Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау


МАЗМҰНЫ
І. 2. Бастауыш мектепте халық педагогикасын ендірудің
әдіс-тәсілдері
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы әлемнің өркениетті елдері қатарына қосылуы жолындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістері мен қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі - келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге асырумен байланысты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екендігі даусыз. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», - деп көрсеткен. [1] . Қазақ халқының дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық мәдиенеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар санынан екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақтың халықтық салт-дәстүрлерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің нәтижелі болуы педагогтардың халықтық педагогика бойынша толық білім сапасынан және оны оқушылар тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді. Қазақтың ұлттық дәстүрлері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан ерекшеліктерімен жас ұрпаққа рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз. Осыған орай, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыру - бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Өз халқының төл, рухани мәдиенетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін, жөн-жосық, жол-жоралғысын білген тұлға елінің патриоты ғана емес, басқалардың да рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын құрметтей білетін ұлттық санасы биік, үлкен өркениеттің көшіне ілесе алатын, жан-жақты жетілген тұлға болатыны сөзсіз. Бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуді қалыптастыру - кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бала дүниеге келгеннен бастап, есейгенге дейін, толыққанды адам болғанда да ұлттық мазмұн өмір сүру қалпына айналу керек.
Ұлттық құндылықтар сананың басты белгісі болғандықтан, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады (әдептілік, мейірімдік, қайырымдық т. б. ) . Халықтық тәрбие - әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдиенеті, басқалардан айырмашылығы - адамның рухани байлығы мәңгілік.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұралары арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне және болашақ ұстаздарға арнап оқулықтар, оқу құралдары мен әдеби шығармалар жазды.
Халықтық педагогиканы зерттеген шетел педагог-ғалымдары Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, В. Ф. Афанасьев, Е. Л. Христова, Г. Н. Филонов, А. Э. Измайлов, Т. Ормонов болса, Қазақстан ғалымдарының ішінен С. А. Ұзақбаева, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Қ. Б. Бөлеев, Қ. Ж. Қожахметоваларды атап өтуге болады.
Халықтық тәрбиенің мүмкіндіктерін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелері С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, А. А. Қалыбекова, Қ. Е. Ералин, Қ. Б. Бөлеев т. б. докторлық диссертацияларында қарастырылған.
Халықтық педагогика саласындағы осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу мәселесінің әлі де ғылыми зерттелуде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Демек, халық педагогикасының негіздерін бастауыш сынып оқушыларына жүйелі түрде пайдалану мәселесінің арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осыған байланысты мектеп қабырғасында оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу теориясы мен практикасында қайшылық орын алып тұрғандығы байқалады.
Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатымен бізге зерттеу тақырыбын «Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары» деп алуға себеп болды. Зерттеу жұмысы бойынша мектепте қазақ халқының салт-дәстүрін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын теориялық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету мақсаты қойылды.
Зерттеудің мақсаты: оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика дәстүрлерін пайдалану арқылы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды анықтау және негіздеу. Ұлттық тәрбие беру негізінде жас ұрпақтың тәжірибесін ұлттық дәстүрге бағыттап, теориялық тұрғыда негіздеп, әдістесін жасап, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалануды ұйымдастыру шарттарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Қазақтың халық педагогикасындағы жас ұрпақты тәрбиелеу дәстүрлері және оның өнегелік үлгілері. Мектепте қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие жүйесінде пайдалану үрдісі.
Зерттеу пәні: қазақтың халық педагогикасындағы жас ұрпақты тәрбиелеудің дәстүрлік тәлімдерін оқу-тәрбие процесінде, тәрбие мекемелерінде, оқу орындарында пайдалануды ұйымдастырудың шарттары мен жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, халықтың салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік жол - жоралғыны уақыт талабына сай, үйлесімді пайдаланса, қазақтың жас ұрпақтарының ұлттық психологиясы мінез-құлық мәдениеті өркендеп, тәрбиесі көркейіп, мейірімділігі кеңейіп, ар, ұждан танымы өсіп, жетіледі. Халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі мен тәрбие нәтижелері, жаңа сапалық құндылықтардың деңгейі ұлғаяды.
Зерттеудің міндеттері:
Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдаланудың тәжірибесін оқып-үйрету, талдау және қорыту.
- Халықтық педагогика құралдарын пайдалану арқылы тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің педагогикалық шарттары жиынтығын анықтау және негіздеу;
- жас ұрпақтың тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамыту педагогикалық шарттарын жүйелеу;
- Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау;
- Бастауыш сынып балаларын тәрбиелеуде халықтық педагогика құралдары жүйесін пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: қазақ этнопедагогикасының тұжырымдамалары, жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде даму теориясы, қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларының мұралары, зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық еңбектер.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, ҚР үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (оқу-тәрбие жөніндегі заңдар, жарлықтар, қаулылар, қазақ этнопедагогикасын дамытуға арналған тұжырымдамасы, тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, білім беру тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы т. б. ), «Қазақстан - 2030» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, мектеп пен жоғары оқу орнының озат тәжірибелері, қазақ этнопедагогикасына қатысты тәлім-тәрбие жөніндегі тарихи-педагогикалық зерттеулері, қазірде жүзеге асып жатқан халықтық тәрбие тәжірибелерінің үздік үлгілері, өнегелік әдістемелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен автордың кәсіптік тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; тәрбие мекемелері мен ұжымдарда; мектеп, жоғары оқу орындарында тәрбие үрдісін бақылау; тәрбие мекемелерінде сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, алынған деректерді математикалық есепке алу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- жас ұрпақтың тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың педагогикалық шарттары жүйеленеді;
- бала тәбиесін этно-әлеуметтік тұрғы принципінен ескеріліп, бүгінгі күнге сәйкес бағдарламасы ұсынылады;
- жас ұрпақтың тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау;
- Қазақ мектебінің оқу-тәрбие процесін халық педагогикасы негіздерінде ұйымдастырудың әдіснамалық теориялық негіздері анықталады;
- Қазақ этнопедагогикасының гылыми-теориялық мазмұны мен алғышарттарының негіздері айқындалды;
- Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріліп, тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалады;
Зертеудің практикалық мәні: жоғары сынып, колледж оқушыларына, студенттерге оқытылатын педагогика, этнопедагогика курсының барысында пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, педагогика және этнопедагогика салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасып жүргендерге дерек көзі бола алады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
«Оқу-тәрбие процесінде халық дәстүрлерінің теориялық-практикалық негіздері» атты бірінші бөлімінде «ұлттық психикалық құрылым», «ұлттық салт-дәстүр», «ұлттық сана-сезім» ұғымдарының оқу-тәрбие процесінде пайдалануды ұйымдастырудағы мәні теориялық тұрғыдан сипатталып, халық қағидалары негізінде этнопедагогика тарихы арқылы жастардың ұлттық психологиясын қалыптастыру ерекшеліктерінің педагогикалық, психологиялық негіздері көрсетіліп, айқындалады.
«Оқу-тәрбие процесінде халық дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың жолдары» атты екінші бөлімінде өсіп келе жатқан жас өркеннің психологиялық ерекшеліктері ғылыми және практикалық негізінде көрсетіліп, мінез-құлықтарын қалыптастыру жолдары, олардың ұлттық тәжірибесін дамытуға бағытталған пән сабақтары, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы дамытудың жолдары мен әдістемелері анықталып, сынақтан өткізіліп, нәтижелері қорытылды.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
І ТАРАУ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқу-тәрбие процесінде ұлттық-салт дәстүрлерді пайдаланудың ғылыми-теориялық, практикалық негіздері
Жеке тұлғаның қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсері арқылы дамиды. Біздің ойымызша, қазіргі жағдай қазақ жастарының санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық адамзаттың рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әртүрлі әлеуметтік және моральдық-психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге қасиеттері бар азаматтарды қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі артуда. Ата мұраларымыздың өнегелі дәстүрлерін, идеяларын, тәрбие саласындағы әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын зерттеген, терең мазмұнды ғылыми еңбектер қажет. Қазіргі заман талаптарына сай мұндай тарихи-теориялық, практикалық тұрғыдан қарастырылған бірқатар еңбектер жарық көрген. Оларға жеке тоқталар болсақ, Қ. Бөлеевтің «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» монографиясында отбасы тәрбиесінің негізі - халықтың педагогика дей келе, бала - отбасының, өмірдің жалғасы, болашағы, ана мен әке, әже мен ата - баланың басты тәлімгерлері деп, қыз бала мен келін тәрбиесіне, ұл бала мен ер жігіт тәрбиесіне терең тоқталып, толық мазмұнын ашып көрсетті. Автор бұл еңбекте қазақ халқы орыс патшалығының отаршылдық бұғауында болып, содан кейін әкімшілдік-әміршілдік коммунистік тәрбие дәріптелу себептерінен қазақ халқының ұлттық санасы мен намысы қалыптасып, дамымай қалды дейді. Енді одан арылу жолының ұзақ және қиын екенін айтып, тек халқымызға, әсіресе, жас қазақ ұрпақтарына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана оның шешімін табуға болады дейді.
Қазақ халқының тәрбие тағылымы «Тал бесіктен - жер бесікке» дейін үздіксіз орын алып отырған. Сонымен қатар ер бала мен қыздар тәрбиесіне жеке дара, айрықша көңіл бөлген. Ер балаларды 6 жасқа дейін әже-апаларының тәрбиесінде, ал одан соң ата, әке, ағалары өз қамқорлығына алған. Оның мәнісі ер бала қыз мінезді болып кетпесін деп әйел адамдардың қасында қалдырмаған. Ер адамдар өз қатарына алған ер балаларды ерліктің, батылдықтың, батырлықтың, жігерлік пен қайсарлықтың қыр-сырына баулып, тәрбиелеп отырған. Жас жеткіншекті қиындыққа мойымайтын, аштыққа шыдамды, тоқтыққа ынсапшыл, жорыққа жортуылшыл, жауға ымырасыз, достыққа берік, өнерлі де өрелі, шешен де шебер, сегіз қырлы бір сырлы етіп сомдаған.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан юастап халықтардың этностық ерекшеліктері зерттеліп, ғылыми жағынан дәлелденген. Қазақ этнопедагогикасы да ғылым ретінде қалыптасып, пән ретінде оқу-тәрбие ісінде қолданылмалы құндылыққа айналды. Қазақ этнопедагогикасының ғылым болып қалыптасуы үшін оның тарихын зерттеп, ғылыми теорияларын жасап (Қ. Жарықбаев), қазақ этнопедагогикасы ғылымының зерттеу жүйелерін (методологиясын) анықтап (С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова), оның құрылымындағы ұлттық салт-дәстүрлерді сараптап (М. Х. Балтабаев, Ж. Ж. Наурызбаев, Р. Қ. Дүйсенбінова), оқу құралдарын баспадан шығарған (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ж. Нұсқабаев, Ә. Табылдиев т. б. ) қазақ ғалымдары мол еңбек сіңірді. Ғылыми негізге сүйенген оқу құралдары мен оқу бағдарламалары жасалды.
Қазақ этнопедагогикасы ғылымы - барлық өркениетті елдердің этнопедагогикалық құндылықтарын зерттеген және ол құндылықтарды халық өз тәжірибелеріне ендіріп, дүниетанымдық, тәрбиелік мақсаттар үшін пайдаланған үрдістерін айқындап көрсететін ғылым.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау барысында салт-дәстүрлердің өзіндік сипаттамасын топтадық:
- салт-дәстүр - көп қырлы әлеуметтік, қоғамдық құбылыс, өз дәуірінің айнасы;
- салт-дәстүр санасы мен тілі бар адамдарға ғана тән;
- халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер адамның тіршілік тынысы мен өмір сүру қалпына сай өмір қасиеттерінен пайда болады.
Қорыта айтқанда, әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктерімен қатар, ортақ құндылықтары болуы заңды және олар бірін-бірі толықтырып отырады.
Б. Қ. Өтешова «Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын педагогикалық халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» ғылыми еңбегінде халық тағылымдары арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту мәселесінің психологиялық және педагогикалық зерттеулер көрінісін, оқушылардың дүниетанымын дамытудың моделін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, «Әдеп» пәні бағдарламасы, «Ұлттық дүниетаным тағылымдары» атты таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту, отбасы тіршілігінің әлеуметтік мәнін, инабат иірімдерін, салт-дәстүрдің әлеуметтік мәні мен қазақ қыздары мен балаларына арналған тәлім-тәрбие жолдарын көрсеткен.
Ұлттық тәлім-тәрбиеге мән беріп, баланың санасын ұлттық тәрбие негізінде қалыптастыру Қорқыт атадан басталған.
Қорқыт атаның нақыл сөздері, қағидалары екшелген ойлардың нәтижесі: «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Есекті жүгендегенмен жылқы болмас». Қорқыт шығармаларында отбасындағы әйел-ананың орны жайлы былай дейді: «ол әйелдің төрт түрі болады, оның басы құт әйел, соңы - қанағаты жоқ жұт әйел, одан қалса, ығыр қылатын кесір әйел, тірлігін тындырмайтын салақ әйел. Жақсы әйел ерінің бар жоғын білдірмей, елге аға болады», - дейді.
Ж. Баласағұн бала тәрбиесін отбасына бер, «аймаңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерге қалдырма», - деп өсиет еткен. Баласағұнның бұл тағлымды ойлары білім мен тәрбиенің сабақтасытығын жоғары бағалағандығының дәлелі.
Әл-Фараби - тәрбие мәселесіне жан-жақты мән беріп, әр адамның дербес ерекшеліктері мен имандылық әдеп дағдыларын жетілдіру барысында дамитындығына ерекше назар аударды. «Қайырымды қала» атты шығармасында әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді талдап, « . . . адамдар жөніндегі байланыстырушы дәнекер - адамгершілік, сондықтан адам санатына жататындар бір-бірімен тату тұруға тиіс», - дейді.
Ұлттық тәрбие мәселесі адамның ұлттық психологиясын зерттеу арқылы шешіледі.
Ұлттық психология - халықтардың тарихи дамуының өзгешелігі мен әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірдік алғы шарттарына сай қалыптасатын және мәдениет пен тұрмыстан, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан байқалатын ұлттық сезім көрінісі.
Ұлттық психологияның компоненттері туралы ғалымдар арасында (С. Қалиұлы, Н. Сәрсенбаев, Қ. Жүкеш, Н. Елікбаев, Н. Жанділдин, Қ. Оразбекова т. б. ) әртүрлі көзқарастар бар.
Философиялық, тарихи, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық ғылыми-әдебиеттерді саралау келе ұлттық психикалық құрылымға төмендегідей түсініктер беруге болады:
- ұлттық сана-сезім (сана-сезімнің әсерленуі арқылы)
- ұлттық мінез-құлық (ізгілік жолдары арқылы)
- ұлттық қайрат-жігер (батырлық жолдары арқылы) .
Бұлардың әрқайсысына мынадай анықтама береміз: Ұлттық сана-сезім дегеніміз - сана-сезімнің әсерлену көріністерінің шарттарына байланысты, нерв системасы алып келген әсерлі жанның ұғуы, аңғаруы, сезінуі. Адам баласы білімді алдымен осы әсерлену арқылы алады.
Адам жанының әсерлену көрінісі болу үшін төмендегі шарттар болуы тиіс:
- әсер білінетіндей күшті болсын;
- бір әсерден екінші әсерге дейін белгілі уақыт өтсін.
Ұлттық психикалық құрылымының екінші компоненті: Ұлттық мінез-құлық дегеніміз - психикалық даму барысында адамның өзінің ойына, ісіне баға беруін, жағымды ой мен ізгілікке ұмтылуын, ой мен іс-әрекетке іштен баға бергенде болатын жағымды не жағымсыз сезімдерді айтамыз.
Ұлттық психикалық құрылымының үшінші компоненті ұлттық қайрат-жігер. Жан қуаттары туралы теориясында әл-Фараби адамның ерік-жігер, қажыр-қайратын жеке процесс ретінде қарастырмай, этика ғылымына орайлас пікірлерін де сөз етеді. Жақсы қоғам, ізгі адамдар, олардың күшті қажыр-қайраты мен ерік-жігері - рухани қасиеттерді қалыптастырудың негізгі факторлары. Қылық пен іс-әрекеттің саналылығы, тоқтамға келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетілу ерік-жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік, қорқақтық, дүниқоңыздық, нәрсіқұмарлық, адамның ұнамсыз қасиеттері болып табылады. Ал көз айна тәріздес нәрсе, ол - сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашқы саңылау дейді.
Сонымен қайрат-жігер деп - адамның сана-сезімінің, мінез-құлығының белгілі бір шарттарды орындауын, не орындалмауына мақсатты ұмтылуын атаймыз. Осы қайрат-жігерді ұмтылудың нәтижелері қазақ этнопедагогикасында балаларды тәрбиелеудің педагогикалық шарттары орындалады деген тұжырымға келдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz