Трасология объектілерінің криминалистикалық маңызы және классификациясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
1. ТРАСОЛОГИЯ – ІЗДЕРДІ ЗЕРТТЕЙТІН КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ БІР САЛАСЫ
1.1 Трасологияның түсінігі мен ғылыми негіздері 5-
12
1.2 Трасология объектілерінің криминалистикалық маңызы және классификациясы
12-20
2. ТРАСОЛОГИЯ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
2.1 Адам іздерінің трасологиясы 21-
50
2.2 Бұзу құралдары іздерінің трасологиялық мәні 50-
56
2.3 Көлік құралдары іздерінің трасологиялық маңызы 57-
63
2.4 Іздерді табу, алу және бекітуде қолданылатын
криминалистикалық тәсілдер
63-72
ҚОРЫТЫНДЫ 73-74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ 75-77
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу.[1, 4б]
Қылмыстылықпен күресу мемлекеттің қылмыстылықты төмендетуі бойынша
тактикалар мен стратегияларды ұйымдастыруымен, заңнаманы реформалаумен
қатар атқарушы билікті өзгертумен сипатталады.
Атқарушы органдарға, әсіресе, тергеу және анықтама органдарына
дәлелдемелерді жинау арқылы объективті шындықты орнату тапсырмасы
жүктеледі.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі криминалистика ғылымымен қылмыс жасау
кезінде ешбір із қалдырмай кету мүмкін емес деген дәлелден көрініп тұр.
Іздердің сипатын анықтау үшін трасологиялық сараптама жүргізген қажет.
Әртүрлі іздердің пайда болу заңдылықтары толығырақ зерттелген сайын
іздерді анықтау соғұрлым тез болады. Бірақ ең бастысы, іздермен жұмыс
жасаудың маңыздылығы іздерді тез арада тауып алу ғана емес, сол іздердің
негізінде тиімді шешімдер жасап, қылмысты зерттеу мен ашу мақсатында оларды
орынды пайдалану.
Қылмысты тергеу кезінде қай уақытта болса да іздерді тауып зерттеу
басты орын алған, себебі соңғылар дәлелдемелік информациялардың негізгі
қайнар көзі болған және болып табылады. Қылмысты ашу, қылмыстың шешімі көп
жағдайда қылмыстың әртүрлі жағдайларын көрсететін ізді қаншалықты тауып
алуға, қаншалықты зерттеуге, тиянақтауға және дұрыс пайдалануға байланысты.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың мақсаты қылмыс орнында іздермен жұмыс жасаудың
пайдалы және тиімді тәжірибелік ұсыныстарын ашып шығару болып табылады.
Қылмыстылық оқиғаның шеңберіне көп жағдайда ерікті немесе еріксіз түрде
көптеген адамдар араласып тұрады, сол себептен оқиға болған жердің
материалдық жағдайына әртүрлі өзгерістер еніп кетеді, әртүрлі объектілер
мен тұлғаларда әртүрлі іздер қалады.
Болған оқиғаның мәліметтік қайнар көзі болып табылатын іздер оның мәнін
шешуге, жеке жағдайларды нақты анықтауға, қылмысқа қатысты әр тұлғаның
кінәллік және жауаптылық дәрежесін белгілеуге көмектеседі.
Тақырыптың зерттелуі. Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми
еңбектерінде жете зерттеген – Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов,
Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М.
Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова
және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың
трасология іліміне қатысты еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде
қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Іздердің көмегімен шешілетін мәселелерді идентификациялық және
идентификациялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Іздер бойынша
анықталатын идентификациялық емес сұрақтарды негізінен тергеуші мен
криминалист-маман оқиға болған жерде, тінту кезінде шешеді.
Идентификациялық сипаттағы мәселелер әдетте трасологиялық сараптама
шеңберінде анықталады. Іздердің көмегімен анықталынатын нақты жағдайларды
(идентификациялық және идентификациялық емес) төменде көрсетеміз.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі - ол, іздерді ғылыми тұрғыда
зерттеу болып табылады.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәнін Қазақстан Республикасының заңдары
негізінде криминалистикалық трасология аспкетлері болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті, Қылмыстарды ашу мен тергеу барысында
іздерді анықтау мен зерттеу әр уақытта алдыңғы қатардағы мәселелер. Осы
іздерді анықтау дәлелдемелік ақпараттардың қайнар көзі болып табылады.
Тергеудің нәтижелігі қылмыс оқиғасының жағдайын көрсететін іздерді
қаншалықты толық көлемде анықтауға, табуға, бекітуге, зерттеуге және
қолдануға тікелей байланысты. Жұмыстың мақсаты – оқиға болған жерде
табылған іздермен нәтижелі және тиімді жұмыс жүргізудегі тәжіриблік
ұсыныстарды ұсынудан тұрады. Қылмыстық оқиға кезінде әртүрлі тұлғалар
қоршаған материалдық әлемде қалдырылатын іздердің себепкерлері болады.
Оқиға туралы мәліметтердің қайнар көзі болып табылатын іздер, әр адамның
қылмысқа қатысу нысанын, кінә деңгейін, жауапкершілік дәрежесін және
қылмыстың мән-жайларын айта алады.
Бұл зерттеу мақсатын іске асыру үшін, алдымызға мынандай
міндеттерді қойдық:
- Криминалистикалық трасологияда қолданылатын әдіс-тәсілдер;
- Криминалистикалық трасология пәнін анықтайтын мән-жайлар анықтау;
- адамның іздерінің трасологиясының мәнін анықтау;
- бұзу құралдарының іздері трасолгиясының маңызы;
- көлік құралдарының іздері трасологиясының маңызы;
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы,
трасологияның теориясының іс жүзінде дамуы мен қалыптасуын анықтау мен
толықтыру, сол арқылы қылмыспен күресу жолдарына дұрыс бағыт беру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом кіріспеден, екі
бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдалынған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1.1 Трасологияның түсінігі мен ғылыми негіздері
Қылмыстарды ашу мен тергеу кезінде іздер сонау ежелгі заманнан бері
қолданылады. Олардың біздің дәуірімізге дейін қолданылғандығын негізінен
Ману атты ежелгі үнділік заңдары көрсетеді, оларда қылмыстарды тергеу
әрекеті өзінің олжасын қанның іздері бойынша іздеп жүрген аңшының
әрекеттеріне ұқсатылады.
Г. Гросс көптеген ғасырлар бойы Үндістанда орын алған із кесушілердің
ерекше кастасы – кхойлар туралы әңгімелеп берді, ол қылмыскерлерді
олардың іздері бойынша іздестірумен айналысатын. Олардың іс-әрекетін
сипаттай отырып, ол ежелгі үнді із кесушілерінің таңғажайып қасиеттерін
көрсететін бірнеше мысалдар келтіреді.
Іздерді ғылыми тұрғыдан зерттеу кезінде қайсыбір қателіктер жіберіліп
отыратын, олар негізінен іздерді зерттеудің ортақ жүйесінің жоқтығынан,
тергеу-сот практикасында кездесіп жататын сан-алуан түрлі іздердің толық
қамтылмауына, сондай-ақ трасология саласына трасологиялық зерттеуге тән
болмайтын нысандарды енгізумен байланысты орын алып отыратын.
Трасологияны едәуір дәрежеде дәл және толық түрде Б.И. Шевченко
белгілеген. Трасология деп заттардың сыртқы құрылысының бейнесі ретінде,
сол заттарды сәйкестендіру немесе топтық түрін анықтау мақсатымен, сондай-
ақ сол іздердің пайда болуымен байланысты жағдайларды анықтау мақсатымен
іздерді зерттейтін криминалистикалық техниканың саласы аталады деп жазады
ол. Біздің пікірімізше, трасологияның мұндай анықтамасы қайсыбір дәрежеде
трасологияның шекараларын тарылтады, себебі мұнда трасология криминалистік
техниканың бір саласы ретінде ғана қарастырылады. [63, 147б]
Одан кейінгі жылдары бұл анықтаманы кеңейтіп және нақтылауға әрекеттер
жасалған болатын. Мысалы, Л.К. Литвиненко, бейне – іздермен қатар,
трасологиялық тұрғыдан алғанда іздерге сондай-ақ беттердің құрылысының
сәйкестігін (жыртылу мен сыну іздері) жатқызған, ондай іздер нақты бір
нысанды сәйкестендіріп, бөліктері бойынша тұтас бір затты анықтап немесе
күштің жұмсалу бағытын белгілеуге мүмкіндік береді.
Дұрыс анықтаманы Н.А. Селиванов береді, трасологияда нысандардың сыртқы
құрылысының іздерде бейнеленуінің заңдылықтары мен түрлі нұсқаларын
зерттеу, іздер арқылы іс үшін маңызды болып келетін жағдайлардың
әдістемесін – қылмыскердің әрекет ету әдістерін, оның дене бітімінің
белгілерін және т.б. зерттеген дұрыс.
Кейбір криминалистер трасологияға оның мәнін бұрмалаумен, трасологиялық
зерттеулердің шектерін қысқарат отырып беретін.
Трасология - бұл іздер туралы криминалистикалық зерттеме.
Криминалистикада іздің екі ұғымы бар. Кең мағынасын алып қарағанда – бұл
қылмыстың кез келген зардаптары: қылмыс жасалған жердегі жағдайдың өзгеруі,
басқа заттардың жоғалуы, олардың қасиеттері мен белгілерінің өзгеруі және
т.б. Трасология шеңберінде зерттелетін іздер соларды қалдырған нысандардың
сыртқы белгілерін көрсететіндігімен ерекшеленеді.
Трассология термині келесіні нұсқайды: оның зерттеу тақырыбына іздер
(франц. ла трассе - із) жатады. Бұл атаудың оқылу әдісі уақыт өте келе
өзгеріп отырды: трассеология - трасеология -трасология.
Трасология – криминалистік техниканың дәстүрлі саласы болып табылады.
Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген –
Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В.
Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н.
Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова және т.б. Сонымен қатар,
И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың трасология іліміне қатысты
еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде қалыптасуының өзіндік тарихы
бар.[64, 75б]
Ең алғаш 1938 жылы трасология терминін И.Н. Якимов: Заттай
дәлелдемелер мен іздерді оқу, – деген атаумен трасологияны
криминалистиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған. Оның
берген іздер жөніндегі ұғымы кең мағынада қарастырылып, қылмыстардың
барлық іздерін қамтыған. Дегенімен де ізді ортақ өңдеп жетілдірудің ғылыми
негізі трасологиялық зерттеу объектілердің нақты анықтамасын талап етті.
1945 жылы С.М. Потапов іздер туралы ұғымдардың әртүрлі болуына
байланысты іздің трасологиялық түсінігін бөліп көрсетуге мүмкіндік
беретіндей белгілерді ұсынды. Із – тергелетін оқиғамен себепті байланыста
болатын құбылыстардың материалдық заттардан көрініс табатын белгілері.
Мұнда С.М. Потапов із ұғымын анықтауда: ізді қылмыстың жалпы материалдық
жағдайының өзгеруі ретінде емес, ол белгілердің көрініс табуы - деп іздер
туралы ұғымды (түсінікті) шектейді.
1942 жылы және кейіннен де Б.И. Шевченко із жөніндегі ұғымдарды
заттардың басқа да бір материалдық заттарға сыртқы көрініс бейнесін
қалдыру (түсіру) трасологияның объектісі болып табылады – деп толықтырады.
Трасология үшін маңызы бар төмендегідей тәртіп ережелерін ұсынған:
1. трасологияның объектісі болып қатты денелердің табылуы;
2. іздің – активті және пассивті іздердің өзара байланысқа түсуі арқылы
пайда болуы;
3. қатты денелердің сыртқы құрылысының жекелілігі, олардың сыртқы
көрінісінің бедерінен тұрады, бұл қатты дененің жалпы және қажетті
қасиетіне жатуы;
4. объектілердің сыртқы құрылысы ішкі факторлардың – заттың өзіндік қасиеті
және қоршаған ортадағы заттардың сырттай әсер етуі арқылы қалыптасуы;
5. объектінің сыртқы құрылысы үздіксіз қозғалыстағы және өзгерістегі
қасиеттер ретінде қарастырылуы;
6. трасологиялық идентификация процесі объектінің сыртқы құрылысының
қайталанбайтын жеке белгілерінің жиынтығын анықтаудан тұруы;
7. із қалдырушы объектінің сыртқы құрылысының пайда болу процесін зерттеу
және де оларды табу, бекіту, алу әдістерін типтендіру үшін, сондай-ақ
идентификациялау мақсатында зерттеу әдістемесі мен техникасын өңдеу үшін
топтастырулар жасалуы қажет. [21, 168б]

Іздерді криминалистикалық зерттеудің негізінде пайда болған негізгі
қағидаларға мыналар жатады:
• материалдық дүниедегі объектілердің жекелілігі, соның ішінде объектінің
сыртқы құрылысының жекелілігі. Бір топтық объектілердің сыртқы құрылысы
жалпы белгілері бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ олар жеке белгілері
(формасы, көлемі, түрі және т.б.) бойынша ерекшеленеді. Трасологиялық
жеке белгілерге – іздің сыртқы қабаты бедерінің (ерекшеліктері) немесе із
өрнегінің (суретінің) детальдары жатады. Шабу іздеріндегі бедер
детальдары балта қырының тегіс емес кедір-бұдыр жерлерімен қалдырылған
қыртыс пен көтеріңкі шыққан, арасы шұңқырланған сызықтардан тұрады; қол
саусағынан қалған іздерде папиллярлы өрнектің детальдары қалады,
автокөлік дөңгелектерінің протектірлерінен қалған іздерде жекеленген ақау
белгілері (мысалы: дөңгелек резенкелерінің жырылуы) қалады;
• объектілердің сыртқы құрылысының салыстырмалы тұрақтылығы – бұл белгілі
бір уақыт аралығында объектінің өз формасы мен басқа объектілерден бөліп
қарастыруға мүмкіндік беретін айрықша белгілерін сақтау қасиеті.
Трасологиялық зерттеудің объектісіне тек қана қатты заттар, яғни
қасиеттері салыстармалы түрде өзгермейтін объектілер жатады. Із қалдырған
объектінің белгілері және ізде көрініс тапқан белгілер белгілі бір уақыт
аралығында өзгеріске ұшырамаған жағдайда ғана трасологиялық
идентификацияны жүзеге асыруға болады. Қатты заттардың сыртқы құрылысы
салыстырмалы тұрақты болғандықтан, олардың іздері ұзақ уақыт аралығында
өзгеріске ұшырамайды және зерттеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты сақтай
алады. Бұл қасиет із қалдырушы мен із қабылдаушы объектілерде әртүрлі
көрініс табуы да мүмкін. Мысалы, бұзу құралының бөгетте қалдырған ізі
уақыттың өтуіне қарамастан өзгеріске ұшырамайды, ал тістің тағамда (алма,
алмұрт) қалдырған ізі аз уақыттың ішінде де өзгеріске ұшырайды.
• объектілердің сыртқы құрылысы, соның ішінде оның жеке белгілері
(детальдары), белгілі бір жағдайларда басқа бір объектілерде өз бейнесін
дәлме-дәл түсіру қабілетіне ие жеке белгілердің дәлме-дәл, әрі толық
көрініс табуы. Жеке белгілердің толық және дәлме-дәл көрініс табуы іздің
пайда болу жағдайларына байланысты. Олардың негізгісіне – із қалдырушы
мен із қабылдаушы объект материалдарының физикалық қасиеті жатады.
Сонымен қатар, объектілердің қарым-қатынасқа түсу механизмі де жатады. Із
қабылдаушы объект неғұрлым иілімгіш (созылмалы), құрамдық құрылысы
ұсағырақ болса, пайда болатын іздің детальдары соғұрлым нақтырақ,
айқынырақ көрініс табады;
• пайда болатын ізде объектінің сыртқы құрылысының көрініс табуы айналы
түрде кері жүретін процестің нәтижесі түрінде қарастыруға болады. Мысалы:
дөңес (шығыңқы) объектілер (аяқ киім ұлтаны (табаны) жұмсақ
материалдарда: құмда, лай-батпақтарда) көлемді іздерді қалдырады. Іздің
пайда болу кезіндегі жағдайларға қатысты басқа да өзгешеліктерді байқауға
болады. Мысалы: беткі қабаттың бедерлі болуынан із тырналып түседі. [66,
84б]
Әрбір қылмыстық акт қоршаған ортада өзгерістерді тудырады. Қылмыстық іс-
әрекеттерді іздер бейнелейді. Трасология негізінен іздерді – соларды
қалдырып кеткен нысанның белгілерін көрсететін бейнелерді: қолдың ізін,
сыну ізін, доңғалақтың ізін немесе қылмыстың механизмін: қанның ізін,
жіптерді зерттейді.
Қылмыстық оқиға, әдетте, оқиға орын алған жерде, айналасындағы
жағдайдың, қылмыскердің өзінде және оның құрбанында әртүрлі материалдық
өзгерістердің туындауына әкеледі. Кең мағынадан алып қарағанда олар
қылмыстың іздері деп аталады. Қылмыстық іздер аса сан-алуаны түрлі болып
және төмендегідей түрде байқалуы мүмкін:
- бұрын болған заттардың жоғалуы (мысалы, талан-таражға салу кезінде)
немесе олардың қалпының өзгеруі;
- қандай да бір жерде жаңа бұйымдардың немесе заттардың пайда болуы
(мысалы, қылмыскер қалдырып кеткен қылмыс қаруы, тасталған темекі тұқылы);
сырттан әсер етудің нәтижесінде жекелеген заттардың қалпының немесе олардың
бетінің өзгерулері (сындырылған құлып, едендегі аяқтың іздері, қылмыскердің
киіміндегі қан іздері және т.б.).
Қылмыстық оқиғамен себептік байланыста болумен, іздер оқиғаның
жекелеген мән-жайы туралы, қылмыскердің әрекеттері мен іздердің пайда
болуына қатысқан нақты нысандардың ерекшеліктері туралы ақпаратты береді.
Сондықтан іздер қылмыстарды ашудың, қылмыскерлерді іздестіру мен
әшкерелеудің аса маңызды құралы болып табылады. Олар орын алған оқиғаның
сипаты мен егжей-тегжейлері туралы, қылмыскерлердің саны мен кейбір дене
бітімінің ерекшеліктері туралы, олар пайдаланған құралдардың түрі мен
ерекшеліктері туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ кейбір
жағдайларда нақты нысандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Іздердің әртүрлі сипаты және тергеу барысында солардың көмегімен
өздерін шешуге тура келетін мәселелердің мазмұны әртүрлі саладағы
білімдерін тартудың қажеттігіне негіз болады. Іздермен жұмыс істеген кезде
криминалситикалық техниканың құралдарын, тәсілдері мен әдістерін қолданумен
байланысты тергеу практикасының қажеттіліктері оның арнайы саласы – іздер
туралы криминалситикалық ілімнің қалыптасуына әкелді. [50, 210б]
Іздердің криминалистикалық талдауының маңызы тергеліп отырған оқиғаның
әртүрлі жағдайларын анықтаудың мүмкіндіктерімен белгіленеді. Бұл ретте
басқа да криминалистикалық зерттеулердегідей сәйкестендіру және
диагностикалық мәселелер шешіледі. Алғашқыларына нысанды ол қалдырып кеткен
іздер бойынша теңестіру және топтық түрін, соның ішінде ортақ пайда болу
көзін анықтау жатады.
Диагностикалық мәселелерді шешу кезінде ең алдымен іздердің пайда болу
механизмі анықталады: нысандардың іздер пайда болған сәттегі өзара
әрекеттесуі.
Оқиға орнындағы іздердің сипатын, олардың орналасу ерекшеліктерін
зерттеу қылмыстың қалай жасалғандығын көзге елестетуге мүмкіндік береді:
тоналған панажайдың есіктері қалайша сындырылған, құлыптары қалай бұзылған
және т.б. Осының барлығын зерттеу келешекте осы қоймаларды немесе олардың
құлыптарын қылмыскерлер бұза алмайтындай не істеу керектігін алдын-ала
көріп, және сол арқылы ықтимал қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді
[7, 35б ].
Осылайша, трасология дегеніміз – бұл іздің пайда болу механизмін
анықтау, із құраушы нысандардың топтық түрін және сәйкестендіру
жекедаралығын белгілеу мақсатында бейне-іздерді табудың, тіркеу мен
зерттеудің ғылыми-техникалық құралдары мен әдістерін әзірлейтін
криминалистикалық техниканың саласы.
Антропологиялық өзгерулер Париждік қылмыстық полицияда жұмыс істеген
және қылмыскерлердің фотосуреттерін салыстырумен айналысқан Альфонс
Бертильонға маза бермейтін. Ол өз-өзіне мынадай сұрақ қоятын:
Жаратылыстану бір адамды екінші адамнан, атап айтқанда оның денесінің
өлшемдерін қатесіз айыруға мүмкіндік беретін каиндық басуды ашқан шақта
неге біз ескі, мүлде тиімсіз әдістерге жабысып қалғанбыз.
Және сөйтіп Бертильон тіркеуге жататын қылмыскерлердің барлығын өлшеуге
рұқсат сұрайды. Қысқа мерзім ішінде ол көптеген айыпталушыларды өлшеп
шықты, бұл ретте оның көз жеткізген нәрсесі: әртүрлі адамдардың дене
бөліктерінің өлшемдері сәйкес болып шығуы мүмкін, алайда денесінің бірден
төрт немесе бес бөлінің өлшемдері ешқашан сәйкес болмайды. 1879 год.
Бертильон париждік полицияның бастығына мәлімдеме хат жібереді, ол хатында
ол өзінің жүргізген өлшеулері жайлы әңгімелейді және Кетле заңына сілтеме
жасайды, алайда Бертельонның ашқан жаңалығы қызығушылық тудырмады, сөйтіп
оның ұсынысы қабылданбаған күйінде қалды.
Алайда ол кезде Бертельон дәл осы проблемамен Үндістандағы Ағылшын
колонияларының бірінде қызмет еткен ағылшын шенеунігі Ульям Хершел аналысып
жатқандығын әлі білмеген болатын.
Хершелмен қатар, алайда ол туралы білмей, Токиода сабақ беретін
шотландтық дәрігер, доктор Генри Фолдс адамды саусақтағы өрнектер бойынша
сәйкестендіру проблемасымен айналысып жатқан болатын. Бір жылдың ішінде ол
көптеген саусақ іздерін жинастырып және олардың сан-алуандығын зерттеп
шықты. Бір жағдай Фолдсты мынадай бір ойға итермеледі: саусақтың ізі қалып
қалу үшін оларға міндетті түрде күйе жағып жатудың қажеті жоқ. Саусақтардың
ұштарындағы тері бездерінің аузындағы тесігінен майлы сұйықтық шығады, ол
күйе немесе бояу тәрізді анық папиллярлық сызықтардың ізін қалдырады.
Өзінің бұрынғы зерттеулері кезінде Фолдс әртүрлі үйлерден қызметшілердің
саусақ іздерін алып отырған. Енді ол оның бокалында қалдырылған саусақ
іздерін оның коллекциясында бар үлгілермен салыстырып көрді. Нәтижесі оны
таң қалдырды: бокалдағы саусақ іздері қызметшілердің біреуінің саусақ
іздерімен толық сәйкес келетін. Жауапқа тартылған қызметші бокалды
ұстағанын мойындады. Енді Фолдстың өзінің жаңа дәлелдеу әдісін ашқандығына
ешбір күмән жоқ болатын, ол сонысымен Хершелден асып түсті. Сондай-ақ ол
саусақтардың іздері сот медицинасында түрі адам танымастай етіп өзгерген
мәйітті тану кезінде егер оның тірі кезінде саусақ іздері алынған болса,
үлкен маңызы бар, және бұл меңі немесе қалы бойынша тануға қарағанда
сенімді әдіс деп айтатын. Хершел мен Фолдстың жолдары бір болды және олар
осы әдісті кім бірінші болып ашқандығын ұзақ уақыт белгілеумен болды. Сол
кездері Альфонс Бертильон полициялық сәйкестендіру қызметінің директоры
болып қызмет ететін және полициямен ұасталған барлық тұлғаларды өлшеуден
өткізіп отырды сөйтіп бұрын айыпталған және өзі өлшеген қылмыскерлердің
көптеген санын сәйкестендірумен үлкен табыстарға жетті. Ол Париждің
қылмыстық әлемінің орасан зор көлемдегі картотекасын жинап және оны бір
жүйеге келтірді, алайда оның кемшілігі сол, ондағы жіктемеленген факторлар
өте көп болатын және сол себептен бұл оны қолдануды қиындататын.
Хершел мен Фолдстың жаңалықтарын Бертильонның жүйесімен біріктірген
негізін қалаушыға 1897 ж. британский антрополог Френсис Гальтон айналды.
Бұл есім криминалистика тарихына адамды саусақтың өрнектері бойынша
сәйкестендірудің негізін қалаушы ретінде енді.
Өзінің бір ғасырдан артық уақыт бойы өмір сүріп келе жатқанына
қарамастан, дактилоскопия қылмыстарды ашу мен тергеуде өзінің мағынасын
жоғалтпай ғана қойған жоқ, ол соңғы ондаған жылдар ішінде өз
мүмкіншіліктерін едәуір кеңейте түсті.
Із із құраушы және ізді қабылдаушы (тасымалдаушы нысан) нысандардың
өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады, ал оның қалыптасуына іздің
заты да қатысады. Іздің қалыптасу барысында өзара әрекеттесуші нысанның
екеуі де тиісті өзгерістерге ұшырайды. Бұл ретте нақты із түзілу
жағдайларында пайда болған физикалық және өзге түрдегі қасиеттердің
өзгешеленуіне орай бір нысанның өзгесіне тигізетін әсері елеулі болып
шығады. [65, 168б]
Іздерді зерттеу кезінде із түзуші нысан мен тасымалдаушы нысанның
қасиеттері ескеріледі және ең алдымен: 1) қатқылдығы, б.а. өзіне жергілікті
күш салумен түйісіп әсер ету кезінде қатқыл дененің беткі қабатындағы
пішінінің өзгеруіне (майысу мен қирауға) қарсы тұруы; 2) иілгіштігі –
қатқыл денелердің жеткілікті дәрежеде үлкен болып келетін сыртқы күштердің
әсерімен өзінің пішіні мен өлшемін кері қайтпастай өзгерту қасиеті; 3)
иіліп майысу, б.а. өзін тудырған күштер жоғалғаннан кейін жоғалатын майысу.
Тергеу және сот практикасында механикалық әсер етудің іздері көбірек
кездесіп жатады. Механикалық әсер ету іздерінің қалыптасу барысында осындай
әсер етудің шамасы ретінде күш белгілеуші мағынаға ие болады. Ескере
кететін нәрсе, бұл процеске қатысатын күштердің шамалары бірдей емес және
бағыттары да әртүрлі. Олардың әсерінің нәтижесінде түйіспелік өзара
әрекеттесудегі молекулалық ілініс бұзылады. Қатқылдау болып келетін
нысандар аз мөлшерде, ал қатқылдығы төмен нысандар – көбірек
деформацияланады.
Із қалдырған тұлғаның физикалық қасиеттері туралы көлемді іздің
тереңдігі айтады. Із қандай болғанмен, біздің анықтағанымыз, тергеуші мен
сотты із тудырушы нысанды сәйкестендіруге бола ма деген мәселе әрдайым
қызықтырады.
Беттік іздердің пайда болуының да өзіндік заңдылықтары болады. Олардың
түзілу процесіне механикалық күштер қатысқанымен, сөйтсе де онда негізгі
рөлге адгезия қасиеті, б.а. із тудыратын нысандарға әртүрлі бөгде заттардың
жабысып қалуға деген қасиеті ие болады. Бұл жағдайда нысандардың пішімі мен
бүтіндігі өзгермейді. Егер өзінде із қалмайтын нысанға қандай да бір бөгде
заттардың бөлшектері (мысалы, шаңның, тері-май түзілімдері және т.б.)
әкелінсе, сол заттармен тудырылатын қатпар іздер пайда болады. Егер ондай
заттар өзінде із қалатын нысанның үстінде болса және сонымен жанасқан кезде
із тудыратын нысанға ауысса, алыну іздері қалыптасады.
Қатпар-іздер түссіз (тері-май) және боялған болуы (егер қолға қандай да
бір бояғыш зат: қан, сия, күйе, бояу және т.б. жағылған болса) мүмкін.
Түсі жоқ іздер саусақтар жанасқан барлық беттерде қалып отырады, алайда
оларды тек қана тегіс беттерде (шыны, жиһаз, металл, қағаз және т.б.)
анықтап және өңдеуге болады.
Боялған іздерді қылмыскердің өзі оңай тауып және жоя алады, ал
саусақтардың түссіз іздерін қылмыскер көрмейді, олар папилярлық сызықтардың
ұсақ ерекшеліктерін жақсы көрсетеді, сондықтан аса бағалы болып табылады.
[51, 13б]
Бүгінгі таңда мемлекетімізде қылмыстылық мүлдем жоқ және қоғам
қылмыстық қол сұғудан қауіпсіз деп толық көлемде айта алмаймыз.
Қылмыстылық – бұл территорияда белгілі уақыт аралығында жасалған
қылмыстардың жиынтығы деп айтамыз.
Қылмыстарды ашу мен тергеу барысында іздерді анықтау мен зерттеу әр
уақытта алдыңғы қатардағы мәселелер. Осы іздерді анықтау дәлелдемелік
ақпараттардың қайнар көзі болып табылады. Тергеудің нәтижелігі қылмыс
оқиғасының жағдайын көрсететін іздерді қаншалықты толық көлемде анықтауға,
табуға, бекітуге, зерттеуге және қолдануға тікелей байланысты. Жұмыстың
мақсаты – оқиға болған жерде табылған іздермен нәтижелі және тиімді жұмыс
жүргізудегі тәжіриблік ұсыныстарды ұсынудан тұрады. Қылмыстық оқиға кезінде
әртүрлі тұлғалар қоршаған материалдық әлемде қалдырылатын іздердің
себепкерлері болады. Оқиға туралы мәліметтердің қайнар көзі болып табылатын
іздер, әр адамның қылмысқа қатысу нысанын, кінә деңгейін, жауапкершілік
дәрежесін және қылмыстың мән-жайларын айта алады.
Гомоскопия - өте ауқымды тақырыптардың бірі, сондықтан біздің бітіру
жұмысымыздың көлемінде толық көрініс табуы мүмкін емес. Біздің жұмысымыздың
ауқымында қарастырылып отырған тақырыпты барынша ашуға тырысу – басты
мақсатымызды көрсетеді.
Ерте заманнан қылмыстарды ашу мен тергеу барысында іздерді қолданған.
Бұл туралы Ману заңдарының дерекетері куәгер бола алады. Г. Гросстың айтуы
бойынша ежелгі Үнді елінде ізд ерді аныөқтау мен іздерге түсумен
айналысатын арнайы – каста кхоях болған. Олардың іс-шараларын бейнелеу
барысында ол, үнді ізкесерлердің керемет қасиеттелігін ерекше сипаттап
көрсеткен.
Б.И. Шевченко трасологияның анықтамасын толық көлемде берген. Ол
Трасология криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде заттардың
сыртқы бет-келбетін бейнелейтін іздерді зерттейді. Ал оның мақсаты осы
заттарды идентификациялау немесе бір топқа қатыстылығын және іздердің пайда
болу себептерін анықтау болып табылады деп көрсетті. Біздің көз-қарасымыз
бойынша берілген анықтама трасологияның түсінігін тар көлемде бейнелейді.
Кейінгі жылдарда трасологияның мағынасын кең көлемде ашуға қадамдар
жасалды. Л.К. Литвиненко трасологияның түсінігіне көрініс іздерінен өзге
идентификациялауға мүмкіндік беретін іздерді, сонымен қатар, бүтінді бөлшек
арқылы анықтаудағы іздерді және бағытын анықтайтын іздерді енгізді. [ 4,53б
]
Ал Н.А. Селиванов болса, трасологияда объектілердің сыртқы құрылысының
іздерде көрініс табу заңдылықтарын, іздер арқылы тергелетін іс үшін
қылмыстың маңызы жағдайларын, яғни – қылмыскердің әрекет тәсілін, оның
физикалық қасиетін анықтау әдістемесін зерттеу мәселелерін басымдыққа
алған.
Кейбір криминалист-ғалымдар трасологияның мәнін бұрмалап, трасологиялық
зерттеулердің шегін шектеп берген анықтамалары да бар.
Трасология – бұл іздерді криминалистикалық зерттеу. Криминалистикада
іздерді анықтаудың екі мәні бар. Кең көлемде – бұл кез-келген қылмыстың
зардабы: қылмыс болған жерде жағдайдың өзгеруі, басқа айғақ заттардың
жоғалуы, олардың құрамы мен сапасының өзгеруі және т.б. Трасологияда
зерттелетін іздердің ерекшелігі – із қалдырған объектінің сыртқы бейнесін
бейнелейді.
Трассология термині француздің ла трассе - із деген мағынаны
білдіреді.
Кез келген қылмыстық әрекет қоршаған ортада өзгерістерге алып келеді.
Қылмыстық әрекеттердің көрінісі іздер болып табылады. Трасология: көрініс,
із қалдырған объектілердің белгілерін, қол іздерін, бұзу құралдарының,
көлік іздерін, қылмыс механизм іздерін зерттейді. Бұл өзгерістер іздер деп
аталады. [6, 95б]
1.2 Трасология объектілерінің криминалистикалық маңызы және
классификациясы
Сонымен, трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-
бейнелеуші объектілер екі объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нәтижесінен
пайда болады. Із қалған объект – із-қабылдаушы, ал із қалдырған объект – із-
қалдырушы деп аталады. Із пайда болған кезде қарым-қатынасқа түсетін беткі
қабаттар – түйісу қабаттары деп аталады.[9, 134б].
Іздердің түйісуі кезінде объектілер физикалық, химиялық және
биологиялық әсерге түседі. Физикалық әсер ету механикалық және жылулық
болуы мүмкін.
Трасология – механикалық әсерге түсетін іздерді зерттейді.
Трасологиялық зерттеудің мәнін – түйісетін (контактілі) объектілерге
механикалық жағынан әсер етудің ерекшеліктерін және осының нәтижесінде
пайда болатын іздерді зерттеу құрайды.
Қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелеуге
болады: статикалық және динамикалық; көлемді және беткі қабатты; локальды
және перифериялық.
Статикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің
(нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда
болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде
пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде
(тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі
аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есікте бұзу
құралының басылып-жаншылған ізі.
Динамикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объект нүктелерінің із
қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер.
Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр)
іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және
т.б. іздер жатады.
Көлемді іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің із қабылдаушы жұмсақ
объектіде шұңқыр түрінде қалуы, яғни қабылдаушы объектінің деформацияға
түсу (өз қалпын өзгерту) нәтижесінде пайда болған іздер. Мұндай іздерде
ұзындығы, енімен қатар үшінші өлшем – тереңдігі көрсетіледі. Сондықтан осы
іздерді зерттеу арқылы мәліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы:
лайлы жерде қалған көлік құралының протекторларының іздері және т.б.
Беткі қабатты іздер дегеніміз – тығыздығы жағынан шамамен бірдей
(немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбірек) объектілердің бір-
бірімен қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болған іздер. Бұл іздер көлемді
емес, беткі қабатты болып табылады. Мысалы: қол саусақтарының шыны
бетіндегі майлы іздері, протектордың асфальтта қалған іздері, бояу жағылған
еден бетіндегі аяқ киімнің іздері.
Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді: қабатсыздану (отслоение)
және қабатталу (наслоение) іздері. Қабатталу іздері – із қалдырушы объекті
бөліктерінің із қабылдаушы объекті бетінде қалып қою нәтижесінде пайда
болады. Байланысқа түскен объект беткі қабатта өз белгілерін қалған
бөлшектері арқылы бейнелейді. Мысалы: қол саусақтарының майлы іздері,
қанаған қолымен – есік, терезе бетін ұстау нәтижесінде қанға боялған
іздердің қалуы және т.б. Қабатсыздану іздері – із қалдырушы объектінің із
қабылдаушы объектінің беткі қабатынан бөліктерін өзімен алып кету
нәтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқ
киімнің қалған іздері және т.б.
Локальды іздер дегеніміз – объектілердің беткі қабатының байланысқа
түсуі нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқ киім ізі (көлемді немесе
беткі қабатты) мен жер (топырақ) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске
ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жан-жағындағы беткі қабат өзгерісіке
ұшырамайды.
Перифериялық іздер – керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект
жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болған іздер.
Мысалы: сыртқы беті шаң болған аяқ киімнен таза еден бетінде қылмыскердің
жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы
табан конфигурациясын қайталайтын із еден бетінде қалуы арқылы пайда
болады.
Көріну дәрежесіне байланысты іздер: көрінетін, әлсіз көрінетін (нашар)
және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздер арнайы әдістерді қолданбай-
ақ қарапайым көзге көрінеді. Әлсіз көрінетін іздер немесе көрінбейтін іздер
– із қабылдайтын объектінің түсі тасаланып өзгеруі (қолайсыз жағдайлар)
немесе түскен із көлемінің шағын көлемді (микро іздер, микро бөлшектер)
болуы негізінде пайда болады.
Нашар көрінетін немесе көрінбейтін іздерді арнайы жарықтандыру
әдістерін қолданып немесе іздің түсуі мүмкін беткі қабатқа әртүрлі
заттармен механикалық немесе химиялық зерттеу арқылы тауып айқындауға
болады. Іздерді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдер іздердің қай
категорияға (яғни көлемді немесе беткі қабатты ма, көрінетін немесе
көрінбейтін бе) жататындығына байланысты таңдап алынады. Оқиға болған жерде
ізді іздеп таппас бұрын оның жағдайымен танысу керек. Ол үшін оқиға болған
жердегі жекеленген заттардың жағдайы мен орналасуын анықтап зерттеу қажет;
қылмыскердің келуі мен кетуі мүмкін жолдарын анықтау керек; қандай заттарды
қолмен ұстағанын, орнын ауыстырғанын және т.б. мәселелерді шешу қажет. Осы
мақсатта көзімен көрушілер мен жәбірленушілердің жауаптарын оқиға болған
жерді шолып қарауының нәтижесінде қолданылады. [2, 73б]
Іздерді табу, бекіту және алудың жалпы ережелері. Көптеген іздер,
мысалы: аяқ киімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу құралдарының
іздері, көлік құралдарының іздері жәй қарау кезінде анықталады. Ал ұсақ
іздерді табу үшін әртүрлі үлкейткіш шынылар (лупалар) қолданылады. Егер із
түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны
айқындап табу үшін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтандырғыштар
қолданылады.
Табылған іздерді ең алдымен фотосуретке түсіреді. Ізді табылған
объектімен бірге, содан соң іздің өзін жеке (детальды, масштабты) түсіріп
алады. Түсірілімді масштабты фотосуретке түсіру ережесін қолдану арқылы
жүзеге асырады. Бекіту әдісі ретінде ізді суретке салып алу әдісі
қолданылады. Салынып алынған схемада маңызды белгілерді көрсетуге мүмкіндік
береді. Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тіркелетін жоспарда іздердің
орналасуы көрсетіледі.
Іздерді бекітудің бірден-бір негізгі әдісі тергеу әрекетінің
хаттамасында сипаттау болып табылады. Ең алдымен із табылған тұрғын-үй,
ғимарат, ашық жерлер, заттар сипатталады, содан соң іздің бейнеленуіне,
табылуына, сақталуына әсер ететін ізді тікелей қабылдаған объектілердің
беткі қабатының қасиеті мен жағдайы көрсетіледі. Сонымен қатар, хаттамада
объектіде іздердің орналасу жағдайы (бірнеше іздер болса, өзара орналасу
жағдайын), іздердің белгілері: пішіні, өлшемі, детальдары сипатталады.
Әсіресе, ерекше белгілеріне көңіл бөлінеді. Хаттамада ізді табу, бекіту
және алу әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары көрсетіледі. Хаттаманың
қорытынды бөлімінде қандай іздер алынғаны, олардың қалай буып-түйілгені
және қайда жіберілгені сипатталынады.
Ізді объектімен бірге алу мүмкін болмаған жағдайларда (үлкен қолайсыз
болуына, ерекше құнды болуына байланысты) іздің көшірмесі, құймасы алынады.
Ізі бар объектілер немесе із көшірмелері буып-түйю орауыштары ізге
тимейтіндей етіп орналастырылады. Әсіресе, қол саусақтарының іздері бар тез
сынып қалатын заттарды (бөтелке, стакан және т.б.) мұқият буып-түйю қажет.
Оралынған объектіге мөр қойылып, түсіндірме жазбалар жазылады. Онда: кім,
қашан, қандай іс бойынша заттай дәлелдемелер алынғаны көрсетіледі.
Іздерді криминалистикалық тұрғыдан зерттеудің негіздерін криминалистер
халықтық із кесуші дағдыларын жаратылыстану және техникалық ғылымдарымен
біріктіру арқылы құрған болатын.
Іздің жалпы ұғымыны қылмыстарды тергеу саласында қазірге дейін өте кең
түрдегі анықтамалар берілуде, мұнда із деп негізінен бақылау, тану, қарау,
артынан еру, ізіне түсу және т.б. мақсаттарға негізделумен белгілі бір
нысанды, қандай да бір құбылыстарды, оқиғаларды және т.б. анықтауға
арналған кез келген заттар, өзгерістер түсініледі. [10, 147б]
А.Кангер былайша тұжырымдайды: іздер дегеніміз – бұл сан-алуан түрлі
табиғи құбылыстар. Г. Шняйкерт іздерді олардың криминалистикалық
мағынасында барлық бақыланып отырған, қолдануға жарамды айғақтар деп
белгілейді.
Ізге ең үздік анықтама берген польшалық криминалист Ян Сехн.
Криминалистикалық тұрғыдан алып қарағанда іздер дегеніміз, - дейді ол, -
әрекет етудің тақырыбы болып табылатын оқиғалардан кейін байқалатын
белгілер ретінде сол оқиғаларды ақиқатқа сәйкес барысын қалпына келтіру мен
анықтауға негіз болып табылуы мүмкін объективті ақиқаттағы өзгерістер.
Заттық іздердің сипаты туралы көзқарастар ұзақ даму жолын өтті.
Криминалистикадағы іздер туралы ілімнің негізін қалаушы деп әділетті түрде
аталатын проф. И.Н. Якимов, көп жылдар бойы олардың кең ауқымдағы түсінігін
ұстанатын. Ол із деп бейне-іздерді ғана емес, оқиға болған жерде, қоршаған
орта мен қылмыстың оқиғасымен байланысты заттарда орын алып отыратын барлық
материалдық өзгерістерді де санайды.
Іздер туралы криминалистикалық ілімінің дамуындағы елеулі рөлге С.М
Потапов берген анықтама ие болды. Ол ұсынған түсіндірмеге сәйкес, іздерге
зерттеліп отырған оқиғамен себептік тұрғыдан байланысты болып келетін
құбылыстардың белгілерінің материалдық заттардағы бейнеленуі жатады
Трасология шеңберінде зерттелетін іздедің өзгешелігі сол олар соларды
қалдырып кеткен нысандардың сыртқы белгілерін көрсетеді. Мысалы, саусақтың
ізі терінің сыртқы құрылысын – папиллярлық өрнекті көрсетеді, ал автокөлік
доңғалағының ізінде автопокрышканың протекторының бедерлі суреті қалады,
аяқ-кимнің ізі табанның белгілерін көрсетеді. Осылайша, тар трасологиялық
ұғыммен қарағанда із дегеніміз – бұл бір материалдық нысанның екіншісінде
сыртқы көрінісінің бейнеленуі.
Қолдағы саусақ іздерінің криминалистикалық мағынасы папиллярлық
өрнектермен емес, олардың қасиеттерімен белгіленеді. Үлкен практикалық
материалды зерттеу және экспериментальдік зерттеулерді жүргізу арқылы
папиллярлық өрнектердің бірқатар маңызды қасиеттерін анықтауға қол
жеткізілді.
Сыртқы көрінісінде жақсы байқалатын папиллярлық өрнектің жекедаралығы
тіпті жай қарағанның өзінде бір папиллярлық өрнекті екіншісінен айыруға
мүмкіндік береді. Папиллярлық өрнек адамның іште болған кезінен бастап
дамып, ол өлгенше өзгеріссіз болып қалады. Өрнектердің өзгермейтіндігі
жоғарыда аталған адам терісінің құрылысындағы ерекшеліктерімен ғылыми
тұрғыдан түсіндіріледі. Бұл қасиетті миллиондаған бақылаулармен және
көптеген арнайы эксперименттермен расталып отыр. Саусақ іздерін
қылмыскерлерді сәйкестендіру үшін қолданудың бір ғасырдан артық уақыттық
практикасында папиллярлық өрнектің жалпы кескіні мен ұсақ бөлшектерінің
өзгерген жағдайлары тіркелмеген. Адам өліп оның тері қабаты толықтай шіріп
ыдырап кеткенше, егер папиллярлық сызықтар ешқандай елеулі өзгерістерге
ұшырамаса, олар теріні тиісті түрде өңдеуден кейін тұлғаны сәйкестендіру
мақсатына арнап пайдаланылуы мүмкін.
Материалдық заттардың сыртқы белгілері – бұл олардың тұтастай пішіні
мен шамасы, сондай-ақ жекелеген элементтерінің пішімі, шамасы мен өзара
орналасуы. Олар іздерде із түзілу механизмімен негізделген өзгертілген
түрінде бейнеленеді. Бірқатар белгілері бойынша сол не өзге бір іздің пайда
болу механизмін белгілуге болады, ол іздің мағынасы өз кезегінде қылмыстың
жасалу әдісі мен уақытына қатысты болып келетін маңызды жағдайларды
анықтауға мүмкіндік береді.
Ізден көрінетін белгілердің сапасы мен санына байланысты оларды ізді
қалдырған затты белгілі бір топқа, текке, өзге топқа жатқызуға арнап немесе
жекедара сәйкестендіруді жүзеге асыруға арнап пайдалануға болады, мұнысы
қылмыскерді анықтау мен іздестіру үшін өте маңызды. Бұл мәселелерді шешу
үшін бейнелеулерді – іздерді анықтау, тіркеу және зерттеудің тиісті
құралдары мен әдістері қажет.
Іздердің ғылыми жіктемесі іздер туралы криминалистикалық ілімнің
құрамдас бөлігі болып табылады. Ол құрылғанша із туралы ілімді аяқталған
деп санауға болмайды.
Б.И. Шевченко кеңестік криминалистикалық әдебиетте із тудыратын
нысандардың өзара әрекеттесу механизмі мен сипатынан туындайтын жіктемені
ұсынды.
Ізді қабылдаушы нысанда пайда болатын өзгерістің сипатына қарай клемді
(батырып салынған) және беттік іздер болады. Көлемді немесе батырып
салынған іздер – папиллярлық өрнектер адам қолындағы саусақтардың әртүрлі
нысандарға механикалық әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Көлемді
іздерді қабылдау үшін қабылдаушы нысан иілгіш болуы тиіс, былайша айтқанда,
саусақпен қысқан кезде папиллярлық өрнектердің пішімін қабылдап, бұл
жағдайда бүлініп қалмай және бұдан арғы уақытта қабылдаған пішімін сақтап
қалуы тиіс. Ондай заттарға пластилин, кеппеген жаққыш, май, шоколад және
т.б. болуы мүмкін.
Майысқаннан кейін ізді қабылдаушы нысанның беті тері бетінің
папиллярлық валиктері мен әжімдеріне сәйкес бедерге ие болады.
Метрологиялық факторлардың (температура, жауын) әсер етуімен қабылдаушы
нысан затында (жаққыш және т.б.) өзгерістер, сонымен қатар іздердің
нысандарындағы өзгерістер орын алады.
Өзгерістер өте баяу жүреді және батырылған іздердегі папиллярлық
сызықтардың аздаған мөлшерде азаюы түрінде байқалады. Жаңбырлар көптеген
жағдайларда көлемді іздерді жоймайды, тек ылғал көп болған жағдайда сазды
топырақтарда қалған іздер бұзылып және жойылады.
Көлемді іздердегі өрнектердің салыну ерекшеліктеріне әрдайым басу күші
үлкен әсерін тигізеді. Ақырын қысқан кезде із әдетте, қалмайды, қатты
басқан кезде саусақ ізінің ортасында тұрған өрнек бүлінеді. Бұл жердегі
папиллярлық сызықтар әжімдермен тұтасып кетеді.
Өрнектердің құрылыстық ерекшеліктерінің бейнеленуі қысудың бағытына
байланысты болады. Егер саусақ із қабылдаушы нысанның бетіне қатысты жанама
түрде қозғалған болса, онда терінің жекелеген бөліктерінің ығысуымен
туындалған өрнектердің бүлінуі байқалатын болады.
Беттік іздер қолдың алақан жағындағы бетін әртүрлі салыстырмалы
түрде қатты нысандарға (жиһазға, терезенің шынысына және т.б.) тигізген
кезде пайда болады. Олар қолдағы тері-май түзілімдерімен қалыптасқан
қатпарлану іздері ретінде, сондай-ақ қолда кездейсоқ түрде жүрген заттармен
(бояу, қан, күйе, шаң-тозаң және т.б.), сондай-ақ қабылдаушы беттен қандай
да бір заттарды қолмен сүртіп алған кезде (мысалы, шаң басқан беттен шаңның
бөлшектерін сүртіп алудың нәтижесінде) пайда болатын қатпарлану іздері
ретінде болуы мүмкін.
Алайда айта кететін бір нәрсе, папиллярлық өрнектердің беттік
іздері олар пайда болғаннан кейін әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Сол
себептен іздердің сақталу мерзімін білу бояуға арналған түрлі айқындаушы
заттарды қолдана отырып, оларды дер кезінде алып және тіркеп қоюға және
біратар жағдайларда олардың көнелігін, демек тергеліп отырған оқиғамен
байланысын анықтауға мүмкіндік береді.
Іздердің көпшілігі механикалық өзгерістердің нәтижесінде пайда болады
(құрал-саймандардың, көлік құралдарының, аяқ-киімнің іздері және т.б.).
іздер жылу энергиясының әсерімен пайда болуы мүмкін, мысалы, қатып қалған
әйнектегі саусақтың іздері, тотықтырғыш немесе қалпына келтіруші
процестердің, із қабылдаушы беттің фотохимиялық немесе шіру өзгерістерінің
әсері.
Осылайша, энергияның түріне қарай әсер ету іздері механикалық,
термикалық және химиялық әсер етудің іздеріне бөлінеді. Із түзілу кезіндегі
болатын әсер әдетте, із тудырушы нысанмен жанасқан бетте, б.а. жергілікті
түрде бейнеленеді. Іздердің көпшілігі осылай пайда болады. Алайда, із
қабылдаушы нысанның беті перифериялық өзгерістерге, б.а. жанасу өңірінен
тыс түрдегі өзгерістерге түсетін жағдайлар да болуы мүмкін. Аяқ-киімнің ізі
мысалы, табанның шеттерінен түсіп қалған шаң мен қардың есебінен түйісу
ауқымынан тыс қалуы мүмкін.
Осылайша, әсер ету аймағы бойынша іздер жергілікті және перифериялық
әсер ету іздеріне бөлінеді.
Із қабылдаугы беттің бүліну дәрежесіне қарай іздер көлемді және беттік
іздер деп, ал беттік іздер қатпар болып жабысу және қатпар болып алыну
іздері деп бөлінеді. Із бірнеше әртүрлі бағыттағы күштердің әсерімен, із
құраушы және із қабылдаушы нысанның жанасуы кезінде қалыптасады. Жанасу
статикалық болуы мүмкін, бұл жағдайда із тудырушы нысан із қабылдаушы бетке
нормаларға сәйкес әсер етеді, және серпінді болуы мүмкін, бұл жағдайда із
тудырушы нысан із қабылдаушы беттің бойымен сырғып отырады. Статикалық
жанасудың нәтижесінде статикалық іздер, мысалы, қолдың іздері, аяқтың
іздері пайда болады, ал серпінді жанасу кезінде серпінді іздер, мысалы,
кесу іздері пайда болады.
Осылайша, іздің пайда болуы кезінде өзара әрекеттесетін нысандардың бір-
біріне қатысты қозғалуына қарай іздер статикалық және серпінді деп
бөлінеді.
Із тудырушы нысандардың түрлеріне қарай іздер қолдың, аяқтың, бұзу
қарулары мен құрал-саймандардың, көліктік құралдардың іздеріне бөлінеді.

қабаттар – түйісу қабаттары деп аталады.

болуы мүмкін. [15, 95б]

пайда болатын іздерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz