Арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірушілерге салық салу мәні мен ерекшеліктері . . . 6

1. 1 Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі . . .

1. 2 Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға салық салу . . . 17

1. 3 Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құны есебін жасау ережелері . . . 23

2 Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге жалпы талдау . . . 35

2. 1 Алматы облысының әлеуметтік - экономикалық дамуына экономикалық талдау . . . 35

2. 2 Қазақстан Республикасының өсімдіктер шаруашылығындағы міндетті түрде сақтандыру туралы заңына талдау . . . 40

3 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық дамуы мен шетел тәжірибесі . . . 48

3. 1 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық дамуындағы жетістіктері мен проблемалары . . . 48

3. 2 Шетел мемлекеттерінің ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибиелері . . . 53

3. 3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару . . . 55

Қорытынды . . . 58

Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Салық саласына толық назар аударып бетбұрыс жасау, бүгінгі күн талабы болып отырғаны баршамызға аян.

Кез келген мемлекеттік реформаның басты мақсаты - әрбір салық түрін дамытуға оған қолайлы жағдай жасап, сөйтіп қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмір сүру жағдайын жақсарту болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңінің қазіргі сатысы нарықтық қатынастарға көшуге орай акциз салығын құру және оны одан әрі дамыту балып отыр.

Жұмыстың өзектілігі . Біздің бұл тақырып көлемінде ізденіс жасауымыздың негізгі бір себебі: өнімді пайдалану-әрбір өнімді өндіру санымен бірге өткізу, тасымалдау, жеткізу, сақтау және тағы басқа қоғамның сұранысын дер кезінде қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Сөйтіп шектеулі ресурстар жағдайында бар мүмкіндіктерді пайдаланып өскелен қажеттіліктерді қанағаттандыру қарқынды экономика мақсаты. Осы проблемаларды шешу барысында акциз салығының рөлі зор.

Сондықтан, салықтар - мемлекет егемендігінің бір белгісі. Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Салық - бұл мемлекеттік қаржының құрылуының негізгі қайнар көзі. Ол мемлекет пайда болғаннан бері әрекет етуде.

Жұмыстың міндетті. Сонымен қоса, салық салу экономикалық мәдениеттің элементі ретінде барлық жүйелерде, яғни нарықтық жүйеге де, нарықтық емес жүйеге де тән құбылыс.

Салық жүйесі дамудың көптеген жылынан өтті. Жеке табыстан және мүлік бойынша салық салудан басталып, ол аймақтық және жергілікті салыққа дейін өтті.

Жұмыстың мақсаты. Өтпелі дәуір кезеңіндегі жалпы жағдайлар мемлекеттің қаржы - несие саясатына ықпал тигізетіні белгілі. Әр елдің өз салық кодексі бар. Сол мемлекеттің экономикасының қаржы - несие саясатының, тұрмыс тіршілігінің жағдайына сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге әр мемлекетте өзіндік салық саясаты, оны төлеу мерзімі және тағы басқа жағдайларға қабылданған заңдар мен ережелер бар.

Бұл дипломдық жұмыста ауыл шаруашлықы өнімдерін өндірушілердің салығына жалпы түсініктемесі, мәні, қажеттілігі бірінші бөлімінде көрсетілген. Екінші бөлімінде жергілікті салықардың Алматы облысы бойынша осы салыққа талдау жасалды. Бұл талдауда осы салықтың қазіргі жағдайын көресіздер. Үшінші бөлімінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің жетістіктері мен проблемаларын, шетел тәжірибесін көресіздер.

Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады. Барынша тиiмдi ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты ығыстыруға, өңдеушi және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдiстерiн барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетушi салалардың қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес. Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi - баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.

2008 жылғы 6-ақпан айында «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында айтылғандай: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолдаудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті. Ауылдарымыз бен селоларымызда өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістермен қолда бар әулетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін» -деген.

Сондықтан, шаруашылықтарда байланыстарды реттеуде экономикалық механизмнiң негiзгi элементтерiн қолдана отырып, ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды дағдарыстан шығарудың» мүмкiн жолдарын анықтау үшiн экономикада өтiп жатқан процестердi терең зерттеп, талдау қажет.

1 Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірушілерге салық салу мәні мен ерекшеліктері

1. 1 Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі

Шаруа (фермер) қожалығы деп жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді, сондай-ақ осы өнімді ұқсату және өткізумен тоқтаусыз байланысты тұлғалардың отбасылық - еңбек бірлестігі танылады.

Шаруа (фермер) қожалығы арнайы салық режимін қолдану үшін ең басты үш шартты сақтауы қажет:

1) мемлекеттік тіркеуден өтуі;

2) салық есебіне тұру;

3) салық төлеуші ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін ұқсатумен және оны сатумен айналысатынын негіздеуі.

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану біртұтас жер салығым төлеу негізгі бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді.

Біртұтас жер салығы сомасы жер учаскесін бағалау құмы сомасына 0, 1 пайыз ставканы қолдану жолымен есептелінеді. Жер учаскесін бағалау құны біртұтас жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады.

Жер учаскесін бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен іске асырылады, нақты айтқанда жерді бағалау құны туралы мәлімен жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердің бағалау құны актісінде белгіленеді.

Біртұтас жер салығы сомасын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шаруы (фермер) қожалықтары салықтардың мынадай түрлерін босатылады:

- осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен кірістерінен жеке табыс салығынан;

- осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен жүзеге асырудан түскен айналым бойынша, қосылған құн салығынан;

- осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жер салығынан;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша көлік құралдарына салынатын салықтан және мүлік салығынан [1, 152] .

Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бірыңғай жер салығын төлеушілер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркімен өтініш беруге құқылы.

Біртұтас жер салығынан басқа шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимі мынадай салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық есеп беруін есептеудің, төлеудің және берудің кейбір ерекшеліктерін көздейді: әлеуметтік салық, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер, үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем және т. б.

Шаруа қожалықтары ай сайын арнайы салық режимін қолданбайтын кәсіпкерлерден бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 20 пайыз көлемінде шаруашылық басшысы, мүшелері мен жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік салық сомасын есептеп төлейді.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарып есептеу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді есептеу, жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді есептеу Салық Кодексіне сәйкес, яғни жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді.

Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

Біртұтас жер салығын есептеу жер бойынша тиісті бюджетке мына екі мерзімде жүргізіледі:

- ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан дейін;

- біртұтас жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызына дейін.

Біртұтас жер салығын төлеушілер біртұтас жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде мына декларацияиы да тапсырады:

  • әлеуметтік салық бойынша декларацияны;
  • төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;
  • жинақтаушы зейлетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептілікті;
  • жер бетіндегі кездерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы декларацияны.

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі. 378-бап. Жалпы ережелер.

1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығып төлеу негізінде бюджетпеп есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызмет қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары қызметіне қолданылады.

2. Жеке меншік құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану кұқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

3. ІІІаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

4. Шаруа (фермер) кожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді.

Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

5. Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.

6. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болым табылады.

ҚР 23. 11. 02 ж. 358-ІІ Заңымен 379-бап өзгертілді.

379-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері

1. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрі - бірыңғай жер салығын төлеушілер) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын:

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын:

3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша көлік құралдарына салынатын салықты;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бірыңғай жер салығын төлеушілер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркімен өтініш беруге құқылы.

3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдарының) бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтін осындай түрлері бойынша тиісті салық мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілігін тапсыру мен төлеуді жүргізуге міндетті.

Бұл тармақтың ережесі осы Кодекстің 163-бабына сәйкес төлем көзінен салық салынбайтын мүліктік табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады [2, 50] .

380-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

1. Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады.

Жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0, 1 процент ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

3. Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:

1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;

2) бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде (салық жөніндегі декларация есепке алына отырып) жүргізіледі.

Төлеудің бірінші мерзімінде бірыңғай жер салығын төлеушілер ағымдағы төлемді бұдан бұрынғы салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бірыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлігінен кем емес мөлшерде төлейді. 20 қазанға дейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған салық төлеушілер салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеуді бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебімен есептелген салық сомасының кемінде 1/2 бөлігі мөлшерінде жүргізеді. 20 қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуте тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.

4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану кұқығындағы жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін бірыңғай жер салығын (салық салу объектісінің өзгеруін есепке ала отырып) есептейді және төлейді.

381-бап . Жер учаскелерін жалға берген (алған) кезде салық салу ерекшеліктері.

1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесін басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің нақты пайдаланылу кезеңін негізге ала отырып есептейді және төлейді.

Жалға алушының пайдалану кезеңі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап белгіленеді.

Бұл орайда жер учаскесін жалға беруден алынған (алынуға тиіс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

2. Шаруа (фермер) қожалығы бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылмайтын салық төлеушіге жер учаскесін жалға берген кезде осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттеме шаруа (фермер) қожалығында қалады.

Жер учаскесін жалға берудеп алынған табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бірдей белгіленгеп тәртіппен есептейді және төлейді. Бұл орайда осындай жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығының төленген сомасы (есептелген шекте) салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерілуге тиіс.

382-бап . Бірыңғай жер салығы бойынша салық есептілігі

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер жыл сайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.

2. Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде (бірінші салық кезеңінде) мынадай құжаттарды:

1) ағымдағы салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін:

2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болмаған жағдайда бірыңғай жер салығын төлеушілер жергілікті атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімін табыс етеді. Кейінгі жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеуші оны алған кезден бастап отыз күн ішінде оның нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесін салық комитетіне табыс етеді [3, 241] .

3) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құнын негізге ала отырып анықталады;

4) әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салық кезеңінде жалдау туралы мәліметтер табыс етеді.

Содан кейінгі салық кезеңдерінде бірыңғай жер салығын төлеуші бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етеді.

3. Осы арнаулы салық режимін таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебі мен арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш бергеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде осы баптың 2 аталған құжаттарды табыс етеді.

4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін он бес күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті.

383-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеу ерекшеліктері

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерін қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін әрбір айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160 баптарына сәйкес жүргізіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қоршағай ортаны ластағаны үшін төлемақыны және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тиісінше 451, 165 баптарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салықтың жеке табыс салығының жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің және жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасын төлеу бірыңғай жер салығын төлеу үшін көзделген мерзімдерде мынадай тәртіппен жүргізіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Арнаулы салық режимі
Салық түсінігі және түрлері
Салық режимдерінің қазіргі уақыттағы ұйымдастыру жүйесі
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Қазақстанда арнаулы салық режимдерін ұйымдастыру ерекшеліктері
Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері
Кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалардың салық салу («Павлодар облысы бойынша Салық комитеті» ММ материалдары бойынша)
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Арнаулы салық режимдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz