Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 7-8

1 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша тергеулік қараудің ұғымы мен маңыздылығы

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі тергеулік қараудың түсінігі мен маңызы . . . 9-17

1. 2 Алдын ала тергеу барысындағы тергеулік қараудің (тексерудің) түрлері, қатысушылары. . . . 18-23

1. 3 Қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерді қараудың түсінігі, мәні және жүргізудің процессуалдық тәртібі . . . 23-32

2 Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі

2. 1. Оқиға болған жерді қарауды жүргізуге байланысты тергеушінің дайындық әрекеттері. . . . 33-41

2. 2 Оқиға болған жерді қараудың әдістері мен тергеушінің ұйымдастыру шаралары . . . 41-61

2. 3 Оқиға болған жерді қараудың қортындысын бекіту . . . 61-66

Қорытынды . . . 67-69

Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . . 70-72

Кірісп е

Қазақстан Республикасы өзінің құқықтық тәуелсіз және өркендеуші мемлекет ретінде даму жолында құқықтық реформаларды жүзеге асыруға қоғамдық қатынастарды жалпы жан - жақты кеңістікте дамытуға күш жұмсауда. Осы дамудың негізгі бағыттарының бірі болып заң шығарушы базаны күшейту табылады.

Осы негіздердің ерекше бір бағыты, қылмысқа қарсы күресті күшейту мен болған қылмысты тез арада және толық ашу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдардың жұмысын ұтымды ұйымдастыру қажет. Ендеше, қылмысты ашу, қылмыскерді әшкерелеу және оның кінәлі екендігін дәлелдеу үшін, қылмыстық процессуалдық заң нормалары мен жүргізілетін тергеулік әрееттерді тергеуші жетік меңгеруі тиіс.

Казіргі жағдайда дәлелдеу процесі кезінде қылмыстың болғандығы немесе болмағандығы, егер қылмыс жасалған болса, кім және қалай жасалғандығы, оқиға болған жерде оның қылмыс жасағандығы жөнінде қандай іздер қалтырылды және басқа да мәселелерді міндетті түрде айқындалуы керек. Осы мән - жайларды айқындау адамгершілік тұрғыдан ақиқатқа жетуге деген талпынысты аңғартады.

Оқиға болған жерді қарау барысындағы тергеушінің ұйымдастыру қызметі атты дипломдық жұмыста алдын- ала тергеу барысында тергеулік қараулардың кейбір жағдайларына оның ішінде оқиға болған жерді қараудың кейбір мәселелеріне ерекше тоқталып жан -жақты сипаттау көзделініп отыр. кетсек деймін. Атап айтқанда алдын-ала тергеу барысында жіберілетін кейбір кемшіліктер мен қателіктерге ерекше тоқталып тергеушінің оқиға болған жерді қарау барысында жүргізілетін әдіс тәсілдері мен ұйымдастыру шараларын жан жақты қарастыру. Қазіргі таңда алдын-ала тергеу сатысында тергеулік қараулар көп жүргізілетін тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.

1997 жылы қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісін күшейтуге бағытталған. Осы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің шығуына байланысты оның әр тарауында көрсетілген тергеулік әрекеттерге де олардың жүргізілуіне едәуір өзгерістерге әкеп соқты. Алдын - ала тергеу барысында тергеулік әрекеттердің маңызы зор. Сондықтан да олардың жүргізілуінің өзіндік тәртібі бар. Осы белгілі бір белгіленген тәртіп арқылы тергеулік әрекеттердің жүргізілуі арқылы тергеудің толық объективтілігі айқындалады.

Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін отандық және халқаралық заңдылықтар құрайды. Жұмысты жазу барысында криминалистика және қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық бойынша және басқа да тергеулік қарауға бағытталған қазақстандық әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер қолданылды.

Осы жұмысты жазудағы негізгі мақсат - қылмыстық іс бойынша тергеулік қарау әрекетін оның ішінде оқиға болған жерді қарау барысында тергеушінің ұйымдастыру әрекеті жөнінде мәселелерді кеңінен қарастыра отырып қылмысты тергеуге және ашуға бағытталған әдіс тәсілдер мен тәжрибенің құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

Жұмыстың нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері. Қылмыстық- процессуалдық дәлелдеу этикасының ұғымы мен пәні, дәлелдеу этикасына байланысты сұрақтарды келесі ғалымдардың Аубакирова А., Азаров В. А., Арыстанбеков М. А., Белкин Р. С., Бычкова С. Ф., Быков В. М., Гинзбург А. Я., Нургалиев Б. М., Шейфер С. Д. және т. б. авторлардың еңбектерінде кездестіруге болады. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста тергеулік қарауға байланысты сұрақтарды қарастыра отырып ол қылмысты ашуға және әшкерлеуге бағытталған әрекеттер жөнінде зерттеулер қарастырылған.

Тәжірибелік маңыздылығын қарастырып теориялық ережелерді тәжірибеде үйлесімді қолдану үшін Қарағанды қаласының тергеу органдарының материалдары қолданылды және зерттелінді. Құқық қорғау органдары қызметтерін одан әрі жетілдіру - криминалистика ғылымының дәлелдемелер жинау, зерттеу, баға беру және пайдалану заңдылықтарын оқып білу арқылы әдістер мен құралдарды білуді, қылмыстың алдын - алу, тергеу және әшкерлеу әрекеттерінің теориялық негіздерін талдаудан өткізуді талап етеді. Мұндай мәселені шешу үшін үздік ғылыми және тәжіребиелік жетістіктерді ескере отырып, ғалым - криминалистер оқу - әдістемелік құралдар мен нұсқауларын тиімді пайдалану болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде, тергеулік қарауға бағытталған қайнар көздерінің жалпы ұғымын жүйелі қарастырып, оның ішінде оқиға болған жерді қараудың мәніне тереңірек үңіліп мазмұндау және қайсыбір мәселелерді қондырмалы түрде қалыптасқан жүйенің негізінде шешу міндетті тұрады.

1 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша тергеулік қараудің ұғымы мен маңыздылығы

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі тергеулік қараудың түсінігі мен маңызы

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жеке тергеулік әрекет ретінде қарау қарастырылған. Алдын - ала тергеу сатысында дәлелдемелерді табу, тексеру, бекіту және баға беру кезінде анықтама жүргізуші тұлға, тергеуші және прокурор тергеулік қарауларды жүргізуі мүмкін және де бұл сатыны тергеулік саты деп атауға болады.

Тергеулік қарау түсінігі негізінен бірнеше түсініктер жиынтығынан құрылады. Ол өзіне бірнеше қарау түрлерін біріктіреді. Олар: оқиға болған жерді қарау, үй - жайларды, заттарды, құжаттарды, мәйітті қарау жатады. Сондықтан тергеулік қарау туралы сөз болғанда жоғарыда көрсетілген тергеулік қараудың бір түрін айтуға болады.

Қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай - ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол болмаған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері оқиға болған жерді, үй - жайларды, заттарды, құжаттарды, адамдарды, мәйітті тексереді (ҚІЖК - нің 221 бабы) .

Ал енді тергеулік қарауға нақты түсінік беретін болсақ, тергеулік қарау дегеніміз - ол қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде маңызы бар объектілерді (олардың белгілері, қасиеттері, жағдайы, өзара орналасуы) тергеуші немесе анықтаушының тікелей көру, бекіту, және зерттеуімен айқындалатын процессуалдық іс - әрекет.

Жоғарыда айтып кеткендей тергеулік қарау объектілері ретінде оқиға болған жер және оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелер, сондай - ақ бөлек заттар, құжаттар, адамдар, мәйіт жатады. Тергеулік қараудың маңызы өте зор. Оның себебі қылмыстың жасалу жағдайын көрсететін көптеген қажетті іздердің бөлігі осы әрекетті жүргізу барысында табылады және зерттеледі.

Сонымен қоса, қарау (танушы әдіс ретінде) басқа тергеулік әрекеттердің құрамды бөлігі ретінде болуы мүмкін. Оларға мысал ретінде мына тергеулік әрекеттерді көрсетуге болады: ұстау, тінту және алу, мүлікке тыйым салу, тергеулік эксперимент, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тағы басқалары жатады. Сезіктіні ұстаған кезде оның киімі қаралады, онда болған заттар, сонымен қоса жеке тінту кезінде алынған заттар қаралады. Тінту кезінде қарауға мыналар жатады: қылмыстың құралын табу, заттар мен бағалы құндылықтар, қылмыстық жолмен табылған басқа да заттар табылады, сонымен қатар іске маңызы бар басқа заттар мен құжаттар табылады. Ал алу кезінде алынатын заттар қаралады. Оған: заттар, құжаттар, бағалы заттар тағы басқа жатады. Ал енді мүлікке тыйым салынған кезде қарауға : мүлік, тізімге сәйкес басқа да құндылықтар табылады.

Тергеулік қарау жеке өзіндік тергеулік әрекет ретінде қарасты-рылғандықтан, өзіне тән келесідей негізгі белгілермен сипатталады. Олар:

  1. Ол қарауларды жүргізу арнайы заңмен белгіленген өкілеттік берілген органдар қызметкерлерімен, тергеушімен, анықтама жүргізуші тұлғамен және прокурормен жүргізіледі.
  1. Бұл тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде міндетті түрде екі куәгер қатысады.
  2. Мәйітті қарау кезінде міндетті түрде соттық - медицина саласы шеңберіндегі мамандар немесе басқа дәрігер маман шақырылады.
  3. Тергеулік қарау өндірісінде тергеуші қатысушыларды қатыстырады, (мамандарды қатыстыруы мүмкін, сонымен қоса сезіктіні, айыпталуышыны, жәбірленушіні, куәгерлерді) қатыстыруы мүмкін.
  4. Тергеулік қараудың мақсаты фактілік мәліметтерді анықтау, осы анықталған мәліметтерді, дәлелдемелерді негізге ала отырып тергеуші қоғамға қауіпті әрекеттің бар, жоғын анықтайды. Ал жеке жағдайда тұлғаның кінәлі не кінәлі еместігін анықтап, кінәлі болған жағдайда тиісті шараларды қолданып, процессуалдық шешім қабылдайды. Сонымен қоса іске маңызы бар басқа да жағдайлар мен мәліметтерді анықтау болып табылады.
  5. Тергеулік қарау барысында фактілік мәліметтер тергеушімен табылады, оған тиісті зерттеу жүргізіліп, соңында тергеушінің өзімен оң немесе теріс баға беріледі.
  6. Осы аталған тергеулік әрекеттердің нәтижелері қылмыстық іс-жүргізу кодексінде көрсетілген талаптарға сәйкес хаттамамен міндетті түрде бекітілуі тиіс.
  7. Қарау қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілген басқа тергеулік әрекеттер сияқты толық, жан - жақты және объективті болуы шарт. Сондықтан бұл белгілерден шығатын қорытынды тергеулік қарауды былайша түсінуімізге болады. Бұл тергеушімен жүргізілетін процессуалдық әрекет, оның барысында заңда көрсітілген тұлғалардың қатысуымен іс бойынша шындықты анықтау үшін материалдық объектілердің белгілерін және құрылымын зерттейді, баға береді және оны бекітеді, фактілік мәліметтерді анықтау мақсатында дәлелдемелер жинайды.

Көптеген әдебиеттерде тергеулік қараудың түсінігіне әртүрлі сипаттама берілген. Мысалы алатын болсақ, Е. Ф. Коновалов тергеулік қарау деп, - қылмысты ашу үшін, кінәліні анықтау мақсатында іске маңызы бар материалдық мәліметтерді анықтауға бағытталған тергеу әрекеті"- деп көрсеткен [1, 10] .

Бұл көрсетілген анықтамада біз мынаны айқын көруімізге болады. Мұнда қараудың мақсаты қылмысты және кінәліні анықтау болып отыр. Мен бұл ғалымның көзқарасымен толығымен келіспеймін. Келіспеуімнің себебі, өйткені кез - келген тергеулік әрекеттің мақсаты қылмысты ашу мен кінәліні анықтауға бағытталған, бірақ осы қылмысты ашу үшін тергеулік қарау арқылы маңызы бар объектілерді, олардың белгілерін, қасиеттерін, жағдайын зерттеуіміз керек емес пе, ал енді кінәліні анықтауға келсек, кінәліні анықтау деген сөздің өзі кең мағынада айтылған деп ойлаймын. Кінәліні анықтау үшін біріншіден тергеулік қарау арқылы, оның ішінде нақтырақ айтсақ, затты қарау, оқиға болған жерді қарау барысында алынған іздер, заттай дәлелдемелерді қарау арқылы, ол іздердің кімге жататындығын тіркеулер арқылы табуымызға болады. Ал екіншіден, тергеулік қарау барысында маңызы бар объектілерді зерттеп, оған баға беріп, оған қандай да бір нәтиже шығару арқылы қылмыскерді анықтап, оны ұстап белгілі бір процессуалдық шешім шығаруымыз керек деп ойлаймын.

Ал енді осы аталып кеткен түсінік пен белгілерге сәйкес тергеулік қараудың өзіне тән қағидалары қалыптасады. Олар келесідей қағидалар:

Біріншіден : заңдылық қағидасы, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс - жүргізу кодексінің 10 - бабында көрсетіліп кеткендей анықтама жүргізуші орган, прокурор, тергеуші тергеулік қарау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қылмыстық іс -жүргізу кодексінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл, қатаң сақтауға міндетті болып табылады. [ 2, 7 ]

Екінші қағида : шыңайылық, толықтылық және жан- жақтылық. Бұл қағиданы біз ең басты қағидалардың бірі және оны жадымызда ұстаған жөн деп ойлаймын. Тергеу әрекетін жүргізу кезінде жан-жақты, мұқият, толық жүргізсек қандайда бір нәтижеге жетеріміз сөзсіз.

Үшінші қағида : ол мақсаттылық, тергеулік қараудың мақсаты іске маңызы бар заттарды, құжаттарды, заттай дәлелдемелерді табу, оны зерттеу және де оған сәйкес дұрыс, жеткілікті баға беру, қылмысты дер кезінде ашу болып табылады.

Төртінші қағида : ғылыми - техникалық құралдар мен маман көмегін пайдалану. Біз ғылыми - техникалық құралдардың көмегімен белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Сонымен қоса маман көмегін пайдалану біздің жұмысымызды жетілдіріп, шыңдата түседі.

Бесінші қағида : тергеулік қарауды басқару тергеушінің жеке басына жүктеледі.

Алтыншы қағида : табылған және қараудағы объектілер мен жұмыс жасауда криминалистикалық ережелерді сақтау. Осы криминалистикалық ережелердің сақталмауы дәлелдемелердің жарамсыздығына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан бұл қағиданы сақтау арқылы дәлелдемелердің жарамдығын қамтамасыз етеміз. Осы қағидаларды тергеуші тергеулік қарауда сақтаса оның жинаған, зерттеген заттарының, құжаттарының, іске маңызы бар материалдарының бір сөзбен айтқанда дәлелдемелердің жарамсыздығынан сақтау кепілі деп айтуға болады.

Сонымен қоса жоғарыда айтылып кеткен тергеулік әрекеттің қағидалары, басында тергеулік қарауға түсінік берген кезде бұл қағидалар түсінікте қамтылмаған. Олар: шығайлылық, толықтылық және жан -жақтылық қағидалары болып табылады.

Көптеген жол оқиғалары және автокөлікті тасымалдау кезінде болатын жол апаттарына қатысты оқиға болған жерді қарау бұл оқиға да қылмыстың құрамы бар не жоқ екендігін айқындайды. (мысалы: өзін-өзі өлтіру, кездейсоқ жағдайдан қаза болу) . Қарау басқа тергеулік әрекеттер сияқты шектелмеген. Мысалы алу, тінту, сараптамалар және тағы басқасы.

Осы мәселеге байланысты П. И Тарасов және Л. Д Родиновтың айтуы бойынша тергеулік қарау дәлелдемелердің ең маңыздысы болып табылады деген. Бұнда қараудың нақты түсінігі берілмеген. Ал В. М Николайчиктің көзқарасы бойынша «қарау объектінің материалдық белгілерін зерттеу » болып табылады деген. Бұнда да қараудың нақты түсінігі берілмеген. [3, 8]

Сонымен қоса, криминалистика ғылымының негізін қалаушылардың бірі М. С. Строгович тергеулік қарауға былайша өз көз қарасын береді. Қарау - бұл процессуалдық әрекет, ол іс үшін маңызы бар жағдайды анықтау және де әртүрлі заттардың қасиеттерін, белгілерін табу және бекіту деп атап өткен. Бірақ бұл анықтамада да қараудың спецификалық шағылысуы жеткіліксіз және басқа тергеулік әрекеттерден айырмашылығы көрсетілмеген. [4, 290]

Осыған байланысты Н. В. Терзиев деген ғалым былай деп неғұрлым нақты тұжырым берген. Оның ойынша тергеулік қарау материалдық объектілермен танысу және зерттеу тергеушімен жүргізіледі деген. [ 5, 44]

Тергеушінің өзінің материалдық объектілерді зерттеуі қараудың белсенді танымдық тергеулік әрекет екендігін көрсетеді. Бірақта бұл қарау түсінігінде объектіні анықтау және бекіту белгілері қамтылмай кеткен. Қазіргі уақытта көптеген авторлардың ойлары бойынша қарау дегеніміз - материалдық объектінің жағдайын, белгілеріне талдау және синтез жасау делінген. Егерде қарауды тек ғана сырттай көру және тексеру деп түсінсек, онда тергеулік қарау эмперикалық тану болады.

Қазіргі таңда тәжірибеде көптеген тергеушілер, анықтаушылар және прокурорлар және басқа да тергеулік әрекетке қатысушылар тергеулік қарауды тек ғана сырттай жүргізеді. Олар объектіні терең, жан -жақты, толық талдау жасамайды, нақты жағдайды оқиға болған жерде бағаламайды. Объектінің жағдайын және белгілерін зерттемейді, олардың арасындағы қарым - қатынасқа көңіл бөлмейді. [6, 26]

Қазіргі таңда көптеген тергеушілер және басқа да тергеулік әрекетке қатысушылар қарауға салақтық пен ұқыпсыздықпен қарағандықтан біріншіден, көптеген қылмыстар ашылмай қалады, сонымен қатар кінәлі адамдар жауапкершіліктен босатылып жатады. Ал екіншіден жиналған дәлелдемелердің дәлелдемелік күші болмай, дәлелдемелік күшін жойып жарамсыз болып қала береді.

Ал, енді тергеулік қараудың маңызына қысқаша тоқтала кететін болсақ, тергеулік қарау дәлелдемелерді жинаудың қайнар көзі болып табылғандықтан және де алдын -ала тергеу сатысында кідіртілмейтін тергеу әрекеттеріне жататындықтан оның маңызы ерекше және алатын орны ұшаң теңіз деуге әбден болады. Оның маңыздылығы соншалық, бұл тергеулік әрекет арқылы біз қылмыс ізін суытпай алынған немесе табылған заттарды, құжаттарды қарау арқылы оған баға беріп тиісті процессуалдық шешім қабылдаймыз.

Тергеулік қараудың маңызы қылмыстық істі ашуға бағытталған орны ерекше болғандықтан, оның басқа тергеулік әрекеттерден де айырмашылығыда көптеп кездеседі. Оның ерекшелітердің біріне мына төмендегі белгілерден көруге болады:

  1. Тергеулік қарау қылмыстық іс қозғалғанға дейінгі жүргізілетін тергеулік әрекеттің біріне жатады.
  2. Тергеулік қарау дәлелдемелерді жинаудың басты қайнар көзі болып табылады.
  3. Бұл тергеу әрекеті кідіртілмей жүргізілетін тергеу әрекеттерінің бірі болып саналады.
  4. Алдын -ала тергеу сатысының бастапқы сатысы болып табылады

Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалуы жағынан саны өсіп кетті. Мысалы, статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, кейінгі бес жыл ішінде Қарағанды облылысы бойынша, адам өлтіру 54%, қарақшылық 58%, зорлау 45%, және тағы басқа қылмыстар саны бірнеше пайызға өсіп кеткен. Бұл жай құқық қорғау органдары, атап айтқанда тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан -жақты пайдалануын талап етеді.

Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күресудің нәтижесін арттырады. Сондықтан тергеулік қараудың ерекшелігі қарауды мұқият, жан -жақты, толық жүргізу нәтижесінде ғана құқық қорғау органдары, оның ішінде анықтаушы немесе тергеушінің нәтижесін көруімізге болады.

Бұл тармақшада ерекшелік туралы сөз болғанда әрине тергеулік қараудың басқа тергеулік әрекеттермен айырмашылығын айтпасқа болмайды. Оған мынандай тергеулік әрекеттерді алуымызға болады. Мысалы: оқиға болған жерді қарау мен жауапты оқиға болған жерде тексеру. Оқиға болған жерді қарау кезінде біз, яғни тергеуші не болмаса анықтаушы, біріншіден қылмыстық іс қозғалмай тұрып жүргізе алады, екіншіден оқиға болған жерде қалған іздерді, оқиға болған жерден табылған айғақ заттарды салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап, оның механизімін болжап біледі. Әрине қай тергеуші болсада жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан - жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін оқиға болған жерді қарау арқылы ол ойымен модельдеуі мүмкін.

Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет айғақ заттардың толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді. Сонымен қоса бұл тергеулік қараудың тағы бір ерекшелігі осы тергеу әрекеті арқылы алғашқы айғақ заттарды тауып, оларды зерттеп оған тиісті баға беріледі.

Ал жауапты оқиға болған жерде тексеру, тергеу әрекетін жүргізу барысында оның да тергеулік қараумен мақсаты бір болғанымен, яғни мақсаттары дәлелдемелер жинау болса, бұл тергеу әрекетінде бірінші кезекте жәбірленушіден, куәдан, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алынады, содан кейін барып ғана жауапты оқиға болған жерде тексеру кезінде тексеріс жүргізіледі.

Бұл тергеу әрекетінде екі тергеу әрекетінің жиынтығын айқын көрумізге болады. Ол тергеу әрекеттерінің біріншісі жауап алу болса, екіншісі осы жауапты оқиға болған жерде тексереміз. Сонымен қатар, оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау бұрын жауап алынған адам зерттеліп отырған оқиғаның жай - жапсары мен мән - жайларын оқиға болған жерде жаңғыртуы, іс үшін маңызы бар заттарды құжаттарды, іздерді тауып көрсетуі белгілі бір іс - қимылды белгілеп көрсетуі, оқиға болған орынның өзгеруіне назар аудартуы, өзінің бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады [7, 105]

Тағы бір ерекшелік ретінде тергеулік қарауды, яғни оқиға болған жерді қарау мен тергеу экспериментін салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін атап айтсақ, тергеу эксперименті іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай - жапсарын, мән - жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі. Эксперимент жүргізу кезінде, атап айтқанда әлде бір оқиғаның болу ықтималдығы тексеріледі. Сондай - ақ болған оқиғаның реті және іздердің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқиға болған жерді қараудың жалпы жағдайлары
Оқиға болған жерді қарау
Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Көлік қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Тергеу қарауының жалпы ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz