Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
М А З М Ұ Н Ы:
І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 4-10
ІІ НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .11-46
1. Сан есімнің сөзжасам
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .11 -14
2. Есептік сандардың
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5-16
2.1. Күрделі сан
есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17-23
2.2. Күрделі сандардың тірек
компоненті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .24-27
3. Реттік сан есімнің
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-
30
4. Жинақтық сан есімнің
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 31-32
5. Топтық сан есімнің
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .33 -35
6. Болжалдық сан есімдердің
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .36-37
6.1. Болжалдық сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы ... .38-43
6.2. Болжалдық сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы ... .44-45
7. Бөлшектік сан есімдердің
сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 46
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...47-50
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .51
І К і р і с п е
Сөзжасамның жалпы мәселелері
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Осыған орай мұның өзіне ғана тән
дербес объектісінің болуы заңды да. Тіл біліміндегі сөзжасамның негізгі
объектісіне ең күрделі деген мәселелер жатады. Олар: сөз жасаушы тәсілдер,
туынды сөздер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері,
сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына мен жалпы сөзжасам мәселесінің сөз
таптарына қатысы. Сонымен, сөзжасам тіл біліміндегі сөз жасау процесіне
қатысты заңдылықтар мен құбылыстарды түгелдей дерлік қамтиды.
Ұлттық тіл біліміндегі сөзжасам жүйесі бүгінгі күні әбден қалыптасқан,
осыған орай грамматиканың жеке бір саласы ретінде қарастырылуда. Ол уақыт
талабына сәйкес тілдің даму тарихында қоса дамып, бұған дейін қаншама даму
кезеңдерінен өтіп, қазіргі кездегі қалыптасқан жүйелі күйге күрделеніп,
екшеліп, қырналып, қысқасы, әбден толығып барып жеткен. Дәлірек айтсақ,
ғасырлар бойғы дамудың нәтижесі тілімізде әбден орныққан күрделі де жүйелі
сөзжасамды қалыптастырған.
Сөзжасам қай тілде болмасын, ертеден келе жатқан тілдік құбылыс болып
есептеледі. Бұған түркі тілдерінің ең көне деген жазба ескерткіштерінің
тілі – дәлел. Онда өйткені негізгі түбір сөздер ғана еме, туынды сөздердің
де бар болғандығын зерттеу жұмыстары жоққа шығармайды. Мұндай туынды сөздер
ертедегі ескерткіштер тілінде туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше
мағынада қолданылуы түрінде ұшырасып жатады. Мәселен, жазба ескерткіштер
тілінде жаңа сөз жасау (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің
тіркесуі арқылы (күнтүз, Темірқапығ, Қара құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз
он, йеті йуз) жүзеге асады, осымен бірге бір ғана сөздің өзге бірнеше
мағнада жұмсалуы да сөзжасам жүйесінде қарастырылады.
Сөзжасам тәсілдерінің тілдің даму тарихында жайлап қалыптасқанын және
оның түрлілігін жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалым Ғ.Айдаров та жоққа
шығармайды [1,64]. Егер қазіргі түркі тілдерінің бастапқы түп негізі көне
түркі тілі екендігін ескерсек, сол көне түрк тіліне тән сөзжасамдық сипат
қазіргі қазақ тіліне де қатысты болмақ, сондай-ақ өзінің көне жаөба
ескерткіштер тілі жайындағы еңбектерінде аталған ғалым сөз тудырудың
қазірде белгілі болған тұлғаларының бар екенін, сонымен бірге қазіргі
қолданыста жоқ өлі тұлғалардың да кездесетінін айтады.
Тіл біліміндегі сөзжасам жүйесінің ертедегі көне тілдік құбылыстарға
жатадындығына осы сияқты пікірлер – бірден-бір дәлел. Себебі бар: сөз
жасаушы элементтерге жататын сөзжасам тәсілдері, модельдері жиі құбылатын
немесе күнде жаңарып тұратын құбылыстар емес. Солай десек те сөзжасамдық
жүйені тілдің даму тарихындағы процестерінен бөлек алып қарай алмаймыз.
Осыған қатысты онда да белгілі бір өзгерістердің болатыны, алайда оның өте
баяу түрде, сондай-ақ көбіне-көп тілде кездесетін модельдердің қандай да
бір кезеңде активтенуі немесе пассивтенуі, мағынаның кеңеюі, енді бірде
керісінше қандай да бір типтердің қолданыстан біржола шығуы тәрізді түрде
өтетіні дау туғызбаса керек. Мәселен, туынды сөздер саны көне жазба
ескерткіштер тіліндегімен салыстырғанда осы күнгі тілімізде көбірек, яғни
қазіргі сөздік құрам туынды сөздерге бұрынғыға қарағанда анағұрлым бай
келеді. Бұған жалғыз экстралингвистикалық факторлар ғана емес тілдегі
сөзжасамның өз заңдылықтары да, нақтылай айтқанда, ішкі заңдылықтары да
тікелей ықпал етеді.
Сөз тудырудың синтетикалық тәсілі көне жазба ескерткіштер тілінде
ұшырасқанымен, олардағы әрбір жеке сөз табының сөз тудырушы қызметіндегі
жұрнақтары сан жағынан көп емес болатын. Қазіргі қалыптасқан тіл білімінде
сөз тудырудағы синтетикалық тәсіл үлкен маңызға ие, тіліміз сөз тудырушы
жұрнаққа бай, яғни жаңа сөз жасауда жұрнақтардың қызметі активтеніп,
қажетті қосымшалар сөздердің жаңаша қолданылу сипатына қарай толыққан. Бұл
тұста кей сөзжасамдық жұрнақтардың кейіннен қосылғанына көне жазба
ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді өзара салыстыру арқылы көз жеткізуге
болады. Дегенмен одан бері сандаған ғасырлардың өткендігін ескерсек, даму
процесінің өте баяу жүргендігін байқаймыз. Мұнан тілдегі сөзжасам жүйесінің
сөз тудырудағы жаңа тұлғалармен, әсіресе жаңа қосымшалармен толығуын тіл
дамуында жиі болып тұратын құбылыс еместігі анықталады. Мәселен қазақ
тілінің сөз тудыру жүйесіне қосылған жұрнақтар кейінгі 40-50 жыл шамасында
сан жағынан аз ұшырасады. Мұндай жұрнақтардың біріне мысал ретінде – хана
қосымшасын атауға болады. Осы жұрнақтың қатысымен қазіргі тілімізде қаншама
жаңа сөздер пайда болған: емхана, асхана, шайхана, кітапхана, жатақхана,
наубайхана, перзентхана, баспахана т.б. Сондай-ақ орыс тілінің ықпалымен де
бірқатар жұрнақтардың енгенін, мысалы фамилияға қатысты қолданылатын
жұрнақтардың енгенін, жоққа шығара алмаймыз.
Тілдегі күрделі жұрнақтар бір кездердегі бөлекше қосымшалардың бір-
бірімен тұлғалық және мағналық жағынан кірігуі арқылы пайда болған. Мысалы:
-дасда+с, -ланла+н, -малыма+лы, -ушыу+шы, -ндын+ды, -шылықшы+лық,
-шылапшы+ла+п, -шалапша+ла+п т.б. Бұл – тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың
толығуының бір ғана түрі.
Осы сияқты, сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюінен
тілдегі сөз жасамдық жүйенің күрделенуі, баюы, толығуы жүзеге асады.
Тілдегі мұндай қосымшалардың мағына жағынан дамуы өте ерте уақыттан-ақ
басталған. Мәселен, -ғы, -қы қосымшаларын алайық. Олар ең көне жазба
ескерткіш ретінде саналатын Орхон жазбаларының өзінде де бірде заттық
мағынада, бірде сындық мағынада жұмсалған. Айталық, біліг деген сөз
дерексіз заттық ұғымда, ал учуқ деген сөз жанды заттың аты (құс) ретінде
берілген. Ал енді бітіг түрінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан өзге
жазу, жазба деген ұғымды беру үшін жұмсалған.
Осы арқылы Орхон жазбалары кезеңінің өзінде қосымшаларды семантикалық
даму процесі жүріп жатқандығын байқауға болады. Сондықтан тілдің даму
тарихында үздіксіз жүріп отыратын мұндай процесс тіл дамуына қатысты ең
негізгі заңдылықтардың бірі ретінде қарастырылады. Осындай семантикалық
даму заңдылығының нәтижесінде тілімізде көп мағыналы қосымшалар саны
толығып отырған. Осыған қатысты қазіргі тіліміз көп мағыналы жұрнақтарға
бай. Мәселен, -дық, -дік, -тық, -тік, -лық, -лік жұрнағы бүгінде екі бірдей
сөз табына (зат есім және сын есім) қатысты қолданылуда. Мұндағы
көпмағыналылық, біріншіден, оның сөзге заттық мағына үстеу арқылы зат есім
жасауына, екіншіден, заттың сындық белгісін білдіру арқылы сын есім жасай
алуына байланысты. Бұл тұста қосымша омонимдік сипатта көрінеді. Жоғарыда
айтып өткеніміздей, -лық қосымшасының мұндай омонимдік дарежеге жетуі көне
дәуірлерден басталған. Алайда омонимдік сипаттағы бұл екі қосымша – төркіні
жағынан бір ғана форма. Десек те –лық жұрнағының қолданылу сипатына қарай
сөзге үстейтін мағынасы бір бұл ғана емес, айталық, зат есімнің өзінде ғана
бірнеше мағынада жұмсала алады: мұрындық, ауыздық және орындық, қазандық
т.б. Алдынғысында -дық жұрнағы ат әбзеліне қатысты бір бөлшектің атын, ал
кейінгісінде тұрмастық заттардың атын білдіретін сөздер жасаған. Сондай-ақ
қымыздық, өсімдік деген сөздерде қандай да бір өсімдікке қатысты атауларды
берсе, егіндік, шабындық дегендерде белгелі бір кәсіпке немесе шаруашылыққа
қатысты атауларды, жазықтық, терістік, оңтүстік дегендерде географиялық
термин атауларын жасап тұр. Осы тәрізді белдік, желдік, түндік деген сөздер
– киіз үй жабдықтарының атаулары, тұздық сөзі тағам атауы ретінде. Жемтік
жем орнына тасталған заттың атын, көптік, жіктік, тәуелдік, септік, есімдік
дегендер лингвистикалық термин атауларын, оқулық, сөздік дегендер кітаппен
байланысты заттың атауларын білдіру қызметінде. Ал көрімдік, қалыңдық деген
сөздер ұлттық салтқа қатысты рәсім мен жалпылық мәндегі адам атын, шындық,
жастық, шаттық, достық, озбырлық дегендер дерексіз немес абстрактілі ұғым
аттарын білдіріп тұр. Осы арқылы біз аталған жұрнақтың бір ғана зат есімде
қаншама атауларды бір-бірінен ажырату қызметінде қолданылып, сонысына қарай
оларға түрліше мағына үстегендігін байқай аламыз. Алайда бұл тұста бұл
жұрнақтың зат есім сөз табы аясындағы берер мағынасының әлі де толық
қамтылды дей алмаймыз. Бұл арқылы -лық жұрнағының сөз тудырушылық
қабілетіне қарай көптеген мағынаны бере алатындығын ғана дәлелдеу мүмкін.
Алайда көне жазба ескерткіштер тілінде осы жұрнақтың тек заттық және
сындық мағынада ғана жұмсалғандығын ескерсек, онда өзге мағыналарының
кейіннен қосылған мағыналар екеніне көз жеткіземіз.
Екі сөз табына (зат есім, етістік) қатысты –ыс, -іс, -с жұрнағы да дәл
осылай: етістік құрамында ортақ етіс жасап, әрекеттің екі немесе одан да
көп субъектімен қатыстылығын көрсетеді, ал зат есім құрамында тағы да сол
етістікке жалғанып, одан енді заттық мағына туғызады. Осылайша екі түрлі
сөз табында екі түрлі мағынаға ие болған қосымшаның омонимдік сипаты
көрінеді. Дегенмен тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл екеуі – әуел
бастағы бір ғана қосымша. Уақыт өте келе ортақ етіске тән жұрнақ енді
заттық та мағына бере аларлықтай дәрежеге жеткен. Сөйтіп мағына жағынан
енген етістік қосымшасы заттық та мағына беретін болған. Аталған жұрнақ
мағынасы кеңеймей, бастапқы мағынасының үстіне тағы бір жаңа мағына
қоспаған болса, оның бұл күнде екі сөз табына қатысты қарастырылуы да
екіталай болған болар еді. Мұнан тіл дамуы барысындағы жаңа сөз тудырудың
синтетикалық тәсілінің үнемі күрделеніп отырғандығы жөнінде тұжырым шығады.
Осылармен бірге тілімізде бұрын қолданыста болған кейбір жұрнақтардың
пассивтенуі негізінде пайдалану аясынан біржола шығып қалғандары да бар.
Мәселен, Орхон-Енисей жазбалары тіліне тән –меч жұрнағын алайық: ег
түбіріне қосылған бұл жұрнақ егмеч (тәте) түрінде жаңа сөз туратын болған
[2,108].
Жаңа сөз жасаудың көне тәсілі деп есептелетін аналитикалық тәсіл Кеңес
дуірі кезінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен байланысты тірек
болған, қызметі артқан, бір сөзбен айтқанда, ең бір ұтымды, актив тәсілге
айналған: радио-хабар, радио-қабылдағыш, сірке суы, сірке қышқылы,
көркемөнер, таңдай безі, сутегі, тамыр жүйесі, үш бұрыш, азот қышқылы,
агрономия, халықаралық, социалистік жарыс, оқшау сөздер, зат есім, сын
есім, радиотехника т.б. Бұ аталған терминдер, сөз жоқ, лексикамыздың баюына
үлкен себеп болды.
Сөз тудыру жүйесіндегі семантикалық тәсіл де – тілімізде ертеден
белгілі болған тәсіл. Бір кездері, мәселен Қазан төңкерісінен кейінгі 40-50
жылдары, мұның да қызметі актив байқалғандығын көреміз. Осының негізінде
тілімізде дыбыстық құрамы мен тұлғасын өзгертпей-ақ әдепкі мағынасының
үстіне және бір жаңа мағына қосып алған сөздер қалыптасты. Олар: үндеу,
әңгіме, құн, таңба, тұлға, одақ, көрме, түбір, негіз, шығыс, тарау, дыбыс
т.б. Бұл сөздердің түрлі саладағы термин ретіндегі мағынасы мен жай сөз
түріндегі мағыналарының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар және мұндай
сөздер қазірде тілімізде өте көптеп ұшырасады.
Қандай тілде болмасын сөзжасамдық жүйе қатып қалған құбылыс емес, яғни
ондағы тұрақтылық шартты ғана. Мысалы, Қазақ тіліде Қазан төңкерісінен
кейін сөздерді қысқартып қолдану тәсілі қосылып, аналитикалық тәсілдің
көлемі ұлғайды, яғни тілімізде күрделі атаулар молайып, оларды ықшамдау
қажеттігі туды да, нәтижесінде қысқарған сөздер қалыптасты. Бұл тәсіл
көршілес орыс тілінің ықпалы негізінде жүрді: ауылсовет, аупартком, обком,
колхоз, совхоз, КПСС. МТС, РТС, партком, местком, партбюро, сберкасса т.б.
Сол уақыттарда тілімізде актив қолдаыла бастаған бұл тәсілдің ықпалымен
кейбір байырғы сөздеріміз де қысқартуға ұшырады, алайда қысқарған дайын
қалпында орыс тілінен енгендері көбірек болғаны белгілі. Солай дей тұрсақ
та Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде қысқарту тәсілі мүлдем болмаған
деп кесіп-пішіп айтуға келмейді. Ұлт тіліне тән мұндай тәсіл көбіне-көп
адамға қатысты жалқы есімдердің табғатынан көрінеді: Жәке, Ереке, Сәке,
Беке, Айнаш, Қантай, Жантай т.б.
Сан есімдердің сөзжасамдық заңдылықтары, өзге сөз таптарындай,
басқаларынан ерекшелендіріп тұрады. Осы дипломдық жұмысымызда біз сан
есімге тән осындай сөзжасамдық заңдылықтарын шама-шарқымызша ашуға тырыстық
және негізгі бөлімде төмендегідей тақырыпшалар жайлы сөз етуді өз алдымызға
мақсат етіп қойдық.
1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері. Бұл тақырыпшада сан есімнің
жасалуындағы синтетикалық және аналитикалық тәсілдері егжей-тегжейлі
қарастырылған. Мұнымен бірге сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтық
және болжалдық, бөлшектік деген семантикалық топтарының жасалу жолдары
жайлы айтылады.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САН ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ
Сан есімнің сөзжасам жүйесі туралы айтқанда, ондағы сөз тудырудың екі
тәсіліне (синтетикалық және аналитикалық) соқпай кете алмаймыз. Мұның
ішінде аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамында ең негізгі орынды иеленеді.
Бұл тәсілдің маңызды орынды иеленетіндігінің себебі – сол: сан есім сөз
табына енетін барлық сандық атаулардың жасалуы осы аналитикалық тәсілдің
негізінде жүзеге асады. Яғни мұндағы негізгі түбір деп танылатын сан
атауларынан өзгесі аналитикалық тәсілмен жасалады [3,51].
Ал негізгі түбір сан есімдер деп бірлік, ондық атауларын, сондай-ақ
жүз, мың деген сандарды айтамыз. Дегенмен бұл күндері ондық сандар деп
танылып жүрген алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан деген дара сан есімдердің
тарихи тұрғыдан қарағанда аналитикалық тәсілмен жасалғандығы және олардың
бірлік сандар мен ондық сандардың тіркесінен тұратындығы жайлы пікірді
белгілі түрколог-ғалымдар жоққа шығармайды. Осыған орай аталған сандардың
құрамындағы –пыс, -піс морфемалары қазіргі кезде қосымша ретінде
танылғанымен де, олардың түп негізі бірлік пен ондық сан атауларының
аналитикалық тәсіл арқылы тіркесе жасалған. Мұндай құбылыс түркі тілдеріне
жат емес. Мәселен, алтай, хакас, якут тілдеріндегі ондық сандардың атаулары
– бұған толық дәлел. Тіпті ондық сан атауларының осындай бірлік-ондық
моделімен жасалуы түркі тектес халықтар тіліне кең тараған заңдылықтардың
бірі болып саналады.
Сандық ұғымдар тілімізде, жоғарыда көрсетілгендей, тек бірлік, ондық,
жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана емес, осылардың
араласып келген түрінде күрделі ұғымдармен де беріледі. Мұндай күрделі
сандардың көп болуына қарай олардың түрлері мен құрамдары да сан түрлі келе
береді. Осыған байланысты тілімізде күрделі санға қатысты ұғымдарды білдіру
мақсатында аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі кең қанат жайған. Аталған
тәсіл бойынша, сандық атаудың бірі екіншісімен тіркесе келіп, басқа бір
үшінші сандық ұғымды білдіретін болған: он бес (15), жүз алпыс (160), екі
мың алты жүз қырық төрт (2644), бес миллион алты жүз қырық бес мың тоғыз
жүз жиырма бес (5645925), үш жүз алпыс бір (365), екі жүз (200) т.б.
Осындағы бірінші мысалда он және бес деген ұғымды білдіру үшін осы екі
санға тән атауды тіркестіріп, барып он бес деген күрделі үшінші бір есептік
сан атауы жасалғандығы көрініп тұр. Бұл – байқағанымыздай, бірлік пен ондық
сандарға ғана қатысты мысал.
Күрделі сандағы жеке сыңарлардың біріне-бірі көбейтілуі арқылы
аналитикалық тәсілдегі сандық ұғым жасалады: бес мың, екі мың, үш мың,
сегіз мың, он бір мың, жұз мың, жүз елу мың, екі жүз алпыс бір мың, төрт
жүз сексен тоғыз мың т.б. Алайда жеке сыңарлардың көбейтілу тәсілі барлық
есептік сандардың тіркесіне бірдей қатысты дей алмаймыз, демек, белгілі бір
сыңарлардан тұратын күрделі сандарға ғана қатысты екен. Басқаша айтқанда,
бірінші кезекте бір-бірмен көбейтілетіндер – жүздік сандарды жасайтын
сыңарлар: бір жүз, бес жүз, алты жүз т.б. Ендеше осындай күрделі сандарды
жасаушы сыңарлар тек белгілі бір сан атаулары болуға тиіс. Айталық,
бірліктер мен жүз саны, яғни бұл қатарға он сөз ғана кіре алады. Соның
өзінде олардағы бірліктер ретінде танылатын тоғызы бірінші сыңар, ал жүз
деген сөз екінші сыңарда тұрады. Сондай-ақ жүздік сан есімдердің
жасалуындағы жүз сөзі негізгі сыңар ретінде күрделі сан құрамынан екінші
орынды иеленеді. Көңіл бөлерлік бір жайт – негізгі сыңардың сол қалпы қалып
бірінші сыңардың ғана өзгеретіндігі: екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз,
алты жүз, жеті жүз [4,111]т.б. Көбейту тәсілі сонымен бірге мыңдық сандар
атауын жасауда да жұмсалады: екі мың, он мың, жиырма тоғыз мың, сегіз жүз
сексен жеті мың т.б. Айта берсек, мыңдық сандар атын жасауға қатысатын
мұндай сыңарлар өте көп, алайда мұнда да негізгі тірек сыңар ретінде тек
мың деген сөз ғана танылады және мыңдықтардың жасалуында соңғы сыңарды
иеленеді. Ал алдыңғы сыңарда тұратын сандар өте көп және алуан түрлі болып
келеді, яғни олар екінші сыңар сияқты тұрақты емес, өзгермелі. Айтып
өткеніміздей, сан жағынан олар өте көп болғандықтан, нақты атап беру де
оңай емес. Осы заңдылық негізінде тілімізде ұшырасатын есептік сандардан
жүздіктер мен мыңдық сандардың аты жасалады.
Аналитикалық тәсілге қарағанда тіліміздегі сан есімдердің синтетикалық
тәсілмен жасалуы өнімсіз, себебі бар: сан есімге қатысты сөз тудырушы
жұрнақтар саны көп емес. Сан есім бұл жағынан өзге сөз таптары сияқты,
мәселен зат есім, сын есім, етістік сияқты, сөз таптарымен теңесе алмайды.
Тіпті сөз тудырушы қосымшалары аз деп саналатын үстеу сөз табынан да бұл
жағынан кейінгі орында. Солай бола тұрғанымен де сан есім сөзжасамына тән
бұл ерекшіліктің бастауы өте ертеде жатыр. Сонысына қарамай бірлі жарым
сандардың құрамында мұндай қосымшалар аз да болса кездеседі. Айталық,
бірлік сандар атауының құрамындағы –ты,-ті, -ыз, -із қосымшаларының алты,
жеті, сегіз, тоғыз сандарын қай мағынадағы сөзден жасағанын нақты айту қиын
болғанымен, оларды сөз тудырушы жұрнақтар ретінде танытатын пікірлер де
бар. Осыған орай сан есімге қатысты белгілі бір сандық атауды тудырушы
қосымша ретінде осыларды айтумен ғана шектелеміз [5,21].
Негізінен, сан есім сөзжасамында синтетикалық тәсіл оның семантикалық
топтарын жасаушы қосымшаларға қатысты түсіндіріледі. Сан есімнің сөз
тудырушы жұрнақтарын өзге сөз таптарына мағына жағынан ерекшеленеді
дегенде, осындай сипатын алға қоямыз. Бұлар да белгілі бір деңгейде қандай
да бір мағына туғызатын сипатқа ие: Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін
жағалама? (Ғ.Мұстафин). Осындағы төртеу және жетеу – синтетикалық тәсілмен
жасалған сан есімдер. Оларға негіз болып тұрған – төрт және жеті сан
есімдері. Мәселе төртеу мен жетеу сандарының мағынасында жинақтық-заттық
мағынаның барлығында, ал төрт және жеті деген сөздерде мұндай жинақтық-
заттық мағына жоқ. Бұлардағы жай ғана сандық ұғымның үстіне –еу жұрнағы
арқылы үстеме мағына қосылған, яғни негіз сөзінің мағынасы айтарлықтай
кеміген. Мұндағы текті негіздің мағынасының негіз мағынасынан кем болуы
осындай қағиданы әрқашан берік ұстанушы сөзжасам теориясына сәйкес.
Мысалдағы төртеу және жетеу сөздері арқылы берілетін мағына осы теорияға
бағынған. Енді реттік сан есімдерге тоқталайық: Екіншісі – жан
(Ғ.Мұстафин). Қызым бірінші класта оқиды (С.Мұқанов). Осылардан бір, екі
деген есептік сандардан бірінші және екінші деген реттік сан есімдердің
жасалғанын көруге болады. Мұндағы негіз сөз де, негізді сөз де бір сөз
табынан. Алайда негізді сөздердегі бірінші, екінші деген реттік мағына
негіз сөздердің (бір, екі) мағынасының үстінен қосылуы арқылы жасалған. Сол
себепті негізді сөздерде негіз сөздердің мағынасымен бірге реттік мағына да
бар. Десек те реттік мағына – кейіннен пайда болған мағына, сондықтан бұл
тұстағы негіз сөз бен негізді сөздің мағынасының бірдей еместігін ескеру
орынды. Бұлай болу, шындығында, заңды да,
Осы тұста синтетикалық тәсіл негізінде бірінші сандық ұғым өзгеріп,
мүлдем басқа сандық ұғым туа ма деген заңды сұрақ болары сөзсіз. Осы ретте
жоғарыдағы төртеу, жетеу, бірінші деген сөздердің бәрінде негізгі сандық
ұғымгың өзгермейтіндігін, оларға тек үстеме мағынаның ғана қосылатынын
ескерген жөн. Сонымен, осы сияқты ерекшеліктер сан есімнің синтетикалық
тәсілмен жасалуына қатысты екен. Осыған орай біз сан есімнің синтетикалық
тәсілін мағына түрлендіруші, құбылтушы топқа жатқыздық. Сан есімнің
семантикалық топтары, түптеп келгенде, осылардан туындайды.
2. Есептік сандардың сөзжасамы
Қазіргі қазақ тілінде есептік са есімдер нақтылы сандық ұғымдарды
білдіріп, соларды атайтындығымен белгілі. Осыған қатысты сан есім сөз
табының негізін есептік сандардың құрауы заңды да. Сондай-ақ олар сан
есімнің өзге семантикалық топтарыныңжасалуына да ұйытқы болады. Осындай
қасиеті негізінде есептік сандардың атқарар қызметі мен сан есім құрмында
алар орны ерекше.
Есептік сандардың тілдегі баюы басқа тілдерден сөз қабылдау жолымен
жүрмесе де, құрамы жағынан толығып отырған. Көршілес орыс тілінен енген сан
атаулары ретінде миллион, миллиард дегендерді ғана атауға болады,
тіліміздегі кірме сан есімдер – осылар ғана. Өзге барлық есептік сандар
тілдің ішкі мүмкіндігі негізінде қалыптасқан. Есептік сандардың жаңа сандық
ұғымдарды атауға өздерінің ғана негіз болып, тілдің осындай ішкі
мүмкіндіктері арқылы жасалуы бұл сөз табының өз құрамын басқа сөз таптары
арқылы байыта алмайтындығымен түсіндіріледі.
Сандық атаулардың бір санмен келесі бір санның тіркесуі нәтижесінде
жасалуы тілімізде есептік сандар жасауға қатысатын арнаулы қосымшалар
жүйесінің қалыптаспағандығымен байланысты. Бір сөзбен айтқанда, тілімізде
есептік сан атауларының жасалуы тек аналитикалық тәсіл негізінде ғана
қалыптасқан.
Ішкі құрылысы жағынан алуан түрлі болып келетін есептік сандардағы
назар аударарлық жайт – олардағы сандардың белгілі дәрежесіне қатысты
сандық қатарлар. Олар әр сандық қатардың сандық аумағы барған сайын өсіп
отыратын бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиардтар түрінде
келеді.
Тілде ертеден бері келе жатқан сандық атаулар есептік сандардың әрбір
қатарының аттарының қалыптасуына негіз болған. Қазірде бұл есептік сандар
негізгі түбір ретінде танылады, жасалуы жағынан диахрондық аспектіде
байқалатындары бірлі-жарым ғана. Осынысына қарай есептік сандардың
сөзжасамын олармен байланысты деуге негіз жоқ. Бұлардағы сөзжасамдық
ерекшелік екі сандық қатар арасындағы үнемі бірімен-бірі тек тіркесу арқылы
жұмсалатын сандарға ғана қатысты қаралады. Күрделі сандардың тууы есептік
сандар сөзжасамында осыдан келіп шығады. Бір көңіл бөлерлік жайт – осы
тәсіл арқылы нақты сандардың аты жасалатындығы. Сонымен, тек есептік
сандарға ғана тән ерекшелік – нақтылы сандар атының жасалуы. Мұндай нақтылы
сан атауларының сан есімнің басқа семантикалық топтарына еш қатысы жоқ.
Оларға тек үстеме мағына ғана қосуға болады.
2.1. Күрделі сан есімдер
Сан есім сөз табында күрделі сан атаулары өте мол ұшырасады, өйткені
бұл сөз табында негізгі орынды аналитикалық тәсіл иеленеді. Сондай-ақ сан
есім сөз табында дара сан атауларының аз болуы себепті оларды, негізінен,
күрделі сан атауларынан тұрады десе де болады. Осыған байланысты
аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сан атаулары арнайы қарастыруға
тұрарлықтай дәрежеде.
Сан есім сөз табына жататын сөздердегі дара сандардың ұзын санын
бірліктер мен сандық атауларды білдіру үшін жұмсалатын жиырма шақты ғана
сөз құрайды. Тек қана бірліктерге қатысты болғандықтан, бірінші сандық
қатар жалғыз дара сандардан ғана тұрады, сол сияқты екінші сандық қатарда
да күрделі сандар жоқ. Оған ондықтар, яғни тоғыз ондықтың аты кіреді: он,
жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан т.б. Енді осы қатар
бір ондықтан екінші ондыққа өте отырып, үшінші қатарға жету үшін сол екінші
және үшінші қатар арасында екі сан араласады (анығында, тіркеседі). Яғни
бұл күрделі сандар ондықтар мен бірліктер негізінде құралған екі сыңардан
тұрады: жиырма үш, отыз тоғыз, қырық екі, елу төрт, алпыс жеті, жетпіс
алты, сексен бір, тоқсан сегіз [6,63] т.б.
Әр сандық қатардың өз ішіндегі сандар және бір сандық қатар мен келесі
сандық қатар арасындағы сандар үшінші сандық қатардан бастап компоненттік
құрамы барған сайын өсе түсетін күрделі сандардан тұрады. Үшінші сандық
қатардағы жүздік сандардың атауы ғана екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз,
алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз түрінде екі сыңардан тұрады. Ал
күрделі сандардың сыңарларының үштен төртке дейін жетуі бір жүздіктен
екінші жүздікке, одан төртінші қатар мыңға дейінгі аралықтан көрінеді: жүз
отыз бес, алты жүз қырық жеті, тоғыз жүз елу үш, сегіз жүз алпыс алты т.б.
Осы арқылы біз тіліміздегі сандық қатарлардың көбісінің күрделі
сандардан тұратындығына көз жеткіземіз. Бұған әр сандық қатардың арасындағы
күрделі сандар және қосылады. Демек, қазақ тілінде күрделі сан атаулары
жеткілікті екен. Сан есім сөз табының сөздік құрамы жайында ешбір оқулық
нақты дерек бере алмайды, көбіне жиырма-отыз қаралы дара сандарды
көрсетумен шектеледі, алайда күрделі сандар сан жағынан миллионға дейінгі
аралықта тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз сексен (999980) екені белгілі
болды. Осынысына орай сан есім өзге сөз таптарына (есімдік, шылау, үстеу,
одағай) қарағанда, сөз саны жағынан анағұрлым бай келеді. Мұндағы сандық
ұғымды білдіруге қатысатын атаулар құрамы жағынан көбіне-көп күрделі болып
келетіндіктен, бұл күрделі атаулар өз алдына дербес сөз ретінде танылмай,
сан есімнің сөздік құрамы нақты айтылмай келеді. Дегенмен дәл осындай
жағдай жалғыз қазақ тілінде ғана емес, көптеген басқа тілдерге де қатысты.
Сонымен, күрделі сан атаулары деп екі немесе одан да көп сандардың бір-
бірімен өзара тіркесуі нәтижесінде құрамындағы сандардан өзге басқа бір
сандық ұғымды білдіретін сөздерді айтамыз: жетпіс сегіз, жүз алпыс сегіз,
бес жүз қырық тоғыз, жеті мың үш жүз отыз екі т.б. Осындағы күрделі
сандардың алғашқысы екі сөзден, екіншісі үш сөзден, үшіншісі төрт сөзден,
соңғысы төрт сөзден жасалған. Құрамы жағынан түрліше болып келетін осы төрт
күрделі сөз өзіне тиесілі бір-бір күрделі сандық ұғымды білдіру үшін
жұмсалады, яғни әрқайсысы – жеке-жеке сандардың атауы. Осыдан
байқағанымыздай, күрделі сан аттарының құрамы аз дегенде екі сөзден тұруы
тиіс. Бұл – сан атауын күрделі деп танылуына қойылатын ең басты шарт: он
үш, жүз екі, жүз төрт, жүз жиырма, жүз елу, мың жеті, мың алпыс, мың жүз
[2,71] т.б.
Осындай құрамы кемі екі сөзден тұратын күрделі сан атауларының саны
миллионға дейінгі аралықта тоғызға дейін өседі: тоғыз жүз алпыс төрт мың үш
жүз сексен төрт, жеті жүз сексен бес мың тоғыз жүз қырық жеті, бес жүз
алпыс үш мың екі жүз елу бір т.б. Осындағы үш күрделі санның үшеуінде де
тоғыз сөзден бар. Бұл – миллионға дейінгі сандарға ғана тән көрсеткіш, ал
миллионнан әрі асқан жағдайда, күрделі сан атауларының құрамы да одан әрі
артуы әбден мүмкін. Сол сияқты, миллионға дейінгі күрделі сандардың
құрамындағы сөз саны тоғыздан және асып кете алмайды. Сонымен, біз осылар
арқылы күрделі сан атауларының ең кемі екі сөзден басталып, тоғыз сөзге
дейін (миллионға дейінгі аралықта) жететіндігіне көз жеткіземіз, ал одан
жоғары, мәселен триллионға дейінгі аралықта күрделі сан атауын білдіруге
қатысаты сөз саны тоғыздан да артық болуы мүмкін. Бір қызығы – күрделі сан
құрамы артқан сайын, күнделікті қолданылу жиілігі кеми беретіндігі, яғни
мыңға дейінгі күрделі сан атаулары кәдімгідей актив қолданыста болса,
миллионға дейінгілері олардан анағұрлым сирек қолданылады.
Сондай-ақ күрделі сан атаулары құрамы жағынан қаншалықты көп сөзден
тұрғанымен, бір ғана санның атауы ретінде жұмсалады. Мәселен, он үш деген
сөз бен он төрт деген сөздің әрқайсысы өз алдына жеке сандық ұғымдарға ғана
қатысты. Әр біреуінің берер мағынасы құрамындағы жекелеген сандардан мүлдем
басқаша. Он үш деген сан он және үш деген сандардан мүлдем басқа сандық
атауды білдіреді, сонымен бірге ондағы сандық ұғым жеке сыңарларындағы
сөздердің сандық мәнінен әлдеқайда көп блады. Осы тәрізіді он төрт деген
саның да сандық ұғымы жеке сыңарлардағы он және төрт сандарының сандық
мәнінен жоғары, сонысына қарамай, бір ғана сандық ұғым атауы ретінде
жұмсалған. Сонымен, күрделі сандардың жаңа мағына беретіндігі бір сан мен
екінші санның өзара тіркесе келіп, олардан да жоғары тұратын үшінші бір
санның атын жасайтындығымен түсіндіріледі.
Күрделі сан атауларының және бір ерекшелігіне олардың әрқайсысының
өзіндік мағынасының бар болуы мен қандай да бір нақты санды
білдіретіндігінен басқа, оларда синонимдік сипаттың болмайтындығы жатады.
Мәселен, күрделі сан атауларын қырық төрт, елу жеті, алпыс сегіз, алпыс
тоғыз, жетпіс екі, жүз отыз бес, үш мың тоғыз жүз жиырма бір деген сияқты
етіп тізбелегенмен, олардың ешбіреуінің де білдіретін сандық ұғымының өзге
бір екіншісімен сәйкеспейтіндігі байқалады. Себебі бар: тілдегі әрбір жеке
күрделі сан атауының өзіне ғана тән мағынасы, сондай-ақ өзіне ғана тән
тұрақты құрамы бар, олар еш уақытта да бір-бірімен сәйкеспеуге тиіс,
өйткені күрделі сан атауларының әрбіреуі өз алдына мағына дербестігіне ие.
Демек, күрделі сандарға тән осындай сипат жалпы сөз атаулыға қойылатын
ортақ шартпен шектесіп жатыр. Мәселен, тілдегі әрбір сөзді дыбыстық және
морфемдік құрамы, сондай-ақ жеке мағынасының ғана бір-бірінен ажыратамыз
(дұрысында, осындай ерекшеліктеріне қарай олар ажырайды). Бұл – сөз
атаулыны бір-бірінен ерекшелендіретін бірден-бір белгі. Алайда тілдің
тарихи дамуындағы түрлі процестер бұл заңдылыққа айтарлықтай әсер етіп,
нәтижесінде құрамы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас келетін сәйкес
сөздер қалыптасты. Тілдегі синоним және омонимдік құбылыстар – осындай
өзгерістердің дәлелі. Ал күрделі сандарға мұндай өзгерістер тән емес, яғни
әрбір күрделі сан атулары мағына жағынан болсын, құрамы жағынан болсын
әдепкі қалпын сол күйінше сақтаған. Міне, күрделі сан атауларына тән
осындай қасиет олардың сөз статусына қойылатын негізгі талапқа толық жауап
бере алатындығын білдіреді.
Біз жоғарыда күрделі сандардың ертеректе қалыптасқанын айтқан
болатынбыз. Ендеше күрделі сандардың қалыптасуы қазіргі күннің жемісіне
жатпайды. Дегенмен күрделі сан атаулының барлығы да бір күнде пайда бола
кетті деу негізсіз. Олардың жасалу тәсілдері мен модельдері ерте заманнан-
ақ басталған. Мәселен Орхон жазба ескерткіштеріндегі күрделі сандарды
келтірейік. Ондағы ондық сандар қатарына мыналар жатады: екон, учон,
йетміш, сегіз он; ондық пен бірлік аралас сандар: йеті йегірмі, алты отуз,
йеті отуз, екі отуз, уч отуз, біс йегірмі, бір отуз; жүздік сандар: йеті
йуз, беш йуз; мыңдық сандар: йеті бің, екі-уч бің, бес түмен (елу мың) т.б.
Осы мысалдардан байқалатындай, ондық пен бірлік аралас келген сандарға
өзгеріс енгені және сандық ұғымды берудегі түмен сөзінің бұл күнге дейін
сақталмағандығы сияқты ерекшеліктер бар. Алайда күрделі сандардың жасалуына
жататын негізгі тәсілдер мен модельдердің сол күйінше жеткендігі рас.
Осындағы күрделі сандардың тілде ұзақ уақыттардың жемісі екендігін ескеріп,
оларды әрдайым көңілде ұстап отырудың қажеттігі туады.
Синтаксистік қызметі жағынан күрделі сандар бірнеше сөзден құралса да,
сөйлемде бір ғана сөздің орнына жұмсалып, бір ғана грамматикалық мүше бола
алады: Ауданнан мүмкіншілігі содан екі есе жоғары – алты жүз мың қой өсіре
алады (М.Әуезов). Келтірілген осы сөйлемдегі алты жүз мың деген күрделі сан
тұтасымен бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана анықтауыш мүшесі
ретінде жұмсалған. Осындағы күрделі сан есімді үш қой, бес қой, жүз қой
түрінде өзге дара сан есімдермен ауыстырсақ та, үш, бес, жүз дегендер дәл
осылай анықтауыштық қызмет қана атқарады. Демек, үш, бес, жүз деген дара
сөздерде алты жүз мың деген күрделі сөз сияқты нақтылы сандық ұғымда ғана
жұмсалады.
Сөйлем бойындағы күрделі сандарға қосылатын қосымша да, олардың
күрделілігі болмаса, дербес сөздерге жататындығын көрсетеді. Қазақ тілі
жалғамалы тілдер тобына жататын болғандықтан, сөйлемдегі сөздерді
грамматикалық жағынан өзара байланыстыраптын қосымшалар үнемі сөздің
соңынан ғана қосылады.
Бұл тұста қосымша күрделі сандардың жеке сыңарларының барлығына бірдей
емес, тек соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мәселен, Биыл олардың саны екі жүз
сексен мыңнан асып отыр деген мысалда шығыс септіктің қосымшасы екі жүз
сексен мың деген бес сөзден тұратын күрделі сан атауының соңғы сыңары болып
табылатын мың сөзіне ғана қатысты. Өйткені мың сөзі – күрделі сан атауын
аяқтаушы сөз. Сондықтан қосымшаның өзгелерге емес, тек соған ғана тиесілі
болуы заңды да. Демек, басқа күрделі сөздер сияқты күрделі сан атаулары да
дербес сөздік қасиетке ие.
Күрделі сандар құрамдық тұтастығын әрқашан берік сақтайды, сондықтан
олар бөліп немесе араларына қандай да бір морфемаларды кірістіріп айтуға
келмейді [1,11].
Сондай-ақ күрделі сан атауларындағы жеке сыңарлар тұрақты
жұмсалатындығымен де ерекшеленеді, яғни олар еш уақытта да белгілі бір орын
тәртіптерін өзгертпек емес. Бұл да – күрделі сан атауларының дербес сөз
екендігінің бір белгісі.
Тілдегі сөз атаулыға ортақ негізгі белгіге орай, күрделі сандар да
сөйлемге әрқашан даяр қалпында алынады. Демек, сөйлем тілде бұрыннан
жасалып қолданылып жүрген лексикалық единицалардан тұрады, тілдік
қолданыста жоқ жай ғана дыбыстар тіркесінен тұратын бөлшектердің қатысуымен
еш уақытта да белгілі бір ақпарат тасымалдаушы сөйлем құрала алмайды.
Күрделі санда сөйлем бойындағы жай сөз тіркестері тәрізді әр сөйлем
құрастырылған сайын жасалып отырылады, өйткені олардың әрқайсысы тілде көне
замандарда жасалып, сол өткен замандардан бері бірге жасасып келе жатыр.
Сондай-ақ олар сөйлем бойындағы тіркестердің құрамында келгенде де өзге
сөздер сияқты дайын қалпында жұмсалып, тіркесің бір ғана сыңары бола алады,
міне, бұл да – күрделі сан атауларының лексикалық дербестігіне бірден-бір
дәлел.
Алайда күрделі сөздердің құрамының күрделіліг мен жекелеген
сыңарларының бөлек жазылуы олардың дербес сөз ретінде танылуына кедергі
келтіретін болса керек. Индоеуропа тілдерінде және көршілес орыс тілі
сияқты славян тілдерінде сөзді тануда осы белгі қолданылып келеді. Сөздің
бірігуі орыс тілінде осы қызметтегі арнайы қосымша арқылы жасалса, мұндай
қызметтегі қосымша түркі тілдерінде атымен жоқ. Сол себепті осы құбылыс
түркі тілдеріндегі көптеген сөздердің жеке сөз ретінде танылуына кедергі
болып, біріктіріле жазылуға тиіс кей сөздердің қазірде сөздердің жазылуы
жөніндегі емле ережесінің бастапқы үлгісіндегі кеткен олқылықтар бойынша
бөлек жазалып қалыптасқандары аз емес. Тіпті кейбірі бірде бөлек, бірде
біріктіріле жазылып, бір ізге түспей келеді. Осы аталған жайттар негізінде
біз сөздің бірге немесе бөлек жазылуы сөзді тануда түркі тілдерінде
негізгі, шешуші белгі ретінде қаралмауға тиіс деген тұжырымға келеміз
[7,162].
Бұдан қазақ тілінің емле ережесіне нұқсан келді немесе күрделі сан
атауларының жеке сыңарлары үнемі бөлек жазылып келеді деуге және келмейді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бірге немесе бөлек жазылу түркі тілдерінде
сөзді тануда шешуші қызмет атқара алмайды, ендеше бұл белгі күрделі
сандардың сөз ретінде танылуына да еш кедергі келтірмек емес.
Күрделі сөздерге өте бай болуы – түркі тілдеріне тән өзіндік бір
ерекшелік. Жекелеген оқулықтарда да сын есім, етістік сияқты сөз таптарының
күрделі құрылымды түрлері аз берілмейді. Осыған сай күрделі зат есімдер де
баршылық. Мұндай күрделі құрылымдар өзге сөз таптарына да қатысты. Осы
аталғандар түркі тілдеріндегі сөзжасам жүйесінің ерекшелігі жөнінде хабар
береді.
2.2. Күрделі сандардың тірек компоненті
Қандайда бір тілде болмасын сөзжасам процесіне қатысатын элементтердің
қызметі әр алуан келеді. Мысалы, синтетикалық тәсілді алайық. Бұл тәсіл
арқылы сөз жасалғанда, қосымшалардың, нақтылай айтқанда, сөз тудырушы
қосымшалардың қызметі белсенді көрінеді, яғни осы қосымшалар негізінде
белгілі бір мағыналы жаңа сөз жасалады. Сонымен бірге басқа да сөздердің
жасалуына негіз, ұйытқы болатын сөздер де белгілі. Айталық, белбеу, желбау,
оттегі, сутегі, қара ала, көк ала, қызыл ала т.б. деген қатардағы белбеу
және желбау сөздерінің жасалуына бау деген компонент негіз болып тұр. Ал
оттегі және сутегі деген сөздерге негіз боп тұрған – тегі компоненті.
Сондай-ақ көк ала, қара ала, қызыл ала деген күрделі сөздердің жасалуына да
ала дегеннің тірек болып тұрғандығын байқауға болады. Демек, күрделі
сөздердің тірек компоненті деп осы тәрізді бірнеше сөздердің жасалуына
ұйытқы болатын сөздерді атайды.
Дәл осы күрделі сөздердің жасалуындағы ұйытқы сөздер сияқты, күрделі
сандардың жасалуында да негізгі қызмет тірек компонентке жүктеледі. Сандық
ұғымның да күрделі атауына негіз болатын тірек компонент бәрінің құрамында
бірдей мағынада бірнеше күрделі санның жасалуына ұйытқы болады. Тірек
компоненттегі түрліше мағыналар басқа компоненттердің ауысуы арқылы белгілі
болып отырады. Мәселен, ондық пен бірлік сандар аралас келгендегі жаңа
мағына осы ондық пен бірліктің қосындысынан көрінеді: он бір, он екі, он
үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз. Яғни бұл тұста
он деген сан тоғыз бірлікпен жеке-жеке тіркесіп, әр тіркесте жаңаша күрделі
сан жасаған. Тілімізде осындай ондық сандардың тірек компонент қызметінде
болуы арқылы сексен бір (81) күрделі сан жасалады екен. Осы сексен бір
күрделі санның барлығында да тірек компонент қызметіндегі ондықтар бірінші,
ал тұрақсыз, яғни ауыспалы компоненттер үнемі келесі орындарды иеленеді.
Ондық пен бірлік сандардың араласып келген күрделі сандардың
атауларында тірек компоненттің мағынасы сақталады да, нәтижесінде олардың
мағыналас екендігі байқалып тұрады. Айталық, отыз бір, отыз екі, отыз үш,
отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз
қатарындағы тоғыз күрделі санның барлығында да тірек компонент ретінде
танылатын отыз санының мағынасы сақталып, бәрінің де бір-бірімен мағыналас
екендігін, тығыз байланыста тұратындығын көрсетеді [8,48].
Сан жағынан тілімізде тірек компонент бол алатын сандар көп емес.
Оларға ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар жатады. Мәселен, бір жүз, екі жүз, үш
жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз деген
қатардағы барлық күрделі сан атауларына тірек компонент болып тұрған – жүз
сөзі. Яғни бұл модельде жүздіктердің аты жүз санының тоғыз бірлікпен
тіркесе келіп, тоғыз түрлі мәнде жұмсалуы арқылы жасалып тұр.
Байқағанымыздай, мұндағы күрделі сан атауларының жасалуына жүз сөзі негіз
болып, барлығында бірдей тірек компоненттің қызметінде тұр.
Көңіл аударарлық бір жайт – жүздіктердің атын жасауда орналасу реті
жағынан тірек компонент есебіндегі сан екінші, ал ауыспалы компонент
бірінші орынды иеленеді және жүздіктердің беретін мағынасы күрделі атау
құрамындағы бірлік пен жүздіктің көбейтіндісі арқылы белгілі болады. Сондай-
ақ жаңадан жасалған тоғыз жүздіктердің барлығында да сол жаңа мағынаға өзек
болатын жүз санының мағынасы сақталады. Осындағы әрбір жүздік сан
бірліктермен, ондықтармен, сонымен бірге ондық пен бірлікті бірдей қоып алу
арқылы да екі жүз екі, үш жүз жиырма, алты жүз он бес т.б. түрінде күрделі
сан атауын жасай береді және барлығында да тірек компонент қызметінде
жұмсалады.
Сонымен, жоғарыдағыдай, жүздіктің түрлерін жасағанда да, жүздіктер мен
ондық және бірліктер араласқан күрделі сан атауларының жасалуына да жүз
саны саны қатысып, барлығында тірек компонент ретінде танылады екен.
Тілімізде көптеген күрделі сан атауы жүз саны және ол арқылы жасалған
жүздіктердің тірек компонент ретінде қатысуымен жасалған. Ал мыңдықтар
миллионға дейінгі күрделі сандарды жасауға тірек компонент қызметінде
қолданылатын сандардың ең өнімдісі ретінде қатысады. Тілімізде мыңдықтардың
түрлері де көп. Бұл мыңдықтардың әрқайсысы қаншама күрделі сандардың
жасалуына ұйытқы бола алады, басқаша айтқанда, ондық пен жүздіктер арқылы
жасалған күрделі сандарды есепке алмағанда, өзге күрделі сандардың
барлығының жасалуына да негіз болатын – мыңдықтар. Мысалы мың саны тоғыз
мыңдықтың атын тоғыз бірлікпен тіркесу арқылы жасайды: бір мың, екі мың, үш
мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың, сегіз мың, тоғыз мың. Сондай-ақ
мыңдықтар жасалғанда, тек бірліктермен ғана емес, ондықтармен де,
жүздіктермен де, тіпті жүздік аралас күрделі сандармен де тіркеседі: он
мың, жүз мың, жүз алпыс мың, тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың т.б. Осы тоғыз
мыңдықтың барлығында да мың саны тірек компонент ретінде жұмсалған. Мұнда
да мың саны кейінгі орында, ал ауыспалы компоненттер тұрақты түрде алдыңғы
орында тұрады және тірек компонент есебіндегі мың саны бұлардың барлығына
да ортақ сипатта.
Өзіне түрлі сандарды қосып алу арқылы бұл мыңдықтар тірек компонент
қызметінде миллионға дейінгі басқа да күрделі сандық атауларды жасауға
жұмсалады: жүз отыз бес мың тоғыз жүз қырық төрт, жүз отыз бес мың жеті жүз
сексен жеті т.б. Осыларға тірек компонент болып тұрған сан – жүз отыз бес
мың. Мыңдықтар дәл осылай күрделі сандардың жасалуына ұйытқы болады. Сондай-
ақ мың саны мыңдықтардың атында тірек компонент болған жағдайда, күрделі
сан атауының соңғы компоненті болады, ал мыңдықтардың бірінші орында тұрып,
ауыспалы компоненттің соңында келуі үшін, мыңдықтардың үстіне қосылған
миллионға апаратын күрделі сандарға тірек компонент болуы қажет.
Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz