Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

  1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының мәні және мағынасы . . . 6
  2. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар және олардың жіктелінуі . . . 12
  3. Өнім сапасын анықтау әдістемелері . . . 19

2 «Ахметжанов нан комбинаты» АҚ-ның экономикалық және сапа көрсеткіштерін талдау . . . 29

2. 1 Кәсіпорынның шаруашылық экономикалық қызметінің сипаттамасы . . . 29

2. 2 «Ахметжанов нан комбинаты» АҚ-ң негізгі қорларын және өзіндік құнын бағалау . . . 45

2. 3 Кәсіпорында өнім сапасын көтерудің тиімділігін және бәсеке қабілеттілігін арттыруды талдау . . . 51

3 КӘсіпорында Өнім сапасын жетілдіру жолдары………. …57

3. 1 Өнім сапасын көтеруде кәсіпорындағы маркетингтік жүйені қалыптастыру бағыттары . . . 57

  1. Кәсіпорында өнім сапасын көтеруде жаңа технологияны пайдалану тетіктері . . . 61

Қорытынды . . . 69

Пайдаланылған Әдебиеттер кӨздері. 72

Кіріспе

«Қазақстан-2030» стратегиясында еліміздің экономикасының басым салалардың бірі ауыл шаруашылығы болып табылатыны ерекше орын алатыны көрсетілген. Нарықтық экономика жағдайында шикізат өндіріп қана қоймай оны өңдеп тұтынушыларға жеткізудің маңызы зор болып отыр. Осы орайда әсіресе алуыл шаруашылығының өнімдерін өндіру және оны өңдеп, түпкі өнім алуды кеңейтудің, өнім сапасын жоғарылатудың, тиімділікті арттырудың өзекті мәселелер жүйесін құрап отырғаны белгілі. Демек Қазақстанның агроөнеркәсіп жүйесінде дәнді дақылдарды өндіріп, оны өңдеп халықтың күнделікті тұтынысын қамтамасыз ететін сапалы нан өнімдерін өндірудің тиімділігін арттыру қажет болып отырғаны белгілі.

Жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, дипломдық жұмыстың мақсаты агроөнеркәсіп жүйесінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және алынған өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын зерттеу болып табылады.

Жоғары сапалы астық өндіру мәселесінің кең қанат жаюымен қатар, оны Қазақстанда өндіру, өңдеу және өткізудің экономикалық өзара қарым-қатнастардың үдемелі формаларын іздестіру қажеттілігін алдын-ала айқындайды.

Ауыл шауашылығы саласындағы осындай өзара қарым-қатнастарды зерттеп, тәжірибе жүргізу бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар, сауда ұйымдары, аралас сала кәсіпорындары арасында интеграция үрдістері жылдамырақ жүретін кооперацияларды дамыту болып табылады.

Осыған байланысты АӨК-гі кооперациялар келесі бағыттар бойынша дамуы тиіс: ауылшаруашылық, өндірістік кооперациялар, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кооперациялар, жабдықтау-өткізу және де несиелік, сақтандыру формалары және т. т. б.

Кооперациялар тиімділігі көбінесе оның қалыптасу сатысындағы дамуын реттейтін және кең қатнастар жүйесі қалыптасатын салааралық кооперацияның қызметі арасында экономикалық қатнастардың қаншалықты негізделгеніне тәуелді болады. Ол халықшаруашылығы экономикасының аралас салалы ауыл шаруашылығының барлық формаларын және бірінші кезекте агроөнеркәсіптік өндірістің жалпы құрамын қамтиды.

Агроөнеркәсіптік кооперация тек қана тік типтегі қатнастарды қамтиды және тік интеграция формасы болып табылады. Ол ауыл шаруашылық өнімін өндіруге қолайлы жағдай жасау мен оны тұтынушыға жеткізуге дейін бір техникалық сатыда бір-бірінен кейін жүретін салалардың жинақталуы (астық өндіретін шаруашылықтар, астық тазалау кешендері (элеваторлар) және жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін астық және астық өнімдерін өткізу) .

Дипломдық жұмыстың мақсатын орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;

− нан өнімдерін өндіретін «Ахметжанов нан комбинаты» АҚ-ның технико- экономикалық және қаржылық жағдайын талдау;

− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасының көрсеткіштерін анықтау жене олардың экономикалық тиімділікке әсерін зерттеу;

− кәсіпорынның көрсететін қызметі мен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруына сияқты ұсыныстар жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыс обьектісі «Ахметжанов нан комбинаты» АҚ-ы болып табылады.

Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша шолу жасалынады. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады. Өнім сапасына әсер ететін факторлар анықталып, олардын өндірілетін өнімнің сапасына әсер етуін, сондай-ақ олардың түрлерінің жіктелуіне сипаттама беріледі.

Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Ахметжанов нан комбинаты» АҚ-ына жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оның экономикалық тиімділікке әсері талданады.

Үшінші тарауда өнімнің сапасын арттыру бағыттары келтірілген. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет етуші кәсіпорындар шаруашылығымен облыс ауқымында танысып, сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы : ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің сапасын көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады. Зерттеудің әдістемелік негіздеріне Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, сапаны басқару тақырыбында ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының мәні және мағынасы

Сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде щешуші роль атқрады. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономика кезеңінде өткір мәселе болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импорттық тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл - сапа.

XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы, қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т. б. жоғары сапа ғасыры болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің сапасына тәуелді.

Сапа - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын объектінің сипаттамаларының жиынтығы.

Сапа түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. «Сапа» - бұл өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің (тұтынушының) сұранысына икемделу, кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде оны риза қылу табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде сапа деңгейін анықтау үшін сериясы 9000 (ІSO 9000) стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіру болып табылады.

Өнім сапасы - бұл кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осы көрсеткіш арқылы қолданылатын техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады. Өнімнің сапасы - маңызды экономикалық категория. Сонымен қатар бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік және т. б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыру жүйесін әр түрлі (макро және микро) деңгейде қарастыру керек.

Өнімнің сапасын көтеру:

- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;

- экспорт құрылымын жақсартуға;

- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуіне экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал, нарықтық қатнастар жағдайында, әрдайым сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын имиджінің қалыптасуына септеседі.

Жоғары деңгейлі имидж, бұл - танымалдылық және сенімділік, сатып алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне, жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының қалыптасуына себеп болады.

Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көптеген шетелдік фирмаларды көреміз. Олар: Adіdas, Nіke, PHІLІPS, SONY, Nokіa, Coca-Cola және де басқа көптеген фирмалар.

Сонымен кәсіпорында сапа мәселесін шешу - оның сатып алушылар алдындағы жоғары имиджі, сыртқы нарыққа шығу, өнімнің сапасын тұрақтандыру жоғары деңгейде табыс табуға негіз болады.

Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады.

Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.

Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.

1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:

− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;

−сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;

− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;

2. Өнім сапасы :

− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;

− қосымша пайдалылықтың болуы;

− өнімнің танымалдық деңгейі;

3. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:

− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;

− жарнаманың тиімділігі;

− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.

Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А. Фейгенбаум өзінің “Өнімнің сапасын бақылау” атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы, басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып, салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.

Сыртқы нарықты зерттеу: Сыртқы нарықты зерттеу
:
Бәсекелестердізерттеу:

Бәсекелестерді

зерттеу

:
Әлеуеттітұтынушылардыңқажеттілігін зерттеу:

Әлеуетті

тұтынушылардың

қажеттілігін зерттеу

1-сурет- Тауардың бәсекелік қабілетін бағалаудың типтік сызбасы

Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің ерекшеліктеріне байланысты келесі әдістер қолданылады:

- Өлшеу әдісі - приборлар мен құралдардың көмегімен анықталады;

- Тіркеу әдісі - белгілі бір жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже) немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген. Тіркеу әдісі арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді көрсеткіштерді анықтауға болады;

- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы математикалық моделдерді пайдалануға негізделген;

- Органолептикалық әдіс - адамның сезім мүшелерімен: көру, есту, дәм сезу, ұстап көру және т. б. сияқты қабылдауын талдауды қарастырады. Табылған мәндердің туралығы мен растығы оны анықтаушы тұлғаның квалификация, анықтау қабілеті, кәсіпқойлық деңгейіне байланысты;

- Социологиялық әдіс - барлық тұтынушылар желісі бойынша ақпарат жинап, талдау жасау арқылы жүргізіледі. Өнімнің техникалық деңгейі және өнімнің сапа деңгейін неғұрлым терең түсінік ретінде қарастырады;

Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.

Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: Сапа бағдарламасы, «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 ж, арналған бағдарламасың, “Сертификаттау туралы”, “Стандарттау туралы”, мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын “Демпингке қарсы шаралар туралы”, “Теріс пиғылды бәсеке туралы”, ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған “Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралы” және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкімшіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді страгтегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен заңдар жатады.

Сапа туралы Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен қызметтері келесідей :

− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз ету және жетілдіру;

− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;

− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП жетістіктерін енгізу;

− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сетификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға көшу;

− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;

− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.

Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т. б. жатады.

Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80%-ы өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :

− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.

Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын жатқызамыз. Көмекші функциялар - электронды сағаттарда калькулятордың болуы;

- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;

- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы, автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т. б.

- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т. б.

Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жиһазын шығаруы.

- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т. б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т. б.

- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т. б.

  • тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т. б. -мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.

1. 2 Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар және олардың жіктелінуі

Өнімнің сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнім сапасының деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.

Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.

Сапа деңгейінің бағалануына байланысты - базалық және оған қатысты көсеткіштер.

Анықталу стадиясына байланысты - болжамды, проектілі, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын белгілеріне байланысты - бірліктік және кешенді (топтық, жалпылама, интегралды) болуы мүмкін. Бірліктік және кешенді сапа көрсеткіштері, сізді, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Мұндай топтастырылу үлгісі кестеде көрсетіледі.

Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде олардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.

Өнімнің сапасы, оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі заманда сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономикалық, эстетикалық, транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.

Пайдалану бағытының көрсеткіштері өнімнің қай салада, қай жағдайда қолданылатынын көрсетіп қана қоймай, осы өнімді пайдаланудан алынатын тиімділікті айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды.

Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды жатқызуға болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.

Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

1 - кесте- Өнімнің сапа көрсеткіштерінің топталу ортасына қарай жіктелуі

№ р/с: № р/с
Сапафункцияларының топталу ортасы: Сапа
функцияларының топталу ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: Сапа
көрсеткіштері топтары
№ р/с: 1
Сапафункцияларының топталу ортасы: Заттық ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: функционалды белгілерінің көрсеткіштері
№ р/с: 2
Сапафункцияларының топталу ортасы: Уақытылы заттық ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: сенімділік көрсеткіштері
№ р/с: 3
Сапафункцияларының топталу ортасы: Кеңістікті заттық ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: транспортабельділік көрсеткіштері
№ р/с: 4
Сапафункцияларының топталу ортасы: Өндірістік-технологиялық ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: технологиялық-ұйымдастырушылық
деңгейінің көрсеткіштері
№ р/с: 5
Сапафункцияларының топталу ортасы: Экономикалық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: экономикалық көрсеткіштері
№ р/с: 6
Сапафункцияларының топталу ортасы: Экологиялық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: экологиялық көрсеткіштері
№ р/с: 7
Сапафункцияларының топталу ортасы: Қауіпсіздік қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: қауіпсіздік көрсеткіштері
№ р/с: 8
Сапафункцияларының топталу ортасы: Эргономикалық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: эргономикалық көрсеткіштері
№ р/с: 9
Сапафункцияларының топталу ортасы: Эстетикалық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: эстетикалық көрсеткіштері
№ р/с: 10
Сапафункцияларының топталу ортасы: Патенттік-құқықтық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: патенттік-құқықтық көрсеткіштері
№ р/с: 11
Сапафункцияларының топталу ортасы: Нормативтік орта
Сапакөрсеткіштері топтары: стандарттау көрсеткіштері
№ р/с: 12
Сапафункцияларының топталу ортасы: Нарықтық қатнастар ортасы
Сапакөрсеткіштері топтары: бәсекелік қабілетінің көрсеткіштері

Технологиялылықтың көрсеткіштері еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қабылданған құрастырушылық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ осы технологиялылық арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде еңбек құралдары мен уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.

Унификациялау және стандарттау көрсеткіштері - өнімнің стандартты, унифицирленген және нақты құрамдас бөлшектермен қаныққандығы, сонымен бірге, басқа өнімдермен салыстырғанда унификациялану деңгейі. өнімнің барлық бөліктері стандартты, унифицирленген және нақты бөліктерге бөлінеді. Стандартты және унифицирленген бөлшектер пайызы қаншалықты жоғары болған сайын өнім өндірушіге де өнімді тұтынушыға да соншалықты тиімді. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:

- обьектінің стандартталу коэффициенті;

- обьект бөлшектерінің жоба аралық унификациясы;

- обьектінің құрамдас бөліктерінің қайталанымдылық коэффициенті.

Өнімнің эргономикалық көрсеткіштері тұтынушының осы құндылықпен өзара қатнасын, оның құндылықты пайдаланған кездегі адамның гигиеналық, физиологиялық, антропометрлік және психологиялық талаптарына сәйкестігін көрсетеді. Мұндай көрсеткіштерге мысалы: адамның тракторды жүргізуге қажетті күш қуаты, велосипед рулінің орналасуы, жарықтылық, жылулылық, ылғалдылық, шу, діріл, шаң-тозаң, жанатын заттардағы түтін мен будың концентрациясын кіргізуге болады.

Сапаның эргономикалық көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына, өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т. б.

Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері жұмыс істеген адам мен қолданылатын затқа әсер ететін факторлардың барлығын қамтиды.

Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері келесі түрлерге жіктеледі:

- Гигиеналық көрсеткіштер - адамның осы бұйымды қолдануда, өмірлік және жұмыс қабілеттілігіндегі гигиеналық жағдайлармен сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

- Антропометрлік көрсеткіштер - адам денесі және де басқа бөліктер көлемі мен формасына сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары
Мемлекеттің экологиялық функциясы
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
Ұйым элементтері және басқару үрдісі
Халықаралық сауда мәмiлелерiнiн бұзылғандығы үшiн жауаптылық
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мен бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz