ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
4: 4
КІРІСПЕ: 1
4:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

7
КІРІСПЕ: 1. 1
4: Өндірістік басқарманың қаржылық - экономикалық негізі
7
КІРІСПЕ: 1. 2
4: Мекеменің мемлекеттік бюджетпен өзара байланысы
8
КІРІСПЕ: 1. 3
4: Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жағдайын қамтамасыз ету
12
КІРІСПЕ: 2
4: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА БӨЛІНГЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ МКҚК КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА
20
КІРІСПЕ: 2. 1
4: Денсаулық сақтау саласына жіберілген мемлекеттік бюджет шығындарын сараптау
20
КІРІСПЕ: 2. 2
4: Кәсіпорын ұйымының қаржылық есебін талдау
25
КІРІСПЕ: 2. 3
4: Денсаулық сақтау саласының дамуы мен мемлекеттік бағдарламасы
32
КІРІСПЕ: 3
4:

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАРЫН

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

39
КІРІСПЕ: 3. 1
4: Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарды қаржыландыру дың шетелдік тәжірибелері
39
КІРІСПЕ: 3. 2
4: Денсаулық сақтау саласының ұйымдарын қаржыландыру мәселелері және оларды шешу үлгісі
51
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 59
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының дамуын қаржыландыру 10 жыл ішінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесінде жаңа тәсілдер жүзеге асырылды, айқын қол жетерлік медициналық қызмет, нақты айта кетсек тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етудің бірқатар қадамдары жасалды.

Денсаулық сақтау - өмір сапасының ортақ бір көрсеткіші және қоғамның әлеуметтік дамуының белгісі, критериі. Халықтың мықты денсаулығы - экономикалық және мәдени өсудің шарты. Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаментінің басшысы В. Н. Девятконың баяндамасында қала тұрғындарының ауруларының және соңғы жылдардағы қаланың емдік-алдын алу ұйымдардың даму сандары көрсетілді. Туу деңгейі қалпына келіп, өлім көрсеткіші біршама азайды.

Дегенмен, Алматы қаласында республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда бұрыңғыдай туу деңгейі төмен және өлім көрсеткіші жоғары болып тұр. Төзімділікті сақтандырудың арқасында балалардың вакцинамен басқарылатын індетті ауруларының көрсеткіші төмендеді. Осымен қатар жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялы аурулар жиілігі, 1, 5 есе наркомания өсті.

Соңғы жылдары төзімділікті сақтандыруға және әлеуметтік маңызды ауруларға басты назар аударылуда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қаржыландыру ұстанымы енгізілді. Мемлекеттік емес сектор шапшаң даму үстінде: егер 2008 жылы мұнда 436 жұмыс орны құрылса, 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 521 жұмыс орны болды. 2001 жылдан бастап кіші және орта бизнес субъектілері 14 есе өсті және бүгінгі күні 682 (315 заңды тұлғалар және 367 жеке тұлғалар) . Мемлекеттік емес өмірге қажетті дәрі - дәрмектер тендер арқылы амбулаторлық көмектің 11 %-ын көрсетеді. Жаңа бағыттағы емдік мекемелер ашылды: медбикелік күтімі ауруханалары, хоспис, балалар реабилитациясының орталығы. Жаңа медициналық технологиялар орталығы құрылуда.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Бюджет шығындарын қаржыландыру және жоспарлау көздерінің мәнін, қажеттілігін, мәселелерін отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарстырылған.

Отандық экономистердің ішінде Искаков У. М., Лекеров Е. Б., Тлеубекова А. А., Угибаев Б. С., Дүйсенбаев К. С. және тағы басқа экономистер де бюджет шығындарын қаржыландыру мен жоспарлауға байланысты мәселелерге бағытталған еңбектер жазды.

Соған қарамастан, отандық экономистердің еңбектері көп жағдайда экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар мен оқулықтар шеңберінен шыға алмай жүр. Қазақстанда бюджет жүйесінің қазіргі жағдайын талдауға бағытталған кең көлемді ғылыми еңбектер жоқ. Қазіргі жаhандық қаржы дағдарысы жағдайында бюджет шығындарын қаржыландыру мен жоспарлау мәселелерін талдаудың маңызы зор.

Тақырыптың өзектілігі мен зерттеу дәрежесі дипломдық жұмыстың мақсатын анықтайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының дамуын қаржыландыруы. Осы мақсатқа жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер орындалады:

- 2008-2010 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласына бөлінген мемлекеттік бюджет шығындарын сараптау;

- «Ана мен сәби денсаулығын нығайту» бағдарламасын қаржыландыру жағдайын қамтамасыз ету;

- 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласының дамуы мен мемлекеттік бағдарламасы (қаржылық тұрғыдан) ;

- «Көкшетау қаласының Денсаулық сақтау Департаменті» МКҚК №1 қалалық емхананың қаржылық - шаруашылық қызметін талдау;

- денсаулық сақтау саласының ұйымдарын қаржыландыру мәселелері және оларды шешу үлгісі.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының дамуын қаржыландыру және жоспарлау көздерін анықтау.

Зерттеу обьектісі - «Көкшетау қаласының Денсаулық сақтау Департаменті» МКҚК емханасының қаржылық-шарушылық қызметін талдау.

Дипломдық жұмыста зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері - дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық экономикалық әдебиеттер мен журналдар, статистика агенттігінің көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Заңдары және нормативтік актілері, Республикалық және қалалық денсаулық сақтау департаментерінің мағлұматтары қолданылған.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы-статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістері қолданылған.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы - Елбасының халыққа жолдауында денсаулық сақтауды қаржыландыру, басқару жүйелерін жетілдіруде, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда, денсаулық сақтау жүйесінің қағидалық базасында, саланың санақтық және ақпараттық жағында, сонымен қатар қаржы ресурстарын тиімді пайдалану және сатып алушылықты міндетті түрде орталықтандыруға күрделі өзгерістер жасау керектігін атап өтті.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі - бүгінгі күні елімізде Денсаулық сақтау министірлігімен құрастырылған 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалаудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Бағдарламаның мақсаты мемлекет пен адам арасында денсаулықты сақтау үшін жауапкершілікті бөліп алу міндеттерін анықтап, оны тиімді қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, зерттеу дәрежесі, мақсаты мен міндеті, зерттеу объектісі, зерттеудің пәні, методологиялық негізі, зерттеу әдістері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы қарастырылған.

Бірінші тарауда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласының дамуын қаржыландыруы қарастырылған.

Екінші тарауда «Көкшетау қаласының Денсаулық сақтау Департаменті» қалалық емхананың қаржылық - шаруашылық қызметіне талдау жасалған.

Үшінші тарауда Денсаулық сақтау саласының ұйымдарын қаржыландыруды жетілдіру жолдары ұсынылған.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

1. 1 Өндірістік басқарманың қаржылық - экономикалық негізі

Кәсіпорын басқармасын мемлекеттік басқарма ұйымы атқарады. Кәсіпорынды басқаратын мемлекеттік ұйымының мынадай өкілеттілігі бар:

- кәсіпорын қызметінің басымдық бағытын анықтау;

- кәсіпорын шаруашылық қызметінің перспективті жоспарларын бекіту және қарастыру, сонымен қатар қаржылы көрсеткішінің жоспары, кезеңдік және оның көрсету реті;

-мемлекеттік басқару ұйымдарына белгіленген мерзімді кәсіпорындардың перспективті шаруашылық - қаржылық көрсеткіштерін бақылау және талдау;

- басшыны тағайындау, заңдар жиынтығына байланысты аттестациядан өткізу;

- кәсіпорын мүліктерін сақтау және ретімен қолдануға бақылау жүргізу;

- ҚР-ның заңдар жиынтығы құзыры бойынша әртүрлі сұрақтардың шешімін қабылдау.

Мемлекеттік басқару ұйымына есеп беруші ретінде кәсіпорын ұйымының басшысы заңды тұлға болып табылады. ҚР-ның еңбек туралы заңдар жиынтығына сәйкес кәсіпорын басшысы мемлекеттік басқару ұйымымен еңбекке байланысы келісім - шартына отырады.

Жеке дара еңбек келісімінде мерзімі көрсетілгеннен басқа жұмыс жағдайы, материалдық жағдайы, кепілдемелік есебі негізінде қызметтен босатылу Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығы бойынша басшылардың құқығы, міндеттері, жауапкершіліктері белгіленеді, сонымен қатар қаржылық - шаруашылық қызметінің мәлімдемесін ұсыну және мемлекеттік бюджетке белгілі уақытта таза кірістің аударылмағаны белгіленген.

Кәсіпорын басшысы жалғыз басшылық принціпі бойынша кәсіпорын қызметіне байланысты барлық сұрақтар шешімін құзырлығына сәйкес өзбетімен шешім қабылдайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде кәсіпорын басшысы сенімхатсыз кәсіпорын атынан қызмет етеді, кәсіпорын мүліктерін қолданады, сенімхат береді, банктерден есепшот ашады, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлерге нұсқау береді. Басшы өз біліктілігі құзіреттілігіне байланысты еңбек заңына сәйкес кәсіпорынға қызметкерлерді жұмыстан босату, қабылдау және ынталандыру мен шара қолдана да алады. Сол сияқты кәсіпорын басшысының орынбасарын кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару ұйымдары қызметке алады және босатады. Басшылар орынбасарының біліктілігі басқа да кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін заң жиынтығын сәйкес құзырлығын басшы құрастырады [1] .

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардан тұрады.

Денсаулық сақтау жүйесінің әрекетіне мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым атқарады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді кепілдеу бағытында орындалады. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржыландырылуы келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарды қаражатпен қамсыздандыру былайша жүзеге асырылады:

- мемлекеттік бюджет қаражаты;

- медициналық сақтандыру қаражаты;

- ақылы негізде көрсетілген медициналық қызмет көрсету үшін алынған қаражат;

- Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да пайда көздері.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарды қаражатпен қамсыздандыру былайша жүзеге асырылады:

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі үшін мемлекеттік бюджет қаражаттарынан;

-медициналық сақтандыру қаражатынан;

- ақылы негізде көрсетілген медициналық қызмет көрсету үшін алынған қаражаттан;

- Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да пайда көздері [2] .

1. 2 Мекеменің мемлекеттік бюджетпен өзара байланысы

ММ «қалалық емхананың» кірісі жылдық кіріс пен шығыстың айырмашылығы болып табылады. Бұл салық кодексінің 80 - 103, 105 - 114 бабтарында, сонымен бірге қосымшада көрсетілген салық кодексінің 122 бабына сәйкес. Жылдық кіріс салық кодексінің 91 бабына сәйкес сараптама жасауға жатады.

ММ «қалалық емхананың» жылдық кірісі, Қазақстан Республикасы бойынша салық мерзімі мезгіліндегі кірістерден тұрады.

Жылдық кіріске салық төлеушінің барлық кіріс түрлері кіреді, ол:

  • тауардан түскен кіріс;
  • ғимараттың өсімінен түскен кіріс;
  • міндеттемелер;
  • жалға беруден түскен кіріс;
  • қарыз көлемінің азаюынан түскен кіріс;
  • қызметтік әрекетті тоқтату немесе оны азайтуға келісуден түскен кіріс;
  • бұрынырақ істелінген істен түскен компенсация;
  • сыйлық;

- дивидендтер;

- оң курстық айырмашылық;

- ұтыс;

- роялти.

Салық төлеушінің шығыны оның жылдық кірісіне байланысты салық салуға жатады, тек салық кодексі бойынша салық салуға жатпайтын шығындардан басқасы.

Салық кодексінде шығындарды алу белгілі - бір шамада анықталған. Алым ММ «қалалық емханада» шығындарды растайтын, жылдық кіріспен байланысты іс - қағаздардың бар болуымен жүргізіледі. Сол уақыттағы шығыс, өздерінің түпкілікті түрінде алымға жатады, тек алдағы шығыстардан басқасы. Табиғи түрдегі монополистердегі ұтылыс, бұл,

ҚР заңдылығында бекітілгендей белгілі - бір шамада алымға жатады. Егер бір шығын бірнеше жерде көрсетілсе, ол кірісті есептегенде тек бір рет қана алымға жатады. Жылдық кіріске байланысты алынған айып пұлдар, пениялар алымға жатады, бұл жерде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістен басқасы.

Корпоративті кіріс салығы ММ «қалалық емханада» Салық Кодексінің 135 бабтың 1 бөлігінде белгіленгендей өтімді пайдалану жолымен, Салық Кодексінің 122 бабына сәйкес жүргізілген өзгерістермен сонымен бірге Салық Кодексінің 124 бабына байланысты шығарылады.

ММ «қалалық емхана» корпоративті кіріс салықты Салық Кодексінде белгіленгендей аванс төлем кіргізу жолымен өтейді.

Осы жылғы салық мерзімінің корпоративтік кіріс салығының жорамал сомасының есебімен, декларацияда көрсетілген алдыңғы салық уақытының корпоративті кіріс салығымен, шын мәнісіндегі салық міндетінің сумасынан есептеп салық төлеуші ММ «қалалық емхана» корпоративті кіріс салығынан аванс төлемін шығарады. Корпоративті кіріс салығының аванс төлемінің сомасы алдыңғы салық уақытының төленген орташа айлық төлемінің шамасымен есептеледі [3] .

Салық төлеушінің төлеуге жататын аванс төлемінің сомасы, бірдей бөлікпен салық төлеу уақытында төленеді. Корпоративті кіріс салығы бойынша төлемге жататын аванс төлем сомасының есебі декларация өткізгенге дейінгі салық төлеушімен сол жылдың 20 - шы қаңтарына дейін құрылып өткізілуі керек. Өткізілетін жер салық төлеушінің тіркелген жері. Декларация өткізгеннен кейін корпоративті кіріс салығы бойынша аванс төлемінің есебі салық төлеушімен жұмыс күніне дейін берілуі керек.

Салық төлеушілер корпоративті кіріс салығының декларациясын өткізгеннен кейін салық төлеу уақытында ұтылыс алған немесе кіріс болмаған қорытындыдан кейін, сонымен қатар қайтадан құрылған салық төлеуші осы уақыттан бастағанда 20 күн ішінде салық органына салық төлеу уақытында төлемге жататын жорамалды аванс төлемінің есебін тапсыруға міндетті. Салық органдарына негізделген жазбаша арыз ұсынылған жағдайда салық төлеу уақытында аванс төлемінің дұрысталған есебін әкелуге құқылы. Егер Салық Кодексінің 128 бабында басқадай жағдай көрсетілмесе салық төлеуші корпоративті кіріс салығын өз тұрған жерінде өтей алады. Салық Кодексінің

126 бабында анықталғандай, Салық Кодексінің 136 бабында ұсынылғандай осы айдың 20 - шы жұлдызынан асырмай ай сайын корпоративті кіріс салығы бойынша бдюжетке авансты төлем ақы кіргізуге салық төлеушілер міндетті.

Салық төлеу уақытында төленген аванс төлемінің сомасы корпоративті кіріс салығының есебіне кіреді. Декларация өткізуге белгіленген уақыттан 10 күнге дейін кешіктірмей салық төлеу уақытының қорытындысымен корпоративті кіріс салығы бойынша ММ «қалалық емхана» соңғы есепті жүргізеді. Тұрған жерлерінің бюджетімен байланысты өздерінің құрылым бөліктерімен корпоративті кіріс салығын ҚР - ның заңдылығында белгіленгендей жүргізеді. Құрылым бөліктерін иеленуші салық төлеушілер салық төлеу уақытында аванс төлем бойынша есепті тіркелген орны бойынша салық органдарына өткізуге міндетті, сонымен бірге көшірмесін Салық Кодексінің 127 бабында қаралғандай бөліктердің тіркелген жеріндегі салық органдарында да берулері тиіс. Есептің көшірмесін салық төлеушінің тіркелген орнындағы салық органдары куәләндіру керек. Салық төлеушілер өз құрылым бөліктерінің тіркелген жеріндегі салық органдарын корпаративті кіріс салығы сумасы жөнінде ескертуге міндетті. Салық Кодексінің 249 бабына сәйкес шығарымдағы тауарладың қосымша бағасына салынған салық уақыты өзгеруі мүмкін.

ММ «№1 қалалық емхананың» ұзақ және қысқа мерзімді несие беруі ҚР - ның ұлттық банкінің бұйрығымен бекітілген ережелері бойынша жүргізіледі.

Несие беру Ұлттық банктің шешімімен банктік операциялар жүргізуге құқылы, лицензиясы және ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие тек несиелі кәсіпорындарға беріледі. Несиелік кәсіпорын деген түсінікке толық және уақытында өз қарызынан құтыла алатын кәсіпорын жатады. Негізінде бұл бағыттағы кәсіпорындар сапалылығымен және жаңа тауарларымен көзге түседі және тағы басқа. ММ «қалалық емхана» несиені коммерциялық, келісімдік негізде, қайтару, төлем және уақытылы шартпен береді. Несие беру несиелік қоры бар банк арқылы жүргізіледі, несиелік қарызы жоқ болғанда ғана [4] .

Несие алу үшін субъект банкке жазбаша түрде түсініктеме береді. Несиені не үшін, қанша керек екенін, қолдану уақытын, қайтару уақытын, сонымен қатар несие алатын кәсіпорынға кішкене мінездеме және экономикалық пайдасы жөнінде. Түсініктеме бірінші рет банктен несие алатын кәсіпорын немесе банкте есеп шоты бар кәсіпорын немесе қандай болмасын бір келісімді іске асыру үшін несие алуға банкке беріледі. Банкте ссудалық есеп шот есеп айырысу шотының ашылуына байланысты ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке арыз, міндеттеме, устав, мекеме іс - қағаздарының көшірмесін, кәсіпорынның ережесін, тіркеу нөмірін, куәлік және айғақ және тағы басқа тапсыруы керек.

Осылармен қатар, несиенің қолдану мақсатына орай, банктің өтінішімен келесі материалдарды (іс - қағаздарды) тапсыруы керек;

- несие алушы кәсіпорынның тауарды таратудан түсетін есебінің технико-экономикалық негізін;

- жылдық және тоқсандық есептер;

- қаржы қорытындыларының есебі;

- ақша қорының есебі;

- банктегі есп шот көшірмесі;

- басқа да несие төлеу қабілетін анықтайтын есептер мен материалдар;

- банктерде қабылданғандай форма бойынша (кепілдік міндеті, кепілдік болу, қамсыздандыру куәлігі және тағы басқа) уақытылы несиені қайтару міндеттемесін қамтамасыз ету.

Банк несиені несие алушының уақытылы қайтару, кепілдікке алған заттарының басқа кепілдікте жоқ болған жағдайдағы шартпен ғана береді. Кепілдік құқығы банкке егер келісім шарт бұзылған жағдайда, кепілге алған заттан құндылықты алуға береді. Кепілдік жөніндегі келісім жазбаша түрде жүргізіледі, тек тұрғын үйден басқа жағдайда куәләндірілмейді. Кепілдікке ақшалай құндылығы бар заттар беріледі. Кепілдік жазбаша түрде көрсетіледі және кепіл берушінің толық және жартылай қарызын, пайызын өтеуге міндетті болып табылады. Кепіл кепілдік хатты ссуда және пайызды төлейтін банк мекемесіне береді. Несие алушының мақсаты, сомасы, уақытылы көрсетілген келісімнен кейін және іс - қағаздар тізбегі тексерілген соң несие беріледі.

Банк 1 жылға не онан да көп уақытқа келісімге отырады. Келісім шарты мен несие келісімдері әр жеке тұлғада жекеше қарастырылады.

Қысқа мерзімді несие 12 айдан артыққа берілмейді. Жеке жағдайларда, өндірістің шығарылымына байланысты одан ұзақ уақытқы беріледі, бірақ 2 жылдан артыққа емес.

Несие ереже бойынша қолма - қолсыз жолмен, несие алушының есп шотына аудару арқылы жүргізіледі. Керек болған жағдайда ғана қолма - қол ақша беріледі. Егер қомақты мақсатты бағдарламада, банк несие арызын қанағаттандыра алмаса, банкпен бірге несие бере алады. Ұзақ мерзімді несиені банк тек күрделі салымдар жүргізгенде ғана береді. Ұзақ мерзімді несиені төлеу банк пен кепілдік беруші арасындағы келісім бойынша анықталады. Несиені қолданудағы төленетін пайыз бір қалыпты болу керек [5] .

Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес несиені төлеуді төлеуші қолма - қолды және қолма - қолсыз түрмен өшіре алады. Кепіл алушы несиені ертерек төлерінде банктке 5 күн бұрын хабар беруі керек. Мына жағдайларда:

- несие алушының несиені алған мақсатқа жұмсамағанда;

- тексеру барысында несие алушының төлем қабілетінің жоқтығы аңғарылса және кепіл берушінің, банктің қойған талабына сай емес ақпарат берген жағдайда не жалған ақпарат берген жағдайда;

- кепіл берушінің несие пайызын төлеу уақытын 5 банктік күнге өткізіп алғанда;

- несиенің қайтару уақытын бұзғанда;

- кепіл берушінің өз төлеу қабілетінің бар екенін Банк талабына сай әкелмегенде, Банк кепілдікке қарсы дау (талап) ашып, ол кісінің дүние мүлкін арестке (қамауға) алады.

Басқа жағдайда келісім мен заңдылықтарда көрсетілгендей несие бойынша есептелген бар ақшамен үстіндегі пайызын қоса жедел түрде қайтарып алуға банк құқылы. Егер кепілдік берушінің мекен - жайына несиені жедел түрде қайтару туралы жазбаша хабар жібергеннен кейін

5 күннен соң өтелмесе кепіл берушіге айып - пұл салынады. Кепілшінің келісімінсіз, бірақ ескертілген жағдайда несие пайызын көтеруге не болмаса түсіруге, яғни өзгертуге құқылы. Несие төлеу уақытындағы инфляцияға, несие ресурсындағы конъюнктурлық қарқыны және тағы басқа факторларға байланысты өзгертулер жүргізіледі. Егер 5 күн ішінде кепілшіден жауап келмесе (енген өзгертулерге келісімін берген не болмаса келіспеген туралы), Банк келісімді жаңа енген ескертулермен күшінде деп санауға құқылы. Қабылданған шешім туралы кепілшіге ескертеді. Енгізілген өзгертулермен кепілші келіспеген жағдайда Банк несие келісімін бір жақтың келісімінсіз бұзуға құқылы.

Осы орайда кепілші несиенің пұлын толық қайтаруға міндетті. Кепілшінің өтінішімен және басқа да себептермен Банк қарыз өтеу уақытын созуға қосымша келісім жасауға құқылы. Бұл жерде қайтару пайызының сомасын Банк шешеді. Бұдан басқа несие уақытын созу берілмейді. Уақыты созылған несиені уақытылы қайтармағанда, үстіндегі пайызын көтеру Банк қаралымымен шешіледі. Берілген негізгі несиені келісімде көрсетілген уақытта төлемесе, мерзімі өткен болып саналады және оған Банк шешімімен өсім есептеледі.

Несие төлеу қабілетін олардың бухгалтерлік есептерінің жағдайын, қаржылық қорын тексеріп, қорытындысын жазған актыға жазып, екі жақтың адамдары қол қояды. Егер келіспеген жағдайда ескертулер жазып барып қол қояды. Несие бойынша пайызын уақытылы төлемесе әрбір күнге 0, 5 пения салынады [6] .

1. 3 Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жағдайын қамтамасыз ету

Сырқаттың әр түрлері бойынша емделудің амбулаторлы деңгейінде ем алып жатқан 5 жасқа дейінгі балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру жоспарлануда, ол үшін үш жыл мерзімі ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 1, 7 млрд. теңгені бөлуді қажет етеді.

Амбулаториялы емдеу тұсындағы диспансерлік тіркеуде тұрған балалар мен жасөспірімдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру жоспарлануда, ол үшін үш жыл мерзімі ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 2, 1 млрд. теңгені бөлуді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына талдау жасау
Әлеуметтік сфера дамуы
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы
Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz