Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Терроризмге қарсы күресудегі халықаралық ынтымақтастық . . . 7
1. 1 Халықаралық терроризм анықтамасын құқықтық талдау . . . 7
1. 2 Терроризмнің пайда болуының алғышарттары және мақсаттары . . . 10
1. 3 Терроризм және оның сатыларының, қылмыстық құрамының құқықтық
сипаттамасы . . . 22
1. 4 Терроризммен күрес әрекеттерінің жалпы сипаттамасы . . . 25
2 Терроризмге қарсы күресудің ғылыми-теориялық аспектілері . . . 33
2. 1 Терроризм амалдарының жіктелуінің ғылыми-теориялық сипаттамасы. . 33
2. 2 Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері . . . 37
2. 3 Таяу Шығыс және террор . . . 40
2. 4 Терроризмнің таралуының теориялық және практикалық аспектілері . . . 42
2. 4. 1 Террор және жастар . . . 42
2. 4. 2 Психологиялық аспектілер . . . 44
2. 4. 3 Терроршылдардың басты қаражат көзі - есірткі саудасы . . . 45
2. 4. 4 Ұйымдасқан қылмыстық топтар . . . 46
2. 5 Ислам діннің терроршылдыққа көзқарасы . . . 48
2. 6 Қазақстан Республикасы терроризммен күресудегі басқа мемлекеттермен
ынтымақтасуы . . . 49
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Өткен XX ғасыр ғылым мен технологиядағы бас айналдырар жылдамдықтағы жаңалықтардың ғасыры ғана емес, сонымен қатар 100 миллионға тарта адамдар құрбан болған дүниежүзілік соғыстардың, қанды қырғындар мен төңкерістердің, көтерілістер мен апаттардың да ғасыры болды. Ұлттық империалистік мақсаттарды көздеген мемлекетер соғыс үстіне соғыс ашып, аяғында өздері әлек болды. «Адам сөйлескенше» қағидасы жеңіске жетіп, он мыңдаған жылдар бойы жауласып келген үстемдікті «қарумен», «қара күшпен» мойындату дәуірі біршама жабылып, оның, орнына халықаралық сыбайластық, дипломатияльқ айла-амалдар, психологиялық факторлар мен саяси-экономикалық іс-шаралар арқылы әлемді билеу үрдісі пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары техникасының дамуы және жаңа түрлерінің пайда болуы салдарынан «психологиялық соғыс әдістерінің күшейгені соншалық, бүгінгі күні психологиялық соғыстың тактикалары мен стратегиялары ғылымның жеке саласына айналды десек қате болмас. Сол себепті де XXI ғасырды «ақпараттық ғасыр» деушілермен бірге «психологиялық соғыстардың ғасыры» деушілер де бар.
Халықаралық қарым-қатынастарды БҰҰ, ЕО, НАТО, ЕФТА, НАФТА, АСЕАН, ЕҚЫҰ, ТМД сияқты көптеген аймақтық және әлемдік ұйымдардың реттеуі, әлемдік геосаяси және геоэкономикалық тепе-тендіктің өзгеруі нәтижесінде қарулы қақтығыстар мен соғыстардың орнына қырғи қабақ соғыстың пайда болғаны белгілі. Міне, дәл осы кезде «ұсақ көлемді қақтығыстар» (Low lndensity Соnflict) және террор ұғымдары пайда бола қалды. Психологиялық соғыс санатына жататын терроризм бұрыннан келе жатқан яки қолдан жасалған қақтығыстар мен келіспеушіліктер негізінде қалыптасқан төңкерісшіл идеологиялар мен қозғалыстарды белгілі бір мақсат бойынша ұйымдастырудың нәтижесінде пайда болады [1, 17] .
Терроризм құдды технология сияқты өзгеріп, жаңа әдістер мен жабдықтарды сіңіре отырып, құбыла отырып дамуын жалғастырады. Адамзаттың рахаты үшін ойлап табылған заттар терроршылардың қызметіне жарауы әбден мүмкін. Жолаушы тасымалдайтын ұшағыңыз бомбаға, қол телефоны аузынан от шашатын айдаһарға айналуы әбден мүмкін. Терроршылықтың алдын алуда демократия мен адам құқықтары жөніндегі алға басушылықтардың пайдасы мол. Дегенмен, бүгінде үйіміздің төріне шыққан БАҚ арқылы сойқаншылар мен содырлардың іс-әрекеттері әп-сәтте күллі жаһанға мәлім болуда. Сондықтан, БАҚ адамдарды ақпараттандыру міндеті мен терорды әлемге жариялау дилеммасының алдында тұр. Бұл «жалғызым мен жалмауызымның» әңгімесі емес, құқықтық тұрғыдан алғанда аражігі нақтылы ашылмаған мүшкіл хал [2, 6] .
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен биліктегі түзімнің кейбір кемшін тұстарын өздерінше пайдаланатын терроршылар бұған наразы азаматтарды өздерінің идеологиялық бағыттары бойынша үгіттеп, ұйымдастырады. Осы сатыдағы терроршы топтар мен оларды жақтаушылар кейбір барлау мекемелері және ұйымдасқан қылмыстық топтармен жең ұшынан жалғасатын байланыс орнатуы мүмкін. Осы күштер тамызған қақтығыстар мен шиеленістер оты кейде ондаған жылдар бойы өшпеуі мүмкін. Терроршы топтардың ұрандары мен пікіриятына (идеология ) имандай сенген жанкештілер болса өздерін һәм езге де күнәсіз жандарды фида етуде.
Өкінішке орай, терроршылардың лаң салуы күн өткен сайын жиілей түсуде, олардың шабуылдарының зияндары күн өткен сайын ұлғаюда. Террор амалдарының көбеюі немесе бәсендеуі халықаралық, аймақтық яки мемлекетгік деңгейдегі саяси-әлеуметгік уақиғалармен тығыз байланысты. Мұндай амалдар сайлау, халықаралық зия раттар мен биік жиналыстар кезінде көбірек болады. Бірақ бір нәрсенің басы ашық - терроризм ешқашанда жеңіске жете алмайды. Үреймен, қоқан-лоқымен, лаңкестікпен жеңіске жетемін деп ойлайтындар алданады. Уақытша ғана әсер ету ешқашанда мәңгілік үстемдікке апармайды. Мәңгілік үстемдік тек әділеттілік, рахымшылық, келісім негізінде ғана болуы мүмкін [3, 7] .
Алайда, жер бетіндегі әділетсіздік пен қанаушылың, сыңаржақ ұстанымдар мен тонаушылық бола берсе оған қарсы күресетін адамдардың болатыны күмәнсіз. Кейбір мемлекеттер өз жоспарларын орындау үшін терроризмді қолданудан жасанбайды. Міне, осы әрекеттер жалғасын тапса, терроризмнің жойылмасы анық. Әр қоғамда өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына наразы шағын топтар болады, бұл табиғи нәрсе. Адамардың бәрін бірдей байыту және қошеметтеу мүмкін емес.
Терроршы топтардың бір үстемдігі олардың кез келген уақытта және кез келген жерде қимыл жасай алатыны. Сондықтан, кез келген адам террор шабуылының құрбаны болуы мүмкін. Лаңкестердің жоспарлары туралы мәлімет жинақтау өте қиын. Өте қатал тәртіппен тәрбиеленген және қоғамға «қайтарылуы» көп жағдайда мүмкін емес жанкештілер сыр бермейді. Бұл террордың «үрей салғыш» құралы, ықпал ету айласы. Терроршыларда әдеттегі адамдағы этикалық және рухани қасиеттер атымен болмайды. Олар ешқандай этикалық адам құндылыққа бағынбайды, сол себепті қауіпті.
Террорды тек сыртқы күштер ұйымдастырады деушілік бекер, өйткені, террор өмір сүруге қолайлы орта болмаса жан саңтай алмайды. Ол ылғида әлеуметтік ауруы асқынған қоғамдарды, ауыз бірлігі жоқ елдерді және өздерінің әл-аухатына қатты наразы адамдарды іздейді де тұрады.
Террордың дамуы мен таралуында сыртқы факторлардың әсерін, әрине жоққа шығаруға болмайды. Бірақ террор бар елдерге қарағанымызда ол елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемалардың ішкі тұрақтылыққа жол бермейтін деңгейге жеткенін байқаймыз. Қоғамдар да тірі организмдер сияқты. Оның бір ағзасы ауруға шалдықса, микробтар мен вирустарға қарсы өзін қорғауы қиын болады. Сол сықылды, егер қоғамда жікшілдік пен араздықтар пайда болса, ондай қоғамда терроризм үшін қолайлы орта бар деген сөз.
Әлеуметтік-экономикалық өмірдегі проблемаларды шешудің орнына оларға басқаша саяси мән-мағына бере отырып деструктивті әрекеттерге бару терроршылардың аузына май салғанмен бірдей. Қоғамдағы бір-біріне қарама қарсы радикал-маргиналды топтардың пайда болуы террорға апаратын жолды қысқартады. Сондықтан да қоғамның келісім, ішкі татулық пен береке-бірлік әр мемлекеттің террорға қарсы мықты бекінісі, қорғаны. Ең маңыздысы, адамдарды зорлыққа, әлімжеттікке, қатігездікке итеретін факторларды анықгап, олады еңсеру үшін нақты шараларды қолдану керек. Әр адам өзге адамдардың құқықгары мен бостандықтарын сыйлап, құқықтың үстемдігі жүзінде жүзеге асатын болса, заңсыздың пен әділетсіздік азайса, қоғамньң басын біріктіретін құндылықтар дәріптелсе, сонда ғана потенциалды террордан сақтануға болады [4, 78] . Жоғарыда аталған проблемаларды мемлекетаралық болып шешпейінше, терроризм қаупінен құтылу, қоғамдық қауіпсіздікті және елдер арасында бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, адам құқығы жөніндегі мәселерді шешу әсте мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін, жұмыс мақсатын, міндетін, негізге алынған материалдарды және жұмыстың құрылымын анықтап көрейік:
Сонымен бүкіл әлем тыныштығы мен бейбітшілігінің бұзылуы, адамзат қауымының қорқыныш пен үрейге малшығуы, мемлекет ішілік саяси тұрақсыздықтың етек жаюы, адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кепілдендіретін мемлекеттің билік басынан кетуін қалайтын және өз арман-мақсаттарына кедергісіз әрі заңсыз жетуді тілейтін терроризм мен діни экстремизм кемесінің өрге жүзуі, қарапайым халық үшін "қасірет теңізін" дүние жүзі болып бар күшті салып, жою, қарсы күрес жүргізу - өзекті мәселе.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың бірлігі болып табылатын "терроризм", "террор", "террорист" ұғымдарын, түрлерін және олардың қоғамға тигізетін әлеуметтік, экономикалық және саяси әсерлері мен ықпалдарын анықтау мен талдау.
Дипломдық зерттеудің мақсаттарын шешу үшін төмендегідей негізгі міндетер қойылды:
- халықаралық терроризм анықтамасына құқықтық талдау жасау;
- терроризмнің пайда болуының алғышарттарын және мақсаттарын анықтау;
- терроризм және оның сатыларына, қылмыстық құрамына құқықтық
сипаттама беру;
- терроризмнің қоғамдағы қылмыстық орнын анықтау;
- терроризмге қарсы күрес қағидаларын мемлекет тарапынан жүйелеу.
- терроризмнің таралуының теориялық және практикалық аспектілерін талдау.
Зерттеудің объектісі. Терроризмге қарсы күресудегі әлемдік ынтымақтастық саласындағы қоғамдық қатынастар.
Зерттеудің пәні болып халықаралық терроризмге қарсы күрес қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері мен бағыттары танылады.
Дипломдық зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдауы, сонымен қатар, Ағыбаев А. Н., Тукумов Е. В., Заводпаев Р. Т. және т. б. заңгер-ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында жалпы және жеке ғылыми дербес әдістер қолданылды: анализ, синтез, құқықтық-салыстырмалы, жүйелі-құралу, логикалық, нақты социологиалық, тарихи және т. б.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Дипломдық жұмыс материалдары және тұжырымдары терроризм құбылысын ғылыми тұрғыдан түсінуге, талдауға және тиімділігін арттырудың нақты ұсыныстары айтылады. Сонымен қатар, арнаулы курстар дайындауға, ғылыми зерттеулер ісін жүргізуге дипломдық жұмыс материалдары негіз бола алады.
Жұмыс құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Терроризмке қарсы күресудегі халықаралық ынтымақтастық
1. 1 Халықаралық терроризм анықтамасын құқықтық талдау
Сонымен, терроризм дегеннің өзі не? Терроризмнің иесі кім? Террордың мақсаты қандай?
Бүгінгі таңда терроризмнің керемет көп анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесі біреулер оған мүлде қарама-қарсы пікірлерін салмақтайды. Қалай болғанда да, осынау құбылысты сипаттап-сараламай тұрып терроризм туралы белгілі бір түйінді пікір айтуға болмайды.
"Террор" және "терроризм" терминдерінің пайда болуы туралы зерттеушілердің ортақ пікірлеріне қарағанда "terror" латын сөзі - "қорқыныш", "үрей" дегенді білдіреді. Негізінен, жоғарыда аталған сөдердің этимологиясы тіптен арыда жатыр: "terror" ("жер - земля") - жер үстіндегі белгілі бір айқындалған іс-әрекеттер, я болмаса, жер үстіндегі "бірдеңе" үшін. Ал көне Римнің эллинистикалық мәдениеті мен көне грек тілінде "тэрас" - "құбыжық" сөзінің мағынасы қазіргі кездегі лаңкестік әрекеттердің ниетіне сай келеді. Екі сөздің қос семантикалық мағынасы біріккен бір ғана мақсатты көздейді -белгілі бір аумақта максимальді түрдегі қатаң әдіс-тәсілдермен "әлемді билеп алу, билік құру" [5, 260] .
Жалпы, "терроризм" анықтамасы 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мекемесінің құрылуымен әзірленді, соның негізінде: "терроризм" - террорлық әрекетті уағыздаушы саяси бағыт. Ал, "террор" - саяси дұшпанына қарсы жасалатын зорлық-зомбылық, өлтіру. Осы саяси бағыт пен террорды жасайтын адам - "террорист".
Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.
Мұның өзі, қаншалықты идея мен идеология не жетілмеген немесе шикі болса, терроризм соншалықты идеологияның шашбауын көтереді. Бұл екі жағдайда жүзеге асуы мүмкін: біріншісі - идеологияның негізінде бағдарламалық нұсқау ретінде күш көрсетіп жаткан кезде, екіншісі - идея мен идеология соншалықты жетілмегендіктен, оның мақсатын жүзеге асырудың жолы тек қана күш көрсету болған кезде.
Террор - дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Бұл күнделікті өмірімізге енген және өте жиі қолданылатын сөзге айналды. Әйтсе де, қанша жиі қолданылғанымен бұл сөздің мағынасы бойынша әлі де ұйғарым жоқ. Бүгінге дейін сала мамандары мен филологтар қанша ұмтылса да террорға ортақ түсінік бере алмай келеді. Халықаралық конференциялар мен жиналыстардан да нәтиже шықпай жатыр. Өйткені, біреудің «терроршы» дегенін, екіншісі «қаһарман» яки "еркіндік күрескері" деп атауда. Террор дегеніміз - адамдарды қаймықтыру, билеп төстеу арқылы оларға белгілі бір идеология мен ұстанымды мойындату үшін зорлық-зомбылық жасау, күш жұмсау және лаң салу. Террордың ең басты ерекшеліктерінің бірі нысанасын кездейсоқ таңдап алатыны. Нысанның яғни террор құрбандарының кездейсоқ таңдалуы үрейдің тез таралуына мүмкіндік береді. Егер де адамдар ешқандай себепсіз-ақ террордың құрбаны болатын болса, онда біріншіден - террордың мақсатының орындалғаны, екіншіден - ешкімнің де бас амандығы жоқ деген сөз. Өйткені, біз қай жерде, қашан және кімдерге террор шабуылы жасалатынын кәп жағдайларда біле алмаймыз. Террордың қылмыстың басқа түрлеріне енді бір парқы - оның мейірімсіздігі, қатыгездігі және қиратушы күшінің шексіздігінде. Мәселен, 1995 жылдың 20 наурызы күні Жапонияның Токио қаласындағы метро аялдамасында буддист «Аум ин Срикйо сектасы шашқан улы газ салдарынан 12 адам қаза тауып, 5 мың бес жүз адам жарақаттанған. Метрода шабуылдың нысанасына айналған мыңдаған адам күнделікті тіршіліктерін жасап жүрген қарапайым адамдар болатын [6, 13] .
«Террор» термині орасан зор үрей салатын және жекелеген адамдарды қаймықтырып, тоздыратын іс-әрекетті, амалды білдіреді. Ал, «терроризм» дегеніміз саяси-идеологиялық мақсаттарға жету үшін іс жүзіндегі түзімді, режимді заңнан тыс жолдармен құлату үшін ұйымдасқан, жүйелі және жалғасты террорлық іс-әрекеттерді қолдануды әдістенуді білдіреді. Нақтылап айтқанда, терроризм - саяси нысана арға жету үшін қоғамды демократиялық тәсілдермен көндіру қағидасына қарсы, құқықтың үстемдігі мен мемлекеттің авторитетін танымайтын, демократиялық билік иелерін халыққа қарсы дүлей күш жұмсауға арандататын, өз доктриналары мен идеологиялары арқылы халықтың қолдауына жете алмаған топтардың халықты бағындыруды өздерінің тарихи миссиясы санауы салдарынан пайда болатын ұйымдасулар мен жымдасулардың адамзат төмен көретін, этикалық негіз дердем мақрұм, әр түрлі ойды жүзеге асыру үшін кез келген әрекетке бара алатын, адамның өмірін шыбын құрлы көрмейтін, бейкүнә адамдарды нысанаға алатын, етабір соғыс қағидасын мойындамайтын, дәстүрлі саяси қылмыстардан өзгеше, жүйелі және ұйымдасқан түрде кісі өлтіру, ұрлау, кепілге алу, қорқыту, лаң салу және қирату амалдарының жиынтығы.
1999 жылы қабылданған ҚР-ның «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңында терроризм сөзіне мынадай түсініктеме берілген: «терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үйрелендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық, ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не коғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін тек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту». Ал, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған ҚР-ның «Қылмыстық кодексінің» 233-бабында терроризмге мынандай анықтама берілген: «233-бап. Терроризм. 1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық, қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттік немесе халықаралык, ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ак, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасалсын деп қорқыту». Қылмыстық кодексте террорлық қылмыстарға 4 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескерте кетейік.
Террордан ондаған жылдар бойы зардап шеккен, азаматтық соғыстың жиегінен әрең қайтқан бауырлас Түркия Республикасының 1991 жылғы «Террормен күресу туралы» заңында былайша анықтама берілген: "Террор қысым, жәбір, зорлық, -зомбылық, қорқыту, басындыру, қаймықтыру, бопсалау немесе қауіптендіру әдістерінің бірімен Конституцияда көрсетілген Республиканың сипаттарын, сондай-ақ саяси, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы және экономикалық төзімдігін ауыстыру, мемлекеттік жері мен елінің біртұтастығын бұзу, Түрік мемлекеті мен Республикасының барлығын қауіпке ұшырату, мемлекеттік билікті әлсірету яки құлату, яки басып алу, адамдардың негізгі хақтары мен еркіндіктерін жою, мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты залалдандыру мақсатымен бір ұйымға қатысқандар яки адамдар тарапынан жүзеге асырылатын әр түрлі іс-әрекетті қамтиды». Заң мәтініндегі анықтама террордан гөрі терроршылдыққа сәйкес келеді. Өйткені, терроршылдық қатыгездік пен қорқынышты да қамтитын саяси астары бар және өзіндік жүйесі қалыптасқан ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекеттерді білдіреді. Кейбір заңгер ғалымдар террорды - «әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік, бүлік шығару және әлеуметтік таптар арасында қақтығыс, соғыс шығару үшін күш жұмсау, зорлық жасау немесе осыған арандататын жоспарлы және құқықтан тыс амалдарды іске асыру» деп сипаттайды.
Өткен ғасырдың бас шенінде синидикализм философиясының негізін қалаған Джорж Сорел (Georges Sortl) «ХХ ғасырдың бір-ақ қаруы бар, ол - үрей салу» деп айтқан екен. XIII ғасырда дүйім жұртты билеу, бағындыру үшін үрей салу, қорқыту әдістерін Шыңғыс ханның қолданғаны белгілі. Ал, XX ғасырда болған қанқұйлы соғыстар мен қырғындар шежіресі Сорелдің пікірін растағандай. Төңкерісшіл террордың маңсатына жету үшін әр түрлі әдісті дұрыс деп санайтындардың қатарынан анархист С. Г. Нечаевты (1847-1882) атауға тура келіп тұр. Ол "Катехизис революционера" атты кітабында «революционер бір ғана білімді біледі - ол жою білімі» деген. Нечаев терроршылдықтың теориялық негізін қалаушылардың бірі. Оның революция деп отырғаны шын мәнінде терроризмнен басқа ештеңе емес. Нечаев террор ұйымының басшысына керсоқыр бағынушылықты талап етеді. Осы адамның қандай сорлы ауру екенін мына тарихи факт дәлелдейді: Нечаевтың әдістерімен келіспеген бір студенті оған қарсы пікір білдіргісі келеді. Ол студентті топтың алдында өлтіреді де артынша Швейцарияға қашып кетеді. Сол кездегі Ресей үкіметінің талабы бойынша Швейцария сақшылары оны тұтқындап, Ресейге тапсырады. Ол 20 жылға еңбекпен түзеу колониясына сотталады да сонда өледі. Міне, осы факт Нечаев секілді қоғаммен қақтығысқа түсіп, өзінің пікірлерін жәбірлеп мойындатқысы келетіндер террористің типін түсінуге көмектеседі.
Еуропа зандарында, мәселен, «Террормен күресу туралы» ағылшын заңында террор туралы «саяси ұйымдарға қарсы күш қолдану немесе қоғамның белгілі бір бөлігін қорқыныштың өтінде қалдыру мақсатымен күш жұмсау акциялары» делінген. Францияның тиісті заңында террор былайша сипатталған: "қысым яки сес көрсету арқылы іс жүзіндегі қоғамдық; тәртіпті айтарлықтай бұзу мақсатымен жеке адам яки адамдар немесе бір топ жасайтын әр түрлі іс-әрекет».
Жоғарыда терроршылдықтың парықты сипаттамаларын келтірдік. Энциклопедиялар мен заң мәтіндерін, халықаралық кон венциялар мен ғылыми кітаптарды ашқан сайын террордың сипаттамалары да көбейе түсті. Бірақ бұлардың ешқайсысы да терроршылдықты тұтастай қамти алмайды. Бұның басты себебі, террор ұйымдарының көптүрлілігін және олардың мақсаттары мен идеологияларының әртүрлілігінде. Күн сайын БАҚ-тан жаңа террор ұйымдарының атын естіп жатырмыз. Бұлардың сойқаншылықтарының мазмұны мен әдістері де күн сайын өзгеруде. Оның үстіне кейбір террор ұйымдары ұлт-азаттық соғыс жүргізудеміз деп ақталғысы келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz