Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5 бет
І тарау ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанның аграралық елден индустриалдық жүйеге көшудің салдарлары
1. 1 Индустриалдандыру және оның қазақ халқының демографиялық жағдайына тигізген әсері
1. 2 Ұжымдастыру саясатының іске асырылуы: респрессия, аштық
ІІ тарау 1926-1936 жж. аралығындағы Қазақстанның тұрғылықты халқы және оның жағдайы
2. 1 Тұрғылықты халықтың құрамының өзгеруі
2. 2 Қала және ауыл тұрғындары, олардың үлес салмағы
2. 3 Тұрғылықты халықтың медициналық жағдайы, табиғи өсімі, сауаттылығы
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған деректер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құру жолында. Еліміздегі демографиялық жағдайдың объективті бейнесін айқындау қоғамдағы татулықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Республика халқының демографиялық жағдайын нақтылауда аймақтық ерекшеліктерді анықтау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті мәселелерін белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы уақытқа дейін қарастырылмаған Ақтөбе өңірінің этнодемографиялық дамуының ғасырлық тарихын нақтылайтын зерттеу қажет.
Дипломдық жұмыстың өзектілігіне келсек, ол Отан тарихының еліміздің егеменділігіне дейін аз зерттеліп, кенже қалған, бірақ күрделі де өзекті де салаларының бірі - тарихи демография. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді.
Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Қазақстан халқының даму белестері, өсу жолдары, әсіресе қазақ ұлтының басынан кешірген демографиялық апаттар мен қиыншылықтары, сырттан келген көші-қонның кері әсері, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, оның себептері мен салдары және т. б. тарихи демографияның өзекті проблемалары тек кейінгі 20 жыл ішінде кеңінен зерттеліп, көптеген ақтаңдақтардың беті ашылуда.
Отан тарихының халықтану саласы туған жерімізді мекендеген елдің болашағын анықтау мақсатында, оның өткен тарихи жолын жалпылай және жекелей зерттеу арқылы жан-жақты талдаудан өткізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын ғылыми негізде саралай түсіп, қазіргі жағдайға сай жаңа міндеттерді іске асыруға да арналған бағдарламаларға жол ашылатынын да айтқан жөн. Ғылыми зерттеулерге сүйенген демографиялық саясат Қазақстан Республикасындағы саяси тұрақтылық пен демократиялық реформалардың жетістіктерге жетуіне оң әсер тигізетіні де сөзсіз.
Тарихи демографияның өзекті бір проблемасы - Қазақстан Республикасының әр аймақтарындағы халықтың даму процестері, оның басқалардан өзгешеліктері, ұлттық құрамындағы, елдің орналасуындағы (қала, село және т. б. ), өсу жолдарындағы, жынысы, жасы, білім деңгейі, көші-қон және т. б. сипаттарындағы ерекшеліктері және т. б., әсіресе Республикамыздың демографиялық дамуындағы орны мен маңызы, халқымыздың өсіп-өну процесіндегі үлесі мен келешегі және т. б. күрделі мәселелерді анықтап, ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі - Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А. Н. Донич пен Н. Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А. Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н. Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А. Н. Нүсіпбеков, М. Х. Асылбеков, С. Б. Нұрмұхамедов, Б. Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А. Б. Балақаев, Г. Ф. Дахшлейгер, К. Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш. Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру әдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мәнін, оның халықтың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер - Е. Н. Гладышева, Н. Е. Бекмаханова, В. М. Кабузан мен Н. В. Алексеенко болды, ал Ф. Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді [4] . Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - 1920-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы демографиялық үрдісті, ұжымдастыру, индістрияландыру саясаттарының мәнін, нәтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау.
Мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- индустрияландыру саясатының мәнін ашып, оның тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
- индустрияландыру туралы көзқарастарға талдау жасау;
- ұжымдастыру саясатының іске асырылуын талдап, оның зардаптары мен оған деген қарсылықтарды анықтау;
- ашаршылық жылдарындағы халықтың демографиялық үрдісін талдау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отындық және шетелдік ғалымдардың кітаптары, мерзімдік басылымдардағы мәліметтер және ғаламтор пайдаланылды.
1 Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу, оның қиыншылықтары
1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б) П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. 1920 жылы халық шаруашылық салаларын техникамен жабдықтау бағдарламасы белгіленді.
Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3, 3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.
Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты. 1926 ж. 27-30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді.
Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды.
Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді. Қазақстандағы индустрияландырудың қиындықтары мен себептері сызба 1-де көрсетілген.
2 Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар - Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша - Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар - қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір - қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т. б. деп санады.
Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын жүргізуге ұмтылған Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады.
“Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т. б. ) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, - деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А. Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмей-міз”, - деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді.
Бұл Қазақстандағы голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде жоқ”, - деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.
Ал үшінші бағытты ұстанғандардың бірі - Сәдуақасов Смағұл. С. Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресті. Ол көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы, өзінің бүкіл жастық жігерін, талант, қабілетін халық білімін көтеруге, жергілікті кадрларды дайындауға бағыттады. Принципті және жігерлі оқу ісінің халкомы республикасының бірінші басшысы Ф. Голощекиннің көңіліне жақпады.
Алтыншы партия конференциясында ол «жікшілдік қызметі» үшін қызметтен босатылып, қазақ педагогика институтына ректор болып тағайындалды. Мәскеудегі оқуын бітіргеннен кейін, Қазақстанға қайтармау үшін ел басшылығы оны Мәскеу- Донбасс темір жолы құрылысына инжинер- құрылысшы етіп жұмысқа жіберді. Сонда 1933 жылы дүниеден өтті.
С. Сәдуақасов өз мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, публицист, Қазақстандағы коперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С. Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет.
Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің “қарғыс атқан мұрасы” түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр”, - деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: «Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын “мәскеулік” шұғаны әрлі-берлі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?”.
Тоталитарлық тәртіптің экономикалық негіздерін қалыптастыру саясатын бастаған сталиншіл үкіметтің қолшоқпары болып отырған Голощекин бағытының түп-тамыры Кеңестердің Бүкілодақтық ІV съезінде айқын көрінді. Әсіресе ондағы Рыковтың қорытынды сөзі ұлттық аймақтар өкілдерін қатты алаңдатты. Солардың ішінен орталық үкіметтің индустрияландыру саясатының кемшіліктерін көрсетуге ұмтылғандардың бірі тағы да С. Сәдуақасов болды.
“Рыков “ұлттық республикалар өздерінде қилы өндіріс ұйымдастыруға көмек сұрағанын біздер жабық шаруашылық құрғысы келеді деп түсінеміз” деп теріс айтты. Индустриялдық тұрғыда дамыған шаруашылық біздің пікірімізше ешқашанда алғашқы қауымдағыдай тұйық шаруашылық болмайды. Сондықтан Рыков жолдастың Одақтың бірлігі мен оның жеке аймақтарының өзара тәуелділігі арта түссе екен деген тілегі ұлттық аймақтар бұрынғыша шикізат базалары болып қала беруін тез арада тоқтатқанда ғана жүзеге аса алады”, - деген пікірлері әрі үлкен ерлік, әрі бірден-бір дұрыс пайымдау еді.
Ол сонымен қатар, қазақ жеріндегі индустрияландырудың жүйесіз, бей-берекет жүргізіліп жатқанын, оны реттей отырып қарқынды түрде іске асыруға болатындығын да айтты. Қазақ даласының бай табиғи байлықтары мен шикізат көздерін және миллиондаған жұмыссыз қазақтарды тиімді пайдалану бұл мәселені шешуді тездететінін де көрсетті.
3 Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты
1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т. б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н. С. Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И. М. Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты.
Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz