Дағдарыс шартында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респубикасының Білім және ғылым министрлігі

«Дағдарыс жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорнын басқаруды жетілдіру жолдары»

(«Әділ» шаруа қожалығы мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . ……… . . .
4
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 1
4: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫН БАСҚАРУДЫҢ ОЙТҰЖЫРЫМЫ МЕН МАШЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МӘСЕЛЕСІ . . .
6
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 1. 1
4: Дағдарыс жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі . . .
6
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 1. 2
4: Ауылшаруашылығы кәсіпорнын нәтижелі басқарудың негізгі бағыттары . . .
9
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 1. 3
4: Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау . . .
16
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 2
4: «ӘДІЛ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ . . .
25
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 2. 1
4: «Әділ» шаруа қожалығы зерттеу нысаны ретінде . . .
25
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 2. 2
4: «Әділ» шаруа қожалығына қаржылық талдау . . .
28
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 2. 3
4: «Әділ» шаруа қожалығына экономикалық талдау . . .
38
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 3
4: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫН БАҒЫТТАЙТЫН ШАРАЛАР . . .
44
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 3. 1
4: «Әділ» шаруа қожалығының бәсекелестігін арттыру үшін өндірісті жоспарлау шаралары . . .
44
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 3. 2
4: «Әділ» шаруа қожалығының қызметін оңтайландыру барысын маркетинг қағидасында жоспарлау . . .
47
КІРІСПЕ. . ……… . . .: 3. 3
4: Дағдарыс жағдайында «Әділ» шаруа қожалығының бәсекелестігін арттыру жағдайындағы ұсыныстар . . .
50
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 55
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 57
КІРІСПЕ. . ……… . . .:
4:
КІРІСПЕ. . ……… . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
4: 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ауыл шаруашылығы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саласында ерекше орын алады. Баршамызға мәлім, Республикамыздың экономикалық өрлеуінде ауыл әрқашан ерекше орында болған және болады да, қоғамымыздағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың негізі ауыл жұртшылығы.

Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 43 пайызы ауылдық жердің тұрғындары. Осыған қарамастан экономикалық әлеуетті жұртшылықтың үштен бір бөлігі ауыл шаруашылығымен шұғылдануда. Бұл екі жарым миллион адам. Бұл дегеніміз ауыл тұрғындарының үштен екісі өзін жұмыспен және табыспен қамтып отыр деген сөз.

Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде өзінің бірқатар ерекшелігімен, шынайы мәнбірмен тығыз байланыстылығымен айқындайды.

Ауыл шаруашылығы экономиканың бір саласы ретіндегі бірінші ерекшелігі өндірістік жүйе - еңбек көзі болып табылатын тірі табиғатпен - жермен, тірі ағзалармен - жануарлармен, өсімдіктермен тікелей байланысқан.

Өндірістік циклдың негізін тірі ағзалардың пайдалы ерекшеліктерімен, құнарлы сапалық деңгейі адамға қажетті белгілі бір деңгейге дейін өсіруге бағытталған әсер етуден құралады.

Ауа-райының маусымдық ерекшелігінен болатын үзілістерге байланысты ауылшаруашылығындағы өндірістік цикл басқа салаға қарағанда ұзағырақ.

Мүйізді ірі қара етін өндіру бірнеше жылға созылады.

Нарықтағы аграрлық қатынастың ерекшелігін анықтайтын:

1) табиғи-климаттық мәнбірлердің әр-түрлілігі, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тәуекел табиғи жағдайға байланысты, - ауылшаруашылығы өнімдерін сақтандырудың құқықтық негізін қалау;

2) көбінесе табиғи факторларға, экономикалық шарттарға ауылшаруашылығы нарығының, оның жағдаятына байланысты болғандықтан ауылшаруашылығы өнімдеріне бағаның тұрақсыздығы;

3) ауылшаруашылығы өндірісіндегі өндірістік циклдың ұзақтығына байланысты инвестицияның тартылуы әлсіз;

4) қазіргі уақытта Қазақстанның диқаншылық саласында заман талабына сай жоғары сапалы, бәсекелестік қабілеті жоғары ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді дамыту мақсатында терең өзгерістер өткізіліп жатыр және де шаруашылық субъектілеріне басқару әдістерін ұйымдастыруда біршама дербестік ұсынуда бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының маңызы зор.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дағдарыс кезеңінде ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқарудың пайдалы маңызын арттырудың жолдарын анықтау.

Міндеттер бойынша жұмыста келесі тапсырмалар қойылады:

  • ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқарудың ойтұжырымдық құбылысын зерттеу;
  • ауылшаруашылығы мекемесін басқаруды жетілдірудің тұжырымдамалық қөзқарасын ашу;
  • ауылшаруашылығы мекемесін пайдалы басқаруды негізгі бағыттарын зерттеу;
  • кәсіпорынның қызметтегі негізгі қаржылық көрсеткіштерін бағалауды өткізу;
  • ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқаруды ары қарай жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу;
  • қорытынды шығару.

Зерттеу объектісі «Әділ» шаруа қожалығы болып табылады.

Зерттеу пәні. Жұмыстың мән-мағынасы - ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқару жүйесін ашу.

Әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмыстық ойтұжырымдық негізіне Котлер Ф., Бойда Х., Ионова А. Ф., Селезнева Н. Н., Портер М., Савицкий Г. В., Крылов Э. И., Жалкин А. Н. және т. б. ғалымдардың жұмысы қолданылды.

Ғылыми тұрғыдан, бұл дипломдық жұмыстың жаңашылдығы, жаңа экономикалық дәуірде ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқару мәселелерін жүйелеп зерттеу мәселесінің пайда болғандығынан, жаңа экономикалық жағдайда басқару жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру және ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқарудың жаңа жүйесін жасау болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс барысында алға қойылған тапсырмаларды шешудің тәжірбиелік мәні зор, өйткені ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқару жүйесін талдау, ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқаруды жетілдіруге бағытталған іс жүзіндегі шараларды жетілдіреді.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың маңыздылығы анықталынады; іс-әрекет және дипломдық жұмыстың нысаны; дипломдық жұмыстың қолданыстағы маңыздылығына қорытынды шығарылады.

Бірінші бөлімде дипломдық жұмыс тұжырымдық мағынада ашылып, ауылшаруашылығы кәсіпорынын басқару құбылысын көрсетеді.

Екінші бөлімде «Әділ» шаруа қожалығының қаржылық-экономикалық қызметіне талдау жүргізілген.

Бірінші және екінші бөлімнің негізінде «Әділ» шаруа қожалығын басқарудың тиімділігін арттырудың шараларын ұсыну дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде көрсетіледі.

Қорытынды бөлімде орындалған зерттеудің шешімі келтіріледі.

1 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫН БАСҚАРУДЫҢ ОЙТҰЖЫРЫМЫ МЕН МАШЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МӘСЕЛЕСІ

1. 1 Дағдарыс шартында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі

Ауыл шаруашылығы - агроөнеркәсіпте де, халық шаруашылығында да күрделі және көп еңбекті қажет ететін сала.

Біріншіден жерлік және климаттық шарттардың өндіріске әсер етуінен тұратындығын айта кету керек.

Олардың кері әсер етуіне белгілі бір деңгейдегі биологиялық, техникалық-технологиялық, ұйымдастыру-экономикалық факторлармен: ауа-райыны төзімді, түсімділігі жоғары ауылшаруашылығы өсімдіктерін, өсімталдылығы жоғары мал тұқымдарын жетілдіруді кең көлемде жүргізу, ауылшаруашылығын заттық-техникалық негізде күшейту, өндіріске ілгерішілдік технологияларды енгізу, еңбекпен өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тетіктерімен саланы реттеумен қарсы тұруға болады.

Бірақ, Қазақстанның ауылшаруашылығы белдеулерінің биоклиматтық күш-қуаты өз алдына төмен, саласы - артта қалған материалды техникалық негізге сүйенуде, ауылшаруашылығы экономикасының жалпы деңгейі ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың экономикалық тетіктерін бар күшімен қолдануға мүмкіндік бермейді.

Осыдан, дамудың бәзбір жетістіктеріне қарамастан, біздің ауылшаруашылығымыз дамыған елдердің ауылшаруашылығы деңгейіне әлі жете алған жоқ.

Еліміздегі ауылшаруашылығы саласының жағдайы жалпы экономиканы қайта құру барысында күйзеліске ұшырады.

Әлемдік тәжірибенің өзі өндірістің құлдырау кезеңі қайта құру барысының бас кезеңіне келетіндігін дәлелдеп келеді.

Дүниежүзілік дағдарыс тарихын зерттеу дағдарыс барысында экономиканың: тоқырау - құлдырау - дағдарыс - тірілу - реттелу - көтерілу кезеңінен өтетіндігін анықтап отыр. Бірақ, бұл барлық мемлекеттер автоматты түрде осы дәл осы кезеңдерді қаз-қалпында өтеді деген мағынаны білдірмейді (анығырақ: тоқырау кезеңін өткергендер) . Тоқыраудан өту түбегейлі экономикалық шешімдер мен нақты іс-шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Қазіргі уақытта біздің экономикамыз дағдарыс кезеңін бастан өткеруде. Ауылшаруашылығы өндірісінің ішкі жалпы өнімінің көлемі өте аз, отандық өнімдер өндірісі халықтың сұранысын теңгере алмауда.

Ауылшаруашылығы кешенінің салааралық байланысы қатынасының деңгейі төмен. Баға теңсіздігінен ауылшаруашылығы өндірушілері 65-70 пайыздық шығынға ұшырай отырып, дайын өнімнен бар-жоғы 10-30 пайыз табыс көре алады. Ауылшаруашылығының заттық-техникалық базасы ескірген. Тракторлардың жетімділігі 56 пайызды, астық жинайтын комбайндардың жетімділігі 61 пайызды ғана құрайды. Осының 70 пайызының өзі өз қажырын атқарып қойған техникалар. Ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шындығында, минералды тыңайтқыштарды қолданбайды. Олардың қаржылық жетістіктері төмендеп кеткен [1] .

Мемлекеттік бағдарламалардың басты назары ауыл шаруашылығына, жалпы агроөнеркәсіптік кешенге аударылуы қажет, әйтпесе дағдарыс үрдісі жалғаса бермек.

Басты назарға салаға қаржы шоғырландыру, салық салудағы және несиені алудағы жеңілдіктер, мемлекеттік қаржыландыруды кеңейту және басқа да экономикалық іс-шараларды жүргізу жатқызылады. Заттық-техникалық негізді нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін керек.

Осы қалыптас басты шарттар шешімін табысымен кәсіпорынның жағдайы түзеледі, осы уақыттан бастап өндірісті ұйымдастыру талабы да арта түспек.

Өзгерістердің бастапқы кезеңінде кәсіпорындарды қайта құрудан үлкен табыстар күтілген. Колхоздар мен совхоздардың негізінде қайта құрылған жаңа ұйымдастыру-құқықтық негіздегі кәсіпорындарға толық экономикалық тәуелсіздік ұсынылысымен, олар нарықтың жаңа заңдары мен тәртібін қолдана отырып өндіріс қуатын арттыра алады деп болжанған. Бірақ, олай болмады, өйткені кәсіпорынның қуаттылығының кілті құқықтық-ұйымдастыру негізінде емес, ол өндірісті табысты ұйымдастыра білуде.

Өндірісті табысты ұйымдастыра білу дегеніміз - ұзақ уақытқа мақсат қоя білу; өндірістің табысты бағдарламасын жасау; басқару және ұйымдастыру негізін қалау; шаруашылықты үнемді жүргізу; негізгі қорды жинау; шаруашылықтың ішкі экономикалық құрылымын анықтау; жоспарлау, есеп және бақылаудың қолайлы жүйесін кіргізу; жоғары пайдалы еңбекті ынталандыру; жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жасау.

Өндірісті ұйымдастырудың қағидасын, шарасы және қалыбын табуда ғылымның алатын орны зор. Ғылыми жетістіктерді өндірісте табысты пайдалана білу - кәсіпорын басшылары мен мамандарының басты міндеті.

Ауылшаруашылығы экономисті ауылшаруашылығы өндірісінің даму ерекшелігін жақсы білуі шарт: кәсіпорынның өндіріс пен ұйымдастыру құрылымының негізгі әдістерін, ішкі шаруашылық бөлімшелері негіздерін, шаруашылықты жүргізу жүйесін, шаруашылық қалыбын, жұмысшылардың қорды пайдалы жұмсаудың топтық ұстанымы мен қағидаларын, әдіс-шаралары мен қалыбын, мал шаруашылығы мен дақылдарды өсірудегі техникамен технологияның ілгерінді түрлерін қабылдау; еңбекті материалды ынталандыруды ұйымдастырудың қалыбы [2] .

Заманауи маман нарықтық қатынас туралы білімді, кәсіпкерлік ұстанымы жоғары, өндірістік шаруашылық жағдайдан хабардар, басқару-ұйымдастыру туралы дұрыс шешім қабылдауға қабілетті болуы шарт.

Өндірістегі маман-технологтардың экономикалық білімді болуы шарт.

Өндірістік саланы, өндірістегі үрдісті ұйымдастыру барысында технологиялық және ұйымдастыру шешімінен экономикалық пайдалы нәтиже алу үшін дер кезінде түзетулер жасауға даяр болу керек.

Ауылшаруашылығы өндірісінің ойтұжырымы мен нақты іс нәтижесі салдарын терең білу, іске шығармашылық тәсілмен қарау, жетекшілік пен кәсіпкерлік ұстанымды, ұжымның жұмысын ұйымдастыра білу - қазіргі заманның ауылшаруашылығы маманына қойылатын басты талап болып табылады.

Кәсіпорынды нарықтық экономика жағдайында басқару орталықтандырылған әкімшілік-басқару жүйесінен әлдеқайда қиынырақ.

Бұл құқықтар мен жауапкершіліктің артуымен, қоғамда болып жатқан өзгерістеріне төтеп бере алу қажеттілігімен байланысты.

Бұрын кәсіпорындар дербес шешпеген және алға қоймаған жаңа міндетті мақсаттар мен тапсырмалар пайда болды, көптеген жаңа кәсіпорындар пайда бола бастады, жекешелендіру үдірісімен меншік түрі өзгерді, жаңа шаруашылық байланыстар пайдаланыла бастады, нарықтық басқару тетігі жетіле бастады. Осыған байланысты пайда болған көптеген мәселелердің шешімін кәсіпқой басқару жүйесінсіз шешу мүмкін емес.

Және де, жаңа экономикалық және әлеуметтік қатынастар нығаюымен оның атқаратын міндеті де ұлғаяды, себебі басқару дегеніміз - қоғамдық дамудың қозғалтқышы.

Ауылшаруашылығы кәсіпорнындағы үрдісті түсіну үшін бастысы ұйымдастыру және басқару ұғымын анықтап алу қажет.

Ұйымдастыру - бір мақсатты, мағыналы, тапсырма бойынша, өзіндік

- қаржылық қоры;

  • материалдық қоры;
  • жер қоры;
  • жұмыс күшінің қоры;
  • ақпараттық қоры;
  • уақытша қоры;
  • бар, өзара қарым-қатынастағы басқарылатын бөлімдердің (бөлімшелер, адамдар және т. б. ) ашық жүйесі [3] .

Басқару - бұл кәсіпорындағы аталған алты қордың алдын ала мақсаттағы стратегиялық жоспар бойынша бөлініп, қозғалуы нәтижесін үздіксіз бақылау үрдісі.

Басқарушы өнері - сыртқы мәнбірлердің өзгеруіне қарамастан алдын ала жоспарланған нәтижеге жету болып табылады.

Ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқару меншік түрімен шаруашылықты жүргізу қалыбымен тығыз байланысты.

Жеке меншік түрімен шаруашылықты жүргізу қалыбы қатынасының дамуы қоғамдық тарихтың негізгі бөлігі болып табылады.

Бұл үрдіс алдын ала себептер мен бір-бірімен тығыз байланысты бірқатар шарттар мен факторлармен анықталады.

Ол меншік нысанына ғылыми - техникалық алға басу нәтижесінде сандық және сапалы өзгертулермен ескертілген. Тап осы мәнбір ықпалымен өндіргіш күштер, дайын еңбек өнімі көлемі артады (таратуға, айырбасқа және иеленуге жататын), әр түрлі меншік нысанының мағынасы өзгереді (сонымен қатар, ой меншігі құндылығының соңғы жылдардағы жылдам өсуі) .

Меншік түрлерінің жетілуімен шаруашылық қызметті басқару меншік субъектілерінің мінез-құлығындағы өзгерістермен қатар экономикалық, саяси, заңдық, демографиялық және басқа шарттардың күрделі жиынтық дамуына тәуелді болады.

Заманауи ғылыми әдебиет «қалып» түсінігінде тәсіл және айтылулардың қабылданған амалын, құрамдас бөліктердің бірлігін, қасиетін, ішкі үдерістің, байланыстардың және нысанның қайшылықтарының іске асырылуын жеткізеді.

Ауылшаруашылық өндірісінің ұйымдық түрлерін келесі негізгі мінездемелермен топтастыруға болады :

  1. мөлшер деңгейіне - салыстырмалы ұсақ, орта және ірі;
  2. еңбекті бөлу деңгейіне - мамандандырылған және көпсалалы әртараптандыру;
  3. еңбекті қоғамдастыру деңгейіне - дара, жанұялы, ұсақ топтық, ірі ұжымдық ;
  4. техникалық жабдықталу деңгейіне - қолдық еңбек басымдылығымен, жартылай-механикаландырылған, кешендік-механикаландырылған, автоматтандырылған;
  5. шоғырландыру деңгейіне қарай - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған;
  6. ғылыми негіздегі технологиялардың қолданылу деңгейі - дәстүрлі, жарым-жарты жетілдірілген, ғылыми негізді [4] .

Сонымен қатар кәсіпорынның жұмыс жасау нәтижелілігі недәуір мөлшерде экономикалық, әкімшілік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық әдістердің дұрыс үйлестірілуіне тәуелді болады.

Нарықтық экономика шарттарында бұл әдістерді қолдану заттық-ақшалы шығындардың үнемділігін қамтамасыз етуге және кәсіпорынның пайдалылығын жоғарылатуға бағытталған болуы керек.

1. 2 Ауылшаруашылығы кәсіпорнын нәтижелі басқарудың негізгі бағыттары

Ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру-жерді, еңбекті, техниканы, заттық-өндіріс және қаражаттық қорлардың өлшемдерін нәтижелі қолдану жүйесін іске қосу арқылы ірі көлемдегі жоғары сапалы өнімді аз мөлшердегі шығынмен алу болып табылады.

Соңғы жылдардағы қайта құру үрдісімен көптеген колхоздар мен совхоздар акционерлік немесе басқа қоғамдастыққа және серіктестікке, ауылшаруашылығы кооперативтеріне, шаруа қожалықтарына немесе олардың қауымдастығына айналып кетті.

Кәсіпорындардың біразы бұрынғы құқықтық-ұйымдастыру қалыбын сақтап қалды.

Бастапқы міндет, ауылшаруашылығы кәсіпорнының, шаруа (фермерлік) қожалығының нарықтық экономика шарттарында болашағы бар қалыбын құру болып табылады.

Сонымен қатар пайдалылық өлшемі ретінде өндірісті ұлғайту, шығындарды үнемдеу, әлеуметтік жағдайды жетілдіру болып табылады.

Кәсіпорынның қор тәуелсіздігін қамтамасыз етілу деңгейін, кәсіпорынның қорын пайдалы қолдануды ұйымдастыру қағидасын негіздеп алу қажет.

Жердің, негізгі қордың және айналым қаражатының, жұмыс күшінің бар болуы кемел өндірістік бағдарламаға сәйкес болуы керек, өндірістік күшті шоғырландыру-өндірістің ұлғаюына, ал қордың әр түрі мейлінше пайдалы қолданылуы қажет.

Жерді пайдалануды ұйымдастырудың басты талабы оны сандық және сапалы есеп жүргіздіре отырып, шаруашылық және экономикалық тұрғымен жер телімін өңдеу мен тыңайтуды, топырақ қабатын сақтаудың басқа да шараларын ұдайы жүргізу.

Өндіріс құралдарын қалыптастыру мен пайдалану бағытындағы басты тапсырма негізгі және айналымдағы құралдарды жандандыру, машиналар мен құралдарды меңгеру жүйесі, машина-трактор паркін зерделеп жабдықтау, техникалық құралдардың жетілген түрлерін қолдану, техникалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, жөндеу және күту, қалыпты таңдау және нарық шартында қормен қамтамасыз ету бағытындағы кеңестер мен ұйымдастыру іс-шараларына тоғысады.

Еңбек қорының мүмкіндіктерін пайдалы қолдану мәселесі оның кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі ерекше орын алу шарты, оның қалыптасу мәнбірін зерттеуге сілтеме жасайды.

Маусымдық қана емес еңбек күшін қолдану, еңбек және еңбек үдерісінің жетілген түрлерін меңгеру, жұмысшыларды жоғары өндірісті еңбекке ынталандыру уәжін ойлап табу мәселесі туындап келеді.

Нарық шартындағы өндірісті жоспарлау мен жобалауды ұйымдастыруда тың шешімдер қажет.

Жоспарлау жүйесі, жобалау кағидасын, кәсіпкерлікке, коммерцияға, бәсекелес ортаға бағытталған өндіріс-қаржылық қызметтегі көрсеткіштерді тереңірек зерттеу мәселесі туындады; сәйкесінше жоспардың орындалуын жобалау мен бақылауды ұйымдастыру жүйесі өзгереді.

Технология мен техниканың жетілуі мал шаруашылығы мен дәнді дақылдарды өсіру өндірісін ұйымдастыру жүйесініе өз әсерін тигізеді.

Өсімдік өсіру саласындағы ауылшаруашылығының әрбір дәнді дақылын өсіру барысындағы еңбек үдерісін ұйымдастыруды ары қарай зерттеуді жалғастыру қажет (жерді егуге дайындау, егу, дақылдарды күту, жинау, дақылды тауарлық қалыпқа келтіру) .

Өндірістік үдерістердің ерекшелігіне байланысты мал шаруашылығында, мал мен құсты бағудың, мал басын көбейтуді ұйымдастырудың, зоотехникалық шарттарға сәйкес жануарларды азықтандырудың ілгерілемелі жүйесін негіздеу мәселелері тұр [5] .

Салалардың ерекшелігіне байланысты, еңбекті материалды ынталаныруды ұйымдастыру қалыбына кеңестерді табу қажет.

Мал және құс шаруашылығындағы өндірісті ұйымдастырудың жаңа амалдары мен тәсілдерін экономикалық бағалау әдістемесі жетілдіру керектігі айқын.

Шаруа (фермер) қожалықтарының, ауыл тұрғындарының жеке ауласындағы шаруашылықтың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосымша шаруашылықтарының (агроцехтар) өнімдері өндірісін ұйымдастырудың жаңа жолдарын қарастыру қажет, олардың ауылшаруашылығын жабдықтау, дайындау т. б. кәсіпорындармен байланысын күшейту қажет.

Нарықтық қатынасқа көшу заттық-техникалық құралдарды орталықтан жабдықтау жүйесінің тоқтауына әкеліп соқты. Кәсіпорындар олардың жабдықталуына өздері жауапты болды. Осыдан тұтынушы кәсіпорынның жабдықтаушы-кәсіпорынмен, делдал кәсіпорындармен келісім-шарттық қатынастар әлеуеті артты. Кәсіпорында заттық-техникалық жабдықтаудың жаңа қалыптары: бөлшек және еркін толайым саудасы, өндіріс құрал жабдықтарын тауар биржасы арқылы алу, аукциондар, жәрмеңке, жалға, лизингке алу туындайды.

Ауылшаруашылығы кәсіпорнындағы өндірістік қызмет көрсетуде өзгерістер болуда. Машина-трактор паркін, электротехникалық жабдықтарды жөндеу мен күтудің жаңа қалыбы пайда болады.

Агрохимиялық, жер өңдеу, мал дәрігерлік, транспорттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жетілдіре түсу қажет.

Кәсіпорынды өндірістік жабдықтауды оңтайландырудың қалыбын және кәсіпкерлік шешімдерді шаруа (фермер) қожалықтарындағы ұйымдастыру ерекшеліктерін есепке ала отырып негіздеу маңызды мақсаттардың бірі болып есептеледі.

Агроөнеркәсіптегі, соның ішінде дәнді дақылдарды өсіру саласында орын алған салааралық теңсіздік дайын өнімнің шығындануына әкеліп соғады. Соның бір себебі сақтау негіздерінің ескіруі.

Сақтаудың ілгерілемелі технологиялық амалдарын негіздеу, сәйкесінше заттық-техникалық базаны, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау кеңістігіндегі шаруашылықаралық қауымдастық қалыбын жетілдіру қажет.

Өнімді тауарлық деңгейге жетілдіру және өндірістік өңдеу оның ысырап болуына тікелей себепкер. Осы үдерістің пайдалы қалыбының мүмкіндігінше нәтижелі амалы экономикалық бағалау тұрғысынан таңдап алынады.

Дайын өнімді уақытында және пайдалы өткізу мәселесі өз маңызын жоғалтпай тұр.

Бәсекелес ортаны есепке ала отырып, мейлінше пайда түсіретін өткізу жолдарын табу қажет.

Тауар өндірушілерге өнімді сату амалдары мен жолдарын таңдауда бағдар беруші экономикалық бағалау тәсілдерін шығару әзірлемесін негіздеу қажет. Өнімді пайдалы өткізудің кепілі ретінде өнімді өндіру орнында қабылдап алушы серіктеспен ұзақ мерзімді экономикалық байланыстың болуы тәжірибенің өзі көрсетіп отыр.

Кәсіпорындарда нарықты зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесінің әзірлемесі жасалуы қажет.

Кез келген кәсіпорындар мен табиғи экономикалық аймаққа қолданысқа келетін біркелкі ұсыныстар мен кеңестерге әзірлеме жасау мүмкін емес. Әрбір өндірістік жағдайға немесе өндіріс тәжірибесіне дайын емдік әзірлеме бола алмайды [6] .

Кәсіпорында пайдалы басқаруда пайдаланылатын бірқатар әдістері бар. Егер бұл осы уақыттағы қолданыстағы заңдарды қабылдаса, іс тәжірибеге сүйенсе, үздіксіз зерттеліп және жинақталса, бұл әдіс ғылыми болып табылады.

1) монографиялы әдіс-саланың, кәсіпорынның ұзақ мерізімді тәжірибесі, үлгідегі құбылыстарды (үрдістерді) терең зерттеуге негізделеді. Беталысты, ілгерілемелі тәжірибені толығырақ анықтауға мүмкіндік береді. Әдістің құрамдас бөлігі: мәселені көтеру (мақсатты), зерттеу нысанын таңдау, нақты материалды іріктеп алу және оны аналитикалық өңдеу; үдерісті зерттеу; өндірісті ұйымдастыру амалдары мен тәсілін; ғылыми тұрғыдан қарау; ілгерілемелі тәжірибені қолдану үшін кеңестер беру.

2) Абстрактілі-зерделі-айқын құбылысты, үдерістің белгісіз жақтарын және белгілерін зерттейді. Белгілі мөлшерде зерттеуге арқау болып отырған дерексіз зерттеу нысанын зерделеп танымдық әсерлейді. Әдістің құрамдас бөлігі: мақсат пен тапсырманы анықтау; үдерісті бақылау (құбылысты) ; талдау арқылы ғылыми деректеме келтіру; синтездеу; индукциялау; дедукциялау; тұжырымдамалық жалпылау; өндірісті ұйымдастыруда тәжірибедегі тоқтамды қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Казагрофинанс» акционерлік қоғамының қаржы лизингін талдау
Кәсіпорын диагностикалау әдісі
Негізгі құралдар объектісінің жылдармен пайдалы пайдалану мерзімі
Саяси - экономикалық реформалық бағыттың басталуы
Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде
Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Dostyk қонақ үйінде сапаны басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау
Тәуекел. Тәуекел түрлері
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz