ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР


КІРІСПЕ4
1 ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ6
1. 1 Қақтығыс ұғымы6
1. 2 Этнополитикалық және этнос аралық қақтығыстардың табиғаты, мәні және эволюция19
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР29
2. 1 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі СҰАА-ғы этнос аралық қақтығыстың Қытайға тигізетін ықпалы29
2, 2 Босния мен Герцеговина, Грузия және Осетиядағы этнос аралық қақтығыстардың саяси-құқықтық салдары41
2. 3 Этнос аралық дауларды ескерту және реттеу бойынша қазіргі халықаралық тәжірибелер58
ҚОРЫТЫНДЫ72
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезедегі халықаралық қатынастардың дамуынадағы аса маңызды мәселелердің бірі халықаралық қатынастарға этнос аралық қақтығыстардың саяси-құқықтық ықпалының әсер етуі болып табылады. Осы қақтығыстардың санның үлкеюі (әсіресе өткен соңғы он жылдықтарында) біраз мемлекеттермен және халықаралық бірлестіктің алдында бір шешімді талап ететін күрделі мәселелер негізін құрайды. Сондықтан, осы тенденцияны есепке ала отырып, тарихи, саяси, заң және тағы басқа ғылымдардың этнос аралық қақтығыстарға, олардың себептеріне, зардаптарына және реттеудің тетіктеріне үлкен көңіл бөлетінің көріп отырмыз.
Мұндай түрдегі қақтығыстарды шешудің ортақ әдістерінің өндіруі көкейкесті сипат алады, өйткені олар қазіргі құқылық тәртіптерге және де халықаралық әлемнің тыныштығын және қауіпсіздік бұзатын ерекше әлеуметтік-саяси және басқа қатынастар пайда болады. Енді қазіргі кезде этнос аралық қақтығыстар адам баласынын алдында жаһандық қауіпті- терроризмді тудырып отыр.
Демек, этнос аралық қақтығыстардың тегінің бас себептерінің реттеуі бойынша төңіректегі халықаралық-құқықты мәселелерінің кең шеңберінің зерттеуі, мұндай қақтығыстар жүрісте пайда болатын қоғамдық және саяси-құқықты қатынастардың кешенінің талдауы, сонымен бірге анықталуы, өндірілуі және ортақ шаралары дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Халықаралық-құқықтық көзқарасы бойынша этнос аралық қақтығыстар ылғи шекаралары ортақ халықаралық құқықтық субъектілері арасында болғандықпен, олар іс жүзінде әрдайым халықаралық сипатта болатын зардаптарды шақырады. Соңғы жылдары осы көрcетілген қақтығыстар пайда болуының басты себептердің бірі, халықтардың тең құқықтық және өз тағдырын өзі шешуі қағидасының мәселесі болып саналады
Зерттеудің мақсаты: этнос аралық қақтығыстардың ерекшеліктерін және оның реттеуінің әдістерін талқылануы болып табылады.
Біз жұмыстың жазылу барысында келесі м індеттерді ұсынамыз:
- қақтығыстарды зерттеудегі теориялық жолдарын талқылау және қақтығыстар ұғымы мен мәнің анықтау;
- этнос аралық қақтығыстарды және олардың ерекшеліктерің талдау. Сонымен бірге, әр түрлі мәдениет өкілдірінің өзара әрекеттесуі ахуалдарындағы этнос аралық қақтығыстарды шешудегі әдістерің айқындау.
Зерттеудің объектісі: этнос аралық қақтығыстардың үрдістердің себептері және ерекшеліктері
Зерттеудің пәні: халықаралық қатынастарға этнос аралық дауларын саяси-құқық ықпал
Тақырыптың зерттеу деңгейі: дипломдық жұмысты әзірлеу барысында әр түрлі қорлар көздері қолданған- әдеби көздер, баспасөз, жаһанды ақпараттық интернет желісі, статистикалық оқу құралдары және картографиялық материалдар. Жұмыста этнос аралық қақтығыстардың өзара әрекеттесуі мәселелермен шұғылданатын мұндай белгілі шетелдік және отандық ғалымдарының еңбектері пайдаланған: Г. И. Козырев, О. Н. Громова, А. Г. Здравомыслов, А. В. Глухов, А. Г. Осипов, Тужба Вианор, М. Дойч, М. А. Сарсембаев.
Зерттеудің әдістері:
- зерттелудің мәселесі бойынша ғылыми көздерді зерттеу, өңдеу және талдау;
- халықаралық қатынастарға арналған саясаттану, әлеуметтану, психология, қақтығыстану ғылыми әдебиеттерді, оқулықтарды және оқу құралдары талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәржибелік қажеттілігі: этнос аралық қақтығыстарда пайда болатын халықаралық-құқық қатынастардың саяси-құқықтық реттеуіндегі көкейкесті мәселелермен қоса, халықтардың тең құқықтық және өз тағдырын өзі шешу қағидасының кешенді талдау болып табылады.
Осыған байланысты автормен этнос аралық қақтығыстар тудыратын мәселелердің көпшілігі қарап шығылып, олардың қазіргі кезде пайда болуын бас себептері айқындалған.
Дипломдық жұмысты тәжірибелік жазу базасы халықаралық-құқықтық келісім шарттар, әлеуметтану және қақтығыстанудың төңірегідегі аналитикалық есептері, қақтығыс болып жатқан аймақтарда босқындар және мигранттардың саны бойынша халықаралық статистикалық мәліметтер болып табылады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттің тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кірспеде жұмыстың ғылыми жаңалығы, құрылымы, мақсаттары, өзектілігі, міндеті, зерттеудің пәні және әдісі көрсетілген.
Бірінші таруда мәселенің теориялық тұрғысы мінезделеді: "этнос аралық қақтығыс" ұғымның мәні ашылады, қақтығыстар жүйеленіп, олардың себебі және түбірлері туралы айтылады.
Екінші тарауда этнос аралық қақтығыстардың географиясымен таныстырып, этнос аралық кернеуліктің негізгі ошақтарын қарастырады.
Пайда болған этнос аралық қақтығыстардан шығу жолдарын, әдістер және мәселелердің шешімдерін талдануы екінші тарауда көрсетілген.
Зерттеудің нәтижелері қорытындыда қорытылған.
- ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫҚақтығыс ұғымы
“Демократия және этникалық қақтығыс мәселесі әлемнің картасын қайта пішкенде пайда болады бастайды. ”
Доналд Хоровиц
Белгілі бір уақытқа дейін тәжірибеде арнайы қақтығыс туралы білімдері болмаған. Тұңғыш рет ғылымда мемлекеттік билікпен және қоғам, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар қарастырылған. Олар өз көріністерін демократия туралы оқуларда тапқан. Соңыра ғылымның шеңберіне әлеуметтік - таптық, саяси, ұлттық, содан соң топ аралық және тұлға аралық қақтығыстар еннді.
Бұдан қоғамға айтарлықтай мағыналы болатын, өзара келісімде және гармонияда байланыста барлық қақтығыстық қатынастарды жүйелі түрде талдау қажеттілгі пайда болады.
Ғылым қақтығысқа келесі анықтама береді: «Қақтығыс бұл- оппоненттердің коммуникациялық қарым-қатынас процессіндегі соқтығысу индексі-қарама-қарсы мақсаттар, мүдделер, себептер, субъекттердің тұжырымдамаларының позициялары, пікірлері, ниеттері, белгілерінің бір-біріне қарсы тұру».
Қақтығыс деп (латынша "соқтығысу") адамдар, әлеуметтік орталықтар және әлеуметтік институттардың өзара әрекеттесу барысында бір тараптардың әрекетті басқа тараптың жағынан қарсы соғысып қалған жағдайда, оның мақсаттарының (мүдделерін) іске асырудағы кедергі келтіретін әдіс ретінде ұғынылады.
Қазіргі ғылымда қақтығыс деп, жеке адамдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйелердің көзқарастарының кейде қарама-қарсы мүдделер, әсерлерінің соқтығысуы танылады. Қақтығыстарды субъектісі, қатынастардың деңгейлері және объектісі бойынша бөлуге болады. Олар экономикалық, әлеуметтік, сыртқы және ішкі саяси, аймақтық, тіл, конфессия аралық және т. б. бола алады.
Қақтығыстар жетілу дәрежесі, оларды шешу өткірлігі бойынша өзгешелене алады. Қақтығыстар нақты тарихи ахуалға байланысты өздігінен тарауға немесе даулы жағдай эскалацияға асқынуына иемдене алатын тенденцияға ие. Соңғы мәселе даулы аймақтың кеңейюіне, адамдардың үлкен массаларының қатысуна, "мәдениетті" формадан қарулы күреске айналдыра алады [1] .
Этнос аралық қақтығыстардың ерекшеліктің түсінуін маңызды сұрағы - бұл сұрақ этникалық феноменімен байланысты: этника арасындағы қақтығыстар мәнді немесе функционалды бол ма? Егер бірінші жолды шын деп санасақ, онда сербтер және албандықтар, ингуштер және осетиндер, арабтар және еврейлер, армяндар және әзірбайжандықтар "үйлесімді емес" деп санауға болады. Егер екінші жолдан шықсақ, онда мынадай қорытынды жасауы керек: мұндай қақтығыстардың мәні этникалық емес, ол тек қана олардың әсер етудін формасын құрайды.
Осылай, молдавандықтар оларда орыстармен немесе украиндіктермен жан-жал жоқ деп айтады, бұл Приднестровьедеге кеңесттен кейінгі тәртіпке қарсылық болып табылады. Шешендерде оқиғалар этнос аралық қақтығыс емес, ал меншіктің криминалды қайта бөлінісі деп санайды. Даулы жағдайларда адамдар арасындағы этникалық негізінде болатын қайшылықтар ашылады. Әрбір қақтығысқа барлық нәсіл қатысты болмай, дауға әкелетің қайшылықтарды сезетің оның бір бөлігі ғана немесе тобы бола алады. Қақтығыстану мамандары этнос аралық саяси камуфляждағы немесе керісінше қақтығыстың басқа түрімен жұмыс істейтінің туралы біртұтас пікірге келе алмайды.
Этноәлуметшілер этнос аралық кернеуліктің негізінде халықтардың интеллектуализациясы немесе жаңғыртуға қатысты үрдістерге жататынын санайды. Бұл үрдістер титулді нәсілдердің және басқа нәсілдер арасындағы қызметтің мәртебелі түрлерінде бәсекелестіктің өсіп келе жататына келтіреді [2] .
Бүгін қақтығыстар мәселесімен ғылымның бірнеше облысы шұғылданады. Бұл әлеуметтану, тарих, педагогика, әскери ғылымдар, философия және, психология. Әрбір облыс қақтығысты өз көзқарасынан қарайды, сондықтан бұл ұғымның әртүрлері жиыны бар: жұбайлардың арасындағы, халықаралық дау, аймақтық, этникалық, әскери, педагогикалық, ұжымдағы дау, әлеуметтік, еңбектік дау, ата-аналар және балалар арасындағы жан-жалдар және т. б.
Қақтығыстарды белгілі зерттеушілерінің бірі Ф. М. Бородкин, өзінің келесі түсінуін ұсынады: « Қақтығыс бұл- өзара әрекеттесудін мінездемесі, әлеуметтік ұжымдардың қатынасын талап ететін, өзгеріссіз түрде қатар өмір сүре алмайтын бір-бірлерін детерминанты болып табылады. Сонымен бірге кез келген қақтығыс өзетілген қайшылық болады, яғни өзара қарсы тұрған құндылықтары, себептерінің іс-қимылдары іске асырылған. Қайшылықтың өздері шешілу үшін олардың соқтығысу міндетті түрде іске асырылуы керек. »
Қақтығыс бұл жерде өзара әрекеттесудің мінездемесі сияқты қаралыстырылады.
Американдық социолог Д. Ж. Тернер қақтығыстар өкіметтің, қорлардың жеткіліксіз кезде пайда болады. Қақтығыс- әлеуметтік жүйелердің өзгерістердін бас көзі. Кез келген қақтығыс антагонистікалық сипата болады.
Ұйымдасқан қақтығыстың негізгі себептерінің бірі өкімет қорлардың дефициті, сонымен бірге бұл қорлардың бір қалыпты және әділетсіз үлестірілуі болып табылады. Демек, топтардын дамытудағы жоғары деңгейлі және қол астындағы өз топтық себептерін компоненттерінің (мүдделерін, мақсаттарые, құндылықтарын) ұғынуы ашық даулы жағдайларды шақырады. Басшылар мен жұмысшылар арасындағы мүдделердің тұздығының күшейуі жан-жалдын зорлық формасына шақыру мүмкін.
Зорлықпен ұйымдастырылған қақтығыс формалар ұйымдастырудың түбегейлі өзгерістерін және қорлардың қайта бөлінуін әкеледі (бейбіт формалар тұлға аралық қатынастарды жақсы реттейді, бірақ әрдайым түбегейлі жоя алмайды) .
Қақтығыст 4 белгісі бар:
- Қақтығыс бұл - адам арасындағы арақатынастардың қасиеті, оны жануарлар арасындағы қақтығыстармен теңдестіруге болмайды.
- Қақтығыс бұл- әсерлердің ауызша және ауызша емес деңгейіндегі адамгершілік мінез-құлықтың сыртқы бейнесінін формасы.
- Қақатығыс бұл- адамның ішкі психикалық күй жағдайы.
- Қақтығыс бұл- психикалық кернеуліктің күйі ғана емес, спорттық бәсекелестіктен, еңбектік жарыстардың айырмашылығы болатын ерекше күй.
Қақтығыс физикалық зат болып табылмайды және өз бетінше өмір сүре алмайтын адамдар қатынастардың күйі болып табылады.
Қақтығыс субстанциялық құбылыс емес, бұл бір нәрсенін әсері болып табылады. Қақтығыс өзінің таралу бойынша- уақытша құбылыс, ал қоғамның тұрақты күйі- келісім. Бірақ қақтығыс уақытша сипатта болғанына қарамастан олар жер сілкінулер, тайфундарға, цунамилармен әкелінетін үлкен қиратуларға ұқсас әсер келтіре алады [3] .
Георг Зиммель қақтығыстардың оң зардаптарын белгілейді: бұл әлеуметтік жүйенің сақталуы және күшеюі, әлеуметтік ағзаның топтасу және бейімдеудін бүтіндігі.
Зиммель қоғамдағы жан-жал әрқашан болатын және бой бермейтін қатынас деп санайды.
Егер Маркс қоғамының әлеуметтік құрылымын үстемдердің және қол астындағылар арасындағы дау деп көрсетті. Оның пікірі бойынша жан-жал "басшылық ету және бағыну" жүйесінде өсіп шығып, әрдайым қирауға немесе әлеуметтік өзгерістерге бағытталды. Ал Зиммель болса ол қоғамының әлеуметтік құрылымын өзара байланысты бөлінбейтін қауымдастықтар және оның элементтерінің диссоциациясының түріндегі үрдістер деп көрсетті. Қақтығыс бұл үрдістердің табиғи құрамын құрайтын, сонымен бірге диссоциация және ассоциацияға тән болғандықтан, ол міндетті түрде жүйенің қирауына немесе әлеуметтік өзгерістерге әкелмейді.
Әр түрлі білім аяларының зерттеушілері қақтығысқа әр түрлі анықтама береді, бірақ олардың барлық пікірлері оның негізі "соқтығысу" деген тұжырымға әкеледі. Өмірдің бір де бір саласын жан-жалсыз бола алмайды. Және оның келтіретін зардаптары жеке тақырып болады.
Қақтығыстарды келесі негіздер бойынша классификациялауға болады:
- олардың әсер етудін аймақтар және аумақтардан. Мұнда ең алдымен сыртқы және ішкі саяси дауларды бөлуге болады, ал олар болса өз кезегінде әр түрлі қарама-қарсылықтарға және қайшылықтардың спектрлеріне бөлінеді;
- олардың нормативтік дәрежесі және регуляциясының сипаты бойынша;
- сапалы мінездемесі, тараптардың қатысуындағы әр түрлі дәрежесі, қарама-қайшылықтың қарқын бойынша;
- уақыттық мінездемелер (уақытша) бойынша: ұзақ немесе қысқа мерзімді. Саяси өмірдегі кейбір қақтығыстарды қысқа уақыт ағымыннын ішінде бітіруге боласа, ал басқаларын ұрпақтардың өмірімен салыстыра аламыз;
- басқару тәртібінің ұйымдастырумен, талпынысы. Осы жағдайда үкіметтік секілді даулар тік (өкіметтің әр түрлі деңгейге тәуелді субъекттердің сипаттайтын арақатынастар) және көлденең (өкіметтің сақтаушылары бар субъекттерінің ашатын бір қатардағы байланыстар) .
Қақтығыс пайда болады, жүргізіледі, шешіледі, бірақ оның зардаптары әрдайым болады. Күшті эмоциялар, жүйке бұзылуы, қайғырулар, адамның психикасына, оның қызу күйіне теріс ықпалы етеді. Өйткені бұл даулы жағдайды шешілсе де, қарсы жан-жаласқан тараптардың қамын әлі ұзақ жейді.
Әрбір адам ахуалды өздігінше қабылдайды. Мысалы ерлі-зайыптар өмірдің құрылысына, ата-аналар және баларар қарым-қатынастың стиліне және мінез-құлық ережесіне, нақты есептің шешу барысында әріптестердің әр түрлі көз қарастары болуы мүмкін.
Бұл және тағы басқа ахуалдардан жан-жал туу үшін тек қана уақыт керек. Зерттеулер олардың алуантүрлігі және қайталанбаушылығына қарамастан олардың дамудағы ортақ кезеңдері бар деп айқындайды. Қақтығыстың үш кезеңің бөлуге болады: қақтығысқа дейінгі, қақтығыс, оны шешу.
Бірінші кезен бұл- тараптардын бір сөзге келе алмауы, яғни бір сұрақ бойынша алалық немесе жатысыну пайда болады. Міне сонда өзінің айтқан сөзге тұруғу ниет пайда болып, оппозиция қарсы әрекетке ауысып, жан-жал пайда болады. Екінші кезен бұл- қақтығыс. Оның жүргізілуі әт топта әр түрлі.
Әдетте "жауынгерлік әсерлер" өзара айыптау, тіл тигізулер кезеңге көшіп, уақыт өткен кейін азғындайды да, дау үшінші кезеңге өтеді. Бұл даудың шешуші кезеңі. Қатысушылар бұл жерде ахуалдардан реттейді, бір ымыраға келеді деп ойласақ, бірақ, бұл жерде адамға даудын қандай ықпал әкелетіні туралы сөйлесу керек. Сөз жоқ, жанжал кез келген әсіресе күйгелек адамның тепе-теңдігінен шығарады. Мұндай темпераменттің түрі бар адамдар үшін жанжалдар өте жағымсыз. Бұл индивид жанжалдар аяқталса да, ол қамын күшті жеуге жалғастырады, сондықтан оны жаңадан бұл жанжалға кез келген нәрсе шақыры алады. Бұл адамның психиканың жүйке олқылықтарына және ауыр бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін [4] .
Қақтығыстар қоғамның тұрақтылығына қауіп тудырса да, дегенмен олардың позитивті функциялары да бар. Дау әлеуметтік жүйенің тоқырауына және мұздауына кедергі келтіреді. Даулардың тұрақты шешім жүйенің жаңарту және озық өзгерісін шақырады, яғни дау шығармашылық рөлді ойнайды. Дау саяси күштер тобының ішкі бірлігінің күшеюіне, және осы интегративтік функциясын саяси күштер өзінің практикалық тәжірибелерінде жиі қолданады. Кейде қоғамның топтасуы үшін бағытталған әдейі "жаудың түрі" жасалады, оған қоғамның барлық мүшелерінің ықыласын бағыттап, массалардың сыртқы басқыншылықтарға наразылығын білдіру және сақтағыш клапан сияқты жұмыс істейді.
Неміс қақтығыстану мектебінің өкілдердің бірі саясатанушы Р. Дарендорф пікірі бойынша: Қақтығыс бұл- қоғамды дамыту үшін қажетті және табиғи фактор, керісінше даусыз бұл даму мүмкін емес деп санайды. Кез келген қоғам тіпті зорлықтың және келіспеушілік потенциалдық соқтығысудың белгілерінің көрсетеді.
Қоғамдағы даулардың кез келген деңгейі және түрі- кешенді құбылыс. Даулы жағдайларда және әсерлерде әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, сонымен бірге жеке және қоғамдық элементтер шиеленіседі. Сондықтан олардың зерттеудің әдістері алуан түрлі және кешенді. Әрбір нақты жағдайдағы қандай әдіс қолданылатыны даудың түрмен анықталады. Мысалы, егер зерттеуде тұлға аралық дау болып табылса, онда үстем болатын әдістердің бірі әлеуметтік-психология болады. Ірі әлеуметтік топтар арасындағы дауларды зерттеу барысында алға әлеуметтік және саяси жолдар шығады.
Әдебиетте даулардың үш зертелу деңгейлерді ерекшеленеді: іргелі теориялық, орташа деңгейдің теориясының позициясы және эмпирикалық деңгеймен, бағынатын мақсаттарына ұйымдасқан тікелей басқару.
Сәйкесінше конфликтологияның функциясын да танып білу керек
- теориялық-таңырлық;
- аналитикалық;
- болжамдық - басқарушлық.
Қақтығыстынудың іргелі теориялық мәселелерінің өңдеуі әлеуметтік ғылымдардың дамуына үлес енгізеді. Орташа деңгейдің теориясының позицияларын зерттеу қоғамдық процесстердің тетіктері туралы әлеуметтік және саясаттану білімдерді молайтады. Дауды эмпирикалық деңгейде, теориямен қатар зерттеу, оларды реттуге көмектесетін қоғамдық субъекттердің қақтығыс әсерінің прогностиялық үлгілерді және басқаруды әдістерін өндеуге мүмкіндік береді. Дауларды нақты талдау - олардың реттеудегі және шешудегі керекті шарт.
Ғылымда бұл феноменнің анықтауларынын көп жиын жиналды, ол даудың бір бөлігі ретінде қаралады. Этникалық дау даудың бір түрі ретінде қазіргі прецендент болып табылмайды деп айтуға болады. Ол адам баласын ұзақ тарихи мерзімде, зорлауларға толы, қиратулар, соғыстар және жаһанды апаттармен қоса келеді.
Сонымен бірге қақтығыстардың жеке түрлерін ерекшеленудін әр түрлі жолдар белгілі. Осылай, Г. Лапидустің классификациясы бойынша:
1. мемлекетаралық деңгей болып жатақан даулар (Қырым туралы сұрақ бойынша Ресеймен және Украинаның арасындағы дау) .
2. Мемлекеттің ішіндегі даулар:
2. 1. жергілікті тұрғындардың азшылықтары арасындағы даулар(мысалы, Әзірбайжан және Дагестанындағы лезгиндер) ;
2. 2. тұрғынның келімсегінің қауымдарын тартатын даулар;
2. 3. зорлықпен ауыстырылған азшылықтарды тартатын даулар (Қырым татарлары) ;
2. 4. бұрынғы автономды республикалар және үкіметтердің арасындағы қатынастардың қайта қарауы талпыныстардың нәтижесінде пайда болатын даулар(Ресейдегі Татарстан, Грузиядағы Абхазия) .
Орта Азиядағы (Ош, Фергана) жалпы қоғамдық зорлық акттілерге қатысты даулар зерттеушімен жеке дәрежеге шығарылған. Бұл жерде, Г. Лапидустің пікірінше, үлкен рөлді этникалық фактор емес, экономикалық фактор ойнады [5] .
Ұлтаралық дауларды типологияның толық варианттарының бірін Я. Этингер ұсынды:
1. аймақтық даулар, әдетте бұрын бөлшектенген ұлттарды қайта бірігуімен байланысты. Олардың көзі - ішкі, саяси, ал жие биліктін басында тұрған өкіметтпен қаруланған қақтығыс немесе көрші мемлекеттің саяси және әскери қолдау қолданылатын сепаратистик топтар болыптабылады. Классикалық мысал ретінде Таулы Карабахтағы және кейде Оңтүстік Осетиядағы ахуал былып табылады;
2. тәуелсіз мемлекеттік формасын жасау барысында этникалық азшылықтар өз тағдырын өзі шешу құқығын жүзеге асыру даулары. Мұндай жағдай Абхазияда және Приднестровьеде;
3. аласталған халықтардың аймақтарынның құқықтық қалпына келтіруге қатысты даулар. Осетиндермен және ингуштердің арасындағы Қала маңындағы ауданның тиістілігі дауы бұған куә болады;
4. Көршілес мемлекетке жататын аумағын өзіне бір немесе екінші мемлекет талаптануына жататын даулар. Бұған мысал ретінде, Эстония және Латвияның өзінің қатарына Псков облысының аудандарының қосып клегісі келетін белгілі жай. Бұл территория екі мемлекеттің тәуелсіздігінің жариялағанда қосылған, ал 40-шы жылдарда РСКФР-ға өтті;
5. Кеңес мерзімі кезінде іске асырылған аймақтын кез келген өзгерістерді көрсететін даулар. Бұл ең алдымен, Қырым әлеуеттегі мәселелері және Орта Азия аймақтық реттеу;
6. Экономикалық мүдделерінің соқтығысулары салдарынан пайда болатын даулар, бетке ұлттық қайшылықтармен қоса шындықта саяси элиталардың мемлекет аралық федерациялық "бәлішін" бөлген кездегі наразылығы тұрады.
7. Метрополияға қарсы көп жылдық ұлт-азаттық күрестің тарихи сипаттың факторларында жататын даулар. Мысалы, Кавказдың халықтарының конфедерациясы және Ресейлік өкіметтердің арасындағы дау:
8. Басқа республикалардың аумақтарында аласталған халықтардың көп жылдар өмір сүру кезіндегі пайда болатын даулар.
9. Лингвистикалық даулардың (қандай тіл мемлекеттік, ал басқа тіледрдің дәрежесі қандай болуы керек) артында, жие болған әр түрлі ұлттық қауымдардың арасындағы терең алалықтар болатын даулар. Бұған мысал ретінде Молдова және Қазақстан бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz