Түркештердің этникалық құрамы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Қағанаттың құрылуы кезіндегі Орталық Азиядағы геосаяси жағдай . . . 9

1. 2 Түркеш қағанатының құрылуы . . . 14

1. 3 Түркештердің этникалық құрамы . . . 18

2 ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТТЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қағанаттың алғашқы кезеңдегі жағдайы . . . 29

2. 2 Қағанаттың қалпына келуі және дамуы . . . 35

2. 3 Қағанаттың құлдырап әлсіреу кезеңі . . . 40

3 ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Қағанаттың қоғамдық құрылысы . . . 44

3. 2 Қағанаттың сыртқы қарым - қатынастары . . . 52

3. 3 Түркеш қағанатының шаруашылық дамуы . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде жаңа мыңжылдыққа қадам басқаннан бері қазақ тарихшылары алғаш рет өз тарихын ешкімге жалтақтамай өздері жазу мүмкіндігіне ие болып отыр. Дегенмен, казақ халқының тарихы қалай жазылуы керек, оның этникалық тарихы мен мемлекетгілігінің, саяси тарихы қай кезеңнен басталып жазылуы керек, ерте орта ғасыр мен орта ғасырда, қазақ жерінде түрік тілді этникалық бірлестіктер құрған Үйсін, Қаңлы, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлық-Қарахан т. б. мемлекеттерінің тарихы ендігі жерде қандай тарихи принциптер бойынша жазылғаны жөн деген мәселе өткір қойылып отыр. Осыған орай, «Казақсган тарихының» жаңа редакциясы отандық тарихшьтларды: « . . . Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жанд айқындамалар тұрғысьшан ашып көрсетуге әрекет жасауға» шақырған болатын.

Зерттеу жұмысымызда осындай келелі кеңесті басшылыққа ала отырып, казақ халқы және оның ата - бабалары да Орталық Азия жерінде жасап келе жатқан байырғы халық ұрпағы екенін, оның өзіне тән даму, өркендеу жолы, бай мәдениеті, дәстүрлі ел билеу жүйесі қалыптасқан мемлекеттік құрылымы бар, өркениетті халықтың бірі екенін тарихи тұрғыдан негіздеуге талпындық.

Ол үшін, Отандық тарихта бүгінге дейін аз зерттелген ерте орта ғасырдағы Түркеш қағанатының этносаяси және этномәдени тарихын тереңдей зерттеу арқылы, Қазақстан аумағында өмір сүрген Түркештердің этникалық құрамының қазақ халқын қалыптастыруға ұйытқы болған алғашқы қайнар көздердің бірі болғандығын ашып көрсету.

Түркеш қағанаты - ерте орта ғасырда, ежелгі Үйсін мемлекеті жерінде құрылып, ғасырға жуық салтанат құрған әскери - феодалдық мемлекет. Оның негізін қалап, шаңырағын көтерген Батыс Түрік қағанатына қарасты Бес Арыс ел Дулудыш /Дулаттың/ белді тайпасы түркештер болды. Ол шежіре деректерінде «Сары үйсін» деп те аталып - жазылған.

Дулулар_/Дулаттар/ заманымыздан бұрынғы II ғасырдан бері Іле аңғарында өмір сүргендігі қытай жылнамаларында көп жазылған. Батыс - Түрік қағандығы дәуірінде, түркештер «он оқ будунға» қарасты Бес Дулат құрамында Іле өзені мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі ұлан далада көшіп - қонып жүрген тайпалардың біріне жатады.

ҮІІ ғасырдың басында Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін түркештердің көсемі Өжелі /Үгіл/ бытыраған елінің басын қосып, Тарих сахнасына Түркеш қағанатының шаңырағын көтерді. Түркеш қағандығы құрылысымен тұс-тұстан анталаған жаулармен арпалыса жүріп, тарихта өз өркениетінің ізін қалдырды.

Күні кешеге дейін Ерте орта ғасыр тарихын зерттеушілердің еңбектерінде бүгінгі Қазақстан аумағында түрік халықтары құрған үлкенді - кішілі мемлекеттік құрылымдарды бір - біріне пәлендей қатысы болмаған, ел билеу дәстүрі қалыптаспаған, жабайылардың кезекті бір қиратушылық соғыстарының себебі мен салдары деп қарауға бейім тұрғандығын жасыра алмаймыз.

Орхон - Енисейдағы мәңгі тас жазулар құпиясы ашылып, көктүріктер құрған ұлы қағанаттар мен олардың жасампаз ақыл - ойымен жасалған заттық - рухани байлықтар, әлем жұртшылығына паш етілгеннен кейін, «Дала өркениеті» жөнінде шындап сөз бола бастады. Алайда, бұған дейін қалыптасқан ұлы державалық - астамшылық көзқарастар түрік халықтары тарихын реалистік шыншылдықпен жазуға кедергі болып келгені аян.

Қытай жылнамаларында, Түркештер құрған мемлекетті «Түркеш қағанаты» /Ту ши шы хан го / ал, ел билеуші патшасы «қаған» / кехан/ түрінде жазылып келді. Орыс және батыс тарихшылары да оны «түркеш қағанаты» немесе «түркеш хандығы» деп жазды. Ал мемлекеттің саяси қүрылымын «феодалдық мемлекет» деп те, «құлдық мемлекет» деп те оңды-солды сипаттай береді. Бірақ, ол мемлекеттің «феодалдық», немесе құлдық сипатын анықтайтындай ғылыми дәлелге зерттеушілердің көбі жүгіне қоймады. Бұл туралы олар, тіпті, сөз де қозғамады. Түркештердің этникалық құрамы оның тек тамыры жөнінде тарихи шындыкқа жанаса бермейтін, жаңсақ ой - топшылаулар да кітаптан кітапқа, оқулықтардан оқулықтарға күні бүгінге дейін көшіріліп келе жатқанын жасыра алмаймыз.

Сондықтан зерттеу еңбегімізде алуан түрлі дерек көздерін сараптай отырып, Түркеш қағанатының орта ғасырлық Қазақстан тарихында алатын орны мен дәстүр жалғастылығын ашып көрсету, сонымен қатар түркештердің қазақ хандығын құрған ру - ұлыстарға тектік - туыстық байланысын ашып беру жолдары жан - жақты қарастырылды.

Күні бүгінге дейін түркештер туралы арнайы зерттеу еңбегі жазыла қоймаса да көктүріктер, оның ішінде Батыс Түріктер жөнінде жазылған зерттеулер аясында белгілі дәрежеде қарастырылып келген болатын.

XIX ғасырдың соңында құпиясы ашылған Орхон - Енесай
бітік жазуларын Еуропа ғалымдары оқып түрік тарихымен
айналыса бастады. Ал, орыс ғалымдары бүгінге дейін
түркештер жөнінде пәлендей сөз қозғап, жүйелі зерттеу
жүргізе қоймады.

Түркештер туралы алғашқы сөзді 1903 жылы француз тарихшысы Шаванне «Батыс Түрік жөніндегі материалдар» атты кітабында айтқан болатын. Шаванне бұл еңбегін негізінен қытай жазба деректеріне жөне батыстық зерттеу еңбектеріне сүйеніп жазды. Ал, В. Бартольд «Орта Азиядағы түрік халықтарының тарихына арналған 12 лекция» және «Жетісу тарихының очерктері» қатарлы еңбектерінде ішінара болса да түркештер туралы қалам тартқандардың бірі болды деуге болады. Егер хронологиялық ретке жүгінсек, Н. Я. Бичуриннің «Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена» деген еңбегінде Түркеш қағандары мен оның үлкен - кіші ордаларының орналасу жағдайлары жөнінде өз ой - топшылауларын айтқаны байқалады.

XX ғасыр тарихшылары түрік тарихын түркологиялық
тұрғыдан зерттеуде аса зор ғылыми табыстарға жеткенін
көреміз. Әсіресе, Орхон - Енесай бітік жазуын зерттеу ісіне,
Тараз - Талас, Есік қорғанынан табылған руникалық жазулар,
сондай - ақ бұл аймақтағы археологиялық қазбалар барысында
табылған Түркеш қағандары атымен шыққан метал
теңгелердің бетіндегі жазулардың оқылуы Түркештер
жөніндегі тарихи ақтандақтардың орнын толтыруға зор ықпал
етті.

Бұл салада түрколог ғалымдар В. Радлов, П. Мелиоранский, А. Н. Бернштам, С. Г. Кляшторный, әкелі - балалы Сәрсен мен Алтай Аманжоловтар, Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы айтарлықтай еңбек етті.

Ежелгі қазақ жерінде Ерте орта ғасыр мен орта ғасырда құрылған сақ, үйсін, хұн, кердері, қаңлы, батыс түрік және түркеш қағанаттарының этно - мәдени және экономикалық байланыстарының жалғастығы мен сабақтастығын этно - лингвистикалық тұрғыдан танып - білуге септігін тигізді.

Түркештер мен қарлұқ - қарахандардың дәуірінде жасалған заттық - рухани мәдениеттердің кейінгі қазақ халқы жасаған этно - мәдени үрдістермен жақындығын, дәстүр жалғастығын танып - білуде отандық археологтар ашқан жаңалықтардың дәуір бөлгіштік, төтенше маңызы болғандығын атап айтуға болады. Бұл салада Ә. Марғұлан, К. Акишев, К. Байпаков қатарлы ғалымдардың археологиялық зерттеу еңбектерінде Түркеш қағанаты дәуірін танып білуге ой салар ғылыми тұжырымдары мол. Атап айтқанда, Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінен археологиялық казба жұмыстары барысында табылған заттық мәдениет үлгілері осы өңірде жасаған халықтардың қолөнері, діндік наным - сенімдері, тілі мен жазуы негізінен ұқсас, әрі біркелкі жалпыласқанын дәлелдеп отыр. Батыс Түрік қағанаты мен Түркеш қағанаты тұсында бұл өңірді мекендеген «он оқ елі» көшпелілер мәдениетін отырықты қала мәдениетімен ұштастыра отырьш өркендеткеніне ендігі жерде ешкім де күмәнданбайтын болар.

1 ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. 1 Қағанаттың құрылуы кезіндегі Орталық Азиядағы геосаяси жағдай

Түркеш қағанатының саяси тарихын және этникалық тегін танып - білу жолында тарихшылар шама - шарқынша ізденгенін байқаймыз.

Қазақстан тарихшылары арасынан Мұсатай Ақынжанов ең алғашқылардың бірі болып 1957 жылы жарық көрген «Қазақтың тегі туралы» деген зерттеу кітабында тың ізденіске ұмтылған. Ол кітабында нақтылы дәлелі болмаса да: «Қазақтың халықтық негізіне алғашқы ұйытқы болған түркеш пен қарлұқ одағы болды» деп жазды. Ал, академик Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр аңыздар» атты еңбегінде Түркештердің қала мәдениетіне қоскан үлесі мен ел билеу дәстүрінің түріктік ортақ сипатына талдау жасаған болатын.

Тілші ғалымдар Ғ. Мұсабаев пен С. Аманжоловтар ертеректе жазған зерттеу еңбектерінде түркештердің этникалық тегі мен тілі және оның қазақ халқына қатысы жөнінде құнды пікір, болжамдар айтқан.

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы өз тарихын өзі жазу кезегі келгенін анық сезінген тарихшы ғалымдар аз уақытта көп жұмыс тындырып үлгерді. Қазақстан Ғылым академиясы «Қазақстан тарихының» бес томдығын жедел қолға алып, оның 1-томында түркештер туралы көлемді зерттеуге орын берілді. «Иллюстрированная история Казахстана» атты үш томдықтың 1 - томында түркештердің этникалық құрамы мен этно - аумағына, мәдени, рухани өміріне нақтылы талдаулар берілді.

Тарихшы ғалымдар К. Аманжолов пен Қ. Рахметовтар жазған «Түркі халықтарының тарихы» атты кітабында «Түркеш қағандығына» көлемді орын берілген. Ал, тарихшы Ә. Хасенов өзінің «Қазақтың бес мың жылдық тарихы» атты көлемді еңбегінде, кейбір үстірт кеткен тұстарын айтпағанда, түркештердің этникалық құрамы және оның қазақ халқына генеологиялық туыстығы жөнінде келелі болжамдар берілген.

Жоғарьща аты аталған зерттеу еңбектерінің бәріне ортақ бір кемшілік - түркештердің этникалық құрамын түрік тектес қазақтық ауқымнан алыстатып жіберетін орыстық, еуропацентрлік сарынға сын көзбен қарап, тексеріп - зерттемей қабылдай беретіндігі деуге болады.

Бұл олқылықты белгілі тарихшы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахандар толтырғандай болды, Н. Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихында» халқымыздың бай тарихына терең бойлап, жан-жақтылы ғылыми, саяси, экономикалық, этнографиялық зерттеулерді шежірелік талдаумен ұштастыруға ұмтылыстың жарқын үлгісін көрсетті. Біз үшін өте - мөте құндылығы - Батыс Түрік қағанаты мен Түркеш, Қарлық - Қарахан мемлекеттері жөнінде бұрын - соңды ғылыми айналысқа түспеген тың деректемелік материалдарды молынан пайдалана отырып, әрі батыл, әрі ақылға қонымды тұжырымдар ұсынғаны болды. Ол жөнінде зерттеу жұмысымыздың өн бойында кеңінен тоқталып отырдық. Әсіресе, күні кешеге дейін бір жақтылы үстірт қарастырылып келген түркештердің этникалық құрамы мен этно - тегі жөніндегі даулы көзқарастарға айқын бағыт сілтеп, түркештің сақ, үйсін, хұн, қаңлы, көктүріктің ажырамас құрамды бір бөлігі екені, оның кейінгі қазақ халқын құраған ру - ұлыстарға ұйытқы болған этникалық қайнар көздер екені нанымды түрде дәлелденіп берілді. Қытай қазақтарына танымал тарихшы Ж. Мырзахан бүл мәселелерге дәстүрлі этно - мәдени, салт - дәстүр, наным - сенімдер тұрғысынан зерттеу жүргізе отырып, ұлан - байтақ Қазақ даласында атадан балаға үздіксіз жалғасып келе жатқан дала өркениетін кең ауқымда зерделеу арқылы қазақ халқы жасаған бай мәдени үрдісті негіздеуге күш салды.

Бай деректемелік негізге ие бола тұра қытай тарихшылары Батыс Түрік пен Түркеш кдғанаттары жөнінде бертінгі он жылдықтарға дейін арнайы зерттеумен айналыса қоймағаны белгілі болып отыр. Қытай тарихшысы Лин Ган «Ту жуе шы» (Түрік тарихы) деген көлемді еңбегінде 1919-1984 жылға дейінгі Қытай мемлекеті ішіндегі түрік тарихының зерттелу тарихнамасына талдау жасайды. Ол әз талдауын былай түйіндейді: «Егер азаттықтан кейін (1949 ж. дегені-Ә. Д. ) еліміз ішінде түрік тарихын қарастырған мақалалар тым аз екені анық болса, онда Батыс түріктер әлсіреп, ыдырағаннан кейін, оның орнына келген Батыс түріктің баска бір әулеті болған түркештер туралы зерттеулердің мүлде болмауы белгілі нәрсе еді», - деп жазады ол.

Батыс түріктер мен түркештер туралы зерттеу ісі Қытайда тек 1984 жылдан бері шындап қолға алына бастағанын көреміз.

Тарихшы Шуе Зұңжын «Түркеш қағанатынын. дәуірлеуі мен жойылуы» атты мақала жариялап онда алғаш рет келелі бес мәселеге назар аударған.

1. Түркештердің басты үш атасының (түркеш, ше"
шимойын) арғы тегі.

2. Елбасы Өжелі негізін қалаған Түркеш билігі.

  1. Оның ұлы Сақал тұсында Түркеш қағанатыныңтолық қалыптасуы.
  2. Сұлұқтың (шеп тайпасынан) Түркеш қағанатынқайта орнатуы.
  3. Билік үшін қырқысқан ру аралық жанжалдардыңкесірінен Түркеш қағанатының құлауы.

Бұл бес мәселе бойынша терең ізденген тарихшы көп уақыт өтпей «Түрік тарихы» атты көлемді кітабын жариялады.

Тарихшы осы еңбегінде Түркештерге екі тарау арнап, көптеген тың деректер мен жаңа ой пікірлер ұсынған. Ғылым үшін канша пайдалы болғанымен ол ой - пікірлердің ұлы қытайлық астамшылық пен отарлық саясатқа қызмет ету мақсаты, қазақ тарихшыларын "жоғары қырағылык, байсалды ғылыми талдау жасауға мәжбүрлейді.

Қытайдың тағы бір көрнекті тарихшысы Лин Ганның «Ту жуе шы» (Түрік тарихы) атты көлемді зерттеу еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің өзіндік артықшылығы онда саяси құрдымға, ұлы хандық шовинизмге онша ырық берілмеген. Керісінше, тарихи жазба деректерге ғылыми талдау жасау арқылы дұрыс қорытынды шығаруға талпынысы анық байқалады. Сол тарауда Түркештерге арналған бөлімде Түркештердің этникалық тегі мен этникалық құрамы жөнінде Батыс Түріктің Шығыс Түріктерге туыстық жақындығы жөнінде айқын көзқарас білдірген, Тарихшы Лин Ганның бұл көзқарасын құптамайтын, әрі тым өктемдікпен ұлы хандық шовинизімді дәріптегісі келетін Су Бейхай тәрізді авторлар Шығыс түрік пен Батыс түрік түгіл, Түркештерді және оның, этникалық мұрагері болған қазақтарды күллі түрік әлемінен аулақтатып, бөлшектеу, жатсындыруға дайын тұрады. Оның, «Шин жиян, дауше шуебау» журналында жариялаған «Қазақ ұлтының, Таң патшалығы тұсында құрған Түркеш қағандығы туралы» деген мақаласы Түрік бірлігін, онын, этникалық жақындығын жоққа шығару мақсатымен жазылғандығын жасыра алмаймыз.

Қарастырып отырған тақырыбымызда мұндай саясиланған ой пікірлерге сын көзімен қарай отырып, обьективті тарих пен ғылыми әдістемеге арқа сүйеуге барынша ұмтылдық.

Зерттеуші Нұртай Мылқыбекұлы жариялаған «Түркеш хандығы және оның теңге ақшасы» деген мақаласында Таң дәуіріндегі Орда жазбалары мен кейінгі археологиялық қазба олжаларын салыстыра қарастыру арқылы Түркеш қағанаты дәуіріндегі ақша саудасына біршама тоқталады. Ф. Калттылай айтқанда Қытайдағы соңғы 20 жылдағы тарихи зерттеу үрдісі жедел, әрі алуан түрлілігімен көзге түседі. Түркеш тарихын зерттеу ісінде олардың еңбегі құнды ой - пікірлерге бай деуге болады.

Монғол және қазақ жерінен табылған бітік жазулар оқыла бастағаннан кейін орыс және еуропа ғалымдары қалыптастырған түркология ғыльтмынъщ тілдік бағыты, өткен - XX ғасырдың соңғы ширегінде түрік тарихының саяси, әлеуметтік, шаруашылық, мәдени-рухани аспектілерін жан-жақтылы қарастыруға қарай жаңа бет - бұрыс жасағанын көреміз.

Шу - Талас өңірінен табылған бітік жазулардағы көктүріктер мен түркештерге қатысты мәтіндердің қытай, ұйғыр, түрік, орыс нұсқаларын салыстыра отырып, Л. Н. Гумилев талдаулары мен ой - пікірлерін өз ой елегімізден өткізу керек деп қарадық.

Осы тұрғыда Түркештердің этногенезі мен этникалық құрамы жөнінде бұған дейін қалыптасқан ой - пікірлердің тарихи шындыққа үйлеспейтін тұстары да бар екенін айтпасқа болмайды. Түркеш қағандары бастан кешірген үлкенді -кішілі тарихи оқиғалар жөнінде жазылып келген қытайлық бастау хаттардан өрбіген жаңсақ ұғымдарға айқындық берудің тиісті орны бар деп қараймыз.

Түркештер жөнінде араб, парсы жазба деректерін түріктің бітік жазуындағы мәтіндермен салыстыру арқылы салиқалы зерттеу жүргізген С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сүлтановтар еңбегінің айтарлықтай маңызы бар деп айта аламыз «Казахстан летопись трех тысячилетий» ІІХІ ғ. Біз қарастырып отырған кезеңдегі Түркештердің әскери қуаты мен қару - жарағын, шаруашылық жағдайы мен билік жүйесін анықтауға септігін тигізді.

Тарихшы Зуев Ю. А. кытай жылнамалары мен тарихи дерек көздерін пайдалана отырып, үйсін мен түркештер жөнінде көптеген зерттеу мақалаларын жариялаған болатын.

Автор аталмыш еңбектерінде Жетісу өңірінде Ерте орта ғасырда құрылған Үйсін, Иобан, Қаңлы, Түркеш мемлекеттерінің этникалық негіздерін, олардың астаналары мен ел билеу жүйесін ашып көрсетуге талпынған.

Алайда бүл автордың дәл осы мәселелерде үстірт, бір жақтылы кеткен жақтары да бар. Біз осы зерттеу жүмысымызда ол женіндегі ой-пікірімізді ашық айтып отырамыз.

Осы барыста, аса ауқымды кеңістік пен уақыт аясында болып өткен тарихи окиғаларға дұрыс баға берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсілі - тогггап жишқтау, салыстырып сараптау арқылы ғылыми қорытынды жасауға үмтылдық. Түп нүсқалық материалдар негізінен жаулаушы империялардың орда бітікшілері қолымен жазылғандығын ескеріп, оньщ әсіре саясиланған, астам державалық сшатьща нақтылы талдау жасай отырып, тарихқа, ғылымға, адал болу принципін негіз етіп алдық. Бұған дейін әр елдің, өр дәуірде түрліше жазып, түрліше қалыптастырған жер, су, адам, лауазым аттары мен этникалық атаулардың түпнұсқалық қалыбын орнына келтіру үшін түркологиялық лингвистиканың тарихи салыстырма тәсілін ұтымды қолдануға тырыстық. Ол үшін әр тілде жазылған қытай, орыс, түрік т. б. тарихнамалар мен зерттеу еңбектерін қатарластыра қойып өзара салыстыру әдістемесін пайдаландық. Тарихи оқиғалар желісін үзіп алмай, кейінгі қазақ халқын қүраған басты ру - ұлыстардың қазақ жерінде шаңырақ көтерген Түркеш қағанаты тарихын дәстүрлі қазақ мемлекеттілігі тарихымен ұштастыра қарайтын тарихи принциптерге сүйенуді жөн көрдік.

Зерттеу жұмысымызда негізінен нақтылық, тарихилық, салыстырмалы талдау қағидаларын назарда ұстай отырып, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы калыптастыру тұжырымдамасына» сәйкес, отандық тарих ғылымында мемлекеттіліктің дәстүрлі жалғастылығы тұғырнамасын орнықтыру мен тәуелсіздікті одан әрі дамытып, көркейту идеясы басшылыққа алынды.

Шактылап айткднда Батъіс Түрік кағанаты ыдырағаннан кейін Жетісу өңірінде билік құрған Түркештердің этносаяси тарихы мен этномәдениетін жан - жақтылы қарастыру арқылы Түркеш қағанатының Ерте Орта ғасырдағы Қазақстан тарихынан алатын орнын анықтау, сондай-ақ Түркештердің этникалық қүрамы мен этнотерриториясын анықтау керек болды. Сөйтіп Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің алғашқы нысандары мен дәстүр жалғастығын айқын көрсетуді мақсат еттік.

Ол үшін мынандай міндеттерді орындауды қажет деп таптық:

Батыс Түрік қағанатын ыдыратуға себепші болған басты қайшыльтқтарды анықтау, немесе Орталық Азиядағы геосаяси жағдайға талдау жасау.

Түркеш қағанатын құруға себепші болған ішкі жағдайды қарастыру; этникалық қарым - қатынастар, Аеана әулеті мен жергілікті шонжарлар арасындағы күрестің мән-жайын анықтау.

Түркеш қағанатының қашан, қалай құрылғаны жөнінде тарих ғылымында қалыптаскан жаңсақтықтар мен күңгірттіктерге анықтама беріп, нақты дәлелдерін келтіру.

Түркеш қағандығын құрып, негізін қалаған Өжелі Баға тарханның өліміне байланысты жаңсақ пікірлердің орын алу себептері мен нақтылы жағдайын анықтау.

Батыс Түрік қағанаты аумағындағы он тайпа елі бір мезгіл Шығыс Түрік қағанатының да, Таң патшалығына арқа сүйеген «Табғаш қағандар» билігінен де, Тобандардың ықпалынан да тәуелсіз, сырттан біртұтас басқарусыз өзімен өзі ғана қалғандай болды. Осындай түбірлі өзгерістер тудырған қолайлы геосаяси жағдайды шебер пайдаланған Баға тархан Өжелі түркештердің әскери күшін шоғырландыра қайта жасақтап, он тайпа елін өз төңірегіне топтастыра бастады. Ендігі жерде Жетісу жерінде Баға тархан Өжелімен билік таласар ықпалды саяси әскери күш қалмаған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркеш қағанатының құрылу тарихы
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
Түркі қағандығы
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйелері
Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz