ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШЕРХАН МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ 6
1. 1 Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы 6
1. 2 Шерхан Мұртазаның редакторлық идеясы 20
2 ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 32
2. 1 Шерхан Мұртаза публицистикасының поэтикасы 32
2. 2 Эпистолярлық жанрға жан бітірген кемел қайраткер 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің алуан ырғағы, адамның жоғары парасаттылық деңгейі пулицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.
Сондықтан, біріншіден, кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған суреткер Ш. Мұртазаның журналистік, публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгіге үлгі-өнеге, берері мол дәріс.
Сондай-ақ журналистика теориясы мен тәжірибесі зерттелуінің негізгі құрамдас бөлігі - публицистік шеберлік тәсілін, оқырманға ойын жеткізудегі пайдаланылатын әдістерін, тілі мен стилін, жанрлық ерекшеліктерін оқып-білу - публицистиканың теориялық-методологиялық деңгейін көтеруге пайдасын тигізері сөзсіз.
Екіншіден, Шерхан Мұртазаның публицистер шоғырын даярлаудағы редакторлығы өз алдына бір мектеп. Оның редакторлық қырының ерекшеліктеріне тоқталу арқылы публицистің қайраткерлік, қоғамдық-саяси тұлғасын айқындай түсеміз.
Міне, осы жәйттерден тақырыптың өзектілігі айқын аңғарылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Шерхан Мұртаза шығармашылық лабораториясының ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындау үшін ізденуші алдына мынадай міндеттер қойды:
Ш. Мұртаза публицистикасының қоғамдық-саяси маңызын ашып, тақырыптың идеясына назар аудару.
Ш. Мұртаза публицистикасының тілдік байлығын, стильдік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Эпистолярлық жанрдағы туындыларының әлеуметтік-саяси мәнін зерттеу.
Қазақ публицистикасының дамуына редакторлық қырының қосқан үлесін көрсетіп, ерекшеліктерін айқындау.
Бітіру жұмысының мақсаты - қазақ баспасөзі тарихындағы Ш. Мұртаза публицистикасының алатын орны мен рөлін көрсету.
Зерттеу нысаны. Ш. Мұртазаның публицистік шығармашылығы. Ш. Мұртазаның журналистік, публицистік, редакторлық қызметін сөз еткенде көсемсөзшінің әр жанрдағы материалдары тілімізге тиек етіледі, мысалға алынады.
Негізгі қайнар көзі ретінде публицистің әр жылдарда жарық көрген, «Не жетпейді?», «Елім, саған айтам, ел басы сен де тыңда!», «Ақындар мен әкімдер» деп аталатын публицистикалық шығармаларынан тұратын жинақтары мен өзі еңбек еткен газет-журнал тігінділерін қарастырдық.
Зерттеудің дерек көздері . Журналистика тарихы, теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерттеуші ғалымдар Т. С. Амандосов, Н. Ф. Погодин, М. С. Черепахов, Қ. Бекхожин, С. М. Гуревич және тағы басқаларының еңбектері. Сондай-ақ Т. Мамесейіттің «Шерхан Мұртаза» атты еңбегі мен үзеңгілес қайраткерлердің естелік-эсселері негізгі дерек көздер болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Қазақ баспасөзі мен әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгер Ш. Мұртаза қазақ халқының бір ғасырлық жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның публицистикасын баспасөзіміздің дамуына ғана емес қоғамдық ой-сананың өрлеуіне қосқан үлесі ретінде де бағалау жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Ш. Мұртзаның ұлттық тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі ақтаңдақтардың бетін батыл ашуда сіңірген еңбегі мен оның редакторлығының публицистика дамуындағы жетістігі ретінде қарастыру еңбектің жаңаша бір қыры.
Зерттеудің әдістері. Белгілі бір ғылыми проблеманы зерттеуде танымдық әдістердің маңызы өте зор. Ол - құбылыстың мәнін ашуға көмектеседі. «Шерхан Мұртаза - публицист» деген тақырыпта жұмыс істей отырып зерттеудің талдау әдісіне көбірек жүгіндік.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтың жеткен жерінен бастайды: жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Олай болса, Ш. Мұртаза сынды публицистің тәжірибесінен жас журналистердің алары мол. Бұл орайда зерттеудің нәтижелерін «Журналистік шеберлік», «Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі» пәндерінен лекция даярлау кезінде, «Редакторлық қызмет», «Эпистолярлық жанр» атты тақырыптардағы семинарларда пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, «Шерхан Мұртаза - шебер тілді публицист», «Шерхан Мұртаза публицистикасының ерекшелігі» атты екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Ш. МҰРТАЗА - ШЕБЕР ТІЛДІ ПУБЛИЦИСТ
- Публицистикасының тақырыбы мен проблемалығы
«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды: жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Өзінің алдына қойылған міндеттерге сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады. Өйткені, суреткер - өз заманының перзенті» [1. 35б] .
Халқымыздың өткен ғасыр басындағы ойы озық, көкірегі ояу зерделі өкілдері өздерінің ағартушылық, жазушылық, публицистік т. б. қызметтерін туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігіне тәрк етіп, ұлттық сезім мен ұлттық сананы оятуға бағыттаса, бүгінгі көсемсөз шеберлері де еліміздің сан ғасыр арман еткен тәуелсіздігімізді, ішкі - сыртқы саясатымызды, нарықтық экономика мен мәдениетімізді рухани әлемнің жаңа сатыларына көтерілуіне мұрындық болып жүргендері шындық. Өз ұлтының кешегісін саралап, ертеңін бағамдай білетін зиялы топтардың бел ортасында білек сыбанып телегей - теңіз біліммен, алыс - жақын болашақты болжайтын көрегендігімен өзіндік үнін, қолтаңбасын, дара азаматтық пафосын, таным стилін ала келгендердің ішінде Шерхан Мұртаза есімі оқ бойы озық тұр десек қателеспеспіз. «Не жетпейді?», «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!», «Ақындар мен әкімдер» атты еңбектері дағдарыстан дал болған, шарасыздықтан тауы шағылған халқының еңсесін көтеруге көмектесті. Рухын көтерді. Онда не жазса да, не толғаса да халқының қамын ойлады. Шындықты шырқырата, жымын жымындастыра шымырлатып айтты. Кезінде белгілі сыншы П. А. Вяземскийдің «Шындыққа халықтың арасында әбден болу үшін, жайма шуақ кезіңде кемінде отыз жыл уақыт керек. Осы аралықта ол санада жаңғырып, селқостар мен енжарларды ұйқыдан оятады, бойкүйездерді сілкілейді. Қалай болғанда да екі пікірдің қатар тұруы, бәрібір ақиқатқа жақын пікірді алып шығады» - деген пікірі әлі де өз мәнісін жоғалта қоймаған сияқты. Десек те, Шерхан Мұртаза өте көркем тілмен, публицистикалық стильмен жеріне жеткізе жазды. «Шерхан Мұртаза қаламын туған дүниелер - осы заманғы публицистиканың жоғары үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінараттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар демей осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсемсөз» [2] .
Оның ұланғайыр шығармашылық бет пердесі көсемсөзден басталады. Публицистикасының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған терең ойларының ұшқындарын тәуелсіздік алардағы материалдардан білеміз. Сол материалдарда жарқ еткен жаңа байламдар, жүректің қылын шертер ақ сезімге суарылған тебіреністі толғамдары өзгеріске толы кезеңде қоғамды гуманистік, демократиялық тұрғыдан жаңартудың саяси - рухани мәселелері жайында сөйлеген сөздері; мақалалары халқымыздың тарихына, рухани мұрасына құрмет сезімін қалыптастыратын терең әдеби және публицистік шығармаларының құндылығы халқымыз үшін қашанда жоғары.
Осы жылдары ол қазақ әдебиетінің рухани қорын «Құрылысшы Дәку» (1958), «Табылған теңіз» (1964), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1968), «Мылтықсыз майдан» (1966), «41-ші жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), «Интернат наны» (1974), «Қызыл жебе» (1978, 1980), «Тұтқын бала» (1983), «Қара маржан» (1986), «Жүрекке әжім түспейді» (1987), «Жұлдыз көпір» (1984, 1991), «Не жетпейді?» (1990), «Тамұқ» (1994), «Ай мен Айша» (1997), «Елім, саған айтам, ел басы сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты кітаптарымен байытты. Оның туындылары одақтың және шетел халықтарының тілдеріне аударылды.
Осымен қатар ол Г. Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш. Айтматовтың «Ботакөз», «Қош бол, Гүлсары», «Боранды бекет», «Жан пида» шығармаларын, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э. Эрсимнің «Маркчан балалары» романын, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалап, қазақ тілінде бастырды. Жазушы «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Қазақ КСР - не еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы.
«Публицистика - ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы шындық» [1. 16б] . Ол - дәуір үні, замандас келбеті, журналистің өмірге әлеуметтік көзқарасы, өзі өмір сүріп отырған кезеңнің бет бейнесі. Оның шығармалары халқының тағдырымен тығыз байланысты әрі өзінің өмірбаяны сияқты.
Алғашқы қадамын публицистикадан бастаған Шерхан Мұртаза ел өмірнін очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Оның «Құрылысшы Дәку» (1958) атты тұңғыш очеркі - «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы тілшісі болған жылдардағы тынымсыз еңбегінің жемісі: Мұнда қазақ елінің Ұлы Отан соғысы, шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы еңбек адамының тағдыры сөз болады. Тыңдағы отан үшін төгілген ащы тер Дәку ақсақалдың бейнесінде суреттеледі. Автор құрылысшы Дәку отбасының атадан балаға, баладан немереге беріліп отырған тәрбиесін өз заманының жастарына үлгі етеді. Жазушы оны Дәку баласы Нұрмұқанбет, алты жасар немересі Тамара арасындағы бір сәттік эпизодпен бейнелеген. «Арыдым, қалжырадым, тоқырадым, жан тыныштық керек болды» дегенді білмейтін еңбекқор қарияның өмірі «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек ер атандырар» деген халық даналығын қайта жаңартудың белгісі ретінде сипатталған.
Дәл осындай шындықшыл, ұлтым, қазағым десе ішкен асын жерге қоятын Шерхан - публицист, жазушы соңғы жылдары ғана қалыптасты дей алмаймыз. Қайсібіреулер кеңес кезінде шен - шекпен кигендердің бәрін ұлт мүддесін жадыдан шығарып алды деп айыптайды. Бұл кеңестік - үстірт ойлағандық.
Тәуелсіздік туын желбіретсек те, біз әлі өткен тарихымызды сыңаржақ түсіндіріп жүреміз. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің нелер саңлақтары қалайша атылып кетті? Әдеби асыл қазынамыздың жартысынан астамы неліктен кітапхана ГУЛАГ- ы дейтінде шаң басып жатты? Демократияға бетбұрыс заманының өзінде «Қазақ ұлтшылдығы» деген сөз қайдан пайда болды? осы сауалдарға жауап іздегенде көбінесе ақталуға тырысамыз. Ал шындығында қалай еді? Ресми идеологияға назырқану, наразылық әсіресе ұлт мәселесінде жиі кезікті. Қызыл империяға «Ұлтымды сүйемін!» деген сөздің өзі шаншу болып
қадалатын. Мазмұны социалистік, түрі ұлттық жасаймыз дейтін қағида іс жүзінде ұлттық рухты тұншықтыруға, ұлттық сана - сезімді өшіруге бастайтын. Бұған қарсы әрекет әртүрлі формада бой көрсетті. Ілияс Есенберлин шовинизмге қарсы ашу-ызасын жағымсыз қаһармандарына айтқызып тарқататын («Қатерлі өткел» романы. 1967), Әбділдә Тәжібаев көп қырыс ойларын символистік өлең жолдарына сіңіріп жұмбақтайтын. Шерхан Мұртаза ма? Шерханның ұлттық сезімі жастайынын оянды, кеңестік тәртіптің көп әділетсіздіктеріне іштей қарсылығы ерте білінді, көкірегіне шер боп байланды. Журналистік қызметінің алғашқы он жылдығында ғана, 1959-1969 жылдардың аралығында жазылған жүзден аса заметка, корреспонденция, 5фелетон, 8 рецензия, 47 очерк, 50 ден астам көркем публицистикалық материалдың бәрі сол кездің жетістіктерін толғауға құрылған десек қателесеміз. әрине, өз қатарынан қалмай Шерхан да кезінде мойнына қызыл галстук тақты, пенжагының жағасына комсомол значогын қадады, партияның шындалған мүшесі ретінде «Лениншіл жас» газетінің редакторы, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альмонагының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Сол ағынмен «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына, Қазақ радиосы мен теледидар комитетіне төрағалық етті. Соның бәріне уақытының күнбағары да, сыншысы да бола білді.
Жүрегіндегі елім, жерім дейтін ішкі қапа, асан қайғысы бірте - бірте көркем - кестелі сөзге ауыса бастады. Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екіұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан: Ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған. Ілкі кесек туындысы, халқы мен қоғамын мойындатып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандырған жұп - жұмыр «Қара маржан» (1976) романындағы Ақан қарт бейнесіне көз жүгіртіңіз. Өндірістік роман жанрынан сыналап орын тауып, осы бейне арқылы туған табиғатты аялау, ел мал - жанын көбейту мәселесін жып - жинақы етіп қоя біліп, оқырман жұртшылықты елең еткізеді. «Жұртым - ау, саған атамекеніңнің қай тұсы да бөтен емес» деп шыжалақтайтын Ақан қарт бейнесінің қазақы тақырыбы журналист, публицист әрі жазушы Шерханға ғана тән.
Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарда жазған «Не жетпейді?» (1990), «Елім, саған айтам, елбасы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты мақалалар, эсселер мен публицистикалық толғамдарының да қазақ баспасөзі мен публицистикасында алар орны бар.
Әріден бастасақ - кешегі кеңестік жүйеде, өмерде, қоғамда небір сорақылықтар мен келеңсіздіктер, әлеуметтік әділетсіздіктер орын алғаны шындық еді. Оны көбі көрді, білді, тіпті араласып бел ортасында жүрді. Бірақ, «Неге бұлай?» демеді. Біреу қорықты, біреудің батылдығы жетпеді, ал енді біреулер көрсе де көрмеген болды.
Кейбір өресі төмендер «Қоғам мүддесін көздегенсіп, көбінесе өзінің жеке басының, қу құлқынның, жұмсақ креслосының аз күндік лауазымының қамын көбірек ойлады» [3. 65б. ] . Соның жолында ғана әрекет етті. Шерхан Мұртаза мұндайларға төзбей, жаны күйзеле, ашына «айқай» салды. «Күнбе - күн тіршілігімізде кездесетін кейбір келеңсіз көріністердің ең сорақысы сол - біреу барлық қоғам ісіне, өзіне сеніп тапсырған жұмысқа жанын салып, пәруана беріліп, күш - жігерін, білімін аямады. Ал енді біреу бар: Жабыға зерлі жабу жапқандай, бірақ қанша жабуласада топастығы мен тоғышарлығы сойдиып көрініп тұрады. Жұмысқа деген қабілеттілігімен емес, адал іскерлігімен емес, жағымпаздығымен амалдап жүрген адамдарды қолдап, жылы - жібейтін кейбір басшылар екі есе кінәлі. Адамды адам еңбегіне, қабілетіне қарай бағалайтын әділ принцип сәл бұзылған жерден ырың - жырың берекесіздік басталады», - деп сол қоғамдағы жағымсыз көріністер мен әрекеттердің қайдан туындап жатқанын әшкерлеп береді [3. 66 б] .
«Сол қорқау қайырымсыздықтың тақсіретін әсіресе Қазақстан көп көрді. Сталин қатыгездігінің бір шоқпары - Голощекин Қазақстанға тап болды. қатыгезді қатыгез қалай тапқан?» дейді Шер-ағаң [3. 69 б] .
Адамға деген мейірім, ізгі ниет өмірде елеусіз ғана ұсақ - түйектен құралып, ірі - ірі істерге дейін араласады. «Әрдайымда, әр заманда ізгілік салтанат құрып, зұлымдық аласталса, біз Сәкен, Бейімбет, Ілияс сынды арыстарымыздан айырылып қалар ма едік?!» дейді тағы да [3. 70б] . « . . . Халқымыздың бетке ұстар дарынды ұлдарын халық жауы», «жапонның шпионы» деп қаралағанда, олардың «жапон шпионымен» үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын біле тұра, күйе жақты. Неге? Қызғаныш. Көре алмаушылық, күншілдік» дейміз бе! Күншілдік пен қызғанышты қояйық па!» дегенді көсемсөз құдіретімен жеткізіп тұрған жоқ па [3. 70б] .
Аңдысып күнін өткізетін, қызғаныштан, көре алмаушылықтан қатыгездікке барып, «тірідей көңіл қалдыратындар» осы күні де арамызда бар екенін ашына айтады Шерхан Мұртаза.
Бар бәле сол адамгершіліктің жоқтығынан, мейірім - қайырымның жұтаңдығынан, парасаттылықтың пәстігінен туып жатқандығын ашып көрсетеді.
Осылай дей келіп: «Әттең сол қайырымдылықты бүкіл қауым, күллі адамзат баласы қолынан түсіріп алмай, бірінен - бірі қағып алып, ұрпақтан - ұрпаққа ұзатып, қайырымдылық қасиетінің өмірін мәңгі ұзартып, бүкіл әлемдік Әділет жалауына айналдырып, сол жалаудың астында жадыра - жайсаң, жәнатты - жарқын ғұмыр кешсе ғой . . . » деп армандайды [3. 72б] . Армандап қана қоймайды, осы өмірдегі бар жамандық атаулыны түк қоймай ұшырып әкететін - сұрқайды нұрландырар, өмірді ажарландырып, шырайландырар «Алтын күрек» желді аңсайды.
Өзінің жан айқайымен көтерген мәселесін Шерхан еш уақытта аяқсыз қалдырған емес. Олардың қоғамға, халыққа тиімді жағынан түбегейлі шешілуі үшін тынымсыз күресе береді.
Кешегі коммунистік идеяның құрсауы шырмап ұстаған тұста да осындай күрестен Шерхан еш бас тартқан жоқ. Біздің жоғарыда үзінділер келтіріп отырған - «Не жетпейді?» деген публицистикалық кітабындағы дүниелер сол өткен ғасырдың 70-80 жылдары жазылған. Күрескер азаматты ашындырған қаншама зілмауыр проблемалар, толғақты мәселелер көтерілген десеңізші! Кітаптағы эсселер мен публицистикалық толғаныстардың қай - қайсысынан да «елім, халқым» деп соққан жүрек лүпілін сезініп, жан дауысын естуге болады.
Шерхан Мұртаза айтайын деген ойын, көтерген мәселесін «осылай да осылай», «бүйту керек, сүйту керек» деп құрғақ сөзбен жалаң ұрандатпайды. Орайын келтіріп, ыңғайын тауып, қалай да оқырманның» қалың қауымның жүрегіне жететін, жанын баурайтын, сезімін серпитін, сөйтіп, өзімен қоса ашындырып, өзімен бірге толғанатындай етіп, журналистік, жазушылық тәсілдерді шебер пайдалана біледі. Неғұрлым көтерілген мәселенің әсерлігін арттырып, нысанаға дөп тиюіне күш салады. Мұнық өзі парасат - пайымның тереңдігінен, сезім - түйсіктің ұшқырлығынан болса керек. Аталған кітаптағы осындай жүк көтерген, адамның, қоғамның, заманның алдына атандай ауыр сауал тастап, сұрақ қойған материалдың бірі - «Нұх пайғамбардың кемесі» деп аталады.
«Нұх пайғамбардың кемесінен тараған жаңа адамзаттың қазіргі бейбақ ұрпағы біз болсақ керек. Неге бейбақ? - деп кінә таққыштар табыла кетерін де білемін. Байыбына барайық» автор:
«Басында Қазығұрттың кеме қалған,
болмаса кереметі неге қалған?. . » -
деген ән тудырған белгілі аңызды айта келіп:
«Табиғат біздің туған анамыз . . . Ал енді сол туған Анамызды біз қалай құрметтеп жүрміз?» деп сауал тастайды да, адам қолымен жасалған небір сорақылықтарды айтады автор [3. 85б] . Адамдар өздерінің тойымсыздығынан, қанағатсыздығынан ар-ұятынан аттап Анасының көйлегін паршалап жыртып жатқан жоқ па деген ой тастайды. Адамдардың ойланбай істеген оспадар әрекеттерінен табиғаттың орасан зардап шегетінін, оның салдары адам баласына орны толмас өкініш әкелетінін нақты да дәлелді мысалдармен жан -дүниесі күйзеле отырып әңгімелейді.
«Тыңды бағындырамыз!» деген даңғаза ұранның жағымсыз үні құлақта әлі ызыңдап тұрғандай. . » [3. 87б] .
«Тыңды игерейік!» емес, «Тыңды бағындырайық! . . . Тың дегеніміз - жер. Жер дегеніміз - Ана. Ал анасын бағындыратын адам бола ма екен?!» [3. 87б] .
Тың бағынды. Бетегелі белдер, көделі жерлер, мың - миллион малдың шүйгін жайылымы бір көктемде қаңырап, қап - қара топыраққа айналды.
«Хрущев құдіреті осындай. Елге астық керек . . . Бірақ 1954 жылы елімізде аштан өліп жатқан ешкім жоқ еді . . . бір жылда бүкіл Қазақстанның ішек - қарнын ақтарып, үстін астына түсіріп тастау неге қажет болды?. .
Бұл енді коллективизацияны лезде ұйпа - тұйпасын шығарып ұйымдастырған Сталиннің мінезі еді» дейді автор [3. 88б] .
Ал Кеңес одағының бас хатшысы Л. И. Брежнев тың туралы кітап жазып, « дүниені дүр сілкіндіргендей» болып еді. Иә, тың «эпопеясы» туралы өзіміздің қаламгерлер де көп жазды. Романдар мен поэмалар, тіпті опералар мен одалдар дүниеге келді.
«Ал сол «тың эпопеясы» тұсында жүздеген қазақ мектептері жабылғаны туралы, жергілікті халықтың мың жылдық тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрпы, салт - санасы, халықтың, ұлттың қасиеті топырақпен бірге қаңырып бара жатқаны туралы поэмалар жазылған жоқ. Қайта кейбір ақындар: Тың дала! Сен бұрын қу медиен, құлазыған дала едің. Сен енді мына тың батырларына қайтсең де бағын! Бораныңды тоқтат! - деп кіжінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz