ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … . . . 4
І ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ
1. 1 Ғұрыптық дағды және параллельдер мәселесі . . . 8
1. 2 Беташар ғұрпы және ондағы параллельділік құбылысы . . . 18
ІІ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ҒҰРЫПТАРЫНДАҒЫ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР
2. 1 Үйлену кезінде атқарылатын отбасылық ғұрыптар сипаты . . . 31
2. 2 Үйлену тойында атқарылатын ғұрыптардағы параллель элементтер . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
Глоссарий . . . 59
КІРІСПЕ
Зерттеудің жалпы сипаты. Ғұрыптық дәстүрлер үлгілері - қазақ халқының рухани және әлеуметтік өмірінде үлкен роль атқарады. Олар жанры жағынан да, түрі жағынан да аса бай мұра, қазақи салтқа қатысты ұшан-теңіз өлең-жырларының бір түрі, отбасының айнымас серігі. Ғұрыптық дағды үлгілерінің алуан түрлі қасиеті оның көркемдік-эстетикалық бітімінде ғана емес, халықтың тұрмыс-тіршілігімен, түсінігімен белгілі бір әдет-ғұрыпты атқару әрекетімен де етене жақын болуында. Оларды орындаудағы негізгі мақсат түрлі әдет-ғұрып, салт-кәдені атқару барысында осы оқиғаға қатысушылардың көзқарасын білдіру. Мысалы, ұзатылу тойында «Жар-жар» жыры арқылы қалыңдық өз сезімін, ойын білдіре алады. Ғұрыптық дағды үлгілерінде халық өмірімен байланысты этнографиялық аспектілер де тиісті дәрежеде ескеріледі. Адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан, киім кию формасынан, ойын түрлерінен, салт-дәстүрлерден, жасаған тағам түрлерінен ұлттық психикалық құрылымдар ерекшелігі байқалады. Мысалы, «Бөбек жыры», «Жар-жар», «Беташар», «Боздағым» т. б. өлең-жырлар, негізінен, отбасылық ғұрыптардың ішкі жанрлық түрлеріне арналған. Бұдан «туу-ержету-өлу» желісін құрайтын бірлік қана емес, халықтың түрлі түсінігінің тұтас дүниетанымының көрінісі екенін байқаймыз.
Қазақ әдебиеті тарихындағы әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты туған жырлардың жанрлық құрамының сан тарау, көп тоғысты алып арна екендігі белігілі. Сол ұлы арнаның бір саласы - отбасылық ғұрыптар. Отбасылық ғұрып жырларын басқа жанрлардан ерекшелейтін ең басты сипат - отбасылық тіршілікпен тікелей байланысты болып келуінде, яғни адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп, қоғамның белді мүшесіне айналу, ақыр соңы өмірмен қоштасар сәттегі соңғы сапарына дейінгі аралықты өлеңмен өрнектеп, әнмен әрлеп, өмір мен өнерді астастырып тірлік сәніне айналдыруында.
Отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихыындағы әрбір ғұрыптарда қайталанып келетін элементтер параллельді құбылыс ретінде сипатталады. Егер отбасылық ғұрыптар үш тағанмен, яғни Туу - Үйлену - Өлік жөнелту ғұрыптары бірлігінде түзілсе, онда осы үш тағанның бәрінде де бір-біріне ұқсас жайттар, параллельдер жиі кездесіп отырады.
Зерттеудің өзектiлiгi. Қазақ әдебиеті тарихы поэтикасының шығу тегі мен бастау бұлағының халық өмірінің тұрмыстық институттары мен әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, дәстүрлі дүниетанымдарына барып тірелетін ақиқат. Демек, ғұрыптық дағдыдың тарихи поэтикасын сөз етуде оның этнографиялық бастауларының маңызы әлденеше рет зорая түседі. Яғни, отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихының көркемдік әлемін саралау - оның дамуын этнографиялық параллельдермен бірлікте қарастыру деген сөз. Оны «этнографиялық байланыстар типологиясы» деп атаған Б. Н. Путилов былай деп жазады: «Этнографиялық байланыстар жанрды, сюжетті, бейнелілік жүйені қалыптастыруда аса маңызды роль атқарады. Кез келген ел әдебиетіндегі этнографиялық байланыстар типологиясын зерттеудің қаншалықты маңызды екендігі осыдан-ақ түсінікті болса керек. Бұл орайда оның сан қырлы, күрделі табиғатына баса мән берген жөн» [1, 303] . Демек, отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихыының поэтикасын саралауды, оның этнографиялық байланыстар типологиясынан бастау заңды құбылыс болып табылады. Бұл орайда, жалпы отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихының типологиясын жеке мәселе ретінде арнайы қарастыру емес, оны көркемдік құралдар мен әдіс-тәсілдердің генетикалық тегі мен этнографиялық бастауларын аңдататын қазақ әдебиеті тарихы поэтикасының арнасында қарастырып отырғанымызды ескерткеніміз жөн.
Қазақ қазақ әдебиеті тарихы ғылымында этнографиялық материалдар бертінге дейін қазақ әдебиеті тарихылық шығармалардың қандай жағдайда орындалатынын, атқаратын қызметі мен мазмұндық мәнін ашуға байланысты қосымша материалдар ретінде сипаттамалық тұрғыдан зерделеніп келеді. Әсіресе, халықтың тұрмыс-салтына, дәстүрлі дүниетанымына поэтикалық құрылымының кіндік бауы байлаулы ғұрыптық дағдыдағы кез келген поэтикалық элементті (мотив, сюжет, стиль, тіл кестесі т. б. ) оның этнографиялық астарын ашпай тұрып, саралау қиын.
Қазақ әдебиеті тарихындағы жарыспалы байланыстарын қарастыру типологиялық параллелдерді салыстыру арқылы жүзеге асады. Ал типологиялық зерттеулердің түп тамыры айналып келгенде, салыстырмалы-тарихи зерттеуден бастау алады. Ол - кез келген ғылымның ежелден қолданып келе жатқан басты тәсілдерінің бірі. Мәселе, сол әдісті қолдану әдістемесінің белгілі ғылыми нысананың ерекшелегіне орай жүйеленіп, арнайы мақсатта, арналы бағытта қолданылып, қалыпқа түсуінде. Бұл тұрғыда тарихи-салыстырмалы әдістің ХІХ ғасырдың соңына қарай Еуропа ғылымының тарих, этнология саласында әлем халықтарының этнографиялық ерекшеліктерін салыстыра зерттеуде ерекше дәуірлеген болатын. Ресейде А. Н. Веселовский еңбектерінен бастау алатын бұл мәселені кеңестік кезеңде В. М. Жирмунский, Б. Н. Путилов, К. В. Чистов [2, 16-22] сынды ғалымдар қазақ әдебиеті тарихытану арнасында методологиялық тұрғыдан негіздеп, нәтижелі жұмыстар жүргізді. Қазір ол жемісті жалғасын табуда. Оның жекелеген мәселелеріне байланысты арнайы ұжымдық еңбектер мен жинақтар да жүйелі шығарылып келеді [3, 172] .
Бұл тұрғыда қазақ қазақ әдебиеті тарихы ғылымында жарыққа шыққан еңбектердің некен-саяқ болуы оған әлі де толықтай, егжей-тегжейлі зерттеу жүргізуді талап етеді.
Зерттеу нысаны - Қазақтың отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихыындағы параллель элементтер, ұқсас құбылыстар, қайталамалы сюжеттер және олардың поэтикалық-мифтік астарлары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеу жұмысының мақсаты қазақтың отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихыындағы параллель құбылыстарды тереңірек зерттеу, олардың халық өміріндегі мән-маңызын анықтау. Біз адамның тууы, үй болуы мен дүниеден өтуі кезінде атқарылатын ғұрыптарға қатысты орындалатын өлең-жырларды тексеруді мұрат тұттық. Ғалымдардың берген сипаттамаларына сәйкес олардың рухани мағыналарын айшықтап көрсетуге ден қойдық. Осы мақсатқа орай мынадай мiндеттердiң шешiмiн табу көзделедi:
- Қазақтың отбасы қазақ әдебиеті тарихын жалпы қазақ қазақ әдебиеті тарихының тұтас жанрлық саласы ретіндегі үйлену тойындағы жанрлық өлеңдерге саралау жасау;
- Үйлену тойына байланысты ғұрыптық дағдының поэтикалық құрылымын, этнографиялық типологиялық байланыстар типологиясын, параллельдерді зерттеу;
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Отбасылық ғұрып қазақ әдебиеті тарихыының жүйелі зерттеле бастауы өткен ғасыр деңгейіне дөп келеді. ХҮІІІ ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың соңына дейінгі аралықта хатқа түскен П. И. Рычков, П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. Г. Андреев, А. И. Левшин еңбектеріндегі материалдар, негізінен, этнографиялық сипатта болды. Ал мәтіннің хатқа түсіп жарық көре бастаған уақыты ХІХ ғасырдың 2-жартысынан басталады. Олардың басында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, М. Ж. Көпеев, А. Е. Алекторов, А. П. Харузин, Н. И. Гродеков, Я. Я. Лютш т. б. зерттеушілер тұрады. Жинақтарда ғұрыптық дағды үлгілеріне ат қойып, айдар тағып қарастырылмағанымен, жекелеген жанрлық түрлері жайында құнды пікірлер жетерлік. Ал ХХ ғасырдың басында ғылым көгіне келген А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы бастаған алаш арыстары қазақ қазақ әдебиеті тарихытануын жаңа сатыға көтерді.
Кеңес өкіметі дәуірінде М. Ғабдуллин, М. Әуезов, Б. Уахатов, С. Сейфуллин, М. Сильченко еңбектерінде бірсыдырғы зерттелді. Сонымен қоса Әлкей Марғұланның, Әуелбек Қоңыратбаевтың, Едіге Тұрсыновтың, Бабаш Абылқасымовтың, Шәкір Ыбыраев сияқты қазақ әдебиеті тарихытанушылардың еңбегінде, Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, Н. Төреқұлов, Г. Болатова сияқты ғалымдардың диссертацияларында теориясына, отбасылық ғұрыптарға қатысты қадау-қадау ойлар баршылық.
Зерттеу жұмысының дереккөзi. Зерттеу жұмысында негізінен өзек ретінде А. Байтұрсынов, К. Ісләмжанұлы, Кендібаев Ф, Уахатов Б Абылқасымов Б т. б. авторлардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Жұмыста зерттеудiң әдiс-тәсiлдерiнiң бiрнеше түрi пайдаланылды. Олардың негiзгiлерi - дәстүрлi сипаттама әдiсi, тарихи-салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдiстерi.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы пәндерінен дәрiс оқуда септiгiн тигiзедi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1. 1 Ғұрыптық дағды және паралельдер мәселесі
Ауыз әдебиеті - қазақ әдебиеті тарихы әр түрлі тарихи дерек көздері арасында қазақ халқының өткен өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын құрайды. «Тарихымызды қамтитын хронологиялық шеңберінің кеңдігі, беретін мәліметтерінің молдығы, көлемінің көптігі жағынан қазақ әдебиеті тарихында басқа дерек көздері арасында ерекше орын алатын жайттар жетерлік» [4]
Академик Ә. Марғұланның айтуынша: «Ғасырлар бойы айтылып келген ертегі-жырды, аңызды, әңгімені ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түрік тілдес елдер» [5, 132] . Ол: «Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы заманынан басталады» [6, 215] . Ал, ол тайпалардың қазіргі Қазақстан жерінде б. з. д, IV-І ғасырларда мекендегені және қазіргі қазақ ұлтының өз негізін солардан алатындығы тарихтан белгілі. Олай болса, қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының кемінде 2, 5 мың жылдық тарихының дерек көзі болып табылады деп айтуға болады. Себебі, халқымыздың өмір салтының ерекшелігіне байланысты оның мыңдаған жылғы тарихы негізінен сол ауызша тарих айту арқылы, яғни қазақ әдебиеті тарихы арқылы бүгінге жеткен.
Профессор Б. Кенжебаев: «Тарих пен ауыз әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы. Халықтың ауыз әдебиетін дұрыс, терең ұғыну үшін оның тарихы қандай қажет болса, тарихын дұрыс, жете, толық білу үшін ауыз әдебиеті де сондай қажет» - деп жазды [7, 16] .
Қазақ халқының тарихы көбінесе ел жадында сақталып келеді. Ол аңыз, әңгіме, хикая, жыр түрінде тарады. Сондықтан бізде жазбалардан гөрі, ауызша айтылып жүрген аңыз-жырлар мол. Қазақ тарихының бірқатар мәселелері сол аңыз, жырлардан шығады [8] .
Өз тарихын телтума деректерінің негізінде зерттеу мүмкіндігіне енді ғана ие болған қазақ тарихшылары үшін тарихымыздың дерек көздері ретінде қазақ әдебиеті тарихы-дың маңызы ерекше. Мысалы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Р. Бердібаев: «Тарихтың хатқа түспеген кезеңдеріне келгенде, кейде қазақ әдебиеті тарихы мұрасы бірден-бір құжатты тіректің орнына жүретіні оның мәнін еселеп арттырады», - деп, қазақ әдебиеті тарихы деректерінің маңызын жоғары бағалайды [9, 196] .
Дегенмен, ауыз әдебиетінің мәліметтері басқа да деректер сияқты өздерін деректанулық талдаудан өткізуді, яғни ондағы ақпараттардың шынайылық деңгейін анықтауды қажет етеді. Ол туралы, әдебиет-танушы ғалым Т. Сыдықов: «Әдебиет - тарих емес, тарихи күрес, оқиғалардың айнасы, сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын одан талап етуге болмайды, Кейде дәл келсе, кейде тарихшы шындықтан аулақтап кетуі мүмкін. Олай болуы заңды. Өйткені оқиғаны өзінше түсініп, өзінше баяндауы - ауыз әдебиетінің өкілдеріне жалпы тән нәрсе», - десе [10, 141], Мәлік Ғабдуллин кезінде; «Ауыз әдебиеті тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді, Кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді. Сондықтан ауыз әдебиетін тарихтың өзі, оның документі деуге болмайды», - деген ой айтқан [11, 87] .
Қазақ қазақ әдебиеті тарихының, соның ішінде, отбасылық ғұрып үлгілерінің де «жиналу, жариялану, насихатталу, зерттелу тарихының кезеңдері ғасырлар тереңіне кетеді» [12, 4], - дегенмен, оның арнайы түрде жүйелі хатқа түсе бастаған уақыты ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Арнайы, жүйелі саралаудың бұлайша кенжерек қолға алынуының өзіндік себептері бар. Ең алдымен, қазақ әдебиеті тарихы ауызша айтылып, таралып, негізінен күнделікті тұрмыста қолданбалы қызмет атқаратындықтан, оны қағазға хаттап отырудың қажеттілігі болмағаны белгілі [13, 13] .
Екіншіден, өз заманында жадына берік тұтып, өмірінің мәні мен сәніне айналдырған ұлттың төл перзентінің санасында «осы дәуірлеп тұрған көркем дүние ертең жойылып кетеді-ау» деген қауіп болмайды, дәстүрлі мәдениеттің иесі оны мәңгілік рухани мұра деп таниды. Оны жинау мен хатқа түсірудің әрқашанда, алдымен, басқа ұлт өкілдері мен көрші елдер тарапынан болатыны да сондықтан. Өйткені бірінші жағынан басқа ұлт өкілдеріне бұл мәдениет тосын, таңсық көрінсе, екінші жағынан, жазбаша мәдениетке көшкен ел өкілі оның ертең заман ауқымы мен жаһандану үрдісінен басқа мәдени дәстүрдің ықпалына түсіп жедел өзгеретінін біледі, үшіншіден, ең бастысы, халықтық мәдениетті зерттеу - сол халықтың болмысын бағамдаудың және адамзат мәдениетінің даму жолын барлаудың төте жолы. Дамудың басқа сатысында тұрған елдердің дәстүрлі мәдениет Еуропа ғалымдарының құлшына жинап, құмарта зерттеуі соның дәлелі. Кейіннен бұл топқа сол халықтың оқыған өз зиялылары да қосылады, олар енді өз халқының әлемдік өркениетке тартылу жолында ұлттық келбетінен айрылып қалмауы үшін дәстүрлі мәдени мұраны жинауға, жүйелеуге, зерттеуге, насихаттауға барын салады. Әлем халықтары мәдениеті тарихының қай-қайсысына көз жіберсек те, олардың мәдени мұрасының жиналу, жариялану, зерттелу тарихнамасының осы заңды көрінісін танимыз.
Қалай дегенде де, қазақ қазақ әдебиеті тарихыының жиналу, хатқа түсіп, қордалану мәселесіне шүкіршілік айтуға әбден болады. Көшпелі өмірдің дәстүрлі мәдениеті дәуірлеп тұрған кезде қаймағынан қалқып болса да дені жиналып қалды.
Қазақ әдебиеті тарихын неғұрлым нақтылы, жүйелі зерттеудің жолдары көп. Өскелең дәуіріміз бен талғамы күшті жұртшылығымыздың биік талаптарына жауап бере аларлық жаңа ізденістер жүргізу қажеттігі кәміл. Ол үшін ауыз әдебиеті туралы ғылымды да жетілдіре, оның методологиялық тәсілін кеңейте, кемелдендіре түсу шарт.
А. Байтұрсынов жасаған халық шығармашылығының жүйесі төмендегідей [14, 232] :
Ауыз әдебиеті
Сауықтама
Сарындама
Ертегі жыр батырлар
Ділмәр сөз афоризм
Бас қатырғыш сөздер
Түрлі терме өлеңдер
А. Байтұрсынов еңбегі біріншіден әдеби зерттеуге арналғандықтан, көріп отырғанымыздай халықтың тарихи шығармашылығын халықтық таза қазақ әдебиеті тарихылық әдеби шығармалардан (ертегі, айыс, той бастар т. б. ) бөлмей сыныптаған.
Қазақ халық шығармашылығының сыныпталуына белгілі ғалым X. Досмұхамедұлы, тарихи шығармашылық жанрын бөліп қарамаса да, өз пікірін айтып кеткен, ол да ауыз әдебиеті жүйесіне белгілі ауызекі шығармашылық дәстүрлердің бәрін енгізген [15] . Халел Досмұхамедұлы жасаған жүйе төмендегідей:
1. Эпос (жыр) : а) батырлық; б) тарихи; в) жануарлық;
2. Ертегілер;
3. Мақал-мәтелдер;
4. Жұмбақтар;
5. Ырым сөздер;
б. Жаңылтпаш;
7. Наным-сенімдер;
8. Аңыздар;
9. 12-жылдық жыл санау (жыл, ай, апта атауларының және жыл мезгілдері туралы әңгімелер) ;
- Жын-шайтан (демонологиялық - Жалмауыз-кемпір, Жезтырнақ, Албасты, Марту, Қара, Обыр, Үбе, Жын, Пері т. б. ) ;
- Аспан денелері туралы (космогониялық - жұлдыздар, найзағай, жасын, құлаған жұлдыз, Шолпан, Жетіқарақшы, Аққу шоғыры, Кемпірқосақ т. б. ) ;
- Түс пен оны жору;
- Ойын, жаңылтпаш, қайтарма;
- Ескілікті әңгіме;
- Шежіре а) жеке кісі; б) ру; в) тайпа; г) жеті ата; д) хандар;
- Тұрмыс-салт жырлары (Қыз-Жібек, Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу, Айман-Шолпан т. б. ) ;
- Айтыс а) рулық айтыс; б) тайпалық тартыс; в) қыз бен жігіт айтысы; г) жұмбақ айтыс; д) хат арқылы айтыс;
- Мақтау өлеңдер а) кісі мақтау; б) ру мен тайпаңы; в) отанды, туған жерді; г) оқиғаны, затты, жануарды т. б. ;
- Жоқтау өлеңдері а) аруақты немесе жер аударылған кісіні, б) отанды; в) жастық шақты; г) ғашықты т. б. ;
- Жылап-сықтау;
- Көңіл-айту, жұбату өлеңдері;
- Мысқыл, келеке, кекесін-келемеж, шағу;
- Билік сөз (билердің шешен шешімдері, нақылдары) ;
- Бата, алғыс сөздері;
- Қарғыс сөздер;
- Күлкі, көңіл көтеру сөздері;
- Әзіл сөз;
- Үгітөлең;
- Зар-заман толғаулары;
- Қыздырушы, намысқа шақырушы өлеңдер;
- Болжау өлендері;
- Өсиет өлеңдері;
- Өмірбаян өлеңдер;
- Бесік жыры;
- Үйлену тойы өлеңдері а) жар-жар, б) той-бастар, в) беташар;
- Ғашықтық өлеңдер;
- Қоштасу өлендері;
- Көрісу өлеңдері;
- Сәлем-өлеңдер;
- Әруақпен тілдесу;
- Емдеу өлеңдері: бақсының жын шақыруы, оқу, арбау, көшіру, қағу, үшкіру, дем салу, садақа-құдайыда бата беру, кітап-ашу, бой-тұмар сөздер, құмалақ ашу т. б. ;
- Өтірік-өлең;
- Жарапазан;
- Боғауыз өлең;
- Діни сарынды өлеңдер;
- Араб-парсы әдебиетінен кірме әдебиет.
М. О. Әуезов өзінің Л. С. Соболевпен бірігіп жазған мақаласында қазақ шығармашылығын төмендегідей сыныптайды [16] :
1. Ауыз әдебиетінің кіші үлгілері: үйлену өлендері (жар-жар, беташар, сыңсу), лирикалық тұрмыс өлеңдері: (жоқтау, қоштасу, естірту) .
Ертегілер, аңыздар, мақалдар, жұмбақтар (ертегілер - қиял-ғажайып, тұрмыстық, балаларға арналған, аңыздар және күй-аңыздар) .
Батырлық эпос (батырлар жырлары: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын») .
Лирикалық-тұрмыстық жырлар: «Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу», «Қыз-Жібек», «Айман-Шолпан» және т. б.
Тарихи өлеңдер.
Ақындардың тартыс жырлары - «Айтыс».
Көріп отырғанымыздай халық шығармашылығы көбіне әдеби тұрғыдан зерттеліп, кейде тек халық шығармашылығының тізімі түрінде берілген. Жоғарыда келтіріліп отырған қазақ дерек көздерінің осы күнге дейін жасалған жүйеленуі де әдеби тұрғыдан жасалып, әдеби-жанрлық жағы басым алып кеткен. Мұның өзі қазақ әдебиеті тарихыдың ғұрыптық жанрларының да, көркем жанрларының да әдеби мәні өте жоғары екендігін көрсетсе керек.
Ауыз әдебиеті мұрасының өзіндік өзгешелігін анықтауға аса қажетті тәсілдің бірі - салыстырмалы-тарихи әдіс болмақ. Орыс қазақ әдебиеті тарихытану ғылымы ауыз әдебиеі шығармаларын осы тәсіл негізінде тексеріп, күрделі нәтижелерге жетіп жүргені белгілі. Шынында да қазақ әдебиеті тарихы материалдарына кең де жүйелі салыстырулар жасамай, ондағы үндес, қайталама фактілерді тексермей, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алмай, ауыз әдебиетінің табиғатын түсіну қиын.
Бұл мәселені теориялық жағынан дәлелдеп, арнаулы еңбек жазған көрнекті орыс қазақ әдебиеті тарихышысы Б. Н. Путилов: « . . . в широком смысле под типологий следует, очевидно, понимать закономерную, обусловленную рядом обьективных факторов повторяемость в природе и обществе, которая обнаруживает себя в пердметах и явлениях, в свойствах и отношениях, и в элементах и структурах, в процессах и состояниях» [1, 56], - деп көрсетеді. Түптеп келгенде, салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты жеке фактілердің ұқсастығын немесе сәйкестігін анықтау ғана емес, ортақ заңдылықтар мен процестерді табу болмақ . . .
Қазақ әдебиеті тарихыдағы ұқсастық пен сәйкестіктің өзі типологиялық, генетикалық және тарихи-мәдени байланыстылық делініп, негізінде, үш жүйеге бөлінеді. Мұның алғашқысы неғұрлым кең тараған тұрақты фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар туысқан халықтардың, дамуы жағынан түрлі сатыдағы (стадиядағы) жұрттардың, ұзақ уақыт бір-бірімен мәдени қарым-қатынаста болып келген көршілердің қазақ әдебиеті тарихыын салыстырып зерттеу де пайдалы. Ал, жалпы алғанда, салыстырмалы-тарихи әдістің жемісті болуы белгілі бір халықтың қазақ әдебиеті тарихылық материалы жеке жанрлар бойынша да, тұтастай да меңгеріліп, сипатталып, жан-жақты көңіл бөлінуіне тікелей байланысты [17, 4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz