Нарық субъектісін дискредитациялау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТІК СИПАТТАМАСЫ

1.1 Монополистік іс әрекеттердің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Монополистік іс әрекеттерді реттейтін нормативтік құқықтық
актілері ... 16
1.3 Монополистік іс әрекеттердің криминалистік
сипатамасы ... ... ... ... ... ... . .25

ІІ.МОНОПОЛИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ АШУ, АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ЕРЕК-ШЕЛІКТЕРІ

2.1 Монополистік іс әрекеттерді ашу және анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Монополистік іс әрекеттерді тергеу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..70

КІРІСПЕ

Дипломның жалпы сипаттамасы. Осы Дипломдық жұмыс монополистік іс-
әрекеттермен байланысты қылмыстарды және монополизмге қарсы құқықтық
негіздерді Қазақстан Республикасы қылмыстың ізіне түсу органдарының тергеу
тәжірибесін зерттеу болып табылады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жаңа
ережелер және құқық қорғау органдарының осы санатының қылмыстық істерді
зерттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстары негізделді және қалыптастырылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің республикамызда монополияға қарсы
заңнаманың пайда болуына бәсекелестікті жою және қолдау бойынша шаралар
кешенін іске асыру үшін мықты заң базасын құру нақты тауар нарығындағы
үстем табиғи монополиялар субъектілерінің, жеке және заңды тұлғалардың
қызметтерін реттеуге мүмкіндік беретін тетіктерді бекіту қажеттілігі себеп
болды. Монополиялық іс-әрекеттерді реттеу мемлекет жүзеге асыратын
әкімшілік және заң шараларының бүкіл кешенін қамтиды.
Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру
стратегия атты Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы өз
баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ...
мемлекет экономикада сұранысты ынталандыратын жағдайларды жасай алады және
міндетті, бірақ өндірісті өзі ұйымдастырмауы немесе бақылауы тиіс. Мұны
нарық жасайды, Салауатты жеке сұранысы бар экономика салаларында мемлекет
тек бәсекелес ортаны дамыту және нарықтың үстемдігін жою үшін қажетті
реттеуші рөлін ойнауы, ал мұндай сұраныс жоқ жерде оны жасауға ықпал етуі
тиіс деп атап өткен болатын [1].
Қазақстан Республикасында монополияға қарсы заңнаманың тарихы аз және
тұрақты даму сатысында, бұл жайында оның көптеген толықтырулары мен жүйелі
өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік биліктің монополияға қарсы органдары
құрылымының тұрақты жетілдірілуі растайды.
Нарықтық экономика бір жағынан оң үрдістерді дамытудың нақты мемлекеттік
саясатын жүргізуді және екіші жағынан осы саясатты жүзеге асырудың теріс
салдарларының пайда болуына жол бермеуді қажет етеді. Бәсекелестіктің болуы
және кеңейтілуі болжамды оң нәтижелерге қолжеткізуге мүмкіндік береді, ал
оны қысқарту немесе жою қатаң шектеу шараларын белгілеуді және қадағалау
мен бақылаудың пәрменді жүйесін талап етеді[2,8-11бет].
Бұған біздің шындықта таралған құбылыстар шақырады. Мысалы, көптеген
автомобиль иелері, фермерлер және ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланатын
басқа да тұлғалар жанар-жағар май мен дизельді отын бағасының кезекті
жоғарылауына әрқашан таңданады, Бұл ретте, халықаралық сауда биржасындағы
нарық жағдаяты тұрақты болып қалады, бірақ сонымен қатар іс жүзінде барлық
отандық жанар-жағар май құю станциялары бір уақытта бағаны көтереді және
бағаның бірыңғай деңгейін белгілейді.
Басқа мысал: бестік деп аталатындарда бағалары барлығында бірдей,
автотасымалдау бойынша қызметтер ұсынылады, бұл ретте бағалары өте жоғары
және әлдекім оларды бақылайды. Бұдан басқа, қатаң кезектілік белгіленеді,
және сондықтан көлік құралдары арасында бәсекелестік болады, ал барлығы
олар үшін белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейді, және бұл тәртіп
тұтынушылардың сұранысын ешқалайда қанағаттандыруды ынталандырмайды. Бірдей
заттарды сатушылар барлығы үшін бірыңғай бағаны белгілеген тұлғалар
тарапынан қауіпке байланысты тауар бағасын төмендете алмайтындығын және
егер олар тауарға бағаны төмендетуге келісетін болса, тек толық құпия
жағдайында ғана екендігін ашық мойындайтын, қала рыноктарында орын алып
отырған фактілердің көрсеткіші де аз емес.
Монополистік қызметтің ірі жалпы танымал үлгілері болып ПетроҚазақстан
АҚ шетел компаниясының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде орын алған
оқиға табылады. Осы кәсіпорынның қызметі монополияға қарсы органдар
белгілеген бекітілген бағалардан айналып өте отырып нарықтық бағалар
бойынша жанар-жағар материалдарды сату жүзеге асырылған аффиирленген
кәсіпорындарды құру бойынша көптеген манипуляциялармен жанасты. Осы
компаняның монополистік іс-әрекеттерімен мемлекетке келтірілген шығын тек
үш ай ішінде 13,0 млрд.теңгені құрады және бұл бір ғана факт емес [3, 140-
144б].
2007 жылы жазда жасырын монополистік іс-әрекеттер (баға келісуі) арқылы
кәсіпкерлер тобының цементке бағаны бірнеше есеге қымбаттатқан факті де
белгілі және көрсеткішті, бұл мемлекет экономикасының құрылыс секторына
теріс әсерін тигізді, барлық құрылыс материалдары түрлерінің қымбаттауына
әкелді. Осындай әрекет рынокқа тамақ өнімдерін, атап айтқанда, өсімдік
майын, басқа да өмірлік тұтынылатын маңызды заттарды жеткізуді қамтамасыз
ететін тұлғалар тарапынан да байқалды.
Жекелеген топтардың монополистік іс-әрекеттері оларға үлкен үстеме
пайданы алуға және ел халқының күн көрісі төмен және әлеуметтік әлсіз
бөлігінің соншалықты жоқшылыққа ұшырауына әкеледі. Осылайша, сөз тек
экономика туралы емес, сондай-ақ біздің қоғамымыздың саяси құраушысы туралы
да болып отыр.
Құқық қорғау жүйесі қызметінің нәтижелілігі көбінесе заңнаманың жай-
күйіне байланысты болады. Монополистік қызметпен байланысты қылмыстарды
анықтау және зерттеу бойынша өте қанағаттанарлықсыз жұмыс ең алдымен
қылмыстық-құқықтық норманың жеттілдірілмеуімен түсіндіріледі (Қазақстан
Республикасы ҚК 196-бабы).
Қылмыстық ізіне түсу органдарының жедел-тергеу бөлімшелері осы санаттағы
істерді анықтау және зерттеу кезінде қылмыстың осы түрін зерттеудің толық
әдістемесінің болмауын қоса алғанда қиын шешілетін мәселелермен ұшырасады.
Қазақстан Республикасының ҚК 196-бабының диспозициясы келісілмеген
ережелердің әртүрлі түрлерін әшкерелейді, бұл заңды әртүрлі ұғыну мен заңды
қолдану қиыншылықтарына әкеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының ҚК 196-
бабының 1-бөлігіндегі заңдық құрылым қисынды түсіндірілмейді, онда заң
шығарушы монополистік іс-әрекеттерге және бәсекелестікті шектеуге
монополистік қызметтің шегін айырды, сол арқылы норманы қолдануды
қиындатты. Бұл норма жіберілетін (бланкетті), сондықтан да, басқа да
сұрақтарға жауап білу өте маңызды: монополистік қызметтің монополистік іс-
әрекеттен, монополистік іс-әрекеттің теріс пиғылды бәсекелестіктен шегін
қалай ажырату қажет, монополизм монополиядан қалай ерекшеленеді және т.б.
Осы норманың қолданылуының он жыл ішінде қылмыстық ізге түсу органдары
барлыңы 22 қылмыстық іс қозғалғаны, ал оның ішінде тек 4-еуі сотқа
жіберілгендігі де кездейсоқ емес [4]. Бұл көрсеткіш экономикалық қызмет
субъектілерінің тарапынан қылмыстық қызметтің алдын алу бойынша заңнаманы
қолдануда, оны зерттеу және сот талқылауларында маңызды проблемалардың бар
екендігі туралы растайды.
Осы диссертиялық жұмыс аталмыш санаттағы қылмыстық істерді зерттеу
тәжірибесінің бірінші арнайы зерттеулерінің бірі болып табылады.
Баяндалған жағдайлар проблеманың өзектілігі туралы растайды және осы
диссертиациялық зерттеу тақырыбын таңдауға себепші болды.
Зерттеу тақырыбының пысықталу дәрежесі. Қазақстан Республикасында және
ТМД елдерінде монополистік іс-әрекеттермен және бәсекелестікті шектеумен
байланысты қылмыстық істерді зерттеу проблемасы арнайы және жан-жақты
зерттеуге ұшырамады.
Құқықтың әртүрлі салаларында жүргізіліп отырған зерттеулер бәсекелестікті
дамыту, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының жекелеген
мәселелерін қозғады. Қылмыстық атқару құқығының мамандары Қазақстан
Республикасының ҚК 196-бабына қысқаша түсініктемелерді берді.
Кеңестік құрылым кезінде (1917-1991 жж.) экономикалық қылмыспен күресу
құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарына жатқызылмады
(экономикалық қылмыспен күрестің мемлекеттік стратегиясы және үйлестіруші
орталығы болмады; экономикалық қылмыстарды жою, анықтау, ашу және
зерттеумен ғана айналысатын арнайы құқық қорғау органдары болмады;
мамандарды дайындау болмады) [5, 146-154б.].
Аталмыш санаттағы қылмыстарды зерттеу мәселесінің аз зерделенуінің куәсі
қылмыстық заңнамадағы аталған норманың болу уақытысы ішінде оның төмен
нәтижелілігіне қарамастан баптың ауытқуы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамауы
болып табылады.
Проблемалар тобын, әдіснаманы анықтауда және қорытындылар мен ұсыныстарды
қалыптастыруда қылмыстық істерді зерттеудің жалпы проблемаларына арналған
қазақстандық ғалым-құқықтанушылардың ғылыми әзірленімдері шешуші роль
атқарды: Н.А.Әбдіқанов және т.б. Аталған ғалымдардың монографиялары мен
жарияланымдарында қамтылған қорытындылар мен ұсынымдар тұтас алғанда
қылмыстық үрдіс жүйесі мен заңнаманы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған.
Бірқатар ресей ғалымдарының еңбектері ерекші орын алды: Б.В. Волженкин және
т.б.
Бұдан басқа, отандық және шетелдік экономисттердің еңбектері, сондай-ақ
осы қылмыспен күресудің шетел тәжірибесі зерттелді.
Зерттеудің негізгі мақсаты монополиялық іс-әрекеттердің пайда болуын,
қолданыстағы монополияға қарсы заңның тиімділігін, монополияға қарсы заңды
бұзу қылмыстарын тергеу проблемаларын талдау болып табылады. Зерттеу заты
Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық және
монополияға қарсы заңдар нормалары, монополия әрекеттерімен байланысты
қылмыстық істерді тергеу әдістемесі болып табылады.
Сондай-ақ қолданыстағы монополияға қарсы заңнама тиімділігін, монополияға
қарсы заңнама бұзушылықтарымен байланысты зерттеу проблемаларын талдау
болып табылады.
Мақсатқа қолжеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылды:
- Қазақстан Республикасында монополизм құбылыстарын, оның пайда болу
себептерін және қазіргі жай-күйін зерттеу;
- монополистік іс-әрекеттер және монополизм жүйесіндегі бәсекелестікті
шектеу орындарын анықтау;
- шетелдік монополияға қарсы заңнамамен (оның ішінде қылмыстық)
салыстырмалы талдауды жүргізу;
- Қазақстан республикасы қаржы полициясы және басқа да құқық қорғау
органдарының Қазақстан республикасының ҚК 196 бабы бойынша қылмыстық
жауапкершілікке кінәлілерді тарту және қылмыстарды зерттеу проблемаларын
зерделеу;
- монополизмнің туындауымен байланысты қылмыстардың қылмыстық-құқықтық,
криминологиялық, криминалистік сипатттамаларын талдау;
- монополистік іс-әрекеттер мен бәсекелестікті шектеу туралы қылмыстық
істерді зерттеу тәжірибесін жетілдіру, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық,
монополияға қарсы заңнама тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Проблеманы тоериялық пайымдауға құрылу сәтінен бастап Қазақстан
Республикасының құқықтық органдарында (оның ішінде Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы
полициясы) автор жұмысының 25 жылдық тәжірибесі, сондай-ақ Қаржы полициясы
академиясындағы үш жылдық ғылыми-педагогикалық жұмысы негіз салды.
Зертеу объектісі мен мәні. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу түрі ретінде
Қазақстан Республикасының экономикасындағы монополизмнің кейбір құбылыстары
дипломның зертеу объектісі болып табылады. Қазақстан Републикасының, жақын
және алыс шетелдердің монополияға қарсы, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу
заңнамаларының нормалары, монополизмнің пайда болуымен байланысты қылмыстық
істерді зерттеудің қолданыстағы әдістемесі зерттеу мәні болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін диалектикалық, әлеуметтік-құқықтық,
логикалық-құқықтық, тарихи-құқықтық, жүйелі-құқықтық, формалды-заңды,
салыстырмалы-құқықтық және кейбір басқа да әдістер құрады. Монополияға
қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша қылмыстық істер материалдарына,
тексеру материалдарына (бастарту материалдары), сот үкімдері, әкімшілік
істер материалдарына талдау жүргізілді. Монополияға қарсы органдардың,
қаржы полициясының, Бас прокуратураның статистикалық деректері
пайдаланылды.
Дипломдық зерттеудің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы, конституциялық және салалық заңнамалар, Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемөорлықпен күрес агенттігі (қаржы
полициясы) мен басқа да уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілері
құрайды.
Дипломдық зерттеудің эмпирикалық негізін тергеу-сот тәжірибесін
қорытындылау және зерттеу нәтижелері құрады. Монополистік іс-әрекеттермен
және бәсекелестікті шектеумен байланысты қылмыстар бойынша республикадағы
барлық қылмыстық істердің материалдарына талдау жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы дипломдық жұмыс бәсекелестік
қатынастарды, басуға, нарықты монополизациялауға бағытталған іс-әрекеттерді
жасағаны үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің аз зерделенген және
өзекті аспектілеріне арналған. Монополияға қарсы заңнама нормалары мен
монополияға қарсы органдардың, қаржы полициясы органдарының монополизмнің
туындауымен байланысты қылмыстық істерді зертеу бойынша қызмет тәжірибесін
зерттеу негізінде қылмыстық тергеу органдарының қызметінде туындайтын іс
жүргізу сипатындағы проблемаларды шешу жолдары ұсынылады.
Дипломдық зерттеуде баяндалған қорытындылар мен ұсыныстар бәсекелестікті
қорғау мен монополистік қызметті шектеуді, тұтынушылардың заңды мүдделерін
қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдарды, бағдарламаларды әзірлеу кезінде
қолданылуы мүмкін.
Қазақстан республикасының ҚК 196-бабында баяндалған қылмыс құрамының
заңды құрылымын талдау нәтижелері бойынша және соңғы қолданыстағы
редакциясының кемшіліктерін ескере отырып Қазақстан Республикасы ҚК 196-
бабының бірінші бөлімінің диспозициясыгда өзгерістер енгізу ұсынылады. Оны
жоюдың кейбір жолдары ұсынылады. Монополистік қызметтің пайда болуымен
байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды.
Дипломдық зерттеу нәтижелерін келесідей тұжырымдар мен ұсынымдар түрінде
көрсетуге болады:
І.Қазақстан Республикасының Монополистік іс-әрекеттерді шектеу және
бәсекелестік туралы Заңына монополиизм, монополист монополия
субъектісі анықтаулар кешенін жүйеге енгізу ұсынылады.
2. Салыстырумалы зерттеу нәтижесі қылмыстық қудалау
органдарының өндірісінде жатқан Қазақстан Республикасының ҚК 196 б. бойынша
қылмыстық істердін сотта келешегі жоқ деген көрсеткішті көрсетті. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық заңына өзгерістер енгізбегенше, Қазақстан
Республикасының ҚК 196 б. бойынша қозғалған қылмыстық істер сотта
қажетті аяқталған нәтижеге келмейді.
3. Заң деңгейінде монополистік әрекет және ықылассыз (адал
ниетсіз) бәсеке ұғымдар арасын айыру қажет. Сонымен қатар Монополистік
әрекеттерді шектеу және бәсекелестік туралы және Ықылассыз бәсеке туралы
заңдарың біріктіретін әбден негізделген Қазақстан Республикасының Заң
жобасын әзірлеу қажет.
4. Пайымдауларды таңдау негізінде Қазақстан Республикасының
Монополистік әрекеттерді шектеу және бәсекелестік туралы
Заңында көрсетілген монополистік іс-әрекеттер қатарын криминалдау
қажеттілі жөнінде қорытынды жасалды.
5. Қазақстан Республикасы ҚК 196-бабында табиғи монополистердің заңсыз
әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершшікке тартуды қарастыру
ұсынысы шығарылады.
6. Қазақстан Республикасы ҚК 196-баптың бірінші тармағы жаңа
баспада ұсынылады. оның қолданыстағы нормадан айырмашылығы мол.
7.Мемлекеттік құрылымдар шенеуніктері тарапынан жемқорлық әрекеттері бар
бәсекелестік қатынастары аясында монололиялық әрекеттердің айқын
қарым-қатынасына байланысты Қазақстан Республикасы ҚК 196-бабын, егер
қылмыскер жемқорлық құқық бүзушылылық субъектісі болып табылса
жемқорлыққа байланысты баптар қатарына қосу мақсатқа сай болып табылады.
Бұл Қазақстан Республикасы ҚК 307-баптың 5-тармағына өзгерістер қосу және
аталған баптың 6-тармағы ретінде жемқорлық қылмыстың субъектісі
ұғымын бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. монополия қызметі
бойынша қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі тиімділігін арттыруда,
қылмыстық заңнаманы жетілдіруде, тексеріс материалдары, қылмыстық істер
бойынша өндірістік шешім қабылдау кезінде тергеу және соттық қателіктерді
жіберу фактілерінің алдын алу кезінде, келешектегі ғылыми зерттеулерде,
еліміздің оқу орындарында қаржы полициясы органдарының және басқа да құқық
қорғау органдары мен монополияға карсы органдардың практикалық
қызметкерлеріне арналғаң арнайы курсты оқыту кезінде қолданылатын
тұжырымдар мен ұсынымдар ретінде қалыптасқан нәтижелермен келісілді.
Ұсыныстар мен қорытындыларда баяндалған зерттеу нәтижелері монополистік
қызмет туралы қылмыстық істі зертеу тәжірибесінің тиімділігін арттыру;
қылмыстық заңнаманы жетілдіру мақсатында; тексеру, қылмыстық істер
материалдары бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау кезінде тергеу және
сот қателіктерінің алдын алу; одан әрі ғылыми зерттеулерде; қаржы полициясы
органдарының, басқа да құқық қорғау және монополияға қарсы орган
қызметкерлерін дайындау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату кезінде
елдің оқу мекемелерінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерін саралаудан өткізу. Жүргізілген зерттеудің негізгі
нәтижелері, олардың қорытындыларына негізделген теориялық ережелері және
ұсынымдары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас
жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) Қаржы полициясы
академиясының экономикалық және сыбайлас жемқорлықты ашу және зерттеу
әдістемесі кафедрасында оларды талқылау үрдісінде саралаудан өткізілді.
Енгізу. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас
жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) тәжірибелік қызметінде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас
жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) Қаржы полициясы
академиясының оқу үрдісінде Дипломдық зерттеу нәтижелері, қорытындылары мен
ұсыныстары пайдаланылады.
Дипломдық құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, бес кіші
бөлімдерді қамтитын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және соған қосымшалардан тұрады. Диплом көлемі Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
Бақылау комитетінің Нұсқаулық талаптарына сәйкес келеді.

1. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Монополистік іс әрекеттердің түсінігі

Монополия (гр.monos – бір, poleo – сатамын) жалғыз сатушы дегенді
білдіреді. Таза монополия нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек
кездеседі. Көп жағдайда таза монополияны жергілікті нарықтардан
кездестіруге болады[6, 342б].
Монополияның экономикалық мәні – тауарды өндіруші немесе сатушының оны
өткізудегі талаптарына билігі. Монополия екі мағынада құрастырылады. Тар
мағынада, монополия – бұл бір аймақта бір фирманың үстемдік етуі. Кең
мағынада, монополия – бір ірі компанияның немесе оның бірлестіктерінің бір
салада үстемдік етуі.
Монополия деп келесі шарттарға жауап беретін нарықтық құрылымдарды
түсінеміз:
1.Саладағы барлық тауарды шығару осы тауардың бір сатушысымен
бақыланады, ол монополист деп аталады. Басқаша айтқанда, фирма-монополист
тауардың жалғыз өндірушісі болып табылады және өзімен бүкіл саланы
білдіреді.
2.Монополиямен өндірілетін тауар (тауар Х) жақын алмастырушылары жоқ
және ерекше болып табылады. Сәйкесінше Х тауарға сұраныс басқа сала
тауарларының бағасы өзгергенде азғантай өзгереді, сондықтан
монополияландырылған Х тауар мен экономиканың басқа салаларының өнімдеріне
сұраныстың айқасқан икемділігі өте төмен.
3.Монополия салаға жаңа фирмалардың енуіне жол толығымен жабық,
сондықтан монополия жағдайында қандай да бір бәсекелестік күрес болмайды.
Сонымен, монополия – салалық ұсыныстың барлық көлемінің жақын
алмастырушысы жоқ өнімді өткізетін бір сатушыда шоғырланумен және олардың
өнім көлемін шектеумен, бағаны жоғарлатумен және салаға жаңа бәсекелестерді
кіргізбеуімен сипатталады[7, 312б].
Бұндай жағдай тек салаға кірудің жоғары, қатаң кедергілері болғанда
мүмкін. Таза монополияның пайда болуына салаға немесе нарыққа кіруге
қойылған кедергілер себеп болады. Бұндай кедергілердің болуына жағымды әсер
ететін факторлар монополиялық биліктің көздері болып табылады.
Монополиялық билік көзі ретінде өндірушіге белгілі бір әрекетті немесе
өндірістің белгілі бір әдісін қолдануға берілетін ерекше құқықтар бола
алады. Бұндай құқықтар мемлекеттік билік органдарымен беріледі. Жиі
монополиялық биліктің көзі ретінде, уақыт жағынан шектелген болғанымен,
авторлық құқық болып табылады. Олар патенттер мен лицензиялар арқылы жүзеге
асырылады да, олардың иелеріне қандай да бір тауар (қызмет) нарығында
немесе өндірісте қандай да бір технологияны қолдануда монополиялық жағдайды
ие болуға мүмкіндік береді.
Монополиялық билік көзі ретінде өндірістік ресурстарды бақылау болады.
Егер тауарларды өндіруге қажетті экономикалық ресурстар бір ғана фирманың
иелігінде болса, ол нарықта монополияны қамтамасыз етеді.
Монополиялық билік көзі масштаб әсері де бола алады, ол үшін масштабтан
үнемдеу ұзақ мерзімді нарықтық сұранысты толық қамтамасыз еткенге дейінгі
өндірістің кеңеюі кезінде тұрақты өседі. Бұл жағдайда баға бойынша
бәсекенің өзі салада бір фирманың қалуына әкеледі, ол төменірек
ұзақмерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етеді.
Кейде монополиялық билік көзі сауда маркасына тұрақты икемді
(лояльность) болғанда, тұтынушылардың қалауы болады және нарықтағы
монополиялық жағдай заңсыз әрекеттер (мемлекеттік қызметкерлерді сатып алу,
картельдік келісімдер, т.б.) нәтижесі болғанда, адал емес бәсеке болады.
Айтылып өткен монополиялық билік көздерінің пайда болу критериилерін
қолданып, монополияны бірнеше типке бөледі:
Жабық монополия бәсекеден заңдық қаулылар мен шешімдер көмегімен
қорғалады. Бұл мағынада, жабық монополия өзімен монополиялық биліктің
неғұрлым тұрақты формасын білдіреді, бірақ, ол көбіне монополиялық жоғары
пайда алуды қамтамасыз ете алмайды, өйткені ерекше құқықтарды ұсыну әрқашан
баға деңгейі мен пайда нормасы тарапынан шектеулерге әкеледі. Көптеген
елдерде бәсекеден келесі мемлекеттік монополиялар қорғалған: пошталық-
телеграфтық, халықты газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша
компаниялар және т.б. Бұндай монополияларға басылым өнімін шығаруға
авторлық құқықтар немесе патенттермен бәсекеден қорғалған компанияларды
жатқызуға болады. Жабық монополияға кіру үшін ену кедергілері бар, мемлекет
монополияның бұл түрін қатаң бақылайды, сондықтан мұнда кіріп, мемлекеттік
емес жабық монополияны құру мүмкін емес. Ену немесе кіру кедергілері
дегеніміз, тауарөндірушілердің өз жабық монополиясын құру кезіндегі
тосқауылдар, кіру кедергілері мемлекеттік патенттер, лицензиялар және т.б.
бола алады[8, 112-117б].
Ашық монополияға әдетте, нарыққа сапалы жаңа өніммен енетін фирманы
жатқызуға болады. Ол бәсекеден қорғалмағандықтан, бұл монополия типінің
ерекшелігі – ол әрқашан нарықта біраз уақыт қана билік етеді. Өйткені уақыт
өте келе басқа фирмалар ұқсас немесе одан артық өнімді ұсына алады және
осылайша фирманы нарықта жалғыз жабдықтаушы болу мүмкіндігінен айырады.
Осыған қарамастан, тек ашық монополия жағдайында фирма өзінің нарықтық
билігін толығырақ жүзеге асыра алады және монополиялық жоғары пайданы ала
алады.
Табиғи монополия бір фирма немесе корпорация барлық нарыққа қызмет
көрсететін салаларда пайда болады, мысалы, ол шикізат немесе пайдалы
қазбалардың жалғыз қорына ие болса. Бұндай монополияның орташа шығындары
өндіріс ауқымына байланысты минималды. Осындай монополия қызметтерін
реттейтін мемлекет қадағалауында болады. Оларға көбінесе су, электр
энергиясы, газбен қамтамасыз ету компаниялары, автобус фирмалары және
байланыс жүйесін қамтамасыз ету кәсіпорындары жатады.
Монопсония (ежелгі гр. тілінен аударғанда жалғыз сатып алушы деген
сөз) өзімен монополиялық биліктің сатып алушыда шоғырлануымен сипатталатын
нарықтық құрылым типін білдіреді. Монопсония сатушылар үшін альтернативті
мүмкіндіктер болмаған жағдайда, бір фирма салалық нарықта жалғыз сатып
алушы болған жағдайда пайда болады. Монопсонияның нарықтық билігі
монопсонист сатып алатын игіліктердің бағасына әсер ете алуынан құралады.
Осы кезде, егер монополист өзінің монополиялық билігін жоғарырақ баға
бойынша игіліктердің аз бөлігін өндіру үшін қолданса, монопсонист өзіндегі
нарықтық билікті төменірек баға бойынша аз сатып алу үшін қолданады.
Екіжақты монополия сатушының монополиялық күші сатып алушының
монополиялық күшімен ұшырасқан жағдайда орын алады. Жағдайдың ерекшелігі
келесіде сатушы монополиялық билікке ие болғанымен, сатып алушының
монополиялық жағдайы оған сатушының шекті шығындар қисығын салалық ұсыныс
қисығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни жетілген бәсеке
жағдайларына сәйкес келеді. Сондықтан сатып алушы сатушы сұранысының әрбір
берілген көлемі үшін сұрайтын бағадан төмен бағаны орнатады. Екі жақ та
нарықтық билікке ие болғандықтан, келісілген баға мен көлем сатып алушы мен
сатушының ұсыныстары арасында орналасады, ал келісімнің соңғы нәтижесі екі
жақтың бірін-бірі туралы ақпараттану дәрежесінің және келіссөз жүргізу
қабілеттерінің функциясы болады[9, 142б].
Нарық үлгісі ретінде таза монополияның анықтаушы ерекшелігі бір фирма
өзімен саланы көрсететінінен құралады. Осыған байланысты монополисттің
өніміне сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығы болып табылады. Сондықтан
фирма-монополистті жетілген бәсеке фирмасынан айыратын маңызды сипаттама
болып, олардың өнімдеріне сұраныстың бағалық икемділігінің басты ерекшелігі
табылады.
Монополист өніміне сұраным абсолютті икемді емес және оның сұраныс
қисығы гиперболаға ұқсас, яғни жоғарыдан төмен қарай еңкіш болады (Ол
жоғары монополиялық бағалардың әсерінен тауарға сұраныс төмендейтінін
көрсетеді). Оның орташа табыс қисығы нарықтық сұраным қисығымен сәйкес
келеді, ал шекті табыс қисығы нарықтық бағалар қисығынан төмен орналасады.
Бұл монополия жағдайында шекті табыс бағаға тең еместігін білдіреді. Жалғыз
сатушы болғандықтан, монополист өз өнімінің бағасына әсер ете алады.
Монополистік іс-әрекет - Нарықтағы бәсекелестікті шектеу немесе жоюға
бағытталған және осыған орай монополиялық шектен тыс пайда алуды көздеген
кәсіпорын әрекеті. Барынша тар мағынада бұл - монополияға қарсы заңнаманы
бұзатын әрекет.
Монополиялық жоғары немесе төмеп бағаны белгілеу мен ұстап түру, сол
сияқты рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық
қызметтің басқа да субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе
ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға
немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе екі жүзден бес жүз айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға
дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл
салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға
дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазалайды[10, 160б].
Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе
ұйымдасқан топ жасаған,өзге адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ
сол әрекеттер -бес жүзден жеті жүз айлық есептік керсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі
жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға
дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, күш қолданып
немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты мүлкін жойып немесе бүлдіріп
не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалған, қорқытып алу
белгісі жоқ әрекеттер -мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 196-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2002.12.21. № 363 Заңымен.
Нарықтық қатынастың болуының міндетті шарттарының бірі - бәсекелестік
күрес, ол тиісті экономикалық, технология және әлеуметтік алғы шарттардың
болуын талап етеді[11].
Қазіргі рынок өте күрделі құрылым, оны жаңа орында құру үшін ұзақ уақыт,
көп күш керек. Тауар өндірушілердің Қазақстанда өркениетті басекелестігін
ұйымдастыру үшін мемлекеттің экономикалық саясатын түбірімен өзгерту қажет,
себебі, ол соңғы кезге дейін мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында
өктем монополист болып келеді.
Алғашқы мүмкіндіктің, меншіктің барлық формаларының тең болуы,
капиталдың бір саладан екіншісіне еркін ауысуымен байланысты экономикалық
бәсекенің қалылтасқан тетігі болуы - бәсекелестіктің шарты. Нарықтық
қатынасқа қатысушылардың экономикалық бостандықта болуы міндетті. Рынок
жағдайында экономикалық нәтиже тез жеміс береді, ал жаза банкрот түрінде
келеді.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1988 жылғы 20 наурыздағы Париж
Конвенциясы өнеркәсіптік және сауда ісіндегі әділ дәстүрге қайшы келетін
кез-келген бәсекелестік актіні арам ниеттілік деп санайды.
Атап айтқанда, мыналарға тыйым салынуы керек:
- бәсекелестің кәсіпорнының, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда
қызметінің қандай да бір тәсілдермен бұзылуына әкеп соғатын барлық іс-
әрекеттер;
- бәсекелестің кәсіпорнынның, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда
қызметінің беделін тусіре алатын коммерциялық қызметгі жүзеге асырғанда
жалған айту;
- коммерциялық қызметті жүзеге асыру барысында пайдалану тауарлардың
сипаты, дайындау тәсілі, қасиеті, пайдалануға жарамдылығы немесе саны
жөнінде қоғамды шатастыратын сілтемелер немесе анықтамалар,
Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 9 маусымдағы Арам ниетті
бәсекелестік туралы № 232 Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шарттарда осы көрсетілген заңдағыдан басқа тәртіп
белгіленбеген болса, онда халықаралық шарттың тәртібі қолданылады.
Арам ниетті бәсекелестік дегеніміз - заңды және (немесе) жеке тұлғаның,
сондай-ақ мемлекеттік органдардың, және жергілікті өзін-езі басқару
органдарының бәсекелестікті жою немесе шектеу арқылы кәсіпкерлік қызметте
басымдыққа ие болуға бағытталған кез келген әрекеті (әрекетсіздігі) [12,
104б].
Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 11 маусымдағы Бәсекені дамыту және
монополиялық қызметті шектеу туралы Заңға сәйкес бәсеке шаруашылық
жүргізетін субъектілердің жарысы ретінде анықталған, ол белгілі бір
рыноктағы тауарлардың айналымына әр субъектінің жеке ықпал жасауын
шектейді, тұтынушыға қажет тауардың өндірілуіне жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта батыс және жапон фирмалары тек табыс үшін ғана емес,
рыноктағы өз үлесін көбейту үшін, яғни рынокты жайлау үшін де күреседі.
Бәсекелестік қазір өз бетімен туындамайды, онда ұйымдасқандық немесе тіптен
әкімшіліктік сипат бар. Өзара бірлескен әрекеттер контракттік
қатынастармен, стратегиялық жоспарлаумен реттеледі. Бұл кеңес өкіметі
кезіндегі директивалық жоспарлау емес, бұл жоспар - тапсырыс, жоспар-шарт.
Қарастырылып отырған қылмыстың тікелей объектісі - шаруашылықпен
айналысатын субъектілердің әділ бәсекесін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы мынада:
а) монопольді жоғары немесе монопольді төмен бағаны, бірыңғай бағаны
белгілеу және қолдау. Тауардың монопольді жоғары бағасы дегеніміз - тауар
рыногында басымдылық көрсетуші, шаруашылықпен айналысатын субъект
белгілетен баға, ол өндірістік шығыңдармен, тауардың сапасымен және рынок
конъюнктурасымен байланысты объективтік факторлар әрекетімен анықталмайды.
Монопольдік төменгі бағаны рынокта сатушы ретінде басымдық көрсетуші,
шаруашылықпен айналысатын субъект әдейі белгілейді, тауарларды ондай
бағамен сату зиян шектіреді, бірақ ол бәсекелестерді рыноктан ығыстырып
шығаруды мақсат тұтады. Басымдық көрсету дегеніміз - шаруашылықпен
айналысатын субъектінің тауар рыногындағы ерекше жағдайы, бұл жағдай оған
тиісті тауар рыногында тауар айналымының жалпы шартына шешуші ықпал жасау
мүмкіндігін береді; [13, 365б].
б) рынокты бөлу арқылы бәсекені шектеу, рынокқа шығу мүмкіндігін шектеу,
одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін шектеу. Қазақстан
Республикасының 1988 жылғы 9 маусымдағы Арам ниетті бәсекелік туралы
Заңының 5-бабы баға, рынокты бөлу, басқа кәсіпкерлерді ығыстыру арқылы және
бәсекелікті жоюға немесе елеулі шектеуге бағытталған қызметтің басқа да
жағдайлары жайында бәсекелестер арасында қандай да бір келісім жасалуына
және оны орындауға тыйым салған. Нарықтық қатынастың бір деңгейдегі
(көлденең) субъектілерінің бірігуіне жол берілмейді, себебі мұндай әрекет
бәсекені жояды немесе елеулі шектейді.
Келісім дегеніміз - бәсекелікті шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік
қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған тараптардың кез келген
шарттық қатынасы (тіке, көлденең немесе конгломераттық).
Рынокқа шығу мүмкіндігін шектейтін келісілген әрекеттер - сауда жасау
үшін орын бермеу, тауарлардың бір аймақтан екінші аймаққа айналып жасауына
дәлелсіз тыйым салу, т. б.түрінде болуы мүмкін.
Экономикалық қызметтің басқа субъектілерін рыноктан шығу - тауарларды
жою немесе бүлдіру, тауардың кейбір түрін өндіруге тыйым салу, т. б.түрінде
болады.
Қылмыстың бұл қарастырылып отырған құрамы материалдық болып табылады.
Қылмыстық жауапқа тарту үшін азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян
келтіргендік түріндегі салдар туындауы және іс-әрекет пен салдардың
арасындағы себептік байланысгың болуы қажет. Ірі зиянға түсініктеме ҚК-тің
189-бабына ескертуде берілген. Субъективтік жағы - ниет формасындағы
кінәмен анықталады[14, 351б].
Қылмыстың субъектісі - жеке адамдар. Олар экономикалық қызметтің
субъектілері де, мемлекеттік билеу органдары мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының лауазымды адамдары да болуы мүмкін. Бұл қылмыс үшін
жауаптылық - 16 жастан басталады.
196-баптың 2-бөлігі бірнеше рет, не адамдар тобының алдын ала сөз
байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын
пайдалануымен жасалған сияқты, жазаны ауырлататын мән-жайларды көздейді.
Бірнеше рет түсінігі ҚК-тің 11-бабында баяндалған.
Алдын ала сөз байласу және ұйымдасқан топ түсінігіне ҚК-тің 31 -бабының
2 және 3-тармақтарында анықтама берілген.
Қызмет бабы пайдаланылғанда монополдік әрекеттің қоғамдық қауіптілігі
артады. Қазақстан Республикасының Арам ниетті бәсекелік туралы Заңы
өкілетті орғандардың тиісті ақпарат талап етіп, оны алуына кең құқық
берген, арам ниеттік фактілерін қарауға қажетті ақпаратты олар заңды және
жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан талап етуге құқылы.
196-баптың 3-бөлігі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытуды,
сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіргенде қорқытып алу белгісі
жоқ жағдайларды қарастырады[15].
Күш қолдану дегеніміз - жәбірленушіні ұрып-соғу, оның денсаулығына әдейі
жеңіл немесе орташа зиян келтіру, сондай-ақ ауыр зиян келтіру, бұл
жағдайлар-да ҚК-тің 103-бабының 1-бөлігінде қарастырылған.
197-бап. Көпшішк сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген
тәритібін әдейі беру Көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу
тәртібін өрескел бұзу мулік иесіне, сауда саттықты немесе аукциондарды
ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге
ірі зиян келтірсе - бес жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын
шектеуге жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі - көпшілік сауда-саттықтарын өткізу
саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

1.2 Монополистік іс-әрекеттерді реттейтін нормативтік құқықтық актілері

Қазақстанда осы уақытта пайда болған рынок бәсекеге жарамды емес.
Біріншіден, тауар өндірушілердің, сатып алушылардың, делдалдардың саны
олардың бағалардың дәрежесіне, тауарлық өндіріске, ұсыныстарға монопольдық
әрекет жасау мүмкіншілігін жоққа шығаратын санынан көп төмен; екіншіден,
тауар өндірушінің және сауда жүйесінің қуаты нарықты сұраныстың орташа
төлем қабілеті дәрежесінде қамтамасыз ете алмайды, соның нәтижесінде
жарыспалы өндірушілер мен сатушылардың көпшілігі бәсекелестер емес,
монополистер болып табылады, үшіншіден, республикада жалпы рыноктық
кеңістік жоқ, оның орнына әр түрлі тауар топтарның, жергілікті, әкімшілік,
салық, көлік шекараларымен, тауарды орау, сақтау, апару және басқа тежеу
шарттармен шектелген көптеген оқшауланған (жергілікті) базалар бар[16,
425б].
Нарықтық экономикалық жүйенің тиімділігін жоғарылатын манызды фактор,
және оның механизмінің басты құраушы элементінің бірі – бәсеке болып
табылады. Ал монополия нарық экономикасындағы жағымсыз құбылыстардың пайда
болуының себепшісі. Ол бәсекеге кедергі жасап, нарықтан кіші және орта
өндірушілерді шығарып, шектеулі ресурстардың тиімді пайдаланылуына кедергі
жасайды. Осыған байланысты мемлекет монополиялық билікті әр түрлі
механизмдердің көмегімен реттейді, және осы саладағы өз саясатын
ұйымдастырады. Саясатта негізгі орынды заңнамалық база иеленеді.
Монополияға қарсы заңдылық – Қазақстанда салыстырмалы жаңа құбылыс.
Осыған байланысты біз оның мүмкін потенциалы, әрі қарай жетілдіру
перспективасы туралы толық сеніммен айта аламыз.
Монополияға қарсы заң Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында
әрекет етеді. Ол қазақстандық және шетел заң тұлғалары, билік және басқару
органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сонымен қатар жеке
тұлғалар қатысатын республика нарықтарында бәсекеге әсер ететін
қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы өзінің мақсаттық
бағдарлары бойынша монополияға қарсы заңдылықтың батысевропалық үлгісіне
жақын, монополияға қарсы бағытталған, өйткені олар бәсекені шектейді,
сәйкесінше, оның міндеттері монополизммен күреске қарағанда кеңірек [17,
312б].
Монополиялық іс-әрекетке қарсы заңдылықтар – бұл бәсекелестікті
дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен
үкіметтік актілер кешені.
Монополияға қарсы заңнама үнемі жетілдіру, даму және толықтыру
стадиясында тұрады. Қазіргі кезде оны заңнамалық және заңға тәуелді актілер
блогы түрінде көрсетуге болады:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасы Бәсекені дамыту және монополиялық әрекетті
шектеу туралы Заңы (11.06.1991);
3) Қазақстан Республикасы Жосықсыз бәсеке туралы Заңы (09.06.1998);
4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополия туралы Заңы (09.07.1998);
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жоғарыда аталған Жосықсыз бәсеке
туралы және Бәсекені дамыту және монополиялық әрекетті шектеу туралы
Заңдарының күшін жоятын жаңа заң Бәсеке туралы Заңы 2008 жылдың 26
желтоқсанында қабылданды. Сонымен бірге Табиғи монополия туралы заңына да
өзгерістер еңгізілген[18, 144б]..
Аталып өткен актілер келесілерді қамтамасыз етеді:
- нормативтік реттеу – шаруашылық қызметті жүргізу тәртібін
орнатуды, сонымен қатар оның жүзеге асырылуын бақылауды
қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы.
Бұндай реттеу мемлекеттің экономикалық тәртіп формаларын
құруға бағытталған ерекше әрекетін көрсетеді;
- ұйымдық реттеу – ол мемлекеттің әртүрлі ұйымдық құрылымдарды,
бәрінен бұрын – экономикалық қатынастарға нақты және жағымды
әсер ете алатын және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін,
монополияға қарсы органдарды, сәйкес өкілеттілік көлемін
иеленуден құралады;
- Заңға сәйкес реттеу – бұл нарықтық қатынастардың тиімділігін
қамтамасыз ету және жетілген бәсекені қорғау мақсатында,
тауар нарықтырындағы экономикалық қызметті жүргізу ережелерін
жүзеге асыру және бекітуге арналған заңнамамен анықталатын
мақсатқа бағытталған мемлекеттік әрекет.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4 тармағында
Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет
заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз (недобросовестная) бәсекеге тыйым
салынады деп көрсетіледі. Конституцияның берілген ережесі барлығы үшін
баға жетпес мәні бар, өйткені әрқайсысының кәсіпкерлік әрекетке еркіндігі
құқығын бекітеді, яғни:
- кәсіпкерлік әрекет субьектісінің кәсіпкерлік әрекетті кез-
келген рұқсат етілген орта мен формада бастау, жүргізу,
аяқтау құқығы;
- шынайы экономикалық ақпаратты алу, пайдалану және беру
құқығы;
- басқа шаруашылық етуші субьектілер жағынан сияқты, мемлекет
(оның органдары) жағынан да күшпен істету және заңмен
жосықсыз әрекеттен еркіндік;
- шаруашылық әрекет барысында экономикалық әлсіз жақтың
қызығушылықтарын қорғау құқығы;
- кез-келген кәсіпкерлік субьектілерінің мемлекеттік билік
органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым беру құқығы, егер бұндай шешімдер мен
әрекеттер берілген еркіндікті шектеуге әкелетін болса[19].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабының 1 тармағында адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау,
қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың
денсаулығы мен имандылығын сақтау маңсатына қажетті шамада ғана және тек
заңмен шектелуі мүмкін делінген. Конституцияның бұл ережесінің де маңызы
аз емес, сондықтан экономикалық ортада адам мен азаматтың құқықтары мен
еркіндігі экономикалық прокуратура - монополияға қарсы органдармен
күзетіледі.
11 маусым 1991 ж. Қазақстан Республикасында, берілген саладағы әлемдік
тәжірибе есепке алынып, Бәсекені дамыту және монополиялық әрекетті шектеу
туралы алғашқы арнайы монополияға қарсы заң қабылданды. Бұл
заңшығарушылардың барлық нарық жүйесінің ішкі қорғаушысы болатын,
бәсекенін өзін қолдау және қорғау қажеттігін мойындағаны туралы
куәләндіреді.
Бәсекені дамыту және монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы Заңы (әрі
– монополияға қарсы заң) келесі мақсатта қолданылады:
- бәсекені қорғау және қолдау;
- нарықта елеулі экономикалық билікке ие шаруашылық
субьектілерге бақылау жүргізу;
- тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
- кіші кәсіпкерлікке жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы өзінің мақсаттық
бағдарлары бойынша монополияға қарсы заңдылықтың батысевропалық үлгісіне
жақын, монополияға қарсы бағытталған, өйткені олар бәсекені шектейді,
сәйкесінше, оның міндеттері монополизммен күреске қарағанда кеңірек
[20,589б].
Монополияға қарсы заңның көмегімен тек заңға қарсы келетін монополиялық
құбылыстар орын алғанда қарсылық көрсету ғана емес, сонымен бірге нарық
құрылымына теріс ықпал ететін және экономиканы монополияландыратын
шаруашылық субъектілері мен ұйымдық-басқару құрылымдарының пайда болуын
алдын алу қарастырылады. Монополияға қарсы заң Қазақстан Республикасының
бүкіл территориясында әрекет етеді. Ол қазақстандық және шетел заң
тұлғалары, билік және басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысатын республика нарықтарында
бәсекеге әсер ететін қатынастарды реттейді.
Заң ерекше құқық обьектілерімен байланысты қатынастарға, осы
қатынастарды қолдану бәсекені шектеуге бағытталған жағдайларды есепке
алмағанда таратылмайды. Бағалы қағаздар және қаржылық қызмет нарықтарындағы
монополиялық әрекет және жосықсыз бәсекемен байланысты қатынастар
монополияға қарсы заңдылықпен тек, егер қалыптасушы қатынастар нарықтардағы
бәсекеге әсер еткенде ғана реттеледі.
Монополиялық іс-әрекетке қарсы заңды жүзеге асыру арнайы құрылатын
мемлекеттік органдарға жүктеледі, олардың әрекеті функционалды сипатта
болады. Монополияға қарсы заң өзіне құқықтың бірнеше саласының нормаларын
енгізеді, олар материалды және іс жүргізу құқығы нормаларын қолданып,
өзінің түр мазмұны бойынша әртүрлі қатынастарды реттейді. Сонымен
материалдық құқық нормалары құқықтық қатынас қатысушыларының мазмұнды
жақтарын анықтап, құқықтары мен міндеттерін орнатады. Іс жүргізу құқығының
нормалары материалдық құқық нормаларын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік
билік пен басқару органдарының және шаруашылық етуші субьектілердің
әрекеттерінің тәртібін орнатады. Монополияға қарсы заңдылыққа қатысты
монополияға қарсы органдардың ұсыныстары мен өзге шешімдерін қабылдау мен
орындау процедурасы туралы сөз болады[21, 29-34б].
Бәсекенің дамуын реттейтін және монополиялық әрекетті шектейтін
заңнаманың көпсалалық құқықтық ерекшелігі құқықтық қатынастардың күрделі
субьекттілік құрамын алдын ала анықтайды, яғни монополияға қарсы
заңдылықты бұзғаны үшін жауапты субьектілер қатарына заңды тұлғалар және де
азаматтар енгізіледі. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы
жасампаздық, ескерту және бұлтартпау бағытын негіздейді. Бұдан – заңда
жүйелі, құқық қорғау және маманданған нормалардың барлық комплексінің
болуы. Монополияға қарсы заңдылықтың ұғымдық аппаратын бекітетін
дефинитивті нормалардың маңызды мәні бар. 1998 ж. 9 маусымда Қазақстан
Республикасының Жосықсыз бәсеке туралы заңы қабылданды. Ол жосықсыз
бәсеке деп танылатын әрекеттерді анықтайды, жосықсыз бәсеке және оның
салдарының алдын алу және жою механизмін, сонымен қатар жосықсыз бәсеке
әрекеттері үшін жауапкершілікті орнатады[22, 97-110б].
Жосықсыз бәсеке туралы заңнама ҚР Конституциясына сүйенеді және ҚР
Азаматтық кодексі, берілген Заң нормаларынан және оларға сәйкес шығарылатын
ҚР басқа нормативті құқықтық актілерінен тұрады (2-бап, 1-тармақ).
Қызметтері ҚР тауар нарықтарында еркін бәсекені шектейтін және жоятын заңды
және жеке тұлғаларға, ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына, сонымен қатар шетел заңды тұлғаларына таралады (3-
бап).
Заңның 5 бабында жосықсыз бәсеке түрлері көрсетілген. Жосықсыз бәсеке
түрлері болып келесілер табылады:
- кәсіпкердің фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету
белгісін және (немесе) басқа коммерциялық таңбалауын заңсыз
пайдалану, бұл өндіруші немесе тауарды (жұмысты, қызметті)
сатушыларға қатысты тұтынушыларды шатастырады немесе шатастыруы
мүмкін;
- бәсекелестің тауарының сыртқы рәсімдеуі, оның фирмалық атауын,
тауар маркировкасын, тауар белгісін, басқа коммерциялық
белгілерін, сонымен қатар жарнама материалдарын, фирмалық бумасын,
тауардың сыртқы рәсімдеуінің басқа формаларын тікелей бейнелеу
арқылы бәсекелесті көшіру, бұл өндіруші немесе тауарды (жұмысты,
қызметті) сатушыларға қатысты тұтынушыларды шатастыруы мүмкін;
- бәсекелес тауарлары (жұмысы, қызметі) туралы біле тұра өтірік
мәліметтер мен тұжырымдарды, сонымен қатар бәсекелестердің тауары
(жұмысы, қызметі), жақсы атағы және репутациясының беделін
түсіретін, тауардың (жұмыс, қызмет) шығарылуы, өндірушісі,
сатушысы, және де сапасы, тұтынушылық қасиеттері, бағыты, өндіру
әдісі мен орны және т.б. туралы біле тұра өтірік мәліметтерді
тарату;
- бәсекелесі жоқ сатушының сатып алушыға өзінің сипаты немесе
коммерциялық бағыты бойынша келісім затына жатпайтын сатудың
қосымша шарттарын жүктеу;
- басқа бәсекелестің тауарлары (жұмысы, қызметі) немесе әрекетімен
қате салыстырмасы бар жарнама немесе басқа ақпаратты тарату;
- тауардың (жұмыс, қызмет) нақты қасиеттері, сапасы туралы
жарнамалық ақпаратты, мәліметтерді әдейі бұрмалау немесе жасыру;
- бәсекелестер арасындағы бәсекені жою немесе елеулі шектеуге
бағытталған, баға, нарықты бөлу, басқа кәсіпкерлерді жою және
әрекеттің басқа шарттары туралы кез-келген келісімге отыру және
орындау;
- коммерциялық және (немесе) қызмет бабындағы құпияны құрайтын
ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа ақпаратты, оның иесінің
рұқсатынсыз алу, пайдалану немесе тарату;
- бәсекені жою немесе шектеуге, негізсіз артықшылықтарды беру және
(немесе) алуға әкелетін басқа әрекеттер.
Берілген заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Заңды бұзған жағдайда
нарықтық қатынастар субьектілері, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-
өзі басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары міндетті:
1) Өкілетті орган бұйрығына сәйкес жосықсыз бәсеке факты бойынша
бұзушылықтарды тоқтатуға, бәсекені жою немесе шектеуге
бағытталған келісімді (келісілген әрекеттерді) бұзып, бұйрықта
қарастырылған басқа әрекеттерді орындауға;
2) Заңнама тәртібімен белгіленген жосықсыз бәсеке нәтижесінде
келтірілген шығындарды (зиянды) өтеуге[23, 186б].
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіркеу мекемесі
Монополия пайдасын жанама реттеу
Қызметкерлермен қақтығыстар
Кодтау және кодтаудың түрлері
Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер
Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері
БАСҚАРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі
Инвестиция есебі. Қаржылық инвестиция есебі
Пәндер