ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ


ЖОСПАР
КIРIСПЕ . . . 3
І тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. 1. Валюта түсінігі, жалпы сипаттамасы . . . 7
1. 2 Валюта жүйесінің мәні және дамуы . . . 11
1. 3 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері . . . 19
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы . . . 34
2. 2 Валюта бағамы және оның мәні . . . 38
2. 3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу . . . 46
ІІІ тарау. «Дүниежүзілік валюта жұйесі» тақырыбын мектепте
оқыту әдістемесі.
3. 1. Экономика негіздері пәнін оқытуда қойылатын талаптар . . . 52
3. 2. «Экономика» мектеп курсында «Валюталық курс» тақырыбын оқытудың әдістемелік нұсқауы . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
ҚОСЫМШЫЛАР . . . 66
КIРIСПЕ
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу - ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. [3, 25] Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4, 75 теңге болып бекітілген. Тоқтала кететін мәселе, осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.
Әуелгіде ұлттық валютаға беделді бабаларымыздың тұлғасын беру қазақтың кім болғандығын айғақтап тұратын ерекшелік ретінде жасалған шара секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді. «Жалпы отарланған ұлттардың үлкен бір арманы - Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту. Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді.
Ұзақ мерзімді перспиктивадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор. Теңгенің бағамы төмен жағдайда импортты көбейту экономика үшін тиімсіз, ол өңдеу өнеркәсібінің шикізат емес салалары мен қызмет салалары үшін валюталық тәуекел үрейін арттыра түседі.
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5 - 6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу - сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағамы өсіп келеді.
Қазақтың ұлттық валютасы көршілес елдердің ішінде үлкен құнды ақшаға айналып отыр. Сондықтан да Орталық Азия елдері арасында қос тілді болып, әріп қатесі кеткені болмаса, теңгенің беделі өте жоғары, бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық валюта - ел экономикасының жағдайын көрсететін, айырбас құралы ғана емес, ұлттың айнасы болуы тиіс.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады. [4, 15]
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Диплом жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері” деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Бұл мақсатқа жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:
- халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
- халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
- Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады: бiрiншi тарауда жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылды, ал екінші тарауда валюталық жүйенің негізгі элементтері валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР-сы валюта жүйеснің даму барысы мен валюталық жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды. Үшінші тарауда аталмыш тақырыптың оқыту әдістемесі қарастырылған.
І тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
- Валюта түсінігі, жалпы сипаттамасы
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) харықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс сүштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасылымы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатуының ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олар-дың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу карқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. [5, 18]
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу жэне несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. [5. 26 ]
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі эномикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
-ұлттық валюта;
-ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан) . ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы - 21, жа-пон иені - 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта - еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;
-валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі) . Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді [22; 54] .
Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
-валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
-халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
-валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
-валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі) .
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі. [5, 30]
Еуропалық валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:
-әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем) ;
-валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
-валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
-валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
-халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді) ;
-халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін
үйлестіру;
-әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
-мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан
Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Аймақтың валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валю-
та жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі да-
мыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағынын дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.
Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінін элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. [5. 33 ] Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзшік валюта жүйесі әлем-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
1. 2 Валюта жүйесінің мәні және дамуы
Валюта - елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.
Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz