Әлемдегі туризм инвестициясы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестицияның мәні мен маңызы . . . 6
1. 2 Туризм саласындағы инвестицияның ерекшеліктері . . . 13
- Қазақстанда инвестиция тартудың оңтайлы іске асу тетіктері . . . 24
2 ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
2. 1 Әлемдегі туризм инвестициясы . . . 29
2. 2 Қазақстандағы инвестиция саясаты және туризм . . . 38
2. 3 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері…… . . . 52
3 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Ұлы Жібек Жолы бойындағы маршруттарды жаңғырту . . . 60
3. 2 Қызылорда облысында туризм саласына инвестиция тартудың болашағы . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. «Туризм» - деген сөз адамзат болмысына 19 ғасырда енді. Оған дейін адамзатта сапарға шыққанда, ел ішін, табиғатты қызықтаушыларды «саяхатшы» деп атаған. Біздің эрамызда тарихта қалған саяхатшылар грек жазушысы Павсаний, грек тарихшысы Геродот. Осы саяхатшылардың жазған естеліктері, географиялық ашылымдары адамзаттың дүние танымына үлкен әсер етті. Ұлы саяхатшылар тізімінде Шоқан Уәлиханов та бар. Бүгінгі таңда өркениетті елдерде қаржының 35%-дейін туризмнен түседі екен. Сонан да болар, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы ғасырды туризм ғасыры деп атауға шешім қабылдаған.
Әлемде туристік қатынастардың шарықтай өскендігі соншалық, 2010 жылы 1 млрд. адамға жетіп отыр. Ал мамандар 2020 жылы туристік қатынастар 2, 5 млрд. адам қамтиды деп болжамдауда.
1998ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік - қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж. ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел
2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері : Қазақстан республикасының туризм саласына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
- шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-туриз саласындағы инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-туризм саласына шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
Зерттеу пәні : елдің экономикасына инвестицияларды тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу обьектісі : Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы туризм саласының инвестициялық әрекеті .
Дипломдық жұмыстың құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 91 бет, оның ішінде 12 сурет қарастырылған.
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестицияның мәні мен маңызы
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың түрлерін айтады.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар болып табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады [1] .
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салу және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасмасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру. Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25, 8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы заңнамада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстанның инвестициялық қорының (бұдан әрi - Қор) инвестициялары - Қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары;
2) Қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметi;
3) инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтiн iс-шаралар кешенi;
4) ұйым - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлiк қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына Қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдiк заңды тұлғалар;
5) алып тасталды;
6) электрондық мониторинг - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретiн ұйымды басқару мониторингiнiң нысаны.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006. 07. 07. N 178 Заңымен.
2-бап. Қазақстанның инвестициялық қоры туралы
Қазақстан Республикасының заңдары
1. Қазақстанның инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қорға қолданылмайды.
3. Акционерлiк қоғамдар туралы, инвестициялар туралы және бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерi Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қордың құқықтық мәртебесi
Қазақстанның инвестициялық қоры Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып табылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006. 07. 07.
N 178 Заңымен.
4-бап. Қордың мақсаты мен мiндеттерi
1. Қор қызметiнiң мақсаты перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикiзаттық емес секторында жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
2. Қордың мiндеттерi:
1) шикiзат пен материалдарды тереңдеп өңдеудi жүргiзетiн, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын, сондай-ақ өз қызметiн өнеркәсiпте жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндiрiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылып жатқан, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
2) Қордың инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыруы (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысуы арқылы экономиканың шикiзаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру;
3) отандық және шетелдiк ұйымдар арасындағы өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ететiн, толықтырушы, аралас өндiрiстердi дамытатын Қазақстан Республикасынан тыс жердегi инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру арқылы шет елдердегi қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
5-бап. Қордың өкiлеттiктерi
Қордың өкiлеттiктерiне:
1) Қордың инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
2) шикiзат пен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын жұмыс iстеп тұрған перспективалық ұйымдарды инвестициялауды жүзеге асыру не осы ұйымдарға үшiншi тұлғалардың инвестицияларын тарту үшiн iрiктеудi жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының тиiстi басымдықтарына сәйкес келетiн, отандық және шетелдiк инвесторлар қатысатын инвестициялық жобаларды iске асыруды ұйымдастырушы және оларға қатысушы болу;
4) филиалдар мен өкiлдiктер құру;
5) инвестициялық жобалар жөнiндегi құжаттамалар дайындауға шарт негiзiнде қатысу;
6) қайта инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
7) уақытша бос ақшаны орналастыру;
8) басқа отандық инвесторлармен бiрлесiп, Қордың шет елде жүзеге асыратын инвестициялық жобаларының орындалуын бақылаудың бiрлескен нысандарына қатысушы болу;
9) өз мiндеттерiн iске асыру үшiн сарапшылар мен консультацияларды шарт негiзiнде тарту;
10) өзiнiң инвестициялық портфелiн дербес басқару;
11) бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы ретiнде тиiстi лицензияның негiзiнде дилерлiк қызметтi ғана жүзеге асыру жатады.
6-бап. Қордың инвестициялық саясатының бағыттары
1. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары өтемдi және тиiмдi инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарды инвестициялау және оларға инвестициялар тарту болып табылады.
Қордың инвестициялауы Қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қор мынадай шарттар сақталған кезде:
1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келсе;
2) инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық өлшемдер бойынша тартымды болса;
3) инвестициялық жоба ұйымдардың технологиялық әлеуетiн өрiстетуге, өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыруға және оларды өндiру көлемiн өсiруге, шикiзат пен материалдар өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнiмдер шығаруға бағытталса, инвестицияларды жүзеге асырады.
3. Қор ұйымдардың акцияларын сатудан және жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнен алынатын капиталды басқа ұйымдарға кейiннен қайта инвестициялай отырып, аталған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды жүзеге асырады.
4. Қордың инвестициялары ұйымдардың жарғылық капиталдарына жүзеге асырылады. Қор акцияларға айырбасталатын не акцияларды сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
5. Қордың уақытша бос ақшасын орналастыру iшкi және сыртқы нарықтардағы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды қоса алғанда, өтiмдi активтерге Қордың инвестициялық декларациясында айқындалатын шекте және тәртiппен жүзеге асырылады.
7-бап. Қордың инвестициялық қызметiн шектеулер
1. Қордың инвестициялары ұйымдардың шаруашылық дербестiгiн шектемейдi. Ұйымдардың жарғылық капиталдарына Қордың қатысуының шектi мөлшерi Қордың инвестициялық декларациясында айқындалады.
2. Қор:
1) ұйымдарға кредит берудi жүзеге асыруға;
2) кепiлгер және (немесе) кепiлдiк берушi ретiнде өкiлдiк етуге;
3) қабылдау шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына және Қордың жарғысына қайшы келетiн мiндеттемелер қабылдауға;
4) бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарынан басқа, материалдық өндiрiс және өзге мүлiктi сату саласында қызметiн тiкелей жүзеге асыруға құқылы емес.
8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
Қормен өзара қарым-қатынастары
1. алып тасталды
2. алып тасталды
3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының бағалы қағаздар нарығында брокер-дилер қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн белгiленген пруденциалдық нормативтердi және қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткiштерiн (өлшемдерiн) сақтау бөлiгiндегi талаптары Қорға қолданылмайды.
Қордың өз инвестициялық портфелiн басқару жөнiндегi қызметi лицензияланбайды.
4. Қазақстан Республикасының зaң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен оларды лауазымды адамдарының Қор қызметiне араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006. 07. 07. N 178 Заңымен.
9-бап. Қордың инвестициялық декларациясы
1. Инвестициялық декларация Қордың инвестициялық қызметiнде негiзгi құжат болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz