Ядролық әріптестік мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ АҚШ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА . . . 7

1. 1 АҚШ пен Францияның қарым - қатынастарының эволюциясы. Ядролық әріптестік мәселелері . . . 7

1. 2 XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы Францияның ұлттық қауіпсіздік концепциясының ерекшеліктері . . . 13

1. 3 XXI ғасырдағы АҚШ-тың сыртқы саясат стратегиясындағы энергетикалық фактор. ЕО мен Францияның ролі . . . 20

2 ТАРАУ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АҚШ ПЕН ФРАНЦИЯ . . . 29

2. 1 XX ғасырдың аяғы - XXI ғасырдың басындағы АҚШ және Франция: Трансатлантикалық байланыстар . . . 29

2. 2 НАТО-дағы Францияның рөлі және сыртқы саясат мәселелері: ядролық тежеу саясаты . . . 43

2. 3 АҚШ және Францияның энергетикалық саясатындағы Орта Азиялық бағыты. Бақталастық немесе әріптестік . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі халықаралық қатнастарда АҚШ пен Францияның алатын ролі ерекше. АҚШ-ты әлемдік саясаттың көшбасшысы десек қателеспейтін едік. Американдық гегемонияның негізін экономикалық әсер ету, әскери күш және мәдени ықпал ету құрайды. Үшінші мыңжылдықтың басында АҚШ-тың экономикасы тек қана мықты емес, сонымен қатар әлемдегі ең тиімді экономика болып есептелді. Бірақ жаһандану мәселесіне сәйкес мемлекеттердің қаншалықты мықты экономикасы, саяси және әскери күші болғанымен ешқандай мемлекеттің жалғыз жаһандық проблемалармен күресуге мүмкіндігі жоқ. Осы мәселе 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін анық байқалды. АҚШ біржақты қызмет ету тактикасын басқа одақтастармен келісімге келу мақсатында көпжақтыға ауыстарды. Вашингтон бірден одақтас болуға тиімді және жаһандық мәселелерді ортақ шеше алатын одақты анықтады. Ол Еуропалық Одақ болды. ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы қайшылықтар мен қақтығыстардың басты реттеуші факторы ретінде ЕО мен АҚШ-ты қарастыратын болсақ, ондағы шешуші түрде және бірден-бір ықпал ететін фактор АҚШ пен Франция десек артық айтпаған болар едік. Бүгінгі жағдай жаһандық кеңестікте бақталастық күрестің күшеюімен сипатталады, сондықтан да мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ықпалдастық орасан зор мәнге ие. Бұл сонымен бірге мемлекеттердің әлеуметтік-экномикалық саясатына орасан зор ықпал етудегі негізгі фактор болып отыр.

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, геосаяси ықпал үшін күрес факторы саяси бақталастар күресінде негізгі мәселе болып табылды. Оны біз қазіргі ЕО мен РФ, Таяу Шығыс, Парсы Шығанағы және Орта Азия төңірегіндегі қалыптасып отырған жаңа геосаяси ахуалдан айқын байқаймыз. Бүгінгі таңда халықаралық саясатта геосаясат факторының маңыздылығын бағаламау мүмкін емес. АҚШ пен Францияның ХХІ ғасырдағы қарым - қатынастарының негізгі бағыттарын зерттеу бітіру жұмысының зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеудің пәні - АҚШ пен Францияның және жалпы ЕО елдерінің ықпалын, күрделі механизмінің әрекеттестігін, олардың сыртқы саясат пішінін жүзеге асыру тәсілдерінің бағытын білу біздің зерттеу жұмысымыздың бірден бір нақты пәніне айналды.

Курстық жұмыстың мақсаты АҚШ пен Францияның сыртқы саясаты және әлемдік геосаяси, геоэкономикалық кеңістіктегі алатын рөлі мен орнын анықтау.

Осы мақсаттарға жету үшін автор төмендегі міндеттерді қояды:

  • Геосаясат пен қауіпсіздік мәселелерін талдау арқылы АҚШ пен Франция қатынастарының тарихи алғы шарттарын анықтау;
  • Францияның ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдау арқылы АҚШ-тың әсерін зерделеу;
  • АҚШ пен Франция үшін энергетикалық қауіпсіздік және жалпы Еуропалық қауіпсіздік мәселелері эволюциясының заңдылықтарын ашу, ерекшелігін көрсету;
  • ХХІ ғасырдың басында АҚШ пен Франция және ЕО арасындағы трансатлантикалық байланыстарды дерек көздері арқылы жан-жақты ашу;
  • Б. Обама мен Н. Саркози саясатын талдау арқылы американ - француз қатынастарының болашағын талдау

Зерттеудің деректік негізі. Б ітіру жұмысын жазу барысында алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін деректердің кең түрі қолданылды. Олар маңыздылық деңгейі бойынша төмендегідей сараланады.

Деректердің бірінші тобына АҚШ пен Францияның заң актілері жатады. Бұл заң актілері екі мемлекеттің саяси жүйесінің негізі болып табылады. Сол арқылы аталмыш мемлекеттердің саяси жүйесіне және саяси институттарына сараптама жасауға болады. Бұл құжаттардың қатарына осы екі мемлекеттің конституцияларының мәтіндері, Тәуелсіздік Декларациясы, сыртқы саяси қатынастарын анықтайтын құжаттар да жатады [1-8] .

Зерттеу деректерінің екінші тобын Еуропаның жалпы қауіпсіздігіне және дипломатиясына байланысты құжаттар қалыптастырады. Олардың қатарында екіжақты және көпжақты келісім шарттар мен трансатлантикалық ынтымақтастыққа байланысты деректер бар [9-13] .

Зерттеу деректерінің үшінші тобын АҚШ пен ЕО елдерінің негізгі мемлекеттерімен жасалған келісім-шарттары құрайды [ 14] .

Деректердің төртінші тобын Францияның Бесінші Республикасының негізін салған генерал де Голль мен оның серіктерінің Франция қауіпсіздігі мен болашағы туралы және жалпы Еуропалық қауіпсіздік туралы мемуарлары қалыптастырды. [15-22] . Деректердің бұл аталған тобы Францияның қауіпсіздігі мен саясатына қатысты және АҚШ пен қатынастар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.

Деректердің бесінші тобын АҚШ пен Францияның мемлекет қайраткерлерінің сұхбаттары, сөздері және еңбектері құрайды. Деректердің бұл аталған тобы екі жаққа қатысты қазіргі кездегі өзекті мәселелер, басым бағыттар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Осы кең деректердің аясының ішінен мынадай мемлекет қайраткерлерінің - Дж. Буш кіші [23], Б. Клинтон [24], К. Раис [25], сөздері мен сұхбаттарын ерекше атауға болады. Аталған сұхбаттарда екі жақты қатысты болған саяси жағдайларға баға беріледі, геосаяси жағдай қозғалады, зерттеліп отырған маңызды тарихи оқиғалар бойынша көзқарастар келтіріледі. АҚШ пен Францияның негізгі ұстанған бағыттары, сыртқы істер министрлігі, үкімет мүшелерінің сұхбаттарында, еңбектерінде қарастырылады.

Аймақтық қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ пен ЕО және оның ішіндегі Францияның рөліне байланысты Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері ерекше орын алды. Ел басы өз еңбектерінде ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясындағы АҚШ пен ЕО факторына баса көңіл бөледі [26] .

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының дипломаттарының қатарында халықаралық қатынастарға байланысты, жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясаттағы негізгі авторлардың рөлі Қ. К. Тоқаевтың [27] .

Деректердің алтыншы тобын АҚШ пен Францияның және ЕО Статистикалық Агентігінің материалдары құрайды. Статистикалық мәліметтер мемлекеттердің экономикалық жағдайын және олардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар дүние жүзілік нарықтағы алатын орнын анықтауға, әлемнің негізгі потенциалдық қорына салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік берді [28] .

Деректердің соңғы жетінші тобын мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, мәліметтер, материалдар құрайды [29-30] . Сонымен қатар бұған американдық және француздық газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады. Деректердің осы тобы зор фактілі материалдарға бай, олар әлемдегі саяси және экономикалық заңдылықты ашуға, геосаясат айналасындағы күрестің динамикасын және эволюциясын бақылауға септігін тигізді [31] .

Сонымен, жұмыста қарастырылған деректердің барлық топтары зерттеу жұмысын жан-жақты зерттеуге, алға қойылған мақсат пен міндеттерді ашуға, сонымен бірге қорытынды тұжырымдардың ғылыми және объективті шынайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы оның талқылану деңгейімен, логикалық зерттеу және міндеттерімен, жұмыстың сипатымен қамтамасыз етілген. Курстық жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі - 63 б.

Бірінші тарауда автор АҚШ пен Францияның қарым - қатынастарының эволюциясын, Ядролық әріптестік мәселелерін, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы Францияның ұлттық қауіпсіздік концепциясының ерекшеліктерін және XXI ғасырдағы АҚШ-тың сыртқы саясат стратегиясындағы энергетикалық фактор мен ЕО және Францияның ролін қарастырса, екінші тарауда XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы АҚШ және Франция: Трансатлантикалық байланыстар, НАТО-дағы Францияның рөлі және сыртқы саясат мәселелері: ядролық тежеу саясаты және АҚШ пен Францияның энергетикалық саясатындағы Орта Азиялық бағыты, бақталастық немесе әріптестік сияқты мәселелерін қарастырды.

1 ТАРАУ АҚШ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

1. 1 АҚШ пен Францияның қарым - қатынастарының эволюциясы. Ядролық әріптестік

Франко-америкалық ядролық стратегия мәселесі бойынша қарама-қайшылық АҚШ-тың 1961 жылы «жалпылай кек қайтару» стратегиясын «иілмелі жауап қайтару» стратегиясына ауыстырғаннан кейін басталды. «Жалпылай кек қайтару» концепциясында КСРО-ның белгілі бір уақытына дейін АҚШ территориясына ядролық зарядтарды жеткізу мүмкіндіктері болмағандықтан, Вашингтондық тұжырымдама бойынша ядролық соққыға тек КСРО-ның территориясы ғана кіретін болған. Алайда Кеңес Одағының жеткізу мүмкіндіктерінің пайда болуымен, Мәскеу АҚШ-қа сәйкесінше жауап бере алатындығы түсінікті болды.

Стратегияның ауысуының екінші себебі - әлемдегі даулардың түрлілігі, яғни оларға байланысты «жалпылай кек қайтару» стратегиясының жұмыс жасамауы (Корейдегі соғыс, онда АҚШ-тың «ядролық қолшоқпары» іске аспады) . АҚШ қарулы күштерін саясатта қолдану мақсатында өзінің мүмкіндіктерін кеңейтуі керек еді. «Иілмелі жауап қайтару» стратегиясының мәні - мүмкін болатын ядролық соққыны АҚШ территориясынан алыстату және ядролық пен жай қаруды түрлі даулы жағдайларда қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. Даулы жағдайлар Орталық Еуропада тууы мүмкін еді (ол жағдайда НАТО және ОВД елдерінің тактикалық ядролық соққыларымен алмасу жүретін еді), яғни даулы аймаққа Франция кірер еді (де Голльдың Францияда орналасқан НАТО басшылығы мен АҚШ-тың әскери базаларына ядролық соққы түсетіндігіне еш күмәні болмаған) . Париж сондықтан «иілмелі жауап қайтару» стратегиясымен келіспеді. Тек 1967 жылы Франциясыз (бұл уақытта ол блоктың әскери ұйымынан шығып кеткен болатын) НАТО-да бұл стратегияны мақұлдады. 1963 жылы Францияның өзінің ядролық қаруы пайда болды, бұл өз кезегінде АҚШ-тың үрейін туғызды (ядролық қарудың таралуынан қауіптенді) . Париж қандай да болмасын елге ядролық кепіл беруге ынталы болмады. Францияның ядролық стратегиясы «барлық азимуттардан қорғану» стратегиясы (бас штаб бастығы Айере жасаған, Голльдің қолдауын тапқан) ұлттық сипатта жасалды. Бұл стратегияның мәні - Француздық Қарулы күштерінің әлемнің кез-келген нүктесіне ядролық соққы бере алатындай мүмкіндікке ие болуы, осылайша Францияның рөлі - АҚШ ықпалын азайтып, өз сыртқы саясатын НАТО-ның сыртқы саясатынан бөлу [23] .

A. Айеренің ойы бойынша, Францияға мегатондық оқтұмсықтармен континентаралық баллистикалық зымыран керек. «Барлық азимуттардан қорғану» стратегиясы Францияның НАТО-дан тәуелсіз болу ынтасын анықтады. Сондай-ақ, ол КСРО-ны басты жау ретінде қарастырмады, бұл өз кезегінде атлантизм негізін бұзды. «Барлық азимуттардан қорғану» стратегиясы тәжірибе жүзінде толықтай іске аспады, себебі бұл Франция үшін ауырлық туғызды. 1968 жылғы жалпы ұлттық дағдарыс Голльді отставкаға жіберді, себебі ол елдің әскери күшіне көп көңіл бөлді де, елдің әлеуметтік жағдайын елеусіз қалдырды. Сонымен қатар, Голльдің кезінде-ақ басқа стратегия жасалған болатын. Айеренің із басары Фурке Франция ұстанған «сенімінен тайдыру» стратегиясын қалыптастырды. Бұл стратегияның мәні - орта ұзақтық зымырандарын иеленіп, жаудың қалаларға соққы агрессиясына қауіп төндіру. Бұл әскери қондырғының американдық «иілмелі жауап қайтаруымен» ұқсастығы болды, мысалы: жаудың ниетін жай ҚК-пен анықтау болды. Бірақ, басты айырмашылық өзгермеді- Франция тек жауды басуға бағытталды.

«Сенімінен тайдыру» стратегиясы тек Францияны қорғау үшін жасалған болатын. Себебі ол, өзінің мүдделеріне сәйкес емес дауларға қосылып кетуінен қауіптенді. Сондай-ақ, француздардың ядролық қарулары тек қалаларға ғана соққы бере алатынын түсіне білді.

70 жылдардағы Францияның ядролық стратегиясындағы өзгерістер, ең басты КСРО-ның әскери қатынаста АҚШ-қа жетуімен байланысты болды. Р. Никсон кезінде АҚШ пен Франция ынтымақтастыққа келді, КСРО бойынша американдық және француздық ядролық соққы координацияларының орнына ақпараттық алмасулар өткізді. Сөйтіп, Париж бен Вашингтон арасында қайтадан келіспеушіліктер басталды.

70 жылдардың екінші жартысында Жискар д’Эстен және басқа да франуз билік басындағылар әскери стратегияны өзгертті. Бұл Франция мен АҚШ арасындағы ядролық саладағы ынтымақтастыққа негізделген екі жақтық қарым-қатынастың жақсаруымен байланысты.

Д’Эстен кезінде Еуропадағы дау мүмкін бола алатын аймақтар болып бөлінбеді («француз аймағы» және «Чехославакия мен Рейн арасындағы даулы аймақ») . Бүкіл Еуропа бойынша тек бір күш - НАТО саналды. Бұл АҚШ үшін өте тиімді болды.

Д’Эстен кезінде ядролық қару - сенімінен тайдыру құралы ғана емес, күресу құралы да болды. Д’Эстен кезінде Франция әскери стратегия келісушілігімен пайда болған анық атлантизммен компромисске келуімен айқындалды. Бұл өз кезегінде АҚШ-пен саяси-әскери, технологиялық ынтымақтастыққа ықпалдасты. Бірақ бұл негізгі голлистік бағдарына - НАТО ӘҰК-ға қатыспауына әсер етпеді. Париж бен Вашингтонның ынтымақтасуының бірден-бір мысалы - АҚШ-тан Францияның ядролық бағдарламасына ЭВМ-нің алынып келінуі (Крей-1) . де Голль кезінде ол американдықтармен жеткізілінбей тұрғанын ескеру қажет.

1980 жылдарға таяу АҚШ «компенсацияланатын қарсы әрекет стратегиясын» жасады («иілмелі жауап қйтарудың» модернизацияланған түрі) . (бұл Кеңестік зымырандардың дәлділігінің көбеюінен болды) . Жаңа доктринаның мәні - Ядролық қару мен оның дәлділігін қолдануын максималды түрде кеңейту үшін мақсаттардың сұрыптау нұсқаларын кеңейту [24] .

КСРО мен АҚШ әрдайым өздерінің ядролық қаруларын көбейтіп отырған, бірақ, санаулар бойынша «өрескел зарар» тигізу үшін елге 400 ядролық заряд жеткізу жеткілікті болған. Француздық «сенімінен тайдыру» өрескел жауапты соққы беру үшін кіші ядролық арсенал қолдануды талап етеді.

1980 жылдардың басында американдық ядролық стратегия былайша қалыптасты: кез-келген ядролық соғыста шыдай алу. Рейган курсы француздық және американдық ядролық стратегияларының айырмашылықтарын тағы да қуаттай түсті.

Миттеранның ойынша «иілмелі жауап қайтару» - соғысты басу стратегиясы емес, ал оны жүргізу стратегиясы, сондықтан НАТО-ның «тоталды жауапты соққы» стратегиясын қабылдауын ұсынған. Сондай-ақ, Францияда Рейганның Еуропада дислоцацияланған әскерлер бойынша ядролық соққылармен алмасу мүмкіндігі туралы ойлары үрей туғызған (1981 жылы 17 қазанда провинциалды газеттердің өкілдерімен сұхбаттасу кезінде айтылған ойлары) .

Парижді «жалпылай кек қайтару» болмасын, «иілмелі жауап қайтару» стратегиясы болмасын ешқайсысы қанағаттандырмады, олар үшін альтернатива батысеуропалық қорғаныс болды. Ресейдің демократиялық қайта қалыптасу жолына түсуі, Франция мен АҚШ-тың әскери стратегияларының ауысуына ықпал етті. АҚШ-та «аймақтық қорғаныс» концепциясы іске асты, бірақ олар «әлемдік полиция» рөлін ала алмады. Ұлтшылдық мәселелері өсіп, Еуропада әскери даулар пайда болды (Балқан, Кавказ), Азияда (Тәжікстан) . Ядролық және химиялық қарудың таралу қаупі өсті [25] .

1993 жылы АҚШ басты стратегиялық ориентирі - өзі мен одақтастарына төніп отырған жаһандық қауіптің алдын-алу, сол себептен Ресейдің тоталитаризмге қайта көшу қаупінің маңызы зор. Әскери жоспарда басты көңіл - ыдырап кеткен КСРО-ға қарсы кең көлемді соғыстан жергілікті агрессияны басуға көшті.

Еуропалық бөлікке байланысты, НАТО-ның МС-400 құжатына сәйкес, ядролық қару тек: «Таңдаумен, Шектеумен, Ұстамдылық көрінісімен» қолданулуы керек деп табылды. Француздық ядролық қару американдықтардың 2% құрады, бірақ бұл да ұлкен күш болып есептелінді. Француздық ядролық күштерінің модернизациясынан кейін олар 30 минут ішінде 50 миллион адамды жоя алатындай дәрежеге жетті. Француз стратегиясында шығыстық ориентирдің маңыздылығы түсті, ол қайтадан «барлық азимуттардан қорғаныс» концепциясына оралғандай болды (Хусейннің Кувейтке агрессиясы - мұндай доктринаның үлесіне нақты дәлел бола алады) .

«Қырғи-қабақ соғыс» кезінде Франция Батыс Еуропаға ешқандай ядролық кепіл бергісі келмеді, ал ядролық соғыстың ықтималдылығы азайғанда Париждің өзінің бірігуінен кейін күшейіп келе жатқан Германия секілді елге кепіл беруі оның Еуропадағы ықпалының өсуіне мүмкіндік беретін еді. Франция үшін ыңғайлы болып (Батыс Еуропа үшін де) - АҚШ-тың ықпалынан шығып, өз қорғанысын өзі қамтамасыз ету болып табылады.

XX ғ. 90 жылдардағы НАТО-ның Жерорталық саясаты және Францияның ұстанымы өзекті мәселеге айналды. Енді осыған сараптама жасайық.

Ең алдымен 1991 жылы Римде қабылданған альянстың жаңа стратегиялық концепциясына көңіл аудару қажет. Онда «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі кезеңдегі НАТО-ның негізгі қауіптері көрсетілген. Қазіргі таңда натолық стратегтердің пікірі бойынша, альянс үшін негізгі қауіпті «НАТО-ның бір мемлекетіне басып кіру мүмкіншілігі емес, керісінше тұрақсыздықтың болуы (экономикалық, әлеуметтік және саяси қиыншылықтар, этникалық даулар, территориальды келіспеушіліктер, жаппай қырып жою қаруларын және баллистік зымырандарды дамыту, өмірге аса қажетті ресурстардың жетіспеушілігі, саботаж және террорлық акттар) » тудырады. Осы қауіп факторларының барлығы аталған аймақта бар, ал оның Батыс Еуропа үшін маңыздылығы сөзсіз, әсіресе Франция, Италия және Испания секілді мемлекеттерге.

Осы мәселеге қатысты Батыстың негізгі қызығушылық танытуы және аталған мәселеге байланысты Францияның ұстанымы негізінен Еуропаның жанармай - энергетикалық комплексіндегі негізгі рөлді атқаратын, Оңтүстік Жерортаның тиімді транспорттық жағдайының және мұнай мен газ қорының болуымен байланысты. Еуропаға Жерорта теңізі арқылы келетін мұнай мен табиғи газ импортының жалпы көлемі орташа 65% құрайды, осындай күнделікті тасымалдаулар үшін 3 мың кеме қолданылады. Италиядағы ТЭК-тағы ливиялық мұнайдың және алжирдық табиғи газдың бөлігі 30% дан асып отыр. Бұдан басқа, Ливия Францияға, Германияға, Испанияға, Түркияға, Грецияға, сондай-ақ Ұлыбританияға мұнай тасымалдайды, ал Алжирдің негізгі клиенттері болып Бельгия, Франция, Португалия және Испания болып есептеледі [26] .

1996 жылғы статистикаға сүйенетін болсақ, Солтүстік Африкаға Батыстың энергетикалық тәуелді болуын көруге болады. Осы жылы Мағриб мемлекеттері Испанияның табиғи газға қажеттілігін 74%, Италияны 50%-ға және Францияны 29%-ға қанағаттандырды. Еуропалық мемлекеттердің бөлігі Алжирдің импортында 67% -ды, Тунистің 69%-ды, Ливияның 66%-ды және Марокконың 57% -ды құрайды. Бұл көрсеткіштер 1998 жылға да тән, және қазіргі күнге дейін де өзекті болып отыр. Сонымен қатар Жерорта теңізінің түбі арқылы өтетін құбырдың орнатылуы туралы да ұмытпау қажет. Жерорта теңізіндегі экономикалық өзара байланыс тамырын тереңге жайды, бұл өз кезегінде НАТО-ның және солтүстік африкалық мемлекеттердің қызығушылығын жақындатады.

Осымен қатар аймақ кейбір параметрлер бойынша тұрақсыз болып табылады, террорлық қызмет (бірінші кезекте бұл мемлекетке қатысты - Ливияның оқшаулануы) және демографиялық жағдай секілді. Жерорта теңізін геосаяси үш субаймақтық бөлікке бөлуге болады: Солтүстік Жерорта теңізі (еуропалық жағалау), оңтүстік субаймақ (Солтүстік Африка) және Шығыс Жерорта теңізі (Таяу Шығыс) . Еуропалық мемлекеттерден дамуы жағынан төмен болып есептелетін мемлекеттер орналасқан аймақтың оңтүстік және шығыс бөлігінен тұрақтылықтың негізгі қаупі шығады.

Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, Солтүстік Африкада демографиялық жарылыс болуы мүмкін, оның салдарынан 2025 жылға дейін 63 млн. адамнан 142 млн. адамға дейін өседі және НАТО мүшелері мен Жерорта теңізінің дамушы мемлекеттері арасындағы демографиялық баланс бұзылады. Осы зерттеушілер осындай уақытта Оңтүстік Еуропа халқының өсуін болжайды, алайда тек 5 млн. адамға ғана [27] . Осы болжамдар Францияның ұстанымына позитивсіз әсер етеді.

Екінші жақтан 2001 жылдың 11 қыркүйекіндегі жағдай терроризммен күресте халықаралық координацияны күшейту қажет екендігін көрсетеді, өйткені қазіргі этапта ол ұлттық шекарадан шығып кетті. Халықаралық терроризммен күресу үшін тек мемлекеттік деңгейдегі әрекеттер жеткіліксіз, сондықтан да бұл үрдіске халықаралық қоғамдастықта болатын барлық құрал арсеналын қолданатын басқа да механизмдерді тарту қажет. Мұндай құрылымдармен халықаралық үкіметтік ұйымдар басқара алады, ал НАТО олардың ішінде ең тиімдісі болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАТО құрылуы және қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы және НАТО
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Федерациясымен қарым - қатынастары
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
Қазақстанның шетеелдермен байланысы. елдер арасындағы ынтымақтастық
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz