Туристік нарықтың сегменттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: "ТУРИСТІК ӘРЕКЕТТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ"

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ТУРИЗМДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9

1. 1 Мемлекеттік саясат: анықтамасы, теориялары, қалыптасу жолдары 9

1. 2 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері 18

1. 3 Туризм саласының қалыптасуы және дамуы: әлемдік тәжірибе 23

2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 30

2. 1 Қазақстандағы туризм: басқару жүйесі, ерекшеліктері 30

2. 2 Қазақстандағы туризмнің даму перспективалары және болашағы 53

2. 3 Туристік-экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы 56

2. 4 Игерілген туристік-экускурсиялық нысандар және оның құндылығы 61

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ 73

3. 1. Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту 73

3. 2 Қазақстанның туризм қызметін белсендіру жолдары 76

ҚОРЫТЫНДЫ 79

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 82

ҚОСЫМШАЛАР 84

КІРІСПЕ

ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады [1] .

Туризм (франц. тоұрісме, тоұр - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т. б. ) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді.

Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.

Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.

Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т. б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.

Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс.

Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. 2010 жылы халықаралық туризмнің үлесi экспортқа шығарылатын дүние жүзiлiк табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнiмдерi және автомобиль экспортының табысынан кейiн тұрақты үшiншi орында келедi. Мұндай оң үрдiс жаңа мыңжылдықтың бас кезiнде де сақталады деп күтiлуде. Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандары өзiнiң рекреациялық сыйымдылығының шегiне iс жүзiнде жеткендiктен, туризмнiң өсуi туристер баратын жаңа аумақтар есебiнен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдiк туристiк рынокта өзiнiң лайықты орнын табуға бiрегей мүмкiндiгi бар [2, 52б] .

Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына, бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғаюына әкеліп соқпақ.

Дегенмен, еліміздегі туризмның қазіргі халі мәз емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан әзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас, сұлу табиғат жағдайларына бай жеріміз дүйім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түсіруі әбден мүмкін.

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кездегі басқарушылық құралдарды қолданатын не «ноу-хауы», не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің басқару жүйесіне бас ұруына алып келеді.

Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекеклік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.

Туристік фирмалардың басқару жүйесін қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, нарықты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.

  • Туристік қызметтегі басқару жүйесінің концепциялары:
  • Нарықты зерттеу және болжау;
  • Нарықта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
  • Тиімді баға саясатын анықтау;
  • Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
  • Маркетинг жоспарын өңдеу.

Туризмді басқарудың негізгі қызметтері - рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға және т. б. бағытталған әрекеттер.

  • Туристік қызметтерге келесілер жатады:
  • Нарықтық сұранысты анықтау;
  • Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
  • Өндірістің құрылымын анықтау;
  • Тиімді шешімдерді қабылдау;
  • Өткізу саясатын жасау.

Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты - тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару».

Туристік басқару жүйесі дегеніміз - ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтерді бір жүйеге келтіру мен үздіксіз басқару жүйесі.

Туристік өнім деп, туристік саяхат кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет, қызметтер мен заттар жиынтығын айтамыз. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар.

Туризм Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің әдістемелік жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.

Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың басқару жүйесі толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың өзектілігін аңғаруға болады.

Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөнiндегi мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерiнiң талдауына, сондай-ақ мемлекеттердiң туризмдi дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттiң әлеуметтiк, мәдени және экономикалық өмiрiне тiкелей ықпал ететiн қызмет ретiнде түсiніледi.

Қазiргi туризм - бұл әлемдiк экономиканың құлдырауды білмейтiн саласы. Мамандардың есебi бойынша, орташа есеппен, бiр шетелдiк туристiң беретiн табысын алу үшiн оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмiр немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдiк рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикiзат сату елдiң энергия көздерiн азайтады, ал туристiк өндiрiс таусылмайтын ресурстармен жұмыс iстейдi. Шетелдiк экономистердiң есебi бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екi сағат болған кезде кемiнде 350 мың доллар немесе адам басына бiр сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтiп, шикiзат сату өзiндiк экономикалық тығырыққа тiрелу болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына үш оң нәтиже бередi:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседi. ДТҰ мен Дүниежүзiлiк туризм және саяхат кеңесiнiң бағалауы бойынша туризм өндiрiсiнде құрылатын әрбiр жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейiн жұмыс орны келедi екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.

Туризм елдiң тұтас аудандарының экономикасына белсендi әсер етедi. Туризм саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылуы және жұмыс істеуi жол көлiгiн, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетудi дамытумен тығыз байланысты. Сөйтiп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшiлiгiмен салыстырғанда, неғұрлым пәрмендi мультипликаторлық тиiмдiлiкке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетiлдiру құралы ретiнде жоспарлануы және тәжiрибеде iске асырылуы тиiс демалыспен, бос уақытты өткiзумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тiкелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетiмен білiм алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлi мәдениеттерiнiң арасындағы олардың өзгешелiктерiн танып-бiлудiң бiрден бiр факторы болып табылады.

Туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк саланы басымдық ретiнде белгiледi.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды [3, 15б]

Туризмнің өзектілігіне келетін болсақ, туризм біздің елімізде жаңадан кірген сала, ол даму деңгейінде келе жатыр. Ол саланы дамыту үшін біз өзіміздің елімізде жаңа әлемдік деңгейге сай кадрларды дайындаумыз керек. Сонда ғана біздің туризм саламыз жоғарғы қарқында дамиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты туризм саласындағы қызметтерді жетілдіру, туризмнің дамуына оң және теріс әсер етуші факторларды зерттеу мен талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі туризмнің басқару жүйесі, саясаты, ұзық жылдарға арналған бағдарламалары.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні туризмнің басқару жүйесінің анықтамасы, теориялары, қалыптасу жолдары, Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезеңдері мен механизмдері, туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні), туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау, Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері, Қазақстандағы туризм: жағдайы, негізгі мәселелері, Қазақстандағы туризмнің даму перспективалары және болашағы.

Зерттеу көздері отандық және шет елдік еңбектер мен бағдарламалар. Туризм саласындағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары, баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды.

1 ТУРИЗМДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттік саясат: анықтамасы, теориялары, қалыптасу жолдары

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін мемлекеттік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Мемлекеттік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастар дамуы мемлекеттің саяси институттарының қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани - идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейшiлік, құқықтық немқұрайлылық, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.

Осы жағдайда ҚР-ның ұлттық саясаты тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және ҚР 2011-2020 жылдарға арналған жаңа ұлттық саясат тұжырымдамасы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге, этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуға, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді.

Мемлекеттік саясат тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақ халқынының және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.

Дегенмен тоталитарлық жүйеден қалған әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тілдік қайшылықтар әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.

Саясаттың негізгі мәселесі - билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.

Мемлекеттік саясат жүйесінің мәні мен элементтерін қарастыруда қазiргi саяси-әлеуметтік әдебиеттерге маңызды көңіл бөлінеді. Осындай мүдде саясаттың әрдайым қоғамдық өміріне әсер етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге олар әлеуметтік-экономикалық үрдістермен басқарудың шешуші факторы болып табылады. XX ғ. аяғында М. Вебер саясатты қоғамды басқарудағы қарым-қатынас пен қызметті жүргізушісі ретінде анықтаған. Сонымен бірге саяси басқарудың негізгі институты болып мемлекет табылады. Ол саясаттағы жалпықоғамдық мүддені қорғаушы, соны ұсынушы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік саясат кез келген ұйымның саясатына қарағанда тұрақты әрі сенімді тұрады, сонымен бірге ол қоғамның мүдделерін білдіреді. Ол сонысымен объективті түрде қоғамның саяси-әлеуметтік тұтастығын қолдау мен іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осыларды орындау үшін мемлекет әр түрлі органдар жүйесін және билік институттарын құрған. Айтқандарды ескере отырып, және саясаттың жалпы ұғымының анықтамасының өзі басқармалық құрылымды көрсетуі көрсетуі тиіс. Саяси-әлеуметтік әдебиетте бұл талапқа келесі анықтама сәйкес келеді: «Саясат - биліктің көмегімен немесе сылтауы бойынша қоғамды ұйымдастыру әдісі, оның қызмет етуі; қол жеткізу процесі және тұтастқты сақтау және біруақытта түрлі мүдделердің қақығысуы, күресуге де және ымыраға да шығатын оптасу негізіндегі қатынас; институттар негізінде элита жағынан қоғамы басқару» (Белов, 1997, 12) . Келтірілген саясат ұғымында, бірінші кезекте мемлекеттің басқару қызметінде көрінетін оның басқару міндетіне акцент жасалады, яғни мемлекеттік саясатқа.

Осы күнге дейін және «мемлекеттік саясат» анықтамасында, және мемлекеттік саясат жүйесінің элементті құрамының топтамасында, және қазіргі замандағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының ерекшелігін жарық көруінде ашылған мәселелер аз еместігін айтып кеткен жөн. Біздің жағдайда, оқулықтың жанры тиісті баяндау форматына себепші болатынын ескере отырып, сөз ең алдымен қарасырылып отырған тақырыптың даулы мәселелерімен қоса өтеп берген ойлар туралы болады. Бұл жерде назарды арнайы, мәні абстракті білімнен нақты білімге өзіндік шыңына шығуда болатын мемлекеттік саясат талдауының логикасында аудару қажет, яғни мемлекеттік саясаттың жалпы анықамасынан мемлекеттік саясат жүйесі белгілерінің шығуына және оның элементті құрамын ашуға теоретикалық қозғалыста болады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес мемлекеттік саясат өндеу кезінде және стратегияның жүзеге асуында және қызмет етуді реттеу жолында және экономканың, әлеуметтік саланың және қоғамның басқа жүйелерінің русурстарды орналастыру, бөлу, қоғамдық игіліктерді және басқа шараларды қайа бөлу арқылы дамыту кезінде мемлекеік билікті қолдануға тікелей сүйенетін қоғамның басты салаларына мемлекет институттарының басқару ықпалының саяси үрдісі [3, 18б] .

Құрылымдық байланыстардың көп түрлілігін және мемлекеттік биліктің субъектері мен институттарының қатынасын сипаттайтын процессуалды компоненттер мемлекеттік саясаттың өнделуі мен жүзеге асуында маңызды рөл атқарады. Олардың арасындағы экономиклық, әлеуметтік және басқа үрдістерді реттеумен байланысты көптеген өзара қарым-қатынас жиынтығы ретке келтіріледі және толығымен басқару циклымен қамтылады. Соңғысының құрамына келесі сатылар мен операциялар жатады: мақсатты тұжырымдау басты элементі болатын басқару ықпалы туралы саяси шешім қабылдау және өндеу; саяси шешімдерді орындауды ұйымдастыру; саяси басқару объектін реттеу және корригрлеу; саяси шешімнің орындалуын есептеу және бақылау, соңында сол немес басқа саясаттың жүзеге асырылу нәтижелерін жалпылау. Аталған толық басқару циклында бірінші дәрежелік орынды саясаткерлермен басқару шешімдерін қабылдау және өндеу үрдісі алады. Ол өзіне саяси басқару объектін игерумен қоса мақсатты тұжырымдауды өзіне жатқызады - «мақсаттар ағашы» саясатын өндеу, сонымен қоса қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі прициптерін, әдістерін, технологияларын және құралдарын анықтау [4, 18б]

Мемлекеттің мәдени-тәртіптік қызметі адамдардың рухсыздығының өсуімен байланысты маңызды мәнге ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Жарнамалық жариялаудың түр
Фирма стратегиясы мен оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері, стратегиялары
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны, туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық қарым – қатынастағы туризмнің даму барысы
Баға белгілеу факторлары
Жылжымайтын мүлік нарығының сипаттамасы мақсаттары, бағыттары және әдістері
Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
Бағалы қағаздар нарығы және олаң құрамдас элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz