Тарихи деректерді жіктеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

XVIII Қазақстан тарихы жайында орыс деректері.

Мазмұны

Кіріспе . . . 31

1 Тарихи деректердің жалпы сипаттамасы, деректанулық сыны және жіктелу

жолдары . . . 6

1. 1 Тарихи деректану «бейнелеу» теориясы, және ақпарат туралы ілім тұрғысынан . . . 6

1. 2 Тарихи ғылымындағы деректанулық «сын» . . . 7

1. 3 Тарихи деректерді жіктеу . . . 9

1. 4 Деректермен жұмыс істеудің методологиялық принциптері мен сатылары . . . 14

2. XVIII ғасырдағы орыс деректері Қазақстан жайлы жалпы мағлұмат . . . 16

2. 1 XVIII ғасырдағы Қазақстан жайлы орыс деректерінің мазмұны жағынан төрт топқа бөлінуі . . . 16

2. 2 XVIII ғасырдағы бірінші үш мыңжылдығындағы орыс жылнамалары және ресми құжаттар . . . 20

2. 3 XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихының ғылыми тарихнамасының құрылуы . . . 31

3. XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихы жайында орыс деректері . . . 33

3. 1 XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси-экономикалық жағдай туралы орыс деректері . . . 33

3. 2 XVIII ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы туралы орыс деректері . . . 49

Қорытынды . . . 57

Пайдаланған әдебиеттер . . . 59

Кіріспе

Отандық тарихын және өз халқының тарихын оқу қазіргі азаматттың патриоттық тұлға ретінде, қоғамның лайықты мүшесін қалыптастыру үшін негізгі талаптарының бірі болып табылады. Қазақстанның тәуелсіздігін алғанннан кейін орыс-қазақ қатынастары жаңа мазмұндасымен толықтырылды. XVIII ғасырдағы болған құбылыстар өзекті мәселеге айналды. Ресей патша үкіметінің қазақ хандары арасындағы, Кіші жүз және Орта жүз хандарымен Ресей империя қол астына кіруінің объективті мәселелері, нәтижелері, Қазақ хандығының және одан тыс елдерінің саяси жағдайы, көршілес мемлекеттерімен жүргізілген халықаралық қатынастары мен ішкісаясаттың қарама-қайшылықтары тереңдете қарастыра басталды. Қазіргі талаптарға сай, халықтың рухани мәдениетіне, материалдық емес ағартушылық құндылығы, қазақ халқының ежелгі заманннан келе жатқан дәстүрлеріне деген құрметтілікті тәрбиелеу бағыттарында, XVIII ғасырдағы Қазақстанның жергілікті тұрғындарының қоғамдық, әлеуметтік өмір сүру тәртібі мен халықтың өткен өмірінің мәдениеті туралы ғалымдар мен зерттеушілер арасында кеңінен тарала басталды. Осының барлығы қазіргі таңдағы ғалымдарды XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының өмірі жайлы, оларды толқындыратын сұрақтарға жауап, тарихи ақпараттың жаңа интерпритациясын іздеуге бағыттайды.

Берілген кезеңнің қазақ мемлекеттігінің өмір сүруін қарастыру үшін, Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері құнды әрі негізгі болып табылады. Өйткені XVIII ғасырда Қазақ хандығының тарихи серіктестікте негізгі рольді Ресей империясы алады.

XVIII ғасырдағы негізгі деректер орыс патша үкіметінің шенеунектерімен қазақ аймағындағы патша үкіметімен бетінде жатқан қызығушылықтарын жасыру үшін қарастырлған іс жүргізу құжаттамалары, ресми құжаттар алғашында келеді. Бірінші жоспарға елшілік кітаптары, мақтау қағаздары және жолдау, «баспа тізімдері», әскерилердің есептері, хаттар және тағы басқа дипломатиялық және іс жүргізу құжаттары шығады. Кейін патшалық шенеунектерінің, дипломаттарының, өкілдерінің журналдары және қызметтік хаттары іске қосылады. Қазақстанның зерттеуінің екінші жартысынан бастап, қазақ халқы туралы білімдерді толықтыру үшін бағыт жиелендірген және жүйелендірген бола бастайды.

Өзектілігі. Берілген тақырыптың өзектілігі, негізінен Қазақстан тарихы жайлы қалдырылған орыс деректерін тек бүгінгі күнде, тәуелсіздік алғаннан кейін толық, бет пердесін ашуымызға болатыны болып табылады. Өйткені, кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан жайлы шынайы тарихын зертттеуге жол берілмеді. Ол негізінен о замандағы ғалым мен зерттеушілердің бұрыстығын жазғанын көрсеткені болып табылады. Қазақстан жайлы негізгі ресми зерттеулер XVIII ғ. Ресей патшалық үкіметі зерттеген әр түрлі экспедиция құжаттары арқылы көруге болады. XVIII ғасырдағы Қазақстан жайлы орыс деректерін ала отырып, сол замандағы орыс зерттеушілердің және ғылымдардың шындықты жасырып, патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатын қазақтардың тек пайдасына шешілгенін айтады. Әрине, бұл құжаттарды кеңес тарихшылары өзінің идеология тұрғысынан сипаттаған. Осыны тек субъективті жағынан ғана емес, сонымен қатар қалдырған фактілер арқылы білуге болады. Жоғарыда аталғандарын, қорыта келгенде Қазақстан тарихы жайлы шынайы тарихын білу және патша үкіметінің отарлау саясатының бейбітшілік жолмен емес, жаулап алушылық саясатқа жүгінгенін ашуын өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да осы қарастырылып жақтан мәселе астырлығында орыс деректерінің тек қана дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар бұрыстығын көрсетуі болып табылады.

Соған қоса айтқандарымызды тек құр сөздерімен бекітпей, осы мәселе көптеген қазақ ғалымдарының еңбектерінде де қарастырылып жатқанын көруге болады. Мысалға, С. Д. Асфендияровтың «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» еңбегінде осы мәселенің талқығандығын көруімізге болады. Тарихшы өз туындысында тікелей орыс деректерін келтіреді.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі болып XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері.

Пәні: Қазақстан тарихы жайында XVIII ғасырдағы орыс деректерін зерттеу.

Мақсаты. Берілген диплом жұмысымның мақсаты XVIII ғасырдағы Қазқстан тарихы жайында орыс деректерінің шынайы тарихи көз қарас туғызуы.

Міндеттері. XVIII ғасырдағы орыс дерекектері арқылы Қазақстан жайында:

  • жалпы XVIII ғасырдағы Қазақстан жайында орыс деректерге сипат

беру;

  • XVIII ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси жағдайы туралы орыс деректеріне талдау жасау;
  • XVIII ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы туралы орыс деректеріне талдау жасау.

Фактологиялық база. Фактологиялық база бойынша келесі XVIII

ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы орыс деректерінен аталған деректер қолданылған: проф. Григорьевтің - («Сборник Гос. Знаний» под ред. В. П. Безобразова; В. В. Григорьев. «Русская политика в отношении к Ср. Азии». СПБ. 1877 г. ) ; П. П. Семенова-Тяньшаньского («Россия». Под общим руководством П. П. Семенова, т. XVIII; «Киргизский край», Отд. ІІ. Население», стр. 151 - 2. Изд. Девриена СПБ. 1903 г. ) ; М. Венюковтың («Опыт военного обозрения русских границ» . . . СПБ. 1873 г. ) и В. Н. Витевского («Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. » т. І, 1897 г. ), н. Бородин («Уральское казачье войско», т. І. Уральск, 1891 г. ), А. К. Гейнстың мақаласы («Киргизские очерки». Воен. Сборник, №6, 1866 г., стр. 331-33) ; Krausse-тың «Россия в Азии» (Krausse, Alexis7 Russia in Asia7 A record and study. 1558-1899. London. 1899) ; Скайлердің (Schuyler E. Turkistan… London. 1876) ; Н. И. Веселевскийдің («Очерк физико-географических сведений о Хивинском ханстве от древнейших времен до настоящего». 1877 г. ) ; А. Ф. Рязановтың («Советская Киргизия», 1924-1925 г. ), П. И. Рычковтың

Тарихнамалық шолу. Дипломдық жұмысының берілген тақыры бойынша, Қазақстанның келесі танымал тарихшылары айналысқан: А. Зұлқарынай, М. К. Қозыбаев, Атабаев, С. Д. Асфендияров.

Төменде М. К. Қозыбаевтың, С. Д. Асфендияровтың, Қ. Есімовтың кей еңбектерін қарастырып өтеміз. Қ. Есімовтың өзінің «Қазақстан тарихы деректану» деген туындысы, жалпы деректану, содан соң Қазақстан деректануы туралы сөз қозғап айтып кеткен. Толығымен деректанудың пән, тарих ретінде қарастырған.

Келесі С. Д. Асфендияровтың «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» және З. Алдамжаровтың «Тарих және тағлым» еңбектері болып табылады. Өзінің «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» еңбегінде тарихшы тек өзіменен мұрағаттарда тауып алған деректерді ғана емес, сонымен қатар басқа жинақтардан алған деректерін де пайдаланған. Осы еңбегін Асфендияров тарау тарауларға бөліп, оларды жинақтап, керекті тәртібімен шығарды. Ал З. Алдамжаровтың еңбегі болса, «Тарих және тағлым» тікелей мұрағаттарда жинақталған деректерінен жиналып жазылған.

Келесі және соңғы еңбек, М. К. Қозыбаетың «Избранные труды» еңбегі болып табылады. Тарихшының осы туындысында келген мақаласы кейін, Қазақстан тарихы үш томдық үшінші томында тікелей аударылып жазылған. Тарихшы осы еңбегінде XVIII ғасыр бойынша Қазақстан тарихы бойынша деректерді негізгі төрт топқа бөліп көрсетті. М. К. Қозыбаевтың осы деректерді топтарға бөлінуі өте қолайлы және дұрыс болып келеді.

Методологиялық негізі. Жалпы берілген диплом жұмысы кезінде: орыс деректерді сипаттау барысында сипаттамалы әдісі; деректердің шынайлығын анықтауда тарихи-салыстырмалы әдісін; жалпы орыс деректері арқылы XVIII ғасырдағы Қазақстанның жағдайын ашуда тарихи-функцианалдық әдіс қолданылды.

Жаңашылдығы. Дипломдық жұмысының жаңашылдығы болып, төменде қарастырылып отырған деректерді сыни тұрғыдан қарауы болып табылады. Өйткені, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі, тек беріде өткен тарихымыздың басқа тарихи көзқарасымен қарауға мүмкіндік туды. Сондықтан да, ұсынылып жатқан дипломдық жұмысымда негізгі туындайтын мәселе қалдырылған XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихы жайында орыс деректеріне жаңа сыни тұрғыдан қарастырып, саралау болып табылады.

Практикалық маңыздылығы. Берілген дипломдық жұмысын студенттерге дәріс лекциялары ретінде, мектептегі оқушыларға белгілі бір тақырыпта тереңірек зерттеу барысында қолдануға болады. Сонымен қатар егер де белгілі бір зерттеушілікпен айналысатын зерттеу жұмысына бағыттық жолын іздеу үшін де пайдалануға болатындығын ойлаймын.

1. 1 Тарихи деректану «бейнелеу» теориясы, және ақпарат туралы ілім тұрғысынан

Тарихи дерек деп адамзат қоғамының тарихы туралы куәгерлік мәлеметті бере алатын түрлі ескерткіш саналады. Тарихи дерекке жазба, баспа кітаптар, тұрмыс құралдары, ежелгі салт-дәстүрлер, сақталып қалған тілдер және т. б. - бір сөзбен айтқанда өткен тарихи өмірдің қалдықтары.

Тарихи дерек деген түсініктің мәнін дұрыс ұғыну тарих танымның өзінің объективтілік мәселесін дұрыс шешуге көмектеседі.

Тарихи деректің мәнін ашудың негізінде бейнелеу теориясы жатыр. Болмыста болған тарихи құбылыстың деректе бейнеленуі, ол, сол деректерде көрсетілген құбылыстардың әр түрлі образдарда көрінуі. Оқиға алдымен адамның сезімінде, түйсігінде, ойында және істерінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса сол бейнелеудің жемісі, қорытындысы, соның салдары ретінде пайда болады.

Зертелетін объектімен деректің сәйкестік принципі, ол, деректің объективтілігін көрсететін аса маңызды фактор, оның тарихи шындықты, тарихи оқиғаларды объективті бейнелей алатын қабілетінің белгісі. Екінші жағынан, нақты шындықты бейнелеу негізінде, адамның іс-әрекетінің барысында пайда болған объект ретінде, тарихи деректің өзі нақты шындықтықтың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Демек, нақты объективті шындық тек қана бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге тарихи деректен орын алады. Сондықтан объективтілік дегеніміз - нақты шындықтың бейнеленуі мен онда орын алуының диалектикалық бірлігі.

Сонымен қатар әрбір тарихи дерек субъективті, өйткені ол адам санасының жемісі, субъектінің дүниеге келтірген туындысы (объективті дүниенің субъективті бейнесі) . Басқаша айтқанда, кез клген тарихи деректе оны жасаған жеке адамның өзіне, не ұжымға тән (әлеуметтік не жеке) белгілері орын алады. Соның негізінде тарихи шындық пен тарихи дерек бір-біріне толық сай келеді деп тұжырым жасауға болмайды.

Қорыта айтқанда, тарихи дерек дегеніміз объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі болып табылады.

Адамның нақты іс-әрекеті процессінің барысында жасалған және түрлі белгілер, таңбалар, сөздер арқылы деректің мағынасына енгізілген ақпарат тарихи деректің мағынасына енгізілген ақпарат тарихи деректің негізгі мазмұны болып табылады [1, 5б. ] .

Енді тарихи деректануды ақпарат туралы ілім тұрғысынан әңгіме етейік.

Тарихи деректердің табиғаты туралы көзқарастары тереңдете түсу және сол көзқарастың негізінде тарихи өткендерді қабылдап, игеруде ақпараттар туралы білім үлкен роль атқарады. Ақпараттар туралы ілім осы күнгі ғылымдарының ерекше жетістіктерінің бірі болып саналады.

Ақпараттық процестер - қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын түсіндірудің жалпы құралы. Онан әлеуметтік ақпарат туралы ілімінің басталуы да туындайды.

Ақпараттық процесте субъективтік жағдай үлкен орын алады. Субъект нақты дүниені бейнелеу процесіндегі тек өз мақсатына сай келетін нәрсені ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар «артық ақпараттар» да жасайды. Сондықтан дерекке тек қана сапалы түрде салынған ақпарат (деректі тану процесінде оны актуалды немесе көзге түсіп тұрған айқын ақпарат деп атайды) қана еніп қоймайды, онымен бірге потенциалды немесе жасырын ақпараттар де енеді.

Субъектіге белгісіз, жасырын ақпарат әлеуметтік ақпараттың басым бөлігін құрайды. Мұндай ақпараттарды кейде құрылымдық ақпараттар деп те атайды, өйткені олар құбылыстарға байланысты мәлеметтер береді. Ақпараттың осы бөлігі неғұрлым объективті нақты шындыққа жақын болады, өйткені ол жасалу кезінде көп бұрмалануға (субъективтік әсерге) ұшырамайды. Осыған сүйене отырып, тарихи деректердегі ақпарат байлығының шексіз мол екендігін байқауға болады. Мысалы, тарихи деректік мәлеметтерді салыстыру арқылы және олардың мағыналық мәнін ашудың негізінде деректерден шектелмеген жасырын ақпараттар алу қиын емес [2, 8б. ]

Тарих ғылымы белгісіз болған деректерді ғылыми айналымға түсіру арқылы ғана дамып отырмайды (экстенсивті жол), сонымен қатар бұрын ғылымға белгілі деректер мазмұнына тереңірек үңілу арқылы, ондағы жасырын ақпараттарды жаңа тәсілдер көмегімен алу арқылы да дамиды (интенсивті жол) .

Сонымен, бейнелеу теориясы негізінде тарихи дерек анықтамасын былайша беруге болады: Тарихи деректер деп - адамзат қоғамының дамуын бейнелеп ғылыми танымға негіз болатын, адамзат іс-әрекетінің барысында жасалған және қоғам өмірінің сан алуан қырлары туралы мағлұмат бар ескерткіштерді, мұрамағаттарды атаймыз [1, 6б. ] .

  1. Тарихи ғылымындағы деректанулық «сын»

Негізінен дипломдық жұмыста маңызды мәселесі болып, орыс

деректерін сыни тұрғыдан қарастыру болып табылады. Сондықтан берілген бөлімінде тарихи ғылымындағы деректанулық «сыны» туралы сөз қозғалынады.

Тарихи деректанудың өзекті мәселесі - деректе сақталған барлық ақпаратты тарихи зертеулерде ғылыми дерек ретінде пайдалана білу тәсілдерін жасау.

Тарихшылар ұзақ уақыт бойы деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қандай тәсілдерімен қалпына келтіруге болатындығын ойлап келді, ол тәсілдерді жетілдірді. Сол тәсілдердің ең бастыларының бірі - дерктанулық «сын», немесе деректерді сыни тұрғыдан қарау.

Ресей тарихы бойынша тарихи деректерді бірінші болып, «сыннан өткізген» В. Н. Татищев. Ол ең алғашқылардың бірі болып тарихи сынның ережелерін жасады. Ол «айтылғанның» бәрін шындық деп қабылдай бермей, қажетті дүниені қажетсіз дүниеден айыра білу керектігін және де ең жақсы деген ежелгі жазышының өзіне де сын көзбен қараудың қажет екендігін айтқан.

Ақиқатына көз жеткізу үшін ол мына мәселелерді айқындауды ұсынған:

  • автор өзі жазып отырған оқиғаларға қатысқан ба;
  • егер автор оқиғаға қатыспаса, онда сол оқиға болған кезде өмір сүрді

ме;

  • автор өзінің шығармасын архив жазбаларына, келісім-шарттарға,

ережелерге не білетін адамдардың айтқанына сүйеніп жазды ма;

  • не көп жылдар өткен соң сол іске қатысқан әр түрлі өз елінің

адамдарынан не шетілдіктерден жазып алды ма;

  • деректердің авторы кім еді, өз отанының өкілі ме, әлде шетелдік пе?

Өзінің Ғылым академиясына жазған хаттарында ол үнемі Ресей туралы

шетелдіктердің жазғандарына сын көзбен қарау қажеттігін ескерткен, өйткені олар белгілі мақсатпен жазылған, ірі қателерге толы және Ресей мемлекетіне қарсы, оның намысына тиетін пікірлерге толы болған. Көп жағдайда тіпті Ресйге дұрыс көзқараста болған шетелдік айторлардың еңбектерінде де ірі қателіктер кездеседі, өйткені олар әр уақытта дұрыс мәлемет ала білмеген.

Жүздеген жылдар бойы шетел, орыс зерттеушілері, жиһанкездері қазақтар туралы көптеген деректер жазып қалдырды. Олрдың барлығы да сыни көзбен қарауға қажет етеді.

Кейіннен тарихшы Л. Шлецер (1735-1809) тарихи «сынды» қатаң үш топқа бөлу арқылы жіктеу керек екендігін айтқан. Олар төмендегідей:

  1. «Кіші сын» (немесе сөзді «сынау») - текстің түпнұсқалылығын

анықтау, басқаша айтқанда, автордың өз жазғаны мен оған кейінгі көшірушінің не қосқандығын анықтау.

  1. Тексті граматикалық және тарихи талдау - сөздерді және

сөйлемдерді зерттеу, сол арқылы автордың нақты қандай «сөздер мен сөйлемдерді» пайдаланғанын не айтпақ болғанын анықтау.

  1. «Жоғарғы сын» (істі сынау) - дерек авторының пікірі дұрыс па,

айтып отырған оқиға қаншалықты рас. Оның шын мәнінде тарихи оқиға екенін көз жеткізу.

Татищевке қарағанда, Шлецер фактілерге емес, тексті талдауға көп көңіл бөледі. Шлецердің пікірінше, ақиқаттықты анықтаудың басты принципі - автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау.

В. О. Ключевский деректерді ғылыми талдауды «философиялық сын» (ежелгі орыс қолжазбалын дұрыс оқи білу және ежелгі ескерткіштер тілін - ежелгі терминдерді үйрену) және «фактілі сын» - «жазушының көзқарасын анықтау» деп екіге жаітелген [3, 20б. ]

Жазба деректерді ғылыми талдаудың негізгі ережелері, әсіресе белгілі деректанушы А. С. Лаппо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол ғылыми талдауды екі кезеңге бөлген.

І кезең - «сыртқы сын». Бұның мақсаты - дерек жазылған материалды зерттеу негізінде, қолтаңба және басқа да полиграфиялық белгілердің (мөр, елтаңба, т. б. ), сонымен қатар текстегі тікелей сілтемелердің негізінде деректің пайда болуын (уақытын, жерін, авторын, түпнұсқалығын) анытау.

ІІ кезең - «ішкі сын». Бұның мақсаты - деректердегі айтылған фактілердің ақақттығын анықтау. Бұл - тарихи сынның өзекті мәселесі. Лаппо-Данилевскийдің ойынша, бұл мәселені автордың көңіл-күйін анықтау арқылы шешуге болады. Өткені «дерек - адам психикасының іске асқан жемісі», дейді ол. Лаппо-Данилевскийдің пікірінше, «ішкі сын» әр түрлі біріккен операциялардың қорытындысында ашылады. Ол мұны «шындықты білудің 14 шарты» деп атайды.

Тарихи деректерді «сыннан өткізу» қажеттілігі туралы қазақ ғалымы А. Байтұрсынов (1873-1938) : «шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме - бәрі де тарихтың жемісі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып, ақтарып, түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтардан ғана алады» - деп аса маңызды пікір айтқан [1, 19б. ] .

1. 3 Тарихи деректерді жіктеу

Деректанудың мақсатын анықтауда тарихи деректерді жіктеудің үлкен мәні бар.

Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Сондықтан оларды бір-бірінен ажырату үшін жіктеу қажет. Басқаша айтқанда, ортақ қасиеттері бар деректерді, бір-бірінен ерекше белгілерімен ажыратылатын категорияларға бөлу.

Жіктеу зерттеушіге тәуелсіз объективті өлшемдерге негізделуі керек, олар объективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет, онда деректердегі шындықтың орын алуы және бейнелену заңдары көрінуі тиіс.

Сондықтан жіктеу - тек таза техникалық емес, методикалық та мәселе және ол тек сан қилы деректер арасында бағыт көрсету емес, оларды зерттеу тәсілі қызметтерін де атқарады.

Орыс деректану мектебінде жазба және басқа да тарихи деректерді әр түрлі белгілеріне қарап топтау, жіктеу әрекеттері жасалған. Мысалы, В. НТатищев (1686-1750) деректерді жинап, олады тіркеу және жариялау ісін аса маңызды мемлекеттік істер деп қараған. Ол ғылым үшін «Орыс Правдасын», 1550 жылғы «Судебник», «Үлкен жазба кітап», көптеген жылнамалар т. б. ескерткіштерді ашқан.

Сол сияқты орыстың деректнау мектебінің қалыптасуына орыс тарихшылары А. С. Лаппо-Данилевский (1863-1919) мен В. О. Ключевский (1884-1911) де өз үлестерін қосқан. Мәселен, А. С. Лаппо-Данилевский деректерді «мәдениеттің қалдығы» және «фактілерді тарихи суреттеу, айту» деп екіге жіктесе, В. О. Ключевский жазба деректерді баяндаушы (жылнамалар, дастандар, т. б. ) және құжаттар (заңдар және жеке актілер) деп бөлген.

Алайда Қазан төңкерісінен дейінгі орыс деректану мектебінің тарихи деректерді жіктеуінде бірнеше кемшіліктері болғаны байқалады. Айталық, деректерді жіктеуде олардың әлеуметтік табиғатының ескерілмеуі, деректер мен оларды дүниеге әкелген қоғамдық-экономикалық орта арасында тығыз байланыстың аңғарылмауы - осының дәлелі.

Кеңес дәуірінде тарихи деректерді жіктеу мәселелері өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында (1917 -1924 жж. ) тарихшылар тарихи деректерді жіктеуде, негізінен, төңкеріске дейінгі деректанушылардың пікірлерін қолдады.

ІІ кезеңде (1925 -1940 жж. ) кеңес тарихшылары деректерді әр түрлі белгілеріне қарап, оның ішінде тақырыбы бойынша (мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптары бойынша) бөлуге болады деген пікір айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары
Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері
EOS платформасымен интеграция. LandViewer төрт өзара интеграцияланған EOS өнімдерінен тұратын экожүйенің бөлігі
Жол қозғалысы мен қоғамдық көлікті басқару жүйелері сияқты ақылды қала инфрақұрылымы
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар
Теориялық және тарихи - педагогикалық зерттеу әдістері
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Мәліметтер қорының түрлері
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz