Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері


МА З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
БІРІНШІ ТАРАУ.
- Мерзімді баспасөз жариялым атауы дегеніміз және атау ұғымының тақырыптан айырмашылығы . . . 10
- Жариялым атауларының тілдік - стильдік ерекшеліктері мен жанрларда көрініс табуы . . . 14
1. 3. Жариялым атауларын қоюдың негізгі талаптары . . . 25
ЕКІНШІ ТАРАУ
2. 1. Тіл біліміндегі стандарттық ұғымның жариялым атаулары
ретінде көрініс табуы . . . 35
- Атаулардың фразеологиялану ерекшеліктері . . . 43
- Атаулардағы логоэпистемалық трансформациялану. Газет атауларының жарнамалық қызыметінің қыры. Жарнама атаулары . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
Сілтемелер тізімі . . . . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша материалдар . . . 65
КІРІСПЕ
Мерзімді баспсөз жариялым аттарының тілдік стильдік ерекшеліктері мен кемшіліктері
Тақырыптың өзектілігі. Баспасөз қай заманда болса да, қай кезеңде де қоғамға қызмет ететін өзіндік ақпараттар ағыны. " Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі " деп, Ахмет Байтұрсынов айтпақшы бұқараны ақпаратпен баулитын да - баспасөз. Әлемді ақпарат билеп тұрған бүгінгідей заманда ақпараттың құндылығы оны таратушының беделі мен бет-бейнесінен көрінері анық. Яғни баспасөз атауы, жариялым атауы оның имеджі, нарықтық бәсекелестік заманда оның жолашар визиткасы болмақ. Бітіру жұмысына арқау болып отырған «Баспасөз жариялым атауларының тілдік - стильдік ерекшеліктері мен кемшіліктері» деген тақырыптағы атауды алу себебім, осы уақытқа дейін тіл мамандарының болсын, журналист - публицистердің болсын зерттеу нысанына айналуы қажет мәселенің бүгінге дейін көтерілмеуі мені толғандырды. Ресей ғалымдары XX ғасырдың елуінші жылдары атау мәселесін зерттей бастаса, қазақ ғылымында атау түбегейлі зерттелмеген деп айтуға болады. Мерзімді басылымдар жариялымдарының жарты жүгін арқалайтын атаулардың ( тақырыптардың ) атқарар қызметі орасан зор екеніне қарамастан зерттеулер мен ғылыми еңбектер бізде жоқ.
Бітіру жұмысының мақсаты. Негізінде баспасөз жариялымының мазмұнын атауы, тақырыбы мен мән -мағынасы анықтайды. Атау ( тақырып ) арқылы негізгі түйін ой көрініс тауып, оқырманды өзіне тартады. Атауды (тақырыпты) өңдеуде оны шығармашылық деңгейге көтеруде қандай әдіс тәсілді қолданады, оны автор өзі біледі. Тілдік, стильдік ерекшеліктер арқылы атау ( тақырып ) түрлене түседі. Атаудың автор көзқарасымен сәйкесуі сәттілік. Т. С. Амандосов « Журналистік жұмыс - творчестволық жұмыс. Ол үнемі ізденуді, өмірге ілесу емес, өмірден ілгері болуды талап етеді. Ол ізденімпаз жаңашыл болу керек деген сөз» дейді. Журналистиканың өзі үнемі ізденуді талап ететін ғылым. Баспасөз барша аудиторияның кездесер кемесі ретінде кемелді болуы шарт. Біз жазатын тақырып, оқырман оқитын жариялым сауатты, сапалы болуы керек. Қай оқырман болмасын, баспасөз ақпарат құралдарынан алдымен өзіне қажет ақпаратты іздейді. Айқайлап тұрған атауды, тартымды тақырыпты көзімен сүзіп қана өтпей, жетегіне жеткенше оқуға тырысады.
Баспасөздегі ақпараттық атаулар бірінші типті оқырманға қоғамда болып жатқан бүгінгі оқиғаларды түсіндіріп, сәтсіздіктерден шығуға көмектеседі. Сонымен қатар оқырманға бұрын - соңды ол естімеген, білмеген, көрмеген жаңа хабарды танытуы қажет. Газет, журнал атаулары өмірдің сан - саласынан хабар беретін ақпараттар ағыны. Қоғамдағы әлеуметтік саяси, экономикалық, мәдени т. б. өзгерістер, халық өміріндегі жаңалықтар мен рухани жетістіктер міндетті түрде газет журнал жариялымдарының атауларының арқауы. Яғни атаудың арқалар жүгі де ауыр деген сөз. Мысалы: қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай, Отан, тіл туралы жазылған атаулар: «Ана тілі» басылымында жариланған «Ана тілі - ардың ісі» атты ҚР Ұлттық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Борис Ізбасарұлымен сұқбат (2006) №47 саны, осы басылымның дәл осы санында жас журанлист Мақпал Жұмабайдың «Тіл туралы жаңа Заң + Тіл инспекциясы = МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» деген жаңа формадағы жақсы жариялым атауы жарық көрді. Көрген оқырманның көзін өзіне тартатын бұл мақалада: « . . . осыдан алты жыл бұрын Елбасы атына Ашық хат жарияланды. Онда " Тіл заңының орындалу барысын бақылап, заң жолымен жауапкершілікке тартып отыратын тіл полициясын құратын уақыт келді " ( М. Құлкенов, 11. 01. 2001ж. ) делінген еді. » деп жариялымды жандандыра түссе, мына бір мақаланың мәйекті жері атауды аша түседі: « . . . " Тіл туралы " Заңы мемлекеттік тілді шын қорғай алатын елдерде мәселе осылай шешіледі. Заң Тілді, ал Заңды Тіл инспекциясы қорғайды. » дейді. Яғни ұлт мәселесін көтерген жариялымдарды атауы арқылы ары қарай оқуымыз мүмкін. Кейбір сәтсіз атаулар жақсы жариялымның аудиториясының аясын азайтып тастауы ықтимал. Сондықтан бітіру жұмысымның мақсаты атау таңдаудағы талапты күшейту, сапаны сауттылық пен қатар алып жүру, жариялым атауын публицистика ғылымының бір тармағы ретінде зерттеу нысанына айналдырып оқырманға оқуға тұрарлық дүние ұсыну.
Жұмыстың міндеті. Бұл жұмысты жаза отырып, мен өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Атау деген не? Оның қандай түрлері бар? Тақырыптың атаудан айырмашылығы қандай ? Осы сауалдарға жауап беру;
- Атаудың атқаратын қызметі мен сипаттамасы;
- Баспасөз жариялым атауларының тілдік ерекшеліктері мен стильдік ерекшеліктері қандай ? Оны баспасөз бетінен нақты мысалдармен салыстыру және таныстыру;
- Жариялым атауларындағы кемшіліктер? Осыған нақты мысалдармен жауап беру;
- Тілдік тұрғыда стандарт бірліктердің атауға айналуы;
- Тұрақты тіркестердің «дайын құрылыс материалы» ретінде атауға айналуы;
- Мақал-мәтел, қанатты сөздер мен өлең жолдарының, шығарма атауларының логоэпистема арқылы трансформациялануы;
- Жариялым атауын қоюдың негізгі талаптары;
- Мерзімді басылым беттерінің атаулары мен айдар аттарының берілуіндегі ізденіс пен сәтсіздік;
- Жарилым атауының жарнамалық қыры;
Аталған міндеттерді алға тартып, бітіру жұмысының тақырыбы мен атауын толық аштым деп ойлаймын.
Бітіру жұмысының нысаны . Жұмыстың нысаны ретінде мерзімді баспасөздер жариялым атауларын алып қарастырып отырмын. 1998-2007 жылдар аралығындағы «Ана тілі» ұлт газеті, «Жас Алаш» газеті, «Айқын» республикалық қоғамдық - саяси күнделік, «Жас Қазақ » газеті, «Парасат», «Қазақстан әйелдері», « Арай » журналдары алынып отыр. Сондай - ақ, салыстырмалы түрде облыстық және аудандық газеттерден де атаулар талқыланды. Тек мақала атаулары ғана емес, бет, айдар атаулары да қарастырылды.
Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі . Баспасөз жариялым атаулары туралы жекеленген ғылыми әдебиеттердің болмауына байланысты, жұмыс барысында баспасөз беттеріндегі жариялымдар атауларының талдауы және бітірушінің жеке сұхбаттасуының негізінде алынған пікірлері мен атау туралы түйген ойлары пайдаланылды. Сонымен бірге, баспасөзге, газет ісіне қатысты шетеледік және отандық авторлардың еңбегі басшылыққа алынып, атаудың қызметін арттыру үшін қандай шаралар атқарылуы керектігі талқыланып отыр.
Жұмыс барысында мынадай журналист-қаламгерлердің естеліктері мен еңбектері пайдаланылды:
- «Тақырыпты тауып қой» Кәкімжан Қазыбаевтың ғылыми мақаласы;
- Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің оқытушысы Р. Т. Қожабекованың монографиясы;
- Профессор Т. Амандосовтың еңбектері;
- Ләззат Дүйсембекованың еңбектері;
- Қажым Жұмалиевтың зерттеу мақалалары;
- Төлеубай Ыдырысовтың «Шеберлік бастауы» еңбегінен;
- Рабиға Сыздықованың еңбектері;
- Д. Әшімханұлының еңбегі;
- Г. Ихсангалиева дисертациясы;
- Бағдан Момынова «Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы»;
Бітіру жұмысының жаңалығы. Біз мерзімді баспасөз жариялым атаулары туралы жалпылама білгенімізбен, нақты атаудың міндеттері, қызметінен мүлде бейхабармыз. Мәселен, біздің журналистика факультетінде мерзімді баспасөз бойынша жеке-жеке дәріс беретін ұстаздар мен кафедра бар. Ал, қазіргі ақпараттық технология қарыштап дамып келе жатқан заманда, өмір ағымымен бірге уақыттан да, өзге де маңызды тұстардан еш ұтылмайтын ақпарат жаршысы баспасөз жариялым атауы бойынша жекеленген оқулық та пән де жоқ. Біз білетін баспасөздің түрлі жанрлары, берілу формасы, көтеретін мәселесі, ондағы дәлел мен дәйек. Ал, жариялым атауларының табиғаты мүлдем ерекше, ол бойына аталған ақпарат құралдарының ең озық деген қасиеттерін жинақтап, үйлестірген жарнамалық қызметті алға тартатын тұжырымды түйін.
Жариялым атаулары туралы бұның алдында ешқандай зерттеу жазылмағандықтан, тарих беттерінен және журналистердің пікірінен алынған деректердің барлығы дерлік оқырман қызығушылығын оятатын жаңалықтар десе болғандай. Сондай-ақ, медиа-нарықтағы атау қызметінің баспасөзде орны ерекше екені айта қаларлық жайт.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы . Өзім облыстық, аудандық газеттерде 4 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, тәжірибеден өтіп келемін. Әрине, осы уақыт ішінде мен баспасөздің барлық қыр-сырын меңгеріп алдым деуден аулақпын. Бірақ, зерттеуді сырттай емес, өзің күнделікті жұмыс істеп, ауасымен тыныстап жүрген газет ішінде отырып жүргізген анағұрлым дәл, әрі маңызды болмақ.
Жұмыс барысында баспасөз беттерінен деректер мен дәлелдер, мысалдар келтіріледі. Сондай-ақ, баспасөздің бәсекеге қабілетті болуы үшін жариялым атауының алар маңызы зор екендігі белгілі. Өндірістік тәжірибеде тілші бола жүріп, Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газетінде Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 - ақпан күнгі Қазақстан халқына жолдауын насихаттаудың 2007 жылғы 1- жарты жылдығына арналған МЕДИА - ЖОСПАРДЫ жасақтадым. Жоспар газеттің әр санына берілетін жолдауға қатысты тақырыптық атаулардан тұрады. Бұл жоспармен дипломдық жұмыс барысында «Қосымшалар» бөлімінде таныс боласыз. Және де өзімінің зерттеу дипломдық жұмысыма қатысты аудандық газетің бір нөміріне «Аңдатпа» жарнамалық газеттің келесі санында таныс болатын атауларды алғашқы бетке дайындаған болатынмын.
Жұмысты арнайы зерттеумен айналысып жүрген студенттер көмекші құрал ретінде пайдалануына болады.
Зерттелуі және зерттеу әдісі . Баспасөз жариялым атауы жайында тарихи, теориялық және ғылыми тұрғыда жан-жақты қамтитын еңбектер жоқтың қасы. Т. Амандосовтың «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы» кітабында түрлі анықтамалар мен атауды «тақырып» деп берген аз ғана мәліметтер алынды. Оның құрылымы мен қызыметі мен артықшылықтары талқыланса, Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» еңбегінде атау граматикалық тұрғысынан сипатталады. Сондай-ақ, К. Қазыбаевтың «Тақырыпты тауып қой» атты мақаласында зерттелген. Сонымен бірге, ф. ғ. к. орыс тіліндегі Г. Ихсангалиеваның «Функционально - прогматический анализ заголовков» тақырыбында жазған диссертациялық жұмысы осы тақырыптағы іргелі зерттеудің бірі.
Жұмыс барысында ақпарат жинаудың сұрау салу, сұхбат және сауалнама секілді әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Бітіру жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспе, екі тараудан - негізгі бөлім, қорытынды және сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымша материялдар бөлімінен тұрады. Кіріспеде қазіргі жариялым атауларының баспасөзде көрініс табуы және бітіру жұмысының өзектілігі әңгіме болады. Негізгі бөлімде диплом жұмысының атауына жете тоқталып, оның өзіндік қырлары және тақырып пен атаудың айырмашылығы жайында сөз болады. Сондай-ақ, атауды жариялымға берудің әдіс-тәсілдері мен атаудың бүгінгі баспасөзде көрініс табу мәселелері тілге тиек етіледі. Тіл біліміндегі стандарт тілдік бірліктердің атауға айналуы зерттеу жұмысымның қызықты бөлігі. Қорытындыда атаудың өзектілігі мен маңызы жайында әңгіме қозғалады.
БІРІНШІ ТАРАУ
1. 1. Мерзімді баспасөз жариялым атауы дегеніміз және атау ұғымының тақырыптан айырмашылығы
Мерзімді баспасөз - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы.
Жариялым - баспасөз бетінде көрініс тауып жүрген әр түрлі жанрдағы, әр түрлі атаулы мәтіндер. Жариялымның негізгі мақсаты мен атқарар қызметі - қалың бұқараға жария болар жаңалықты жазып, мәселе көтеріп, ақпарат беру арқылы көпшілік көкейіндегі сауалға жауап іздеп баспасөз бетіне шығару.
Атау - шығармаға арқау болар тақырыптың тоқсан ауыз сөзін тобықтай түйінге сыйғызып, жриялымның жарасымды айдары болу. Бүгінге дейін атау сөзін тақырып сөзімен мағына беріп, ауыстырып қолданып келдік. Тақырып сөзіне әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Ғалымдардың берген барлық анықтамалары атау сөзінің аясына келіп саяды.
Әдебиет теориясының зерттелуіне алғаш қадам басқан ғалым Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тақырып ( атау, М. Е. ) сөзіне былай деп анықтама береді « Тақырып - әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы «Жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы «той» болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды, өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып келеді. Тақырыбы бар сөздер «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. Оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтып атаймыз: « Өзгеге көңілім тоярсың» деген сөзі, «Келдік талай жерге енді» деген өлең дейміз. » [1, 12] Ахмет Байтұрсынов «Шығарма сөз» зерттеуінде «шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері. 1. Тақырыбы 2. Жоспары 3. Мазмұны 4. Түрі» деп бөледі, бұл жерде ғалым атаудың (тақырыптың А. Б. ) басты шығарма сөздің яғни жариялымның басты міндеті екенін айтады.
« . . . материалдың мазмұны өз алдына, сіздің алғаш көзіңізді тоқтатып, көңіліңізді аударған тақырыптар, сол тақырыптардың жақсылығының күші. Тақырыпқа назар аудару, беттегі материалдардың тақырыбына қарай талғау әр оқушының міндеті. Ендеше тақырып қоя білуге тапқырлық, білім керек. Тақырып газет материалының бірінші жаршысы . . .
Қазақ ұғымында « тақырып » деген сөздің екі мәні бар. Бірі - кең көлемде, орысша « тема » деген ұғыммен тектес. Мысалы, ауыл шаруашылығы тақырыбына, өнеркәсіп тақырыбына, саяси тақырыпқа десек, онда белгілі аумақты мәселені түсінеміз. Ал екінші ұғымы - бір ғана хабардың, мақаланың, очерктің, фельетонның, әңгіменің аты жайлы. « Мына фельетонның тақырыбы жақсы екен » деген сөзді жиі естисіз. Сонда сөз соның аталуы, сол фельетонға қойылатын ат жайлы болып отыр. Яғни, бұл ұғым орысша « заголовок » деген ұғыммен тектес. » [2, 173]
Осы орайда К. Қазыбаев тақырып туралы сөз ете отыра тақырып деген сөздің ат, атау сөзімен ұштасын дәлелдеп, орысша «заголовок» сөзі екенін ашық түсіндіреді. Атау - тілші шығармасының ең түп тамыры, темір қазығы. Газет атаулары өмірдің сан - саласынан хабар беретін ақпараттар ағынының түйіні.
Атау сөзін дәлелдеу үшін бізге осындай тұжырымды ой қажет болса, сол ойды орағыту үшін атау сөзіне өз тарапымыздан жоғары да сөз еткен анықтамадан бөлек бірнеше түсініктемелер ұсынып көрейік.
- Атау яғни заттың аты, адамның аты, баспасөз аты, оның ішінде жариялым аты. Атау арналып қойылған ат, есім. Қазақта бір - біріне келемеж етіп немесе өз атын, есімін бұрмалап айтқанда «Азан шақырып қойған атым бар емес пе?» деп өкпелеп жататыны бар. Әр затты атауымен атаған қателеспеуге жол ашады.
- Ат әр адамға, әр затқа арналып қойылады. Және үнемі сол атпен аталады. Мәселен баспасөз аты « Ана тілі » газеті, « Қазақ әдебиеті » газеті, « Жас қазақ » газеті, « Жас алаш » газеті, немесе « Парасат » журналы, « Қазақстан әйелдері » журналы, « Ара » журналы болса бұл сол басылымдардың арнайы қойылған атаулары. Яғни, біз сол аттарын атап қана сол басылыммен таныса аламыз. Ал сол басылым ішінде беттерінде орналасқан жариялымдарға көз жүгіртпес бұрын байыпты оқырман басынан яғни, алдымен шығарма атымен танысады.
- Аттың өзі - тіл мен стиль. Себебі әр адамды немесе затты, немесе баспасөз жариялымын бірінен ажырату үшін арнаулы қойылатын атаулар сол затты, сол жариялымды ерекшелеу үшін өзіне өзгенің қызығушылығын тудыру үшін қойылады.
Баспасөз жариялым атауларының қызметін 1- кестеден көуге болады.
Мерзімді баспасөз жариялым атауларының қызметі және сипаттамасы
1- кесте
Ақпарат - қоғамда болып жатырған жаңалық немесе елге қызықты дүние.
- Мәтін туралы белгілі бір деңгейдегі ақпарат жариялым атауы арқылы алдын ала, яғни мәтінмен таныс болмай тұрып беріледі;
- Баспасөз жариялымынан алар ақпаратты атаудан түйін ретінде алуға болады;
Жарнама - нарықта кез келген тауардың өтімін арттыру, сапасын салыстыру, тұтынушыны тарту мақсатында қызмет атқаратын бағыт.
- Белгілі бір баспасөз жариялым атауы оқырманын орағытып алып оқуға жетелесе, атаудың жарнамалық қызметінің жүзеге асқаны;
- Кез - келген келісті қойылған атау жақсы жарнама;
Көзқарас - белгілі бір құбылысқа жеке пікір беріп, өз көзқарасын білдіру.
- Әр атау әр автордың журналистің көзқарасы болып табылады;
- Көзқарас көрініс табатын атау көкейге қонымды болған кезде бұл қызмет атқарады.
Прагматика - қабылдауға байланысты қатынас.
- Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері;
- Атаудың өзінен біршама әсер алу осы қызметте атқарылады
¹ кесте, Мерзімді баспасөз жариялым атауларының қызметі және сипаттамасын түсіндіреді, әрі қызметтерінің түрлерін анықтамасы мен ерекшеліктерін көрсетеді.
1. 2. Жариялым атауларының тілдік - стильдік ерекшеліктері мен жанрларда көрініс табуы
Баспасөз тілі - жазба тіл. Қай дәуірде болмасын, мерзімді баспасөз өзі қызмет ететіп қана қоймайды. Өзінің дамып, байып отыруына, әсер ықпалын тигізіп отырады. Осыдан келіп біз баспасөздің тілі де сол жалпы халықтың негізінде дамып көрініс табатынын байқаймыз. Яғни, жалпы халықтық тілдің сөздік қорын, лексикасын ұғынып, өз дәрежесіне сай қолданысын - баспасөздің тілі деп атаймыз. Сондықтан жатық, тартымды оқырманына түсінікті жеңіл оқылатын етіп жазу, баспасөздің тілі болып табылады.
Стиль сөзіне тоқталар болсақ, әр адам баласына тән табиғи ерекшелік пен ешкімге ұқсамайтын қасиет. Қажым Жұмалиев өзінің «Стиль - өнер ерекшелігі» атты әдеби - зерттеу мақаласында " « Стиль - адам» дейтін афоризм көп заманнан бері әдебиетте барлығы аңғарылады. Демек, бұл жазушының өзіне тән творчествалық ерекшеліктері. Стиль - жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды . . . әр стильдің тасасында оның өз иелері - жазушылар тұрады. " [3, 5-8]
Шығыстың ұлы ғұламасы Жаллаладдин мынадай пікір келтірген: " Құраннан Алланың иісі шығады, хадистен пайғамбардың иісі шығады, ал біздің сөзімізден өзіміздің иісіміз шығады, шығуы керек - дүр " деген. Әр журналистің автордың сөзінен шығатын иіс - стиль. Стиль - жеке адамның ерекшелігі. Өзінің пайдаланатын әдіс - тәсілі. Ол оқырманына белгілі ойды жеткізудегі әр автор мен журналистің өзіне тән тәсілі мен шеберлігі - сол журналистің жеке стилі болып табылады. Тіл - стиль туралы ғылыми пікірлерге тоқталсақ Қ. Жұмалиев: " Әдебиетпен айналысатын жолдастар үшін, ана тілінің ережелерін жақсы біліп меңгрмей тұрып шеберлік, стиль туралы мақала жазуға болмайды" [4, 17]
Т. Амандосов: " Көркем жазу - тек сылдыр сөздердің жиынтығы ғана емес, сырт пішіні жылтырап, ішкі мағынасы маңызсыз болған сөз құралдарынан газеттеріміз ешбір пайда таппайды " деген. Жоғарыдағы ойға немесе пікірге сәйкес, жариялымға тағылған атаулардан кететін кемшілік оның мағынасыздығына мәнсіздігіне тікелей қатысты. Қарастыратын ұғымымыз - жеке баспасөз жариялымдарына қойылатын атау (тақырып) орыс тіліндегі (заголовок) туралы және оның тілдік - стильдік ерекшелігі мен кемшілігі жөнінде. Баспасөз беттерінде атау қоюға талап күшейу керек. Себебі кейде газет беттеріне болсын журнал беттерінен болсын бір кездері кездесетін сүреңсіз, тартпайтын оқушы көңілін оятпайтын, бір жариялымнан екінші жариялымға көшіп жүре беретін атаулар жиі кездеседі. Керсінше мен мұндалап тұратын атаулар алыстан арбап баспасөз беттерінде жарық көріп те жатады. Әйтсе де талаптан тартымды атау туары сөзсіз. Атудың алатын орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz