Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
6: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Несиелік тәуекел түсінігі және оны басқару мен бағалау мәселелері . . .
6: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесі . . .
6: 15
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оны бағалау әдістемесі . . .
6: 21
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 2 «БТА БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . .
6: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Банктің несиелік қоржынын талдау және бағалау . . .
6: 27
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Банктің несиелік тәуекелді басқару құрылымы мен қызметін талдау . . .
6: 36
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Банктің әлеуетті қарыз алушысы ретіндегі «Ильяс Сервис» ЖШС-нің несие қабілеттілігін талдау . . .
6: 46
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 3 БАНКТІҢ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
6: 56
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Ықтималды банктік тәуекелдерді стресс-тестілеу әдісімен бағалау . . .
6: 56
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау әдістемесін жетілдіру механизмі . . .
6: 65
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері . . .
6: 68
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 73
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 76
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: А ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2008 жылғы жиынтық қаржылық есептемесі . . .
6: 78
КІРІСПЕ . . .: Ә ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009 жылғы жиынтық қаржылық есептемесі . . .
6: 82
КІРІСПЕ . . .: Б ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2010 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша жиы3тық қаржылық есептемесі . . .
6: 87
КІРІСПЕ . . .: В ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2008 жылғы тәуекелдерді басқару бойынша саясаты . . .
6: 90
КІРІСПЕ . . .: Г ҚОСЫМШАСЫ - «БТА Банк» АҚ-ның 2009 жылғы тәуекелдерді басқару бойынша саясаты . . .
6: 94
КІРІСПЕ . . .: Д ҚОСЫМШАСЫ - «Ильяс Сервис» ЖШС-нің 01. 01. 2010-31. 12. 2010 аралығындағы кезеңдегі Бухгалтерлік балансы және қаржылық есебі . . .
6: 99

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар - қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э. Дж. Доланның, В. Н. Едронованың, В. И. Колесниковтің, Л. П. Кроливецкаяның, К. Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О. И. Лаврушиннің, П. С. Роуздің, Э. Ридтің, В. Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф. Дж. Синкидің және т. б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С. А. Аханов, Ә. Ә. Әбішев, Ұ. М. Искаков, С. А. Святов, Ғ. С. Сейітқасымов, Е. Х. Сигаев, А. В. Мельников, С. Б. Мақыш, Н. Н. Хамитов, А. Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.

Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • несие тәуекелінің теориялық және практикалық негіздерін қарастыру;
  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
  • банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
  • Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің аналитикалық талдау жолдарын қарастыру негізінде банктің несиелік қоржынын талдау;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
  • банктің несиелік тәуекелді басқару қызметіне талдау жасау;
  • банктің әлеуетті клиенті ретіндегі кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалау; .

Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен қарыз алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі - «БТА Банк» акционерлік қоғамының қарыз алушыларының несие тәуекелділігін басқару.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, «БТА Банк» акционерлік қоғамының есептіліктері, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Несиелік тәуекел түсінігі және оны басқару мен бағалау мәселелері

Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында - осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде - жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы - тәуекелдерді дұрыс басқара білу [1, 122б. ] .

Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:

  • экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
  • қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
  • жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;
  • несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
  • жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
  • аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;
  • тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:

  • несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;
  • несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;
  • несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;
  • несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;
  • қарыз алушыны үстіртін талдау;
  • кепілзатының асыра бағалануы;
  • клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
  • бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;
  • құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
  • қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;
  • несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;
  • несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т. с. с. [2, 88б. ] .

Несиелік қоржынның сапасын бағалау критерийлеріне несиелік тәуекел, табыстылық және өтімділік деңгейі жатады. Дүниежүзілік тәжірибеде несиелік тәуекелді екі топқа бөлуге болады:

  • қарыз алушының әлеуетті шығындарды бағалауға байланысты тәуекелі;
  • келісім-шартты клиент орындамаған жағдайда, ақшалай шығындардың көлемін бағалайтын несиелік өнімнің ішкі тәуекелі.

Сурет 1. Несиелік тәуекелді бөлу1

Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т. с. с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы [3, 76б. ] .

Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі - бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы, деуге әбден болады.

Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп) », бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджмент) - бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты. Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Зерттеу барысында қарастырылған анықтамалардың біреуі де несие тәуекелділігін себебі мен нәтижесі бар белгілі бір үрдіс ретінде сипаттамайды, сондықтан несие тәуекелділігін дұрыс жіктеу оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп есептеп, несие тәуекелділігінің жаңа жіктемесі енгізілді.

Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс. Осылайша, несиелік үрдіс пен оны жүзеге асырумен байланысты несие тәуекелділігі, коммерциялық банктердің несиелеу жүйесі бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелділігін басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады (2-сурет) [4, 22б. ] .

Сурет 2. Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқару

бойынша қолданылатын тәсілдемелер (шаралар) 2

Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелділігін басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.

Банктің несие тәуекелділігі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелділіктің шағын көрінген элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие тәуекелділігін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты болады.

Несиелік тәуекел деңгейіне қарай,, яғни қарыз алушының келісім-шартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді:

  1. Стандартты;
  2. Күмәнді

- 1-санатты күмәнді-төлемдерді уақытылы және толық төлеген жағдайларда;

- 2-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктіріп немесе жартылай төлеген жағдайларда;

- 3-санатты күмәнді-төлемдерді уақытылы және толық төлеген жағдайларда ;

- 4-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде;

- 5-санатты күмәнді;

3) Үмітсіз.

Стандартты несие -қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие. Бұл санаттарға несиелер қайтарылмай қалу туралы ой тудырмайды.

1 және 2-санатты күмәнді несиелерге мынадай несиелер жатады: қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген, бірақ белгілі дәрижеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар, мысалы дебиторлық қарыздардың, өтімді емес тауар қорларының, дайын өнімнің өсуі.

3-санатты күмәнді несиеге-негізі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемдерді тоқтатпайтын төлемдерді жатқызамыз. 30-60 күнге дейін және кем дегенде бір рет шарт мерзімін ұзарту, өндіріс құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жағдайы шамалы немесе әлуеті төмендеуі, конъюктуралық нарықтың өзгерістеріне байланысты, қарыз алушыда сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.

4-санатты күмәнді несиелерге -60-90 күнгі дейін төлем кешіктірілуі, яғни қарыз алушының негізі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл мерзімге сауықтыру шаралырын белгілеу, қарыз алушы зиян шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс-мажорлық жағдайлар, басқа банктерден несие және кепіл бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады.

Егер келесі негіздердің бірі болса, онда несие үмітсіз болып табылады:

  • негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлемнің 90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;
  • қарыз алушыны банкрот деп жариялағанда;
  • кем дегенде бір жыл мерзімде сауықтыру шаруалары жарияланғанда;
  • форс-мажорлық, қарыз алушыға материалдық залал келтірген және өз қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да жағдайлар [5, 58б. ] .

1. 2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері
Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау
Банктегі несиелік тәуекелдерді басқару
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz