Деструктивті мінез құлық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Девианттық мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың даму классификациясы . . . 6

1. 2 Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін негізгі факторлар . . . 19

1. 3 Қазақстандағы жастардың девианттық мінез-құлық мәселесінің деңгейі . . . 35

2. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖАСАУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2. 1 Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың деңгейін азайту мақсатында жасалынып жатқан әрекеттер . . . 43

2. 2 Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістеріне талдау жасау . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64

КІРІСПЕ

Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлық бүкіл дүние жүзінде басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің дамушы елімізде де осы мәселе орын алуда. Ауытқушылық мінез-құлық жастарымыздың тәрбие, білім алуына кедергі болғандықтан осы мәселені қарастыру маңызды.

Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі жастарымыздың үлесі мол, ол халықтың басқа да топтарының арасынан салыстырғанда, екінші жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді. Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы-зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.

Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың көбеюі мен жастардың теріс қылықтарға баруы әр елдің басты мәселелерінің бірі. Өйткені жас жеткіншектер ертеңгі еліміздің болашағы болғандықтан әр мемлекеттің осы мәселені басты орынға қою маңызды. Қазіргі Қазақстан қоғамында жастардың көп бөлігі батыс елдеріне еліктеп отырғаны және сол батыс елдерінің жақсы жағын емес жаман жақтарын өз бойларына сіңіруі осындай теріс қылықтарды жасауға итермелеп отыр. Жастардың батыс елдеріне еліктеуіне де біздің қателіктеріміз бар, яғни бұқаралық ақпарат құралдары және тағыда басқа жастар көп еліктейтін жарнамалар арқылы өз бойына сіңіріп алады. Жас жеткіншектердің басқа елдерге еліктеуі мен еліміздегі басты құндылықтарды жоғалтуымыз, яғни салт-дәстүр мен мәдениетімізге балта шаппақ. Қазақстандағы жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушылардың әлеуметтік жағдайы мынаны көрсетеді. Олардың жарты пайызының отбасында келіспеушіліктер мен жайсыз отбасылар болып отыр. Девиантты мінез-құлықтың күшеюунің маңызды факторларының біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне селсоқ қарау жатады.

Тақырыптың өзектілігі. Жастар - болашақтың іргесін қалайтын тұлғалар болғандықтан, жастардың әлеуметтенуіне жағдай мен мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Жастар көптеген: социология, психология, педагогика, юриспруденция және тағы басқа ғылымдардың танымдық объектісіне айналып отыр. Олардың әрқайсысы жастарға қатысты өз пікірі мен көзқарастары бар. Жастармен жұмыс жасағанда әлеуметтік қызметкердің атқаратын қызметтері де маңызды.

Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту мәселелері белгілі белгілі болып отыр. Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр.

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көтеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы - зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай теріс құбылыстар жастар ортасында кең таралған.

«Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс» тақырыбы жастар ортасында қарқын алып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе тек біздің елімізді ғана емес, сонымен қоса дүние жүзін алаңдатып отырған мәселелердің бірі деп білеміз. Теріс мінез-құлықты жастардың көбеюі мен дамуы мемлекеттің құлдырауына алып келеді. Жастардың арасында девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында көптеген шет ел мемлекеттері бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл тек мемлекеттімізде туындап жатқан мәселе емес, бүкіл дүниежүзіндегі басты мәселердің бірі. Мен сол себепті жастардың ортасындағы өзекті мәселе ретінде девианттық мінез-құлық деп есептеймін.

Жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлықты алдын алу мен азайту мақсатында шет елдерде көптеген орталықтар мен бірлестіктер ашылған. Жапонияда теріс мінез-құлықты жастармен жұмыс жасайтын мыңға жуық бірлестік жұмыс жасайды екен. Бірлестіктер әртүрлі бағытта жұмыс жасап жатыр. Бүкіл елді алаңдатып отырған мәселе болып отырғандықтан, біз де осы мәселеге көңіл бөліп, шешу жолдарын қарастыруымыз қажет деп есептеймін.

Теріс мінез-құлықты көрсеткен жас жеткіншек өсе келе, басқа да заң жүзінде айыпталатын қылмыстарды жасауы мүмкін. Жасалынып жатқан жұмыстар да аз емес, сол жасалынып жатқан жұмыстарды жүйелендіру арқылы тағы да жастар арасында жаңа саясаттар мен жаңа ойлар керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологияларына талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- девиантты мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлық мәселесін теориялық-әдістемелік зерттеу негіздерін көрсету;

  • жастардың арасында кеңінен таралған мәселелерді анықтау мен девианттық мінез-құлықты өзекті мәселе ретінде көрсету;
  • девиантты мінез-құлықтың пайда болуына себепші негізгі факторларды көрсету мен әлеуметтенуді негізгі фактор ретінде қарастыру;
  • Қазақстандағы жастардың ортасындағы девиантты мінез-құлықтың деңгейін анықтау;
  • жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың деңгейін азайту мақсатында жасалынып жатқан әрекеттерге талдау жасау;
  • девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан технологияларын көрсету;
  • теріс мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жасаудағы технологиялардың орнына жаңа әдістерді ұсыну;

Дипломдық жұмыстың нысаны - жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлық.

Дипломдық жұмыстың пәні - девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс технологияларын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, сілтемеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілер көне заманнан бастау алып қазіргі кезеңге дейін зерттеліп келеді. Девиантты мінез-құлықты зерттеушілердің қатары батыс елдерінен бастау алды - Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Ч. Ламброзо, П. Брока, У. Шелдон, Г. Беккер, К. Эриксон. Ресей зерттеушілері ары қарай дамуына өз үлестерін қосты. Олардың қатарында - М. Попов, И. Гилинский, В. Афанасьев, В. Кудрявцев. Біздің елімізде социология ғылымдары кейінен бастап дами бастағандықтан зерттеушілердің қатары да біршама аз. Отандық зерттеушілердің қатарынан - Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін қарастыруға болады. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілердің қатары өсіп келуде. Алғаш рет «Аномия» түсінігін қолданған социолог - Э. Дюркгейм болды, кейінен Р. Мертон «Аномия» теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді.

Социологиялық зерттеулер ХІХ-ғасырдың екінші жартысында Я. И. Гилинскийдің, В. С. Афанасьевтің және тағы басқалардың еңбектерінен көруге болады. Қазақстанда осы мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен еңбекті академик В. Н. Кудрявцевке тиеселі.

Девианттық мінез-құлықтың пайда болуы биологиялық әсерден деген теорияға қарсы келген - Ресей зерттеушісі, Томск университетінің профессоры - М. Ф. Попов. Қазақстан Республикасында теріс мінез-құлықтыларды зерттеушілердің қатары кейінгі жылдары ғана бастау алды. Олардың қатарында - Д. К. Қазымбетова, Ш. Жаманбалаева. Қазіргі кезеңде, отандық девианттық мінез-құлық социологиясында Д. К. Қазымбетованың девианттық мінез-құлық тақырыбындағы көптеген жұмыстарын көрсетуге болады.

1. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕРІС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ДАМУ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ МЕН ТЕНДЕНЦЕЯЛАРЫ

Жастар ең зерек топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтері мен және басқа да құрылымдармен қарым-қатынастарын, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Сонымен қатар осы буын қоғамдық саяси, мәдени, отбасылық тыныс-тіршілікте, еңбек әрекетінде әркелкі белсенділік деңгейін көрсетеді, қалыптасқан қажеттіліктеріне, алған машақаттарына, білімдеріне, өзіндік мүдделеріне, құндылықты бағдарлануына қарай әлеуметтік икемділік танытады [1] .

Жастардың әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жоғарыда аталып өткендей халықтың төрттен бір бөлігін құрайтындықтан жастардың әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін - жас ұрпақтың нарық заңдарына кездесіп, бұрығы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты [2] .

Алдымен біз “девиация” түсінігін қарастырамыз. Терминді латын тілінен аударғанда бағыттан, эталоннан, ортадан, қалыпты жағдайдан ауытқу дегенді білдіреді. Осыдан барып кез-келген нормадан ауытқу. Осындай абстрактылы шекараны анықтауы бізді қызықтыратын объекті мен пәнін ерекше зерттеуге мүмкіндік бермейді. Соныдықтан бізді әсіресе әлеуметтік девиация қызықтырады, сонымен қатар девианттық және деликвенттік мінез-құлықты қарастырамыз. Осы түсініктер арасындағы мағынасында әртүрі ерекшеліктер бар. Сонымен әлеуметтік девиация процессі мәселенің философиялық-методологиялық аспектісін, адамның дамуының креативтік және жанжалдық жақтарын, әлеуметтік нормадан кез-келген ауытқуларды (позитивті және негативті) қарастырады.

Қалыптасып қалған дәстүр бойынша девианттық мінез-құлықты әдебиетте қолдануы ассоциалды, заңға қайшы мінез-құлықты, әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін, мінез-құлық ережелері, нақты қоғамдағы бағалылықтарын ашады. Девианттық түсінігі субъектінің жеке мінездемесін (индивидтің, әлеуметтік топтың), және девианттық мінез-құлыққа жақындығын көрсетеді. Осы түсініктерге берілген мінез-құлықтың индивидуалдылық формалары анықтамаларға мән беріп қарастырайық.

Негативті ауытқу - шындық нормалардың қандай да бір ауытқуларды да қарастырады (моральдық және құқықтық) . Осындай ауытқулар қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтіреді, сол үшін де тек қана қатардағы ауытқулар емес (девиация, аномия), патология ретінде, міндетті түрде қиылысатын ауытқулар түрін айтамыз.

Позитивті ауытқулар - бұл қандай да бір жалған нормалардан ауытқу (моральдық немесе құқықтық) . Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтірмейді, ол қарама-қарсы оның прогрессивті арықарай дамуындағы жоспарларына пайдалы, себебі олар ескірген, шаршаған нормаларды ығыстырады. Позтивті ауытқулардың криминализациясы - құқықтық жүйенің толығымен реттелмегендігі, оның әлеуметтік адекваттылығы емес.

Қылмыс - ол қылмыстың құқықтық қандай да бір нормаларын бұзатын ауытқуды айтамыз. Қылмыстық жекелеген түрлері қылмыстық кодекстің статьяларына сәйкес қарастырылады.

Деликт - бұл қандай да бір норманың құқықтық түрін бұзатын азаматтың, административтік және т. б. ауытқулар. Девианттық мінез-құлықтың индивидуалды формалары осындай [3] .

Девианттық мінез-құлықтың индивиуалды формалары массалық ауытқудың формаларына сәйкес келеді, олар әдебиеттерде мынандай түсініктермен анықталады, “девианттық”, “заң бұзушылық”, “қылмыскерлік”, “деликвенттік” және “аморальдылық”. Сонымен қатар, біз девианттық мінез-құлықтың негізгі категорияларын қарастырдық. Енді осыдан барып көптеген әлі басы шешілмеген сұрақтар қалады: әлеуметтік нормаларға сәйкес келетін кез-келген нормаларды біз ауытқитын мінез-құлыққа жатқыза аламыз ба жоқ па? Бұл сұрақ неліктен туып отыр, себебі көптеген авторлар “девианттық мінез-құлық”- деген түсінік екі жақты мағына береді, олар бір жерлерде пайдалы іс-әрекеттерге де қатысты айтылатын ұғым (көбінесе, жаңалық ашуға, әлеуметтік творчество) . Кутыревтың айтуынша, «Девианттық мінез-құлық жағымды жағына да бағытталуы мүмкін; біз бұлай дейтін себебеміз, мысалы, оның жазуы бойынша - олар көбінде инициатива, кәсіпкерлік» [4] .

Біздің көзқарасымыз бойынша девианттық мінез-құлық іс-әрекеттері қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдауға да болады. Осындай жағымды девианттық мінез-құлықтың формалары ретінде қоғамдағы кездесетін антиәлеуметтік немесе жалған нормалардан ауытқуды айтамыз. Бірақта, кез- келген девианттық мінез-құлықтың формаларын абсолюттендіру, жалпы бір идеалды формаға енгізу мүмкін емес. Оны қабылдаудың өзі қатаң анализді талап ететін нақты бір жағдаймен байланысты. Біздің қоғамымыз үшін, әсіресе, нарықтық қатынастар жадайында, жаңашылдық, творчество, ескірген канондардың сынуы тарихи қажеттілік пен объективті қажеттілік болып табылады. Дамып келе жатқан, өсіп өнуге, жаңалыққа бейім организмді басқарудың әсерімен ескірген, тоқтауда тұрған формаларға үйрету мүмкін емес. Керісінше, формалар шаруашылықтың арнайы бір тапсырмаларына қарап міндетті түрде бір қалыптарға сәйкестелулері керек. Бұл жерде біз ескірген нормалар туралы айтамыз, олар қоғамның прогресстің дамуына тежеуіш болып табылады. Бұл жағдайда жаңашылдық, прогрессивті нормаларды жоққа шығармайды, немесе оның ары қарайғы дамуына - не құқықтық, не жағымды нормаларға еш кедергісін тигізбейді. Құқық немесе жағымдылық әлеуметтік творчествоның активтерін тек қана шектеп қоймайды және олардың дамуына көмектеседі. Ал қылмыстық жағдайды алатын болсақ, оны басқаша қарастыруға болады, қылмыскерлік біздің нарықтық қоғамымызда өзінің барлық түрлерімен жабайы нарықтың пайда болуы мен етек ала жайылуына, және “либерализация” процессінің болуына көмектеседі, яғни олар экономикалық кризистің фонындағы коррупцияның етек ала жайылуына нағыз алғышарттар болып табылады.

Девианттық мінез-құлық мәселелері әлеуметтік жанжал теориясының негізінде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтік топтарға нақты қауіпті оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерінің ауытқуын азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мінез-құлық жасайтын топтық мүшелеріне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрінеді. Жанжал теориясына қатысты, әлеуметтік жүйедегі мінез-құлықтың мәдени бейнелері ауытқитын мінез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттің құндылықтарына негізделген болғанда. Девианттық ауытқитын мінез-құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретінде құрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды [28] . Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді. Оның пікірінше әртүрлі топтар ішін біркелкі емес мақсаттарға жетудің ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етіледі, және осылардың функционалдық жетіспеушіліктері мақсатқа жету үшін қолданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негіз болады.

Девианттылықты бағалау критериі бұқаралықтың достастығына, “өзіне” және “басқаларға” деген бірлігінен, бір-біріне келісімге келу мүмкіндіктерінің тудыруы өздерінің “мендігін" шектеу арқылы. Бұл жерде адамның қай шекте девианттық мінез-құлықтағы екендігін анықтайтын шекараны анықтау қажет. Осы критериидің негізінде жеке және қоғамдық қызығушылықтардың принциптерінің сәйкес келуі негізделген. Бұл жерде менің еркіндігім басқа адамның еркіндігімен шектеледі - бұл ең басты принцип, осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшін де девианттық мінез құлықтың ең негізгі рационалды критериі ретінде осы мінез-құлықтың түрінің зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз. Бірақ, девианттық мінез-құлықтың спецификалық критериінің бағасын анықтау, егер девиация әртүрлі дәуірлерде тұрақты, жалпылығы бар, солар арқылы девианттық мінез-құлықтың әртүрлі түрлерін салыстыруға мүмкіндік береді. Шындығында, қандай мінез-құлық болса да кез-келген дәуірде девианттық па, әлде девианттық емес па соны анықтап алайық? Кез келген мінез-құлыққа баға беру оның басқа да мінез-құлықтармен салыстыруды мақсат етеді. Мінез-құлыққа баға беру кезінде қалыпты жағдаймен, нормалармен салыстыру қажет болады.

Девианттық мінез-құлыққа баға беру критерін анықтау бір жақты емес, себебі біздің қоғамымызда қандай мінез-құлықты девианттық деп айту, және оны ажырата білу өте қиын. Девиацияның әсіресе айқын көрінетін мысалдары ретінде адамгершіліктің жоқтығын көрсететін іс-әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсіп отырады, бірақ бұл жерде оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бірақ, кісі өлтірудің өзі арнайы жағдайларда ақталып жатады. Мысал ретінде, алғашқы қауымдық кезде, ашығу кезеңінде кісі өлтірушілік талқыға түспейтін, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған іс-әрекет деп түсінген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндірістік күштер қатайған кезден бастап, және қоғам материалдық жағдайларды жасай алатын кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшін, денсаулық үшін неше күш керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық жеңілдіктерден босады, яғни біз үшін қылмыс болып табылады. Біз көріп отырғанымыздай іс-әрекеттің бағасы тарихтан бері заман өткен сайын өзгеріп отыруда, және олар әлеуметтік-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер мен, мәдениетпен өзгеріске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.

Көптеген жұмыстардың нәтижесінде девианттық мінез-құлық концепциясының позициясына деген сенім күмәнға ұшыраған, оның негізгі нүктесі - әлеуметтік норма. Көптеген батыс зерттеушілері (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және т. б. ) дамытқан теориялар былай дейді: «Іс-әрекеттерді девианттық деп мойындау үшін қоғамдағы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен анықталады». Бірақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңілдетпейді, себебі “билік етуші” деген ұғымның өзі объективті емес баға беруде, билік ететін топтардың өзінің жағдайларын ұсынады және азшылықтың мінез-құлқының түрлері, олардың дәстүрлері мен салттарымен әлеуметтік жағдайларымен санаспағандығынан барып туындайтын түсінікті девианттық деп айтуға болады.

АҚШ - тың социологы Р. Мертон, Э. Дюркгеймнің аномия теориясын дамытады. Тұлғалардың қоғамдық жағдайларына реакциясымен байланысты олардың бес типін ұсынады.

1) Конформистер («келісім» деген сөзден шыққан) . Олар нәтиже мақсатына жетті ме, жетпеді ме, оған байланысты емес, көпшілік мақұлдаған нормаларды ұстайды.

2) Шатақ шығарушылар - құбылысты басқаша өзгерткілері келетін топқа жатады. Олар саясатқа үнемі наразылық білдіретін топқа жатады.

3) Ретриатистер - стандартқа сәйкес, барлығы сияқты өмір сүреді. Қоғамда болып жатқан мәселелерге көп көңіл бөле бермейді.

4) Инноваторлар («жаңа» деген сөзден шыққан) қоғамдағы бар құндылықты ұстайды және жетістікке қалай болса да тырысады, жиі заңсыз кететіндерді де жатқызуға болады. Инноваторлар заңды бұзып, бұлар жақсы жағдайға жетемін деп ойлайды [29] .

Қазақстанда осындай мінез-құлықтың элементтері, мысалы, қылмыскерлік, ішімгерлік және алкоголизм, нашақорлық және суицид (өзін-өзі өлтірушілік), көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетін пәндердің аясында зерттеліп келді: олар криминология, наркология және т. б. Ал социологиялық зерттеулер 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басындағы Я. И. Гилинскийдің, В. С. Афанасьевтің және тағы басқалардың еңбектерінен көруге болады. Ал, Қазақстанда осы мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен еңбекті академик В. Н. Кудрявцевке тиеселі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні
Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау
Ересек жастағы жасөспірімдердің агрессивті мінез - құлқын түзету ерекшеліктері
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Агрессия туралы түсінік
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын түзету
Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы
Қақтығыстарды шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz