Денсаулық саласын талдау
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар мен шартты
белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...3
Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адам капиталының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 10
1.2 Адам капиталының қалыптасуының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..14
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Білім саласын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23
2.2 Денсаулық саласын

... ... .33
2.3 Еңбек ресурстарын пайдалануды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...40
3 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ
3.1 Білім саласын дамытудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
3.2 Денсаулық саласын дамытудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..65
3.3 Еңбек ресурстарын дамытудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..85
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..93
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .96
ҚОСЫМШАЛАР
Қысқартулар мен шартты белгілер
ҚР – Қазақстан Республикасы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан обылысы.
ЖОО – Жоғарғы оқу орын.
ДСМ – Денсаулық сақтау мәселесі
АҚТҚ – Адамдарда әртүрлі инпекциядан қорғайтын имундық жүйесін әсерінен
әлсірейтін қорғаныс тапшылығының қолдануы
ЖҚТБ – Жұқтырған қорғаныс тапшылығының белгісі
ДДҰ – Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы
БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы
Нормативтік сілтемелер
1 Қазақстан Республикасының Президенті туралы Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 -
маусымдағы өзгерістерімен.
2 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; өзгерістерінен
4 Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 қазандағы
Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.
5 Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы: Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы
өзгерістерімен.
6 Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы : ЮРИСТ. – 2007.
7 Мемлекеттік қызмет туралы : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі өзгерістерімен.
8 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.
9 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі
өзгерістерінен
10 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы: Қазақстан Республикасының 25 ақпандағы Заңы.
11 Халықты жұмыспен қамту туралы : Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы Заңы өзгерістерімен.
12 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту
шаралары туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13
қаңтардағы № 273 Жарлығы Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 қаңтар.
13 Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Егемен
Қазақстан. – 2010. – ақпан.
Анықтамалар
Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдерге сәйкес
анықтамалармен пайдаланған.
Адам капиталы- Адам капиталы дегенде ең басты мәселе – бұл
адамгершілік қасиет, оқу-білім, кемелдік сана. Егер олар экономика саласына
жұмсалса, онда адам капиталы болып есептеледі
Капитал- деген ұғым бізше қаржы, байлық, ақша, құн мағынасында
түсіндіріледі.
Демографиялық- Елдегі халықтың саны мен сапасы.
Әлеуметтік- Қоғамдағы халықтың денсаулығы, білімі және оның мәдени
құндылықтары болып табылады.
Инновациялық- Қоғамдағы жаңа ғылыми техникалық прогрестің даму жүйесі
болып табылады.
Интеллектуалды- Адам санасының ақыл-ой ұшқырлығы.
Білім- Адамның бай рухани қазынасы болып табылады.
Педагог- Баланы өмір тәрбиесіне дайындайтын және қадағалаушы жеке
тұлға, маман иесі болып табылады.
Интернет- Жедел ақпараттық байланыс құралы болып табылады.
Денсаулық- Адам жанының дене мүшесінің дұрыс қалыптауы мен қатар
айнымай бір қалыпты тұруы.
Салауатты өмір салты - Қоғамда адамдардың дұрыс өмір сүру деңгейі
Еңбек- Тауарлар мен қызметтерді шығаруда қолданылатын адамның дене
және ақыл-ой күшіне негізделген өндіріс факторы.
Еңбек ресурстары- бұл жұмыс істейтін немесе жұмыс іздейтін еңбекке
жарамды жас шамасындағы тұрғындар.
Еңбекақы- Кәсіпорындарда немес басқада ұйымдарда жасалынған еңбегі
үшін төленетін сыйақы түрі.
КІРІСПЕ
Жалпы сипат. Зерттеу жұмысында Еліміз Қазақстанда Адам капиталын
дамытудың аймақтық проблемалары жөніндегі мәселелер қозғалған, соның ішінде
назар аударатын жағдай адам денсаулығы және білімі, осы аталған жүйелердің
экономикалық аспектісіне және даму динамикасына ерекше назар аударылған.
Адам капиталын дамытудың негізінде ғылым мен білімді өндіріспен
ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасырудың өзекті мәселелері
қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан әлемнің
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну ұлттық стратегиясын
жүзеге асыруға кірісті, бұл адам капталын жетілдіру мақсатында денсаулық
саласын, білім саласын және сонымен қатар еліміздегі жұмысыздық деңгейіне
байланысты үлкен жауапкершілік жүктейді және зор білім мен күш-жігерді
талап етеді. Осы міндеттерді шешу нысаналы ғылыми-техникалық саясатты
қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты тікелей үкімет тарапынан
ғылыми-техникалық саясаттың перспективалық бағыттарын айқындау, білім
саласын дамытудың, жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми саланы
өркендетудің нарықтық экономикаға тән жаңа тетіктерін қалыптастыру өзекті
мәселелердің бірі. Жалпы қоғамдағы адам капиталын дамыту әлемде қамтыған
қаржылық – экономикалық дағдарысқа, болашақта орын алуы мүмкін тағы да
басқа дағдарыстарға қарсы тұра алу үшін және заманның алға тартқан өткір
мәселелеріне лайықты түрде жауап беру үшін қажет. Әрине, өте білікті
мамандарды даярлап шығару үшін соған сай әлеуметтік экономикалык база болуы
тиіс. Өкінішке орай, қазір біздің қоғамда осы бағыттағы мәселелер
қордаланып қалды. Бұл, өз кезегінде, қоғамның дамуына, экономиканы
модернизациялау мен индустриализациялауға кері әсерін тигізуде. Адам
капиталын дамыту-жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Осының бірнеше аспектілеріне
тоқталып өтейік [1].
Ел экономикасының бәсекелестік жағдайда дамуын қамтамасыз етуге
әсерін тигізетін әлеуметтік салалар жүйесі Қазақстанның 2003-2015 жылдар
аралығындағы индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда
маңызды фактор болып отыр. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы мен денсаулық сақтау саласының қалыптасуы
мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары
шеңберінде білім және денсаулық сақтау салаларын реттеу жолдарын
жетілдірудің маңызы өте үлкен. Білім беру саласының экономикалық дамуға
адамның білімділік және біліктілік қасиеттерін арттыру жағынан әсері
байқалады және қоғамда алға жылжытады. Білім саласы экономикаға қажетті
мамандарды дайындайтын қоғамдық институт болып табылады.
Алғаш америкалық экономист Теодор Шульц XX ғасырдың 60-шы
жылдарының басында “адам капиталы” деген ұғымды енгізді. Шульцтің бұл
тақырыпқа мән беруі кездейсоқ емес. Сол жылдардан бастап осы адам
капиталына мән беріле бастады. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның
бойындағы бай рухани құндылықтарымен бағаланып, өлшенген деп түсініп
келсек, бүгінде оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі
ретінде қарау байқалуда. Мәселен, жаңадан пайда бола бастаған “Білім
экономикасы”, “Парасатты экономика” деген жаңа, тың тіркестер осының
көрінісіндей көрінеді. Шынымен де, оқу-білім, кемел ақыл және экономика –
қазір егіз ұғымдар. Егер, бұрын ол бөліп-бөліп қаралса, қазір егіз ұғым
болды. Жалпы, бүгінгі әлеуметтік ғылымда экономикалық, әлеуметтік,
әкімшілік, мәдени, саяси, тағы басқа да капиталдар туралы әңгімелер айтылып
жүр. Ал осылардың барлығының жиынтығы – адам капиталы. Себебі, барлығы
айналып келгенде адамға тіреледі [2].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халықаралық тәжірибе ерте балалық
шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге
бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп
отыр. Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын
техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет.
Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі
ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім,
білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты
болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке
жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.
Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын
көрсететін байланыс бірізді болмайды. - зерттеулер білімді экономика
тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол
сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын
жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім беруді
қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу көрсеткіштері де жоғары.
Осыған орай жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға дейін Қазақстан –
білімді мемлекет, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім
беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек.
Зерттеудің мақсаты. Адам капиталын дамытудың аймақтық
проблемалары жөнінде ОҚО білім, денсаулық сақтау саласын және еңбек
ресурсын пайдалануды жетілдіру талдау.
Зерттеудің міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының алдына
қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- ОҚО білім саласын реформалау жаңа инновациялық технологияны
пайдаланудың алатын орнын айқындау;
- білім жүйесін саясатты дамытудағы жаңа құрылымдық
өзгерістердің мәнін ашу;
- әлемдік білімнің даму тенденцияларына сәйкес, ОҚО әлеуметтік
саланы саяси стратегиялық мәнін ашып көрсету;
- ОҚО денсаулық саланы реформалау, саяси-әлеуметтік сипатын ашып
көрсету;
- денсаулық саласындағы кадрларды қайта даярлау жөінде
біліктілікті арттыру мәселелерді шешуге жұмсау қажеттілігін
айқындау;
- Денсаулық сақтау нысандарының құрылысын бастау мерзімдерінің
ауысуы. Ауруханалардың күрделі және ағымдағы жөндеу
жұмыстарына арналған қаржысын қайта бөлу.
- ОҚО еңбек ресурсын қайта жүйелеу мәні мен мазмұнына, оның
қалыптасу жолдарына сараптама жасау;
- салыстырмалы еңбек нарығын саяси және экономикалық тәсілдерді
қолдана отырып, әлемдік тәжірибедегі еңбек ресурсын дамыту
жүзеге асыру жолдарын және оның Қазақстан үшін тәжірибелік
маңызын айқындау;
- ОҚО жұмыссыздық мәселесін жою жөнінде жол картасы атты
бағдарламасының маңыздылығын ашып көрсету.
Диссертациялық зерттеудің пәні Қазақстан Республикасының Адам
капиталын дамытудың аймақтық проблемаларын дамыту таңдалды.
Зерттеудің нысаны ОҚО әлеуметтік құрылымдар жүйесіндегі білім,
денсаулық сақтау және еңбек ресурсының дамуының 2002-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк стратегиясы талдау жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Зерттеу еңбегінде төмендегідей нақты ғылыми
нәтижелерге қол жеткізілді:
- инновациялық даму сатысындағы Қазақстан үшін әлеуметтік саясатты
дамытудың стратегиялық маңыздылығы айқындалды;
- ОҚО аймақтық білімді ғылыммен ұштастыру күрделі саяси процесс
ретінде қарастырылды;
- білім саясатының ғылыми-техникалық түсінігі және оның саяси
ғылымдағы зерттелуі бойынша көзқарастар талданып, жүйеленді;
- аймақтық денсаулық жүйесін ғылыми-техникалық бағдарламамен мазмұны
анықталынып, әлеуметтік процестегі орны мен рөлі талданып, ашып көрсетілді;
- Облыстың денсалық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыру тұстары
анықталынып, сарапталды;
- аймақтық еңбек нарығын дүниежүзілік нарықтық жүйе арқылы дамыту алып
отырғандығы анықталды;
- жұмыссыздықты жою саясаттын дамытудың әлемдік саяси тәжірибесіне
талдау жасалынып, оның ОҚО үшін маңыздылығы көрсетілді;
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Диссертациялық
зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектері, Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан-2030 стратегиясы,
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006
жылғы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне оқыған адам капиталын
дамыту туралы дәрісі, 2008-2010 жылғы ОҚО өңірлік бағдарламалар, Қазақстан
Республикасының заңдары мен құқықтық актілері, Қазақстан даму институтының
зерттеу нәтижелері мен мәліметтері, Қазақстандық саяси партиялары мен
қоғамдық қозғалыстардың құжаттары, бағдарламалары, ғылыми-энциклопедиялық
және қоғамдық саяси анықтама сөздіктер, зерттеу тақырыбына байланысты
Қазақстандық және шетелдік авторлардың іргелі ғылыми еңбектері, әр түрлі
мерзімдік басылымдар мен арнайы әдебиеттер пайдаланылып, оларға талдау
жасалынды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижесінде алынған
теориялық қорытындылар әлеуметтік саласында ғылыми-техникалық саясат
мәселесін терең зерттеуде өз септігін тигізеді. ОҚО білім саласын,денсаулық
сақтау,еңбек ресурсын дамытудың саяси-әлеуметтік тұстарын айқындауға
көмектеседі. Зерттеудің ой-тұжырымдары мен қорытындылары жоғарғы оқу
орындарында тақырыпқа сәйкес арнайы курс оқығанда, адам капиталын дамыту
технологиялық даму бойынша дәрістер өткізуге, инновациялық білім
бағдарламаларын дамыту туралы ғылыми ізденістерді жетілдіруде негіз бола
алады. Сонымен қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын аймақтың әлеуметтік
құрылымдар жүйесі, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми
зерттеу институттары, ғылыми-техникалық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар
және т.б. саясат субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады [3].
1 АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адам капиталының мәні
Адам капиталының мәні жалпы қоғамда адам капиталы ұғымы, оның
өзектілігі, оны қоғамға жаппай сіңіру мәселесі елімізде кейінгі кезде ауық-
ауық болса да көтеріліп жүр. Десек те, оның тамыры тереңде жатыр ғой. Батыс
елдері бұл мәселені әлдеқашан мемлекеттің негізгі саясатына айналдырды.
Ұлттық идея ретінде өз бағыт-бағдарын түзеді. Бұл ұғымның ел үшін
құндылығын түсінуге алғаш нелер түрткі болды. Адам капиталы ұғымының
қалыптасуына кімдер еңбек сіңірді. XX ғасырдың 20-шы жылдары алғашында
ресейлік, кейін америкалық көрнекті әлеуметтанушы ғалым Питирим Сорокин
Ленинмен үлкен пікірталасқа түсті. “Сіз социализм қоғамын құрамын дейсіз.
Сіздің адамдық материалыңыз қандай? Кімдермен құрасыз? Ресей социализмге
әлі дайын емес. Сіз оны күшпен, я қуғын-сүргінмен құрмасаңыз, адамдық
потенциал, адамдық әлеует Ресейде жоқ”, дегенді айтады ол. Кейін П. Сорокин
сол айтыстан кейін көп кешікпей Ресейден Америкаға қоныс аударып, сол жерде
90 жасында қайтыс болады. Сол Питиримнің мынадай сөздері бар: “Қандай да
қоғам болмасын, сол қоғамның жағдайы ең алдымен оның азаматтарының қадір-
қасиетіне, біліміне байланысты”, деген. Ол сондай-ақ: “Нақұрыстар мен
қабілетсіз адамдардан тұратын қоғам ешуақытта да үлкен табысқа ие бола
алмайды. Бір топ сауатсыз надандарға тамаша конституцияны берсеңіз де
тамаша қоғам құра алмайсыз. Ал, керісінше, талантты, дарынды, білімді, дені
сау, жігерлі азаматтардан тұратын қоғам сөзсіз өмір сүрудің жаңа, ілгері
жолдарына бастап, табысқа жетеді”, дегенді де айтады. Кейін Питирим
Сорокиннің осы ойы көптеген адамдардың назарын аударды. Белгілі бір ғылыми
тұжырымдамаға айналды [4].
Ал америкалық экономист Теодор Шульц XX ғасырдың 60-шы жылдарының
басында “адам капиталы” деген ұғымды енгізді. Шульцтің бұл тақырыпқа мән
беруі кездейсоқ емес. Сол жылдардан бастап осы адам капиталына мән беріле
бастады. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы бай рухани
құндылықтарымен бағаланып, өлшенген деп түсініп келсек, бүгінде оған елдің
жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарау байқалуда.
Мәселен, жаңадан пайда бола бастаған “Білім экономикасы”, “Парасатты
экономика” деген жаңа, тың тіркестер осының көрінісіндей көрінеді. Шынымен
де, оқу-білім, кемел ақыл және экономика – қазір егіз ұғымдар. Егер, бұрын
ол бөліп-бөліп қаралса, қазір егіз ұғым болды. Жалпы, бүгінгі әлеуметтік
ғылымда экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік, мәдени, саяси, тағы басқа да
капиталдар туралы әңгімелер айтылып жүр. Ал осылардың барлығының жиынтығы –
адам капиталы. Себебі, барлығы айналып келгенде адамға тіреледі.
Біз бір мәселеге мән берейік. Капитал деген ұғым бізше қаржы,
байлық, ақша, құн мағынасында түсіндіріледі. Ал адам капиталы дегенде ең
басты мәселе – бұл адамгершілік қасиет, оқу-білім, кемелдік сана. Егер олар
экономика саласына жұмсалса, онда адам капиталы болып есептеледі. Себебі,
бұрын оқу-білім, парасат экономикамен тығыз байланыста болмады. Енді келіп
жаңағы айтқан “умная экономика” – “ақылды экономика”, “экономика
знании”–“білім экономикасы” деген сөздер шықты. Демек, дамыған мемлекет
болу үшін ақыл, парасат, білім, ғылымды экономикаға жұмсау – бұл адам
капиталының мәні.
– Адам капиталының негізгі өлшемдері қандай болу керек:
– Адам капиталының бірнеше өлшемдері болады.
1.Демографиялық,
2.әлеуметтік,
3.құқықтық,
4.отбасылық.
Мәселен, демографиялық өлшемді алайық. Елдегі халықтың саны мен
сапасы. Бұл, сөз жоқ, үлкен капитал. Мысалы, Қытай үшін халық санының өсуі
Қытай экономикасының дамуына үлкен қиындық туғызса, ал Қазақстан секілді
мемлекетке адам санының өсуі ол тек жақсылық. Демек, әр елде демографиялық
капиталдың жағдайы әр түрлі. Сондай-ақ, адам капиталы – сол адамның
бойындағы білімнің, тәжірибенің, даналықтың, құндылықтардың көрінісі.
Қоғамның, жеке адамның азығы. Жеке адамның бойындағы сол адам капиталын,
мемлекеттегі азаматтардың бойындағы адам капиталын қоғамдық өлшеммен
айтқанда ешкім ұрлап ала алмайды, ешкім оны сатып ала алмайды. Ол елді өрге
бастайды. Ол, сонымен бірге, білім мен тәрбиені, адамдардың парасаттылығын
арттырады. Сондықтан, адам капиталы немесе білім, тәрбие, оның пайдасы
көзге көрінбеуі мүмкін. Көрінбейді де. Десек те, бұлар, ең бастысы,
қоғамның дамуына әсер етіп отырады. Сол себепті, білікті адам, өзіне өзі
сенетін адам көптеген жағдайда қоғамды дүниеқоңыздықтан, жемқорлықтан
қорғайды. Білімді, парасатты адам бірінші кезекте өзінің бойындағы
қасиетіне сенеді. Жеке басқа табынбайды. Ұрлықтан аулақ болады. Соңғы
жылдары адам капиталын өлшейтін оның бір қыры пайда болды. Оны адам
әлеуетінің даму индексі дейді. Барлық елдерде адамның әлеуетін, адам
капиталын үш өлшеммен бағалайды. Бірінші – өмір сүру ұзақтығы. Ең аз өмір
сүретін елдерде адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 25 жыл. Сондай елдер бар.
Мысалы, Африкада. Африкада бүгінде 20 млн.-нан астам адам СПИД-пен ауырады.
Сол себепті, мұнда өмір сүру ұзақтығы өте төмен. Ал Еуропаның дамыған
елдерінде, Жапонияда бұл көрсеткіш 85 жасты құрайды. Бұл – бір көрсеткіш.
Екінші көрсеткіш – ересектердің сауаттылығы және балалардың мектеппен
қамтылуы. Әлемде 300 млн.-ға жуық бала мектепке бармайды. Оның көбісі
Африка елдерінде. Ал 0-ден 100 пайызға дейін ересектері түгел сауатты,
балалары мектепке баратын елдер де бар. Үшіншісі – ішкі жалпы өнімнің жан
басына шаққандағы үлесі. Мысалы, ең кенже қалған елдерде ішкі өнімнің жан
басына шаққандағы үлесі 100 доллар болса, бірқатар елдерде 40-44 мың
доллар. Міне, осындай үш өлшеммен БҰҰ жылда әлем елдеріндегі ахуалды
саралап отырады. Сондай зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, ең артта қалған
елдер – ол Африка елдері. Яғни, Африканың 30 елі. Ал ең дамыған елдер –
Норвегия, Австралия, Канада, Ирландия, Германия, Швейцария, Швеция,
Жапония, Франция, АҚШ. Бұл елдердің бір жылы біреуі бірінші орында болса,
екінші жылы ол мемлекет үшінші орында тұруы мүмкін. Солай ауысып отырады.
Бұрын АҚШ алдыңғы үш орында жүретін еді. 2008 жылдың есебі бойынша бұл
мемлекет 15-ші орынға түскен. Себебі, Америкаға қоныс аударушылар көп.
Олардың білімі төмен, сондықтан табыс деңгейі де төмен. Денсаулығы да
төмен. Америкалықтардың өздері “бұл АҚШ-тың жалпы көрсеткішін төмендетіп
отыр” деп түсіндіреді[5].
Ал енді бұрынғы Кеңес Одағы республикалары елдерін алатын болсақ,
Литва – 43, Эстония – 44, Латвия – 45, Беларусь – 64, Ресей – 67, Қазақстан
68 орында тұр. Жалпы әлемде 200-ге жуық ел бар десек, солардың ішінде 70-ке
дейінгі орында тұрған елдер дамыған елдер деп есептеледі. Ал Америка, басқа
да бұрынғы капиталистік елдер – бұлар өте дамыған елдер қатарына жатады.
Біздің еліміз орта деңгейдегі дамыған елдердің қатарына соңғы жылдары
қосылды. Бүгінде Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 65 жастан 68 жасқа өсті.
Бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде Украина –76, Армения – 83, Грузия
– 96, Әзірбайжан – 98, Түркіменстан – 109, Молдавия – 111, Өзбекстан – 113,
Қырғызстан – 116, Тәжікстан – 122 орында. Бұларға қарап, әрине, біздің
шүкіршілік ететін жағдайымыз бар. Бірақ ең дамыған елдер ахуалынан үлкен
пікір түю керектігі көрінеді.
Қоғамда заң үстемдік етпесе, бойыңдағы ешқандай қасиеттеріңді іске
асыра алмайсың
Адам капиталы тұрғысына алғанда, қазір біздің еліміз үшін не маңызды
–Үш мәселе аса маңызды. Білім, екінші денсаулық, үшінші әлеуметтік
жұмсыздық құқықтық сала. – Заң – мемлекеттің тірегі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды”,
“Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар”, “Заң мен сот
алдында жұрттың бәрі тең” деген жолдар арнайы баптарда жазылған. Бұл –
қоғамның басты байлығы да, қазынасы да адам екендігіне кепілдік береді емес
пе [6].
– Әрине. Қоғамның қазынасы – адам. Адамның қоғамдағы орны мен оның басты
құндылық екені Конституцияның “Адам және азамат” деген бөлімінде жан-жақты
айтылған. Яғни, еліміз Конституциясында жазылғандай, “Қазақстан
Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға
кепілдік беріледі”. Сол себепті, азаматтың кез келген қадамы, мемлекеттің
кез келген бастамасы заңмен тығыз ұштасып отыруы тиіс. Заңның,
әділеттіліктің орнауы, дұрыс жолға қойылуы, бірінші кезекте, азаматтардың
мақсат-мүддесі мен құқығын, бостандығын көздің қарашығындай қорғау үшін
қажет. Мәселен, Америка ғалымдары, атап айтқанда, құқықтық мемлекетке қол
жеткізді. Себебі, сен қанша білімді болғаныңмен, қанша маман болғаныңмен де
қоғамда әділеттілік болмаса, заң үстемдік етпесе, бойыңдағы ешқандай
қасиеттеріңді іске асыра алмайсың.
Ал адам капиталы дамыған елде қандай мамандық иелерінің мәртебесі
биіктейді
– Үш мамандық алға шығады. Бірінші – педагогтік біліктілік. Мейлі ол
мектептің, мейлі ол жоғары оқу орнының педагогі болсын. Екінші – дәрігер.
Бұл мамандық иелерінің де еңбекақысы жоғары болады. Ал үшіншісі – заңгер.
Себебі, ол қай жағынан да қоғамдағы еңбек етуші, білікті адамды түрлі
заңсыздықтан қорғайды. Батыс елдерінде, міне, осы үш мамандықтың мәртебесі
жоғары.
Елімізде біз білім саласына ішкі жалпы өнімнің 3,6 пайызын жұмсайды
екенбіз. Сөйте тұра, біз әлемдегі ең сауатты мемлекетпіз. 2009 жылғы есеп
бойынша, Қазақстанда орта және жоғары білімді адамдар халықтың 85 пайызын
құрады. Салыстырып көрейік. Бұл көрсеткіш Германияда – 78 пайыз, Испанияда
– 50 пайыз. Бірақ, біз ең сауатты ел болсақ та, ең білімді ел болсақ та,
жаңа технология саласында артта қалдық. Неге? Себебі, біз сапа емес, сан
қуып кеттік. Біз білім емес, диплом қуып кеттік. Сондықтан да бүгін біз сан
жағынан жаңағы 70 елдің қатарына қосылдық, бірақ сапалық тұрғыдан емес.
Өйткені, сапа мәселесі көңіл көншітпейді. Десек те, бүгінде еліміздің білім
саласында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалар қолға алынуда.
Солардың бірегейі деп Елбасының тікелей бастамасымен бой көтерген
“Назарбаев университетін” айтуға болады. Мұндай университетті ашу арқылы
біз өзіміздегі адам капиталының дамуына жол ашып отырмыз. Болашақта мұнда
білім алған жастар елінің өркендеуіне үлестерін қосады деген ойымыз бар.
Қазақстандағы ата-аналардың балаларына құйып отырған қаржысы – 10
млрд. АҚШ доллары Қазіргі таңда ел болашағы – жастарға, олардың біліміне
құйылар инвестиция – ең құнды инвестиция екені талас тудырмас. Бұл елдік
мәселе бізде қалай шешілуде [7].
– Енді бүгінгі күнгі ең құнды инвестиция, қай мемлекетте болмасын, бұл,
әрине, адамға жұмсалған инвестиция. Әсіресе, жас ұрпаққа жұмсалатын
инвестиция. Бұл ең тиімді әрі құнды инвестиция. Бүгін солай болып та тұр.
Себебі, қазіргі таңда Қазақстан болсын, басқа да мемлекеттер болсын,
қаржысын негізінен қайда жұмсап жатыр? Ең алдымен көп қаржыны жастарға,
балалардың білім алуына жұмсап жатыр ғой. Яғни, мемлекет те жұмсап отыр,
ата-аналар да жұмсап отыр. Бүгінгі күні кейбір есептерге қарағанда,
Қазақстандағы ата-аналардың балаларына жұмсап отырған қаржысы 10 млрд. АҚШ
долларына жақындап қалған екен. Бұл мемлекеттің білім саласына жұмсап
отырған қаржысынан бірнеше есе көп. Себебі, бүгінде еліміздің жоғары оқу
орындарындағы жастардың 18-20 пайызы ғана мемлекеттің қаржысымен, қалғаны
ата-аналардың қаржысымен оқып жатыр. Сондықтан бұл салада, яғни инвестиция
құюда аянып қалмағандаймыз. 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында адам капиталы мәселесін жан-жақты қолдады. Оның
маңыздылығын көптеген мысалдармен дәлелдеді. Президенттің осы мәселеге мән
беріп отырғанының бір себебі осында жатыр деп ойлаймын [8].
Елбасы Назарбаев Университеті студенттеріне оқыған дәрісінде
Сарапшылардың есептеуі бойынша, мықты дамыған елдердің ұлттық
байлықтарының жалпы көлемінің шамамен 15 пайызы - материалдық
құндылықтарға, 15-20 пайызы - табиғат қорларына, ал 65 пайызы - адам
капиталына келеді, деп атап өтті. Сонымен, адам капиталы адамның білім алу
мен тәжірибелік қызмет барысында алған және оған кәсіптік қызметін
ойдағыдай орындауға жағдай туғызатын білім, іскерлік, дағды түрлерінде
капитал ретінде анықталады. Алайда, бұл ұғымды біз едеуір кеңейте аламыз,
әсіресе, егер біздер адам капиталы туралы елдің жаңартулық дамуы мен оның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру контекстінде айтсақ. Адам капиталы -
тұрақты дамудың құрылымдық құрамның бірлігі. Адам капиталын дамыта келе біз
тек тұрақты даму жолмен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті қоғам
құра аламыз. Адам және еңбек әлеуеттерін іске асыруда қажетті жағдайлар
мен мүмкіндіктер және басқалармен қатар екі басты фактор қамтамасыз етеді.
Олардың біріншісі - белсенді және жемісті қызмет жасауға мүмкіндік беретін
денсаулық. Екінші фактор - қол жетімді, сапалы және үздіксіз білім, себебі
дәл осы жалпы және кәсіптік білім және жаңа технологиялар инновациялық
даму, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен замануи
экономиканың тиімділігін қамтамасыз етеді.
XXI-ғасырда аса дамыған индустриалдық елдер білікті мамандарды
дайындау мен тартуға күш салуды күшейтуі кездейсоқ емес. Сондықтан,
макроэкономикалық тенденциялардың өзгеруіне жауап ретінде пайда болған адам
капиталының теориясы шеңберінде, білім алу, дене саулығы, оқыту сапасы,
өндірістік тәжірибе көлемі деңгейі мен еңбек ақы арасында белгілі бір
байланыс бар. Сонымен, жеке адамның сапалы сипаттамаларын арттыруға
бағытталған шығындар инвестиция ретінде қаралады. Яғни, бұл шығындар
тұтынушылық болып емес, өндірістік ретінде қаралады, себебі олар уақыт өте
келе бірнеше рет табыспен орны толтырылады деп болжау жасалынып отыр Жаңа
білім де және жас ұрпаққа білім беру институты да қоғамдық игіліктен рынок
тетігінің бөлігіне, еліміздің жоғары технология саласындағы ғаламдық
көшбасшы болу үшін бәсекелік күрестің құрамына айналады. Дәл осы үдерісті
біздер АҚШ-та, Батыс Еуропа және Жапонияда байқаймыз. Олардың жетекші
жоғары оқу орындары бұл мәселенің шешуі тар мамандандырудан кетіп, кең
профильді кадрларды дайындауда деп отыр. Бұл міндетті, әр түрлі сала
бойынша шоғырланған ғылыми мектептер ғана емес, сонымен қатар, алған
білімдері өздерінің ғылыми зерттеулерімен тұрақты түрде қолдайтын оқу
орындары жақсы орындайды [9].
1.1 Адамкапиталының қалыптасуының теориялық негіздері
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан үшін стратегиялық
маңызы бар басымдықтарға адам капиталын дамыту мәселесі жатады.
Адам капиталы - инвестициялар нəтижесінде қалыптасқан жəне адамның
жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының, қабілеттер,
ынталарының запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі
саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өдіріс тиімділігінің өсуіне
көмек береді, және сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады.
Адам капиталы теориясының пайда болуы жəне дамуы қоғамдағы ғылыми-
техникалық жəне информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі
өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік әлеуеті
əлеуметтік жəне экономикалық дамуда шешуші факторға айналып отыр. Осы
замандағы əлемдік экономикалық ғылымда кең пайдаланылады жəне ол нарықтың
шаруашылық теориясы мен практикасында өзекті орын алады. Адам капиталы
теориясының кейбір (еңбекті бағалау жəне адамның өндірушілік қабілеттері)
мəселелері осыдан көп бұрын саяси-экономия классиктері еңбектерінде
шешілген еді. Бүгінгі түріндегі адам капиталы теориясының қалыптасуына ат
салысқан экономисттер мыналар: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейзброд, Э.Денисон,
Дж.Кендрик, Дж.Миндсер, Г.Псахаропулос, Л.Туроу, Н.Фишер, Т.Шульц жəне т.б.
1992 жылы адам капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист
Г.Беккер экономика бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды
[10].
Адам капиталы деп əдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне жəне
табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тəн денсаулық,
білімдер,дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсатты
түрде жасалатын жəне адамның болошақ ақшалай табысын белгілейтін
шығындардың барлық түрі Адам капиталына жасалынған инвестициялар деп
аталады. Осыған жататындар: денсаулықты сақтауға,білім алуға жұмсалған
шығындар, жұмыс іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы жəне
оның тəрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтілітін жоғары
табыстар, беделді жұмысқа тұру, əлеуметтік статустың жоғарылау бейнесінде
болады. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы сипатына
тоқталып, талдау кезінде пайда болған пікір соңғы жылдары Республикада
жалпы экономикалық өсу үрдісі пайда болғандығын дәлелдейді. және
экономикалық өсу еңбек әлеуетіне, кәсіпорындағы басқаруға, жоспарлауға
деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.
Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам
әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық
жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен
әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін арттыра түсу мемлекет саясатының
негізгі басымдығы .
Нарықтық экономика жағдайында ең бір ауыр және жауапты шаралардың
бірі тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету болып
табылады. Нарықтық экономикаға жолына баяғыда түскен, экономикасы озық
дамыған елдерде әлеуметтік қорғау қағидалары және әдістері 19-20 ғасырларда
арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасты. Жеке адамның экономикалық
тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға
тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын
қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау
жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс
қорлардың, корпорациялардың қаражылары тартылады. Халықты әлеуметтік
қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың
басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық
экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.
Халықты әлеуметтік қорғаудың маңызы ғылым мен практика тарапынан
жеткіліксіз зерттелген. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз
етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама
арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады,
өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық
өсуіне де жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік
қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары,
зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын
тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге
пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау
жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады. Халықты
әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда
қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты
әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа
тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет. Жаңадан қалыптасқан үш сатылы
әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді халықтың
еңбекке ынталылығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін
әлеуметтік сектордың нәтижелілігін бағалайтын арнаулы критерийлер
жеткілікті зерттелінбеген. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен
қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған
шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі
күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік
қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды[11].
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та ақпараттық қоғам, ашық қоғам
қалыптасты. Себебі, осы кезде АҚШ-та 12-14 жылдық білім деңгейі негізге
алынды. 12 жылдықты бітіреді, сосын колледжде оқиды. Содан кейін тағы 4-5
жыл университетте білім алады. Яғни, 12-14 жылдық білім негізге алынған.
Бұл ел сол 70-ші жылдардың соңында жоғары деңгейдегі кәсіби білімге,
ақпараттық технологияға, күрделі интеллектуалдық техника мен технологияға
қол жеткізіп үлгерді. Өкінішке қарай, бұл салада Ресей де, біз де АҚШ-тан,
болмаса Еуропа елдерінен 30-40 жыл кеш қалдық. Сондықтан бұл саладағы бағыт-
бағдарымызды тезірек түзеуіміз қажет. Америка ғалымдарының зерттеуі
бойынша, жалпы адам капиталы терең дамуы үшін сәбиге 4 жасқа дейінгі
жұмсалған қаржы ең тиімді инвестиция саналады екен. Оның әсері көзге
көрінбегенмен де, қайтарымы 1 долларға – 5 доллар болады. Егер, 1 млрд.
жұмсалса, қайтарымы – 5 млрд. Біз бүгінде балалар бақшасы мәселесін
көтеріп жүрміз ғой. Елдің үлкен болашағы, міне, осында жатыр. Кедей елдер,
балабақшасы дұрыс қолға алынбаған елдер дұрыс дамымай, қайыршы мемлекет
болып қала береді. Сондықтан, бұл біз үшін үлкен сабақ. Сонымен бірге,
баланың екінші даму кезеңі бар. Ол 11 жасқа дейінгі мерзімді көрсетеді. Осы
кезде, яғни 4 пен 11 жас аралығында екінші үлкен инвестиция құю керек.
Себебі, 11 жасқа келген баланың қандай азамат болатыны белгілі. Не ол
ізденгіш, шығармашылықпен айналысатын адам екені белгілі болады, не ол
керітартпа мінезді азамат екені айқындалады. Осы стереотип 11 жаста
қалыптасады. АҚШ бірінші кезекте өз елінің білікті азаматтарын сыйлап,
оларға жағдай жасауға үлкен мән берді. Сондықтан, бүгінгі күні АҚШ-та
шетелден 550 мың студент оқиды. Бұл бір ғана АҚШ-та. Жарты миллионнан
астам. Себебі, бұл ел көбінесе жақсы мамандарды өзінде алып қалады. Жағдай
жасайды. Жоғары еңбекақы төлейді. Бүгінде көп адам осы елге қоныс аударып,
сол елден бақытын іздеп жатыр. Яғни, жаңағы адам капиталын, адамның
бойындағы білімі мен қадір-қасиетін сыйлайтын елдерге қоныс аударуда. Бұл –
қазіргі жаһандану заманындағы бір заңдылық, құбылыс[12].
Адам капиталының бір критерийі де – денсаулық. Ел
Конституциясында “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға
құқығы бар” деп атап көрсетілген. Бүгінде денсаулық, бірінші кезекте
экономикалық категорияға айналды. Егер, денсаулығы жоқ болса, ол адам ақша
таба алмайды, екіншіден, денсаулығын әлсіретіп алса, оған үлкен шығын
кетеді. Біздің елімізде денсаулық саласына бөлінетін қаржы ішкі жалпы
өнімнің 2,3 пайызын құрайды. Ал Жапония, Германия, Норвегия, Швейцария
секілді аса дамыған елдерде – 6,2 пайыз. Мәселен, өзіміз сөз етіп отырған
АҚШ-ты алайық. АҚШ-та Обама денсаулық саласына бөлінетін қаржыны 14 пайызға
дейін көтеріп отыр. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі
бойынша, бұл салаға бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызынан кем
болмауы керек екен. Ал біздегі денсаулық сақтау саласының критерийі қандай?
Бізде көбіне денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны айтады.
“Былтырғыға қарағанда, мынадай млрд. теңге артық бөлінді” деп. Шын
мәнісінде, әлемде денсаулық мәселесі бөлінген қаржымен емес, емделген
адамдардың санымен өлшенеді. Мәселен, құрт ауруының, сәбилердің
шетінеуінің, аналардың өлімінің азаюымен. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіштер
бойынша, біздің елдегі халықтың жағдайы төмен. ХХ ғасырдың талабына сай
оқуға, еңбек етуге қазақстандықтардың денсаулығы сай болмай тұр. Біз бұл
мәселеге енді-енді мән берудеміз. Мүмкіндіктер де енді туып жатыр.
Сондықтан, осы идея, адам капиталы тек сән секілді кезекті ұранға айналмай,
еліміздің, халықтың мәртебесін көтеретін нақты іске айналсын деген тілек
бар.
Бүгінде мәселен, Еуропа Америкадан ХХ ғасырдың 90-жылдарының
басында көп дүние үйреніп, адам капиталына айрықша мән беріп, тез өсті.
Бүгін Американың деңгейіне жақындап келеді. Обаманы президент етіп сайлауға
ең алдымен, қарапайым азаматтар үлкен үлес қосты. Біріншіден, АҚШ-та
мысалы, президенттікке, не болмаса, депутаттыққа түскен азаматтарға
қайырымдылық көмек көрсету қорлары жұмыс істейді. Қаншама миллион адам
Обамаға көмектесті. Оның нәсіліне қарамастан, қаншама азамат дауыс берді.
Демек, адам капиталы – қай жағынан да азаматтарды белгілі бір жоғары сатыға
көтеретін әрі интеллектуалдық әрі адамгершілік деңгей. 2009 жылы Обама
бюджеттен білім саласына қосымша 149 млрд. доллар қаржы бөлді. Соның басым
көпшілігі жаңа технологияны білім саласына енгізуге жұмсалды. Денсаулық
сақтау саласына 142 млрд. доллар қаржы бөлді. Соның ішінде аталған салаға
ақпараттық технологияны енгізуге айрықша мән берілген. Ал мұғалімдер мен
дәрігерлердің еңбекақысын көтеруге бөлініп жатқан қаржы – ол бөлек.
Мәселен, бүгінде Обама ғылыми-зерттеу саласына үлкен мән беріп отыр.
Адам капиталы тұрғысынан ғылымға, білімге, бір адамға жұмсалатын қаржыны
есептегенде біз, әрине, әлі де болса жоғары деңгейге көтеріле алмай
отырмыз. Тек білім-ғылым, жаңа технология салаларына бөлінетін қаржы біз
сөз етіп отырған Американың ішкі жалпы өнімінің 26 пайызын құрайды екен.
Ресейде бұл көрсеткіш – 8 пайыз, Қазақстанда – 6,5 пайыз. Айта кету керек,
адам капиталына бөлінген қаржы бірден көрінбейді. Мысалы, инженер, инженер-
конструктор дайындау үшін 15-20 жыл керек екен. Себебі, әуелі сол инженер-
конструктор дайындайтын жоғары оқу орнының ақпараттық-технологиялық,
материалдық базасын жасау керек. Соған сәйкес, ұстаздардың, мұғалімдердің
деңгейін көтеру керек. Оқулықтар әзірлеу керек. Сосын барып ол маманды
дайындаймыз. Бұған көп уақыт кетеді. Біз осы тұста кеш қалып жатқанымыз
көрініп тұр. Ал жақсы жұмысшы маман дайындау үшін 5 жыл керек. 1 жыл
оқытсақ, 4 жыл ол тәжірибе жинауы тиіс. Ал жоғары білімді маманды дайындау
үшін 7-8 жылдай уақыт қажет. Сондықтан, мектепке дейінгі дайындықтың орны
бөлек. Президент Н. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында айтылғандай, қазір
Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатыр. Соған
сәйкес, 162 жоба іске асады. Оған 6,5 трлн. теңге қаржы бөлінеді. Тек соңғы
3 жылда 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Зерттеу жұмысында Еліміз
Қазақстанда Адам капиталын дамытудың аймақтық проблемалары жөніндегі
мәселелер қозғалған, соның ішінде назар аударатын жағдай адам денсаулығы
және білімі, осы аталған жүйелердің экономикалық аспектісіне және даму
динамикасына ерекше назар аударылған. Адам капиталын дамытудың негізінде
ғылым мен білімді өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік
қалыптасырудың өзекті мәселелері қарастырылған [13].
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы
Жолдауында белгіленген жаңа онжылдық стратегиялық міндеттері арасында адами
капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашақты белсенді
инвестициялау идеясына ерекше назар аударғым келеді.
Бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық жетістігі ең алдымен адами
фактормен, азаматтардың интеллектуалды әлеуетімен анықталатыны әлемде
мойындалды. Жоғары дамыған экономикасыз алыс та жақын, жарқын болашақ
мүмкін емес. Ғылыми зерттеу мен терең білімсіз экономиканың дамуы мүмкін
емес. Өндіріс дамуының негізгі факторы ретінде жер, капитал, қол еңбегі
пайдаланғаны дүниежүзілік тарихтан аян. XVII – ғасырдың өнеркәсіп
революциясы шикі заттың рөлін кенеттен күшейтті.Қазіргі индустриялды-
ақпараттық қоғамда жағдай түбінен өзгерді: өндіріс дамуының негізгі факторы
ретінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық мақсаттылық,
технологиялардағы инновацияның үдерісі болып отыр. Бұл факторлар, өз
кезектерінде кадрлардың білім деңгейі мен интеллектуалдігіне көбірек
тәуелді болады.
Елдердің артықшылығы табиғат қорларының байлықтарымен немесе арзан
жұмыс күшімен айқындалуы бара бара кеміп барады, көбіне-көп - техникалық
инновация мен білімді бәсекелік түрде пайдалануы басым.Келешек – халқы
ақпаратты, білім және технологияларды аса тиімді де нәтижелі пайдаланатын
елдерге тиесілі болады, яғни барлық уақытта өзгеріліп отыратын жағдайлар
мен технологияларға бейімделуге икемді мамандарды даярлау неғұрлым сапалы
болса, соғұрлым елдің экономикалық дамуы тиімді болады. Сонымен, адам
капиталы адамның білім алу мен тәжірибелік қызмет барысында алған және оған
кәсіптік қызметін ойдағыдай орындауға жағдай туғызатын білім, іскерлік,
дағды түрлерінде капитал ретінде анықталады. Алайда, бұл ұғымды біз едеуір
кеңейте аламыз, әсіресе, егер біздер адам капиталы туралы елдің жаңартулық
дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру контекстінде айтсақ. Адам
капиталы - тұрақты дамудың құрылымдық құрамның бірлігі. Адам капиталын
дамыта келе біз тек тұрақты даму жолмен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге
қабілетті қоғам құра аламыз.
Адам және еңбек әлеуеттерін іске асыруда қажетті жағдайлар мен
мүмкіндіктер және басқалармен қатар екі басты фактор қамтамасыз етеді.
Олардың біріншісі – белсенді және жемісті қызмет жасауға мүмкіндік беретін
денсаулық. Екінші фактор – қол жетімді, сапалы және үздіксіз білім, себебі

экономиканың тиімділігін қамтамасыз етеді. XXI-ғасырда аса дамыған
индустриалдық елдер білікті мамандарды дайындау мен тартуға күш салуды
күшейтуі кездейсоқ емес. Сондықтан, макроэкономикалық тенденциялардың
өзгеруіне жауап ретінде пайда болған адам капиталының теориясы шеңберінде,
білім алу, дене саулығы, оқыту сапасы, өндірістік тәжірибе көлемі деңгейі
мен еңбек ақы арасында белгілі бір байланыс бар. Сонымен, жеке адамның
сапалы сипаттамаларын арттыруға бағытталған шығындар инвестиция ретінде
қаралады. Яғни, бұл шығындар тұтынушылық болып емес, өндірістік ретінде
қаралады, себебі олар уақыт өте келе бірнеше рет табыспен орны толтырылады
деп болжау жасалынып отыр.
Адам капиталы, мысалы: қаржы капиталы, қорлар және тағы басқаларға
қарағанда, кез келген өзінің өлшемінде үлкен құндылықты білдіретіні
түсінікті болды. Батыс елдерінің әр түрлі әлеуметтік және білім
бағдарламалардың кеңейтуіне талпынысы осыны нақты дәлелдейді.
Замануи инновациялық экономиканың негізгі ерекшеліктерін талдай отырып,
пайдалану негізінде құрылған рухани өнімдер (ақпараттық, консалтиндік,
сараптық және аудиторлық және т.б.) мен технологиялардың ғылымды қажет
ететін өнімдерін аса дамыған елдердің (АҚШ, Еуропалық одақ, Австралия,
Норвегии, Швеция, Жапония және т.б.) барлық рыногында іске асырылу
мөлшерінің өсуі мен рухани қызметтер үлесінің көбеюне назарымызды
аударайық. Сарапшылардың әр түрлі бағасы бойынша, халықаралық рынокта іске
асырылатын рухани меншікті пайдалану негізінде шығарылған ғылымды қажет
ететін өнімдердің көлемі жылына 2,3 трлн. долларға дейін жетеді. Оның
ішінде - 700 млрд. долларға жуығы АҚШ-қа, 530 млрд. долларға жуығы -
Германияға және 400 млрд. долларға жуығы - Жапонияға тиесілі. Бұл
экономикалық кеңістік үшін тынымсыз жарыста жеңістің басты факторы
инновациялар, ал жалпылай - білім болды. Егер, жалпы экономика бойынша
қарасақ Қазақстанда бір қызметкер жылына 17 мың долларға өнім шығарады.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асады. Еңбек өнімділігінің
өсуін, біріншіден, инновациялар, ал екіншіден, адам капиталына құйылатын
инвестициялар беру керек.
Қазіргі заман, ғылым мен білім экономикалық пайда өндірген дәрежеде
ғана нақты құндылығы болатындай экономикалық пайдакүнемдік дәуіріне
өтті.Пайда алуға бағдарланған білім және ғылым мекемелерін кәсіпкерлік
құрылымдарына айналдыру тенденциясы бар. Бұл Қазақстанда да көрініс тауып
отыр. Сонымен бірге, жаңа білім де және жас ұрпаққа білім беру институты
да қоғамдық игіліктен рынок тетігінің бөлігіне, еліміздің жоғары технология
саласындағы ғаламдық көшбасшы болу үшін бәсекелік күрестің құрамына
айналады. Дәл осы үдерісті біздер АҚШ-та, Батыс Еуропа және Жапонияда
байқаймыз. Олардың жетекші жоғары оқу орындары бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz