Алаяқтық пен заңсыз иемденудің арақатынасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-3

1. Тарау. Алаяқтық үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілікке жалпы сипаттама.

1. 1 Алаяқтықтың жалпы түсінігі және анықтамасы . . . 4-6

1. 2 Алаяқтық пен заңсыз иемденудің арақатынасы . . . 6-9

2. Тарау. Алаяқтық үшін жауапкершіліктің негіздері.

2. 1 Алаяқтықтың обьектісі және заты . . . 10-12

2. 2 Алаяқтықтың обьективтік жағы . . . 12-15

2. 3 Алаяқтықтың субьектісі . . . 15-17

2. 4 Алаяқтықтың субьективтік жағы . . . 17-18

3. Тарау. Алаяқтықтың сараланған түрлері .

3. 1 Адамдар тобымен жасалған алаяқтық . . . 19-22

3. 2 Бірнеше рет жасалған алаяқтық . . . 22-24

3. 3 Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық . . . 24-25

3. 4 Аса қауіпті рецидивистпен немесе аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық . . . 25-26

4. Тарау. Алаяқтықты ұқсас қылмыстардан ажырату және жаза тағайындау мәселесі

4. 1 Алаяқтықты тұтынушыларды алдаудан айырмашылығы . . . 28-29

4. 2 Алаяқтықтың ұрлықтан айырмашылығы . . . 29-41

4. 3 Алаяқтық және параға делдал болу . . . 41-43

4. 4 Алаяқтық үшін жаза тағайындау . . . 43-55

Қорытынды . . . 53-57

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 58-60

Кіріспе

Демократиялық тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастың жаңа түріне өтті. Қылмыстық құқықтық ғылымның маңызды міндеті жеке меншіктің барлық түрін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және сақтау. Қылмыстық құқықтың өзекті проблемасы ретінде алаяқтыққа жауапкершілік мәселесін шешу үлкен орын алады.

Экономикалық жағдай ең алдымен меншікке қарсы жасалған қылмыстардың мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Мысалы, 1999 ж бюджеттің төрт (4) облысында атқарылуын тексеру барысында 3778 млн. теңге сомасында залал келтірілгені анықталған. Әр түрлі тексерістердің нәтижесінде, есеп беру мәліметтеріне қарағанда экономикалық қылмыстардың саны өсуде және мемлекеттік меншіктің және бюджет қаржысының мақсатсыз, нәтижесіз қолдануы да аз емес. Нарықтық қатынасқа өту және заңдарды либерализациялауға байланысты директорат ішкі шаруашылық бақылауды әлсіретіп қана қоймай, өзінің лауазымдық жағдайын теріс пиғылмен пайдаланып, экономикалық қылмыстардың жолында тұр. Мысалы, Смагулов және оның қатысушыларының жасаған қаржылық пирамида түріндегі алаяқтықтан Алматы қаласының мыңдаған тұрғындарына залал келді. Қылмыстылықпен күресте заң ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымы маңызды роль атқаруы қажет. Оның жетістіктері мемлекеттің заң шығару қызметі сияқты, құқық бұзушылармен күрес жүргізетін органдардың жұмыс тәжірибесіне де ықпал жасайды. Мұның үстіне қылмыстық құқық ғылымының маңызды міндеті - қылмыс тық қол сұғушылықтан меншіктің барлық нысандарын сақтау, оларды қорғау шараларын қамтамасыз ету болып тыбылады. Яғни, әрбір жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі зор мағынаға ие.

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесіне қатысты өзінің монографияларын В. Фойницкий, В. А. Владимиров, Г. Н. Борзенков, А. И. Гуров, А. К. Ирхокаджаев, Е. В. Ворошилин, Г. А. Кригер, Г. А. Сабитов, Г. А. Мендельсон, И. К. Хакимов, У. У. Нурмашев және т. б авторлар арнаған. Қылмыстық құқық ғылымында алаяқтықтың құрамының белгілерін зерттеуге, бұл қылмыс үшін қарастырылатын жауапкершілік мәселесіне негізгі көңіл бөлінуде.

Алаяқтық үшін жаупкершілікке қатысты заңның қолданылуында кейбір мәселелерді шешуде бірліктің жоқтығының кездесуі сот практикасын біріктіру қажеттігін туғызады. Мұның қазіргі қоғамның даму ерекшелігін ескере отырып алаяқтықпен күресудің жаңа және нәтижелі жолдарын анықтау үшін, маңызы бар.

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі тек қана меншікке қарсы қолсұғұшылықтан қылмыстық-құқықтық қорғаудың зор мәнге ие болуымен ғана анықталмайды, сонымен қатар басқа да себептер әсер етеді.

Қылмыстық құқық ғылымында және сот-тергеу тәжірибесінде кейбір маңызды жағдайларға қатысты түсінбеушіліктер кездеседі, әсіресе, алаяқтық қолсұғұшылығының арнайы құрам белгілеріне қатысты, осы қылмысты саралауға байланысты, және осы қылмыстарға ұқсас қылмыстармен айыруға байланысты қиындықтар туады.

Бітіру жұмысының мақсаты алаяқтықпен қылмыстық күрес және бұл қылмыс үшін жауапкершілік мәсәлесіне байланысты теориялық, тәжірибелік мәселелерді кешенді қарастыру арқылы қылмыстық заңның дамуына қол ұшын тигізу және тәжірибеде қолдану. Алынған тұжырымдар мен қорытындыларды алаяқтықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағыттау, жетілдіру мақсатында пайдалану.

Бұл мақсатқа жету үшін мына негізгі міндеттерді алдымызға қойып отырмыз:

 алаяқтыққа әсер ететін факторларды зерттеу;

 алаяқтық құрамына құқықтық талдау жасауды жүргізу;

 алаяқтықты саралау мәселесін қарастыру және ұқсас қылмыстардан айыру мәселесіне тоқталу;

 шет ел қылмыстық заңы бойынша алаяқтық үшін қарастырылатын жауапкершілікке салыстырмалы -құқықтық талдау жүргізу;

 осы қылмыс үшін тәжірибедегі жаза тағайындау мәселесін зерттеп, кейбір кемшіліктерді жоюға байланысты шаралар қолдануды қарастыру.

Тақырыптың өзектілігі терең ғылыми зерттеуді, қылмыстық құрылымдардың әрекет ету салаларын сараптауды және олармен жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіпті салдарын болжауды талап етеді.

Зерттеу обьектісі: алаяқтық ұғымы, оның белгілерімен оның негізгі, сараланатын түрлеріне талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және деректік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психология, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық құқық және криминологияда қалыптасқан ұстанымдар мен таным категориялары құрады. Сонымен бірге салыстырмалы түрде Корея, Сингапур Швеция, т. б. шет елдердің тәжірибелері мен еліміздегі мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы, тақырыптың өзектілігі мен мақсат -міндеттерін көрсететін кіріспеден, алаяқтықтың сипаттамасы мен жіктелуін, дамуын мен себептерін, алаяқтықпен күресудегі мемлекеттік бағыттар мен тәжірибелік іс-шараларды көрсететін төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-Тарау. Алаяқтық қылмысы үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілікке жалпы сипаттама

1. 1 Алаяқтықтың жалпы түсінігі және анықтамасы

Алаяқтық қоғамдағы қылмыстардың неғұрлым қауіпті түрлерінің бірі. Мемлекеттің негізі функцияларының бірі экономикалық жүйе мен меншікті қорғау болып табылады, оның негізгі нысандары және құқықтық жағдайы негізгі Заң-Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген (6, 26 баптар) .

Алаяқтық жолымен жасалған қылмыстан меншікті қорғауды күшейтудің қажеттілігі, бұл қылмыстың көп кездесуінен және меншік иесіне айтарлықтай зор материалдық залал келтіруінен туындайды. [1]

" Алаяқтық " сөзі әдетте пайдакүнемдік мақсатпен жасалған жағымсыз әрекеттерді білдіреді. Рим заңгерлері алаяқтық қылмысына нақты анықтама берген, жәбірленушіні алдау арқылы кінәлінің пайда табу тәсілі ретінде қарастырып, оны белгілі бір түрлерге бөлді. Олар алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызды, сондықтан император Адрианның (76-138) билік құрған кезінен бастап алдауды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланған тұлғаларды қатал жазалай бастады ( аштықтан өлтіру үшін алыс аралдарға айдап жіберді) . Сол уақыттың өзінде алаяқтық ұғымы қылмыстық құқық ғылымында және сот тәжірибесінде негізінен қалыптасқан¡ееі.

«Ресей патшалығында адам өлтіргені үшін қылмыскерді ақтағаннан гөрі меншікке қарсы қылмыс үшін ақтаған жеңілірек» деп ғалым криминолог С. С Остроумов алаяқтық қылмысының қиындығын атап көрсеткен.

Пайдакүнемдік мақсаттағы басқа да қылмыстарға қарағанда қылмыстық ортада алаяқтық беткіұстар (элитный) болып саналады. Біріншіден, бұл қылмысты жасау үшін белгілі бір интеллекті, тіпті белгілі бір қасиеттерді қажет етеді, сол арқылы қылмыскерлердің сапалы құрамы өзінен -өзі құралады. Екіншіден, алаяқтар өте сирек бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейді. Олар мемлекеттік қызметшілерге пара беру арқылы қылмыстық жауапкершіліктен құтылып отырған. Қазір де мұндай құбылыс жиі кездеседі.

Қолсұғұшылықтың обьектісіне қатысты алаяқтар екі топқа бөлінеді: біріншісіне, мемлекеттік меншікке қарсы қылмыс жасаушы алаяқтар, екіншілері; жеке меншікті иелену мақсатымен қылмыс жасаушылар. Нарықтық қатынастарға көшудің нәтижесінде меншікке қарсы қылмыстардың жаңа түрлері пайда болды. КазССР -дің Қылмыстық кодексінде екі тарауға: яғни, мемлекетік меншікке және азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар деп бөлінсе, қазір олар ортақ түсінікпен "меншікке қарсы қылмыстар "деп аталып, меншіктің екі түрі де бірдй қорғалады.

Алаяқтықты қоғамдағы саудагерлер мен делдалдардың әдеттегі тәжірибесіненен айыру кезінде кейбір қиындықтарды туғызады. Мысалы: франциялық қылмыстық заң бойынша, алаяқтыққа мынандай анықтама беріледі, "Алаяқтықты жеке және заңды тұлғаны ойдан шығарылған есім немесе ойдан алынған лауазым немесе жағдай арқылы, немесе жасанды лауазым және жағдайды пайдалану арқылы ақша қаражаттарын, құндылықтарды мүлікті, міндеттейтін немесе міндеттемеден босататын қандай да бір құжаттарды беру немесе қызмет көрсету арқылы алдау әрекеттері құрайды". [2]

Француз заңгерлері алаяқтықты азаматтық құқық бұзұшылықтардан айыруға көп көңіл бөледі. Олар алаяқтықты әдеттегі сауда тәжірибесіндегі алдаудан айыратын нақты формула жоқ дейді. Бірақ, мына тезисті мүмкін деп санайды, яғни, қылмыстъқ заң мәміле жасау кезіндегі алдауды немесе оның шарттарының орындалмауы үшін жауапкершілік қарастырмайды, тек осы құрал арқылы бөтеннің мүлкін иеленуі үшін жауапкершілікке тартылады.

Үнді қылмыстық заңы бойынша (415-бап), жәбірленушінің өзінің мүлкіне және беделіне алдау жолы арқылы мүлкін беруі немесе өзіндегі мүлкін ұстап қалуға келісім беруі, немесе алданып белгілі бір әрекет жасауы немесе әрекетсіздігі алаяқтық болып саналады. Көрініп отырғандай, жәбірленуші кінәліге мүлкін берсе де, бермесе де жауапкершілік қарастырылады. [3]

Өзін мемлекет қызметшісімін деп, осы негізде кредитке тауар алу арқылы жәбірленушіні затты беруге итермелейді және оған счеты жоқ чекті береді, алған тауар үшін төлейін деген ойы болмайды.

Жоғарыда айтылып кеткендей, Үнді қылмыстық заңы бойынша жәбірленуші кінәліге меншікті берген жағдайда да, мүлік берілмеген жағдайда да қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Екінші жағдайда, (Үнді қылмыстық кодексінің 415бабына сәйкес) бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе штраф немесе екеуін де бірдей қолданылуы мүмкін. Қылмыстық заңда мүлікті берумен байланысты емес, өзін басқа тұлға атынан немесе жасанды атпен жасалған аляқтыққа көп көңіл бөлінеді. Мысалы, кінәлі деп танылған Кшитиш Скрартидің ісі. Ол үйлену үшін қыздың шешесінің келісімін алу мақсатында өзін Брендр брахманы ретінде бұл кастаға жатпаса да, таныстырған. Нәтижесінде келісім берген қыздың шешесі өз кастасынан қуылған.

Енді жалған үәде беруге қатысты бір мысал келтірейін, Кадир Бкшаның 1971ж қаралған ісі бойынша, айыпталушы үйлену мерейтойына қолдану үшін жарты ақшасын төлеп, қалған ақшасын тойдан кейін төлеймін деп қолхат жазып прокатқа зат алады. Шын мәнініде ешқандай үйлену тойы болмайтын еді. Оның мақсаты мүлікті алғаннан кейін, ол мүлікке азаматтық талапты қамсыздандыру үшін үшін қамау салуды талап етіп, мүліктің иесіне көрсетпекші болған. [4]

Алаяқтықтың заң берген анықтамасын талдасақ, сенімді бұзу мен иеленуге қарағанда алдау арқылы мүлікті иелену жатады , атап өтетін жай ол жалған уәде беру арқылы мүлікті алуға да, жәбірленушіге зиян келтіру үшін де қолданылады, бірақ алаяқтық үшін жауапкершілікке тарту үшін қажетті негіз болып табылмайды.

Германия қылмыстық кодексінде алаяқтықтың негізгі құрамы былай анықталады. "Біреуді жаңылдыру, немесе жаңылуын қолпаштау жолы арқылы, шындықты бұрмалау, айтпау немесе шындықты бұрмалау, айтпау немесе жалған мағлұматтар беру нәтижесінде оның пайдасынан өзіне немесе үшінші тұлғаға мүліктік пайда түсіру әрекеттері ". Осыдан Германия соты егер осындай мақсат болмаса, мүліктік пайда түсіруді алаяқтыққа жатқызбайды. Мысалы, кредитор өз қарызын төлету үшін борышқорды алдайды. Алаяқтыққа алдау тек өткен шақта немесе осы шақта қолданылады. Келер шақ факт емес, сондықтан жәй үәде беру алаяқтық деп қарастырылмайды. Сонымен қатар, бағалаушы пікірлер де алаяқтық деп саналмайды (мысалы, бұл кітап ең жақсы оқылатын кітап) . Жәбірленушінің жаңылысуына бақсылар, астрологтар да әсер етуі мүмкін, бірақ ол үшін де жауапкершілік қарастырылмайды. [5]

Германия қылмыстық заңы тіпті заңмен қорғалмайтын мәмле нәтижесінде материалдық зиян туындағанда да ( мысал, сотталушы құны 30 пфеннинг тұратын дәрі -дәрмекті 10 марка бағамен бала түсіру үшін қолданады деп сатқан, бірақ еш нәтиже бермейтінін білген) алаяқтық үшін жауапкершілік қарастырады.

Сонымен, шет ел қылмыстық құқық теориясында да, сот тәжірибесінде де алаяқтықтың түсінігі ортақ, яғни пайдакүнемдік мақсатпен меншік иесіне зиян келтіру арқылы кінәлінің пайдасына мүлкін қайтарымсыз алу және қолдану. [6]

1. 2 Алаяқтық пен заңсыз иемденудің арақатынасы

1959 жылы ҚазКСР-дің 76-3 бабында (1995жылы 12 мамырда "ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Президент жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) алаяқтық, яғни бөтен мүлікті (завладение) заңсыз иелену немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп көрсетілген.

Қылмыстық заң мәтінінен заң шығарушы алаяқтық қол сұғушылығын анықтау кезінде заңды иемдену" ұғымын пайдаланған. Бірақ ҚазКСР-дің әкімшілік кодексінің 52-бабында заңсыз иемдену түсінігі қолданылады. Бұл ұғым меншікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлеріне қатысты топтас болып табылады: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. [7]

Енді заңсыз иемдену түсінігіне тоқталып кетейік, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады (ҚР Жоғарғы Сотының № 8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003ж 11 шілдедегі нормативтік қаулысы) .

Бұл анықтама заңсыз иемденудің барлық түрлері үшін ортақ болып табылады, оның ішінде алаяқтық та кіреді. Заңсыз иемденудің алты белгісі бар:

бөтен мүлік,

алып қою және айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру,

құқыққа қайшылық,

қайтарымсыз болуы

меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіру,

пайдакүнемдік мақсат.

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де қылмыстардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыс жасаған кезде меншік иесінің өз иелігіне немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы мүмкін. Басқа адамдармен, соның ішінде құрылтайшылардың қатарында кінәлі адам да бар заңды тұлғаға тиесілі бірлескен меншікте тұрған мүлікті заңсыз алып қою, пиғылдың бағыттылығына қарай бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде дәрежеленуі мүмкін. [8]

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену түрлеріне (ұрлық, тонау) мүлікке қол сұғушылықтың түрлері де сәйкес келеді, оның ішінде алаяқтық қолсұғушылығы да жатады. Кейінгі кезде әдебиеттерде осындай қылмыстарды «қылмыстық иелену», «пайда табумен байланысты қылмыстар», «талан -тараж» деп көрсетеді. Заңсыз иемденуде әрекеттер мүлікті иеленуден тұрады, сот тәжірибесінде алу деп аталады. Мүлікті алу әр түрлі жолмен жүзеге асады, негізінен, ұрлықты, тонауды, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуді, соның ішінде алаяқтықты заңсыз иемдену да деп айтсақ да болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша алаяқтық бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп көрсетсе, ТМД елдерінің кейбір мүліктік мәнге ие басқа да пайда алу деп көрсетілген. Толығымен заңсыз иемденуді алаяқтықпен бірдей түсінік деп айтуға болмайды. Заңсыз иемдену түсінігіне тек құқықты алдау арқылы мүлікті алу сәйкес келеді. [9]

В. Лимонов атап өткендей, бөтен мүлікке құқықты алып қою, бұл -алаяқтықтың ерекше түрі. «Бұл әрекет, -дейді ол, -заңзыз иемденуге жатпайды, себебі, айыптының және өзге адамдардың пайдасына мүлікті алып қоюмен байланысты емес. »

Мүлікті алып қою мен мүлікке құқықты алу түсінігі қылмыстық құқықта ажырытылады. Мүлікке құқықты алған адам бұл құқықты жүзеге асыру үшіні яғни мүлікті алу үшін қосымша әрекеттер жасауы керек. Мүлікке алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы құқықты алған адамға меншік иесі немесе иеленуші мемлекеттік органдарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы кедергі жасауы мүмкін. [10]

Қылмыс құрамын талдау мәселесіне, заңсыз иемдену түсінігіне толық сәйкес келмейді :

Біріншіден, алаяқтықтың ( Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңы бойынша) құрамының ерекшелігін атап өту ең алдымен қылмыс нәтижесінің мінездемесіне қатысты. Әрекеттің өзіне келетін болсақ, мүлікті алуда, мүлікке құқықты алуда қылмыстың әрекеттің негізін алдау немесе сенімге қиянат жасау құрайды.

Екіншіден, мүлікке құқықты алу мүлікті иеленуден бұрын не бірге жүзеге асады.

Үшіншіден, сот тәжірибесінде негізінен тек мүлікті иелену түріне қатысты қолсұғушылығы кездеседі.

Алаяқтықтың ерекшелігі сол, жәбірленуші жаңылысу нәтижесінде өз мүлкін немесе мүліктік құқықтарын өз еркімен береді. Бұл жерде күш көрсетудің, күш қолданудың еш белгісі жоқ. Кінәлінің анықтап қойған алдауына сеніп жаңылысады. Егер бір тұлға екінші бір тұлғаны алдау қолдану арқылы белгілі бір затты өз құнына беруді өтінсе, онда алаяқтық құрамы бұл жерде жоқ. Ал егер, кінәлі бағасы түсіріліп тұрған зат үшін түкке тұрмайтын ақша төлесе, яғни бағасына сәйкес емес ақша төлесе, онда алаяқтық өзінен -өзі көрініп тұр. Кінәлі біреудің мүлкін немесе мүлікке құқықты алу үшін пайдакүнемдік мақсатта алдау әрекеттерін жүзеге асырады. [11]

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177- бабына сәйкес, алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп анықтама берген. Осы анықтамада «бөтен мүлікті ұрлау»деп айтылып кеткен. Біз бұл түсінікпен келіспейміз. «Ұрлау» терминін «заңсыз иемдену» терминімен ауыстыру дұрыс болады, себебі «хищение» термині заңда мағынасы бойынша дұрыс аударылмаған. [12]

Бұл анықтама бойынша біріншіден алаяқтықтың екі түрін атап көрсетуге болады: мүлікті ұрлау және мүлікке құқықты алу, екіншіден, алаяқтықты жасаудың нақты тәсілдерін атап көрсетеді, олар -басқа қылмыс түрлерінен ажырататын алдау және сенімге қиянат жасау. Жоғарыда атап көрсеткендей, иемденудің түсігіндегі барлық белгілер алаяқтық құрамында да бар. Сонымен қатар, заңсыз иемденудің түсінігі аляқтықтың түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: бөтен мүлікті заңсыз иемдену немесе бөтен мүлікке құқықты алу.

Сонымен, заңсыз иемденудің түсінігіне негізделіп, аляқтыққа қысқаша анықтама беруге болады: алаяқтық- бөтеннің мүлкін немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.

2-Тарау. Алаяқтық үшін қарастырылатын жауаптылық негіздері

2. 1 Алаяқтықтың обьектісі және заты

Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде меншікке қарсы қылмыстардың обьектісі мен заты әр түрлі анықталады. Берілген қылмыстың обьектісі мен затын дұрыс анықтау үшін айыптының залал келтірген кез-келген әрекетінің мәнін анықтау үшін, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау және қылмысты дұрыс саралау үшін, бұл қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық мәселесін анықтауда маңызды болып табылады.

Алаяқтықтың объектілері, меншікке қарсы басқа қылмыстардың обьектілерімен салыстырғанда, ерекшеленбейді. [13]

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекс мемлекеттік мүлікті және жеке мүлікті ұрлағаны үшін біріңғай жауаптылықты қарастырады. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, оларды бір нысан- меншік құрайды. Мемлекеттік мүлікті ұрлау кезінде де, жеке мүлікті ұрлау кезінде де бір ғана обьектіге -меншікке залал келтіріледі. Сондықтан алаяқтықтың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік меншік пен қоғамдық меншікті жеке -жеке қарастыратын авторлармен келісуге болмайды.

Алаяқтық қылмысының қоғамға қауіптілігі сол, олар халық шаруашылығында пайдалануға арналған материалдық құндылықтар қорының азаюына әкеп соғады. Меншік қатынастарының бұзылуы нәтижесінде мемлекет немесе қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, азаматтар мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттерін жүзеге асыру мүмкіншіліктерінен айырылады, ал қылмыскер парзиттік өмір жолына түсіп, пайдакүнемдік мақсаттарда пайдаланады.

Алаяқтықтың обьектісі- меншік қатынастары. К. Маркстің меншік туралы мәселе жөніндегі еңбектерін аралай келе, меншік термині әртүрлі аспектілерде қолданылғаны туралы тұжырым жасауға болады. Бір жағдайларда, иемдену нысаны ретінде, ал басқа жағдайларда- өндірістік қатынастардың құқықтық көрінісі ретінде.

Теориялық әдебиеттерде меншікті экономикалық категория және құықтық категорияда меншік құқығы ретінде ажырату қабылданған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан-тараждың нысандары
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Алаяқтық және онымен күресудің проблемалары мен болашақ мәселелері
Ұрлықтың мәні - мүлік
Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы
Алаяқтық жолмен ұрлаудың саралау белгілері
Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған алаяқтық
Ұрлықтың жалпы белгілері шеңберінде алаяқтық белгілері
Алаяқтық алдаудың мазмұны - алаяқ жәбірленушіні адастыратын жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz