Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары


Жоспар
Кіріспе
1 Міндеттеме туралы жалпы ереже
1. 1 Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі
1. 2 Міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлері
1. 3 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
1. 4 Міндеттеменің туындау негіздері.
2 Міндеттемені орындау ұғымы
2. 1 Міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптері
2. 2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұмат
2. 3 Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері
3 Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық
3. 1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
3. 2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формалары мен түрлері
3. 3 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
3. 4 Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату негіздері
3. 5 Міндеттеменің тоқтауы ұғымы және тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Азаматтық құқыктағы міндеттемелер». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу:
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді. "Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы; борыш, міңдет; осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме) . АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы) .
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.
Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлерінен, міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптерінен, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардын, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін канағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі. Занда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке - белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді талап етуге құқылы. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Азаматтық құкықтың нормаларын сақтайтын катысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Дипломдық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері, сондай -ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады
Зерттеу обьектісі: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Азаматтық құқығы.
1. Міндеттеме туралы жалпы ереже
1. 1 Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі
Міндеттемелік құқық - азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі, міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол - ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді.
Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бүрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі біржақты мәміленің түрі - конкурс - қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып алу-сату (кәсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану қүқығы сияқты м үлікгік құқықтарды сатып алу-сату және т. б. ), кепілге салу (ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану жөне жер қойнауын пайдалану қүқығын кепілге салу, т. б. ) сияқты міндеттемелер едөуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг, форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т. б. ) . Бұл процесс жалғасуда. Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз. [21, 586-б ]
Міндеттемелік құқық екі үлкен бөлімнен тұрады:
1. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі. Мұның нормалары мыналарды реттейді:
міндеттеме ұғымын және түрлерін; міндеттеменің туындау негіздерін; міндеттеменің орындалуын; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді; міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілікті; міндеттемеде түлғалардың ауысуын; міндеттеменің өзгеруі мен тоқтауын; шарт - міндеттеме туындауының негізі.
2. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі бір типті міндеттемелерді реттейтін жеке институттардан тұрады:
шарттық міндеттемелер; шартган тыс міндеттемелер.
Шарттан тыс міндеттемелер өз кезегінде мыналарға бөлінеді: а) біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелер (конкурстық міндеттемелер, марапаттауға жария уәде беру) ; б) зиян келтіру салдарынан туындайтын (негізсіз баю салдарынан туындайтын) қорғаушы міндеттемелер (тапсырмасыз басқа тұлғаның мүддесі үшін қызметтен туындайтын) .
Шарттық міндеттемелерді бөлгенде әртүрлі критерийлер алынады, ол жайында заң әдебиетінде әлі күнге дейін дау жүруде. Біздің ойымызша шарттық институттарды борышкер жүзеге асыратын қызмет түрлеріне қарап - мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету деп бөлген жөн. Бұл міндеттемеге АК-ның 268-бабында берілген анықтамаға да сәйкес келеді. Осы критерийге сәйкес шарттық міндеттемелердің мына түрлерін бөліп алуға болады:
1. Мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, сатып алу-сату; айырбас; сыйға тарту; қосылған торап арқылы энергетикалық жөне басқа ресурстармен қамтамасыз ету; рента)
2. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер (мысалы, мүліктік жалдау, оның ішінде лизинг, концессия, мүлікті ақысыз пайдалану, түрғын үйді жалдау) ;
3. Жұмысты орындау жөніндегі міндеттемелер (мысалы, мердігерлік, оның ішінде: күрделі құрылысқа, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға күрделі жөндеуге; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындауға) ;
1. 2 Міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлері
Міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.
"Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады:
- құқық қатынасы;
- борыш, міңдет;
- осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме) .
АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті". [49, 102]
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы) .
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Осыдан барьп міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың басқалардан айырмашылығы туындайды:
Міндеттеме - мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен салыстырғанда мүліктік құқық қатынастары болып табылады.
Егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің
берілгеңдігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған
материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық
құқық қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда -
жылжымалық сипат бар;
Бұдан заттық құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың
мінез-құлқы (заттық құқықтарды бұзбау міндеті) және міндетте-
мелік құқық қатынастарындағы міңдетті тұлғалардың белсенді мінез-
құлқы (борышкердің несие берушінің пайдасына нақты әрекеттер жасау
міндеті) туындайды;
Міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндетті адам қарсы
тұрады (құқық қатынастарының салыстырмалы сипаты), ал заттық
құқық қатынастарыңца құқық берілген адамға анықталмаған міндетті
адамдар қарсы тұрады (құқық қатынастарының абсолюттік сипаты) ;
Міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқы-
ғымен, тығыз байланыста болу тен. Міндеттемелік құқық қатынастар
заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара
байланысты. Міңдеттемелік затгық құқықтық қатынас, туындаған кезде
заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал ол өз тарапынан міндетте-
мелік құқық қатынастарының дамуының зандық нәтижесі болып
табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғаңдығын көздейді
(шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-
сату нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің
көмегімен меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың
ауысуы болады. [21, 587-б ]
Тиісінше, міңдеттемелік құқыққа мүлікті берумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты туындайтын міндеттемелік қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық нормалардың (азаматтық құқық саласы) жиынтығы деп анықтама беруге болады . Сол берілетін заттар мен мүліктік құқықтардың, жұмыстың, қызметтің өздері материалдық объект немесе міндеттеме заты болып табылады.
Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:
- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, алекінші жағында - тек міндеттер (заем, зиян келтіру) ; өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысындақұқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушініңде рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы) . Мысалы, сатыпалу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойыншаборышкер және тауарға ақша төлеу міндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше.
Орындау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді: белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
Балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетгі;
Факультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультатавтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не ақша) ақша телеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль, егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, тұрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғавда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міңдеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды. [21, 588-б ]
1. 3 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы
Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкер мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.
Соған байланысты ҚР Азаматтық кодексінде ТМД-ның басқа елдерінің Азаматтық кодекстерінде жоқ жаңа термин - "міндеттеменің қатысушылары" енгізілді. АК-ның 270-бабының 1-тарауында "тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттеменің қатысушылары болып табылады" - делінген. [50, 590-б ]
Сондықтан, "міндеттеменің қатысушысы" ұғымы өзіне субъектілердің екі санатын қамтиды:
- міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші) ;
- үшінші жақ.
"Міндеттеме тараптары" ұғымына талдау жасағанда, бәрінен бұрын, міндеттемедегі тұлғалардың көптігі проблемасы кездеседі. АК-ның 286-бабында былай делінген: "Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туыңдамайтындықтан, басқалармен тең үлесте орыңдауға міндетгі (үлесті міндеттеме) ".
Азаматтық-құқықтық міндеттемелердегі тараптар, олар - борышкер мен несие беруші. Бірақ, әрбір жақта бір емес, екі немесе одан көп тұлғалар болуы мүмкін. Мұндайда міндеттемедегі тұлғалардың көптігі жайында сөз болады. Міндеттемеге бірнеше несие беруші жөне бір борышкер, онда әңгіме белсенді көптік міндеттемелері жайында болады. Ал, міндеттемеде бірнеше борышкер және бір несие беруші қатысса, онда пәс көптік міндеттеме орын алады (мысалы, бірнеше адам үйді бір сатып алушыға сатады) . Міндеттеме аралас көптікпен болуы мүмкін (мысалы, бірнеше сатушы үйді бірнеше сатып алушыға сатады) .
Адамдар көпгігі болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол тендей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің өз болігіне қоныстанған) міндеттемеден шығын қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа бөліктеріне қоныстандыру үшін босату) . Пәс көптіктің міндеттемелерінде (бір несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған борышкер де (ортақ үйдің өзі түрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату) . Сонымен, несие беруші борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге міндеттеменің бөлігін орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны жайында есеп беруге тиіс емес.
Егер, арнайы басқадай айтылмаған болса, барлық үлестер теңдей деп ойлау керек (бұл жағдайда - үйдің барлық бөліктері және олар үшін төленетін ақы бірдей) .
Заңнамада немесе шартта белгіленуі мүмкін басқа тәртіп екі кезге қатысты болуы мүмкін: ортақтасқан принципгі қолдану (АК-ның 287-бабы) және теңдей емес үлестерде бекіту (мысалы, меншік иелері сататын үйде олардың үлестері бірдей емес) .
Үлесті міндеттемелерге тән бірнеше мысалдар келтіруге болады: шығынның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелер бірлескен қызмет туралы шарттағы мүліктегі үлестерге бара-бар (231-бап) ;
коммандиттік серіктестіктегі салымшылардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, қосымша жауапкершілікті серіктестіктің, акционерлік қоғамның қатысушыларының жауапкершілігі (АК-ның 72, 77, 84, 85-баптары) .
Адамдары көп, сондықтан әрбір несие беруші талап етуге құқылы, ал әрбір борышкер міндеттемені толықтай орындауға міндетті міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады.
Ортақтасқан міндет немесе ортақтасқан талап, егер ол шартта көзделсе немесе заң актісінде белгіленсе ғана туындайды, мысалы, міндеттеме нысаны бөлінбейтін болса. [22, 544-б ]
Ортақтасқан міндеттемеде әрбір несие беруші кез келген борышкерден толық көлемде орындауды талап етуге құқылы.
Белсенді көптік бар міндеттемелерде әңгіме ортақтасқан талаптар жайында болады, ал пәс көптік міндеттемелерде - ортақтасқан міндеттер туралы, аралас көптікте - екі жағы да тиісті мөлшерде сөз болады.
Ортақтасқан міндеттеме шартта көзделген (мысалы, "шартта көрсетілген сатып алу-сату сомасын ортақтасып төлеуте міндеттенеміз") немесе заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана туындайды. Міндеттеме нысанының АК-ның 287-бабында айтылған бөлінбейтіндігінің мысалы ретінде ұйымның немесе азаматтың тапсырысы бойынша екі немесе одан көп суретшінің бір сурет салу міндеттемесін немесе ерлі-зайыптылардың автомашинаны сату міндеттемесін алуға болады.
Ортақтас міндеттеме заң актілерінде белгіленгендігіне, бірқатар мысалдар келтіруге болады: заңды тұлға қайта ұйымдасқанда жаңа құрылған заңды тұлға, егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша несие беруші алдында ортақтас жауаптылық көтереді [22, 545-б ] ;
толық серіктестіктің қатысушылары және коммандиттік серіктестіктің толық серіктесі серіктестіктің борышы үшін серіктестік мүлкінің жетпейтін бөлігіне өзінің барлық мүлігімен ортақтас жауаптылық көтереді (АК-ның 70, 72-баптары) ;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары жарғылық қорға салымның төленбеген бөлігі шегінде салымдар толықтай төленбеген жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша ортақтас жауаптылық көтереді (77-баптың 1-тармағы) ;
кепілші басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасын ішінара жауап беруге міндеттенеді (329-баптың 1-тармағы) ;
бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді (932-бап) ;
кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелерде жалпы ереже ретінде үлесті емес, ортақтас жауапкершілік қолданылады (АК-ның 287-бабының 2-тармағы) .
Борышкерлер ортақтасып міндеттенгенде несие беруші олардың барлығынан бірдей немесе әрқайсысынан жекелей міндеттің толық немесе бөлшектеп орындалуын талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлердің біреуінен толық қанағат алмаған несие беруші, ала алмағанын ортақтас борышкерлердің басқасынан талап етуге құқылы.
Ортақтас борышкерлер міндеттеме толық орындалмайынша міндетгі болын қалады.
Ортақтас міндетті борышкерлердің біреуінің толық орындауы қалған борышкерлерді орындаудан босатады (287-баптың 3-тармағы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz