Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы


МАЗМҰНЫ
14 жас пен 18 жасқа дейінгілер кәмелетке толмағандардың әрекет
Қабілеттілігі
Азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық қабілеттілік пен әрекет
Қабілеттілік
Шетел азаматтарының жеке тұлға ретінде
Ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік құқықтың, ажырамас бөлігі. Сондықтан да азаматтар мен заңды тұлғалардың әр құқық саласы бойынша әрекет қабілеттіліктері мен құқықтық қабілеттіліктерін зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің нарықтық экономика кезеңінде құқықтық жүйесінің дами түсуіне орай субъективті құқықтар мен міндеттенбұрын әрекетқабілеттілікті білудің әрбір заңгер үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.
Маман-цивилист тек азаматтық құқықтағы әрекетқабілеттілікті ғана емес бүкіл құқық саласындағы, оның ішіндегі шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты да оқып үйреніп білуі керек. өйткені азаматтық құқық қатынастары тек азаматтық емес, өзімізге аян, еңбек, неке және отбасы, тұрғын үй, айнала ортаны қорғау, жер, т. б. қатынастарын реттейді.
Сондықтан Азаматтық құқықтағы әрекетқабілеттілік ұғымының аясын зерттеуді Қазақстандағы басқа құқық салаларындағы әрекетқабілеттіліктен бөліп қарауға болмайды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты: ҚР заңдары бойынша Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы, оның заң бойынша жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау, ережелерін жетілдіруге бағытталған теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттей отырып, өз ұсыныстарын нақты келтіріп кету.
Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Біздің зерттеп отырған әрекет қабілеттілік ұғымы азаматтық құқықпен қатар басқа құқық салаларында қандай көрінеді соны айтпақшымыз.
Диплом жұмысының объектiсi - құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік табылса, зерттеу пәнi - оларға нұқсан келтiру себептерi мен жағдайларын, азаматтық-құқықтық қорғау және реттейтiн заңнамаларды жетілдіруді зерттеу азаматтық-құқықтық қорғау аспектiлерi болып табылады.
Диплом жұмысының өзектілігі практикалық мысалдарға негiзделген теориялық мағлұматтарды құрайды. Азаматтық-құқықтағы құқықабілеттілік пен әрекетқабілеттілік ерекшелiгi мен осыған байланысты заңнаманы қолданудың ерекшелiктерi, сот практикасында қарастырылып, шешiм шығарылған азаматтық iстермен толықтырылып зерттеледi.
Адамдар арасындағы қоғамдық байланыс, олардың мінез-құлқына әсер ететіндіктен, азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы, іс-әрекеті жатады. Материалдық игіліктерге бағытталған азаматтық мүліктік құқық қатынастары да оның объектісін құрайды. Мысалы тапсырыс берушінің тапсырмасы және мердігер шарты бойынша іс-әрекет етсе, ол да құқық қатынасының объектісін құрайды. Яғни, азаматтық мүліктік құқық қатынасы іс-әрекет механизмі: тиісті тұлға өз іс-әрекетімен міндетті тұлғаға әсер етеді, дәлірек айтқанда, соның материалдық игілігіне жұмыс істейді. Мүліктік қатынастардың мүліктік емес құқық қатынастарынан ерекшелігі - объекті ретіндегі тұлғалардың мінез-құлықтары болады. олар әртүрлі жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған: ар мен абырой, іскерлік атақ, адамның аты-жөні, заңды тұлғаның атауы, т. б. Бұдан біз азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде, субъектілердің материалдық емес игіліктеріне құрылған мінез-құлық бағыты жататынын көреміз.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. 1 Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте "тұлғалар" деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтердің жеке адамдар деп атайды. "Жеке адамдар" ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетеліктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі заңда анық көрсетілген.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т. б. ) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушылармен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде) .
Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Сондай-ақ құқыққабілеттілігі мен бөлінбес бірлігі түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігіне бөлінеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілерінің құқыққабілеттіліктері мен әрекетқабілеттіктері жөнінде заң әдебиеттерінде әртүрлі көзқарастар бар. бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез-құлқы ғана құқықтық қатынастардың субъективті құқығы бола алады. Ал оның субъектілерінің материалдық немесе материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың субъективтік құқығы болып табылады. 3 Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың субъектілерінің субъективтік құқықтары азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларының да субъективтік құқықтары болады.
Тақырыптың өзектілігі сонда, құқыққабілеттілік пен әрекет қабілеттілік жайлы қазақша материалдар түгілі, керек десеңіз орыс тіліндегі цивилистердің еңбегінде де көлемді толық материалдар жоқтың қасы. Сондықтан ұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуына сәл болса да өз үлесімді қосуды өзіме парыз санадым.
І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША
ӘРЕКЕТҚАБІЛЕТТІЛІК ҰҒЫМЫ
- Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Жазғалы отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы - " Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құқық және әрекет қабілеттілік" - демек осы тақырып төңірегінде сөз қозғамастан бұрын жалпы азаматтық құқық деген пән, ғылым, құқықтық салаға анықтама яки алғы сөз айтып, айтқалы отырған мәселелерге бастама салып кетсем.
Жалпы азаматтық құқық өте кең әрі көлемді ұғым, оны жоғарыда аталғандай сан қилы жағынан қарастыруымыз мүмкін. Азаматтық құқық негізі қалағалы көп уақыт, ғасырлар өтті деуге болады. баршаға мәлім осы негіз ретінде "Рим жеке құқығы" қарастырылады. Осыдан сан ғасырлар бұрын өркениеттік даму жағынан алдынғы орындардан көрініп келе жатқан мемлекеттердің бірі Рим империясы. Рим империясында осындай ұлы бастама яғни, азаматтық құқыққа негіз болған. "Рим жеке құқығы" пайда болып, қалыптасып дамуы өте маңызды тарихи оқиға ретінде белгілі. Рим құқығы шамамен мың жыл, б. з. д. 450-ші жылдан б. з. кейін 350-ші жыл аралығында дамыған. Corpusjuris Civilis, ремжерден, кодекс және новеллалардан тұрды.
Азаматтық құқық қазіргі кезеңде барлық салаларда өзінің қолдану аясын белгілейді. Оны біз маңызы жағынан жоғары орындарға қойыпқарастырғанымыз жөн. КСРО кезінде толық заңды - Азаматтық құқық институты болды, - деуге дәтім бара алмайды. Осы сөзіме дәлел ретінде, әр саланың субъектілері, қарастыратын қатынас түрлері бар, ал ол кезде көптеген қазіргі қолдануда бар ұғымдар болған емес (кәсіпкер, жеке меншік т. б. ) және ол уақыттың реттеу тәсілі сол уақыттың тән қасиеті, императивті яғни "вертикальды" жоғарыдан төмен жүзеге асырылатын. Осы секілді мысалдар көптеп орын алғаны сөзсіз. Әрине осының бәрі азаматтық құқықтың даму дәрежесін жоғарылатпады. Қуанышқа орай тәуелсіздік алғаны, азаматтық құқық саласында айтарлықтай жетістіктер көп, оны өзіміздің бауырлас ТМД елдерімен салыстыра отырып айқын түсінеміз. Алғаш бастаған сөзімнен ауытқулар болғанымен, осының бәрін неге жазбасқа?
Азаматтық құқық заң ғылымдарының ішіндегі ең универсалды әрі ең кең тарағаны, деп ойлауыма негіз бар деп ойлаймын. Мұның айғағы әр іс-әрекет істеу барысындағы туындайтын қатынастың көбін Азаматтық құқық реттейді. Оған біз күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы көз жеткізе аламыз. Осымен кіріспе бөлімді тәмамдап, азаматтық құқықты жүйелі, әрі дұрыс анықтап, басқа құқықтық салалар жүйесіндегі орны туралы айтамын. Келесі кезекте азаматтық құқықтың ұғымын айқындауға тура келеді.
Азаматтық құқық - ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы, ол азаматтардың арасындағы жеке қатынастарды: мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың арасындағы мүлік туралы, сондай-ақ мүліктік емес те қатынастарды реттейтін нормаларды қамтиды. Құқықтың басқа салаларынан азаматтық құқық өзінің тақырыбымен ерекшеленеді.
Азаматтық құқық - құқықтың саласы, оның нормалары тауар-ақша қатынастарын және соларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Заңдарда қаралған жағдайларда азаматтық құқық өзге де жеке мүліктік емес, мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау сияқты, қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық меншік құқығының мазмұнын бекітеді, сатып алу мен сатуды, басқа мәмілелерді, жеткізіп беру, құрылыс мердігерлік қатынастарын, әртүрлі міндеттемелерге байланысты тараптардың арақатынастарын, авторлық, мұрагерлік және өнертапқыштық қатынастарды тәртіптейді. Осы қатынастарды реттеуде азаматтық құқықтағы мерзімнің алар орны ерекше. өйткені азаматтық нормативтік-құқықтық актілердің әрекеттілік шегін белгілеу, құқық нормаларын дұрыс іске асыруға қажет. Себебі, қандай нормативті актілер болмасын, белгілі уақытта белгілі кеңістікте, белгілі адамдардың тәртібін реттеуге шығарылады. Бұл мәселенің үлкен маңызы барлығы құқық қорғау органдарының құзыретті органдарының қызметіне байланысты.
Нормативтік-құқытық актілер өз әрекетін күшіне кірген мезгілден бастайды. Көптеген елдерде, нормативтік актілердің күшіне кіруіне арналған тәртіптері бар.
1. Актіні өз күшіне кіруі, құқықтық-шығармашылық органның қабылдаған уақытынан басталады.
2. Акт өзінің күшіне жарияланғаннан кейін, белгілі уақыт өткеннен кейін кіреді. Мысалы, біздің мемлекетте заңды актілер өз кеңістігімізде, оларды баспада жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін ғана күшіне кіреді.
3. Нормативтік-құқықтық актінің өз күшіне кіруі, сол қабылданған актінің өзінде қоса көрсетіледі, не болмаса оны күшіне келтіру туралы арнайы акт жарияланады.
Нормативтік-құқықтық актілердің күшіне кіруінің маңыздылығын сонда, сол кезден бастап олардың ұйғарымдары орындалуы қажет. Жаңа нормативтік-құқықтық актілер өзінің әрекетін тек өзінің күшіне кіргеннен кейінгі қатынастарға таратады. Оның кері күші жоқ. Бұл принциптің ерекшелігі, нормативті актілердің ұйғарымдары, оны басып шыққанға дейінгі пайда болған қатынастарға таралмайды деген мағынаны береді. Мұндай жағдай, азаматтардың құқықтарымен, міндеттерін қамтамасыз етуге ең сенімді кепіл болады. 4
Қорыта айтқанда, азаматтық құқықтағы құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілікті қолдану жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес, өзіндік қатынастарын жүзеге асыруда үлкен маңызға ие. Бұл тақырып бойынша әдебиеттер жоқтың қасы, сондықтан бітіру жұмысымызды азаматтық құқықтағы құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілікті теориялық жағынан ғана емес практикалық жағынан қалай қолданылатынын қарастырдық. Яғни әрекетқабілеттілігі басталғаннан азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастарына түсетін ескере отырып азаматтық құқықтағы әрекетқабілеттілікпен қатар азаматтық іс жүргізу және еңбек қатынастарындағы салыстыра қарадық.
Бұл қазіргі нарықтық экономикалық замандағы ең өзекті актуальды тақырыптардың бірі деп есептеймін. өйткені бұл кезең шарттық қатынастармен жүзеге асатын елеулі кезең болып саналады. Сондықтан жасалынған шарттардың қатысушыларының заң бойынша реттелуі ең басты міндет.
Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілік құқық қабілеттілік сияқты құқық субъективтілігінің құрамды бөлігі болып саналады. Азаматтық кодексте "құқық субъективтілігі" деген термин қолданылмайды. Бірақ құқық ғылымында құқық субъективтілігінің астарында құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлескен құрамы деген ұғым жатыр. Сондықтан екеуін бөле жара қарауға болмайды. Құқық қабілеттілік дегеніміз - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азамттарға бідей деп танылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына; интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Егер заң құжаттары мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе ҚР азаматтары мен бірге шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да бірдей құқықтық қабілетке ие болады. Шетел азаматтарының құқық қабілеттілігін шектеу саны онша көп емес. Мысалы: Жер туралы ҚР Заңы бойынша олар ҚР азаматтарымен бірге жер учаскелеріне ие бола алмайды.
Басқа субъективтік құқықтарға қарағанда құқық қабілеттілік барлық азаматтарға тән, яғни қазақшалап айтқанда еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін барлығы құқық қабілеттілікке ие, яғни заң барлық азаматтар үшін тең, ол азаматтардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдылық және мүліктік жағдайларына қарамайды. Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, ұғымына, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақылына және басқа жағдайларына қарап құқықтық қабілеттікте артықшылық ала алмайды.
Құқық қабілеттілік пен оны жүзеге асыруды айыра білу.
Жалпы құқық қабілеттілікті жүзеге асыру шарты азаматтардың әрекет қабілеттілігімен тығыз байланысты. Оны жүзеге асыру құқық қабілеттілікті әрекет қабілеттілігі жоқ адамдарға заңды өкілдер асырады. Олардың атынан, яғни әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері - ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасайды.
Заң бойынша азаматтардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыру туралы жалпы ережелерден басқа ерекше шарттары болуы мүмкін. Мысалы: арнайы мамандығы мен біліктілігі немесе заңдарда көрсетілген ықзмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиялар немесе арнайы рұқсат талап етілуі мүмкін.
Құқық қабілеттілігі жүзеге асыруда ерекше шарттардың пайда болуы сақталмаса, азамат не өзі не өкілі арқылы да іске кірсі алмайды. Мысалы, өндірістік кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне қатысуға қабілетті кез келген жеке тұлға бола алады делінген.
Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері яғни айналымнан алынып тасталынған заттар белгілі бір қатысушыға ғана тиесілі болуы керек. Көбінесе қаруларды рұқсаты жоқ тұлғалар алып жүре алмайды.
Азаматтың құқық қабілеттілігін адамның пайда болу фактісінен бөліп қарауға болмайды. Адам туғаннан бастап қайтыс болғанға дейін азаматтық құқықтың субъектісі болып есептеледі. Азаматтың қайтыс болуы, оның өлу фактісімен ғана есептелмейді, азаматтық заң бойынша азаматты өлді деп жариялау арқылы да оның өлім фактісі есебінде кетеді.
Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін.
Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін.
Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде, сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін.
Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz