) қойға арналған сабанды түйіршіктер құрамын ұсынып отыр. Оның 35-50 проценті сабаннан, 4-5 проценті қант сірнесінен, 45-50 проценті кебек, дән дақылдары, және минералды (аммоний, фосфор, ас тұзынан) қосындылардан тұрады. Осы түйіршіктер қой бордақылау нәтижелерін жоғарылатты.

Ірі азықтарды биологиялық жолмен өңдеудің кең тараған - әдісі ашытқылау. Ашытылған ірі азықтарда ферменттік процестер өтіп, қоректілігі, иісі, дәмі жақсарып, сүт қышқылды бактериямен, В тобының витаминдерімен байытады. Азықты ашытқылауды екі жолмен жүргізеді: біріншісі - опаралық, екіншісі - опарасыз.

Опаралық тәсілде азықты ашытқылау үшін алдымен опара дайындалады. Опараны 75 процент арпа жармасы және 25 процент кебектен тұратын ұнтақтың әр 1 кг 3 л жылы сумен ылғалдандырып, 25-28 0 жылулықта ұнтақ салмағының 3 проценттейіндей нан ашытқысын қосып дайындайды.

Қолданатын ашытқыны тамыр жемістілерден дайындауға да болады. Сабанды ашытқылау үшін 1-3 текше метр ыдысқа туралған сабан толтырылып, тұз қышқылының 0, 2 - 0, 3 процерттік ерітіндісін әр 1 кг сабанға 6-8 л. келетіндей етіп құяды да, нығыздап жауып 100-150 0 буды 2-3 сағат бойына 0, 2-0, 3 атмосфералық қысыммен жібереді. Сабан кесіндісі жұмсарып, босайды. Ыдыстағы азық температурасы 30 градусқа дейін төмендеген соң оның массасының 3-5 процентіндей мөлшерінде ашытқы қосылады да, араластырып, ашытқылауға қояды. Ашытқылардың жақсы жетілуі үшін кесіндінің әр 100 килограммына 100-150 гр калийфосфат немесе екі аммонифосфат, 150-200 г аммоний сульфатин 2-3 кг сірке немесе ұнтақталған қызылша қосады. Бір тәулік бойы 27-30 0 жылылықта араластырып, ашытылған азықпен малды азықтандырады.

Мал азығындық белок проблемасына үлкен көңіл бөлінуі қажет. Рационда белоктың тапшы болуының салдарынан жемшөпті аса көп жұмсайтын жағдайлар кездеседі. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруышылықтарда дәнді - бұршақ және майлы дақылдар - жоңышқа, беде, рапс егісін ұлғайтып, түсімін арттыру ең маңызды шара болып табылады. Жемшөп қорының негізін құрайтын мал азығы дақылдардан мол өнім алмайынша мал шаруашылығын жеделдетіп, өркендету мүмкін емес.

Мал шаруашылығын жеделдетіп дамыту үшін барлық мал шаруашылығы өндірісінен алынатын өндірістік технологиясын жедел түрде дамыту қажет.

Малды азықпен қамтамасыз етудің басты көзі - жем, жемшөп өндірісі.

Азық өндірісін жеделдетіп молайтудың негізгі жолдарына: азықтық дақылдардың өнімділігін арттыру, азықтарды сақтағанда олардың құрамындағы қоректік заттардың шығындалмауын, құрамында белоктары көп мал азығының алқабын үлкейту, жануарлар тектес азықтарды да айтарлықтай көбейту, тиімді еңбек өнімділігінің технологиясын азықтандыруда қолдану болып табылады.

Еліміз бойынша 2000-2030 жылға дейін суармалы жерден алынатын азық өлшемін ең кем дегенде 115-125 млн. тоннаға жеткізу қажет. Белоктың әрбір жетіспейтін проценті азықты 2% артық шығындауға әкеліп соқтырады. Малды жедел азықтандырудан тиімді, арзан азыққа негіздеу керек.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылым малды жоғары қоңдылыққа жеткізіп, азықтың, тамақтың әсерінен белгілі мөлшерде аз еңбек шығынын жұмсап, қажетті өнім алу мақсатын көздейтін ілім болып табылады. Осындай жағдайда мал шаруашылығы үшін тұрақты азық қорын жасаудың шешуші проблемасы, ғылым мен техниканың дамымалы жетістіктерін ендіру - негізі азық өндірісін интенсивтендіруді үдемелі дамыту болып табылады.

Жемшөп, азық молайтудың технологиясын жетілдіріп интенсивтендіру ғылыми-техникалық прогресстің негізінде іске асады. Азық өндірісінде - еңбек өнімділігін арттыру, техникалық прогресс негізі болып табылады. Ғылыми негізде тиімді азықтандыру: малдың денсаулығын, қалыпты төл беруін, төлдердің жоғары сапалы азықтармен қамтамасыз ету үшін маңызды шешуші жағдай - ғылым мен техниканың жетістіктерін азық өндірісінде кең түрде қолдану болып табылады.

Қарапайым кәдімгі шаруашылықтарда ірі қара мал төлдерінің тірідей салмағын 40 кг-нан 45 кг-ға дейін бордақылау үшін 110-120 күн қажет болса, ал комплекстерде күндік өсу салмағын 1000 г-ға жеткізгенде өсіру мен бордақылау үшін тек қана 40-50 күн қажет.

Сонымен ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымы малды жоғары қоңдылыққа жеткізіп, азықтың әсерінен белгілі мөлшерде аз еңбек жұмсап, қажетті өнім алу мақсатын көздейтін ілім болып табылады.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру туралы ілім - бұл зоотехникалық ғылымдардың, оның теориялық негізін, әдістерін, технологиялық шарттарын, малдың тиімді тамақтануын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыздандыратын, жетілдіретін генетикалық жетістіктеріне себепші.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Мал азығының түрлері, олардың құрамы және қоректілігі.

Азық дегеніміз - өсімдік тектес немесе жануар тектес жасанды минералдық азықтар. Химиялық құрамы жағынан мал жегенде организміне зиян келтірмейтін, сонымен қатар олардан өнім сапасын кемітпейтін қоректі заттарға бай. Азықтар әр түрлі табиғи және шаруашылық жағдайларда алынуына байланысты қоректілігі және құрамы бойынша тарқатылады. Азықтың құрамына әсер ететін факторларды біліп, дұрыс дайындалуын және тиімді пайдалану технологиясын меңгеру талап етіледі.

Сонымен азықтың құрамына және оның қоректілігіне мынадай себептер әсер етеді: экологиялық-географиялық, өсімдіктің түрі, климат, топырақ, тыңайтқыш, агротехника, өсімдіктердің сорттық ерекшеліктері, жасы, жинау кезеңі, жинау технологиясы және сақталу жағдайы, ылғал, жылылық, жарық, әзірлеу тәсілі т. б.

Климат жағдайларының әсерінен тек қана қоректік заттардың саны өзгеріп қоймай, оның сапасы да өзгереді, белоктық заттарды (протеин) құрамындағы амин қышқылдары, майдағы қанықпаған қышқылдар т. б. Оңтүстіктің баурайындща өскен өсімдікте белоктық зат (протеин), солтүстік баурайында өскен өсімдікке қарағанда көбірек жиналады.

Құнарлы топырақта қоректік заттар жоғары болады. Өсімдікте қоректік заттардың жиналуына органикалық тынайтқыштарға қарағанда көң жақсы әсер етеді.

Көктемде жайылым шөбінің қоректілігі күшті, протеині көп болады. Жазда және күзде жайылым шөбі сарғайып, негізгі қоректік заттары кемиді. Пішенге орылған шөпті ұзақ кептіру немесе жауын-шашын қоректік заттарды кемітеді.

Ірі азықтар. Жеке шаруашылықтарда ірі азықтардан әсіресе, пішен көп қолданылады. Оны түрлі көк шөптерді орып (шауып) кептіру жолымен дайындайды. Сондықтан пішен қоректілігі құрамына кіретін шөп түріне, оның дайындалған кездегі өсіп-өну кезеңіне, келтіріліп дайындалу, сондай-ақ сақталу жағдайларына тікелей байланысты келеді.

Ең құнарлы пішен гүлдене бастаған балаусадан дайындалады. Сондықтан астық тұқымдас дақылдарды шашақтана бастаған, ал бұршақ тұқымдас дақылдарды бүршіктеніп, гүлдене бастаған кезеңдерінде шабады. Шабылған шөпті неғұрлым тез кептірсе, соғұрлым оның құрамында қоректік заттар, каротин толығырақ сақталады. Сондықтан көкті таңсәріден шапқан жөн. Күн қатты қызғанша, олар дегдіп, кеуіп қалады. Қатты кеуіп кеткен пішен жапырақтары уатылып түсіп қалады да, қоректілігі төмен сабақтар оның жалпы құнарлығын төмендетеді.

Қатты кептіріп, қуратып алмас үшін шабылған балаусаны дегдігеннен кейін бөкестерге жинап, содан шөмелелеп кептірген дұрыс. Шөмелелерді ылғалдылығы 14-17% болған шамада маялайды.

Кептірілген пішенде құрғақ заттың 1/3 бөлігі, қорытылған қоректік заттардың және протеиннің 2/3 бөлігі, кальций, фосфор, марганец, темір, мыстың 1/2 бөлігіне жуық және мырыштық 1/3 бөлігін жоғалтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжылдық өсімдіктер морфологиясы
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Көпжылдық шөптер
Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері
Егіс. Егіншілік
Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Ауыспалы егісті жобалау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Нысанның табиғи – климаттық және шаруашылықтық жағдайлары туралы ақпарат
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz